07.12.2019 Views

7 желтоқсан, 2019 жыл №141 (15461)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

ТІРШІЛІК 7 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 5

NUR OTAN - 20

Алғыс арқалаған

халық қалаулысы

Тəуелсіз Қазақстанның баянды бейбітшілік пен келісімнің

бесігіне айналғаны белгілі. Осы əрбір жеткен жетістіктің

артында түрлі салада жан аямай қызмет еткен азаматтардың

еңбегі жатыр.

Сол себепті, халқының кемшін тұстарын

бүтіндеуде, жұртының мұң-мұқтажымен

бөлісуде табандылық танытатын ерлерімізді

«нағыз ер азамат» деп арда тұту -

біздің міндетіміз. Әркез өзінің адал

еңбегі мен мол біліміне сеніп, туыпөскен

өлкесінің өркендеуі жолында адал

қызмет етсе, халықтың әл-ауқаты да

жақсармақ, мұнымен қоса, халқының

құрметіне бөленіп, қашан да өзінің

лайықты бағасын алады.

«Халқына бегі, бегіне халқы сенген

ел ұзақ жасайды» деген екен Күлтегін.

Расында сенім – тау мен тасты қопаратын

құдіретті күш. Ал оны ақтау әрбірінің

қолынан келе бермейді. Әсіресе, мұңлының

мұңын айтар халық қалаулысы болу –

сенімнің шарықтаған шегі.

Сол себепті кез келген азамат үшін

үлкен жауапкершілік ол – қызметінде

абыройлы әрі табысты болу. Осы

қасиеттердің бәрі бір адамның бойынан

табылса, тегінде сол азамат тізгіндеген

істің де жандана түсетіні сөзсіз. Еліміздің

Тәуелсіздігін нығайтып, халық үшін

тынымсыз еңбек етіп келе жатқан

осындай ел азаматтарының бірі де

бірегейі «Nur Otan» партиясы Железин

аудандық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары, аудандық мәслихаттың

депутаты – Төлеген Сәрсенов.

Ол 2003 жылғы қаңтардан бастап

«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық

партиясының мүшесі. 2009 жылдың

қазан айынан бастап партияның Железин

аудандық филиалы төрағасының бірінші

орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

Бұған дейін Захаровка жалпы білім

беретін мектебінің директоры болып

қызмет жасады.

Төлеген Сәрсенұлы - аудандық

мәслихаттың V-VI шақырылымдарының

депутаты. Жинақтаған мол тәжірибесінің

арқасында ауданның даму жолына және

әлеуметтік мәселелерді шешу барысында

құнды ұсыныстар енгізе білді.

Оның бастамасымен бірнеше ауылдарда

су мәселесі шешіліп, жолдар жағдайы

жақсара түсті.

Сондай-ақ ол ауданның жастарымен

БАҒА САЯСАТЫ

тұрақты кездесіп тұрады. Оның сөзінше,

«Жастар – еліміздің болашағы. Білімді

де білікті жастарды ауылға көбірек

тартуымыз керек. Ауылдар гүлденсе,

еліміз де жайнай түседі». Сол себепті,

«Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы

аясында ауданға келген жас мамандарға

үнемі қолдау көрсетіп, олармен белсенді

қатынас жасайды.

Осы орайда, халық қалаулысы осы

жылдар аралығында аудан, ауыл активімен

жүздеген кездесу өткізіп, талай еңбек

ұжымдарын аралап, жиындар өткізді.

Төлеген Сәрсенұлы ауданның барлық

ауыл тұрғындарын жақсы таниды десек,

артық айтқандық емес. Ол әрқашанда

қарапайым адамдардың өтініштеріне

адамдық, мейірім және үлкен ықыласпен

қарап, көмектесуге тырысады. Сондай-ақ,

ол әрдайым барлық проблемаларды

шешуге жеке қатысады.

