07.01.2020 Views

7 қаңтар, 2020 жыл №1 (15471)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

КЕЛБЕТ 7 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл 7

БЕЛЕС

Әке жолын жалғаған азамат

Мектептерге «Абай

даналығы» пәнін

енгізуді ұсынамын...

- Өзіңіз білесіз, орта мектеп

бағдарламасында «Абайтану» пәні бар.

Үлкен сыныптарға оқытылады. Осы пән

арқылы Абай мұрасын кейінгі ұрпаққа

толыққанды насихаттай алып жүрміз

бе?

- Біріншіден, мұны «Абайтану» деп

атаудың өзі дұрыс емес. Өйткені, мектеп

оқушысына «Абайтану» деп ешнәрсе түсіндіре

алмайсыз. Мысалы, ғалымдардың абайтануға

қосқан үлесінің оқушыларға бір тиын да

керегі жоқ. Қабылдай алмайды. Бұл -

студенттер мен магистранттарға арналған

жүйе. Сондықтан оны «Абай даналығы»

деп өзгертуді ұсынамын. Осы арқылы

ақынның даналық ойларын жастар санасына

сіңіреміз. Мысалы, Абай айтқан бес

дұшпан дегеніміз не, бес асыл іс дегеніміз

қандай? Осылардың әрқайсысына жекежеке

тоқталып, эссе жаздыруға болады,

осы тақырыпта бейнероликтер көрсетуге

болады. Жалпы, үйретемін деген мұғалімге

жолдары өте көп. Міне, сонда ғана енді

өсіп келе жатқан балалар өсектің не

екенін, өтірік айтудың қаншалықты зиян

екенін түсіне бастайды. Негізі, ақынның

отыз шақты даналық ұғымын теріп алып,

бір оқулық құрастырса, бір жылға жетіп

жатыр. Соңында өміржолымен қысқаша

ғана таныстыра салыңыз...

- Жақында облыс басшысы жергілікті

зиялы қауым өкілдерімен кездесті.

Сонда өңірімізге белгілі көркемсөз оқу

шебері Даниял Әсенов «Абай сабағын»

республикалық деңгейде ұйымдастыру

қажет деген ұсыныс тастады...

- Орынды айтылған ұсыныс. Мұны сол

Даниял Әсеновтің өзіне жүктеу керек. Себебі,

бізде Абай өлеңдері мен Қара сөздерін

дәл Даниял сияқты таңды таңға жалғап

жатқа айтатын адам жоқ. Ол азаматтың

әлеуетін осы мерейтой қарсаңында пайдаланып

қалуымыз керек. Нақтырақ айтқанда,

қасына көмекшілер тағайындап, көлікпен

қамтамасыз етіп, ел арасына жіберсе деп

ойлаймын. Тіпті, республикалық телеарналардан

арнайы бағдарлама ашып берсе

де артық етпейді. Себебі, біздің елде

мұндай адамдар азайып барады. Кезінде

жыр-дастандарды жатқа айтатын адам көп

болды ғой. Жамбылдың тұсында Құлмамбет

деген жыршы болған. Ол «Мың бір түнді»

өлеңмен айтқан екен. Бір күні өлең айтып

отырса, жанында Жамбыл ғана қалыпты

дейті. Содан Құлмамбет жырын тоқтатып:

«Жәке, нешінші күн айтып отырмын» десе,

Жамбыл: «Он алтыншы күн жырлап отырсыз»

депті...

- Жоғарыда Абайды өз ішімізде

дұрыс тани алмай жатырмыз

дедіңіз ғой. Ал ақын әлемін әлемдік

деңгейде насихаттау жағы қалай жүріп

жатыр?

- Абайды өзгеге насихаттамас бұрын өз

ішімізге жақсылап сіңіріп алуымыз қажет.

Жалпы, бұл екі процесс қатар жүрген

дұрыс. Абай - өзімізге де, өзгеге де керек

тұлға. Содан кейін ақын шығармасын

әлемге шығаратын стратегиялық жоба жасау

керек. Негізі, бұл бағыттағы жұмыстар

қазір де біртіндеп жүріп жатыр. Менің бір

шәкіртім «Абайдың өлеңдері - ағылшын

мәдениетінде» деп диссертация қорғамақ.

