07.01.2020 Views

7 қаңтар, 2020 жыл №1 (15471)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 7 қаңтар, cейсенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

БИЛІК ЖӘНЕ БҰҚАРА

Облыс әкімі

есеп береді

Павлодар облысының әкімі

Болат Бақауовтың жұртшылықпен

есептік кездесуі осы

жылдың 14 ақпан күні өтеді.

Павлодар облысындағы қалалар мен

аудандар әкімдерінің дәстүрлі есептік

кездесулері 15 қаңтар мен 7 ақпан

аралығында жоспарланған. Ал аймақ

басшысының тұрғындармен кездесуі

14 ақпанда өтеді. Болат Бақауов Ертіс-

Баян өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы

туралы есепті Естай атындағы мәдениет

сарайында береді деп күтілуде. Есептік

кездесу сағат 11.00-де басталады.

Бүгінде облыстық әкімдікте кез келген

тұлғаның аудан, қала немесе облыс әкіміне

шағым немесе ұсыныс қалдыра алуына

мүмкіндік жасау үшін айтарлықтай жұмыстар

атқарылуда. Мемлекеттік органдардың

жұмысы бойынша пікірлер мен ескертулер

жазбаша түрде де, сондай-ақ бірінші

басшылардың блог-платформалары және

олардың әлеуметтік желілеріндегі парақшалары

арқылы қабылданатын болады.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жабдығы

сай емхана

Кеше ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаттары

Айзада Құрманова мен Айгүл

Нұркина Павлодар қалалық

№3 емхананың тыныстіршілігімен

танысып,

дәрігерлермен жүздесті.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Халық қалаулылары жыл басынан енгізілген

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

жүйесіне оң бағасын берді. Заман талабына

сай құрылғылармен жабдықталған

емхана толығымен цифрландыруға көшкен.

Емхананың бас дәрігері Қайырлы Қабыловтың

айтуынша, адамдардың көпшілігі қабылдауға

үйде отырып жазылады. Былтыр жалпы

тәжірибе дәрігерінің жүктемесі 28,5 пайызға

азайған. 2018 жылы бір дәрігер 2308 адамды

қабылдаса, 2019 жылы жүктеме деңгейі

1659 адамға жетіп отыр. Кезек саны да

электронды форматта жүзеге асырылады.

Емхана есебіне алынғандардың барлығында

денсаулық паспорты ашылған. Депутаттар

мекемедегі аналар үшін ашылған ресурстық

орталықтың және жедел медициналық көмек

көрсету орталығы мен күндізгі стационардың

қызметімен танысты. Депутаттар халықты

дәрі-дәрмекпен қамту мәселесіне назар

аударды. Бас дәрігер өткен жылы бұл

бағытта қиындық туындамағанын, препараттар

уақытылы жеткізілгенін атап өтті. Бұдан

бөлек, депутаттар міндетті медициналық

сақтандыру жүйесі бойынша арнайы жиын

өткізіп, дәрігерлердің мәселесін тыңдады.

Айзада Құрманова жаңашылдық аясында

денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаржы

көлемі артып, дәрігерлердің қызметі жеңілдей

түсетінін атап өтті. Дегенмен әлі де халық

арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу

керектігін айтты. Өйткені ауылда тұратын

адамдар арасында жүйенің маңыздылығын

түсінбейтіндер бар. Бұл ретте бұқаралық

ақпарат құралдары арқылы да насихат

жұмыстарын күшейту қажеттігін атап өтті.

Айгүл Нұркина елімізде әзірленіп жатқан

«Халықтың денсаулығы және денсаулық

сақтау жүйесі» Кодексінің негізгі баптарына

тоқталды. Қоғамда қызу талқыланып

жатқан ата-аналарды балаларының екпе

алуына міндеттеу мәселесіне тоқталып,

дәрігерлердің пікірін білді. Емхананың

тыныс-тіршілігімен танысқан депутаттар

сақтандыру жүйесін енгізген мекеменің

қызметіне жоғары баға берді.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

ДЕПУТАТТАР - ӨҢІРДЕ

Мал тапсырғанға берілсе...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықты әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында

берген тапсырмаларының іске асуын насихаттау бойынша облысымызға ҚР Парламенті

Мәжілісінің депутаттары келді.

Мәжіліс депутаттары Мейрам Пішембаев

және Нұржан Әшімбетов Павлодар

қаласындағы «Абай» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің тіршілігімен танысып, мал

шаруашылығын дамыту, ет өңдеу ісін

ілгерілету жайын талқылады. Бұл ет

комбинаты қазіргі таңда күніне 120 бас

қара мал, 250 бас ұсақ мал сойып, етін

өңдейді. «Абай» ЖШС бас директоры

Евгений Цхайдың айтуынша, комбинатта

барлық процесс механикаландырылған.

Мал соятын екі желі бар. Бірінде ірі

қара, екіншісінде ұсақ мал сойылады.

Жалпы сыйымдылығы 1200 тонналық

қойма-мұздатқыштары қарастырылған.

- Өңделген етті Қытай, Өзбекстан,

Ресей, Біріккен Араб Әмірліктеріне

экспорттаймыз. Алғашқы екі елге сиыр

еті жөнелтілсе, соңғы екі мемлекетке қой

еті экспортталады. 10 мың бас малға

арналған бордақылау алаңымыз бар.

Жем-шөпті де 20 гектарлық алқабымызда

өзіміз дайындаймыз. Биыл кем дегенде

30 мың тонна ет шетел асырамыз деп

жоспарлап отырмыз. Қытайдың өзіне

22 мың тоннаға шарт жасалған, - дейді

Е.Цхай.

