11.02.2021 Views

11 ақпан

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

18 11 ақпан, бейсенбі, 2021 жыл ТЕМІРҚАЗЫҚ

SARYARQA SAMALY

РУХ

Батырларға

ескерткіш

қойылады

Биыл Баянауыл ауданының

орталығына қазақ даласын

жоңғар шапқыншылығынан азат

еткен қос батыр – Жасыбай мен

Олжабайдың ескерткіші орнатылады.

Батырлар мүсінінің жалпы

биіктігі тұғырымен қоса есептегенде

26,5 метр болады деп

күтілуде.

Аудан әкімі Қанат Кәрімовтің сөзінше, биыл

Баянауыл ауылындағы Сәтбаев-Баязитов көшелерінің

қиылысына жаңадан мәдени-демалыс саябағын

салу жоспарланған. Қаражат демеушілер тарапынан

бөлінеді. Жоғарыда аталған Жасыбай

және Олжабай батырлардың алып ескерткіші

сол жаңа саябаққа қойылады деп күтілуде.

- Ол аумақ - ұзақ жылдар бойы пайдаланылмай,

бос жатқан сазды жер. Ғимарат салуға

қолайсыз. Сондықтан, саябаққа айналдыруды жөн

санадық. Жоба аудандық «Ақсақалдар алқасы»,

«Қоғамдық кеңес» мүшелерімен жан-жақты

талқыланып, қолдауға ие болды. Саябақтың

аумағы 2,6 гектарды құрайды, - деді Қанат

Сәрсенұлы.

Жаңа демалыс саябағына 564 түп ағаш

отырғызылады және 678 шаршы метр гүлзар

егіледі. Сонымен қатар, 2596 шаршы метр жаяу

жүргіншілер жолы төселеді. Бұдан бөлек, жарық

шамдар орнатылып, жастарға арналған спорт

алаңдары құрылады. Тіпті, демалушыларға

арналған орындықтар мен көлік тұрағы жобасы

қарастырылған.

АКЦИЯ

Оқырманға

кітап сыйлаңыз!

14 ақпан – Халықаралық кітап

сыйлау күні. Бұл күнді жергілікті

кітапхана қызметкерлері де қалт

жібермей, әртүрлі іс-шаралар

ұйымдастырып жатады. Биыл

осы атаулы күннің құрметіне

8-14 ақпан аралығы кітап сыйлау

күні болып жарияланды.

Егер бұған дейін бірнеше қайталап оқып

тастаған қажетсіз не болмаса жеке кітапханаңыздан

орын алып тұрған артық кітаптар болса, оны

керекке жаратудың жолы бар. С.Торайғыров

атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырып

жатқан «Кітап сыйла» акциясына атсалысып,

артық кітаптардың барлығын сонда тапсыруға

болады. Яғни, адам өзі оқыған дүниесін өзге

оқырмандармен де бөлісудің маңызы зор. Бұл

кітапхана ұжымына ғана емес, барша оқырман

қауымға жасалған ең үлкен сыйлық деп түсінген

жөн. Кітап сыйлау акциясы 8 ақпан күні басталды,

14 ақпанға дейін жалғасады.

С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың

директоры Шолпан Шахметованың сөзінше,

кітапханаға әкелінген кітаптарды бағытына,

жанрына және тіліне қарамай қабылдай береді.

Қойылатын жалғыз талап – Тәуелсіздік алғаннан

соңшыққан болуы керек.

- Біздің кітапхана қорына бұрын-соңды енбеген,

сирек кітаптар болса, қуана қабылдаймыз. Мысалы,

қазақ тіліндегі инженерлік-техникалық, заманауи

технология, ауыл шаруашылығы бағытындағы

еңбектер бізге ауадай қажет. Сонымен қатар,

Қазақстан тарихы мен қазақ әдебиеті кітаптарының

және жоғары оқу орын студенттеріне арналған

оқулықтардың да орны бөлек, - дейді Шолпан

Шахметова.

