14.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен

жиын барысында әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларының бағасын ұстап

тұру шаралары талқыланды. Облыстық

кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының басшысы Ернұр

Жәутікбаевтың сөзінше, өңірде өндірілетін

өнімдердің бағасын реттеу мақсатында

жергілікті тауар өндірушілермен бірнеше

меморандум жасалды. Айталық, 33 шаруа

қожалығы 30 мың тонна картоп пен 6 мың

тонна сәбізді 95 теңгеден жеткізуге

міндеттелді. Кейін бұл көкөністердің келісі

әлеуметтік сауда нүктелерінде 115 теңгеден,

ірі сауда желілерінде 125 теңгеден

сатылады. Сол сияқты астық өсіретін

91 шаруашылық 85 мың тонна бидаймен

қамтуы тиіс. Бұл өз кезегінде әлеуметтік нан

бағасының 95 теңгеден аспауына әсер

етеді.

- Аймақтағы сауда орындарында әлеуметтік

маңызы бар тауарларға 15 пайыздан

артық үстемеақы қосқан сатушы жоқ.

Тұрақтандыру қорындағы өнімдер 184 серіктес

дүкенге еш қиындықсыз жеткізілуде.

Ендігі ретте жармалар, қарақұмық, жұмыртқа,тауық

етімен қамту, олардың бағасын

белгілеуге қатысты меморандумдар жасалуы

керек. Сондай-ақ, бірінші кезекте керек

өнімдер қатарына қияр мен қызанақты

қосуды ұсынамыз, - деді Е.Жәутікбаев.

Сауда орындарын әлеуметтік тауарлармен

қамтуға жауапты «Павлодар»

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының

басшысы Нұралы Әділов бағаны тұрақтандыру

мақсатында барлығы 3,7 млрд теңге

бөлінгенін айтты. Оның тең жартысы

тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алуға,

қалған жартысы сауда орындарының айналым

қаражатын толтыруға қарастырылды.

- Соның нәтижесінде тұтынушылар

тарапынан сұранысы жоғары тауарларды

қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік

жасалып отыр. Сауда орындарына күніне

20-30 тонна өнім жеткізіледі. Қордағы

тауарлар 5-6 айға жетеді. Мәселен, тұрақтандыру

қорынан келісі 240 теңгеден

босатылатын қанттың бағасы дүкен сөрелерінде

264 теңгеден аспайды. Келісі

207 теңгеден жеткізілетін күріштің бағасы

228 теңгеден сатылады, - деді Н.Әділов.

Алайда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

баға саясатын реттеуге жауапты екі

мекеменің жұмысын сынады.

- Дүкендердің ішінен тұрақтандыру

қорынан жеткізілген, әлеуметтік маңызы

бар тауарларды сататын бөлімдерді табу -

қиынның қиыны. Ешқайда «Бұл өнім тұрақтандыру

қорынан жеткізілді, әлеуметтік

бағамен сатылады» деген жазу жоқ.

Тұтынушылар үшін сүт, ет өнімдері, көкөніс

сатылатын сөрелер жеке қойылмаған.

Бағаны бақылау жұмыстары да жүргізілмейді.

Сондықтан жауапты мекемелердің

қызметкерлері кабинеттерден шығып, бағаны

реттеу мәселесін дүкендерді аралап,

қолға алсын. Сауда сөрелерінде әлеуметтік

өнімдердің шекті бағалары көрсетілген

бағалар жазулы тұруы керек. Тұрғындарды

ақпараттандыруға ден қою керек.

Әлеуметтік сату нүктелерінің мекенжайлары,

тұрақтандыру қорынан алынған

өнімдердің бағалары – барлығы ақпарат

құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялануы

тиіс. Бағаларды тұрақтандыру ісімен

өнім қымбаттаған соң емес, алдын ала

айналысу керек, - деп тапсырды Ә.Сқақов.

Жиын барысында соңғы уақытта

көтерілген сүт пен сүт өнімдерінің бағасы

да талқыға салынды. Қаңтар айында

кейбір жергілікті зауыттар бағаны күрт

өсірген болатын. Бұл тұтынушылар тарапынан

наразылық тудырды. Сондықтан

жергілікті билік кәсіпорындармен келіссөздер

жүргізіп, бағаны былтырғы деңгейге дейін

түсірді. 12 қаңтардан бастап «Молком-

Павлодар» зауытының өнімдері бұрынғы

баға бойынша сатыла бастады.

- Жергілікті билікпен жүргізілген

келіссөздер нәтижесінде майлылығы

2,5 пайыз болатын сүттің бағасын тұрақты

сақтап қалу туралы келісімге келдік. Қазіргі

уақытта өнімнің литрі 192 теңгеден босатылып,

дүкендерде 212-220 теңгеден саты-

луда, - деді «Молком-Павлодар» ЖШС

директоры Виталий Михайлов.

