07.01.2020 Views

7 қаңтар, 2020 жыл №1 (15471)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 7 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 3

Педагог мәртебесі -

ел мерейі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Педагог

мәртебесі» туралы заң жобасына қол қойды. Қазіргі

таңда қазақстандық мұғалімдер көптен күткен жаңа

құжаттың басым бағыттарын жүзеге асыру жұмыстары

басталып кетті. Сонымен, аталмыш заң отандық білім

беру саласына қандай серпіліс әкелмек? Мұғалімдерді

несімен қуантпақ? Осы және өзге де сауалдарымызға

жауап алу үшін облыстық білім беру басқармасы

басшысының міндетін атқарушы Жомарт Қарамбаевпен

сұхбаттасқан едік.

- Жомарт Петрұлы, «Педагог

мәртебесі» туралы заң қазақстандық

ұстаздарға не береді?

- Жаңа құжаттың қабылдануы

педагогтар үшін үлкен жаңалық болды.

Осы заң мұғалімдердің мәртебесін

көтеріп, құқықтарын қорғайды. Жалпы,

заң бойынша ұстаздардың көптеген

әлеуметтік жеңілдіктерге қол жеткізуіне

мүмкін-діктері бар. Мәселен, педагог

өзінің кәсіби ар-намысын қорғауға,

әскери қызметке шақыруды кейінге

қалдыруға (ер мұғалімдер үшін),

сынып жетекшілігі және дәптер

тексергені үшін қосымша ақы алуға

толық құқылы. Сонымен қатар,

магистр дәрежесі бар мұғалімдер

үшін 10 айлық есептік көрсеткіш

(АЕК) көлемінде, ал тәлімгерлігі үшін

1 базалық лауазымдық мөлшерде

үстеме еңбекақы қарастырылған.

Сонымен қатар, барлық педагог

қосымша 14 күн жазғы демалыс

алып, нәтижесінде, 56 күн демалады.

Қуантарлығы, бұдан былай ұстаздарды

кәсіби қызметтегі жетістіктері

үшін көтермелеуге мол мүмкіндіктер

бар. Яғни, педагогикалық қызметтегі

үздік еңбегі үшін «Қазақстанның еңбек

сіңірген ұстазы» атты мемлекеттік

награда берілетін болады. Заң аясында

басқа да мүмкіндіктер көп екенін

атап өткен жөн.

- Жаңа құжаттың талаптарын

жүзеге асыру үшін

аймағымызда қандай жұмыстар

атқарылатын болады?

Ерікті болу – ерлік

Басы 1-бетте

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Елімізде өз қалауымен қоғамға

пайдасын тигізіп, көмекке мұқтаж

жандарға қол ұшын созуды мақсат

еткен патриот жастар баршылық.

Өңірімізде белсенділердің басын

біріктіретін Еріктілер ұйымы көптеп

құрылуда. Солардың бірі 2017 жылы

Жастар бастамаларын дамыту

орталығының жанынан құрылған

болатын. Оның жетекшісі Саягүл

Серікқызы замандастарын айналамызда

орын алып отырған кез

келген іске бейжай қарамай, жұмыла

көтеруге шақырады.

Еріктілік – адамның өз еркімен

ақысыз көмек көрсетуі. Көп елдерде

бұл көмек кәдімгі жұмыс қатарына

қосылады. Өйткені, волонтер өзінің

уақытын бөліп, білімін іске асыра

отырып тегін жұмыс істейді. Еріктілікпен

ұйымдар арқылы, ынталы топтар

немесе жеке де айналысуға болады.

Волонтерлік қызметтің аясы өте кең.

Мәселен, әлеуметтік, спорттық,

экологиялық, медициналық және

т.б. түрлері бар.

Бүгінде әлем халқының

970 миллионы волонтер болса, оның

ішінде әрбір сегізінші қазақстандық

еріктілер қатарын толықтыруда.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының

- Заңда көрсетілген нормаларды

орындау мақсатында міндетті түрде

облысымызда тиісті жұмыстар қолға

алынады. Айталық, мұғалімдерді өз

міндеттеріне жатпайтын іс-шараларға

тартудан қорғап, шамадан тыс

есеп беруге, негізсіз тексерулер

жүргізуге жол бермеу шараларын

қадағалаймыз. Ал «Педагог мәртебесі»

туралы заңға қайшы әрекет еткен

тұлғалар жауапкершілікке тартылатын

болады. Негізінен, мұғалімдерге жаңа

заңның талаптарын түсіндіру және

олардың заңдық құқықтарын қорғауға

бағытталған басқа да жұмыстар

үздіксіз жалғасын таба береді.

- Заңда мұғалімдердің біліктілік

санатына байланысты

қандай мүмкіндіктер

қарастырылған?

- Әрине, жас ұрпақтың білімді

болуы мұғалімнің біліктілігіне тікелей

байланысты. Сондықтан бұл заңда

педагогтардың біліктілік деңгейіне

қатысты құқықтары да қарастырылған.

