07.01.2020 Views

7 қаңтар, 2020 жыл №1 (15471)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 7 қаңтар, сейсенбі, 2020 жыл БОЛЖАМ

SARYARQA SAMALY

Жұлдыздар не дейді?

Күнтізбеге жаңа жыл енісімен баршамыз алдағы

он екі айдан ерекше сәттер күтеміз. Үлкен

үмітпен қараймыз. Жаңа жыл жақсылығын

ала келгенін қалаймыз. Халқымыз Жыл басы -

Тышқан жылын береке, ырыс, татулық пен

тыныштықтың жылы деп санаған. Сондықтан

жұлдызнаманың барлық белгі иелерінің отбасына,

жұмысына, әр ісіне береке әкеледі деген

үміт бар. Ал астролог мамандар не дейді?

АРЫСТАН

Бұл жылы Арыстандар бар жетістікке жұмыста қол жеткізеді. Міндеттер ауқымы

өзгеруі мүмкін. Келісімшарттар, ұтымды ұсыныстар көптеп түседі. Табыс та еселенеді.

Жұмысбастылықтан демалуға уақыт табылмайды. Бірақ денсаулықты да ұмытпаған

абзал. Әсіресе, тыныс алу жүйесіне сақтық қажет. Екінші жартыжылдықта жылжымайтын

мүлік сатып алуға сәтті кезең болады. Туыс-туғанмен қарым-қатынасты

жақсартуға көңіл бөлген жөн.

ТОҚТЫ

Тоқтылар үшін күш-қуатты молынан жұмсайтын

жыл болмақ. Оның бәрі жетістікке жетуге

бағытталады. Нәтижесі жыл соңында байқалады.

Қаржылық жағдайыңыз жақсарады. Тоқтылардың

алдынан биыл әрдайым таңдау сәті шыға береді.

Мұндайда қателеспеуге тырысу қажет. Жазда

денсаулығыңызға мән беріңіз, иммунитетіңізді

көтеріңіз. Отбасылық қуаныштар көп болады.

Тұрғын үй мәселесін шешу ісі биыл оңынан болмақ.

Бәріне үлгеру үшін сізге жылдамдық қосуға тура

келеді. Мансап, кәсіби өсу жағынан ілгерілейсіз.

ТОРПАҚ

2020 жыл Торпақтарға тұрақтылық жылы

болады. Тәжірибелері мен өмірден алған сабақтарынан

қорытынды шығарып, биыл өрлей түседі. Жаңа

бағыт, жаңа саланы меңгеру жемісін береді. Біліміңіз

бен танымыңыздың арқасында беделіңіз өседі.

Жыл басында жаңа жобалар түседі. Жұлдыздар

сіздің барынша белсенді болуыңызды қалайды.

Шығармашылық әлеуетіңізді көрсету керек. Жолға

шығып, уақытыңызды дүниені тануға арнауға қолайлы

жыл болады. Достықта жолыңыз болады. Адал

достар жолықтырып, ортаңыз толады. Созылмалы

дерттеріңізді дендетіп алмаңыз.

ЕГІЗДЕР

Жаңа жыл Егіздерге қызық болады деп болжануда.

Жұмыс орныңызды ауыстырып, жаңа қырыңыздан

көрінесіз. Жұлдыздар сіздің қолыңыздан көп дүние

келетінін жақсы біледі. Биыл да бұл қабілетіңізді

молынан пайдаланасыз. Дегенмен, шешім қабылдауда

барынша жан-жақты салмақтап алғаныңыз

жөн. Мұндай сәттерде эмоцияға ерік бермеуге

тырысыңыз. Несиелер мен қарыздарыңызды жауып,

жаңа іске инвестиция салуға сәтті жыл болады.

Асқазан-ішек ауруларынан сақ болыңыз. Басы бос

Егіздер биыл өмірлік серігін жолықтырып, шаңырақ

көтеруі әбден мүмкін.

ШАЯН

Шаяндар 2020 жылы жан-жақты дамиды.

Айналасындағылардың назарына түседі. Бірінен соң

бірі келген мүмкіндікті мүлт жібермеуге тырысасыз.

Мұныңыз дұрыс шешім болмақ. Басшылықпен және

әріптестеріңізбен арақатынасыңыз жақсарады.

Ұжымдық немесе әріптестік жұмыстар айтарлықтай

жемісін береді. Үнемді әрі мұқият болыңыз. Жылдың

екінші жартыжылдығында қимылыңыз баяулайды.

Оңашада ойланып, тынығуға көңіл бөлесіз. Ауқымды

істерге көп күш жұмсағандықтан, демалыс та қажет.

Махаббатта жолыңыз болады. Ауру-сырқаудың

алдын алып, тексеруден өтуді ұмытпаңыз.

БИКЕШ

Бикеш өміріндегі өзгерістер былтыр басталды.

Биыл ол алғашқы жартыжылдықта жалғасын

табады. Достық қарым-қатынасты сақтауға

және қалпына келтіруге тырысыңыз. Сізге

қорқыныштан, мазасыздықтан арылған абзал.

