14.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН

Үш тілде

сөйлеп үйренейік!

ЭССЕ

Тәуелсіздік –

тұғырым

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы –

сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Ainalaiyn» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық

үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағыл-

шын тілі маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова

үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз сын есім атауларын үйренеміз.

Ендеше, іске сәт!

Аққала

Снеговик

Snowman

Шаңғы

Лыжи

Ski

Шырша

Ёлка

New Year Tree

Қар

Снежинка

Snowflake

Хоккей

Хоккей

Hockey

Коньки

Коньки

Skates

Шана

Санки

Sledge

Мұз айдыны

Каток

Ice rink

Тәуелсіздік – әр адам, әр ел үшін маңызды ұғым. Біздің еліміздің

тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толды. Тәуелсіздігіміз үшін

қаншама ата-бабаларымыз, аға-апаларымыз құрбан болды. Қазақ

тарихында қаншама қиын-қыстау замандар, қайғылы оқиғалар

болды.

«Ақтабан шұбырынды», «Жоңғар шапқыншылығы»,

ХХ ғасырдың басындағы

Ұлт-азаттық көтеріліс, 1930 жылдардағы

ашаршылық, қазақ зиялыларын қуғынсүргінге

ұшырап қудалануы, 1941-45 жылдар

аралығындағы Ұлы Отан соғысы, тәуелсіздік

үшін болған 1986 жылғы «Желтоқсан

оқиғасы» секілді тарихи оқиғаларды

бастан кешкен қазақ елінің ұрпағымыз.

Қазақ тарихындағы маңызды кезеңдерде

белгілі тұлғалар Қазақ хандығының негізін

қалаған Керей мен Жәнібек хандар және

оны гүлдендіріп, көркейткен Қасым хан,

«Ақтабан шұбырынды» кезінде еңсесі

түскен қазақты жинап, үш жүздің басын

біріктірген Абылай хан, ұлт азаттығы

үшін күрескен Исатай мен Махамбет

батырлар еді.

Қараңғы қазақтың көзін ашу үшін қуғынсүргінге

ұшыраған Ахмет Байтұрсынов,

Әлихан Бөкейханов, т.б. қазақ зиялылары,

Ұлы Отан соғысындағы ержүрек

батыр атамыз Бауыржан Момышұлы,

тәуелсіздік үшін жанын берген қазақ

жастары – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира

мен Ләззат сынды тәуелсіздігіміз үшін

күрескен тұлғаларымызды мақтан тұтамын.

Енді, міне, сол тұлғалардың арқасында

біздің егемен еліміз, кең байтақ жеріміз,

ана тіліміз, ата-дәстүр, дініміз бар. Бізге

аманат етіп қалдырған Тәуелсіз елді

келер ұрпаққа табыстауымыз керек.

Шернияз БЕКЕТАЙ,

№25 мектептің 8 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

ЖАС ҰЛАН

Менің Қазақстаным

Менің туып-өскен жерім – Қазақстан. Мемлекетіміздің

ең басты құндылығы – адам, оның өмірі мен бостандығы.

Сондықтан осында өмір сүретін барлық ұлттар

мен ұлыстардың құқығы тең. Қазір елімізде 100-ден

астам ұлт өкілі тұрады.

Қазақстан – асты да, үсті де бай

ұлан байтақ жері бар, егеменді ел.

Еліміздің көркем табиғаты мен көрікті

жерлері әрбір адамды таңдандырады.

Бас қаламыз Нұр-Сұлтан – өте

әдемі, тез дамушы, заманауи қала.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі

бойынша астанамыз «Бейбітшілік

қаласы» атағына ие болды. Бурабай

– Сарыарқаны шырайын келтірген

құтты мекен. Мұнда көптеген тіршілік

иелерін кездестіруге болады.

Павлодар облысының ең көрікті

жері – Баянауыл. Бұл – орманды,

таулы, көлді аймақ. Табиғатын,

ауасын, топырағын сағынғанда

отбасымызбен саяхаттап барамыз.

Бұрын қазақ жерлеріне көптеген

ел шапқыншылық жасады. Бірақ

қаhармандарымыз намысын қолдан

бермей, елді жаудан қорғап

қалған. Қазір біз тәуелсіз мемлекетте

өмір сүріп жатырмыз. Мен

осындай елім барына мақтанамын!

Мен Қазақстандай байтақ елімді

мақтан тұтамын! Қазақ болғаныма

қуанамын!

Нүрия ТҮКЕБАЕВА,

Б.Момышұлы атындағы орта

мектептің 2 «Д»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Егемен ел

Қазақстан – Отаныма,

Ән-жырымды арнадым.

Егемен елде ер жетіп,

Азамат болу арманым.

Айналама қарасам,

Кең жазира даласы.

Мен білімге ұмтылған,

Егемен елдің баласы!

Нарғыз ЖҰМАБЕКОВА,

№19 орта мектептің

1 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Туған жер

Неткен ғажап менің елім,

Туып-өскен байтақ жерім.

Көрген адам көзі тоймас,

Табиғаты сұлу, керім.

Неткен ғажап менің елім,

Тау-тасың мен шалқар көлің.

Туған жердің қымбат маған

Ауасы мен самал желі.

Ерасыл ҒИЗАТУЛЛА,

№19 орта мектептің

2 «Б»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Қазақстан

Қазақстан – көркем елім, байлығым,

Өзің жайлы жыр жазамын, айбыным.

Көзің тоймас биік-биік тауларға,

Аққу-қаздар қонған сұлу айдының.

Жасай берші, туған өлкем, мәңгілік,

Көркейе бер, күннен-күнге сән құрып.

Көк аспанда көк байрағың желбіреп,

Бар әлемге жетсін атың жаңғырып.

Аиша КЕНЖЕБАЙ,

Б.Момышұлы атындағы орта мектептің

2 «Д»-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

«Ainalaiyn» қосымшасының үйлестірушісі - Торғын ОРАЗАЛЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!