26.01.2021 Views

26 қаңтар сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл 3

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖИНАҒЫ

Өтініш қабылдау

басталды

Сонымен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы

бойынша қазақстандықтарға зейнетақы қорындағы жеткілікті

мөлшерден артық жиналған қаржысын мақсатына сай пайдалануға

мүмкіндік берілді. Сенбі, 23 қаңтар күні, сағат 9.00-ден бастап

азаматтар enpf-otbasy.kz сайты бойынша онлайн өтініш беруге

кірісті.

ҚАТЫНАС

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

«Отбасы банктің» мәліметі бойынша,

23 қаңтар күні сағат 17.00-ге қарай 11 мыңға

жуық азамат өтініш берген. «Отбасы

банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат

Ибрагимованың мәлім еткеніндей, бүгінге

дейін 67 мыңнан сәл астам арнайы шот

ашылды. Бұл шот зейнетақы төлемдерін алу

үшін пайдаланылады. Әуелде шотты жүргізуге,

одан ақша аудару үшін комиссиялық төлем

алынады дегенмен, «Отбасы банк» басшылығы

барлығы тегін болатынын баяндады.

«Ең бастысы, операцияның бәрі қолма-қол

ақшасыз жүргізілетінін атап өту керек.

Алдамшы келісімшарттардың алдын алып,

ақшаны амалдап алып шығу жағдайына жол

бермес үшін туысқан адамдар арасындағы

келісімшарттарға тыйым салынады. Яғни,

мен өзімнің бауырларымнан, сіңлілерімнен,

атамнан немесе әжемнен үй немесе пәтер

сатып ала алмаймын. Осылайша, ережелерде

бүкіл механизм жазылған», - деді

Ләззат Ибрагимова Орталық коммуникациялар

қызметінің алаңында өткен баспасөз

мәслихатында.

Алғашқы өтініш беру күнінің нәтижесінде,

Жаңа бағыт ашылады

Павлодар - трамвай

байланысы бар еліміздегі

үш қаланың бірі.

Жергілікті трамвай

паркінде вагондар жүйелі

түрде жаңартылып,

желілер жөнделіп,

жолаушылардың

қатынауы үшін барлық

жағдай жасалып келеді.

Бұл тұрғыдан алғанда

павлодарлық парктің

жұмысы Өскемен,

Теміртау қалаларындағы

әріптестерінен көш ілгері.

«Трамвай басқармасы»

АҚ мұнымен шектеліп

қалмақ емес. Жаңадан

салынып жатқан Достық,

екінші Павлодар аудандарын

да трамвай

байланысымен қамтып,

ауқымды істерді

атқармақ.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Былтыр бірнеше трамвай жолында

жаңғырту жұмыстары жүргізілді. «Трамвай

басқармасы» АҚ рельс-шпалды

жолдарды ауыстырып, оның орнына

дыбыс шығармайтын түрлерін орнатты.

Мұны көлік жүргізушілері аңғарған болса

керек. Басқарма төрағасы Муслим

Махмудовтың айтуынша, бұл бағыттағы

жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы толығымен

«шусыз қиылыстармен» қамтылып,

Мәшһүр Жүсіп көшесінде осы іспетті

істер аяқталады.

- Павлодар қаласындағы трамвай

рельстері 20 жылдан астам уақыт

бойы жаңартылған жоқ. 1997 жылы

Усолка шағын ауданына жүретін трамвайлар

үшін жаңа рельстер салынды.

Содан бері жаңғырту жұмыстары

жүргізілмеген еді. Енді бұл олқылықтың

азаматтардың өтінішінің 48 пайызы бұрын

алынған тұрғын үй қарызын өтеуге,

15 пайызы жылжымайтын мүлік (пәтер, үй)

сатып алуға, 5 пайызы ипотека рәсімдеуге

бастапқы жарна ретінде салуға, 2 пайызы

құрылысқа пайдалануға ынталы екенін

білдірген. Барлық өтініштерді «Отбасы банк»

қарастырып, әрі қарай Бірыңғай жинақтаушы

зейнетақы қорына жібереді. 5 жұмыс күні

ішінде өтініштің жауабы беріледі.

«Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы

Ләззат Ибрагимова зейнетақы төлемдерін

пайдалану бойынша сұрақтарға жауап берген

болатын. Негізгі мәселелердің бірқатарын

келтіріп өтсек.

Ескертілгендей, жинақ ақша тек тұрғын

үй жағдайын жақсартуға және емделуге

беріледі. Емделу бойынша денсаулық сақтау

министрлігінің талаптары жуыр арада бекітіледі.