Төлеген Сәрсенұлы кестесіне сәйкес

адамдарды қабылдайды, мұқият тыңдайды

және әрқайсысына көмектесуге тырысады.

Оған әртүрлі мәселемен жүгінеді.

Өзінің азаматтық борышын елінің

әл-ауқатының өсуі мен халық жағдайының

жақсаруымен ұштастыратын Төлеген

Сәрсенұлы бүгінде депутат ретінде де

абырой биігінен көрініп жүр. «Жақсының

жақсылығын айт, нұры тасысын», -

демекші, ел ықыласына бөленген халық

қалаулысы - әркез игі шаралар мен

сауапты істердің бастаушысы. Ол аудан

көлемінде өтетін барлық қайырымдылық

шараларға тұрақты түрде қатысады.

Жыл сайын өтетін «Мектепке жол»,

«Қайырымдылық», «Қамқорлық», «Бақытты

балалық шақ», «Балаға жолдама сыйла»

сынды шараларға өзі ғана қатысып қоймай,

сонымен қатар барлық әріптестері мен

аудан тұрғындарын белсене қатысуға

шақырады.

Оның 10 жылдық депутаттық мансабында

атқарған жұмыстары, сіңірген

еңбегі зор. Ол - мәслихат депутаты ғана

емес, сонымен қатар партияның аудандық

филиалы Саяси кеңесінің мүшесі, саяси

кеңес бюросының мүшесі және депутаттық

фракция жетекшісі. Сондай-ақ, Төлеген

Табиғи өнімге толы

Сәрсенұлы «Ұлттың 50 тұлғасы» партиялық

жобасын белсене іске асырушылардың

бірі болды. Осындай еңбектері үшін

көптеген марапаттарға да ие болды.

Атап өтсек, Қазақстан Республикасының

Президентінің Алғыс Хаты (2011, 2015,

2019 ж), «Қазақстан Республикасының

Тәуелсіздігіне - 20 жыл», «Павлодар

облысына - 75 жыл», «Мәслихаттың

20 жылдығы» медальдарының иегері

атанды.

Тәуелсіз еліміз келелі бір кезеңге,

кемелді келешекке аяқ басып тұр. Ел

өркендеуінің жаңа кезеңінің міндеттері

туралы Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің

Жолдауларында кеңінен атап өтті.

Халық сеніміне ие болу аса жоғары

жауапкершілік екенін сезінген Төлеген

Сәрсенұлы Қазақстан Республикасының

Конституциясы мен заңдарын, Елбасы

Жолдауында алға қойған міндеттерді

басшылыққа ала отырып, ауданның

өркендеуі жолында еңбек етпек.

«Елге қызмет – басты міндет» ұранын

ұстанған Төлеген Сәрсенұлы - алғыс

арқалаған халық қалаулыларының бірі.

Иә, расында елім үшін деп атқарған игі

істерің халық тарапынан оң бағасын

алса, еліңнің ардақтысы атану үлкен

мәртебе. Міне, бүгінде кейіпкеріміз өзінің

өнегелі өмір жолында еліне жасаған

жақсылығы мен мемлекет дамуы жолында

атқарған игі істері арқасында елінің

ардақты азаматы атанды. Ендеше, елі

үшін қашан да елжіреп, халықтың туын

биік көтеріп жүрген азаматтарымыз көп

болғай!

П.ЛАМПАРТЕР,

Железин аудандық мәслихатының

хатшысы, аудандық мәслихат

депутаты.

Мамандық таңдау –

болашақты таңдау

Біздің болашағымыздың жарқын болуы

қазіргі мамандықтың тікелей нарықтық

бәсекеге қабілетті және қажеттілігіне

байланысты. Оған лайықты болуымыз

үшін өзіміз таңдаған мамандығымызға

деген білімді терең әрі кеңінен алуымыз

керек.

Мамандық таңдау әркімнің өз болашағы үшін өте

маңызды. Қазіргі уақытта байқағаным жас талап,

ұлттық тестілеуден жинаған балл қай мамандыққа

жетсе, соған түсе саламын деу – үлкен қателік.

