14.12.2019 Views

14 желтоқсан, 2019 жыл №144 (15464)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

ҚОҒАМ 14 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 5

Газет мұрағаты –

ғаламторда!

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Көмек

көрсетіледі

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапханада

«Павлодар облысы баспасының цифрлық банкі»

жобасы сәтті жүзеге асуда. Осы жоба бойынша

кітапханашылар облыстық «Saryarqa samaly»

және «Звезда Прииртышья» басылымдарының

1940 жылдардан бергі нөмірлерін цифрлық жүйеге

көшіріп, ғаламтордағы арнайы сайтқа жүктеуде.

Бұл - облыстағы қазақ басылымының

биылғы 90 жылдық

торқалы тойына арнап жасаған

сыйлығымыз, дейді кітапхана

ұжымы. Сонымен қатар, облыстық

«Звезда Прииртышья» газетінің

өткен ғасырдағы тігінділері де

цифрлы форматқа түсірілуде.

Сәрсенбі күні аталмыш жаңа

жобаның тұсаукесері болып,

оған облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі

басқармасының басшысы Ернұр

Дәуенов, қос газеттің ардагерлері

Тұрсынбай Ибадуллин,

Сүлеймен Баязитов, Мұхит

Омаров және Юрий Поминов

қатысып, кітапхана ұжымына

алғыс білдірді.

С.Торайғыров атындағы облыс-

МӘДЕНИЕТ

Биылғы мемлекеттік стипендияға

ие болғандар - қазақ мәдениетінің

дамуына үлес қосып

жүрген дарынды тұлғалар. Ол

қатарда аттары алты Алашқа мәлім

ақын-жазушылар, күміс көмей

әншілер мен кино актрисалары

бар. Атап айтар болсақ,

Әбдіжәміл Нұрпейісов, Олжас

Сүлейменов, Әкім Тарази, Марфуға

Айтқожина, Жүрсін Ерман, Бибігүл

Төлегенова, Самал Еслямова

және Медғат Манапов.

М.Манапов – Екібастұз қаласының

тумасы. Құрманғазы атындағы

ұлттық консерваторияның

түлегі. 2017 жылдан Екібастұздағы

Естай атындағы балалар

музыка мектебінің басшысы

қызметін атқарып келеді. Медғаттың

басшылығымен кеншілер

шаһарындағы музыка мектебіне

қазақтың белгілі ақын-композиторы

Тілеуберді САХАБА

тық кітапхана директоры Шолпан

Шахметованың сөзінше, бұдан

былай газеттің бұрынғы сандарынан

мәлімет іздеуші оқырман

архив ақтарып, кітапханаға

келмейді. Үйде отырып-ақ

интернет арқылы барлық дерекке

қол жеткізуге мүмкіндік туды.

Өткен жылы ескі газеттер мен

кітаптарды цифрлық форматқа

түсіруге арналған кең форматты

сканер құрылғысы сатып алынған.

Жаңа технологияның мүмкіндігі

– есімхаттан бастап, үлкендігі

А1 көлеміндегі құжаттарға дейін

сканерлеуге болады.

- Біздің кітапханада «Saryarqa

samaly» газетінің 1970 жылдан

және «Звезда Прииртышья»

газетінің 1967 жылдан бергі

Мемлекеттік стипендия

кімдерге бұйырды?

ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясының

биылғы иегерлері белгілі болды. Бұл қатарда

жерлесіміз, Екібастұз қаласындағы Естай атындағы

балалар музыка мектебінің директоры Медғат

Манапов бар.

Естай Беркімбайұлының есімі

берілді. Мектепте алғаш рет

«Жанды дауыс» этно-фольклорлық

ансамблі құрылып, түрлі деңгейдегі

байқауларда сәтті өнер

көрсетіп келеді. Мектепте ашылған

«Рухани жаңғыру» кабинетінде

Ертіс өңірінің музыкалық мұрасын

зерттейтін орталық пен мұражай

құрылды. Оның жеке бастамасымен

және өзінің қатысуымен

Екібастұзда ұлттық ансамбльдердің

алғашқы өңірлік байқау-фестивалі

ұйымдастырылды. Әнші Естай

атындағы республикалық байқаудың

«дәстүрлі орындаушы»

номинациясында лауреат атанған.

Сонымен қатар, аталмыш

стипендияны Павлодардың тумасы,

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны

ақын Қанат Омаров та алды.

Жүлдегерлерді құттықтаймыз!

Қ.МҮСӘЙІП.

нөмірлері сақталған. Ал облыстық

архивте 1940 жылдардағы

сандары сақталған. Бірақ ескі

газеттердің сапасы күннен-күнге

төмендеп бара жатқандықтан,

сандық жүйеге көшіріп,

ғаламторға жүктеуді қолға алдық.

Бұл – өте күрделі жұмыс.

Газеттің кейбір беттері жыртылған,

жазулары өшіп қалған.

Сканерлеу кезінде жыртылған

парақтарды мүмкіндігінше қайта

қалпына келтіреміз. Цифрлы

форматқа түскен газеттер компьютерге

толық көлемде енгізіледі.

Түр-түсі мен жазу сапасы сол

қалпында сақталады. Облыстық

басылымдарды сандық форматқа

көшіргеннен кейін аудандық

газеттерді қолға аламыз, -

дейді Шолпан Баянқызы.

«Павлодар облысы баспасының

цифрлық банкі» жобасы

былтыр тамыз айында басталған.

