11.02.2021 Views

11 ақпан

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

SARYARQA SAMALY

АЙНА 11 ақпан, бейсенбі, 2021 жыл 3

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Тұрғындар былтыр желтоқсан айында

10 данасы 400 теңге төңірегінде болған

жұмыртқаның бағасы осы жылдың қаңтар

айында 420 теңгеге, ақпанда 480-500 теңгеге

дейін өскеніне наразылық білдіріп,

әлеуметтік желілерде жарыса жазып

жатыр. Тіпті, кейбір сауда желілерінде

10 жұмыртқа бағасы 530 теңгеге сатылуда.

Белгілі болғандай, жергілікті құс

фабрикалары жұмыртқаны босату

құнын айтарлықтай қымбаттатқан. Атап

айтқанда, желтоқсанда 320-350 теңгеден,

қаңтарда 375 теңгеден босатқан болса,

бүгінде дүкендерге 390 теңгеден жеткізіп

отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы басшысының орынбасары

Марат Шұғаевтың айтуына қарағанда,

өндірушілердің бағаны өсіруіне тауықтарға

беретін жем-азық, дәрумендердің

қымбаттауы себеп болып отыр.

- Әлемдік нарықта бидай бағасы

өсті. Сәйкесінше, бұл өзгеріс жемнің

бағасына әсер етті. Ал жұмыртқаның

өзіндік құнын қалыптастаруда азықтың

бағасы 60 пайызды құрайды. Негізгі

себебі – осы. Бұл ретте «жергілікті тауар

өндірушілер өзара келісіп, бағаны негізсіз

өсірді» деуге еш негіз жоқ. Нарықтың

қазіргі уақыттағы талабы жұмыртқа

бағасын қымбаттатуға мәжбүрлеп отыр,-

дейді М.Шұғаев.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Павлодар облысында алғашқы тоқсанда

жұмыртқаның 10 данасы 364 теңгеден

сатылуы тиіс деп белгіледі. Яғни, өңірдегі

шекті баға дәл осындай болуы керек.

Әйтсе де, бұл талап пен дүкендердегі

нақты жағдайдың арасы алшақ болып

отыр. Оған қарапайым сатып алушылар

куә. Ірі сауда желілерін былай қойғанда,

кейбір әлеуметтік дүкендердің өзінде

жұмыртқаның ондығы 460-480 теңге

тұрады. Ендеше, әлеуметтік маңызы

бар азық-түлік қатарына кіретін бұл

өнімнің бағасы неге бұлай құбылып

отыр?

Облыстық кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық

даму басқармасы

бөлімінің басшысы Талғат Дұғаловтың

айтуынша, жергілікті билік тек бірінші

санаттағы әрі оралмаған жұмыртқаның

бағасын ғана бақылап, реттеуге құқылы.

Ал қаптамадағы жұмыртқалардың бағасы

мемлекет тарапынан қадағаланбайды.

- Жыл басынан бері жұмыртқа

бағасы 15 пайызға қымбаттады. Бөлшек

саудада жұмыртқаның 10 данасының

орташа бағасы - 390-420 теңге. «iNmart»

сауда желісінің дүкендерінде 317 теңгеден

Жұмыртқа бағасы

тұрақтануы тиіс

сатылады. Ал әлеуметтік дүкендердегі

баға 365 теңгеден аспайды, - дейді

Т.Дұғалов.

Материалды дайындау барысында

мәселенің мән-жайын білу үшін кейбір

әлеуметтік дүкендерге арнайы бардық.

Бірақ олардың бірқатарында жұмыртқа

бағасы жоғарыда аталған 365 теңге

емес, 460 теңге екенін байқадық. Ресми

дерек пен нақты жағдайдың үйлеспеу

себебін «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік

корпорациясы» АҚ басқарма төрағасы

Мейрам Өтешов түсіндіріп берді.

