16.01.2021 Views

16 қаңтар сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

4 16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БАС ТАҚЫРЫП

Жедел жәрдемге жүгіну

жеңілдеді

Соңғы уақытта тұмау мен коронавирустық инфекция жұқтырған

адамдардың қатары артты. Сондықтан «103» нөміріне

қоңырау шалатындардың саны күрт көбейген. Сырқатқа

шалдыққан облыс тұрғындары телефон тұтқасының ар

жағында оператордың жауабын ұзақ уақыт күтпес үшін жаңа

әдіс енгізілді. Енді жедел жәрдемді Telegram мессенджері

арқылы да шақыруға болады. Бұл туралы толығырақ

облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары

Ольга Вербовая айтып берді.

- Ольга Борисовна, өткен

жылдың соңында жедел жәрдем

шақырудың жаңа тетігі

қолданыла бастағаны белгілі.

Бұған не түрткі болды?

- Бұрындары жәдел жәрдем

қызметіне тәулігіне 500-600 қоңырау

түссе, бүгінде 700-ден астам шақырту

аламыз. Былтыр жазда коронавирустық

инфекция мен пневмония ушыққан

сәтте тәулігіне түсетін қоңырау саны

екі есеге өсіп, 1200-ден асып кетті.

Қыс кезінде маусымдық ауруларға

шалдығу қаупі жоғары екенін ескеріп,

Telegram мессенджерінде арнайы

бот ашуды жөн көрдік. Себебі

қоңырау саны күрт көбейсе, науқас

оператордың жауабын әдеттегіден

сәл ұзақ уақыт күтіп қалуы ықтимал.

Ал адам денсаулығын сақтап қалуда

әр минуттың маңызды екені белгілі.

Сондықтан тұрғындарға қолайлы

жағдай жасау мақсатында заманауи

технология тетігін пайдалануды

жөн деп таптық. Бүгінде Telegram

мессенджерін қолданушылар саны

артып келеді. Көпшілік осы желі

арқылы жаңалықтарды, басқа да керек

мәліметтерді оқи алады. Мемлекеттік

қызметтің барлық дерлік түрі де

электронды үкіметтің Telegram боты

арқылы көрсетіледі. «Олай болса, оны

жедел жәрдем қызметінің тиімділігі

үшін неге пайдаланбасқа?» деген

АВТОНАРЫҚ

ой келді. Сөйтіп, өткен жылдың

соңында @pvl_103_bot іске қосылды.

- Оның көмегімен жедел жәрдем

шақыру үшін не істеу керек?

- Алдымен ұялы телефонға Telegram

мобильді қосымшасын жүктеп, біздің

ботқа жазылу қажет. Медициналық

көмек керек болған жағдайда осы

ботқа кіріп, «Жедел жәрдем шақыру»

тетігін басады. Кейін көрсетілген

нұсқаулыққа сәйкес сырқат белгілерін,

науқас адамның мекенжайын жазуы

тиіс. Мессенджер арқылы берілген

бұл шақырту бірден бірыңғай callорталықта

өңделеді. Диспетчерлік

орталық қызметкерлері сырқаттың

санатына қарай шақыртудың орындау

уақытын белгілейді.

- Тұрғындар шақыртудың

қабылданғанын қалай біле

алады?

- Telegram-ботта «Шақырту

мәртебесін тексеру» деген батырма бар.

Соны басса болғаны, жедел жәрдем

көлігінің қай уақытта жететінін білуге

болады. Сондай-ақ, «Жиі қойылатын

сауалдар» бөлімінде керекті мәлімет,

кеңестер көрсетілген. Мәселен,

коронавирустық инфекцияның алдын

алу, белгілері мен емдеу жолдары

туралы ақпарат орналастырылған.

- Осы уақытқа дейін жаңа әдіс

арқылы өтініш бергендердің

қатарында COVID-19 жұқтырғандар

болды ма?

- Жоқ. Көп жағдайда тұрғындардан

қан қысымының түсуі немесе көтерілуіне

қатысты шақыртулар түседі.

- Ал бір күнде Telegram-бот

арқылы барлығы неше шақырту

болады?