Содан бері «Saryarqa samaly»

газетінің 1943-1970 жылдар

аралығындағы 3 мыңнан астам

саны сканерленген. Газеттің

кейбір шығарылымы кітапханада

сақталмағандықтан, оларды

облыстық мемлекеттік архив

қорынан алыпты. Ерекше жоба

Бұрнағы күні облыстық

Ж.Аймауытов атындағы

қазақ музыка-драма

театрының көрермендері

қос қуаныштың

куәсі болды.

Әуелгісі - театр ұжымы соңғы

бір жылдан бері қойылмай

кеткен украин драматургі Мария

Ладоның «Болмаған оқиға» драмасын

сахнаға қайтадан алып шықты.

Бұл қойылымда бүгінгі күннің ащы

шындығы кең көлемде көрініс

табады. Яғни, қазіргі адамдарда жоқ

мейірім мен қамқорлық драмадағы

жан-жануардың бойынан табылады.

Күнделікті өмірде баласын жетімдер

үйіне, қартайған ата-анасын қарттар

үйіне ойланбастан тапсыратындарға

қойылымдағы кейіпкерлердің

бірлігі мен сүйіспеншілігін берсе

дейсіз. Көрерменін бір күлдіріп,

бір жылатқан драманың басты

рөлі - Тоқтыны Еркежан Төлеубек

сомдады. Спектакльдің қоюшы

режиссері – Қазақстанның еңбек

сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков.

Ал қойылымнан кейін орын алған

екінші қуаныш – көпбалалы, әрі

жалғызбасты ана - Зухра Нұржанова

Суреттерді түсірген - Дастан Ысқақов.

облыстық мәдениет, тілдерді

дамыту және архив ісі басқармасының

қолдауымен жүзеге

асырылған.

- Бізде бүгіннен бастап жаңа

электрондық контент пайда

болып отыр. Бұдан кейін біздің

өңірде шығатын газеттердің ескі

нөмірлерін павлодарлықтар ғана

емес, ғаламтор арқылы еліміздің

кез келген тұрғыны оқып,

біздің тарихымызбен таныса

алады. Мұны мен тарихтан

тарих жасау деп есептеймін.

Сандық жүйеге көшірілген екі

газеттің 5 мыңға жуық санында

мыңдаған адамның тағдыры,

жүздеген отбасының тарихы

бар. Бұл жобаның ең негізгі

мақсаты – газетті барынша

ұзақ уақытқа жеткізу, - деді

басқарма басшысы Ернұр

Дәуенов.

Шараға келген меймандар

кітапхананың «Өлкетану құжаттарын

цифрландыру орталығына»

кіріп, газеттерді сканерден

өткізу жұмысымен танысты.

Цифрлық нұсқаға түсірілген

газеттерді «merzim.pavlodarlibrary.

kz» сайтынан оқып, танысуға

болады.

«Болмаған оқиға»

пәтерлі болды. Ол елімізге белгілі

«Харекет» қайырымдылық қорының

тұрмысы төмен, әлеуметтік

тұрғыдан аз қамтамасыз етілген

отбасына жасаған көмегі. Бұл

«Харекеттіктердің» сыйға тартқан

Мемлекет басшысының тапсырмасы

бойынша халықтың әлеуметтік

жағдайын жақсартуға

айрықша назар аударылуда.

Осыған орай, елімізде 2020 жылдың

1 қаңтарынан бастап атаулы

әлеуметтік көмектің жаңа форматы

енгізілетін болады. Бұл қолдаудың

жемісін Павлодар қаласының

балалары да молынан көрмек.

Келесі жылдан бастап шаһардағы көпбалалы

отбасылары жаппай жаңа форматтағы

арнайы жәрдемақы алады. Яғни, бұған

дейін хабарлағанымыздай, 4 баласы бар

отбасыларына ай сайын 42 500 теңге, 5 бала

тәрбиелеп отырғандарға - 53 125, 6 балаға -

63 750 және 7 балаға 73 375 теңге көлемінде

мемлекеттік жәрдемақы тағайындалады.

Ал атаулы әлеуметтік көмек алатын тұрмысы

төмен және толық емес отбасыларының

балаларына кепілдендірілген арнайы

пакет ұсынылады. Бұл жөнінде өңірлік

коммуникациялар қызметінде өткен

брифингте Павлодар қаласы әкімінің

орынбасары Светлана Гладышева мәлім

етті. Қазіргі таңда әлеуметтік пакет

құрамының қандай болатындығы және

ол қалай жеткізілетіндігі туралы талап

осы салаға жауапты министрлік тарапынан

талқылануда екен.

- Шаһардағы атаулы әлеуметтік көмек

тағайындалған отбасыларындағы 6 жасқа

дейінгі балғындарға құнарлы балалар

тағамы мен гигиеналық керек-жарақтар

үлестіріледі. Бұл өнімдер міндетті түрде

санитар-эпидемиолог мамандардың

бақылауынан өтеді. Ал мектеп жасындағы

балалар тегін ыстық тамақпен қамтылып,

оқуға қажетті кеңсе тауарлары мен мектеп

формасы беріледі. Сонымен қатар, тұрмысы

төмен шаңырақтағы жеткіншектерді тоқсан

сайын сусабын, крем, тіс щеткасы және

басқа да күнделікті тұрмысқа қажетті

заттармен қамтамасыз ету жоспарлануда, -

дейді Светлана Гладышева. Сондай-ақ,

ол қаладағы күнкөрісі төмен отбасыларына

қолдау көрсету және еңбекке

жарамды азаматтарды жұмыспен қамту

мәселесін шешуге ерекше мән берілетінін

атап өтті.

Н.АҚЫТЕГІ.

159-ыншы пәтері екен. 1 бөлмелі

баспананың кілтін 6 баланың

анасына театр басшысы Арман

Темірбек табыс етті.

Қ.ХАШЫМҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!