- Өткен жылдың желтоқсан айында

«Павлодар-Құс» кәсіпорнымен келісімшарт

жасап, 2 млн. дана жұмыртқаның

әрқайсысын 32 теңгеге сатып алдық. Осы

уақытқа дейін оның 360 мың данасын

әлеуметтік дүкендерге 20 теңгеден

жеткіздік. Яғни, алған бағамыздан

арзанға үлестіріп бердік. Ақпан айында

Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен

жаңа ережеге сәйкес, енді бір данасын

33 теңгеден жеткізуіміз тиіс. «Дүкен –

тұрақтандыру қорының серіктесі» жобасына

қатысушылар жұмыртқаның он

данасының бағасын 365 теңгеден асырмауы

керек. Бұл ретте атап өтер жайт,

әлеуметтік дүкендердегі бөлімдердің

барлығы бірдей біздің серіктесіміз

емес. Аталмыш жобаға қатысқан

165 дүкеннің 49-ында ғана жұмыртқа

сатылады. Мәселен, бір ғана «Арзандау»

әлеуметтік дүкенінде жұмыртқа саудалайтын

бірнеше нүкте бар. Бірақ олардың

тек біреуі, №22 бөлім – тұрақтандыру

қорының серіктесі. Өкінішке қарай,

кейбір сатып алушылар әлеуметтік

дүкендердің барлығы бірдей қордың

өнімімен қамтылады деп ойлайды. Бұл –

жаңсақ пікір. Алдағы уақытта мұндай

түсініспеушіліктер болмас үшін қордың

тауарларын сататын сауда нүктелеріне

арнайы логотиптер немесе белгілер

қою жоспарда бар, - дейді М.Өтешов.

Жергілікті билік өкілдері алдағы

уақытта жұмыртқа бағасы тұрақталуы тиіс

деп пайымдайды. Себебі тұрақтандыру

қорындағы өнім сатылымға шығарылады,

тауар өндірушілерге мемлекет тарапынан

қаржылай қолдау болады.

- Өткен жылы құс фабрикаларына

250 млн. теңге көлемінде субсидия

берілді. Биыл 270 млн. теңге көлемінде

демеу қаржы қарастырылып отыр. Бұл

шаруашылықтардың шығындарын өтеуге,

жергілікті нарықтағы бағаны реттеуге

оң әсер етуі тиіс, - деп есептейді

Марат Шұғаев.

Статистикалық деректерге сүйенсек,

облыс тұрғындары күніне 550 мың

жұмыртқаны тұтынады. «Павлодар-Құс»

және «Шарбақты-Құс» фабрикалары

бұл сұранысты толығымен өтейді.

Екі фабрика тәулігіне 600-650 мың

дана жұмыртқаны нарыққа жөнелтеді.

Бұл кәсіпорындар тұтынушылардың

жылдық сұранысын да қамтамасыз

етуге қауқарлы. Бір жылда өңірдегі

сатып алушыларға шамамен 200 млн.

дана жұмыртқа керек. Ал фабрикалар

253 млн. данасын шығарады. Атап

өтелік, жергілікті тауар өндірушілер

нарықтың 80-85 пайызын өз өнімдерімен

толтырып отыр. Қалған 15-20 пайызы –

сырттан келетін өнімдер.

Билік бағаны тұрақтандыру мақсатында

жоғарыда аталған шараларды

қолға алғанына қарамастан, сатушылар

бағаны негізсіз өсіруі мүмкін. Сондай

жағдайлар орын ала қалса, тұрғындар

«109» бірыңғай байланыс орталығына,

аудан-қала әкімдіктері жанынан құрылған

«Жедел желілерге» хабарласа алады.

Өз кезегінде құзырлы органдар әр

өтінішті назарға алып, оңай жолмен

табыс табуды көздегендерді жауапқа

тарту жолдарын қарастыруға уәде берді.

БИЛІК ЕСЕП БЕРУДЕ

Әр сауал назарға алынады

Биыл Павлодар қаласында абаттандыру жұмыстары жалғасын

таппақ. Шаһар көшелеріне 22 мың түп ағаш отырғызылады

деп жоспарланған. Бұл туралы қала басшысы Ержан

Иманслям тұрғындармен қорытынды есептік кездесуінде

мәлімдеді. Жиынға облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов қатысты.

