14.12.2019 Views

14 желтоқсан, 2019 жыл №144 (15464)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

МӘРТЕБЕ 14 желтоқсан, сенбі, 2019 жыл 9

Тәуелсіздік

білдік. Осы кезде ғой, «қазақта батыр

көбейіп кетті» деген қаңқу сөздің шыққаны.

Сенің сұрағыңда да осы сөздің салқыны

жатыр. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Рас,

жағдайды пайдаланып, өз атасының, өз

руының атын шығарғысы келген бірліжарымды

қарау ойлы пенделер болған

шығар. Бірақ бұл жалпыламалық сипат

алған жоқ. Қазақта батырлар көбейіп кетті

деген де - бос сөз. Көре алмаушылық. Өзің

ойлашы, қазақ қазақ болғалы қаншама

соғысты басынан өткерді. Әр соғыстың

ерлігімен екшеліп шыққан өз батырлары

бар. Тек бір қазақ-қалмақ соғысының

өзі қанша батырды шығарды. Бірнеше

ғасырға созылған бодандықтың бұғауын

үзіп, елге азаттық әпереміз деп алысып,

дүркін-дүркін көтеріліске шығып, құрбан

болған ерлеріміз қаншама. Солардың бәрін

бұл күнде нақты кім біліп жатыр? Қай

батырыңның ерлігі хатталып, қай архивіңде

тұр? Ондай мүмкіндік бізде болған жоқ

қой. Ендеше олар туралы бірден-бір дерек

көзі болып табылатын олардың ұрпағы,

аталас ағайын-туғандары жазбағанда кім

жазады? Сондықтан қазақта батыр көбейіп

кетті, әркім өз атасын, өз руласын жазды

деп даурығудың қажеті жоқ. Жабылып

іздеген жоқ, тез табылады. Жабылып

жаза берсін. Ал оның шынайылылығын,

қажеттілігін ажырату, бағасын беру тиісті -

мамандардың міндеті.

- Ел тарихын жаңаша қырынан зерттелуіне,

насихатталуына сіздің көңіліңіз

тола ма?

- Бұл сұрағыңа нақты жауап беру маған

қиындау. Өйткені мен ел тарихының елімізде

қай дәрежеде, қандай деңгейде зерттеліп,

насихатталып жатқанынан толық мәліметім

жоқ. Ал өз төңірегімдегі тарихшылардың

тірлігіне қарағанда жаңаша ізденістер

бар. Бірақ насихаттау жағы ақсап жатыр,

көңіл толмайды. Жаңа ізденістерді, ашқан

жаңалықтарды жалпыға танытып, жарқыратып

көрсету жағы өте нашар. Соның салдарынан

қазір оқырман қауым кімнің нақты

не тындырып жатқанын білмейді.

- Бүгінгі жаһандану дәуірінде еліміздің

көне тарихын, яғни бұрын кім болып

қайдан келгенімізді жастар санасына

мықтап сіңірудің қандай жолы бар?

- Біздің бұған дейінгі тарих отарлаушылардың

саясатының ығында жазылған,

идеология құрбандығы болған тарих.

Жастардың тарихи санасын дұрыс

қалыптастыру үшін ақты ақ, қараны қара

деп ашып көрсетіп беретін шындық қолмен

жазылған шынайы тарих жазылуы керек.

Бұрын бізде тарих тек еуропалық танымтүсінікпен

жазылып келді. Соған орай

еуропалық таным-түсінікке келетіндер

мәдениетті, өркениетті, ал келмейтіндер

жабайылар, тағылар деген тұжырым үстемдік

алды. Біздің арғы ата-бабаларымыз осының

соңғысына жатқызылып, өздері зорлап

тыққан жабайылар күркесінен шығармауға

барынша күш салды. Тәуелсіз елдің төл

тарихы сол елдің өз халқының танымтүсінігімен

жазылуы шарт.

- Тәуелсіздік күні – еліміздің ең ұлық

мерекесі, қазақ халқының ең қастерлі

күні. Осы күнді біз қаншалықты жоғары

дәрежеде ұлықтап жүрміз?

- Тәуелсіздік күні - еліміздің ең басты

Ұлы мерекесі. Аталар тілімен айтсақ, «ақ

түйенің қарны жарылатын» күн. Менің

танымымда мерекені ұлықтауымыз ел

мерейін көтерердей деңгейге әлі көтеріле

алмай жатқан сияқты. Оған Жаңа жыл

мерекесінің қабаттасуы да кедергі

келтіретіндей көрінеді. Қалай болғанда

да, Көк Туымыздың көгімізде желбіреп,

еліміздің Тәуелсіз өмір сүріп жатқаны -

теңдесі жоқ қуаныш, ұлы бақыт!

