25.01.2020 Views

25 қаңтар, 2020 жыл №9 (15479)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

25 қаңтар, сенбі

2020 жыл

№9 (15479)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Мектептің

іргетасы қаланды

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

Тікелей желі

Құрметті оқырман!

2020 жылғы қаңтардың 30-ы,

бейсенбі күні облыстық «Saryarqa

samaly» газетінің редакциясында «Тікелей

желі» шарасы өтеді.

«Тікелей желінің» қонағы – Павлодар

қалалық полиция басқармасы әкімшілік

полиция бөлімінің басшысы, подполковник

Тасқарин Болат Сағитұлы,

Павлодар қалалық полиция басқармасы

анықтау бөлімінің бастығы Бүкіров

Ерлан Әкімбекұлы және тергеу саласының

мамандары.

2020 жылдың 1 қаңтарынан енгізілген

ҚР Қылмыстық Кодексі, ҚР Әкімшілік

құқықбұзушылық туралы Кодексі, ҚР

«Халықтың көші-қон туралы» заңнамасына

енген өзгерістерге, Армения мен

Қырғызстан, Ресей көліктеріне

байланысты өзіңізді толғандырған

сауалдарыңыз болса, тұшымды жауап

алу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Әсіресе

жол ережесі, тұрмыстық зорлықзомбылық,

мал ұрлығы сынды әрекеттерге

барғандар қандай жазаға тартылатынын

білгіңіз келсе, хабарласыңыздар!

Сауалдарыңызды алдын ала

8(7182) 66-15-31 телефон нөміріне,

8 701 131 69 00 WhatsApp желісіне

немесе газетіміздің ssamaly29@gmail.

com электронды поштасына жолдауға

болады.

«Тікелей желі» барысында 8 (7182)

66-15-31 нөміріне хабарласыңыздар.

Шараның өтетін уақыты: сағат

11.00-ден 12.00-ге дейін.

Ұлы Жеңіске - 75 жыл:

ҚАЙСАР ҚАЙЫРБАЕВ

Суретті түсірген – Н.Зинченко.

Облыс орталығындағы Затон шағын ауданында жаңа мектептің

құрылысы қолға алынды. Типтік емес ғимаратта орналасқан

№13 мектептің шәкірттері дәл осы оқу орнына көшіріледі. Осылайша,

600-ден астам оқушы қатарластары сияқты заманауи білім ордасында

оқитын болады.

Жалғасы 3-бетте

Даңқты жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының батыры Махмет Қайырбаевтың қайсарлығын

қанша жазсақ та, артық етпес. Батыр бабасы жайлы біліп, үлгі тұтып жүрген ұрпағына

жарасар. Ұрыс алаңында да, еңбек майданында да аянбаған арда азаматтың есімі еш

өшпейді. Өңіріміздің өрелі ұлы арамызда болғанда, ағымдағы айда 95 жасын тойлар

едік.

Толығырақ 10-бетте

ҚАРЖЫ

Өсімпұл

есептелмейді

Бұдан былай банктер мен

микроқаржы ұйымдары азаматтардың

несиені төлеуді

кешіктіру уақыты 90 күннен

асып кетсе, комиссия мен

өсімпұл есептемейді. Жаңа

ереже биылдан бастап күшіне

енді.

Елімізде «Банк және банк қызметі

туралы» және «Микроқаржы ұйымдары

туралы» заңдарға осындай атаулы

өзгерістер енгізілді.

- Екінші деңгейлі банктер мен

микроқаржы ұйымдарына кепілсіз

тұтынушылық қарыз бойынша берешекті

төлеу уақыты 90 күннен асып кетсе, айыппұл,

өсімпұл, сондай-ақ, комиссия мен басқа

да төлемдер есептеуге тыйым салынады, –

деді Ұлттық экономика вице-министрі

Ермек Алпысов. Оның айтуынша, бұрын

несиені уақытында төлемеген кезде

өсімпұл әр күн сайын 0,5 процентке

өсетін. Енді биылдан бастап берешегі

90 күннен асып кеткендерге ешқандай

комиссия есептелмейді.

Еске сала кетейік, биыл ең төменгі

күнкөріс деңгейі 31 183 теңге мөлшерінде

бекітілді. Бұдан былай табысы осы

сомадан төмен азаматтарға кредит

беруге тыйым салынды.

Әзірлеген – Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.


2 25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Бөле-жара

Күндер сырғып, мезгіл жылжып, тағы бір

аптаның аяғын көрдік. Жөн-жосығын білетіндер

балапанды апта сайын санайды. Осы

жеті күнде жер бетіндегі тіршіліктен көңілге

оғаш, көзге ерекше көрінгені жетерлік. Есірікке

де, естіге де сөз ерттік. Ел ішінде, дөңгеленген

он сегіз мың ғаламда біз куә болған, бөле-жара

айтар оқиғалар қайсы?

Жауапкершіліктен

қашып отыр

«Бек Эйр» компаниясына тиесілі ұшақ апатынан

аман қалғандар дүние-мүлкінің тиісті өтемақысын

ала алмай жүр. Жолаушылар әуе апатында жоғалған,

бүлінген заттарының есебін ешкім жүргізіп жатпағанына,

ал сақтандыру компаниясы мен ұшақ иелері әзірге

көңілге жұбаныш болар жауап айтпағанына наразы.

Амалдың жоқтығынан біраз жұрт заңгерлердің

көмегіне жүгінген. Сақтандыру компаниясы әзірге

«әліптің артын бағамыздан» әрі аса алмай отыр.

Елдің қабырғасын қайыстырған сол бір қаралы

оқиғанын орын алғанына айға жуықтапты. Мүліктерінің

құнын өндіріп ала алмай жүргендердің көбі - асыраушысынан

айырылып, ипотекасын қалай төлерін білмей

жүргендер. Тіпті, емделуге дәріге ақша таппағандар

да баршылық. «Аманат» сақтандыру компаниясы

дәрі-дәрмекке кеткен шығынның түбіртегін әкелген

кезде ғана өтемақыны төлейміз деп отыр. Бірақ

өтемақының да шектеуі бар: 200 айлық есептік

көрсеткішке дейін. Тіпті ақшаң болмаса, қарыз ала

тұрыңдар деп кеңес беріпті біраз жұртқа. Жоғалған

сөмкенің әр келісіне 20 доллардан төленеді екен.

Ал бүлінгені бағаланады. Бірақ, қандай құнды зат

болмасын, белгіленген тарифтен аса алмайды.

Шарасыздықтан қайда барарларын білмеген

жолаушылар әлеуметтік желіде ҚР Президентіне

араша түсуге хат жазуда. Олар Мемлекет басшысының

назарын мәселеге аударып, бір нәтиже шығарамыз

деген ойда.

Шынтуайтына келгенде, «Бек Эйр» компаниясының

жауапкершіліктен қашып отырғаны - өте ұят жағдай.

Қазірде жолаушылардың кейбірі билет құнын да

қайтара алмай отырғандарын айтып қынжылады.

Әрине сақтандыру компаниясының өтемақысы

көпшіліктің бар жыртығын жамай алмайтыны айқын.

Әзірге моральдік шығынды кімнің өтейтіні де ашық

күйінде қалуда.

«Олимпке» құлып

салынды

Сот шешімімен «Олимп» букмекерлік кеңсесінің

лицензиясы 6 айға күшін жойды. Демек енді құмар

ойынға құныққандар әдеттегідей «Олимп кз» сайтында

спорттық ойындарға ұтыс тіге алмайды. Сондай-ақ

жер-жердегі жарнамасы жер жарған кеңселеріне

де құлып салынды. Бұған дейін күні-түні қыз-қыз

қайнап жататын ғимараттары қаңырап бос тұр.

Тіпті кейбірінің маңдайшасындағы жазулары да

алыныпты. Десе де, Қазақстанда тыйым салынған

букмекерлік кеңсе халықаралық доменмен жұмысын

жалғастыруда. Яғни «Олимп ком» сайты арқылы әлі

де бәс қабылдау жалғасып жатыр. Ал заңсыз ойын

бизнесін ұйымдастырды, салықтан жалтарды және

шетелге заңсыз ақша шығарды деп айыпталған

«Онли бет» пен «Альфа бет» компаниялары («Олимп»

брендін жамылған) алдағы уақытта жоғарғы сотқа

шағымданамыз деп отыр.

Қытайдағы кесел дерт

Қытайда белең алған белгісіз вирустың салдарынан

бүгінде Аспанасты елінде 17 адам қайтыс

болған. Қытайлық CCTV арнасының ҚХР денсаулық

сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің

ақпаратына сілтеме жасап, таратқан мәліметке сүйенсек,

бүгінде онда 600-ге жуық адам коронавирустың

жаңа түрі арқылы өкпе қабынуына шалдыққан.

Соңғы бірнеше аптада вирус аса жылдамдықпен

АҚШ, Оңтүстік Корея, Тайланд, Жапонияға жетіп

үлгерген. Ушыққан жағдайға байланысты Дүниежүзілік

денсаулық сақтау ұйымы шұғыл түрде отырыс өткізді.

Мамандар жаңа індеттің қауіптілік деңгейін анықтап,

онымен күрес жолдарын ойластыруда.

Біздің еліміз Қытайға барып-келген 13 мың

азаматты жіті тексеруге алыпты. Белгісіз вирус

жұқтырғандар анықталған жоқ. Ал коронавирустың

жаңа түрі Қазақстанға енген жағдайда санитар

дәрігерлер қамсыз қалмауға кіріскен. Сол үшін

арнайы екі зертхана ашылыпты. Вирусты анықтайтын

тест-жүйені әзірлеуге қазақстандық мамандарға бір

жарым айдай уақыт керек екен.

Апта

Апта

оқиғаларын

оқиғаларын

бөле-жара

бөле-жара

сөз

сөз

еткен

еткен

-

-

Мұрат Мұрат АЯҒАНОВ.

МЕЗГІЛ МӘСЕЛЕСІ

Тазалықты күшейтуді тапсырды

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов облыс орталығындағы қар

тазалау жұмыстарының барысын тексерді.

Аймақ басшысы қаланың орталық

көшелерін аралап, Зеленстрой, Восточный

және Екінші Павлодар шағын аудандарында

болды. Ол қала басшылығы

мен коммуналдық қызмет өкілдеріне

әлеуметтік нысандардың жанындағы

жолдар мен жаяу жүргіншілер жолақтарын

тазалауға баса назар аударуды тапсырды.

№2 емхананың аумағындағы

жағдаймен танысқан облыс әкімі

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Тілеуберді САХАБА

әлеуметтік нысандар мен олардың

жанындағы учаскелерге басымдық

берілуі тиіс екенін атап өтті.

– Қала тұрғындары жиі қатынайтын

ауруханалар, мектептер мен

балабақшаларға баратын жолдар таза

болуы керек. Осы жерден таңертең өткенде

қар жатқан еді, әлі де тазаланбаған.

Көлік тұрақтарындағы қарды да шығару

керек. Бұл әлеуметтік нысандарға ғана

емес, жақын маңдағы адамдар пайдаланатын

тұрақтарға да қатысты, - деді

аймақ басшысы.

Қаланы аралап болған соң аймақ

басшысының бірінші орынбасары Ұлан

Жазылбек коммуналдық қызметтердің

өкілдерімен жиналыс өткізді. Қалалық

ТҮКШ бөлімі мен коммуналдық қызметтер

қар тазалау жұмыстарын одан әрі

ширатуға және жақын арада қаланы

қардан арылтуға уәде берді.

Павлодар облысы әкімінің

баспасөз қызметі.

Мұқтаж жандарға көмектесті

Былтыр Павлодар

облысында

жемқорлық

әрекеті бойынша

78 іс тіркелген.

Аталмыш көрсеткіш

2018 жылмен

салыстырғанда

8 фактіге көп.

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг

барысында сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Павлодар

облысы бойынша департаментінің

басшысы Айдар Тастеміров мәлім

етті. Оның айтуынша, өткен жылы

өңірде ауыр және аса ауыр деңгейде

82 қылмыс орын алған. 2018 жылы

25 пара алу фактісі тіркелсе, былтыр

бұл бағыттағы әрекет 35-ке жеткен.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 189 және

190-баптарына сәйкес қарастырылатын

бюджет қаржысын жымқыру фактілері

бойынша 84 қылмыс тіркелген. 2018

жылы дәл осындай 81 факті орын

алған.

Департамент басшысы өңірде

жемқорлық әрекетіне жол бермеу

мақсатында ашылған «Ертіс - адалдық

алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысына

тоқталды. Мамандар бекітілген

жоспарға сәйкес, білім ошақтарын

аралап, оқушы-ларды адалдыққа

шақыруда. Бұл ретте пара беруге

тосқауыл қою бойынша түрлі бейне

түсірілімдер көрсетіліп, пікірталас

ұйымдастырылуда.

Брифинг барысында «Ертіс – адалдық

алаңы» жобалық кеңсесі мен Toraighyrov

University студенттері бірлесіп түсірген

7 минуттық мультфильм назарға

ұсынылды. Жемқорлыққа жол бермеуді

көздеген қысқаметражды туынды

келесі аптада әлеуметтік желілер мен

YouTube желісі арқылы көрерменге

жол тартпақ.

- «Ертіс – адалдық алаңы» мен

«Адал жол» жобалық кеңселері бірлесіп,

мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын

қорғауда. Көмекке мұқтаж жандар

сапаржай кассаларында мүмкіндігі

шектеулі екенін растайтын куәлікті

көрсету арқылы ғана билет алып

келген. Яғни, оларға бұл қызметті

онлайн режимде алу мүмкін болмаған.

Осы мәселе бойынша «Адал жол»

жобалық кеңсесіне жүгінген едік.

Қазір бұл жағдай шешімін табуда.

Жаз мезгілінде облыстық білім беру

КӨШІ-ҚОН

Екі есеге артпақ

Өткен жылы облыс орталығына еліміздің оңтүстік және батыс

өңірлерінен 22 отбасы, шет мемлекеттерден 14 отбасы көшіп

келген. Қоныс аударушыларға «Еңбек» нәтижелі жұмыспен

қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының

үшінші бағыты бойынша көмек көрсетіліп, еңбекке жарамдылары

жұмысқа орналастырылды.

Жергілікті билік біздің өңірге

қоныс аударып, тұрақтауға ниеті

бар азаматтарды қашанда қолдауға

әзір. Қалалық Жұмыспен қамту

орталығы директорының орынбасары

Аманбек Ұнатұлының сөзінше, көшіп

келгендердің барлығына мемлекет

тарапынан қолдау көрсетіліп, тиісті

жәрдемақылары берілді.

- Отбасының әрбір мүшесіне жол

шығыны ретінде 35 айлық есептік

көрсеткіш көлемінде бірреттік

көтермеақы беріледі. Бұл еліміздің

ішінен қоныс аударғандарға да,

сырттан көшіп келгендерге де бірдей

төленеді. Сонымен қатар, бір жылға

дейін пәтер жалдау ақысы беріледі.

Оның көлемі — бір айға 20 АЕК. Бұл –

ең төменгі сома. Егер, жанұяда

2-4 адам болса 25 АЕК, ал отбасы

мүшелерінің саны төрттен жоғары

болса 30 АЕК мөлшерінде беріледі.

Негізі, пәтерақының ақшасы ай сайын

төленіп тұрады. Бірақ жеке баспана

сатып алуға әрекеттенгендер болса,

басқармасы «Адал табыс» жобасы жүзеге

асырды. Аталмыш акцияға 100-ден

астам кәсіпорын мен кәсіпкер қолдау

көрсетіп, 750 жұмыс орны ашылды.

Екібастұз қаласында ауыр дертке

шалдыққан математика және информатика

пәні мұғалімі Б.Сырымбетовті қолдау

мақсатында 400-ден астам адамның

қатысуымен қайырымдылық марафоны

ұйымдастырылды. Бұдан бөлек,

уақытша жұмыс істеуге жарамсыздық

парағын сатумен айналысқан медицина

қызметкерлері жазаға тартылды. Заңсыз

ақша жинағаны үшін қызмет орнын

босатқан балабақша директоры да бар.

Майқайың кентінде 10 жыл кезекте

тұрған отбасыға пәтер ұсынылды, -

дейді «Ертіс – адалдық алаңы» жобалық

кеңсесінің жетекшісі Ризабек Исабеков.

