26.01.2021 Views

26 қаңтар сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 26 қаңтар, сейсенбі, 2021 жыл ДҮРБІ

SARYARQA SAMALY

МӘРТЕБЕ

ОЛИМПИАДА-2021

ТАҒЗЫМ

Оралхан ҚОЖАНОВ

Өнерімен танымал

Екібастұздық мүсінші Баян Қайнышеваның таңғажайып оқиғасы киноновелланың

сюжетіне айналды. Ол «Хабар» Агенттігі» АҚ тапсырысы

бойынша «Қазақстан мен қазақстандықтарды не үшін жақсы көремін»

жобасы аясында түсірілген.

Жоба идеясы «Бақыт Қилыбаевтың

сценарийлік шеберханасында»

пайда болған. Шынайы оқиғаларға

негізделген көркем

сериал Қазақстанның барлық

өңірлерінен түрлі шығармашылық

топтар түсірген 50 киноновелладан

тұрады.

Шағын фильм негізіне алынған

әңгімелердің біріне Екібастұздан

келген суретші және мүсінші

Баян Қайнышеваның оқиғасы

арқау болған. Бұл фильмнің сценарийін

жұбайы Рашид Жапанов

жазған.

- Өткен жазда «Мен Қазақстанды

және қазақстандықтарды не

үшін жақсы көремін» жобасы

туралы білген соң, қатысуға шешім

қабылдадым. Болашақ

фильмнің негізгі идеясы қазақстандықтарды

еліміздегі әйел

мүсіншілердің шығармашылығымен

таныстыру болды. Нәзік

жанды мүсіншілер елімізде өте

аз және мұндай жандар туралы

халық та аз біледі. Киноновелланың

басты кейіпкері менің жұбайым

Баян Қайнышева және

оның жасаған «Ана» мүсіні болды,

- деді Р.Жапанов.

Баян Қайнышеваның туған

жері - Екібастұз қаласы. Мұндағы

жұртшылық оны суретші ретінде

жақсы таниды. Ол педагогикалық

училищеден кейін ИнЕУдің

дизайн факультетін бітірген.

90-жылдары оған С.Торайғыров

атындағы №22 мектеп-гимназиясында

бейнелеу өнері мұғалімі

қызметін ұсынған және әлі

күнге дейін сол жерде сабақ

береді.

– Алғашқы шағын мүсіннің

тақырыбына әкемнің бейнесі

арқау болды. Бұл алдағы

жұмыстарыма шабыт берді. Мен

өз бетімше білім алумен көп

айналыстым, шығармашылықты

дамытуға үлкен мүмкіндіктер

беретін мүсіндер жасау үшін

түрлі тәсілдер мен материалдарды

зерттедім, - дейді мүсінші.

Бірнеше жыл бұрын екібастұздық

өнер иесі республикалық

«Қанатты әйел» фестиваліне

қатысқан, сол жерде көптеген

қатысушылар мүсінші қазақ

әйелінің бар екеніне таң қалған.

Баян Қайнышева саздан 100-

ден астам түрлі өнер туындысын

жасаған. Шағын мүсіндер

мен төрт үлкен композиция

Екібастұз шаһарын безендіріп

тұр. Оның ішінде Мұхтар

Әуезов, Абай Құнанбаев, Естай

Беркімбаев және Сұлтанмахмұт

Торайғыров сынды атақты тұлғалардың

бюстері бар. Мүсіндеуге

кәсіби суретші Ақертіс

Солтанбаев, сонымен қатар

Б.Қайнышеваның жолдасы мен

жиені көмектескен. Себебі, бұл

мүсіндерді жасау үшін дене еңбегі

де ауадай қажет еді.

Сондай-ақ Баянауылда

Ж.Аймауытов атындағы мәдениет

үйінің жанында жазушы және

драматург Жүсіпбек Аймауытовтың

бюсті тұр. Оның биіктігі бір

жарым метрден астам. Ерейментаудағы

Үмбетей жырау

атындағы мәдениет сарайының

жанында орнатылған, қолында

домбырасы бар қазақ жыршысының

бюсті де - біздің жерлесіміздің

еңбегі.

- Көп нәрсе шабытқа байланысты.

Болашақ портрет немесе

мүсін бойынша бірнеше күн

жұмыс істей аламын. Әрқашан

ұлттық нақыш пен өзіндік ерекшелікке

баса назар аударамын.

Мен үшін ұлттық киім, музыкалық

аспаптар сияқты бөлшектер

де маңызды. Көптеген жұмыс-

тарым Қазақ елінің ірі саяси

әрі тарихи тұлғасы Абылайханға,

жыр алыбы Жамбыл Жабаевқа,

академик Қаныш Сәтбаевқа

арналған - дейді Баян апай.

