11.02.2021 Views

11 ақпан

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

SARYARQA SAMALY 11 ақпан, бейсенбі, 2021 жыл

5

Өсімдік майы

өзімізде өндіріледі

ӨНДІРІС

Бүгінде облысымызда рафинадталған өсімдік майын шығаратын бірде-бір зауыт жоқ.

Сондықтан өзге өңірлерден жеткізілетін өнімді сатып алудан басқа амал қалмай тұр.

Олардың бағасы өндіруші мен делдалдардың шығындарын, сатушылардың үстемеақысын

қоса есептеген кезде жиі құбылып тұрады. Бірақ бұл – уақытша құбылыс. Осы жылдың

мамыр айында жергілікті нарыққа павлодарлық кәсіпорында өндірілген тазартылған

өсімдік майы жол тартады.

Қазіргі кезде облыс аумағында 10-нан

астам орын күнбағысты өңдеумен айналысады.

Олардың қатарында «Галицкое»,

«Щербак» сынды ірі шаруа қожалықтары

бар. Десе де, өңірдегі өндірушілердің

барлығы тек рафинадталмаған өсімдік

майын шығарады. Оның сапасы мен

пайдасы тазартылған түріне қарағанда

жоғары болғанмен, тұтынушылар тарапынан

сұраныс аз. Облыс тұрғындары

көп жағдайда «Шедевр», «Маслозавод

№1», «Слобода», «Золотая семечка»,

«Заречное» сынды рафинадталған өсімдік

майын алуды құп көреді. Олардың

барлығы Шығыс Қазақстан, Алматы

облыстары мен көршілес Ресей елінің

өңірлерінен жеткізіледі. Оған қоса, бағасы

жиі өзгеріп, кейбір сатып алушылардың

қалтасына салмақ салады. Айталық, өткен

жылдың соңында күнбағыс майының

бір литрі орта есеппен 150-200 теңгеге

қымбаттаған еді. Бұл ретте бағаның

құбылуына өнімді өзімізде өндірер

кәсіпорынның болмауы да кері әсер

еткен болса керек.

Бұл мәселеге «Павлодар» әлеуметтіккәсіпкерлік

корпорациясы назар аударды.

Тұрақтандыру қорына өсімдік майын

алып, оны әлеуметтік дүкендерге жеткізу

арқылы бағасын реттеуді жоспарлаған

кезде аймақта тиісті кәсіпорынның

жоқтығы анық байқалды. Сондықтан

жергілікті тауар өндірушілердің бірімен

келіссөз жүргізіп, рафинадталған өсімдік

майын өндіру мәселелері талқыланды.

Екіжақты келіссөз өз жемісін берді.

Жақын уақытта облыста тазартылған

өсімдік майы шығарылатын болады.

Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы

«Павлодарский агрокомплекс» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі кәсіп

аясын кеңейтуге бел буды. Қазіргі күні

аталмыш кәсіпорын тек рафинадталмаған

өсімдік майын дайындайды. Оны жергілікті

сауда орындарына жеткізеді. Енді

тұтынушылардың сұранысын ескере

келе, өнімнің тазартылған түрін де

нарыққа жөнелтуді жоспарлап отыр.

Кәсіпкердің бұл ойын іске асыруға

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы

жан-жақты қолдау көрсетпек.

Корпорация төрағасының орынбасары

Марлен Нәбиевтің айтуынша, «Павлодарский

агрокомплекс» компаниясына

25 млн. теңге көлемінде жеңілдетілген

несие қарастырылып отыр. Қазіргі

уақытта кепілге қояр мүлікті ресімдеу

жұмыстары жүргізілуде. Бұл сомаға

жаңа цехты іске қосуға қажет құралжабдықтар

сатып алынады. Ал осы

жылдың мамыр айында алғашқы өнімді

шығару жоспарда бар.

- Аталмыш кәсіпорынның күнбағысты

өңдеу, дайын өнімді сатылымға шығару

бағытында тәжірибесі мол. Жаңа цех

ашылған соң күніне шамамен 3 тонна,

жылына 900 тонна рафинадталған өсімдік

майын дайындайды. Бұл – ірі зауыттарға

тең келер жоғары қуаттылық емес

әрине, әйтсе де облыс тұрғындары

сұранысының басым бөлігін өтеп, бағаны

реттеуге оқ ықпал етуі тиіс, - дейді

М.Нәбиев.

Осы орайда аталмыш кәсіпорынның

өз-өзін шикізатпен қамтуы ұтымды болып

отыр. Әйтпегенде, өзімізде алдыңғы

қатарлы өңдеу орны болмағандықтан,

күнбағыстың барлығы дерлік Шығыс

Қазақстан, Алматы облыстарына, тіпті

Ресей мен Қытайға жөнелтілетіні белгілі.