Сурет Өңірлік коммуникациялар

қызметінен алынды.

бір жылдың төлемін біржола алуға

да болады. Ол үшін үйді сатып алу

жөніндегі келісімшарты болуы керек, —

дейді Аманбек Ұнатұлы.

Мамандардың сөзінше, өткен жылы

көші-қон бағытына бөлінген квота

толық игерілген. 2020 жылы қала

ішіне ішкі және сыртқы көші-қон

бойынша 540 адамды қабылдау жоспарланыпты.

Яғни, өткен жылғыдан екі есе

артық адамды қабылдауға мүмкіндік

бар. Жыл басынан бері 9 отбасы —

37 адам көшіп келу жөнінде өтініш

берген. Биыл «Еңбек» бағдарламасына

өзгерістер енгізіліп, Нұр-Сұлтан

қаласынан көшіп келушілерге де

дәл жоғарыдағыдай жағдай жасауға

мүмкіндік туды. Еске сала кететін

жайт, ішкі көші-қон бағдарламасымен

көмек алғандардың барлығына осы

өңірде кем дегенде 5 жыл тұру

міндеттеледі. Егер қайта көшіп кететін

болса, алған қаражаттың барлығын

бюджетке қайтарады.


SARYARQA SAMALY

АЙНА 25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл 3

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ

Мектептің іргетасы

қаланды

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Павлодар қаласындағы Затон шағын

ауданы балаларының басым бөлігі осы

аудандағы №13 мектепте оқиды. Бірақ

білім ордасының ғимараты талапқа

сай келмейді. Яғни, оқу орны типтік

емес нысанда орналасқан. Тұрғындар

бұл жайтқа алаңдаушылық танытып,

бірнеше жыл бойы жаңа мектептің

қажеттігін айтты. Тіпті, әкімдердің

есептік кездесулерінде бұл мәселе сан

рет көтерілді. Өткен жылдың соңында

жұртшылықтың тілегі орындалып, білім

ордасының іргетасы қаланды.

Павлодар қалалық әкімдігі жариялаған

мемлекеттік конкурста аймақтағы

тәжірибелі компаниялардың бірі -

«ГСУ Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі жеңіске жетті. Павлодар

қалалық құрылыс бөлімі ұсынған

мәліметке сүйенсек, жаңа мектептің

құрылысына мемлекеттік қазынадан

1,7 млрд. теңге қаржы қарастырылды.

«ГСУ-Құрылыс» ЖШС 2019 жылғы

12 қарашада 350 орындық, үш

қабатты мектепті салу ісіне кірісті.

Мұнда барлығы 40-тан астам адам

тынбай еңбек етуде. Бүгінде оқу

корпусы болатын бірінші блоктың

бірінші қабаты қаланып, терезелері

орнатылды. Бірнеше оқу кабинеті,

әкімшілік блок және мәжіліс залы

үшін қарастырылған екінші блоктың

қабырғасы көтерілуде. Сонымен қатар,

асхана мен спорт зал орналасатын

үшінші блоктың іргетасы қаланды.

Құрылыс материалдарының барлығы -

қазақстандық өнім. Айталық, құм, темір

бетонды құрастырмалар, кірпіштердің

басым бөлігі Павлодар облысының

аумағында жасалды. Ал цемент пен

кірпіш Шығыс Қазақстан облысы,

Семей қаласынан жеткізілді.

Компанияның бас инженері Дәулет

Мұстафиннің айтуынша, құрылыс

алаңындағы жұмыс қарқынды.

- Жобаға сәйкес, мектеп 2021

жылдың қаңтар айында қолданысқа

тапсырылуы тиіс. Егер инженерліккоммуникациялық

желілерге қатысты

мәселелердің барлығы қысқа уақыт

аралығында оң шешімін тапса, биыл

жыл соңына дейін білім ордасын

ел игілігіне беруге әзірміз, - дейді

Д.Мұстафин.

Атап айтқанда, Ломов көшесіндегі

жылу құбырларының диаметрін ұлғайту

керек. Әйтпегенде, мектеп пен оған

іргелес жатқан Гагарин көшесіндегі

бірнеше үйге жылу жетпей қалуы әбден

мүмкін. Егер Павлодар қаласының

әкімдігі жылу маусымы аяқтала

салысымен бұл іске кіріссе, құрылыста

кідіріс болмайды. «ГСУ Құрылыс»

компаниясы мектепті салып, кейбір

инфрақұрылымдық желілерді тартып

қана қоймай, білім орнының аумағын

абаттандырады. Көшеттер отырғызып,

кеспетастар төсейді. Сонымен қатар,

жаңа нысанның жанындағы мектеп -

№4 арнайы жалпы білім беру мектепинтернатының

стадионын қайта қалпына

келтіреді. Себебі, бұл спорт алаңы

екі оқу орнына ортақ болмақ.

Павлодар қалалық білім беру бөлімі

басшысының орынбасары Қуаныш

Қыдралиннің айтуынша, жаңа мектеп

оқушылардың әлеуетін арттыруға тың

серпін береді.

- Бүгінде №13 орта мектепте

611 бала білім алады. Олар жаңа

мектепте екі ауысымда оқитын болады.

Оқу ордасы арнайы кабинеттермен,

заманауи құралдармен жабдықталады.

Бұл шәкірттердің білім көкжиегінің

кеңеюіне айтарлықтай оң ықпал

етері сөзсіз. Ал қазіргі типтік емес

ғимаратта балабақша ашылады, -

дейді Қ.Қыдралин.

Айта кетелік, таяу уақытта

«ГСУ Құрылыс» компаниясы облыс

орталығындағы Сарыарқа шағын

ауданында 650 орындық тағы бір

мектептің құрылысын бастайды.

МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ

«Абай оқуларына» қатысты

Облыстық прокуратура заңдылықты және құқықтық

тәртіпті нығайтумен қатар тіл мәртебесін көтеру мақсатында

ауқымды жұмыс жүргізуде.

Құзырлы мекемеде «Қазақ тілі –

баршаға» пікірталас клубының кезекті

отырысы өтті. Жиынға басқарма

қызметкерлері, мемлекеттік тілді

дамыту тобының мамандары қатысты.

Қазақ тілін жан-жақты насихаттау,

өзекті тақырыптарды мемлекеттік

тілде бірлесіп талқылау мақсатында

құрылған клуб облыс прокуратурасында

екі жылдан астам уақыт

жұмыс істеуде. Жиында мемлекеттік

тілдегі құжат айналымы, қазақ тілін

оқытудың жай-күйі, жүргізілген

іс-шаралар, жетістіктер, сондай-ақ

осы мәселе аясында әлі де болса

шешімін таппай жатқан жағдайлар

сөз етілді. Қызметкерлер өзара пікір

алмасып, даулы сұрақтарды талқылады,

ұсыныстарын білдірді.

Бұдан бөлек, былтыр үш тілді

жетік білетін жас қызметкерлер

арасында «Тілдің үштұғырлығы – ұлт

тірегі» байқауы ұйымдастырылған

болатын. Дода қорытындысы бойынша

жергілікті тіл мен әдебиет, педагогика

салаларының өкілдерінен сайланған

қазылар алқасының шешімімен Екібастұз

қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры

Р.Тоғанбай байқау жеңімпазы

атанды. Екінші орынға Павлодар

қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры

С.Қалым, үшінші орынға Ақсу

қаласы прокуратурасы бөлімінің аға

прокуроры Е.Досымжанов ие болды.

Павлодар қаласы прокуратурасының

бөлім прокуроры С.Қанатұлы «Тілегі

мен тілі бір» номинациясының және

Ертіс ауданы прокуратурасының прокуроры

Ж.Серікқанұлы «Көрермендер

көзайымы» номинациясының иегері

атанды. Барлық қатысушылар марапатқа

ие болды.

Биыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық

мерейтойы қарсаңында ақынның

шығармашылығын кеңінен насихаттау

мақсатында Абай оқулары байқауы

да ұйымдастырылғанын атап өткен

абзал.

Павлодар облысы

прокуратурасының

аппараты.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘНІСІ

Түз тағысы

қайдан келді?

Соңғы күндері аймағымызда қасқырдың

әр жерде жүргені жайлы ақпараттар

әлеуметтік желі арқылы таралып,

тұрғындардың зәресін алуда. Алдымен,

Ақсу қаласының ГРЭС шағын ауданын

жалғыз қасқыр кезіп жүргені жайлы

хабар түсіп, құзырлы органдар бөріні

дер кезінде атып өлтірді. Одан кейін

шарбақтылық шаруаның қорасындағы

қойларын жарып кеткені жөнінде ақпар

тарады.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Шарбақты ауданының Сынтас ауылында бір

түнде шаруаның оннан астам қойын жарып кеткен.

Нақтысы, 7 қойын өлтіріп, тоғызын жарақаттап

тастаған. Ауладағы Рекс иті де жоғалып кетіпті.

Алайда, малды қырып кеткен қасқыр ма, қаңғыбас

ит пе, ешкім көрмеген. Қасқыр екеніне әзірге

нақты дәлел жоқ, дейді ауылдық округ әкімі Мақсұт

Жиенбаев. Аудан әкімі барлық ақпаратты құзырлы

органға тапсырыпты.

Мал иесі Манарбек Баисовтың айтуынша, аңшылар

келіп, қарда жүретін техникамен аңның ізі бойынша

айналаны барлап көрген. Олар қасқыр деп топшылап

отыр, дейді. Бірақ, ешбір аңның соңына түсе алмапты.

Із іргелес Ресей елі шекарасына қарай орманға

еніп, жоғалып кетеді. Аталмыш ауылда 70 жылдан

астам тұратын шаруа бұрын-соңды мұндай жағдай

болмағанын айтады. Анализдер алып, тиісті талдаудан

кейін белгілі болады деген үмітте.

Облыстық аумақтық орман шаруашылығы және

жануарлар дүниесі инспекциясының жануарлар дүниесі

және аңшылық шаруашылығы бөлімі басшысының

міндетін атқарушы Сәуле Мұқансалықованың айтуынша,

Шарбақты ауданының құзырлы мекемелерінен

құрылған комиссия жағдайды зерделеуде. Комиссия

мүшелері жарақаттар арқылы малға шапқан қасқыр

ма, ит пе екенін анықтау мүмкін еместігін айтуда.

Енді осы аумаққа жауапты «Аллюр компани ЛТД»

аңшылық шаруашылығына қасқырлар санын реттеу

үшін атуға рұқсат берілмек.

Одан кейін Ленин кентінде екі қасқыр емінеркін

жүргені айтылған тағы бір жазба тарады.

Оған қатысты Ленин кенті әкімінің өтінімі бойынша

Павлодар қаласының ветеринарлық қызметі шұғыл

түрде ауыл маңын бақылап шыққан. Қалалық

баспасөз қызметінің мәліметінше, «Рубиком» ет

өңдеу кәсіпорны, Жолқұдық элеваторы маңындағы

тұратын тұрғындар арасында сауалнама жүргізілген.

Ақпарат расталмапты. Облыстық инспекция Ленин

кенті аумағында да қасқырлар санын реттеуге

рұқсат беріпті.

«№1 мектеп маңында қасқыр жүр» деген жазба

да көпшілікке WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы

келді. Мамандар мұндағы қасқыр емес, қаңғыбас

ит екенін алға тартып отыр.

Жалпы, қасқырлар неге ауылдарға жақындай

түсті? Бұлай мінез көрсетуіне не себеп? Баянауылдық

аңшы, құсбегі Бақытжан Жүнісовтің соңғы жағдайларға

байланысты пікірін сұрап көрген едік.

- Бұрын түз тағысы аштықтан ауылға кіріп кететінін

жиі еститінбіз. Қазіргі кезде далада бөрілерге

азық жоқ деуге келмес. Қасқыр адамға жөнсіз

тиіспейді. Жараланған кезінде аңшыға атылуы мүмкін.

Қарығатын уақытында аздап қағынады. Бұл кезең

қазақта «Бөрісырғақ» деп аталады. Ол ақпан айының

10-ынан басталады. Бүгінгі таңдағы мінезінің себебін

дөп басып айта алмаймын. Ақсудағы бейнежазбаларды

көріп, «бәлкім, асыранды қасқырлардан

аңшылар айрылып қалды ма екен?!» деген ой

келді. Өзім де біраз жыл асырап, зерттеп, иен

далаға жіберген едім, - дейді ол.

Жоғарыда айтқанымыздай, мамандар аймағымызда

қасқырлардың адамдар мен малға шапқаны

расталмағанын мәлімдеп отыр. Яғни, қауіптің

жоқтығын алға тартуда. Облыс аумағында 212 дала

тағысы бар. Инспекция күн сайын жыртқыш аңдардың

есебін жүргізетіндерін айтады.


4 25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Қозғалысты

шектеуге не себеп?

Ақ түтек боран бірқатар мекемелерді әбігерге салып тұр.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» республикалық

маңызы бар жолдарды күтіп ұстауға жауапты.

Кәсіпорынның боранмен және көктайғақпен қалай

күресіп жатқаны туралы сауалдарымызға компанияның

Павлодар облыстық филиалы директорының орынбасары

Ермұрат Нұрханов жауап берді.

КӘСІПКЕРЛІК

Әлеуметтік желі арқылы тауарын жарнамалайтын

павлодарлық 4 кәсіпкер алаяқтың арбауына түсті.

Шымкенттік тапсырыс беруші кәсіпкерлердің жеке

деректерін қолға түсіріп, олардың атына шағын

несиелер ресімдеген. Енді алаяқ алған қомақты

қаржыны павлодарлықтарға қайтару қажет. Бұл

ретте полиция қызметкерлері бейқамдық танытып

отырғанға ұқсайды.

Алаяққа

арбалып қалды

- Ермұрат Сапарбекұлы,

темір тұлпар иелері бүгінде

үлкен жолдардың жиі жабылатынына

қапалы. Шынында,

жолдарға неге шектеу жиі

қойылады?

- Өңір бойынша біз күтіп ұстауға

міндетті республикалық маңызы

бар жолдар 1662,8 шақырымды

құрайды. Бұл іспен «Қазавтожол»

АҚ айналысатыны белгілі. Боранды

күндері Павлодар-Нұр-Сұлтан

бағытындағы автобанда қар

ұстайтын учаскелер бар. Қарға

қарсы қоршаулар орнатылғанымен,

кей жерлерде ақ ұлпаның биіктігі

1 метрге дейін жетеді. Көбіне

Шідерті-Нұр-Сұлтан, Қалқаман-

Екібастұз және Павлодар-Аққулы

бағыттарындағы жолдар жиі-жиі

қар құрсауында қалады. Сол

себепті жолды жабуға тура келеді.

Жыл басынан бері 13 рет көлік

қозғалысына шектеу қойылды. Түк

көрінбейтін боран болса да, жолды

тазалау жұмыстары күшейтілген

режимде жүргізіледі. Жағдайды

реттеуге 3-4 сағат жеткілікті. Соңғы

АДАМ - ЕҢБЕГІМЕН АСҚАҚ

Дархан жүректі дәрігер

Гүлмира Рақымжанова – аймағымыздағы 350-ге жуық

дәрігердің ішінен оза шауып, үздік деп танылған

маман. Ақтоғай аудандық ауруханасының ақжелеңдісі

республикалық байқауда облыс намысын қорғап,

жүзден жүйрік атанды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

«Біздің үздік отбасылық дәрігер

және оның командасы» тақырыбында

өткен сайыс екі кезеңнен тұрды.

Алғашқы бөлімде қатысушылар

міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандыру бойынша сұрақтарға

жауап беріп, білімдерін ортаға

салды. Екінші кезең онлайн режимде

дауыс берумен шешілді. Гүлмира

Рақымжанова ауыл дәрігерлері

ішінен жеңімпаз атанып, ҚР

Денсаулық сақтау министрі Елжан

Біртановтың Алғыс хаты мен 500

мың теңге көлеміндегі ақшалай

сыйлыққа ие болды.

- Әрбір мамандық бойынша

ұйымдастырылатын байқау

қызметкерлердің өз ісіне деген

құлшынысын арттырады. Өңірде

бастау алған дода нәтижесінде

Нұр-Сұлтан қаласынан олжалы

оралдым. Ұйымдастырушыларға

алғысым шексіз. Ауылдағы

мамандарғада көңіл бөлініп

жатқанына қуаныштымын, - дейді

Г.Рақымжанова.