Менің «Хакім Абай» деген кітабым Америкада

ағылшын тілінде шығып жатыр. Оны

америкалық ғалым Чарльз Уайлдер деген

азамат аударды, қазақшасы судай. Кезінде

қазақ тілінде диссертация қорғаған болатын.

Бізге осындай қазақша білетін ғалымдар

керек. Олар материалды түпнұсқадан оқып,

түсіне алады. Сонда аударма сәтті шығады

дейді. Мерейтой қарсаңында осындай

шаралар көптеп жоспарлануда.

- Салиқалы сұхбатыңыз үшін алғыс

білдіремін!

Әңгімелескен -

Тілеуберді САХАБА.

Ерұланның әкесі Қабдол Жантілеуұлы

1925 жылы 14 ақпанда Майқайың кентінде

дүниеге келген. Ағай еңбек жолын

15 жасында, туған ауылында Майқайың қазақ

орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі

болып бастады. Кейін «Майқайыңалтын»

комбинатында кадрлар бөлімінің басшысы,

комбинаттың кәсіподақ комитетінің төрағасы

болып қызмет атқарды. Қабдол ағай

1945 жылы коммунистік партия қатарына

қабылданды. Ол 1949-1951 жылдары Ташкент

қаласындағы кәсіподақ қозғалысының

мектебін, 1954 жылы Мәскеу қаласындағы

жоғарғы мектебін, 1963 жылы Мәскеуде

коммунистік партия жоғары мектебін бітіріп,

алған білімі мен үйренген тәжірибесін

туған елінің өркендеуі үшін арнап, абыройы

артып, үлкен беделге ие болды. Ол

Қазақстан Коммунистік партия органдары

бөлімінің нұсқаушысы, 1956-1959

жылдарда Бесқарағай аудандық партия

комитетінің екінші хатшысы, 1958-1961

жылдары Павлодар аудандық советі атқару

комитетінің төрағасы болып сайланды,

1963-1964 жылдары Железинка аудандық

партия комитетінің екінші хатшысы болды.

Қабдол Жантілеуұлы 1965 жылдан

Шарбақты аудандық атқару комитетінің

төрағасы болып сайланды. Бүкіл саналы

өмірін халық ісіне жұмсап келе жатқан

тамаша ұйымдастырушы, табанды азамат

1971 жылы 22 сәуірде, өзінің қызмет

орнында – аудан орталығын көркейту

мәселесі жөніндегі жиында небары

46 жасында дүние салды.

Қабдол Жантілеуұлындай білікті ұйымдастырушы,

іскер азаматтың ерен еңбегі

жоғары бағаланды. Ол «Құрмет белгісі»

орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Тың жерді

игергені үшін», «1941-1945 жылдардағы Ұлы

Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» және

«В.И.Лениннің 100 жылдығына» арналған

медальдармен марапатталды. Қабдол ағамыз

бен Шәмшібану жеңгеміз Алланың берген:

Нұрлан, Бақытжан, Руслан, Роза, Ерұлан,

Бауыржан есімді балаларын дүниеге әкелді.

Қабдол ағамыздың жұбайы қадірлі

жеңгеміз Шәмшібану Зиядақызы есепші

болып қызмет етіп, ағаның шаңырағын

шайқалтпай, балаларына бас болып,

жақсы тәрбие, жоғары білім алуларына,

әрқайсысына бір-бір шаңырақ құрып, келін

түсіруіне жағдай жасады. Ардақты әже,

ордалы әулеттің ұйытқысы Шәмшібану

жеңгеміз елге елеулі, халқына қалаулы,

ақжарқын, қонақжай, сый-сыяпатты білетін,

ағайын-туыс, жолдас-жораға қадірлі адам

болды. Шәмшібану жеңгеміз балаларына

әкесі Қабдол аға дүниеден ерте өтсе

де, оның достары, жолдастары туралы,

оның жақсы істерін, адами қасиеттерін

жиі айтып, әкесінің есімін жоғары ұстады,

басқаларға үлгі етті.

Әкесінің өнегелі тәрбиесін көрген,

оның маңайындағы қарағайлы ормандай

жолдастары мен достарын көрген Ерұлан

Әбенов: «Әкеммен үзеңгілес, қызметтес,

пікірлес, жолдас болған, қиын-қыстау

кезінде бір шатырдың астынан табылған

«Әке көрген оқ жонар» деген аталы сөз Ерұлан Қабдолұлына қаратып

айтылған секілді. Жастай жетім қалса да, әкеден көрген өнегесін

өмірлік серігіне айналдырған Ерұлан бауырым биыл мерейлі

60 жасқа толды.