Ержан Иманслямның баяндамасына

көз жүгіртсек, өткен жылы шаһарда

атқарылған шаруалар аз емес. Жобалардың

дені мемлекеттік бағдар-ламалар

шеңберінде жүзеге асып отыр. Мәселен,

шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту

мақсатында «Бизнестің жол картасы

– 2020» бағдарламасы аясында жалпы

құны 21,4 миллиард теңге қаражатқа

524 жоба мақұлданған. Ал «Қарапайым

заттар экономикасы» бағдарламасы

шеңберінде 10 жоба жүзеге асыпты.

Дей тұрғанмен, карантиннің салқыны

бұл салаға кері әсерін тигізбей қойған

жоқ. Былтыр жеке кәсіпкерлердің саны

0,3 пайызға азайған. Көрсеткіштің

төмендеуіне арнаулы салық режимінің іске

қосылуы да әсер етті деген болжам бар.

«Сұрақ-жауап» кезеңінде әдеттегідей

павлодарлықтардың тарапынан коммуналдық

салаға қатысты сауалдар қарша

борады. Мәселен, Усолка шағын ауданының

тұрғындары үйдегі жылу параметрлеріне

көңілдері толмайтынын жеткізді.

Е.Иманслям алдағы уақытта жылу магистралі

салынып, Усолка және Дачный

шағын аудандарындағы жылу мәселесі

шешімін табатынын жеткізді. «Сарыарқа»

шағын ауданының тұрғындары жылы

аялдамаларға зәру екендерін айтады.

Шаһар басшысы алдағы уақытта әр

шағын ауданда кем дегенде 1-2 жылы

аялдама пайда болатынын сүйіншіледі.

Бірқатар павлодарлық «Строитель»

саяжайының тағдыры жайлы сұрады.

Е.Иманслям «Достық» шағын ауданын

кеңейту мақсатында аталған саяжайдағы

үйлердің сүрілетінін айтты. Төлемақы

нарықтық бағаға байланысты төленбек.

Бұл бағыттағы жұмыстардың басталу

уақыты әлі белгісіз.

Кенжекөл ауылының тұрғындары

көшелерді асфальттау ісі жайлы сұрады.

Қала басшысы биыл 5 бірдей көшеге

асфальт төселетінін мәлімдеді. Павлодар

ауылының тұрғындары саяжай өнімдерін

делдалсыз өткізу үшін облыс орталығында

арнайы сауда орындарының санын көбейтуді

сұрады. Сапаржай аумағында пайда

болса тіпті жақсы. Ержан Иманслям

бүгінде әр шағын ауданда саяжай

өнімдерін сатуға мүмкіндік қарастырылып

жатқанын айтты. Екінші Павлодар шағын

ауданының тұрғындары бос уақытты

өткізетін демалыс орталығының жоқ екенін

алға тартуда. Ең жақыны – «Шаңырақ»

орталығы. Шаһар басшысы алдағы уақытта

Нұрмағамбетов көшесіндегі Теміржол

колледжінің бұрынғы ғимараты қайта

жаңғыртылып, онда демалысты тиімді

өткізетін үйірмелер ашылатынын жеткізді.

Сондай-ақ тұрғындар тарапынан ағаш

кесу, қаңғыбас иттердің көзін жою, таңғы

және кешкі қарбалас уақытта қоғамдық

көліктердің (автобустардың) санын

арттыру, жасыл желекті арттыру бойынша

сауалдар қойылды. Ержан Иманслям

барлық сұрақтарды назарда ұстап, алдағы

жұмыс жоспарына енгізетініне уәде етті.

Оралхан ҚОЖАНОВ.