Мәселен, мұғалімнің біліктілік

санаты үшін айлық жалақысы 30-дан

50 пайызға дейінгі мөлшерде көбейетін

болады. Сондай-ақ, педагогтардың

жетістіктеріне сәйкес мерзімінен бұрын

біліктілік санатын алуға мүмкіндіктері

бар. Білімін жетілдіріп, қайта даярлаудан

өткісі келетін мамандарға

да жан-жақты қолдау көрсетіледі.

- Бұл құжатта мектепке

дейінгі мекеме қызметкерлері

2018 жылғы зерттеулеріне сүйенсек,

елдегі жас азаматтардың 82,6%-ы

еріктілікпен айналысады екен.

Елдегі белсенділердің жұмысына

оң бағасын берген Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Еріктілер - жаны таза адамдар.

Олар - елдің шынайы патриоты,

сол үшін де құрметім шексіз.

Белсенді азаматтық ұстанымдарыңыз

мемлекеттің дамуына айтарлықтай

септігін тигізетіні сөзсіз», деп сенім

білдірген болатын.

Ал облыс орталығында құрылған

еріктілер ұйымдарының арасынан

белсенділігімен көзге түсіп жүрген

Жастар бастамаларын дамыту

орталығындағы «Еріктілер» тобы

бүгінгі таңда 6 бағыт бойынша

жұмыс істейді. Атап айтар болсақ,

әлеуметтік, спорт, Арт, экологиялық,

Event және корпоративтік бағыттар.

- Өткен 2019 жылы біздің ұйымның

мұрындық болуымен өңірімізде 150-ге

жуық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл

қатарда қайырымдылық, мұқтаж

жандарға көмек, қариялардың үйін

әктеп, сырлау, тазалау жұмыстары

жүргізілді. Бұдан бөлек, жергілікті

өзге де еріктілер орталығымен

бірлесіп ауқымды істердің жүзеге

асырылуына өз үлесімізді қостық.

Біздің жіті назарымызда қарттар үйі

мен аналар үйі барын атап өткім

келеді, - дейді Саягүл Серікқызы.

Еріктілік жолға жан қалауымен

келген Саягүл алдағы уақытта да осы

БАС ТАҚЫРЫП

мен білім беру ұйымдарында

еңбек ететін қарапайым жұмысшылардың

(мәселен, еден жуушы,

тәрбиешінің көмекшісі, күзетші,

т.б.) құқықтары қамтылған ба?

- Аты айтып тұрғандай,

«Педагог мәртебесі» туралы заң

тек педагогтарға ғана қатысты.

Осы жерде нақты анықтама бере

кетсек, педагог дегеніміз - білім

алушылар мен тәрбиеленушілерді

оқытып, оларға қосымша білім беру

қызметін ұйымдастыратын және

әдістемелік тұрғыда қамтамасыз

ету бойынша кәсіби қызметті жүзеге

асыратын, білімі кәсіптік стандартта

көрсетілген біліктілік талаптарына

сай келетін тұлға. Яғни, осы

санатқа мұғалімдер, тәрбиешілер,

әдіскерлер жатады. Сондықтан заң

аясында олардың құқықтары толық

қорғалады. Өкінішке қарай, білім

беру мекемелерінде еңбек ететін

еден жуушы, тәрбиешінің көмекшісі,

күзетші сынды жұмысшылар педагогтар

санатына жатпайды. Сол

себепті аталған заңда олардың

құқықтары қарастырылмаған. Бірақ,

бұл санаттағы адамдардың құқықтары

басқа нормативтік құжаттарда

көрсетілген.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Нұржайна ШОДЫР.

жолда аянбай еңбек етуді қалайды.

Биылғы жылдың «Еріктілер жылы»

деп жариялануы да белсенділерге

зор сенім артылып отырғанын тілге

тиек етті.

- 2017 жылы жоғары оқу орынын

бітіргеннен кейін Жастар бастамаларын

дамыту орталығына келіп, ай

сайын ұйымдастырылатын бос жұмыс

орындары жәрмеңкесіне қатыстым.

Осы кезде маған ұйымдастырушылар

«Еріктілер» ұйымының инспекторы

болуды ұсынды. Көп ойланбастан,

бірден келістім. Себебі өзіме бұл

қызмет қызық болды. Бір жыл

инспектор болып, кейіннен орталықтың

жетекшісі болып тағайындалдым.

Мұнда атқарылатын жұмыстан алатын

әсерді сөзбен айтып жеткізу қиын.

Тек басынан кешірген адам ғана

оның қоғамға қаншалықты қажет

екенін түсінеді. Бұл жерде біз атаанасы

бас тартқан баланы, балалары

тастап кеткен ата-ананы,

тағдыр тауқыметіне тап болған

түрлі адамдардың мұң-зарына куә

боламыз. Оларды қолдап, қоғамда

өзінің жалғыз еместігін түсіндіруге,

өмірден өз орнын табуына көмектесуді

мақсат етеміз, - дейді жас ерікті.