Ол мамандықты жақсы білмей, не болмаса жақсы

көрмей меңгеру мүмкін емес. Қанша тырыссаңыз

да, ол білімді бойыңызға ала алмайсыз. Сондықтан,

мектеп қабырғасынан бастап ойлау керек. Мамандық

таңдау – өміріміздің ең күрделі шешімдерінің бірі.

Мамандық таңдау алдында «Ол маған не үшін

керек?», «Бұл салада жұмыс істей аламын ба?»,

«Мамандықтың қыры мен сыры қандай?» деген

сұрақтарға жауап беріп, ойланған дұрыс.

Жастар бізден үлкен қолдау күтеді. Биыл -

«Жастар жылы». Жарқын болашақты құрау бүгіннен

басталады. Біз қалай бассақ, келешек сол жолмен

жүреді.

Мен үшін қызметім – үлкен мектеп болғандықтан,

жастарға бағыт беріп, мамандықтан қателеспеуге,

жаман ортаға түсіп кетпеуге жол көрсетуіміз керек

деген ой қолыма қалам ұстатты. Абай атамыз: «Ең

басты мәселе, әке-шеше балаға жақсы тәрбие,

мінез, содан кейін, жақсы орта мен жақсы ұстазға

кезігу жағын қадағалауы керек» дейді.

Қаржы маманы әрқашан үлкен сомадағы

қаражатпен жұмыс істейді, сол себепті қаржыгер

бойында адалдық қасиеті болуы тиіс. Өйткені ақша

деген құнды қағаз адамның көзін қызықтырып,

ойын бұзуы мүмкін.

Әр қызмет аса зор жауапкершілікті талап етеді.

Сырт қабілеті, сөйлеу әдебі мен мәнері, азаматтық

қасиеттері арқылы елге үлгі болу, қаржыны дұрыс

жоспарлау арқылы елге үлгі болу, қаржыны дұрыс

жоспарлау арқылы әлеуметтің ахуалын жақсарту -

қаржы қызметкерінің тікелей мақсаты мен міндеті.

Қаржы саласында жұмыс істеп жүрген мамандар

әлемдегі өзгерістерді, экономикалық жағдайлардың

барлығын біліп, меңгеруі тиіс. Ал бұл жағдайда

өзгерістер күнделікті болуы мүмкін.

Халықпен қызмет ету қашанда қиын. Себебі,

әркімнің өз мүддесі, өзіндік пікірі мен толғаныстары,

тіпті мінезі бөлек.

Қаржы қызметкері тек білімді ғана емес, жоғары

моральдік жауапкершілік пен өз ісіне деген әділдік,

адалдық, адамгершілік қасиеттері қағидаларын қатаң

ұстанғанда ғана елдің ертеңі нұрлы болмақ.

А.ЕСЕКЕЕВА,

Аққулы ауданының қазынашылық

басқармасының басшысы.

(20257)

Арзан әрі сапалы өнімнен дәм татқысы келетіндер әр сенбіде

ұйымдастырылатын жәрмеңкені асыға күтетіні рас. Мұндай

шарапаты мол шара әр аудан орталығында өткізілуде. Облыс

орталығында да апта сайын шаруалар азық-түлік тауарларын

ұсынуды әдетке айналдырған.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасының маманы Татьяна

Нагуланың мәліметінше, жыл басынан бері

облыс бойынша 553 жәрмеңке өткізіліп,

2057, 4 миллион теңгенің өнімі сатылған.

Сондай-ақ, павлодарлықтар Елордада

ұйымдастырылған жәрмеңкеге белсенді

атсалысып, 1170 тоннаның өнімі үлестірілген.

Жалпы, облыс бойынша өткізілетін жәрмеңкедегі

азық-түлік бағасы нарықтағы бағадан 30

пайызға дейін арзан екенін атап өткен жөн.