Гүлмира Ақанғалиқызы Семей

қаласы, Тарбағатай ауданында

дүниеге келген. 1997 жылы Семей

мемлекеттік медициналық академиясына

оқуға түсіп, 7 жыл білім

алады. Алғашқы еңбек жолын 2004

жылы Ақтоғай ауданы, Қараоба

ауылында отбасылық-дәрігерлік

амбулаторияның аға дәрігері

ақ түтек боранда екі ауысымдық

жұмыс кестесіне көшіп, тиісті

жұмыстарды жедел атқардық.

- Естуімізше, көрші Ресей

елінде боранды күндері техника

жолды қардан жедел аршып,

көлік қозғалысы тоқтамайды

екен. Бәлкім, бар гәп техниканың

жеткіліксіздігінен шығар?

- Біздегі жағдайды Ресеймен

салыстыруға келмейді. Онда

жолдың екі жағында да қалың

орман орналасқан. Яғни, ағаштар

қарды ұстап қалады. Техникаға

келсек, оның көптігі артық етпейді.

Бүгінде иелігімізде 85 техника

бар. Жыл сайын техника паркі

жаңартылуда. Былтыр әрқайсыс

ы н ы ң қ ұ н ы 3 0 м и л л и о н т ұ р а т ы н

5 құрамдастырылған жол машинасы

сатып алынды. Шамамыз

келгенше міндетімізді орындап

жатырмыз.

- Көлік иелерін алаңдатып

отырған тағы бір мәселе –

көктайғақпен күрестің әлсіздігі.

Салдарынан көлік апаты жиі

қызметінен бастайды. Тәжірибе

жинаған соң, 2007 жылы Ақтоғай

аудандық ауруханасына қызметке

ауысады. Осылайша, 15 жылдан

астам уақыт аудан халқының

денсаулығын жақсарту жолында

еңбек етуде.

- Ауылда қызметке орналасып,

тұрмыс құрдым. 2004 жылдары мен

де жас маман ретінде мемлекет

тарапынан бөлінетін қолдауға ие

болдым. Ал қазір еңбек етемін

деген жастарға барлық жағдай

жасалған. Көтермеақы мен баспана

да беріледі. Бүгінде учаскемде

тіркеуде тұрған 2080 адамның

денсаулығына жауаптымын.

Өткен жылы бұл көрсеткіш 2400

адамды құраған еді. «Дипломмен –

ауылға!» бағдарламасының

қатысушыларының арқасында

ақ желеңділердің жүктемесі

азайып отыр. Негізі бір дәрігер

1600 адамды қарауы тиіс. Алдағы

уақытта дәрігерлер қатары жас

мамандармен толығып, жоғарыдағы

көлем азаяды деген ойдамын, -

дейді дәрігер.

Гүлмира Рақымжанова жалпы

тәжірибе дәрігері және кардиолог.

Күнделікті жұмысы таңғы 8.00-ден

басталып, кешкі сағат 20.00-де

аяқталады. Бұдан бөлек, шұғыл

шақыртулар кезінде кешкі уақытта,

демалыс күндері де жұмыс істейді.

- Тұрғындардың арасында

жүрек-қан тамыры, инфаркт аурулары

артып келеді. Қабылдауға

тіркеліп, баратын жеріне

уақытылы жете алмайтындар

көп. Бұған не дейсіз?

- Өздеріңіз білесіздер, Нұр-Сұлтан

қаласы бағытындағы бетон жолдың

салынғанына 2-3 жыл ғана уақыт

өтті. Бетон берік орнықпайынша,

тұз және химиялық қоспаларды

себуге болмайды. Тұзды мүлдем

қолданбаса тіпті жақсы. Әйтпесе,

жолдың сапасы бұзылады. Көктайғақ

орын алған жағдайда ұсақ қиыршық

тасты сеуіп жатырмыз. Мұзды

ерітпесе де, көлік дөңгелегінің

жолда тұрақты жүруіне әсер етеді.

Кей жағдайда мұз грейдердің

көмегімен алынады. Ал асфальт

жолдарға құм мен тұзды араластырып

себеміз. Жалпы, көктайғаққа

қарсы қоспалар арнайы зертханалық

тексерістен өтеді. Қысқы маусым

басталғаннан бері дер кезінде

көктайғақтың алдын алып келеміз.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Оралхан ҚОЖАНОВ.

келген науқастарды кардиологиялық

тексеруден өткізу үшін

облыс орталығына жоспарлы түрде

жіберіп тұрамын. Қазір МӘМС

жүйесі аясында жұмыс істеудеміз.

Сақтандыру халықтың қаражатын

үнемдеп, бағасы қымбат шараларды

тегін қабылдауға мүмкіндік

беретіні сөзсіз. Қабылдау кезінде

магниттік-резонанстық томография,

компьютерлік томография сынды

тексерулерге қаражаты жетпей,

емделуден бас тартатын адамдарды

көрдік. Енді медициналық

қызмет бәріне қолжетімді болмақ,

- дейді дәрігер.

Қазіргі уақытта Гүлмира

Ақанғалиқызы - өз саласының

үздігі ғана емес, отбасында аяулы

жар, ардақты ана. Ауыл халқының

денсаулығын жақсарту жолында

еңбек етіп жүрген ақ желеңдінің

еңбегіне табыс тілейміз.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Павлодар қаласындағы Валентина Бионосова 100 мың

«Экзотик» дүкені бас киімдердің

түр-түрін сатады. Сауда орнының

иесі Ирина Капустина тауарларды

Инстаграм әлеуметтік желісі арқылы

да жарнамалайды. Бірақ бұл әрекеті

өзіне таяқ болып тиіп отыр.

- Өткен жылдың 14 қарашасында

Людмила есімді келіншек хабарлама

жазып, Шымкент қаласына

теңгені қайтарып берген.

Дәл осылай тағы екі павлодарлық

зардап шеккен көрінеді. Ал еліміз

бойынша 34 кәсіпкердің алданғаны

анықталыпты. Жәбірленушілердің

айтуынша, алаяққа алданғандар

саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Себебі Людмила Беркина әлі күнге

дейін қамауға алынған жоқ. Банк

тауар жеткізудің мүмкіндігін карталары да бұғатталмаған.

сұрады. Кейін бас киімнің үлгісін,

түсін, өлшемін таңдап, тапсырыс

- Павлодардағы полиция бөліміне

жазған өтініш екінші күні-ақ күдіктінің

б е р д і . Б а с к и і м н і ң б а ғ а с ы тұрғылықты – мекенжайы – Шымкент

55 мың теңге. Шымкент қаласына

курьерлік қызмет арқылы жеткізу

қаласына жіберілді. Бұл шаһардағы

тергеушілер істі бір-біріне итеріп,

қ ұ н ы – 1 4 0 0 т е ң г е . Б а р л ы ғ ы ақыры 21 қаңтар күні Павлодарға

56 400 теңге төлеуге келісті, -

дейді кәсіпкер.

Сөйтіп, аударым жасау үшін

Ирина Капустинаның жеке куәлігі

кері қайтарыпты. Өтінішті екі қала

арасында тасып жүрген тұста

өсімпұл өсіп жатыр. Себебі үш

бірдей микроқаржы ұйымы өсімпұл

м е н б а н к т а ғ ы е с е п ш о т ы н ы ң қоспас үшін өтініштің сотқа дейінгі

20 таңбалы нөмірлерін сұрапты.

Ақшалай аударымға шын мәнінде

осындай мәліметтер керек болғандықтан,

еш күмәнсіз құжаттар

көшірмесін жіберген.

- Алдымен 50 мың теңге, кейін

35 мың және 90 мың теңге түсті.

«Құрбым да сізден құндыздан

тігілген орамал алайын деп еді,

сондықтан артық сома аудардым»

деді. Ал екінші күні «құрбымның

күйеуі жол апатынан қайтыс болды,

ақшасын қайтарып беріңізші» деп

жазды. Қайғысына ортақ екенімді

білдіріп, 118 600 теңгені оның

шотына аудардым, - дейді Ирина

Капустина.

Арада 1 айдан астам уақыт өткен

соң микроқаржы ұйымдарының

өкілдері кәсіпкерге хабарласып,

қарызды тез арада төлеуін талап

етеді. Белгілі болғандай, Шымкент

қаласынан тапсырыс беруші Ирина

Капустинаның атына «Авентус»

онлайн қарыз беру ұйымы арқылы

90 мың теңге, «Смарт Кредит»

арқылы 50 мың теңге және «Zing»

арқылы 35 мың теңге несие

тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне

енген нөмірін беруімді талап етіп

отыр. Ал құқық қорғаушылардың

бейқамдығы салдарынан бұл іс әлі

тіркелген жоқ. Сәйкесінше, қарыз

күн сайын өсуде. Айталық, алаяқ

қарашада «Авентус» онлайн қарыз

беру ұйымы арқылы ресімдеген

90 мың теңге желтоқсан айында

160 мың теңгеге жетті. Ал қазір

берешектің қанша болғанын білуге

қорқып отырмын, - дейді Ирина

Капустина.

Павлодарлық кәсіпкерлер алаяқ

жауапкершіліктен құтылып кете

ме деп қауіптенеді. Себебі күні

кеше Шымкент қаласында дәл

осындай алаяқтық іске қатысы бар

күдіктілер ақталып, сот залынан

босап шығыпты. Ендігі ретте бұл

іске Өңірлік кәсіпкерлер палатасы

да араласпақ.

- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер

палатасы мен Бас прокуратура

арасында жол картасы жасалған.

Сонымен қатар, өңірлік кәсіпкерлер

палатасы және облыстық

прокуратура өзара әріптестік

ресімдепті.

туралы меморандумға қол

Павлодарлық кәсіпкер Валентина қойған. Осылардың негізінде

Бионосова да шымкенттік Людмила

Беркинаның «құрығына» түсті.

Алаяқ жалпы сомасы 200 мың

теңге болатын киім мен әшекей

бұйымдарға тапсырыс беріпті.

Тіпті, «Қазпошта» арқылы аударым

жасағаны туралы түбіртектің

суретін жіберген екен. Ал екінші

күні «Анам жол-көлік оқиғасынан

қайтыс болды. 100 мың теңгенің

тауарын аламын, ал қалған 100

мың теңгені шұғыл түрде өзіме

қайта салып жіберіңіз» деп

хабарлама жазыпты. Сондықтан

құқық қорғаушылардың қызметін

саралайтын боламыз. Бұл ретте

адамның жеке куәлігінің нөмірі

арқылы ғана несие беретін микроқаржы

ұйымдарының жұмысын да

назарға алған дұрыс болар, - деді

кәсіпкерлер құқығын қорғау және

әкімшілік кедергілерді төмендету

бөлімінің басшысы Сейфолла

Қасымханов.

Ал мәселе біржақты шешілгенге

дейін кәсіпкерлердің микроқаржы

ұйымдары алдындағы қарызы өсе

беретін түрі бар.


Жас times

SARYARQA SAMALY

«Сарыарқа самалы» газетінің

жастарға арналған қосымшасы

ЖАРҚ ЕТКЕНДЕР

Жұмыс қайдан табылады?

МӘСЕЛЕ

Сара Тастанбекқызы

Қазақ әдебиеті тарихында өшпес

із қалдырған ақынның бірі – Сара

Тастанбекқызы. Қазақ әйелінің

арманы, мұң-шерін поэзия тілімен

жеткізген көркем сөздің шебері

54 жылдық ғұмырында артына

мол мұра қалдыра білді.

Қызымын Тастанбектің, атым - Сара,

Арман көп, аузыма, халқым, қара.

Қорғанар көп ішінен бұта таппай,

Шырылдаған бозторғай мен бір бала, - деп

жырлаған ақын Сара 1853 жылы қазіргі Алматы

облысының Қапал ауданында дүниеге келген.

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын

көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған

ақынның шығармашылық жолы тым ауыр болады.

Ол үш жасында әкесінен айырылып, еңсе басқан

жетімдік пен жоқшылықтың зардабын көріп өседі.

Бұл аз дегендей, сырттай болса да жалғыз

сүйенер тірегі - немере ағасы Жайсаңбек

«өгіз ұрлады» деген жаламен түрмеге түседі.

Жоқшылық өтінде жеке қалған жетім бала,

жесір әйелге қамқоршы болып, ауылына көшіріп

әкелген Тұрысбек қажы Сараны шырылдатып,

өзінің теңі емес, жаратылысынан кеміс туған,

бай баласы Жиенқұлға атастырады.

Жетім қыз үшін мал алған Тұрысбек қажының

әрекетін естіген Есімбек қажы дау шығарып,

Сараны өз ауылына көшіріп алады. Бірақ бұдан

Сараға жақсылық болмайды. Ақырында бар

шаруа екі қажының қыздың қалың малын тең

бөліп алуға келісуімен тынады. Осылайша,

қаршадайынан басы дауға түскен ақын қыздың

бағының ашылуына осы кезде найман елін

аралап, серілік жасап жүрген атақты Біржан

салмен кездесіп, шаршы топтың алдына онымен

айтысуы үлкен себепші болады. Бұл айтыс

Сараның халық алдындағы беделін арттырып,

атағын алысқа жаяды. Елдің құрметіне бөленіп,

халықтың махаббатына ие болған ақын қыздың

тағдыр тізгіні қолдарынан сусып шығып бара

жатқанын сезген қажылар қарсы шыға алмай,

оның басына бостандық береді. Сөйтіп ақын Сара

өзінің асқан дарынының арқасында теңдікке қол

жеткізіп, он тоғыз жасында өз теңіне тұрмысқа

шығады. Теңдікке жетіп, теңіне қосылып, көзі

ашылғандай болған осындай күндердің бірінде

Верный қаласынан Әбіштің (Әбдірахманның)

сүйегін алып қайтқан жолда Қапалда Абайға көңіл

айтуға келген найман елінің игі жақсыларымен

бірге Сара да келіп, ұлы ақынмен көріседі,

аяулы баласынан айырылған ауыр қайғысына

ортақтастығын білдіреді.

Жастай жоқшылықты көп көріп, ауыр тұрмысты

бастан кешкен, теңсіздіктің зардабын шегіп,

қайғы-мұңға малынған ақын қыз 1907 жылы

ауыр науқасқа шалдығып, көз жұмады.

Сара Тастанбекқызының Біржан салмен

айтысы ғасырдан-ғасырға үзілмей жалғасып

келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы

биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл

айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң

аға алдында», «Жүрек сыры», «Жайлауда»,

«Әбіштің аруағына», «Хош бол, елім» секілді

көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар.

Жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерді тәмамдаған жас

мамандарды жұмыспен қамту бойынша түрлі шаралар ұйымдастырылуда.

Алайда нәтижесі шамалы. Қоғамда «екі қолға - бір күрек» табылмады»

дейтін жастар әлі де жетерлік. Өткен «Жастар жылында» елдегі

жас азаматтардың арасында жұмыссыздық керісінше ұлғая түскені

мәлім болды. Бұл ретте біздің өңірдегі ахуал қандай?

Ұсталыққа ұйытпақ

Қазақ халқы ертеден–ақ сөзіне берік, ісіне

нық, ойшыл әрі өнерлі болғанын білеміз.

Соның ішінде ағаштан түрлі бұйымдар жасап,

қаттысын - бөренеге, сапалысын - керегеге,

жұмсақ иілгішін садақ-жебеге пайдаланған.

Киіз үйден бастап сән-салтанат аспаптарына

дейін айта берсек, санына жетпеспіз.

Жалғасы 6 бетте

Жалғасы 6-бетте

ЖАС ШЕБЕР


6 25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл

Жас times

SARYARQA SAMALY

БИЫЛ – ЕРІКТІЛЕР ЖЫЛЫ

Ақтоғайлық

жастар - белсенді

2020 жыл –

Еріктілер жылы деп

жарияланғаннан

бері өңірдегі волонтерлер

белсенділік

танытып, түрлі шаралар

ұйымдастырып жүр.

Бұл қатарда Ақтоғай

ауданының еріктілері де

бар.