Аталмыш ұйымның «Еріктілер

жылына» орай қолға алған жұмыстары

да аз емес. Ең әуелі орталықтағы

еріктілер санын арттыруды көздеп

отырған жастар жыл бойы аталған

6 бағыт бойынша бірқатар істі жүзеге

асыруды жоспарлауда.

Бұл жылдан да

күтеріміз мол

Басы 1-бетте

Кейін Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романын қайта парақтап

сол жерді тауып алдық: «...Құнанбайдың жалғыз айтқаны: - Майырды

Керекуде тосыңдар! Тосып алып, содан әрі бірге тартыңдар! -

деді» («Абай жолы», 1-кітап).

Тап осы Ертіс бойымен ұлы Абайдың да талай өткені

хақ қой. Тек, сол жерлерді, тоқтап, тыныстаған орындарды

анықтап, «осы жерде ұлы Абай аялдаған» дегендей, әлдебір

белгілер орнатсақ қалай болар екен? Зерттеуші-ғалымдарымыз

ой қосса, үлес қосса...

«Құнанбай» фильмінде көрсетілгендей, аға сұлтанның Омбыға

Қызылжар арқылы баруы тіпті қисынға келмейтіні хақ, нақ осы

Павлодар облысы аумағымен жүргені ақиқат қой... Ұлы Абайдың

150 жылдығын мерекелеу барысында (1995 жылы) Жидебайға

дейін даңғыл асфальт жол тартылып, музейлер жаңғырып,

ауыл-аудан, облыстар арасында ұлттық киіз үйлер тігу,

т.б. бойынша конкурстар ұйымдастырылып, ұлағатты істер

атқарылып еді. Биыл да өнегелі жұмыстар іске асырылып,

ұрпаққа Абайды жаңа қырынан көрсетудің сәті түседі деп

сенеміз. Абай біздің елдің дамуының темірқазығы болуы керек.

2020 жылы өзіміздің Отырарда туып, дүние жүзін мойындатқан

ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығын да атап

өту көзделген. Он шақты жыл бұрын Сирияның Дамаск

қаласындағы Әбу-Насыр бабамыздың кесенесін қайтадан

жөндеуді, орталығын ашуды қолға алған еді. Бұл жоба сәтті

іске асты. Сондай-ақ әз-Захир Сұлтан Бейбарыстың кесенесіне

де қазақ билігінің назары ерекше. Екі тарихи тұлға да қазақ

даласында туып, даңқы әлемге жайылған, бүгінде әлемдік

тағзым ету орнына айналған. «Рухани жаңғыру» және «Ұлы

Даланың жеті қыры» стратегиялық бағдарламалары аясында

аталған екі орынға ерекше маңыз беру мінеттелген. Бұл –

біздің тарихымызға деген зор құрмет.

Сондай-ақ, биыл көптеген заңдарға өзгерістер мен

толықтырулар енгізілуде. Мемлекет әлеуметтік жағынан аз

қорғалған және көпбалалы отбасыларға деген қамқорлығын

күшейтіп отыр. Әлемдік ахуалға көз тіксек, мұндай халықтық

саясатпен ерекшеленіп отырған елдер некен-саяқ. Құқықтық,

қылмыстық жауапкершілікті күшейту мәселелері де Мемлекет

басшысының назарында тұр. Игілікті істер жалғасын таба

берсе, мұның соңы берекелі де жайлы тұрмысқа ұласатыны

сөзсіз.

Павлодар өңірі де 2020 жылда зор табыстар күтеді. Бұл туралы

облыс әкімі Болат Бақауов журналистермен кездесуінде атап

өткен болатын. Оң өзгерістер тұрғын үй құрылысы, жұмыспен

қамту, әлеуметтік қолдау, бастауыш мектеп оқушыларын тегін

ыстық тамақпен қамту, өндірістерді жаңарту, ауыл шаруашылығы

өнімдерін өңдейтін зауыттар салу, қызмет көрсету саласын

цифрландыру, т.б. өзекті салаларды қамтитын болады. Павлодар -

Нұр-Сұлтан бағытындағы заманауи тас жолдың құрылысы

толық аяқталып, жүйткіп жететін сәтке де келдік. «Елге ел

қосылса - құт» дегендей, «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша

облысымызға шетелдерден қандастарымызды, «Nurly Ertis»

бағдарламасы арқылы оңтүстік өңірлерден ағайындарды көшіріп

әкелу жоспарланып отыр. Шүкір, ізгілікті істер тізбектеліп,

ұзағынан сүйіндірер деп ойлаймыз.

Осындайда ұлттық тәрбиенің, болмыстың бір арнасы

газетте екенін ескерсек керек. «Saryarqa samaly» газетіне

жазылған, қашанда сүйікті газетінен ажырамай, парақтап, хат

жолдап отыратын оқырманға біз де ризалығымызды білдіреміз.

Бізбен бір болу арқылы облыстық қазақ баспасөзін қолдап

отырғаныңызға қуаныштымыз.

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ,

облыстық «Saryarqa samaly» газетінің Бас редакторы.

Сурет газет мұрағатынан алынды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!