Кітапхана қызметкерлерінің сөзінше, өткен

жылғы кітап сыйлау акциясы барысында әртүрлі

жанрдағы 1000-ға жуық туынды қабылданыпты.

Ұлтын ұлықтаған тұлға

Филология ғылымының қыртысын тоңыменен аударып,

ұлт әдебиетінің тамырына қан жүгіртіп, тарихымызда

қатпарланып, келместің уысында тұншыққан қазақ

халқының біртуар ұлдарының есімін қайта жаңғыртып,

елімен бірге өрілген өмірі мен маржандай сөздерін жарыққа

шығарып, туған халқымен табыстырып, сол адалдық

жолында «бай-шонжардың ұрпағы» деп қуғындалып,

тағдыр тәлкегінің кемесіне жолаушы болып, талай

қиындықты бастан кешірген профессор, ұстаз, ұлт жанашыры

Ермек Махамбетұлы Өтебаев биылғы жылы

95 жасқа толып отыр.

Жеті атасына дейін билік жүргізген,

бәтуалы сөз айтып, елге тіреу болған

батыл, аузы дуалы билердің ұрпағы.

Атасы Өтебай би қызылдың құрығына

іліккен. Әкесі Махамбет жер аударылып,

отбасының амандығы үшін

жанын шүберекке түйіп, жан сауғалап

Қарақалпақ арасына, кейін Үргенішке

қоныс аударады. Осындай аумалы-төкпелі

уақытта жас бала Ермек білімнен қол

үзбей, медереседе оқыды, шыңдалды,

есейді.

Ел арасы тынышталған соң туған

еліне қайта оралып, бірнеше тілді

меңгерген ол мектепте жаңаша білім

алды. Сол кездердің өзінде баланың

қоржынында Міржақып, Ілияс сынды

арыстардың жастана-жатып оқыған

кітаптары болған екен. Елге келсе

де, қолдары қанға боялған қызылдың

тырнағына қайта ілікті, қоныс аударуға

тура келді. Туған елмен қош айтысты.

Бірақ оның рухы түспеді.

Қаратөбе мектебінің жетінші сыныбында

оқып жүріп-ақ, мұғалімдік

еңбек жолын бастап кетті. Қатардағы

мұғалімнен мектеп директоры қызметіне

дейін көтерілді. Өз ісіне жауапты,

еңбексүйгіштігімен танылған жігіт

Ермекке ұжымы әрдайым қолдау көрсетті.

Тіршілікте барға тасымаған, жоққа

жасымаған, кездескен ауыртпалықтарды

қайсарлығымен жеңе білген азамат

алдына қойған кез келген тапсырманы

тиянақты орындай білді. Ұстаз

болу, оның басты арманы болмаса да,

жан-тәнімен адал қызмет еткен Ермек

Өтебаев ұстаздық пен басшылықтың

қыр-сырын жетік меңгерді. Бос уақытында

өлең жазып, шығармашылықпен де

айналысты. Зиялы қауым арасында

танымал болуына жырларының да көп

септігі тиді. Алматы қаласына білім

іздеп барғанда, Сәбит Мұқановтың

қолқа салуымен педагогика институтына

түсіп, қатарынан филология және

тарих (сырттай) бөлімдерін тәмамдап

шығады.

Ғылымға бет бұрған Ермек

Махамбетұлы ғұмырында екі жүзге

тарта ғылыми еңбектер, мақалалар

жазып жариялады. 1963 жылы жазушы

Сабыр Шәріповтің өмірі мен қызметі

жайлы диссертация қорғап, филология

ғылымының кандидаты атанады.

Ермек Махамбетұлы бұл еңбегінде:

«Сабыр - артына бай мұра қалдырған

қаламгер. Оның кітаптары көзінің тірісінде-ақ

бірінен соң бірі шығып жатқан. Танымал

жазушының туындыларына С.Сейфуллин,

І.Жансүгіров сынды қазақ совет әдебиетінің

ірі жазушылары алғы сөз жазып,

редакторлық міндеттерін атқаруы тегіннентегін

емес-ті.