Ақтоғай ауданындағы «Мен -

волонтермін» үйірмесінің мүшелері

мен жол полициясы

қызметкерлері бірлесіп, «Назар

аударыңыз, балалар!» акциясын

өткізген. Жүргізушілерге жаяу

жүргіншілер өтетін жерде және

балалар ойнайтын алаңқайлар мен

аулалардан өткенде аса мұқият

болуды үндейтін парақшалар

таратқан. Сондай-ақ, буклеттерге

автомобильдің ішінде балаларды

тасымалдауға арналған

орындықтарды пайдалану туралы

ережелер жазылған.

- Қазақстанда еріктілер

қозғалысының дамуына ерекше

көңіл бөлініп отыр. Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

өз Жолдауында азаматтық

қоғамды нығайтуда еріктілердің

орны ерекше екенін атап өтті.

Ақтоғай балалар өнер мектебінде

2019 жылдың қыркүйек айынан

бастап, «Мен - волонтермін»

үйірмесі жұмысын бастады.

МӘСЕЛЕ

Жетекшісі - Дина Үкібаева.

Үйірменің құрамына 10-14 жас

аралығындағы 20 оқушы кіреді.

Еріктілер «Кітапты жөнде» акциясы

аясында аудандық кітапханаға

барып, бүлінген кітаптарды

жөндеуге атсалысты. Сондай-ақ

жуырда Ақтоғай ауданының

психологиялық-педагогикалық

түзету кабинетінде ерекше

білімді қажет ететін балаларға

«Бауырсақ» ертегісін сахналап,

бүлдіршіндерге қуаныш сыйлады,

- дейді Ақтоғай балалар өнер

мектебі балаларды дамыту және

балалардың жаппай қозғалысы

бөлімінің меңгерушісі Гүлайым

Сәкенова.

Еріктілер алдағы уақытта

балабақшалар мен «Ардагер»

клубында концерттік бағдарлама

беріп, «Жақсылық апталығы»,

«СӨС таңдаймын», «Таза саябақ»

тақырыбында акциялар өткізуді

жоспарлап отыр.

Қ.МҮСӘЙІП.

Ұсталыққа ұйытпақ

Басы 5-бетте

Д ә у л е т б е к Қ у а н а р қ а з і р

20 жаста. Ағаштан бұйым жасауға

деген қызығушылығы 7–сыныпта

басталған. «Бұлақ көрсең, көзін аш»

деген қағиданы ұстанған алғашқы

ұстазы Өзгеріс Қузайыр шәкіртін

ертіп, талай қолөнер шеберлері

байқауына қатыстырыпты.

- Алғаш келгеннен-ақ ынтаықыласымен

бірден көзіме түсті.

Мен оны көптеген сайыстарға

апардым. Қоржынымыз бос қайтқан

емес. Сондай байқаудың бірі -

2017 жылы Алматы қаласында

өткен қолөнер шеберлерінің

сайысы. Осы додадан біз бас

жүлдемен оралдық. Кейіннен

өзімнің өнердегі ұстазым Мелжан

Садықовқа жолықтырып, бағытбағдар

алдық, - дейді Өзгеріс

Қузайыр.

Бозбала бүгінде ата кәсібін

дамытуды мықтап қолға алған.

Жаны қалаған саланың қыр-сырын

толықтай меңгеру үшін білімін

шыңдау үстінде.

- Алғашында қолөнер

бұйымдарын жасауда үлкен

қызығушылық болды. Оның қандай

өлшем бірліктермен есептеліп

жасалатыны таңқалдыратын.

Ең бірінші жасаған жұмысым –

еттабақ. Оны анама сыйлағанымда

айрықша қуанды. Бұдан кейін

балалардың ойыншығын, астабақ,

ожау, қасық пен түрлі құрал–

саймандар жасай бастадым. Қазір

жұмысымды күрделендіріп, жиналмалы

қобдиша жасауды қолға

алдым, - дейді жас шебер.

Жас өркеннің арманы кәсіпке

айналып, қазіргі таңда Павлодар

мемлекеттік педагогикалық

университетінде «Кәсіптік оқыту»

мамандығы бойынша білім алуда.

Болашақта осы салада еңбек

етіп, ұсталыққа қызығушылығы

бар өскелең ұрпақты игі іске

баулуды көздеп отыр. Бұдан өзге,

Дәулетбек тың дүниелерді жасап

шығаруды ойлап жүргенін айтады.

Болашағынан үлкен үміт күттіретін

жалынды жас әр адамның өз

қызығушылығы, өнері болатынын

және сол өнерін жақсылыққа

қолданып, әрі қарай дамытса,

жемісін көретінін тілге тиек етті.

Жансері СЪЕЗБЕК,

ИнЕУ студенті.

Жұмыс қайдан табылады?

Басы 5-бетте

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

Елімізде жастар арасындағы

жұмыссыздық мәселесін шешуге

бағытталған түрлі мемлекеттік

бағдарламалар бар. Олар –

«Дипломмен – ауылға!», «Жастар

тәжірибесі» бағдарламалары,

сонымен қатар, жеке кәсібін ашып,

бизнеске бет бұрғандарға қолдау

көрсететін «Жас кәсіпкер» жобасын

атауға болады. Дей тұрғанмен,

аталмыш бағдарламалар мен

жобаларға жете алмай жүргендер

де аз емес. Солардың бірі – өткен

жылы Екібастұз қаласынан облыс

орталығына қоныс аударған жас

отбасы Қайрат және Аймарал

Мұқашевтар. 29 жастағы шаңырақ

иесі 2 жоғары оқу орнын бітірген.

Бірақ, жұмыссыздар қатарында.

- Менің қолымда тарих пәнінің

мұғалімі және заңгер мамандығы

бойынша алған екі дипломым

бар. Бірақ, олар менің қажетіме

жарап жатқан жоқ. Бұған дейін

бізге «Дипломмен – ауылға!»

бағдарламасы бойынша ауылға

барып, еңбек етуге ұсыныс болды.

Ондағы жас мамандарға жасалатын

жағдайлар көңілімізден

шыққанымен, бізге еңбек жолын

баста деген елді мекеннің ахуалы

ұнамады. Себебі, ол жақта интернет

желісі мүлдем жоқ, ұялы телефонмен

сөйлесу үшін алдымен

байланыс ұстайтын жерді тауып

Өткен жылы 9498 адам жұмысқа орналасу бойынша

өтініш білдірген болса, соның 8551-і жұмыспен

қамтылды. Олардың 6632-сі тұрақты жұмысқа

орналасты. 1000-ға жуығы - 18-29 жастағы өңір

тұрғындары. Бұдан бөлек, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы

бойынша 1208 жас 505 мың теңгенің грантына ие

болды. Қазіргі таңда облыста 1137 жас жұмыссыздар

қатарында тіркеуде.

алуымыз керек екен. Сол жерден

бірден бас тартып, қалаға келдік.

Қазір белгілі бір сауда орнында

күзетші болып қызмет етемін, -

дейді Қайрат.

Ал оның жары Аймарал қазақ

тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

дипломын алып шыққан. Ол да

мамандығы бойынша қызмет

етпейді. Қазір 2 баласымен

декреттік демалыста отыр.

- Мектеп қабырғасында жүргенде

қазақ тілі мен әдебиетін ерекше

сүйіп оқыдым. Осы пәндерге деген

құштарлығым мамандық таңдауда

өз септігін тигізді. Университет

қабырғасында жүргенде студенттер

арасында өтетін түрлі байқауларға

қатысып, үздіктер қатарынан көрініп арасындағы жұмыссыздық

жүрдім. Қолыма диплом алған

күні «енді мен қазақ тілі мен

әдебиетінің мұғалімімін» деп ерекше

қуанғаным есімде. Өкінішке қарай,

қуанышымыз көпке созылмады.

Содан кейін Қарағанды қаласына

барып, 1 ай визажист оқуын оқып

келдім. Қазір қыздарды мерекелік

кештерге, жас келіндерді той–

томалаққа сәндеп, бояндырамын,

- дейді Аймарал.

Дипломдарын сандық түбіне

сақтап қойса да нәпақасын

басқа саладан тауып жүрген

ерлі-зайыптылардың болашақта

жеке кәсібін ашу ойында бар.

Ол үшін «Жас кәсіпкер» жобасы

негізінде білім алуды, мемлекеттік

мәселесін шешу бойынша түрлі

шаралар ұйымдастырып келеміз.

Мәселен, өткен жылы 9498 адам

жұмысқа орналасу бойынша өтініш

білдірген болса, соның 8551-і

жұмыспен қамтылды. Олардың

6632-сі тұрақты жұмысқа орналасты.

1000-ға жуығы - 18-29

жастағы өңір тұрғындары. Бұдан

бөлек, «Жас кәсіпкер» бағдарламасы

бойынша 1208 жас 505 мың теңгенің

грантына ие болды. Қазіргі таңда

облыста 1137 жас жұмыссыздар

қатарында тіркеуде, - дейді Хелуа

Қашкенова.

Ал Жастарға қызмет көрсету

орталығының жетекшісі Бауыржан

Жансейітов жастардың жұмыспен

гранттарға ие болуды арман етеді. қамтылуына көмек көрсету

Павлодар қалалық жұмыспен

қамту орталығының мәліметіне

сүйенсек, кысқа мерзімді кәсіби

оқытуға 29 мамандық бойынша

360 жұмыссыз азамат бағытталған.

Ал «Жас кәсіпкер» бағдарламасы

арқылы 135 жас білім алған.

мақсатында түрлі тренингтер,

шеберлік сағаттары, мобильдік

кеңестер өткізілетінін айтады.

Өткен жылы осындай 3850 кеңес

берілген болса, соның нәтижесінде,

2019 жылы 2652 павлодарлық

жас жұмыспен қамтылған.

Олардың арасынан бизнес Қалай дегенмен, өңірде

жобасын қорғағандар 200 АЕК

мөлшеріндегі 505 мың теңгелік

жұмыссыздық мәселесі әлі де бар.

Бұл мәселе түбімен жойылмаса

г р а н т қ а и е б о л а д ы . Б ұ д а н б ө л е к , да, жастардың жайлы өмір сүруі

6 пайызбен 5 жылға 16 миллион үшін мемлекет барлық жағдайды

теңгеге дейін несие алуға жасауда. Тек берілген мүмкіндікті

мүмкіндіктері бар.

босқа жіберіп алмасақ игі.

Облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасы

басшысының орынбасары Хелуа

Қашкенованың айтуынша, 2017-

2018 жылдармен салыстырғанда

қазір өңірдегі жастар арасында

жұмыссыздар саны азайған.

- Аймақ бойынша, жастар


SARYARQA SAMALY

Жас times

25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл

7

Абай Уахит - Ертіс-Баян өңіріндегі белсенді жастардың бірі. Қоғамдық

істерге барынша үлес қосып, еріктілер ісінде жиі көзге түсіп жүрген

азаматтың алдына қойған мақсаттары айқын. Оның облыстық «Жасыл

ел» жастар штабындағы еңбегінің өзі - бір төбе.

Ерікті болу –

жан қалауым

- Абай, әңгімеміздің әлқиссасын

«Еріктілер жылынан» бастасақ. Жалпы,

биылғы жылдан не күтесің?

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың Жарлығымен жарияланған биылғы

«Еріктілер жылы» игі бастамаларды іске

асыратын, талайдың есінде көпке дейін

сақталатын әрі ел жастары өздерін жақсы

қырынан таныта алатын жемісті жыл болады

деп ойлаймын. Жалпы, «ерікті» ұғымы -

біздің елімізде енді ғана кең етек жайып,

дамып келе жатқан бағыт. Біз осы уақыт

ішінде бұқараға өзара көмек, қайырымдылық,

ұйымшылдық, қоршаған ортаға қамқорлық,

өзге адамдардың жұмысын құрметтеу тәрізді

жақсы қасиеттерді көрсете білуіміз керек.

Сонда ғана еріктілердің кім екенін ел

жақсы танитын болады. Негізі, еріктілік

ұғымы әлемнің кез келген елінде бар. Бұл

үрдіс ежелгі қазақ қоғамында да болған.

Оны Асар деп атады.

Асар - бұл қазақ халқының жақсы

дәстүрлерінің бірі. Яғни, тұтас ауыл болып

жиналып, бір жан үшін немесе бір отбасының

бастаған ісін аяқтауына көмек қолын созуы,

адам басына түскен қиындық пен қайғымұңды

бірге бөлісуі - құшағына 130-дан

астам ұлттың өкілдерін сыйғызған дарқан

көңілді қазаққа тән асыл қасиеттің бірі.

Көрдіңіз бе, заман талабына сай «Асар» сөзі

«Ерікті», «Волонтер» болып өзгергенімен,

оның ата-бабамыздан бері жалғасып келе

жатқан құндылық екенін көреміз.

Өз басым «Еріктілер жылының» бір жолғы

акциялардың, ұрандардың көлеңкесінде

қалып қоймай, нақты іс жүзінде, жүйелі

жұмыс түрінде өткенін қалаймын. Себебі,

популистік ұрандар көбіне адамдарды өзіне

тартып, бір іске итермелегенімен, оның

беретін нәтижесі аз болады. Ал нақты

іс-әрекеттер арқылы жүзеге асқан шара

мақсатына жете отырып, өзге адамдарды

ерікті болуға тартады.

Бұдан бөлек, бұл жыл адамдарға

еріктілерді тегін жұмыс күші ретінде танытуды

мақсат етпеуі керек. Әр адамның

жан-дүниесін ұғынып, кез келген жағдайда

жұмылған жұдырықтай бола білсек, біз

алмайтын қамал жоқ. Биыл адамдардың

барлығы бір-біріне көмектесіп, мейрімділік

таныта алса, нұр үстіне нұр болар еді.

- Ерікті болу үшін адамға қандай

қасиет қажет?

- Ең әуелі адам өзін осы салаға дайындауы

керек. Өн бойынан жақсы қасиеттерін

оятып, жақсылық жасауға құштар болуы қажет.

Осыдан кейін өзіңізге «Мен нені қалаймын?»,

«Кімге және қалай көмектесуге дайынмын?»,

«Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерге не

үйретемін?», «Қаладағы саябақтар мен

БІЗДІҢ АНЫҚТАМА

Туған жылы: 1995 жыл, 17 қараша.

Туған жері: Баянауыл ауданы.

Мамандығы: Дене тәрбиесі және

спорт мұғалімі. Қазір «Педагогика

және психология» мамандығы бойынша

магистр.

Сүйікті ақыны: Аспанбек Шұғатаев.

Соңғы оқыған кітабы: Дэниел Киздің

«Цветы для Элджернона» кітабы.

Жетістігі: «ТМД-ның ең үздік

студенті-2019», «Жеңіл атлетикадан»

марафондар.

алаңдардың тазалығына қамқорлық жасай

аламын ба?» деген сұрақтарды қойып

көріңіз. Егер осы сауалдарға жауап қайтара

алмасаңыз, онда ерікті болудың қажеті

шамалы. Себебі, еріктілік мейірімділікті,

жылы сөзді, жұмсақ жүректі, ерекше

қамқорлық пен қайырымдылықты талап

етеді. Екінің бірі волонтер бола алмайды.

Ал егер өзіңіздің ерікті болуға дайын

екеніңізді сезсеңіз, сіздің жеке сұранысыңызға

сай ұйымды таңдау керек. Біздің облысымызда

еріктілер ұйымы өте көп. Жүрегіңізге

жақын, сіз атқара алатын істерде жиі

төбе көрсететін орталыққа мүше болыңыз,

тіпті, айналаңызға ерікті болуға ниетті

достарыңызды жинап, өзіңіз де осындай

ұйым құра аласыз. Біз үшін еріктілер

...ТМД-дағы оқу орындары арасында «Үздік студент-2019»

байқауы бойынша «Талантты жастардың халықаралық

энциклопедиясы» жобасының 1-дәрежелі дипломымен және

«ТМД-ның ең үздік студенті-2019» төсбелгісімен марапатталдым.

Бұл мен үшін күтпеген жаңалық болды. Осыдан

кейін, шын ниетпен қаласаңыз, барлығына үлгеруге

,,

және

кез келген жетістікке жетуге болатынын түсіндім...

орталығының неғұрлым көп болғаны жақсы.