Сонымен қатар, диірмендерді астықпен

қамту мәселесі талқыланды. Еске сала

кетейік, өткен жылы нан бағасын тұрақты

ұстап тұру мақсатында астықты диірмендерге,

ұнды наубайханаларға тапсыру,

наубайханаларда пісірілген әлеуметтік

нанды сауда орындарына жеткізудің толық

жүйесі құрылды. Соның негізінде меморандумдар

да жасалды. Бірақ кейбір

аудандар бұл келісімді сақтаған жоқ.

- Былтыр нан бағасын 95 теңгеден

асырмау мақсатында бірінші сұрыпты

13 мың тонна ұнды өндіру, оның келісін

117 теңге көлемінде белгілеу бойынша

нақты жоспарлар түзілді. Сол мақсатта

аудандарға диірмендерге жеткізілетін

бидайдың көлемі белгіленді. Алайда,

Ертіс ауданынан басқа әкімдіктер бұл

жұмысты сылбыр атқарды. Мәселен,

Успен жоспарлы көлемнің тек 30 пайызын,

Железин ауданы 37 пайызын орындады.

Нан – ең маңызды өнім. Сондықтан жүктелген

жауапкершілікке немқұрайлы қарауға

болмайды, - деді аймақ басшысы.

Бұл ретте облыс әкімі Ә.Сқақов қияр

мен қызанақты жеткізу, олардың бағасын

реттеу жұмысын да сынға алды.

- Бүгін облыс орталығындағы бірқатар

сауда орнын аралап, сатушылармен де,

тұтынушылармен де сөйлестім. Жоғарыда

атап өткенімдей, тұрғындардың басым

бөлігі тұрақтандыру қорынан жеткізілетін

өнімдерді, оларды босату бағасын біле

бермейді. «Керуен» базарына барғанымда

қиярдың бағасы екі есе қымбат екенін

байқадым. Сатушылардың айтуынша, бұл

өнімдер оңтүстіктен жеткізіліп, «Рахмет»

базары арқылы таратылады. Сондықтан

«Рахмет» базарына өнімдерді жеткізу жолын,

Инфографикаларды жасаған - Н.Кожиков.

олардың бағасының белгіленуін тексеру

керек. Бұл – бір. Екіншіден, өзімізде қияр

мен қызанақ өсіретін жылыжай бола тұра,

бағасы шарықтап тұрған оңтүстік көкөністерін

саудалау – қисынға келмейтін дүние.

Бұл жауапты органдардың өндірушілер мен

сауда орындары арасындағы байланысын

орната алмай отырғанын көрсетеді. Аз

уақыт аралығында бұл мәселені реттеп,

өңірдегі дүкендердің жергілікті жылыжайлардан

алатын қияр мен қызанақ көлемін

бірнеше есеге арттыруды тапсырамын.

Өзіміздің өнім бар болған тұста басқа

облыстардан жеткізілетін көкөністерді

ығыстыру керек, - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, бұрнағы күні Ақсу, Павлодар

жылыжай комбинаттары, «Qaztomat»

ЖШС ірі сауда желілермен меморандум

жасады. Соған сәйкес, қиярдың келісі

750 теңгеден босатылып, сауда сөрелеріндегі

бағасы 995 теңгеден аспауы тиіс.

Қызанақтың келісі 550 теңгеден жеткізіліп,

ары кеткенде 765 теңгеден сатылуы

керек. Сондай-ақ, жиын соңында павлодарлық

сүт өңдеу орындары майлылығы

2,5 пайыз болатын сүт пен айранның,

сүзбе мен сары майдың бағасын былтырғы

деңгейде сақтау туралы меморандумға

қол қойды.

Кейін облыс әкімі Ә.Сқақов әлеуметтік

желілердегі жеке парақшасында азықтүлік

бағасына қатысты жазба жариялады.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын

өсіруге еш негіз жоқ екенін атап өтіп,

тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті

екенін жазды.

- Облыста күн сайын бағаны бақылайтын

арнайы комиссия жұмыс істейді. Сауда

нүктелерінің мониторингін мобильді топтар

жүргізеді. Жауапты мекемелерге серіктес

дүкендерінің мекенжайлары мен шекті

бағалары туралы ақпаратты кеңінен таратуды

тапсырдым. Бағаның рұқсат етілген

деңгейден асып кету фактілері туралы

@upiir_pavlodar хабарлауыңызды сұраймын,

- деп жазды Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, аудан-қала әкімдеріне

дүкен, базарларды аралап, жағдайды

бақылауды жүктеді. Бұл ретте мемлекеттік

қолдау арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған

өндірушілерге бағаны тұрақты сақтау

туралы келісім жасағандары үшін де

ризашылығын білдірді. Әлеуметтік маңызы

бар тауарлар тізіміне кірмейтін азық-түлік

түрлері бағалары да тұрақты бақылауда

болатынын атап өткен жөн.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!