Сабыр – көптілді жазушы. Қазір

жазушының үш тілде бірдей: қазақша,

орысша, татарша жазғандарын анықтап

отырмыз. 1963 жылы Сабыр туралы екі

диссертация қорғалды. Оның біріншісі

біздікі болды, ал екіншісі Ә.Тілегенованікі

болды», - дей келе, өзінің диссертациясына

көңілі толмайтынын, жазушының

әдебиет тарихында орнын жан-жақты

толық көрсете алмағанын баяндайды.

Сөйтіп, 1973 жылы «Қаһарман тағдыры»

атты филология ғылымдарының докторы

дәрежесін алу үшін диссертацияны

қайтадан толықтырып, жан-жақты

зерттеп, үлкен еңбек жазады. Ермек

Өтебаевтың жазушы Сабыр Шәріпов

туралы жазған еңбектерінің түпнұсқасы

және қолжазбалары, фото суреттері

мен шапаны Бұқар жырау атындағы

әдебиет және өнер музейінің қорында

сақталып отыр.

Өмірінің соңына дейін қазақ әдебиетіне,

өнеріне қалтқысыз еңбек етті, ұлы есім

«ұстаз» атына кір келтірмеді.

1989 жылы Павлодарға арнайы

шақыртумен келіп, алғаш рет қазақ

тілі мен әдебиеті бөлімінің ашылуына,

дербес факультет болып қалыптасуына

қызмет етті.

Көптеген ақын–жазушылардың, бишешендер:

Құлболды, Тайкелтір, Едіге,

Шоң, Торайғыр, Шөже, Бектұр, Домақ

сынды ірі тұлғалар мұрасын зерттеп,

М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Шәріпов туралы

зерттеулер, Махамбет пен Мұрат, Абай

мен Сұлтанмахмұт, Жүсіпбек жайында

ӘЙГІЛІ ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ

көлемді ғылыми еңбектер жазды.

Ертіс өңіріне келген күннен бастап

әдеби өміріне білек сыбана кірісті.

Бұқар жырау музейінің қалыптасуына көп

еңбек сіңірді, өнер ордасы басшысының

ғылыми кеңесшісі болды. Музей қорының

құнды және рухани мұралармен толығуына

сүбелі үлесін қосты. Алаштың

ұранын көтеріп, қараңғы қазақ көгіне

күн болған Сұлтанмахмұт Торайғыров

жайында көпшілікке беймәлім тың

деректерді халқымен қауыштырды.

Ермек Махамбетұлының ұйытқы болуымен

С.Торайғыровтың 100 жылдық мерейтойы

республика көлемінде кеңінен аталды.

Тіпті, ақынға көше бергіздірді, ол ол

ма, мақтаншақ, қалталы, бос сөзге

құмар, өткенін емес, қалтасына өткенін

ойлайтын кейбір атқамінерлердің туған

елінде атқарар істі Махамбеттің ұрпағы

Алаштың алып ақыны Сұлтанмахмұтқа

ескерткіш тұрғыздырды.

Бүкіл қазақ даласына есімі аяулы

Ермек Махамбетұлының әріптестерімен

сыйластығы, шәкірттеріне деген сүйіспеншілігі,

ғылымға құштарлығы, кесек

тұлғаның ғажайып бейнесі, лекция барысында

отырған кесек тұлғасы, мейірімді

жүзі, қарапайым кейпі, терең ойы мен

жанашырлық пікірі әлі де есімде.

Иә, уақыт бір орнында тұрмайды,

өмір жаңарып отырады, жаңа ұрпақ

келеді. Ұстазымыздың жарқын бейнесі

жадымызда, оның жайсаң мінезі, парасаттылығы,

білімпаздығы бізбен, келер

ұрпақпен жасай бермек.

Ербол ҚАЙЫРОВ,

Бұқар жырау атындағы әдебиет

және өнер музейінің қызметкері.

Т.САХАБА.

Ірі қайраткердің жиында сөйлеп тұрған сәті.

Е.Өтебаевтың киімі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!