Кейбір туындылары Екібастұздағы

тарихи-өлкетану музейінде

сақтаулы. Мысалы, Әулиекөлдің

жағасында домбыра

ойнап отырған Естай Беркімбаевтың

кескіні.

Бұдан бөлек, ол портреттік

қуыршақтар жасаумен айналысады.

Оны полимерлі саздан

өрнектеп, оларға бөлек

киім тігіледі. Шебер мүсіндік

пластиктен Екібастұзда танымал

ақын Жұмағали Қоғабайдың

қуыршағын жасаған. Қаламгер

дзюдоны жақсы көретіндіктен,

авторға кимоно кигізген.

Баян Қайнышеваның бос

уақыты болмайды. Ол қашан да

мүсін жасаумен айналысады.

Қуыршақ, кестелер тігеді немесе

сурет салады.

Өз шығармашылығының қырсырын

С.Торайғыров атындағы

№22 мектеп-гимназиясының

оқушыларымен бөлісуде. Олардың

арасында түрлі байқаулар

мен фестивальдердің жеңімпаздары

көп. Соның ішінде анасының

ізімен жүрген Қасымхан

да бар.

- 2006 жылы Қасымхан

С.Сейфуллин атындағы Қазақ

аграрлық-техникалық университетінің

сәулет факультетінің білім

грантына ие болды, - деді

Рашид Жапанов. - Біздің ұлдың

базалық шығармашылық білімі

болмаған, көркемсурет мектебін

ғана тәмамдаған. Дей тұрғанмен,

ол оқу орнының үздік

студенті атанды.

Қазір Қасымхан Нұр-Сұлтан

қаласында дизайн студиясын

басқарады. Ол белгілі дизайнер

болып танылып үлгерді. Бірнеше

ірі халықаралық жарыстарға,

соның ішінде 2011 жылы Алматыда

өткен қысқы Азия ойындарына

арналған медальдар

мен логотиптерді әзірлеген.

Екінші ұлы Ислам - кәсіпкер.

Кіші ұлы Димаш - Л.Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық университетінің

студенті.

Бақыт ҚИЛЫБАЕВ, жобаның бас продюсері:

- Екібастұз тұрғыны туралы оқиға бірден қазылар

алқасына әсер етті. Р.Жапановтың өз әйелі, өнер иесі

туралы конкурсқа жіберген материалында жылулық пен

махаббаттың әсері басым еді. Басты кейіпкер - қарапайым

мұғалімнің мысалында біз көрерменге өмірімізді қалай

өзгерту керектігін көрсетуді шештік. Ең бастысы - тілек

пен мақсат. Бұл серияда ешқандай әрекет, күтпеген

бұрылыстар жоқ. Бұл серияда көрерменнің көз алдында

«Бөбек» қорының символына айналатын таңғажайып

мүсін пайда болады. Біз өз жобамыз арқылы жұртшылық

таңғажайып қазақстандықтар туралы білгенін қаладық.

Олардың қаншалықты талантты, жанашыр және

мейірімді екенін білдік. Баян Қайнышева – солардың бірі

және «7 күн» киноновелласының танымал кейіпкері.

pavlodarnews.kz

Мемориалды тақта ашылды

Аймағымызда спорттың дамуына үлес қосқан

білікті бапкерлер аз емес. Солардың бірі әйелдер

баскетболын өрге сүйреген Сергей Серіков еді.

Жақында танымал жаттықтырушының рухына

тағзым жасалып, мемориалды тақта орнатылды.

Ескерткіш тақта №2 олимпиадалық

резервтің мамандандырылған

балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебінің кешенінің

ғимаратына ілінді.

Естеріңізге салсақ, Сергей

Серіков бапкерлік мансабын

1983 жылы бастап, 1997-2007

жыл аралығында баскетболдан

Қазақстан құрамасын жаттықтырды.

Оның жетекшілігімен ел

құрамасы «Б» тобының командалары

арасындағы Азия чемпионатының

екі дүркін жеңімпазы

және Орталық Азия ойындарының

үш дүркін чемпионы атанған

болатын. Ал облыс намысын

қорғаған «Ертіс-ПМХЗ» командасы

тәжірибелі бапкермен бірге

15 рет ҚР чемпионы, төрт рет

ҚР Кубогын жеңіп алған еді.

Дарынды жаттықтырушы

2016 жылы өмірден өтті. Туыстары

мен әріптестері мемориалдық

тақтаның ашылуы бапкерге көрсетілген лайықты құрмет

деп есептейді.

Суретті түсірген - К.Музалевский.