Себебі, қазақ «Жұмыла көтерген жүк

жеңіл» деп тегін айтпаған.

- Негізі, еріктілерге атқарған жұмысы

үшін ақы төленбейді. Яғни, барлық істі

тегін жасайсыңдар. Мұндай жұмыс сені

несімен қызықтырды?

- Өз басым кез келген істі бастамас

бұрын «Менің қолымнан келе ме?» деген

сауалға жауап іздеймін. Еріктілік жолға

осыдан 4 жыл бұрын саналы түрде келдім.

Бұл - менің жан қалауым. Яғни, 2017 жылы

28 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Алматы

қаласында өткен XXVIII қысқы Дүниежүзілік

универсиадаға еріктілерді іріктеп жатқан кез

болатын. Мәди есімді досымның шақыруымен

сонда барып, таңдаулы еріктілер қатарында

еңбек еттім. Осыдан кейін, жалғызбасты

зейнеткерлер мен соғыс ардагерлерінің

үйінде болып, қыста қар күреп, көктемде

ауласын қар суынан тазартып, үйін әктеп,

жазда бау-бақшасына көмектесіп, күзде

қысқа дайындығына жәрдемдесіп келеміз.

Әрине, бұл істердің барлығын мен жалғыз

жасамаймын.

Сенесіз бе, осы жұмыстарды жасау

арқылы жаным рахат тауып, жүрегімде

тыныштық орнайды. Қарт адамдардың

әңгімесін тыңдау, олардың балаша қуануын

көру – үлкен бақыт. Ал олардың өмір

туралы айтқандарын өзіміздің көкейімізге

түйіп алуға тырысамыз.

Еріктілік ол тек мұқтаж адамдарға

көмек беру емес, одан басқа халықаралық,

облыстық, қалалық, үлкен-кішілі іс-шараларға

қатысудан да тұрады. Осы 4 жылдың

ішінде еліміз үшін маңызды бірқатар шараларда

волонтер болдым. Олар – Нұр-Сұлтан

қаласында өткен ЭКСПО-2017 халықаралық

көрмесі мен 2017 жылы қазан айында

Сочиде болған Бүкіләлемдік Жастар мен

Студенттер фестивалі. Мұнда Қазақстан

атынан делегат болып бардым. Содан

кейін Мәскеу қаласында ұйымдастырылған

әлемнің ең үздік еріктілері жиналған

Еріктілер форумына қатысып, шет елдегі

әріптестермен тәжірибе алмастық. Бұл

істер менің еріктілік жолды ары қарай

жалғастыруыма түрткі болды. Естеріңізде

болса, кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевта

небары 20 жасында Хельсинкиде

өткен осындай іс-шараға қатысып, саясатқа

келген болатын.

- Бәрекелді! Ендеше өңірімізде

волонтер болуға ниетті, бірақ жолын

таппай жүрген жастарға қандай кеңес

айтар едің?

- Сөз басында атап өткендей, біздің

Ертіс-Баян өңірінде еріктілер ұйымы өте

көп. Олардың атқарып жатқан істері туралы

әлеуметтік желілерде ақпараттар жетерлік.

Бәрін көріп, саралап, өзінің жан қалауына

жақын жұмыс істеп жүрген жастарға

барып қосылуына болады. Бұдан бөлек,

облыс орталығындағы, аудандардағы жастар

бастамаларын дамыту орталығына келіп

немесе студент болса әрбір оқу орнында

жастармен жұмыс жасайтын бөлімдерден

толық ақпарат алуға болады. Ең бастысы –

ниет. Әрі қарай өзі-ақ пікірлестерін тауып

алады деп ойлаймын.

- Абай, өткен жыл сен үшін табысты

болды. Кеңірек өзің жайлы айтып өтсең...

- Расымен де «Жастар жылы» мен

үшін, менің командам үшін үлкен жеңіске

толы болды. Соның ішінде айтулысы -

ТМД-дағы оқу орындары арасында «Үздік

студент-2019» байқауы бойынша «Талантты

жастардың халықаралық энциклопедиясы»

жобасының 1-дәрежелі дипломымен

және «ТМД-ның ең үздік студенті-2019»

төсбелгісімен марапатталдым. Бұл мен

үшін күтпеген жаңалық болды. Осыдан

кейін, шын ниетпен қаласаңыз, барлығына

үлгеруге және кез келген жетістікке

жетуге болатынын түсіндім. Бұл менің

биік белестерді бағындырудағы алғашқы

баспалдақтарымның бірі деп білемін. Қазір

магистратура, еріктілік, спорт, жұмыс -

барлығын қатар атқарудамын.

- Расымен де соңғы уақытта сені түрлі

спорттық шаралардан жиі көреміз...

- Негізі, бала күнімнен спортқа жаным

жақын. Мектеп қабырғасында жүргенде

күреспен айналысып келдім. Жоғары оқу

орнына түскеннен кейін де бұл дағдымнан

танбадым. Өкінішке қарай, дайындық барысында

абайсызда қолымды сындырып

алдым. Кейіннен дәрігерлер енді күресуге

болмайтынын айтты. Мамандардың кеңесін

тыңдап, күрестен біржола қол үзуге тура

келді. Дейтұрғанмен, салауатты өмір салтын

ұстанам деген адамға спорт түрлері толып

жатыр. Содан бері жеңіл атлетикамен

шұғылданып жүрмін. Қыс-жаз демей, таң

атпай Ертіс жағалауында жүгіруді әдетке

айналдырдым. Былтыр Ресейдің Омбы

қаласында өткен марафонға қатысып,

42 километр қашықтықты бағындырдым.

Сонымен қатар, еліміздегі екі алып шаһар -

Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында

өткен жарыстарда бақ сынап келдім.

Тіпті, Түркияның Ыстамбұл қаласында

ұйымдастырылған марафонға қатыстым.

Осындай үлкен додалар арқылы өзіме

тыңнан мақсаттар қоя білдім. Алдағы уақытта

да осы бағытымнан таймайтыным анық.

- Өзің жетекшілік етіп отырған

«Жасыл ел» жастар қанатының жұмысына

аз-кем тоқталып өтсең...

- Былтыр «Жасыл ел» жасағының

жауынгерлері 5000 түп ағаш пен гүлзар

отырғызған болатын. Негізі еңбек отрядтары

тек көшеттерді отырғызумен ғана

емес, сонымен қатар ағаштарды түгендеу

және циклахенамен күрес жұмыстарын да

жүргізді. 2019 жылы отрядтарда 2 мың

адам жұмыс жасады. Облыс орталығында

көгалдандырумен және абаттандырумен

колледждердің 177 оқушысынан тұратын

10 желілік отряд айналысты. 2013-2015 жылдары

штаб шіріп кеткен ағаштарды кесіп,

оның орнына жаңаларын отырғызды. Мұқтаж

отбасыларға ағаш жеткізді. Осындай тынымсыз

еңбектің нәтижесінде 2018 жылғы

биіктігімізді сақтап, 2019 жылы да облыстық

«Жасыл ел» еңбек отряды «Еліміздегі ең

үздік штаб» деп танылды.

Осы жылы біз «Еріктілер» жасақтарына

көп көңіл бөлуді жоспарлап отырмыз. Әр

жасаққа облысымыздың белгілі тұлғаларының

есімдерін бермекпіз. Бұл жастардың

Қазақ елінің өркендеп дамуына үлес қосқан

батырларымыз бен ақындарымызды тануына

зор мүмкіндік береді. Бұдан бөлек,

көмекке мұқтаж жандарға да қол ұшын

беріп, тығырықтан шығуларына бар күшімізді

саламыз. Сонымен қатар, ағымдағы жылы

көршілес Омбы қаласындағы әріптестерімізбен

бірлесіп, іс-шаралар өткіземіз деген

жоспарымыз бар. Қазіргі уақытта жұмыс

аз. Тек қоңырау шалып, көмек сұраған

жандардың үйіне барып, ауласын қардан

тазалап береміз. Штаб болса керек

құжаттарды, алдағы маусымға тың жоспарларды

дайындауда. Биыл да «Үздік штаб»

атағын өзімізде алып қалуды ойлаймыз.

- Әңгімеңе рақмет!

Сұхбаттасқан –

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ.


8 Жас times

25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Ұлыдан - ұлағат

Абай Құнанбайұлының өлең жолдары мен қара сөздері

афоризмге айналып кеткелі қашан. Алып ақынның ұлылығы

да осында жатса керек. Хәкім Абайдың 175 жылдық мерейтойына

орай, ақынның адамдық, жастық, еңбек туралы

айтқан ұлағатты сөздерін назарларыңызға ұсынамыз.

◊ Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.

◊ Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:

Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек.

◊ Адамзатқа не керек:

Сүймек, сезбек, кейімек.

Харекет қылмақ, жүгірмек,

Ақылмен ойлап сөйлемек.

◊ Атымды адам қойған соң,

Қайтып надан болайын.

◊ Бес нәрсеге асық бол...

Талап еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой -

Бес асыл іс, көнсеңіз.

◊ Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез

деген нәрселермен озады.

◊ Жас уақытта көңіл - гүл.

◊ Жастықтың аты арындап,

Тас қияға өрледің.

◊ Жастықта көкірек зор, уайым жоқ.

◊ Жастықта бір күлгенің - мың қаралық.

◊ Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат.

◊ Егер ісім өнсін десең - ретін тап.

(Жалғасы бар...)

ТЕМІРҚАЗЫҚ

«Жас times»-тың

жауапты

шығарушысы -

Қарлығаш

ХАШЫМҚЫЗЫ

Тел: 8(7182)-66-15-32

Тәрбие

Қазақтың ұлттық

тәрбиесіне жететін

құндылық жоқ қой.

Ұлын бөтен үйден

тойдырмайтын,

қызын бөтен үйге

қондырмайтын атабабамыз

қандай көреген

болған.

Айбек ОРАЛХАН, ақын:

Абайдың соңғы

арзуы

Мағауия дүние салғанда Абай бейітке

баратын жолдың бойындағы тастарды қайтақайта

еңкейіп, тазалай берген екен.

- Мырза, мұныңыз не? – дегендерге:

- Мағашымның етіне ауыр тиеді, - деп

елжірепті.

Қара тас ете алмайды қапалық ой,

Түскен жеріне ауыр жатады ғой.

Термесем кесектерді кесел болып,

Мағашымның етіне батады ғой.

Қыр басынан құлаған қаралы көш,

Абайдың да ең соңғы сапары ғой.

Қара тас тәніңе ауыр тиер ме екен,

Құдайдың бізге бауыры иер ме екен?!

Таянып ақ таяққа қарт Шыңғыс тұр,

Шашын жұлып жылайды иен мекен.

Бір кезде қамшы үйірген мына тобыр,

Менің де басыма тас үйер ме екен?!

БІЗДІҢ КЕҢЕС

Жүрек зарлап жатса да, көзім құрғақ,

Тас тұнжыр тағдырыма төзім қылмақ.

Қайырсыз қаза менің құрбантаста,

Қасаптап жатқандай-ақ қозымды ұрлап.

Бір тамырдан тараған тәуірлерім,

Тым қысқа болғанын-ай дәуірлерің!

Қырық жыл жүрегіме жүк сап өткен,

Қайғымды көтерер ме қауым менің?!

Бір анадан туысқан арландарым,

Көшірдім қазған орға қолдан бәрін.

Көшбикеде басымнан бақыт ұшып,

Ақшоқыда жер құшты армандарым.

Жапырағы қуарып ескі үміттің,

Көшбикеде көнеріп, ескіріппін.

Зарлы атандым ағайын-зәузатыма

Зардабын тарта-тарта Естіліктің.

Айқайшының ақылға айтағы өтпей,

Бір құданың әмірін қайтем етпей.

Бақсының моласындай жалғыз едім,

Жай түсіп, жайрап қалдым бәйтеректей.

Әзірейіл жолығып, күліп алдан,

Пайғамбардың да жалғыз ұлын алған.

Бұрын алған ұлымды, бүгін алған,

Бес күнімнің бес бақыр құны қалған.

Әкелік махаббаттың мұң-зарынан,

Күйремей қалай тұрсың, ұлы жалған?!

Қара тас тәніңе ауыр тиер ме екен,

Мағашым, маңдайыңнан сүйер ме екем?!

Таянып ақ таяққа қарт Шыңғыс тұр,

Шашын жұлып жылайды иен мекен.

Бір кезде қамшы үйірген мына тобыр,

Менің де басыма тас үйер ме екен?!

Жүгіруді жеңілдететін әдістер

Жүгіру – күрделі фитнес түрі.

Жүгіру процесінің өзі емес,

оны бастап кету қиын. Бірақ

жалқаулықты жеңген сайын

бұл процесс оңай әрі жағымды

бола түседі. Бұл бүгін жүгіру

жеңіл болса, ертең де солай

болады деген сөз емес. Жүгіру

процесін тиімді әрі жағымды

ететін бірнеше әдіс бар.

1. Кофе ішіңіз. Жаттықтырушылардың көбі

кофеинді жаттығу алдында ішуді ұсынады.

Зерттеулер оның біраз энергия мөлшерін

сыртқа шығаруға және шыдамдылықты

арттыруға көмектесетінін көрсеткен.

2. Жүгіруге күштік жаттығулар

қосыңыз. Бұл - жүгіруді бастап кете

алмайтын, бастап кетсе де, аяқтамайтын

адамдарға арналған керемет шешім. Мысалы,

5 минут жүгіргеннен соң 20 рет отырыптұрыңыз

немесе кеудені жерден көтеріңіз.

3. Бұзылған жолмен жүгіріңіз. Жүгіру,

әдетте, адамды өзінің бірсарындылығымен

жалықтырып жібереді. Фитнес-зал, спорттық

алаң немесе жақын жердегі саябақта жүгірсеңіз,

күнде қайталанатын әрекет болған соң

жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан

кей спортшылар таныс емес жерлермен

немесе бұзылған жолмен жүгіруді жөн көреді.

4. Сағат пен смарт құрылғыларға

қарай бермеңіз. Жүгіру кезінде сағатқа

қарау және смарт құрылғы арқылы

қашықтықты, қарқынды салыстыру әдетке

айналып кетеді. Жаттықтырушылар жүгіруден

рақат алу үшін смарт құрылғыларға қарай

бермей, аса бақылаудан бас тартып, тыныс

алу мен дене қозғалысына мән беруді

ұсынады.

5. Жүгіру алдында міндетті түрде

шынығыңыз. Көпшілік жүгіру алдында

денені қыздыруды қажет емес деп ойлайды.

Алайда жүгіру жеңілірек болу үшін дене

жақсылап тұрып қызу керек. Фитнес мамандары

5-10 минут бойы белсенді жаттығулар

кешенін жасау керектігін айтады.

6. Дұрыс тыныс алыңыз. Тыныс алу

жайлы ойлап, оған нақты ырғақ беруге

тырысқаныңыздың өзі жүгіруді оңай әрі

пайдалы етеді. Жаттықтырушылар жүгіру

кезіндегі тыныс алудың бірнеше түрлерін

(3-2, 2-1, 2-2) ұсынады. Олар оның бәрін

байқап көріп, өзіңізге ыңғайлысын таңдауға

кеңес береді.

Дана қазақ «Тәрбие тал бесіктен

басталады» дейді. Ұлықты ұл мен қылықты

қыз тәрбиелеп, ел алдында еңсесін тік

ұстайтын ата-бабамыздың ерлігі мен өрлігі

бүгін жойылып бара жатқандай көрінеді.

Оған себепте жоқ емес. Баласының өн

бойына тал бесігін таянып отырып тәрбие

нәрін сіңіретін абзал аналар азайып

кетті. Олай деуіме себеп көп. Бірнешеуін

мысалмен келтіріп көрейін. Жуырда бір

ағамыздың қуанышын бөлісіп, тойына

бардық. Қонақтардың дені үлкен адамдар

болды. Тіпті, ақ жаулықты аналар мен ақ

самайлы аталарды көргенде асабаның

да тосылып қалғаны бар. «Қариялар ғой,

ақылға қонымды сөз айтпасам болмас»

деп қобалжып отырды. Кеш қазақы

салт-дәстүрлерді сақтай отырып, ақ

батамен әдемі-ақ басталды. Бірақ, жасы

60-қа аяқ басқан апалардың қолына рюмка

ұстап, стол жағалай жүріп, ащы судан

сіміргенін көргенде алғашқы қуанышымыз

су кепкендей басылды. Ақыр - соңында,

масайрап қалған кемпірін сүйретіп кетіп

бара жатқан аталарды көргенде ұялдық.