Павлодар қаласындағы жәрмеңкенің

жөні бөлек. Әр апта сайын кем дегенде

3 ауданның ауыл шаруашылығы тауарын

өндірушілері төбе көрсетіп жүр. Ауылдың

т а б и ғ и ө н і м і н с а ғ ы н ғ а н қ а л а л ы қ т а р т а ң а т п а с -

тан кезекке тұрып, дорбасын қампитып

қайтады. Әсіресе, зейнеткерлердің қарасы

қалың. Ай сайынғы зейнетақысын үнемдеп

жұмсайтын қариялар бір апталық азық-түлігін

шанасына салып әкетеді.

- Бес күндік жұмысы бар азаматтар

демалысты күтсе, зейнеткерлер демалыстағы

жәрмеңкені күтеді. Жәрмеңкенің орталықта,

яғни «Квазар» сауда үйінің маңында

ұйымдастырылғаны жақсы болды. Қоғамдық

көліктер жиі қатынайды. Зейнетақы мөлшеріне

көңілім толады. Балалар «әуре болмай, үй

жанындағы дүкеннен сатып ала салмайсың

ба?» дейді. Ауылдың құрт-қаймағын жеп

өскендіктен, жәрмеңкеде сатылатын табиғи

өнімдердің орны бөлек, - дейді зейнеткер

Зәуреш Әділханова.

Павлодар қалалық мәслихатының депутаты

Болат Аманжолов жәрмеңкенің бағаны тұрақтандыруда

пайдасы орасан екенін атап өтті.

- Жыл сайын тұрғындардың тұтынушылық

сауаты артып келеді. Жәрмеңкедегі өнімнің

бағасы әлеуметтік дүкендермен салыстырғанда

әлдеқайда төмен. Содан болар, жәрмеңкеге

халық көп келеді. Алдағы уақытта сатылатын

өнім түрлерін арттыру жағын қарастыру

керек болар, - дейді Б.Аманжолов.

Жәрмеңкеге жиі атсалысатын тауар

өндірушілердің бірі – Успен ауданындағы

«Белоусов» жеке кәсіпкерлігі. Күнбағыс майымен

танымал болған жеке кәсіпкерліктің тауарына

сұраныс мол.

- Жәрмеңке тұрғындарға да, бізге де

тиімді. Дүңгіршек жалдау үшін қалтамыздан

бір тиын шығармаймыз. Әр сенбіде шамамен

150 литрге дейін күнбағыс майы сатылады.

Бағасы – 360 теңге, - дейді жеке кәсіпкерлік

басшысы Константин Белоусов.

Соңғы уақытта жәрмеңкеде қазақтың

ұлттық тағамдарын сатып тұрған азаматтардың

да саудасы қызып тұр. Мұнда қымыздың

1 литрі 600 теңгеден сатылуда. Қоспа

1500 теңгеден, талқан 1200 теңгеден

үлестіріледі. Құрттың дәміне қарай 3 түрі

сатылады. Пішіні де әртүрлі. Қолдың майы

2100 теңгеге бағаланған.

- Немерелерімнің туған күндері

қыс мезгілінде. Жылдағы дәстүрге сай

С

туысқандардың басын қосып, ақ дастарқан

жаямыз. Ас мәзіріне қазақтың ұлттық тағамдарын

енгізу міндетті. Шетелдің газды сусындарынан

гөрі қымыз әлдеқайда пайдалырақ.

Қалада тұрғандықтан, қоспа, талқан әзірлеуге

мүмкіндік бола бермейді. Жәрмеңкеге келіп,

арзан бағамен керегімді сатып аламын, -

дейді зейнеткер Күлпан Есболатова.

Қысқасы, қос тараптың да көңілінен

шығып отырған жәрмеңкенің тиімділігі мол.

Маңызды шараны ұйымдастырып жүрген

билік өкілдері тұрғындардың өтініш-тілегін

назарға алып, жәрмеңкенің жандануына

атсалыса бермек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!