Қамза Жұмабеков, Хатиб Демесінов,

Кемер Әшімбетов, Қабдыманап Капенов,

Николай Симоненко, Бекболат Хазыров,

Николай Гегер, Қаратай Әбдіков, Зейнекен

Қабдуалиев, Қабылбек Әлин үлкен істе

ынтымақтастықтың үлгісін танытты», - деп

еске алады.

Алланың жазуы ғой, Ерұланның ағасы,

ақжарқын, жоғары білімді азамат Руслан

жастай өмірден озды. Павлодар пединститутында

аға ұстаз болған текті әулеттің

қызы, келініміз Роза Сәрсенбайқызы да

үш баланы артына қалдырып, Русланның

соңынан кетті. Өмірден мезгілсіз, жастай

өткен Руслан мен Розаның қазасына жеңгеміз

Шәмшібану, аға-балалары мен туыстары

қатты қайғырған еді. Тағдырдың жазуымен

қадірлі де аяулы жеңгеміз Шәмшібану де

ортамыздан ерте кетті. Міне, осы жүктің

бәрі Ерұлан бауырымызға оңай болған

жоқ, ағасы Руслан мен Розаның балаларын

Алтын келін екеуі оқытып, тәрбиелеп

өсіріп, өркендетіп жатыр.

Ал Шарбақты ауданының орталығы –

еліміз егемендік алған жылдарда да қайта

өрлеген елді мекендердің бірі. Қабдол

Жантілеуұлы секілді іскер басшылар негізін

салған өндірісі мен ауыл шаруашылығы

Жамбыл Аймолдин, Жақай Нұрғалиев әкім

болған жылдары қайта өрледі. Бұл жаңа

басшылар өткендердің өнегесін жалғастыра

білген. Сол өнегелі ұрпақ сыйластығының

бір белгісі де шығар, Шарбақты ауданы

орталығында Қабдол ағаның өзі тұрған ең

үлкен де кең көшені аудандық мәслихат

шешімімен Қабдол Әбеновтің атымен

атады. Бұл да атпал азаматтың халық

алдындағы беделін айғақтағандай болды.

Ерұлан Қабдолұлы жастай өтсе де,

артында өшпес ізі қалған әкесінің өнегесін

келесі буын ұрпаққа ұлықтап жеткізу

мақсатында әкесінің досы әрі қызметтес

жолдасы Бекболат Хазыровпен бірге Қабдол

Жантілеуұлының 75 жылдығына орай «Жер

бетінде қалған із» атты кітап шығарды.

Әке өмірінен сыр шертетін туынды Қабдол

ағаның атқарған қызметтеріне, өнегелі

өміріне арналған. «Артында бар оңалар»

деген осы болар, сірә. Ерұлан анасы

Шәмшібану Зиядақызының жарқын өміріне

арналған «Басымызды иеміз, Ана!» деген

кітап та шығарған еді. Сонымен бірге,

2011 жылы әке рухына арнап «Таулар

алыстаған сайын биіктейді» атты кітапты

баспадан шығарды. Бұл кітапта Қабдол

Әбенов жайлы естеліктер топтастырылған.

Ерұлан Қабдолұлы 2013 жылдан бері

өзі білім алған Шарбақты ауданының

орталығындағы №1 орта мектептің үздік

түлектеріне мектеп және ауданның оқу мен

қоғамдық қызметіндегі жоғары жетістіктері

үшін «Қабдол Әбенов атындағы сыйлық»

тағайындап келеді. Жеңімпаздар жыл сайын

соңғы қоңырау салтанатында марапатталады.

Ерұлан Әбенов бауырым – әке есімін

ардақтаған нағыз азамат! Ол 1959 жылы

23 қарашада, Павлодар қаласында дүниеген

келген. 1976 жылы Шарбақты ауданында

№1 орта мектепті үздік бітіріп, 1981 жылы

Целиноград қаласындағы ауыл шаруашылығы

институтын тәмамдап, Павлодар облысының

Павлодар ауданында бас зоотехник болып

еңбек жолын бастаған, кейіннен Павлодар

ауданының комсомол комитетінің екінші

хатшысы, кейіннен бірінші хатшысы болып

сайланған еді.