Бұл қазақ аналарына тән қасиет пен

өнеге емес еді...

Бұдан кейін алдыңғы толқын ағалардың

қазіргі жас буынның тәрбиесіне налып,

ренжуі бекер ме дейсіз? Бағыт-бағдар

беріп, ақыл айтар, бір әулеттің ғана

емес бір ұлттың анасы атанатын «ақ

жаулықтылардың» сенделіп жүруін көру

ұлтымыздың басына төнген нәубет емей

немене?!

Белгілі айтыскер ақын Еркебұлан

Қайназар:

...Қыз бағынбай шешеге,

Заманға мынау кез болдық.

Көсеге бір тал қыл бітсе,

Көсемсіп шығар көшеге...- деп

бүгінгі қазақ қоғамының қасіретін жырына

арқау еткені бар еді. Расымен де «жынды

судан» сораптап ішіп, үйіне мас күйінде

келетін анадан тәрбие алған ұрпақтың

ертеңі не болмақ?

Бүгінгі қоғамда жастар тұрмақ жалпы

адамзат баласының қайда кетіп бара

жатқанын дөп басып айту мүмкін болмай

отыр. Еліктегіш халқымыз жан-жаққа

көз салып жарасып тұрмаса да, өзіне

сән етіп, алып отырған тұстар жетерлік.

Қазақ «Қыз - ұлттың ұяты, халықтың

шырайы» деп оң босағада отырған

қызының болашағына үлкен сеніммен

қарап, қылығы мен әдебіне аса мән

берген ел.

Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге

қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана,

ол шешеге қарап бой түзейді. Хакім

Абай «Орта түзер ойыңды, ойың түзер –

бойыңды» – деп бекер айтпаса керек-ті.

Өміріміздің ертеңін жалғастыратын

ұрпағымыз ұлтын сүйіп, өзімізге ғана

тән ғұрыппен өсіп-өнсін десек, ортамызды

жөнге келтірейік. Аналарымыз

басына салған ақ жаулығын бәрінен биік

қойса, жас ұрпақ жамандыққа қадам

баспайтыны - ақиқат.

Ендеше, бесігімізге қарап, ойланатын

кез келді!


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ

25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл 9

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Ауызсу мен жол

жайы

Қала әкімі Ержан Иманзайыпов бір

күнде бірден екі ауылдық округте

есеп берді. Нақтысы, Теміржол

және Байет ауылдық округтерінде

тұрғындармен кездесті.

Аталмыш округтердің әкімдері Докторхан

Амантай мен Ерлан Қасеналин өткен жылға

қорытынды жасап, биылғы жоспарларын ортаға

салды.

Теміржол ауылдық округіне қарасты Құлакөл

елді мекенінің тұрғындары су құбырының

құрылысын сөз етті. Бұл жоба биыл аяқталып,

қолданысқа берілетіні айтылды. Ал ауылдың

үшінші бөлімшесінде, бұған дейін уәде етілгендей,

кешенді блок модуль орнатылмақ.

Құлакөл мен Құдайкөл ауылдарының кіреберіс

жолдарын жөндеу мәселесі айтылды. Ол үшін

алдымен жобалық-сметалық құжаттары әзірленбек.

Қала әкімі Е.Иманзайыпов ауылдықтардың ұсыныстілектерін

назарға алды.

Сондай-ақ, кездесулерде полиция басқармасы

бастығының орынбасары Елнұр Букаев ауылдықтарға

малды қараусыз жібермеу жайын түсіндірді.

Яғни, төрт түлігі бақылаусыз жүрсе, 3-тен 10

айлық есептік көрсеткіш көлемінде әкімшілік

жаза қарастырылатынын атап өтті.

Өз тілшіміз.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Бастысы - баспана

Баянауыл ауданының әкімі Қанат

Кәрімовтің аудан тұрғындары алдында

есеп беру кездесулері Майқайың кентінде

басталды. Кент тұрғындары өткен жылы

ауданда атқарылған жұмыстар мен

осы жылға жоспарлармен танысты.

Алдымен кент әкімі Ербатыр Молдатаев өткен жылдың

жетістіктеріне тоқталды. Биыл да жоспарланған жұмыс

баршылық. Мәселен, кентішілік жолдар жөнделіп, жаяу

жүргіншілер жолағы төселеді. Көшелерді жарықтандыру

жалғасады. Бөбектер бақшасы мен «Кенші» мәденисауықтыру

орталығына күрделі жөндеу жүргізіледі.

Саябақ аумағы абаттандырылып, кент кіреберісіне

арка және стелла орнату жоспарланған. Шағын футбол

алаңын салу, хоккей кортына күрделі жөндеу жүргізу

көзделген. Ал аудан әкімі Қ.Кәрімов «Халық үніне

құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру

мақсатындағы 5 міндетті атап өтті.

Кент тұрғындарынан келіп түскен өтініштерге жасалған

сараптама барысында жұмыссыздық пен баспаналы

болу Майқайың кентіндегі ең басты мәселе екені

анықталған. Аудан әкімі бұл мәселелерді шешу жолдарына

тоқталды. Қ.Кәрімов кентте 33 адам жұмыссыз

ретінде тіркелгенімен, іргесіндегі «Майқайыңалтын»,

«Сарыкөл» кәсіпорындарында 86 тұрақты жұмыс

орны тұрғанын тілге тиек етті. Яғни, жұмыс бар,

маман жоқ. Сондықтан, аудандық жұмыспен қамту

орталығы және кәсіпкерлер палатасы арқылы жаңа

кәсіп меңгеріп, еңбекке араласуға болатынын атап

өтті. Ал баспанамен қамтуға қатысты мәселе бойынша

кентте 16 пәтерлі үйге күрделі жөндеу жүргізілетінін мәлім етті.

Мұндағы 4 пәтер әкімдіктің коммуналдық меншігінде көрінеді.

Қалған 12 пәтерді иелері мемлекетке өткізуі тиіс. Әкімдікке

өткеннен кейін жөнделіп, мұқтаж жандарға үлестірілмек. Елді

мекен сыртындағы 20 гектар жерге су құбыры, электр желісі

тартылмақ. Сол аумақтан кез келген кент тұрғыны өтініш жазып,

жер алып, үй сала алады. Үй саламын дегендерге әкімдік екі

жылға қолдау танытпақ ниетте.

Е.ҚАБДІЛӘШІМ.

МАЙ АУДАНЫ

«Сыбағадан» -

көш

басында!

Май ауданының әкімі Марат

Ақтаев есеп беру кездесуін

Ақжар ауылынан бастады.

Аудан басшысы асыл тұқымды мал

шаруашылығын дамыту жұмыстары жүйелі

жүргізіліп жатқанын атап өтті. Май ауданы

«Сыбаға» бағдарламасының орындалу

көрсеткіші бойынша облыста көш бастап

тұрғанын мақтанышпен жеткізді. Алға

қойған мақсаттар көп. «2021 жылға

дейін аудан халқы таза ауыз сумен

қамтамасыз етіліп, автожолдарға күрделі

жөндеу жүргізіледі», деді М.Ақтаев.

Майтүбек ауылында өткен кездесуде

тұрғындар қаңғыбас иттердің дер

кезінде көзін жою керектігін, қақпақсыз

ашық қалған құдықтардың мәселесін

назарға алынуын сұрады.

Тұрғындар алдында әкіммен қатар,

аудандық полиция бөлімінің басшылығы да

есеп беретіні белгілі. Тәртіп сақшыларының

баяндамасына зер салсақ, ауданда

қарақшылық, бопсалау, тонау секілді

қылмыстық істердің өткен жылмен

салыстырғанда әжептәуір төмендегені

байқалады.

АҚҚУЛЫ АУДАНЫ

Әбу ЖАРҚЫНҰЛЫ.

Тұрғындар

тілегі

Ауылды не алаңдатады?

Аққулы ауданының әкімі Абзал Балғабаевтың халыққа есеп

беру кездесулері басталды. Аудан басшысы 21 қаңтардан бері

Баймолдин, Малыбай, Майқарағай, Шақа және Шарбақты

ауылдарының тұрғындарымен кездесті.

Кездесулер барысында аудан басшысы

былтырғы жыл бойы әр салада атқарған

жұмыстар туралы баяндап, Аққулы ауданы

көлемінде атқарылған жұмыстардың

нәтижесімен таныстырды. Сонымен қатар,

жаңа форматты атаулы әлеуметтік көмек,

міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

туралы ақпараттар берілді. Баймолдин және

Малыбай ауылдық округтерінің тұрғындары

алдында елді мекенге ұялы байланыс орнату

мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар мен

жоспары жөнінде толық ақпарат ұсынылды.

Жол тазалау мәселесі де мердігер компаниялармен

бірге талқыланды.

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Ауданға қарасты елді

мекен тұрғындарын

толғандыратын мәселелер

аз емес. Олардың

қатарында жол жөндеу,

жарық шамдарын орнату,

таза ауызсу мен жол

жөндеу мәселелері бар.

Аудан әкімі Жанат Шұғаевтың алғашқы

есептік кездесуі Ефремовка, Луганск

және Рождественка ауылдық округтерінде

өтті. Алдымен аудан басшысы 2019

жылғы әлеуметтік-экономикалық даму

көрсеткіштеріне тоқталды. Кейін ауыл

тұрғындары көкейде жүрген сауалдарын

қойды. Кездесу барысында жол жөндеу,

жарық орнату, атаулы әлеуметтік көмекті

тағайындау мәселелері көтерілді.

Ал Чернорецк, Григорьевка және

Мичурин округтері тұрғындарымен

жүздесу кезінде ауылдықтар сумен

жабдықтау, көшелерді жарықтандырып,

жол жағдайын жақсартуға назар аударуды

сұрады.

Аудан әкімі Жанат Шұғаев кей

сұрақтарға бірден жауап беріп, ал

кейбір мәселелерді жеке бақылауына

алатын болды.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Майқарағай, Шақа ауылдық округтері

тұрғындарымен кездесу барысында

ауыл әкімдері мен жергілікті учаскелік

инспекторлардың жылдық жұмыстарының

есептері тыңдалды. Тұрғындар тарапынан

жолды уақытында тазалау, ветеринар

және электрик мамандарының тапшылығы

көтерілді. Сондай-ақ, жер рәсімдеу және

аудан орталығына жарыстарға қатынайтын

оқушыларды көлікпен қамтамасыз ету

мәселелері де сөз болды. Барлық сұрақтар

заңнама аясында түсіндірілді.

Өз тілшіміз.

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Бос ғимаратты кәдеге

жаратпақ

Ақтоғай ауданының

әкімі Қаршыға Арынов

ауыл тұрғындары

алдында 2019 жылы

атқарылған жұмыстардың

есебін беріп,

алдағы жоспарларымен

бөлісуде.

Бүгінгі күнге дейін Жалаулы, Жолболды,

Ақжол, Қожамжар, Қараоба және Мүткенов

ауылдық округтерінде есеп беру кездесулері

өтті. Жиын барысында тұрғындар тарапынан

елді мекендерді дамыту жөнінде

маңызды сұрақтар көтерілді. Атап айтсақ,

Қараоба ауылында өткен кездесу барысында

жеке кәсіпкер Т.Таскенов мектеп

жанында бос тұрған бұрынғы интернат

ғимаратын жөндеп, оған ауылдық почта,

әкімдік және шағын балабақшаны орна-

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Көшелер жарықтанды

Жуырда Байқоныс,

Песчан, Тереңкөл

ауылдық округтерінде

ауылдық округ

әкімдері мен Тереңкөл

ауданының әкімі

Е.Әйткеновтің халық

алдындағы есеп беру

кездесулері өтті.

Ауқымды жиынға

мемлекеттік мекеме

басшылары, аудандық

мәслихаттың хатшысы,

ауыл тұрғындары

қатысты.

Байқоныс ауылдық округінің әкімі

Д.Молдагелдиновтің айтуынша, елді

мекенде абаттандыру, санитарлық тазалық,

көшені жарықтандыру мәселелеріне

ерекше көңіл бөлінген. Былтыр барлығы

78 жарық шамы орнатылған. Қызылтаң

ауылындағы су құбырының құрылысын

жүргізу үшін жобалық-сметалық құжат

ластыруды өтінді. Сондай-ақ, тірек ауыл

жоспарына енгізілген денешынықтырусауықтыру

кешенін салуға арналған

жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуді

тездетуді сұрады. Ауыл тұрғыны Б.Ибраев

тұрмыстық қажеттілікке байланысты ассенизатор

көлігін сатып алуды сұраса,

бірқатар азамат Өтес ауылында ашылып

жатқан медициналық пункт пен Қараоба

ауылындағы жөнделген жолдар мен

орнатылған көше жарықтары үшін

алғыстарын білдірді.

Өз кезегінде аудан әкімі Қ.Арынов

интернат ғимаратын жөндеу бойынша

жобалық-сметалық құжаттаманың

әзірленгенін жеткізді. Сондай-ақ,

осы күні ассенизатор көлігінің сатып

алынғандығын және көктем шыға округтегі

жеке кәсіпкерлікке жалға берілетіндігін

айтты.

Өз тілшіміз.

әзірленген. Қазіргі уақытта округтегі

17 аз қамтылған көпбалалы отбасы

атаулы әлеуметтік көмек алады. «Еңбек»

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай

кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы

аясында Байқоныс округіне 4 отбасы

қоныстанған. «Бастау-Бизнес» бағдарламасы

аясында кәсіпкерлік оқуларына 16 адам

тартылып, 12-сі бизнес жоба қорғаған.

Төрт азамат 100 айлық есептік көрсеткіш

көлемінде қайтарымсыз грантқа қол

жеткізді. Сондай-ақ, қысқа мерзімді

курстардан өткен екі азамат еңбекке

тартылған. Ағымдағы жылы Байқоныс

ауылының Еңбекші, Жеңіс көшелері

ұзындығы 1,0 км, Әлихан Бөкейханов

көшесінде ұзындығы 500 метр, Кәукен

Кенжетаев көшесінде ұзындығы 260 метр

жол орташа жөндеуден өткізілмек. Қазір

жобалық-сметалық құжаты әзірленген.

Аудан басшысы өткен жылы қолға алынған

игі істерге жіті тоқталып өтті. Ол әр сала

бойынша атқарылған жұмыстар жайлы

баяндады. Алдағы міндеттерді де сөз

етті. Жиын соңында аудан әкімі ауыл

т ұ р ғ ы н д а р ы н ы ң с ұ р а қ т а р ы н а ж а у а п б е р д і .

Г.ЖАЯБАЕВА.


10 25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл АЙБЫН

SARYARQA SAMALY

Қайсар Қайырбаев

Даңқты жерлесіміз, Ұлы Отан соғысының Батыры Махмет

Қайырбаевтың қайсарлығын қанша жазсақ та, артық етпес. Батыр

бабасы жайлы біліп, үлгі тұтып жүрген ұрпағына жарасар. Ұрыс

алаңында да, еңбек майданында да аянбаған арда азаматтың

есімі еш өшпейді. Өңіріміздің өрелі ұлы арамызда болғанда,

ағымдағы айда 95 жасын тойлар едік.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Өзі сұранды

Махмет Қайырбаев елі үшін ештеңеден

тайынбайтынын дәлелдеу үшін соғыс

майданына өз еркімен баруға сұранып,

қайсар мінезін ерте танытқан. Өйткені,

12 жасынан «халық жауының баласы» деген

түртпекпен өмір кешуге тура келген жас

жігіт майдан даласында Отан қорғап,

кімнің, қандай адамның баласы екенін

көрсетуді көздейді. Сәл шегініс жасасақ,

Махметтің әкесі Қайырбай 1937 жылғы

солақай саясат құрығына ілігеді. Жалған

жаламен «халық жауы» деп, 10 жылға

сотталады. Туыс-туғанымен тілдесіп, хат

алмасуға да тыйым салынады. Ай сайын

отбасына оның жазасын өтеп жатқаны

жайында ақпар келіп тұрады. 1943 жылдың

қазанында «Мұқатаев Қайырбай өкпесінің

қабынуынан қайтыс болды» деген хабар

жетіпті... Кейін анықталғандай, Махметтің

әкесін әлдеқашан, яғни, 1937 жылдың 25-інен

26-сына қараған түні атып тастаған екен...