- Салиқалы әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Тілеуберді САХАБА.

СПОРТ

Додадан

қоржынымыз

бос қайтпайды

Еліміз Тәуелсіздік алған жылдардан кейін әлемдік додалардан қалыс

қалмай, бәсіресінен қағылып көрген емес. Жыл сайын спорт саласына

қомақты қаражат бөлініп, жер-жерде ірі спорттық нысандар

бой көтеруде. Қазақ спорты Тәуелсіздіктен кейін қайта түледі. Еркін

күрестен ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ораз Мұхаметәлінов

өткенге көз тастап, бүгінгі спорттың ахуалын тарқатып айтып берді.

- КСРО заманында ішкі біріншілікте топ

жарып, чемпион атансаң да шетелдік аренаға

шығу қиын болатын. Мәселен, грек-рим

күресінің шебері Жақсылық Үшкемпіров

қанша рет мықтылығын дәлелдесе де, 7 жыл

халықаралық бәсекелерге қатыса алмады.

Оның 1980 жылғы Мәскеу Олимпиадасына

қатысуының өзі екіталай еді. КСРО-ның

Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вадим

Псарев Қазақстан Компартиясы Орталық

Комитетінің Бірінші хатшысы Дінмұхамед

Қонаевқа мән-жағдайды айтқаннан кейін

ғана дүбірлі додаға қатысуға мүмкіндік алды.

Жақсылық ағамыз сенімді ақтап, қазақтан

шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанды.

Ал қазір ше? Ел біріншілігін ұтып ал да,

әлем чемпионатына қатыса бер.

Бұрындары спорттық нысандар аз болатын.

Бір бұрышта балуандар жаттығып жатса, бір

бұрышта боксшылар, ауыр атлетикамен айналысатын

азаматтар шеберліктерін шыңдайтын

еді. Қазір әр облыста ірі спорттық нысандар

бар. Күні кеше өңірімізде «Спорт сити» кешені

іске қосылды. Қысқасы, әр спорт түрімен

айналысуға жеке ғимараттар қарастырылған.

Балуандар жиі жарысқа шығып тұрады.

Қаржыландыру мәселесі де оң шешілген.

Қазақ спортына бей-жай қарамайтын қалталы

азаматтар да демеушілік танытып жүр. Біздің

кезімізде жарысқа қатысуға «Еңбек», «Қайрат»,

«ЦСКА» сияқты кәсіподақ ұйымдары көп

қолдау көрсететін.

1966 жылы Павлодар пединститутында

дене шынықтыру және спорт факультеті

ашылды. Бұған дейін спортты серік еткендер

амалсыздан басқа мамандықтар бойынша

білім алып жүрді. Өз басым Павлодар индустриалды

институтында инженер мамандығын

оқып жатқан едім. Жаңа факультет ашылғасын

көптеген жастар сонда ауысты. Олардың

қатарында мен де бармын. Қазір елімізде

тек спортшылар білім алатын оқу ордалары

бар. Бұл да - Тәуелсіздіктің жемісі

деп білемін.

Тәуелсіздік алғанға дейін Алматы және

Қарағанды қалаларында ғана спорт-интернаты

болды. 1997 жылы Павлодар қаласында

ашылды. Мен ол уақытта Ақсу қаласында

бапкерлік қызметте едім. Директордың

шақыртуымен Павлодарға қоныс аударып,

спорт интернатында еркін күрес секциясын

аштым. Өзіммен бірге Ақсудан 8 баланы

алып келдім. Олардың қатарында 2012 жылғы

Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері

Дәулет Шабанбай бар. Алғашқы жылы сабақ

тек орыс тілінде жүргізілді. Келесі жылы қазақ

сыныптары ашылып, ауылдық жерлерден

80-ге жуық бала еркін күреспен айналысуға

ниет білдірді. Осы уақытқа дейін 5 шәкіртім

Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын

иеленді. 35 балуан - спорт шебері. Дәулет

Шабанбайдан бөлек, байрақты бәсекелерде

жасындай жарқылдап жүрген Мамед Ибрагимов,

Саятбек Оқасов, Ернұр Қабатаев,

Еркебұлан Сарқытбаев, Шоқан Шыңғысов,

ағайынды Қуат пен Қайрат Өміртаевтардың

жігерлігін атап өткен жөн.

