16.01.2021 Views

16 қаңтар сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

16 қаңтар, сенбі, 2021 жыл

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

Сөз патшасы

(Абай атамызға арнау)

ЖЫЛЫ ЖҮРЕК

Жақсылықтың

сыйы зор

Аймағымызда қоғамның қай саласында болмасын белсенді

жасөспірімдер баршылық. Солардың бірі - Павлодар

қаласындағы №30 орта мектебінің 10-сынып оқушысы

Айбек Ғазиз. Ол былтырғы жылдың қортындысында «Ертіс

дарыны» жастар сыйлығының

лауреаты атанып, 500 мың

теңгенің ақшалай сертификатына

ие болды.

Абайды оқы, ерінбе,

Жақсылықтан жиренбе.

Оқыған адам озады,

Оқымаған тозады.

Білімдіге серік бол,

Білімсізден керік бол.

Қара сөзін ұғып ал,

Жақсылықты жиып ал.

Абай ата жырлайды,

Елесі қол бұлғайды.

Шабытымды шақырды,

Оқығанға ыңғайлы.

Абай ата сияқты,

Жазғым келді өлеңді.

Ғылымның сүңгіп түбіне,

Ізденелік, кел енді!

Елжан ҰШҚЫН,

Ю.Гагарин орта мектебінің

оқушысы, Евгеньевка ауылы,

Ақсу ауылдық аймағы.

Абай - мәңгі

қазына

Абай атам уы жоқ-ау ішпеген,

Иманы зор, діннен берік тістеген.

Бар көңілін ұрпағына арнаған,

Игілігі жаңаруда істеген.

Абай - шың-құз, басын аппақ

қар басқан,

Абай - мәңгі таусылмайтын ән-дастан.

Ескірмейді Абай атам еңбегі,

Ғасырлардан ғасырларға жалғасқан.

Ұрпағына жырдан шашты жақұтты,

Үнемдеген мынау алтын уақытты.

Соқпағына түсіп дара Абайдың,

Жақұт тілін түсінгендер бақытты.

Абай атам туған қазақ бағы үшін,

Ардақтайды ел, ұмытпайды арысын.

Ол - қазақтың рухани қазығы,

Ұрпағына ақын ойы дарысын.

Даниял НАРИМАН,

Қ.Бекқожин орта мектебінің

7 «Ә»-сынып оқушысы. Павлодар қаласы.

Қазақта: «Жақсылық - ағаш басында,

жамандық - аяқ астында» деген тағылымды

сөз бар. Рас, риясыз көңілмен жасалған

жақсылық пен қайырымдылық үлкен

мұраттарға жеткізіп, адамдық абыройыңды

асқақтата түседі. Біздің бүгінгі кейіпкеріміз

Айбек те - қайырымдылықтың сыйын

еселеп қайтарған жылы жүректі жан. Ертіс-

Баян өңірінің дарынды жастарын қолдауға

бағытталған «Ертіс дарыны» конкурсына

«Волонтерлік» номинация бойынша өтінім

берген. Жалпы, бұл конкурсқа кез келген

адам қатыса алмайды. Ол - әр саланың

тізгінін берік ұстаған жүйріктердің жүйрігі

ғана бақ сынайтын бірегей жоба. Ал Айбек

Ғазиздің шын дарындардың арасынан

дара шығатын жөні де бар. Себебі, ол

- «Kids Мейрімділер клубында» ерікті

ретінде жұмыс істеп, талай жанның жүгіне

үміт пен сенім ұялатқан мейірімді бала.

Атап айтқанда, қайырымдылық жобаларын

ұйымдастырып, мұқтаж адамдарға

көмек көрсетіп келеді.

- «Kids Мейрімділер клубының» құрамында

осы жылдың мамыр айынан бері

жұмыс істеп жүрмін. Ал волонтерлік өмірге

бұрыннан бері қызығушылықпен қарайтын

едім. Бұл құштарлық мені осы ортаға алып

келді. Мен үшін волонтер болу – өзіңіз

қалаған және өзіңізге ұнайтын іспен айналысу.

Еріктілік – айналаға жақсылықтың

нұрын шашу, адамдарда адамгершілік

ФОТОЭТЮД

деген ізгі қасиеттердің барын көрсету.

Сондай-ақ, қазіргі қоғамда да қайырымды

жандардың бар екенін дәлелдеу. Мен

бұл бағытта бір іске кіріскенде уақыттың

қалай өткенін де байқамай қаламын.

Ал шаршау дегеннің не екенін мүлдем

сезбейтін секілдімін, - дейді Айбек.

Волонтерлік қызмет барысында

ол мұқтаж адамдарға көмек көрсету

бойынша түрлі іс-шараларға қатысты.

Елге індет ендеп, төтенше жағдай

жариялана бастаған кезден ол сырт

қалған жоқ. Ақ халаттылармен қатар

алдыңғы шепте жүріп, елдің денсаулығы

жолында бар күш-жігерін сарқыды.

Атап айтқанда, карантинге жабылған

үйлердің тұрғындарына, науқастардың

амандығы үшін індетпен бетпе-бет

күрескен медициналық қызметкерлерге,

күні-түні блок-бекеттерді күзеткен полицейлер

мен сақшыларға азық-түлік тасып

жүрді. Сонымен қатар, кейбір мекемелерге

қажеттілік бойынша дәрі-дәрмек

пен дезинфекциялық құралдарды да

жеткізіп берді.

- Сонымен қатар, карантиндік шектеулерге

байланысты жұмыстары тоқтап,

әлеуметтік жағдайлары нашарлаған

тұрғындарға да көмек көрсеттік.

Кәсіпкерлердің қолдауымен шамамен

1 мыңнан астам отбасына азық-түлік

жиынтықтары мен маскалар таратылды.

Пандемияның екінші толқыны кезеңінде

де қарап қалған жоқпыз. Провизорлық

орталықтарға көмекке барып, қолда бар

құралдардан штатив дайындауға, жабдықтар

мен дәрі-дәрмектер жеткізуге, дезинфекциялау

құралдары мен таза ауызсу

алуға көмектестік, - дейді ол.

Айбектің белсенділігі қоғамдық

жұмыста ғана емес, мектепте де озат

оқушылардың қатарында. Әсіресе,

жаратылыстану-математикалық бағыттағы

пәндерді жақсы көреді. Мектепішілік түрлі

іс-шараларға қатысады және жоғары

сынып оқушылары кеңесінің құрамына

кірген. Оның білім сайыстарындағы

жетістіктерін де ауыз толтырып айтуға

болады. Биыл география пәні бойынша

өткен қалалық «әл Фараби» олимпиадасынан

және математика пәні бойынша

өткен ғылыми жобалар байқауынан

II орынды жеңіп алды. Ғылыми әдебиетпен,

интеллектуалды ойындармен әуестенеді.

Болашақта мұнай өнеркәсібінің маманы

болуды жоспарлап отыр.

Қыс

Жапалақтап ала қар

Жауды күнде қайталап,

Қырға шықты балалар,

Шаңғыларын арқалап.

Жұлдыз болып ағамыз

Ақ мамықтың үстімен.

Біз спортшы боламыз,

Үлгі аламыз күштіден.

Қуаныштың бүгінгі

Басылмайды ыстығы.

Жылдамырақ жүруді

Үйретеді қыс күні!

Тұманбай МОЛДАҒАЛИЕВ.

Суретті түсірген - Жансері Съезбек.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!