- Өкінішке қарай, тұрғындардың

басым бөлігі бұл ыңғайлы әдіс туралы

біле бермейді. Сондықтан шақырту

саны да аз. Әдетте тәулігіне 2-3

шақырту болады. Осы орайда жастарға

өздерінің және ата-аналарының телефондарына

мессенджерді жүктеп,

ботқа жазылуға кеңес беремін. Сол

арқылы жедел жәрдем қызметін шақыру

уақытын айтарлықтай үнемдейді.

- Мұндай жүйе тек Павлодар

қаласында жұмыс істей ме?

- Жоқ, аудан-қалалардың

тұрғындары да ұялы телефондағы

мессенджер арқылы медициналық

көмекке жүгіне алады.

- Ақпаратыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан -

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

ТҮЙТКІЛ

Көше шамы

жиі сөнеді

Редакциямызға баянауылдық оқырмандарымыз

хабарласты. Аудан орталығындағы

көше жарығы қатарынан 3-4 күн жанбай,

тұрғындарға қолайсыздық тудырғанға

ұқсайды. Мәселенің мәнісіне үңіліп

көрдік.

Оралхан ҚОЖАНОВ

Тұрғындардың базынасы әлеуметтік желілерде де

жарқ етті. Дәлел ретінде суреттері жарияланыпты.

Шынымен де, орталық көшелердің өзі қараңғылықтың

құшағына енген. Абырой болғанда, сол уақытта оқушылар

қысқы демалыста болған. Әйтпегенде қараңғы уақытта

мектептен қайтқан балалардың қауіпсіздігіне атааналардың

алаңдайтыны анық.

Мәселе бойынша Баянауыл ауылдық округі әкіміне

хабарластық. Ауыл басшысы Руслан Мұқашев шынымен

де көше жарығы 3-4 күн істен шыққанын айтты. Бірақ,

бүгінде олқылықтардың орны толтырылып, көше

шамдары жанып тұрған көрінеді.

- Округте көшені жарықтандыру ісі жүйелі жалғасуда.

2018 жылдан бері Бекқожин, Ізбастин, Жарылғапберді

сияқты көшелерге жарық шамдары орнатылды. Былтыр

ауыл көшелеріне ұзындығы 4320 метр құрайтын жарық

сымдары тартылды. Сәйкесінше, жарықты пайдалану

көрсеткіші артып, монополист – «Павлодарэнергосбыт»

мекемесіне 716 мың теңге қарыз болып қалдық.

Көше жарығының сөнуі себебі – осы. Іле аталған

мекеме басшысына кепілхат жазып, берешекті қаңтарақпан

айында төлеуге уәде еттік. Осылайша, жалпы

шығын-дарды есептегенде қаңтар айында 1 миллион

теңге, ақпан айында 3,5 миллион теңге төлеуге

міндеттіміз. Биылғы аудандық бюджетте шығындар

есебі қарастырылған. Сол себепті алдағы уақытта

олқылық қайталанбайды деген сенімдеміз, - дейді

ауыл әкімі.

Былтыр ауылдық көшелерді жарықтандыру ісіне

18 миллион теңге қаражат қарастырылса, биыл

19 миллион теңгеден астам қаржы бөлінбек. Әзірге

аудандық бюджеттен тиісті қаражат түспеген. Яғни,

көше жарығы кепілхаттың күшімен жанып тұр.

Аз уақыттың ішінде жағдай тұрақталатынына

сенейік.

Көлік бағасы қалай құбылды?

Елімізде шығарылатын жаңа көліктер жыл сайын

қымбаттайды. Былтыр да бұл үрдіс қайталанды.

Наурыз айында АҚШ долларының бағамы 445 теңгеге

өсіп шыға келгенде, темір тұлпарлардың құны да

шарықтап кеткені мәлім. Нарықтағы бағаның қалай

құбылғанын зерделеп көрдік.

Мұрат АЯҒАНОВ

Негізі, былтыр жеңіл көліктердің

бағасын көтеруге алдымен Kia

маркасын сатушы дилерлер

кірісті. Олар наурыз айында

доллар бағамының өзгеруімен

салондағы жаңа көліктердің бағасын

жаңартты. Артынша басқа компаниялар

да бұл қадамды құп көрді.

Нәтижесінде көктемнің соңына

қарай нарықтағы барлық саудагерлер

бағаны көтергені мәлім.

Әуелі көпшілік несиеге жиі

рәсімдейтін Lada Granta-дан

бастайық. Өткен жылдың басында

ең қарапайым базалық седан

2,8 млн. теңгеге бағаланған.

