07.12.2019 Views

7 желтоқсан, 2019 жыл №141 (15461)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

МАЙ АУДАНЫ

Жат ағымнан

сақтанайық!

Көктөбе орта мектебінің мәжіліс залында

аудандық ішкі саясат бөлімі және

«Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық

бірлестігінің ұйымдастыруымен

«Діни экстремизм мен терроризм – бейбітшілік

пен тұрақтылыққа төнген қауіп»

атты ғылыми-тәжірибелік конференция

өтті.

Аталмыш шараға аудан тұрғындары, әсіресе,

мектеп оқушыларының белсенді атсалысуы көңілге

қуаныш ұялатады. Бүгінде «Радикал», «Хизбуттахрир»

сияқты көптеген түрлі діни жат ағымдар

облыс көлемінде ғана емес, еліміз бойынша

өзекті мәселелердің біріне айналды. Бұл – тек бір

дөңгелек үстел басында, алқалы жиын аясында

шешіле қоймайтын күрмеуі қиын түйткіл. Мұнымен

бүкіл қоғам болып күресуіміз керек. Қаулап өсіп

келе жатқан жауқазындай жастар теріс ағымның

жетегінде кетуден сақ болуы қажет. Яғни, жат ағымға

жетелейтін діни парақшаларды оқудан, бейтаныс

адамдардың дін туралы үгіт-насихаттарына құлақ

түруден аулақ болуға тиіспіз. Сонда ғана ізгілікті,

тазалықты жақтайтын Ислам дінінің Хақ жолынан

адаспаймыз деп ойлаймын.

Ғаламторда желдей есіп жүрген әр алуан діни

секталардың арандатуына ұшырап, сан соғып қалған

жандардың жанайқайын көріп те, естіп те жүрміз.

Діни сауаттылықтың төмендігінен Сирия асып

кеткендер қаншама?! Ай мен күннің аманында от

пен оқ қарша бораған соғыс алаңдарына аттанған

отандастарымыз қайтадан елге оралуда. Қазіргі

жасөспірімдер осындай адасулардың құрбаны

болғандардан сабақ алатын болса, көкірек көзінің

ашылғаны деп білеміз.

Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Гүлсара

Кокина ауқымды шараға қатысушыларға алғысын

білдіріп, жиналғандарға облыстық ақпарат және

қоғамдық даму басқармасының діни бірлестіктермен

жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Серік Күлжибаевты,

Павлодар қаласындағы Әбу Бәкір Сыдық атындағы

мешіттің имамы Біржан Әкімбековті таныстырды. Дін

мамандары көпшілікке өзге ағымдардың мұсылмандар

үшін рухани залал тудырып отырғанына айрықша

тоқталып, жат пиғылдардың шырмауынан абай

болуға шақырды. Әлмисақтан бері ұстанып келе

жатқан дәстүрлі ислам хақында кеңінен түсініктеме

жасады. Хақ жолы мен жат ағымның аражігін,

ақ-қарасын ажырататындай өте құнды рухани дәріс

айтылды десек те қателеспейміз.

Шара барысында үлкен экраннан көрсетілген

экстремистік топтардың зардабы жөніндегі бейнероликтің

жастар санасына оң әсерін тигізгені анық.

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Табысқа

жетелейді

Ә.ЖАРҚЫНҰЛЫ.

Ауданнан шалғай орналасқан Трофимовка

ауылындағы «Арынов» шаруа

қожалығы ата кәсіпті дамытқысы

келетін жастарға үлгі болып отыр.

Сонау 1996 жылы құрылған қожалық

ірі қара өсірумен қатар, егіншілікпен

де айналысады.

Қожалық басшысы Талғат Арынов - өз ісін жетік

білетін фермер. Оның айтуынша, шаруашылықта 80 гектар

алқапқа бидай, 50 гектар жерге сұлы егіледі. Бұдан

бөлек, фермада 160 бас ірі қара, 180 бас жылқы, 400 бас

қой бар. Қажетті техниканың барлығы жөндеуден

өткен. Жұмыссыз жүрген 6 азамат уақытша еңбекке

тартылған. Қысқы мал азығын молынан әзірлеген

Талғат Арынов қыстан қысылмай шығатындарына

сенімді.