Биылғының басты спорттық

додасы – Токио Олимпиадасы.

Отандастарымыз жоқ дегенде

100-ге жуық жолдаманы

қоржынға түсіруді көздеп

отыр. Карантиндік шектеулерге

дейін қазақстандықтар

42 лицензияға қол жеткізген

болатын. Жолдама жорығы

биыл да жалғасады.

Токиоға

кімдер

барады?

Естеріңізге салсақ, XXXII Жазғы

Олимпиада ойындары 2020 жылы

24-шілде мен 9-тамыз аралығында

Жапонияда өтуі тиіс еді. Алайда

пандемияға байланысты 2021 жылға

ауыстырылды. Ұйымдастырушылардың

айтуынша, алдағы өтетін төртжылдықтың

басты додасы бұрын-соңды болмаған

инновациалық Олимпиада болмақ.

Онда 33 спорт түрінен 339 медаль

жиынтығы сарапқа салынады. Токио

Олимпиадасына жаңадан бес спорт түрі

енді. Олар: бейсбол/софтбол, каратэ,

серфинг, спорттық құзға өрмелеу және

скейтбординг. 206 мемлекеттен 11090

спортшы қатысады деп жоспарланған.

Қазақстандықтардың енші-сінде

әзірге 42 жолдама бар. Бұл -

карантинге дейін іріктеу жарыстарында

иеленген лицензиялар. Іріктеу

турнирлері биыл жалғасын табатын

болады. Яғни, спортшылар қарбалас

сәтте кез-келген олимпиадалық іріктеу

сынағына қатысып үлгеруге тырысады.

Айтпақшы, Қазақстан ұлттық құрамасы

жеңіп алған лицензиялардың саны

өзгеріске ұшырауы мүмкін. Себебі,

ұйымдастырушылар ескек есу спортына

берілетін жолдаманы қысқартып отыр.

Жолдама алған спортшыларға

тоқталсақ. Жеңіл атлетика: Георгий

Шейко, Айман Ратова, Ольга Рыпакова;

Жүзу: Дмитрий Баландин (екі

жолдама: брасс әдісімен 100 және

200 метрге жүзу); Ашық суда жүзу:

Виталий Худяков; Каратэ: Дархан

Асаділов; Спорттық құзға өрмелеу:

Ришат Хайбуллин; Әртістік жүзу:

Александра мен Екатерина Немич;

- Бокс: 9 лицензия (сегізі ерлер,

біреуі әйелдер). Токиоға баратын

спортшылардың тізімінде Қамшыбек

Қоңқабаев, Василий Левит, Бекзад

Нұрдәулетов, Абылайхан Жүсіпов,

Әбілхан Аманқұл, Зәкір Сафиуллин,

Серік Теміржанов, Сәкен Бибосынов,

Надежда Рябец бар. Сондай-ақ, ұлттық

құраманың басқа боксшылары алдағы

уақытта квотаны әлемдік іріктеуде жеңіп

ала алады. Велоспорт: 7 лицензия.

Олардың екеуін трекшілер - Артем

Захаров пен Сергей Пономарев жеңіп

алды. Пономарев спринтке де қатыса

алады. Қалған төртеуі тас жолдағы

велоспортқа тиесілі. Токиоға аттанатын

велошабандоздардың есімдері

кейінірек белгілі болады. Қазіргі

бессайыс: Павел Ильяшенко, Елена

Потапенко; Көркем гимнастика: Милад

Карими; Классикалық садақ ату: Ильфат

Абдуллин, Денис Ганкин, Санжар Мұсаев

(үшеуі командалық жолдамамен бірге

барады); Стенд ату: Сәрсенкүл Рысбекова;

Нысана көздеу: Юрий Юрков;

Күрес: 8 лицензия. Еркін, грек-рим

және әйелдер күресінің өкілдері бұл

жолдамаларды Нұр-Сұлтанда өткен

әлем чемпионатында жеңіп алды. Биыл

9-11 сәуірде Алматыда азиялық іріктеу

өтеді. Онда олимпиадалық лицензиялар

ойнатылады. Қазақстанның қалған

квоталарды алуға толық мүмкіндігі

бар. Сондықтан финалға дейін шығу

өте маңызды.

Ескек есу мен каноэде ескек есу

спортының өкілдері биыл алғашқылардың

бірі болып Олимпиадаға баруға тырысады.

Наурызда олар Таиландта өтетін

Азия іріктеуіне жолдамалар үшін сынға

түседі. Бұдан бөлек, көптеген спорт

түрлерінен Олимпиада жолдамасы

сарапқа салынатынын атап өткен жөн.

О.ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!