Еркін күреске тоқталсам, Павлодар

облысында аталған спорт түрінің негізін

қалаған Лұғат Өтешовтің еңбегін атап өткен

жөн. Орал қаласындағы жетімдер үйінде

тәрбиеленген ол Алматы қаласындағы институтты

тәмамдап, 22 жасында жолдамамен

біздің өңірімізге келеді. №10 мектепте дене

шынықтыру пәнінің мұғалімі болып жүріп,

еркін күресті дамыту үшін қазіргі Орталық

стадионның бір бұрышын жаттығу алаңына

айналдырады. Жарыстардың бірінде Галкин

ауылының намысын қорғап жүрген Василий

Карпецтің шеберлігіне тәнті болып, қалаға

шақыртады. Оны зауытқа күзетші қылып

орналастырып, грек-рим күресін дамытуға

ұсыныс білдіреді. Кейін Василий Карпец

грек-рим күресінен Павлодар облысынан

шыққан КСРО-ның тұңғыш спорт шебері

атанады.

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі спорттың дамуын

оң бағалауға болады. Бастысы – мемлекет

тарапынан қолдау зор. Халықаралық жарыстарда

көк Туымыз желбіреп, Әнұранымыз

шырқалып жатқаны қуантады. Жарқын

жетістіктердің жалғаса беретініне сенім мол.

С

Жазып алған – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Жасампаздық

жылнамасы

2001 жыл

• 19 маусымда 184,5 шақырымдық

«Ақсу–Дегелең» темір жолы іске қосылды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаңа

жолдың ашылуына арнайы қатысып,

сөз сөйледі.

2004 жыл

• 30 қарашада Мемлекет басшысы

Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен

ұзындығы 400 шақырымнан асатын

Алтынсарин – Хромтау темір жол

желісінің тұсауы кесілді.

2008 жыл

• 6 ақпанда Президент Н.Назарбаев

Батыс Еуропа – Батыс Қытай халықаралық

көлік дәлізін салу идеясын өзінің халыққа

кезекті Жолдауында бекітті.

• 6 шілдеде елордадағы «Қазақ

елі» монументін Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев салтанатты жағдайда ашты.

• 2 желтоқсанда Үкімет қаулысымен

2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы

көш» бағдарламасы бекітілді.

2009 жыл

• 3 тамызда Елбасы Нұрсұлтан

Назарбаев «Жетіген – Қорғас» темір

жол желісінің ашылуына қатысты.

• 25 ақпанда Қазақстан тұрғындарының

екінші Ұлттық халық санағы басталды.

Еліміз бойынша 15 млн. 555 мың адам

санақтан өткен.

2014 жыл

• 22 тамызда Мемлекет басшысы

Н.Ә.Назарбаев Жезқазған – Бейнеу және

Арқалық – Шұбаркөл темір жолдарының

іске қосылуына қатысты.

2016 жыл

• 1 сәуірде Вашингтонда Ядролық

қауіпсіздік жөніндегі IV Саммит өтіп,

оның жұмысына Президент Нұрсұлтан

Назарбаев қатысты. Саммит аясында

Елбасының «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі

жарияланды.

2017 жыл

• Сәуір айында Елбасының «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы

жарық көрді. Мақалада тұтас қоғамның

және қазақстандықтардың санасын

жаңғыртудың бірнеше бағыты атап

көрсетілді.

• 10 маусымда Астанада ЭКСПО-

2017 халықаралық көрмесі ашылды.

«Болашақ энергиясы» атауын иеленген

халықаралық шараға 115 мемлекет

пен 22 халықаралық ұйым өкілдері

қатысып, көрмені 4 млн.-нан астам

адам тамашалады.

• 26 қазанда ҚР Президенті Қазақ

тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына

көшіру туралы Жарлыққа қол

қойды.

2018 жыл

• 21 қарашада Елбасының «Ұлы

даланың жеті қыры» тақырыбында қазақ

халқы, сондай-ақ түркі әлемі үшін аса

маңызды мақаласы жарық көрді.

2019 жыл

• 19 наурыз күні Мемлекет

басшысы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық

телеарналар арқылы Қазақстан

халқына арналған мәлімдемесінде

Президенттік өкілеттігін тоқтататынын

жария етті.

• 9 маусымда өткен сайлауда жалпы

халықтың 71 пайыз дауысын жинаған

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президенті

болып сайланды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!