- Ірі қараны өсіру оңай жұмыс емес. Мұндай

істі алдына мақсат қойған адам ғана бастауы тиіс.

Қазіргі мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, ата

кәсіпті дамытуға бет бұрған жастарды көріп қуанамын.

Оларға ақыл-кеңесімді де айтамын. Қожалығымда

техниканы мықты меңгерген тәжірибелі механизатор

В.Лаврентьев жұмыс істейді. Мал саны қызметкерлердің

тынымсыз еңбегінің нәтижесінде артып келеді, -

дейді Т.Арынов.

Г.ЖАЯБАЕВА.

АУЫЛ-АЙМАҚ 7 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 7

УСПЕН АУДАНЫ

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Жастар тәрбиесі

қаралды

Успен ауданы әкімдігінде білім беру

мекемелері мен құқық қорғау органдарының

қызметкерлері бас қосты.

Жиын барысында «Кәмелетке толмағандар

арасындағы қылмыс пен

кәмелетке толмаған балаларға қатысты

жасалған қылмыстар» мәселесі талқыланды.

Кездесуге аудандағы білім беру мекемелерінің

басшылары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары

және психолог мамандар қатысты. Успен

ауданының полиция бөлімінің бастығы Болат Мансұр

Болатұлының төрағалығымен өткен жиында жастар

арасында келеңсіздіктің алдын алу барысында

атқарылатын жұмыстар пысықталды. Аудандық

полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары

Әсет Садықов баяндама жасап, жергілікті полицейлер

қандай әрекет жасап жатқаны туралы

есеп берді.

Сонымен қатар, Успен аграрлық-техникалық

колледжінің басшылығы ата-аналық міндеттерін

тиісті деңгейде орындамайтын азаматтарға

қатысты мәселе көтерді. Бұған дейін аудандық

комиссияға жолданған өтініші де қаралды. Жиын

қорытындысы бойынша нұсқаулар беріліп, одан

әрі бірлескен іс-шаралар жоспары белгіленді.

Өз тілшіміз.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Арзан бағамен

ұсынды

Ауданда кезекті ауыл шаруашылығы

жәрмеңкесі өтті. Жергілікті тауар

өндірушілер, қожалық иелері өз өнімдерін

арзан бағамен ұсынды. Жұртшылық

асыға күтетін жәрмеңкеде

халықтың қарасы қалың болды.

Шарада ет, сүт, май және бал өнімдеріне сұраныс

жоғары болды. Жәрмеңкеде 1500 кг сиыр еті,

600 келі жылқы еті, 400 келі қой еті және құс

еті сатылды. Сонымен қатар, 1 тонна картоп,

300 келі сәбіз, 1 тонна сүт өнімдері саудаға

шығарылды. Тұрғындарға ыстық шай мен тоқаш тегін

ұсынылды. Жергілікті мәдениет үйінің өнерпаздары

ән мен биден шашу шашып, халыққа көтеріңкі

көңіл-күй сыйлады.

Өз тілшіміз.

Аймақта алғаш рет әлемнің түкпір-түкпірінен

жинақталған 30-дан астам ойын түрі қазақ тілінде

ұсынылуымен ерекшеленуде. Мұнда мектепке дейінгі

топтың балалары және 1-3-сынып оқушылары қатыса

алады. Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Балжан

Мәреннің айтуынша, Іntellectum өнімдері оқу жоспары,

оқушыға арналған тапсырма, мұғалімге арналған

нұсқаулық кітаптары және баланың деңгейін анықтауға

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Жас кәсіпкерлерге

кеңес

Ауданымызда мемлекеттік бағдарламалардың

игілігін көріп, ісін бастап жатқан

жастар аз емес. «Бастау» арқылы білімін

жетілдіріп, кәсіп жүргізудің қыр-сырын

меңгеруге ниеттілер қатары да артып

келеді.