Әзірге «Отбасы банк» жинақты тұрғын

үй алуға пайдалану бойынша өтініштерді

қабылдауға кірісті. Бұл ретте, тұтынушылық

несиені өтеуге (кепілдікке пәтер қойылса

да) рұқсат етілмейді.

Талап бойынша, жинақты пәтер сатып алуға,

бұрын алынған ипотекалық қарызды толық

немесе ішінара өтеуге, жер алып, үй салуға

пайдалануға болады. Бірақ зейнетақы жинағын

орнын толтырмақпыз. Жолаушылардың

қауіпсіз қатынауы үшін рельстерді,

желілерді жаңартамыз. Содан кейін

ғана трамвай паркі көпшілікке ұнаған

жаңа трамвайлармен тағы толығады, -

дейді М.Махмудов.

Сонымен қатар, биыл Н.Назарбаев

даңғылы мен Ломов көшелерінің

қиылысында оң жаққа бағыт алатын

бұрылыс пайда болады. Сәуір айында

екі көшенің қиылысын жалғайтын

қосымша жол құрылысы басталады.

Тиісті жұмыстарды бір ай дересінде

аяқтау жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде

мамырдан бастап Ломов көшесі

бойымен қатынайтын трамвайлар Дачный

шағын ауданына бағыт ала алады.

Бұл жолаушыларға қолайлы болмақ.

Оларға Дачный шағын ауданына жету

үшін бір трамвайдан түсіп, келесісіне

отырудың қажеті болмайды. Жаңа бағытта

қатынайтын трамвайға отырып, діттеген

жерге еш қиындықсыз жете алады. Бұл

жобаны жүзеге асыру үшін кәсіпорынның

қазынасынан 15 млн. теңге жұмсалады.

Ал Ладожская көшесінен әуежай

«шеңберіне» дейін тартылатын 2,4 шақы-

пайадалану арқылы сатып алынған пәтерді

5 жыл бойына ешкімге сатуға болмайды.

Шектеу тек 2021 жылғы 1 қаңтардан бері,

ереже күшіне енген уақыттан кейінгі алған

ипотекаға байланысты болады. Бұл жерде үйді

туысыңыздан сатып алуға тыйым салынады.

Ал жақын туысыңыздан зейнетақы

жинағын алуына мүмкіндік беріледі. Бұл

үшін екі тарап та арнайы шот ашып, ЭЦҚ

арқылы жеке-жеке өтініш береді. Барлық

процесс рәсімделген соң жинақ бір қолға

беріледі.

Белгілі болғандай, зейнетақы жинағының

сомасы бойынша Алматы қаласы көш

бастауда. Ел бойынша жинақтың 3-тен

1 бөлігі осы қалаға тиесілі. Екінші орында –

Маңғыстау облысы болса, үшінші орында –

Нұр-Сұлтан қаласы. Төртінші орында – Атырау

облысы. Осы төрт өңірдің халқы зейнетақы

жинағын пайдалана алатын азаматтардың

70 пайыздан астамын құрап отыр», - деді Ләззат

Ибрагимова. Бұл рейтингіде Ақмола, Түркістан,

СҚО облыстары ең соңында тұр.

Айта кетелік, зейнетақы жинағын тұрғын

үй жағдайын жақсартуға пайдалану бойынша

өкілетті оператор ретінде «Отбасы банкпен»

Суретті түсірген - Наталья Зинченко.

рымдық екі бағытты трамвай жолының

құрылысын қаржыландыруға жергілікті

әкімдік көмектеседі. Жобаның жалпы

құны - 2 млрд. теңге. Жаңа трамвай

жолы «Достық» шағын ауданының

тұрғындары үшін салынады.

- Жаңа трамвай жолын тарту үшін

қосымша станция қажет. Оның құрылысы

біраз уақытты алатын түрі бар. Биыл

дайындық жұмыстарын тыңғылықты

жүргізіп, қолданылатын құрал-жабдықтар,

материалдарды сатып алсақ, келер

жылдың соңына дейін «Достық» шағын

ауданына апарар жаңа бағыт ашылады, -

дейді басқарма төрағасы.

Бұл ретте екінші Павлодар тұрғындары

да шетте қалмайды. Муслим Махмудовтың

айтуына қарағанда, бұл шағын ауданда

да трамвай жолдарын салу жоспарда

бар. Бұл мәселе жергілікті әкімдікпен

жан-жақты талқыланып жатыр. Қос тарап

ортақ мәмілеге келіп, құрылысқа қатысты

мәселелер шешілген соң жобалар кезеңкезеңімен

жүзеге аспақ.