Мұндай ойлар көбінде кедергі келтіреді. Тышқан

жылы балаларыңыз қуанышқа бөлейді. Балалы

болуға қолайлы жыл болмақ. Басы бос жандар

екінші жартысын жолықтырып, отбасын құрады.

Аға-бауыр, әпке-сіңлілеріңізден көп көмек көресіз.

Күз айларында белсенділігіңіз артып, толағай

табысқа кенелесіз.

ТАРАЗЫ

2020 жыл Таразылар үшін қалыпты жыл

болмақ. Кейбір Таразыларға өмір сүру салтын

өзгерту керек. Ойланудан іске көшкен жөн. Алғашқы

айлар көңіл-күйлік тұрғысынан күрделі болмақ.

Бастысы, қалаған ісіңізбен ғана айналысыңыз.

Қаржыдан тапшылық көрмейсіз. Керісінше,

әмияныңыз ақшадан арылмайды. Сізде бәрі жақсы,

сондықтан ұсыныстардан бас тарта беруіңіз мүмкін.

Кейін өкінбес үшін кейбірін саралап, қабылдаған

дұрыс болады. Екінші жартыжылдықта жаңа

таныстар пайда болады. Күтпеген қонақтар да

келуі мүмкін. Жыл соңына қарай отбасыларыңыз

толығуы ықтимал.

САРЫШАЯН

2020 жыл Сарышаяндарға өте қызықты өтеді.

Ескі істерден арылып, жаңасын бастауға бет алу

керек. Бір орында тұрмай, тренинг, семинарларға

барасыз ба, әйтеуір, өзіңізді дамытуға ден қою

қажет. Көктемде саяхаттауға жол ашылады.

Кәсіп ашуға да мүмкіндігі мол жыл болады. Егер

басшылық орында болсаңыз, қол астыңыздағы

қызметкерлермен байланысыңызды бекемдей түсу

керек. Биыл қаржыңызды оңды-солды шашпай,

дұрыс басқаруды үйренесіз. Көптен бері қалап

жүрген затыңызға қол жеткізесіз.

БАЛЫҚТАР

Балықтарға әр жыл жақсылығымен келеді.

Дегенмен, 2020 жылдың өзіндік ерекшелігі

болады. Алғашқы алты айда мүмкіндіктеріңіз де,

байланысыңыз да арта түседі. Әр жоба нәтиже

әкеледі. Кәсіби тұрғыдан өсесіз. Бәсекелестеріңізді

басып озасыз. Осы орайда тынымсыз еңбекпен

бірге денсаулыққа көңіл бөлуді ұмытпаңыз.

Бюджетіңізді басқаруда абай болыңыз. Кіріс

көбейсе де, шығыныңызды басқару қажет. Биылғы

жыл кездесулер мен романтикаға толы болады.

МЕРГЕН

Мергендер үшін қаржылық

жағдайды жақсартуға ең

қолайлы жыл болмақ. Бойдағы бар

ресурсыңызды дұрыс арнаға бұра

алсаңыз, табыс - қолыңызда. Оқып,

білім алуды да ұмытпау керек. Заман

талабына қарай төселудің де кіріс

әкелетінін естен шығармау қажет.

Айналаңыздағылармен тіл табысып,

көптен бері шешілмей жүрген

шиеленіс тарқайды. Жұлдыздар

ұсақ-түйекке ашуланып, жүйкені

тоздырмауға кеңес береді. Қай істе

де ақылдасып, бастаған жөн. Күзде

қоныс аударуыңыз мүмкін.

ТАУЕШКІ

Тәуешкілер үшін 2020 жыл

жаңа кезеңге бастар жыл болмақ.

Әртүрлі жағдайды оңынан шешу

үшін біліміңіз жеткілікті. Ол

шешім арқылы пайдаңызды

да көресіз. Өзіңізге қатысты

істі кейінге қалдырмаңыз.

Ешкімнен көмек күтпеңіз, бәрін

өз күшіңізге сеніп атқарсаңыз,

табыс толайым болады. Тышқан

жылы арманыңызға жақындата

түседі. Бастысы, сол сәтті уыстан

шығарып алмау қажет. Ол үшін

қалауыңызды қағазға түсіріп, ұсақтүйекке

назар аударудан аулақ

болыңыз. Жалғызілікті Тәуешкілер

сыңарын табады.

СУҚҰЙҒЫШ

Суқұйғыштар үшін биыл

ойланып-толғану, өткенді саралап,

қорытынды шығару жылы болады.

Мансапта өспесеңіз де, рухани байып,

шығармашылығыңыз шыңдалады.

Бәріне бірдей ұмтылмай, не нәрсеге

де кезек-кезегімен қол созу қажет.

Біртіндеп жағдайыңа көңілің

толады. Денсаулықты күтуді

кейінге қалдырмаңыз. Салауатты

өмір салтын ұстаныңыз.

Жауапкершіліктен қорықпаңыз.

Қоғамдық жұмыстарда жаңа

достар жолығады. Құжаттарға

абай болып, рәсімдеуде мұқият

болыңыз. 2020 жыл көп күш

жұмсайсыз, бірақ қысқа мерзімде

жемісін де көресіз.

Әзірлеген – Г.МАҒЖАН.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!