Әкесіне жабылған жала жылдар бойы

батырдың алдынан шыға береді. Баланың

мектепте үлгерімі жоғары болғанымен, тіпті,

ел қатарлы мақтау қағаз да ала алмаған

көрінеді. Замандастарының өзінен де зәбір

көрген. Бірақ бойындағы қайсарлық Махметті

тек алға жетеледі. Саясаттың салқыны

қанша тисе де, ол қадамын алға басты.

16 жасында Семейдегі мұғалімдер институтына

түседі. Бесқарағай ауданындағы

өз ауылы Семиярға мұғалім болып келеді.

Мұнда да түртпектеу тыйылмайды. Ақыры

жоғарыда айтқанымыздай, үш рет өтініш беріп

жүріп, Подольск артиллериялық училищесіне

жолдама алады. Бірақ, оқуды үздік тәмамдаса

да, бірден майданға жіберілмейді, шен де

кедергісіз берілмейді. Тағы да сұранып, хат

жазып, әйтеуір, 1943 жылдың көктемінде

Калинин майданына аттанады.

Командирі

көре білді

Ұрыс даласында 712-ші жойғыш танкке

қарсы артиллериялық полк командирінің

бұйрығымен лейтенант Қайырбаев 5-інші

батареяның командирі болып тағайындалады.

Батареясын біліктілікпен басқара білгенін,

жауды жайратуда шеберлік танытқанын

мына бір деректерден де байқауға болады.

712-інші полктен 6 Кеңес Одағының батыры

шығыпты. Олардың бесеуі жерлесіміз Махмет

Қайырбаев басқарған 5-інші батареядан

шыққан. Полк командирі Григорий Мельников

соғыстан кейінгі жылдары жүздескенде

Қайырбаевтың қайсарлығын, шеберлігін,

ширақтығын жиі айтады.

- Махметті баламдай көретінмін, ылғи

қорғаштап жүремін. Бірде 4-інші батареямыз

жау құрсауында қалды. Өте шиеленісті

жағдай. Оны шешуге Қайырбаевтың ғана

қауқары жететінін біліп тұрмын. Өзгелері

орындай алмайтынын сездім. Аясам да,

амалсыздан жібердім. Тапсырма берілді,

орындалды, - депті бір естелігінде полк

командирі Г.Мельников.

Бұл сәт жайында Қазақстанның

Халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов та

шығармаларының бірінде жазған:

«...Немістер қоршаудағы батареяны тез

құртып жіберуге тырысты. Бірақ Қайырбаев

басқарған қаһарман жігіттер олардың

барлық шабуылын да қасқайып қарсы

алды. Немістер қоршаудағы батареяға жеті

шабуыл жасады. Батарея оның жетеуін де

тойтарды. Адамдар азайды. Екі зеңбірек

істен шықты. Ұрыстың орта кезінде сау

қалған екі зеңбіректің бірінің көздеушісі

және өлді... Махмет өз қолымен жаудың

үш танкін жайратты...»

М.Қайырбаев Калинин, Бірінші Прибалтийск

және Ленинград майдандарында жаумен

шайқасқан. Тарихта «Шяуляй шайқасы»

деген атпен қалған, айлап өткен ұрыста да

Қайырбаев ерлігімен есте қалған. Литваның

Шяуляй қаласының маңындағы №135,1

шыңында Қайырбаев батареясы ерекше

көзге түскен екен. Жау күніне 400 танкісін

шабуылға шығарса да, жаяу әскерлер де,

артиллеристер де қарсы тұрып, немістердің

еңсе көтеруіне мұрша бермеген. Қайсар

қазақтың өжеттігіне литвалықтар да ерекше

риза. Жылы лебіздерін өлеңмен өрген.

Кейін қазақ ұлының есімін қала көшелерінің

біріне берген. Шяуляй қаласының «Құрметі

азаматы» атанған.

Ер кезегі – үш!

Өкініштісі, өжеттік танытып, батыл

басқарушы екенін көрсетсе де, Кеңес

Одағының батыры деген атақ М.Қайырбаевқа

оңайлықпен беріле қоймапты. Оған да әлгі

«халық жауының баласы» деген «айдар»

айтарлықтай кедергі болған. Үш рет ұсынылып

жүріп, үшіншісінде бұйырыпты.

- 1968 жылы Павлодарға әкемді іздеп

полк командирі Григорий Мельников келген

еді. Сонда естеліктерімен бөлісті. Үш рет

ұсынылып, әзер берілгенін айтқан болатын.

Кейін Әзілхан Нұршайықов Подольскідегі

архивке барып, батарея командирі, яғни,

әкемнің жаудың 22 танкісін жойғаны жазылған

газет беттерін тапқан. Әкем зеңбіректі оқтайтын

адам емес қой, бірақ, ұрыс ушыққанда

қаруды қолға алып, жауға қарсы тойтарыс

берген көрінеді. Сол кездегі ереже бойынша

жаудың екі танкісін жойған жауынгер Кеңес

Одағы батырына ұсынылады екен. Әкем

қарсыластың 22 танкісін істен шығарған.

Полк командирі осыны ескеріп, «ех, Маха,

мынандай ерлікпен қаншама рет батыр

атануға болушы еді» деп күрсінетін, - дейді

Мұрат Қайырбаев.

Атақтың берілуіне ІІХК тексерістері ылғи

кедергі келтірген. Батыр атануына артиллерия

командирі, генерал-полковник Н.Хлебников

ықпал етіпті. Шяуляй қаласы маңындағы ұрыс

орманда емес, ашық далада болған. Бәрі

биіктен бақыланады екен. Сол бақылаушы

генералдардың бірі Николай Михайлович

Хлебников әкемнің ерлігіне тәнті болыпты.

Кеңес Одағы батырын екі рет бермеген

соң жоғары шенділерге «әкесі үшін баласы

жауап бермеуі керек» дегенді ұғындырыпты.

Сөйтіп, ер кезегі – үш демекші, Махмет

Қайырбаевқа 1943 жылдың 24 наурызында

Жоғары Кеңес президиумының жарлығымен

Кеңес Одағының Батыры атағы берілген.

Бұл сәттерді батыр жерлесіміз 1977 жылы

Шяуляйдағы №135,1 шыңына Кеңес әскеріне

арнап ескерткіш орнату сәтіне қатысқан

кезде Н.Хлебниковпен еске алады.

Еселі еңбек

Соғыстың аяқталуына жақын шақта

Махмет Қайырбаевты Мәскеудегі Дзержинский

атындағы артиллерия академиясына

жібереді. Ракетшілер даярлау көзделеді.

Алғашқы лекке тек Кеңес Одағының батырлары

іріктеліп алынған.

- Осында оқып жүріп, әкеміз атамызды

ақтап алуға кірісіпті. Өзінің де, бауыры

Ахметтің де соғысқа қатысушы екенін жазып,

ақтауға өтініш білдіреді. Бірақ, ІІҰК шешім

күшінде қалатынын жазыпты. Ал өзін 1945

жылдың қарашасында Алматы маңында

батарея командирі етіп жібереді. Қуғынсүргін

әлі аяқталмағанын сезген әкем әскери

қызметтен толық кетуге өтініш жазады.

Арызын күткендей, бір ай ішінде шешімін

шығарып беріпті, - дейді батырдың баласы.

Сөйтіп, туған ауылына оралады. Үш ай бос

жүреді. 1946 жылдың қазанында облыстық

атқару комитетінің төрағасы Даниял Керімбаев

Махмет Қайырбаевты шақырып, жағдайын

біледі. Бірден Бесқарағай аудандық әлеуметтік

қамсыздандыру бөлімінің меңгерушісі лауазымына

қабылдауға құзырлы органдарға

тапсырма береді. Мұнда аудандық атқару

комитетінің хатшысы, төрағасының орынбасары

қызметтерін атқарған. Әкесінің

өмірі мен ерлігі жайлы деректер жинауды

бір сәт те тоқтатпаған Мұрат Қайырбаев

соғыстан кейін алғаш еңбекке араласқаны

жайындағы осы ақпараттарды тауыпты.

Нақтысы, еңбек кітапшасын, ісін кезінде

сол мекемеде еңбек еткен әйел сақтап

қалыпты. Мұрат Қайырбаев ол құжаттарды

архивке тапсырған.

Бұл кездері атқарушы комитеттен

биігі партиялық жұмыс болатын. Махмет

Қайырбаевты мұндай қызметке жолатпапты.

Әкесіне тағылған әлгі жаланың кесірі тағы.

1953 жылы іскер азамат Успен, 1955 жылы

Кагановский (қазіргі Ақсу) аудандарында

еңбек етеді. Ал 1958 жылы Куйбышев

(қазіргі Ақтоғай) ауданына аудандық атқару

комитетінің төрағасы қызметіне орналасады.

Кейін аудандық партиялық конференция

өтіп, бірінші хатшыны сайлау қажет болады.

Үміткерлер арасында Махмет Қайырбаев

та болады. Бастапқыда ешкім құптай

қоймайды. Ақыры коммунистер, олардың

көбі Ұлы Отан соғысының қатысушылары

болатын. Батырды бірінші хатшыға лайық

деп таңдайды. Еңбекте де ерлігімен көзге

түседі. Майданда жауынгерлерді соңынан

ерте білсе, қызметте астықтың бітік шығуына,

уақытылы жинап, жемісті еңбек етуге жетелей

білген. Аудандағы еселі еңбегі ескеріліп,

облыстық партия комитетінің екінші хатшысы,

одан кейін төрағасы қызметтерін абыроймен

атқарған. Осы қызметтен құрметті демалысына

шығады.

Абырой биігі

Майдандастары да, соғыстан кейінгі

қызметтестері де батыр Махметке бағыттап

мақтауды аямады. Ол құр сөз емес, бітімболмысына,

қайсарлығы мен өжеттігіне,

адалдығына берілген шынайы баға еді.

1965 жылы Ұлы Жеңістің 20 жылдығына

Мәскеуге М.Қайырбаев қазақ делегациясы

құрамында барады. Сол кезде атақты

маршал Г.Жуковтың өзі қазақ делегациясына

жақындап, ілтипатын білдіруі қазақтың

қайсар ұлдарының батылдыққа, қайсарлыққа

жасаған зор құрметі десе артық болмас...

Махмет Қайырбаев достыққа адал

азамат болған. Сонау 1943 жылы Бұхарада

артиллериялық училищеде бірге оқыған,

Качир ауданының тумасы Евгений

Киреевпен соғыстан кейін де хат алмасып

тұрған. Ол соғыстан соң денсаулығына

байланысты жылы жақ – Крым маңында

қалып қойыпты.

- Әкем есепке жүйрік болды. Е.Киреев

те математикаға мықты көрінеді. Ал жауға

оқты тура тигізу үшін тригонометриялық

есептеуде шалыс кетпеу керек. Екеуі есепті

жарыса шығарады екен. Соғыста әкем

76 мм-лік зеңбіректі басқарса, качирлық

майдангер қашықтықтан ататын ауыр қаруға

иелік етеді. Кейін Евгений әкеме жазған

хаттарының бірінде «Махмет, мен саған

екеуміз де батарея командирі боламыз

деп айтып едім ғой» деп сол бір сәттерін

еске алып жүретін, - дейді Мұрат аға.

Үзеңгілес достарының Махмет Қайырбаев

жайлы естеліктеріне үңілсек, оның қол

астындағы кадрларға құрметпен қарағанын

аңғаруға болады. Мысалы, Павлодар облыстық

атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары

Е.Азаров Махметтің адамгершілігіне

тәнті болғанын айтады. «М.Қайырбаев

кадрларға өте мұқият болатын. Оларды

бағалай білді, ешқайсысын сатпайтын. Ал

мұндай жағдай саяси немесе басқа себептерге

байланысты ол кезде жиі болатын...»

десе, екі бірдей облыста партия комитетінің

бірінші хатшысы болған Аманолла Рамазанов

батыр жерлесіміздің қызметте ешкімнің

ар-намысына тимейтін, ауыр сөз айтпайтын

қасиетін жоғары бағалапты. Ақтоғайлық

ақын Қабдыкәрім Ыдырысов бірде жолдасы

ретінде батырға былай деп өлең жолдарын

арнапты:

Еңбек те майдан білгенге,

Жүрсің сен біздің ортада

Ортада Батыр жүргенде

Жолдасы жаудан қорқа ма?!

Майдандағы ерлігін, өжеттігін командирлер

білдірсе, қызметтегі абыройын айтып,

жазғандар да жетерлік. Ұрпағы бүгінде

сол бір қасиеттерін, өмірлік ұстанымдарын

рухани азық етіп келеді.

- Әкеміз қайтпас мінезді болды. Уәдеге

берік еді. Сол қасиеттерін мақтан тұтамыз.

Мәскеуге барған салтанатты жиындарда

полк командирлері әкеме ылғи «сен Жеңістің

50 жылдығына жет» деп айтатын. Тілек

қабыл болды. Жеңістің жарты ғасырлық

тойын көріп кетті. 1996 жылы әкеміз өмірден

озды, - дейді батырдың ұлы.

Махмет Қайырбаев зайыбы Сәбирамен

бес бала дүнеиеге әкеліп, тәрбиелеген.

Бүгінде немере-шөбере өсіп отыр. Әкесінің

есімін, ерлігін ұрпағына мұра ету үшін

бүгінде ұлы Мұрат тынбай тірлік етуде.

Жинастырып, биыл кітап шығармақ ойда.

Бұл да - перзент парызы, әрине.

Түйін:

Батыр жайында жазғанда Қайырбаевтың зеңбірегін атамасқа

тағы болмайды. Батырдың көзіндей көне қару бүгінде Павлодар

қаласындағы Даңқ музейі аумағында тұр. Екінші зеңбірегі Ленинградта

жәдігер ретінде сақтаулы. Жалпы, бір батареяның екі

зеңбірегінің тарихи мұраға айналуы ешқайда кездеспейтін жағдай

көрінеді. Ендігі тілек - мұндай қаруды тек көрмелерден көру. Ал

батыр бабалардың ерлігі - мәңгілік жадымызда.


SARYARQA SAMALY

МЕЗГІЛ 25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл 11

ҚОБЫЗ САРЫНЫ

Ұстазым менің, ұстазым...

Сарышұбар даласындағы Тегістік ауылының саф ауасы ананың

мейіріміндей, ал аққайыңдары нәзіктік пен өр рухтың қазығындай

ғой! Осы өңірге барған әрбір адам оның аққайыңды қойнауларына,

сыр бүккен даласына, көкорай шалғынды, шөбі шүйгін құтты

қонысқа ғашық болары сөзсіз!

Сол өңірде дүниеге келдім, балалық шағым

өтті, мектепте білім алдым.

- Біздің өңірді Сарышұбар елі дейді, - деп

бастады орта бойлы, сымдай тартылған, қырықтың

қырқасына шыққан қара торы мұғалім. Ең алғашқы

әдебиет пәні сабағы осылай басталды. Сәл

жөтеліңкіреп алып, маңдай алды шашын артына

бір қайырып, - Әлқисса, Сарышұбар деп аталуы

даладағы жеке–жеке аққайың қойнауларының

алыстан қарағандағы көрінісінен шыққан. Мына

Егінағашы мен Сыздыхан қойнауларының ортасында

үлкен оба бар, онда батыр жерленген.

Аңыздардың бірінде: Еліне қорған болған батыр

өзінің сүйіктісімен соңғы демі таусылғанша жаумен

арпалысып, елін қорғап қалған. Осы ұрыста

шейіт болған сүйікті жарын өз қолымен жер

қойнауына беріп, тізерлей отырып, шоқпарына

сүйеніп, халқымен қоштасып, өзі де о дүниеге

аттанған екен. Батырдың шоқпары қалған жерден

аққайың шығып, кейіннен бүкіл далаға таралған.

Міне, сол аққайың махаббат пен ерліктің

символы болып әлі жайқалып өсіп тұр. Сіздер

өз ауылыңыздың тарихын білулеріңіз керек, -

деді. Үлкен-кішісін «Сіз» деп атайтын. Бұл -

қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Еркебұланов

Қалиқайдар Қабдықұлұлы.