Айта кету керек, ауданда «Бастау» бойынша білім

алып, арнайы бағдарламамен мал шаруашылығын

дамытуға ден қойғандар көп. Жуырда аудандық «Нұр

Отан» партиясы филиалының ғимаратында Баянауыл

ауданы кәсіпкерлер палатасының директоры Самат

Мақажанов жас кәсіпкерлерге семинар өткізді. Мұнда

төрт түлікті өсіруді қолға алған жастарға мамандар

малдарда кездесетін бруцеллез ауруының алдын алу,

жалпы ветеринарлық қызмет жайында кеңес берілді.

Сала мамандары жас кәсіпкерлердің малды қай

жерден, қалай сатып алу және бруцеллез ауруының

алдын алу жайында қойылған сұрақтарына жауап берді.

Өз тілшіміз.

ЕРТІС АУДАНЫ

Қос жаңа кабинет

ҚР Тұңғыш Президенті күні қарсаңында

Ертіс ауданында «Рухани жаңғыру» және

«Teacher offiсe» кабинеттері ашылды.

Панфилов орта мектебінде орын тепкен жаңа

кабинеттердің салтанатты ашылуына Ертіс ауданы

әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаев, педагогика

саласының еңбек ардагерлері және ауыл тұрғындары

қатысты.

Аудан әкімінің орынбасары «Рухани жаңғыру» кабинеті

өлкенің рухани мұрасының қазынасына айналатынына,

ал заманауи ұстаздар кабинеті педагогтардың

жұмысын жандандыратынына сенім білдірді.

Өңірлік «Рухани жаңғыру» жобалар кеңсесі мамандарының

айтуынша, алдағы уақытта аймағымыздың

көптеген мектептерінде жаңа кабинеттер ашылмақ.

Өз тілшіміз.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Жас мамандармен

жүздесті

Аудан әкімі Қаршыға Арынов биыл «Дипломмен-ауылға!»

бағдарламасы шеңберінде

ауылға келген жас мамандармен кездесті.

Жастармен жүздескен аудан басшысы аталған бағдарламаны

насихаттап, жас мамандардың сауалдарына

жауап берді. Кездесу барысында жас мамандармен

пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Жастар баспана алу

үшін төмен пайыздық несие мен көтерме жәрдемақыны

қалай алуға болатынын, басқа да өзекті проблемаларын

ортаға салды. Аудан басшысы, жауапты бөлім

басшылары әр сұраққа тұшымды жауап қайтарды.

Кездесу соңында Қаршыға Арынов жас мамандардың

жұмыстарына сәттілік тілеп, естелік сыйлықтар табыс

етті.

Өз тілшіміз.

Іntellectum кабинеті ашылды

Аққулы ауданының Лебяжі орта мектебінің

базасында ашылған Іntellectum кабинеті

балалардың зейіні мен ақыл-ойын

дамытатын ойындар жүйесін ұсынады.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

арналған тест жинақтарымен қамтылған.

- Бұл ойындар қазіргі заман талабына сай балаларды

жаңаша ойлауға, ойлау қабілеттерін дамытуға

негізделген. Іntellectum өнімдерімен ойнау арқылы

оқушылар түрлі қасиеттерін дамытады, - дейді ол.

Жаңа кабинетте бүлдіршіндер визуалды қабылдау,

яғни заттың түсін, пішінін, мөлшерін, көлемін, бағытын

ажыратуға үйренеді. Сондай-ақ салыстырмалы түрдегі

үлкен-кіші, алыс-жақын, аз-көп ұғымдарын, ұқсас

бөлшектерді айыру, үш өлшемді (3D) фигураларды

анықтау, пішіндерден кескін құрау, ортақ бөліктерді

көре білу қасиетін жақсартады.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!