Мерзім

ұзартылды

Елімізде жеке кәсіп иелері, шағын және

орта бизнес өкілдері міндетті әлеуметтік

сақтандыру жүйесіне жарна аударудан

уақытша босатылған еді. Кәсіп иелері

қарамағындағы қызметкерлерінің жеке

мәліметтерін «Сақтандыру» жүйесінде

жаңартып отырулары тиіс. Бұл жұмыс

аймағымызда өз деңгейінде орындалмай

отыр.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар

облысы бойынша филиалының мәліметінше, шағын

және орта бизнес саласында еңбек ететін адамдар

жеке мәліметтерінің жаңартылмауына байланысты

міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры аясында

ұсынылатын тегін көмектен қағылуы мүмкін. Себебі

қазір осы салада жұмыс істейтін адамдардан шағым

көп түсуде. Олар жергілікті емханадан қажетті емді

ақысыз негізде ала алмай жүргендерін айтып, арыздануда.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры

кәсіп иелеріне қарамағындағы жұмысшылардың

жеке мәліметін базаға енгізуде арнайы уақыт берген

болатын. Бизнес басқарып отырғандар бұл жұмысты

ағымдағы жылдың 25 қаңтарына дейін аяқтауы

тиіс еді. Ол үшін қордың msb.fms.kz сайтына кіріп,

жұмыскерлердің жеке сәйкестендіру нөмірін теруі қажет.

Аймағымызда әлі де 2135 мекеме қызметкерлерінің

тізімі жаңартылмаған. Осыған байланысты мәліметті

жаңарту мерзімі 1 сәуірге дейін ұзартылды. Бизнес

иелері осы уақытқа дейін сайтқа қызметкерлердің

тізімін енгізіп үлгеруі тиіс.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ЭТИКА

Қызметінен

босауы мүмкін

Алкогольді ішімдік ішіп, темір тұлпар

тізгіндеген шарбақтылық шенеунік

жұмыстан қуылмақ. Заң бұзушылыққа

жол берген қатардағы маман емес,

білдей бір аудан әкімінің орынбасары

болып шықты. Оған қатысты іс Әдеп

жөніндегі кеңесте қаралды.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары Әнуар

Қантаевтың көлігін Павлодар қаласының патрульдік

полиция инспекторы тоқтатады. Жол сақшысы темір

тұлпар жүргізушісінің рөлде ішімдік тұтынған күйінде

отырғанын байқайды. Мұны кейін тиісті сараптама да

дәлелдеген. Алайда шенді өз кінәсін мойындаудан

бас тартады. Себебін бірнеше күн бұрын ішкен сыра

мен құрамында спирті бар дәрі-дәрмектердің әсері

деп түсіндіреді. Бұл жағдайдың қызметіне кедергі

болуы мүмкін екенін түсініп, қайда жұмыс істейтінін

де жасырып қалуға тырысқан. Оған қарамастан,

Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік

соты Ә.Қантаевты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылықтар

туралы» Кодексінің 608-бабының 1 бөлімі бойынша,

яғни мас күйінде көлік жүргізгені үшін кінәлі деп

табады. Шенеунікті 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып,

7 жылға автокөлікті басқару құқығынан айырады.

Енді міне, Шарбақты ауданы әкімінің орынбасарына

қатысты іс Әдеп жөніндегі кеңесте қаралды. Жиын

ZOOM платформасы арқылы онлайн режимінде өтті.

Өкінішке қарай, Ә.Қантаев интернет байланысының

нашарлығын алға тартып, өз тәртібі қаралған отырысқа

қатыспады. Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері шендінің

бұл әрекетін құрметсіздік деп бағалады.

- Ә.Қантаевтың әрекеті жалпы мемлекеттік

қызметтің беделіне нұқсан келтіреді. Онымен қоса,

мас күйінде рөлге отыру арқылы ол қала көшесіндегі

өзге адамдардың өміріне қауіп төндірді. Сондықтан

оны Шарбақты ауданы әкімінің орынбасары қызметінен

босатуды ұсынамын, - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері

агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің

басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы Ержан

Қарымсақов. Оның ұсынысын кеңес мүшелерінің

барлығы қолдады.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Баянауыл

аудандық экономиканың нақты сектор бөлімінің басшысы

Бекен Жанахметовке қатысты да іс қаралды. Оның

мемлекеттік сатып алулар барысында қателікке жол

бергені дәлелденді. Кеңес мүшелері аталған шендіге

қатаң сөгіс жариялау туралы шешім қабылдады.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!