Ямышев совхозының коммунистері

Ерұлан Қабдолұлын совхоздың партия

ұйымының хатшылығына сайлады. 1990

жылы Алматы қаласында Қазақстан орталық

коммунистік партияның жоғарғы партия

мектебін бітіріп, Павлодар ауданының партия

комитетінің партия-ұйымдастыру бөлімінде,

Екібастұз ауданының әкімінің бірінші орынбасары,

Павлодар облысы әкімшілігінің

жастар, туризм және спорт жөніндегі

бөлім басшысының бірінші орынбасары

қызметін атқарса, 1994 жылы республикалық

орталық басқару мекемесі басшыларының

Ақмола қаласына көшуіне байланысты

Мемлекеттік комиссия құрамында болды.

Ақмола облысының кәсіпкерлікті дамыту

Департаменті басшысының орынбасары

қызметін атқарды. Ерұлан Қабдолұлы -

2000 жылдан Астана қаласында «Таймас»

ЖШС-нің атқарушы директоры. Қазірде

текті әулеттің қызы Алтын Қаратайқызы

екеуі үлкен мекемені басқаруда.

Ерұлан Қабдолұлы студент кезіндегі және

еңбекке араласқан шақтағы ұстаздары

– Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты

С.Сейфуллин атындағы университеттің

ректоры Бекен Әлімжановты, Павлодар

ауданының партия комитетінің бірінші

хатшысы болған Кемер Әшімбетовті, Екібастұз

ауданының әкімі болған Сапарғали Байболатовты,

Павлодар ауданының аудандық

комсомол комитетінің бірінші хатшысы

болған Гүлбарам Наурызбаеваны ерекше

ілтипатпен атап, алғыс айтып отырады.

Төрт баланың әкесі, аяулы ата Ерұлан

Қабдолұлы 2003 жылы Қарағанды қаласындағы

экономика университетін бітіріп, экономистқаржыгер

мамандығына ие болса, 2011

жылы Алматы қаласындағы Орталық Азия

университетінің Заң факультетін заңгер

мамандығы бойынша аяқтады.

Ерұлан - 2005 жылы кандидаттық

диссертациясын сәтті қорғап, экономика

ғылымдарының кандидаты атағына

ие болған доцент.

Қабдол ағамның балаларының анасы

Шәмшібану да көзі тірісінде балаларын сырт

көзге байқала бермейтін сезіммен сыйлап

кеткен. Шәмшібану жеңгеміз орны толмас

ері Қабдол ағадан жастай айырылса да,

орнын ойсыратпай, шаңырағын шайқалтпай,

қасіретті қайғыны қайсарлықпен жеңе білген

батыл ана деуге болады. Әкесінен ерте

айырылған алты баланы әлпештеп, тәрбиелеп

өсірген анасы өнер-білімге талаптануды

үйретуді үлгілі үрдіске айналдырып, төзім

жақсы, өмірі қысқа, тіршілік - бәсеке, өмір -

бәйге екендігін ұқтырды. Алла берген үш

ұлды, үш қызды көздерінің қарашығындай

тәрбиелеп өсірудің өзі - үлкен ата-аналық

парыз. Шәмшібану жеңгеміздің әр баласына

құрметтеп шығарған өлеңдері де

кейін белгілі болып жатыр.

Жеңгеміздің Ерұланға арнауы:

«Үш мүшел жасқа толдың, құлыным,

Ішіндегі патшасысың ұлдардың.

Денсаулық пен ұзақ өмір - тілегім,

Әрқашанда сен деп соғады жүрегім.

Тірегім сен, ақылдым, менің айбарым.

Әкеңді әкеп өмірімді жайнаттың.

Алғырлық пен іскерлік өзіңе тән.

Бақ ытты б о л , ең б ек ші лі м мен

қайраттым».

Ерұлан Қабдолұлының шыққан тегі

елге өнеге болғандықтан, ұйымшылдық,

кішіпейілділік, үлкенді сыйлау секілді игілікті

бойына сіңірген.

Ерұлан Қабдолұлы бауырымның мерейлі

жасы құтты болсын! Ұзақ ғұмыр, зор

денсаулық, баянды бақыт, жемісті еңбек

тілеймін. Ұрпақтарының қызығы мен

қуанышына ортақ болып, жасай берсін.

Мұхтар ӘБЕНОВ,

Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы, Майқайың кенті,

Баянауыл ауданы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!