Ал қазір анағұрлым қолжетімді

«Грантаны» алам десеңіз 3,7 млн.

теңге санап беруге тура келеді.

Жақсырақ нұсқасы 4,2 млн. теңгеден

4,6 млн. теңгеге қымбаттады. Яғни

бұл маркада баға бір жылдың

ішінде 30 пайызға бір-ақ секірді.

Әуел баста Қазақстанда «Ravon»,

кейіннен «Chevrolet» брендімен

құрастырыла бастаған Nexia R3

седаны былтыр біздің елде ең

көп сатылған көліктер тізімінде

2-орын иеленді. Бұл машинаның

құны бір жыл ішінде шамамен

300 мың теңгеге өсті. Әдеттегі

базалық нұсқасын 3,8 млн. теңгеге,

ал үздік нұсқасын 4,7 млн, теңгеге

алуға болады.

Келесі орында «Hyundai»

маркасына тиесілі Accent пен

Tucson тұр. 2020 жылы седанның

тұрқы жаңарғанмен, бағасы

бірден көтерілмегені мәлім.

Былтыр көктемде 1,6 литрлік

қозғалтқышы мен автомат қорабы

(Active Plus) бар седан үшін

6,3 млн теңге сұралатын. Ал

қазір оны сатып алғыңыз келсе,

6,6 млн. теңге санап беруге тура

келеді. Жақсартылған нұсқасы

7,1 млн. теңгеге дейін өскен.

Start жиынтығындағы Tucson

9,4 млн. теңгеден 10,1 млн. теңгеге

қымбаттады. Толық жетекті көлік

үшін қосымша 400 мың теңге

тағы шығындануға тура келеді.

Қазақстандағы аса танымал

жеңіл көліктердің үздік бестігін

Toyota Camry түйіндейді. Былтыр

жыл басында қалтасында 10,8 млн.

теңгесі бар азамат қозғалтқышының

көлемі 2 литрлік «Классик»

нұсқасын сатып алатын еді. Ал

«Стандарт» алғыңыз келсе, тағы

100 мың теңге қосу қажет болатын.

Бұлардың бағалары да қымбаттады.

2,5 литрлік қозғалтқыш орнатылған

«Комфорт» жиынтығындағы седан

бағасы 600 мың теңгеге артты.

Жыл бұрын 18 млн. теңгеден

саудаланған 3,5 литрлік «Люкс»

нұсқасы қазір 18,9 млн. теңге

тұрады.

Отандастарымыз жиі таңдайтын

Lada Vesta, Chevrolet Cobalt, Kia

Rio, Lada 4x4 және Hyundai Creta

көліктерінің құны да теңгеге

шаққанда біраз өсті. Олардың

бағасы моделі мен нұсқасына

байланысты 2-ден 42,6%-ға

дейін көтерілді. Осы тізімде

Lada 4x4 пен Kia Rio айрықша

назар аудартады. Былтыр жыл

басында қарапайым «Нива»

3,4 млн. теңге тұратын. Ал қазір

оны алам деушінің қалтасында

кемі 4,85 млн. теңге болуы тиіс.

Kia Rio да өткен жылы

жаңартылды. Седанның дизайны

өзгеріп қана қоймай, бағасы да

құбылды. Бастапқыда 7,2 млн.

теңгеге бағаланған үздік нұсқасының

құны бірден 8,2 млн. теңгеге

шарықтады. Анағұрлым қолжетімді

Comfort 500 мың теңгеге өсіп,

6,8 млн. теңгені құрады.

Механика қорабымен жұмыс

істейтін 1,4 литрлік қозғалтқышқа

ие Rio бұрын 5,5 млн. теңгеге

бағаланатын. Қазір бұл маркада

механикалы қорабы бар көлік

шығарылмайды. Соған орай ең

арзанының құны 6,5 млн. теңге

тұрады.

Мамандардың болжауынша, алдағы көктем-жаз

мезгілдерінде жеңіл көліктердің бағасы тағы құбылуы

мүмкін. Қазір көптеген көлік салондары баға сегментін

өзгертуге бейілді. Себебі, көлік құрастырушы зауыттар

конвейерде тұрған жаңа машиналардың кейбір

бөлшектері шеттен қымбат бағамен жеткізілгенін

мәлімдеген еді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!