Ол - Мұздыкөлдің Талапкер ауылында дүниеге

келіп, бақытын Тегістік жерінен тапқан ұлағатты

ұстаз. Жеті өнерді меңгерген, арғы аталары

ғұлама, бергі аталары медресе ашып, шәкірт

тәрбиелеп, білім берген. Ұстазымның ақындығы

бір төбе. Үш поэма, жүзден аса өлең, бірнеше

әңгіменің авторы. «Өмір белестері» атты өлеңдер

жинағы жарыққа шықты.

Өмірінің 50 жылға жақын уақытын балаға

сапалы білім, саналы тәрбие беруге арнаған

Қалиқайдар Қабдықұлұлы өмірдің қиыншылығына

мойымады, қаншама ауыртпалық көрсе де,

тағдыр тауқыметі тумысынан мұқата алмады.

Керісінше, қасіретті күндерде құрыштай шыныққан

жігерлі жігіт шарболаттай қайралып, адалдығымен

асқақтай түсті. Өз еңбегіне адал, өзгенің ала

жібін аттамаған, соны балаларының бойына

сіңіре білген үлгілі әке. Ұрпақ қызығына кенелгеннен

асқан бақыт бар ма? Марқұм Тоқтасын

апам екеуі он бала тәрбиелеп өсірді. Балалары

ел тәуелсіздігін нығайтуда сүбелі үлесін

қосып жүр. Қарашаңырақтың иесі - кенже ұлы

Асқар. Айтпақшы, бүгінгі күні әлпештеп жүрген

Алексей Лодочниковқа домбыраны үйреткен

Асқар Еркебұланов.

Қалиқайдар ұстазым шәкірттерінің бойына

өзінің бар білімін сіңірді, әдебиет пен сөз өнеріне

Павлодар облыстық мәслихатының 2010 жылғы 4 маусымдағы

«Павлодар қаласының түзету коэффициенттері және

аймақ шекаралары туралы» №290/25 шешіміне

өзгерістер енгізу туралы

ШЕШІМ

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы

20 маусымдағы Жер кодексінің 11-бабының

1-тармағына, Қазақстан Республикасының

2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан

Республикасындағы жергілікті мемлекеттік

басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының

6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес

Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ

ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облыстық мәслихатының 2010

жылғы 4 маусымдағы «Павлодар қаласының

түзету коэффициенттері және аймақ шекаралары

туралы» №290/25 шешіміне (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізбесінде

№3167 болып тіркелді, 2010 жылғы 6 шілдеде

«Сарыарқа Самалы», «Звезда Прииртышья»

газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер

енгізілсін:

көрсетілген шешімнің тақырыбындағы

«Павлодар қаласының түзету коэффициенттері

және аймақ шекаралары туралы» сөздер

«Павлодар қаласының бағалау аймақтарының

шекаралары және жер учаскелері үшін

төлемақының базалық ставкаларына түзету

коэффициенттері туралы» сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа

редакцияда жазылсын «Павлодар қаласының

Ас беріледі

Мүбаш келіні Қаратаева Қазкен Шабданқызының қырқына

арналған дұға-ас 1 ақпан күні сағат 12.00-де Баянауыл ауданы

Бірлік ауылындағы «Ұста Бекен ата» мешітінде беріледі.

Еске алушылар: жұбайы Риза Мүбашев, балалары.

деген сүйспеншіліктерін арттырды. Сонау 80-ші

жылдардың өзінде әдебиеттен тыс Ә.Бөкейханов,

Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, С.Сейфуллин,

М.Жұмабаев сынды Алаш алыптарының өмір

жолдары мен еңбектеріндегі елдің бірлігі,

халықтың бостандығы, қазақтың тәуелсіздігі

турасында көптеген мағлұматтар берді, қызықты

да тартымды әңгімелер айтты. Шәкірттерін

кітапты көп оқуға баулыды, мазмұндама, шығарма

жазуға шыңдады.

Бір күні «Ана» тақырыбына шығарма жаздық.

«5» деген баға алдым, қуанышымда шек жоқ.

Бірақ, қуанышым көпке бармады. Ертеңіне ашық

сабақ болды. Сыныптастарым мен мектептің

бүкіл мұғалімдері және аудан орталығынан

келген тексерушілердің алдында шығармамды

оқытты. «Ана» деп оқуға шамам келді. Жыладым.

Ертеңіне ұстазым шақырып алып, «ертең бүкіл

мектептің алдында шығармаңды оқисың» деді.

Екі жүздей оқушының алдына шықтым, «Ана»

дедім де, тағы жыладым, жай жыласам бір сәрі,

өксіп-өксіп жылаймын, жүгіріп далаға кеттім.

Әй, енді ұмытты ау деп жүргенімде ұстазым

«бүгін кешке клубта концерт болады, сонда

шығармаңды оқисың. Ана – ең қасиетті, ардақты

жан. Сенің шығармаңдағы кейіпкерің - Анаға

деген махаббатың. Егер бүгін жылайтын болсаң,

онда сенің Анаңа деген махаббатың шынайы

емес, ал шығармаңның құны бес тиын, қойған «5»

деген бағамды «2» деген бағаға түзетем» деді.

Аяқасты шабыт келді, шығармамды оқып

шықтым, ол ол ма:

Ақ жаулығың қолда,

Алаң болып жолға,

Қарай-қарай аңсадың ба, Анам!

Келеді деп ұлым,

Таппай ешбір тыным.

Күте-күте шаршадың ба, Анам? - деп

ұстазым үйреткен әнді шырқай жөнелдім. Енді

мен емес, залда отырған адамдар жылады.

Сахнаның сыртынан келіп, маңдайымнан иіскеп,

«сары балаға сары қамшы тимей жүр екен ғой»

деп сылқ-сылқ күлді. Алғаш сахнаға, көпшіліктің

алдына шығуым. Бала кезімде ұяң, өте ұялшақ

едім, әлі де сол қалпым...

Сөйтсем, ұстазым мені өнерге баулыған екен.

Қалиқайдар Қабдықұлұлы - ел ағасы, ауыл

ақсақалы, елдің бірлігін, халықтың тыныштығын,

дуалы сөздерімен, өнегелі өмірімен өңірдің

тілегін тілейтін тілекшісі. Тәуелсіз елдің кемеңгер

ағалығы мол, айтар ақылы көп қариямыздың

ортамызда жүргенінде «Сақтан қалған көп сыр

бар», «Тереңкөл - Қимақ мекені», «Абылай асуы»,

бағалау аймақтарының шекаралары және

жер учаскелері үшін төлемақының базалық

ставкаларына түзету коэффициенттері осы

шешімнің 1,2-қосымшасына сәйкес бекітілсін»;

көрсетілген шешімнің 1-қосымшасындағы

«Аймақтардың нөмірлеріне сәйкес түзету

коэффициенттері және Павлодар қаласы

аймақтарының шекаралары» деген сөздер

«Бағалау аймақтарының шекаралары және

жер учаскелері үшін төлемақының базалық

ставкаларына түзету коэффициенттері» деген

сөздермен ауыстырылсын;

көрсетілген шешімнің 2-қосымшасындағы

«Павлодар қаласының бағалау аймақтары

мен түзету коэффициенттері» деген сөздер

«Павлодар қаласының бағалау аймақтары мен

жер учаскелері үшін төлемақының базалық

ставкаларына түзету коэффициенттері» деген

сөздермен ауыстырылсын.

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау

облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер

жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған

күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң

қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы Р.ГАЙНУЛИН

Облыстық мәслихат хатшысы Б.БЕКСЕЙІТОВА

«Абылай жорығы», «Сейілда қажы», «Қошман

қосы», «Қабыл батыр» секілді көптеген әңгімелерін

жазып алған болатынмын.

Ақсақалдың арманы жоқ, бірақ мұңы бар

екен. Оны соңғы кездескенімде естідім.

Тоқсанды алқымдап қалса да, жанары өткір,

толағай парасатты, көркем мінезді ұстазымды

көрдім. «Әдемі қартаю» деген осы шығар деп

іштей түйдім.

- Маңдайыма көлеңке түсіп, табанымнан ызғар

өткен күндерімді ойламағанда тағдырыма ризамын!

Балалықтағы жетімдік тауқыметі, қызметтегі

келеңсіздіктер, бұлардан гөрі балаларымның

анасы Тоқтасынның қазасы өте ауыр тиді, -

деп күрсінді. Мөлтілдеген көз жасын сүртіп,

бойын тіктеп:

- Т ә у б ә , б а л а п а н д а р ы м е р ж е т т і ,

әрқайсысы өз алдына жеке отау тікті. Ризамын!

– деп сақалын саусақтарымен саумалап, -

Тоқсанның тоқымы тулақ екен, өмір көзді

ашып-жұмғандай шолақ екен. Тоқсаннан кейін

болашағың бұлыңғыр, артың сайрап жатқан із

екен. Алдым ашық, теңім жоқ, көштің басымын,

ажал маған дос екен,- деп сөзін аяқтады.

Ұстазыммен, батагөй ақсақалмен соңғы

тілдесу, соңғы кездесу еді. Аллаға жалбарынып,

елінің тыныштығын, халқының амандығын тілеп,

жастарға таупық берсін деп ағынан жарылып

батасын берді.

Кездескен сайын қызықты әңгімелер, естеліктер

айтып, ақыл-кеңесін беретін. Шәкірттерін,

балаларын «балапандарым» деп өтті. Енді

кемеңгер қарияны, ұстазды, «балапандарым»

деп айтатын қарияны қайдан табамыз?!

Көзі жұмылғанша риясыз көңілден ризашылығын

білдіріп, ақ батасын берумен дүниеден өтті.

Кешегі батырдың шоқпарынан мәуелей өскен

бәйтерек бүгін арамызда жоқ. Жарқын жүзі о

дүниеге қарады.

Қош ұстазым! Қош, Сарышұбар елінің абызы!

Шәкірті Ербол ҚАЙЫРОВ.

БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ және ШЕШІМ

Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы № 1

және Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 14 қаңтардағы

№413/41 «Облыс орталығында, қалаларда, кенттерде және ауылдық

елді мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін

төлемақының базалық ставкалары туралы» бірлескен қаулысы мен

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің

10-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік

басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының

13) тармақшасына және 27-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына,

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы

«Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы»

№724 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ

және Павлодар облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2012 жылғы 14 қаңтардағы №1 және

Павлодар облыстық мәслихатының 2012 жылғы 14 қаңтардағы №413/41

«Облыс орталығында, қалаларда, кенттерде және ауылдық елді мекендерде

жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық

ставкалары туралы» бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік

құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3199 болып тіркелді,

2012 жылы 21 ақпанда «Сарыарқа самалы», 2012 жылғы 1 наурызда

«Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланды) келесі өзгерістер

енгізілсін:

көрсетілген бірлескен қаулы мен шешімнің қосымшасындағы «Качир»

сөзі «Тереңкөл» сөзімен ауыстырылсын, «Лебяжі» сөзі «Аққулы» сөзімен

ауыстырылсын.

2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің орындалуын бақылау

облыстық мәслихаттың аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына

жүктелсін.

3. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған

күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Павлодар облысының әкімі

Сессия төрағасы

Облыстық мәслихат хатшысы

Ә.СҚАҚОВ.

Р.ГАЙНУЛИН.

Б.БЕКСЕЙІТОВА.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 9980 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 143

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12

25 қаңтар, сенбі, 2020 жыл ҚҰНДЫЛЫҚ

SARYARQA SAMALY

Абай музейі келді

Күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында қазақ халқының

ұлы ақыны, ойшыл-кемеңгері Абай Құнанбайұлының

175 жылдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы

айтулы датаға орай сәрсенбі күні Семей қаласындағы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінен

жеткізілген 100-ге жуық жәдігер облыс орталығындағы

«Ertis» мультимедиялық музейіне қойылды.

Қарлығаш ХАШЫМҚЫЗЫ

«Ұлы Абай мұрасы» деген атаумен

павлодарлықтардың назарына

ұсынылған көрменің салтанатты

ашылуына облыс әкімінің орынбасары

Асхат Оралов, өңірдің зиялы

қауымы мен ақын-жазушылары,

студент жастар қатысты.

Орта Азия басылымдарында жарық

көрген кітаптар бар.

- Бұлар - Абай Құнанбаевтың

1855-1858 жылдары білім алған

Ахмет Риза медресесіндегі

кітаптар. Яғни, Абайға дейін

пайдаланылған, Абай оқыған және

одан кейінгі ұрпақтар білім алған

басылымдар. Оған қоса, көрме

көрермендері үшін Абай әлемінен,

дәуірінен сыр шертетін тұрмыстық

заттарды ұсынып отырмыз. Соның

бірі – ас табақ. Оны 1885 жылы

дана ойшылдың досы, орыс

Абайдың жазу үстелі.

Серік ЕЛІКБАЙ,

Toraighyrov University-дің филология ғылымдарының докторы,

профессоры:

- Абай есімі қай тұстан, қалай айналып келсеңіз де,

қазақтың қасынан қатар табылып, тіпті, кей кездері өзінің

дара айтылып жататыны да заңдылық. Асқар Сүлейменов -

«Талант тұяқ, Абай жол» деген. Яғни, қандай талант болса

да, Абайды айналып өтуі мүмкін емес. Әрбір келер ұрпақ –

Абайдың биігімен өлшеніп отырады. Қанша уақыт өтсе де,

Абайдың маңайынан табылатынымыз анық. Абай - қазақтың

қатал сыншысы. «Қалың елім, қазағым» деп айтуы да -

осының айғағы. Құдайберген Жұбанов: «Абай жақсы - жағалау,

жақсылар ғана бара алады» дейді.

Г.Н.Потанин атындағы облыстық

тарихи-өлкетану музейінің

өлке тарихын ғылыми қамтамасыз

ету бөлімінің басшысы Динара

Опабекованың айтуынша, экспонаттар

қатарында ақынның жеке

заттары мен оның өміріне қатысты

ең құнды әрі сирек кездесетін

жәдігерлер бар.

- Бұл көрмені елімізде алғашқы

болып Ертіс-Баян өңірінің жұртшылығы

тамашалап отыр. Бұдан

кейін құнды жәдігерлер Нұр-Сұлтан

қаласына бет алады. Шараның

мақсаты – жерлестерімізді қазақтың

бас ақынының мол мұрасымен

таныстыру. Себебі, кез келген

адамның Абай атамыз жүрген

жолмен жүріп, Жидебай жеріне

барып, ол кісінің бай мұрасымен

танысу мүмкіндігі бола бермейтіні

анық, - дейді Динара Опабекова.

Көшпелі көрмені Павлодар

өңіріне алып келген «Жидебай-

Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің

аға ғылыми қызметкері Қуат

Қиықбайдың айтуынша, жәдігерлер

қатарында 19-ғасырдың ортасында

Абай үйінің жиһаздары.

оқымыстысы Нифонт Долгополов

тарихи-өлкетану музейіне өткізген

болатын. Экспозицияның тағы бір

ерекшелігі – мұнда еш жерде

көрсетілмеген «Жас Абай» суреті

көрмеге қойылып отыр. Ол ел

назарына алғаш рет ұсынылуда, -

дейді Қуат Қиықбай.

Сонымен қатар, көрмеден

Абайдың сүйікті ойыны - тоғызқұмалақ

тақтасын көруге болады.

Тарихи деректерге сүйенсек, ел

ішінде Құду деген өте білгір

тоғызқұмалақшы болған деседі.

Сол Құду мен Абай бір ойынды

екі күн, екі түн тапжылмай ойнаған

екен. Бұдан бөлек, мемлекеттік

қорық-музейінен жеткізілген фотосуреттер,

архивтік деректер,

қолжазбалар, мүсіндер мен картиналар,

ақынның мұрасынан музей

қорында сақталған экспонаттар

бар.

Айта кетелік, көрмені

павлодарлықтар 12 ақпанға

дейін тамашалай алады. Кіру

тегін.

Ақынның қауырсын қаламы.

Абай дәуіріндегі киімдер.

Суреттерді түсірген – Владимир Бугаев.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!