Айта кетелік, бүгінде облыс орталығындағы

трамвай жолының жалпы

ұзындығы 89 шақырымнан асады.

қатар, екінші деңгейлі банктер де белгіленді. Бұл

аталмыш банктерде қарызы бар азаматтарға

ыңғайлы болмақ.

Біз зейнетақы жинағын пайадаланғысы

келетін азаматтардың өтінішін қарау тәртібін

ұсынамыз. «Отбасы банк» өкілінің түсіндіруінше,

келесі қадамдар жасалуы керек.

«Осы бағдарламаға қатысқысы келетін

азаматтар бірыңғай зейнетақы жинағы

қорындағы өзінің жинағын есептеуі керек.

Одан кейін «Отбасы банкінде» немесе өз

қалауы бойынша екінші деңгейлі банктерден

арнайы шот ашуы қажет. Үшінші қадам:

порталға азаматтар өзінің электронды

қолтаңбасы арқылы кіреді. Ол порталға

азаматтар жеткілікті деңгейден артық

соманы қай мақсатқа пайдаланатынын

көрсетіп, өтінім береді. Ал өтінім зейнетақы

қорына жолданады. Бес күннің ішінде ол

жақтан жауап келіп, мақұлданғаннан кейін

азамат «Отбасы банктің» порталы арқылы

растайтын құжаттарды тіркеп, арнайы

есепшотындағы ақшаны өзі көрсеткен реквизиттер

бойынша сатып алушыға не болмаса

ипотеканы өтеуге жолдайды».

Осылайша, зейнетақы төлемдерін пайдалану бойынша процесс басталып

кетті. Ең әуелі бұл - тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бойынша жасалған

қадам.

САУЛЫҚ - САҚТЫҚТА

Шектеуді

елемеген

COVID-19 індетінің алдын

алу мақсатында құрылған

өңірдегі мониторингтік

топтардың рейдтері жалғасуда.

Осындай топтың бірі Павлодар

қаласындағы бірқатар қоғамдық

тамақтану және ойын-сауық орындарын

аралады.

Тілеуберді САХАБА

Топ құрамында облыс және қала әкімдігінің

өкілдері, жергілікті полиция қызметкерлері, еріктілер

мен қоғамдық ұйым мүшелері болды. Алғашқы

күні үш мониторингтік топ кешкі сағат 20.00-ден

бастап алдын ала белгіленген карта бойынша

бірқатар кафе мен барларға, түнгі клубтарға барды.

Шара барысында карантин талаптарын сақтау

бойынша бірқатар заң бұзушылықтар анықталды.

Мысалы, Астана көшесінде орналасқан «Пастила»

кафесінің әкімшілігі 20 қаңтардан бастап күшіне

енген жаңа қаулыда көрсетілген карантиндік талаптарды

ескермей, түнгі сағат 20.00-ден кейін де

жұмысын жалғастырған. Яғни, 20 адам тыйым

салынған уақытта көңіл көтерген. Дәл осындай

заң бұзушылықтар сенбі күнгі рейд барысында

да анықталды. «TUDA» және «Дипломат» сынды

ресто-барлар да тұтынушыларға түнгі 20.00-ден

кейін қызмет көрсеткен. Алғашқысына 8 адам,

екіншісіне 20-дай адам жиналып, отбасылық

қуаныштарын атап өткен.

- Жергілікті полиция қызметкерлері тиісті

жұмыстарын жүргізіп, кафе әкімшілігінен, кешті

ұйымдастырушылардан және қонақтардан түсініктеме

алды. Хаттама қорытындысы облыстық санитарлықэпидемиологиялық

бақылау департаментіне ұсынылды.

Департамент азаматтарға қатысты әкімшілік

жаза қарастыру жөнінде шешім қабылдайды, -

дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриялықинновациялық

даму басқармасы басшысының

орынбасары Медет Шоқанов.

Құзырлы мекеме алдымен алынған түсініктемелермен

және хаттамалармен толық танысып

барып шешім қабылдайды. Негізі, мұндай жағдайда

көңіл көтеру орындарының қожайыны жеке тұлға

болса - 30 АЕК-ке дейін, ал заңды тұлға болса -

200 АЕК-ке дейін айыппұл салынуы керек. Дәл

осындай әкімшілік жаза кешті ұйымдастырушыларға

да қолданылуы мүмкін.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!