Елімізде ет комбинаттарын шикізатпен

қамту мәселесі жиі көтеріледі. Осы ретте,

депутат Мейрам Пішембаев комбинатқа ет

тапсырған шаруаға мемлекеттен субсидия

төлеп, ынталандыру қажет деген пікірде.

- Үлгілі кәсіпорынның жүйелі жұмысына

куә болдық. Экспортқа бағытталған комбинат

барлық талапқа сай жабдықталған. Ет

өңдеудің тұтас кешені қалыптастырылыпты.

Еліміздің аграрлық салаға қойған міндетінің

бірі де – осы. Яғни, мал шаруашылығын

дамытып, ет және ет өнімдерін экспорттау

міндеті жүктелген еді. Ет өніміне сұраныс

жоғары. Сондықтан шаруаларға бұл

бағытқа басымдық берудің тиімділігін

түсіндіруіміз қажет. Бізге ет өндірушілер

ет комбинаттарынан субсидия алғаны

дұрыс деген ойды жиі айтады. Мұндай

қолдау шаруаларды ет бағытындағы мал

өсіруге ынталандырары сөзсіз. Мәселені

Жиынға көпбалалы аналар, шаруа

қожалықтарының басшылары, әлеуметтік

сала қызметкерлері, педагогтар, зейнеткерлер

және жастар қатысты. А.Нұркина

1 қаңтардан бастап енгізілген көпбалалы

құзырлы министрлік деңгейінде көтеріп,

талқылаймыз. Пайданы мал өсіруші де,

өңдеуші де көруі тиіс. Түптеп келгенде,

одан еліміз ұтады, - дейді М.Пішембаев.

Депутат Нұржан Әшімбетов те еліміздің

ет комбинаттарын шикізатпен қамту

үшін ұрғашы мал басын көбейтуге көңіл

бөлу қажеттігін алға тартты. Бұл ретте,

«Сыбаға» сынды мемлекеттік бағдарламаның

тетіктерін пайдалану керек. Сондай-ақ,

ауыл шаруашылығы бойынша шешімін

күткен мәселелерді атап өтті.

- Бұрын елімізден сатып алынған

мал басы субсидияланса, соңғы уақытта

шетелден әкелінгендеріне де субсидия

беріледі. Мемлекет тарапынан қолдау бар.

Шаруаларды мал өсіруге ынталандыруымыз

керек. Одан бөлек, кәдеге жаратылмай

жатқан жерлерді айналымға қосу

жұмысы да өзекті. Ауыл шаруашылығы

мамандары тапшылығын шешу үшін

ауылдардың инфрақұрылымын дамыту

Ауылдар көркейеді

Депутаттар А.Суслов, А.Құрманова, А.Нұркина Тереңкөл ауданында

болып, Песчан ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Суретті түсірген - Константин Музалевский.

отбасыларға арналған жаңа форматтағы

мемлекеттік жәрдемақыларға, атаулы әлеуметтік

көмекті тағайындау ережесіне

тоқталып өтті.

Депутат жаңа жылдан бастап қолға

Суретті түсірген - Айбек Жұматов.

маңызды. Сонда аграрлық салаға бет

бұратындар қатары да арта түседі, -

дейді Нұржан Кемерұлы.

Бұдан кейін депутат Н.Әшімбетов Ленин

кентіндегі элеваторға барды. Осыдан екі

жыл бұрын іске қосылған заманауи нысанда

жұмыс қызу. Майлы және дәнді дақыл

қабылдап, елеп-екшеп, кептіріп, дәннің

сапасын да анықтап береді. «GROUP KSM»

ЖШС директоры Бекзат Үмітшақовтың

мәлімдеуінше, бүгінде кәсіпорын қуаты

65 пайызға толық. Халық қалаулысы

элеватордың жұмысына оң бағасын берді.

Ал кәсіпкер жұмыстың реттелгенін, тек

енді элеваторға жеткізетін кіреберіс жолды

жөндеп берсе, деген ниетте. Себебі,

астық таситын көлік жүргізушілері осы

мәселені жиі алға тартатын көрінеді.

Сонымен қатар, халық қалаулысы

өткен жылдың соңында Ленин кентінде

ашылған дене шынықтыру-сауықтыру

кешенін аралап көрді.

алынып жатқан көпбалалы және аз қамтылған

отбасыларына тиесілі әлеуметтік қолдаудың

негізгі бағыттарын түсіндірді. Бұл ретте

жаңа мемлекеттік жәрдемақы отбасының

табысына қарамай, ай сайын төленетінін

атап өтті.

Мәжіліс депутаты А.Құрманова былтырдан

бері жүзеге асып жатқан «Ауыл - ел

бесігі» бағдарламасы биыл да жалғасын

табатынын айтып, тұрғындарды қуантты.

Ауылдық аймақтарды қолдау аясында бұл

бағытқа үш жылға 90 млрд. теңге бөлінгенін

жеткізді. 2027 жылға дейін жалғасатын

аталмыш жобаға депутаттардың қолдауымен

бюджеттен қосымша тағы 1 триллион теңге

көлемінде қаражат қарастырылғанын айтты.

Яғни, бұл қомақты қаржы болашағы бар

ауылдарды дамытуға бөлінген. Сонымен

қатар, депутаттар білім, денсаулық салаларына

тоқталды. Оның ішінде міндетті

әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі

жайлы сөз қозғады.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары

өздерін толғандырған әлеуметтік тұрғыдағы

мәселелерін көтеріп, толыққанды жауап

алды. Шара соңында Парламент Мәжілісінің

депутаттары жеке қабылдау өткізді. Бұдан

бөлек, депутаттар «Nur Otan» партиясы

аудандық филиалында шаруа қожалықтарының

басшыларымен кездесті.

Г.ЖАЯБАЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!