Кейін облыста өсірілген шикізат өңделіп,

өндіріс, жол шығындары ескеріліп,

жергілікті нарыққа қымбат дайын өнім

түрінде қайтып келеді. Сондықтан

павлодарлық шаруалар «облысымызда

рафинадталған май шығаратын кәсіпорын

болса, сырттан сатушы іздемес едік»

деген ойын бірнеше рет білдіріп,

мәселе көтерген еді. Алдағы уақытта

бұл олқылықтың да орны толтырылмақ.

«Павлодарский агрокомплекс» ЖШС

алдымен өз шикізатын пайдаланса,

кейін қуаттылықты арттырып, өзге

шаруалардың өніміне қызығушылық

танытуы әбден мүмкін.

Осылайша, кәсіпорын жанынан тағы бір цехтың өндіріске

кірісуі бірнеше мәселені бір-ақ шешпек. Біріншіден, шикізатты

кәдеге жарату мәселесі оң жолға қойылады. Айта кетелік, былтыр

облыс аумағында 181,8 гектарға тұқым салынып, 120,1 мың

тонна майлы дақыл жиналған болатын. Екіншіден, баға

саясатын реттеп, тұрақтандыруға мүмкіндік туады. Себебі

өзімізде өндірілген өнімнің бағасы сырттан келген тауардың

құнынан арзан болуы тиіс. Үшіншіден, қосымша жұмыс

орындары құрылып, қызметкерлердің қаржылай жағдайы

жақсарады. Олай болса, бұрын-соңды облыста болмаған өнім

түрін дайындауға білек сыбана кіріскен кәсіпорынның ісіне

сәттілік тілейміз. Бастысы, сапасы жақсы, бағасы қолжетімді

болатын жергілікті тауарды алар күнді тағатсыздана күтетін

боламыз.

Коллажды жасаған - М.Мұстафина.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Салық

салынуы

мүмкін

Әлеуметтік желілер арқылы

тауарларын саудалайтын

шетелдік интернет-дүкендердің

жұмысы бақыланатын болады. Ол

үшін басқа елдің саудагерлеріне

салық салу жоспарланып отыр.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

басқарма төрағасының орынбасары Нариман

Әбілшайықов сатушы мен сатып алушы арасында

тауарларды қайтару, төлем жасау, сапасын тексеруге

қатысты түсініспеушіліктердің көп екенін

айтты.

- Бүгінгі күні әлеуметтік желілер арқылы сатылатын

тауарлар көлемі жайлы мәлімет жоқтың

қасы. Бұл нарықта заң талаптары да сақталмай

отыр. Интернет арқылы саудасын дөңгелетіп

отырған басқа мемлекеттің азаматтары салық

төлемдерін жасамайтындықтан, отандық саудагерлерден

баға бойынша басымдыққа ие, - деді

Н.Әбілшайықов.

Сондықтан отандық және шетелдік сатушылардың

арасында тепе-теңдікті сақтап, нарықты реттеп,

сауданы заң аясында жүргізу үшін салық салу

мәселесі талқылануда. Демек, таяу уақытта өз

өнімдерін қазақстандықтарға өткізуге ниетті өзге

елдің тұрғындары қосымша құн салығын төлеуі

әбден мүмкін.

Экспорттық

әлеует артпақ

Биылдан бастап өнімдерін

экспортқа шығаратын отандық

кәсіпорындарға қаржылай қолдау

көрсетіледі. Сонымен қатар,

тауарларды әлемдік нарыққа

жөнелту жолында мол мүмкіндік

жасалмақ.

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт

Сұлтанов 2021 жылғы жоспарға сәйкес, 10 саудаэкономикалық

миссия мен 2 халықаралық көрмеге

қатысу көзделгенін айтты. Соның нәтижесінде

100 мың АҚШ доллары сомасына 80 экспорттық

келісімшарт жасау жоспарда бар. Одан бөлек,

130 жаңа экспорттаушы сыртқы нарыққа шығады.

Оның елуі «Alibaba» халықаралық электронды

платформасына енгізіледі.

- «KazakhExport» құралдары шеңберінде

экспорттаушыларға сақтандыру бойынша 200 млрд.

теңгеге дейін қолдау көрсетілмек. Сауданы

қаржыландыру тетігін енгізуді де ұсындық. Одан

бөлек, сыртқа өнім жеткізушілер үшін қосымша

құн салығын жеңілдету мәселесі қарастырылуда.

Осы шаралардың нәтижесінде шикізаттық емес

өнімдердің экспорты екі есеге артуы тиіс, -

деді Б.Сұлтанов.

Өзге мемлекеттерге тауарлар жөнелтетін

кәсіпорындарға қарастырылған барлық жеңілдіктерді

export.gov.kz порталы арқылы білуге болады.

Бетті әзірлеген - Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!