14.01.2022 Views

Сарыарқа самалы, 15 қаңтар, сенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Күшіміз - бірлікте!

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

15 қаңтар, сенбі

2022 жыл

№4 (15772)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarqa_samaly

ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК

Бағаны өсіруге

негіз жоқ

Нақпа-нақ

«Кәсіпкерлікті

дамыту» ұлттық

жобасы аясында

өңірде

356

жобаны қолдау

жоспарлануда

КӨМЕК

Бітімгерлік

күштері

қайтуда

Ұжымдық қауіпсіздік туралы

шарт ұйымына мүше мемлекеттер

Ұжымдық бітімгершілік

күштерінің әскери қызметшілері

елдеріне қайта бастады.

Бүгінде Павлодар облысында әлеуметтік азық-түлік түрлерінің бағасын

өсіруге еш негіз жоқ. Соған қарамастан, кейбір сауда нүктелерінде

сүт пен одан дайындалған өнімдер, қияр мен қызанақ

қымбаттады. Жергілікті биліктің тез арада әрекет етіп, өндірушілермен

мәмілеге келуінің нәтижесінде баға қайта түсті. Бірақ бірінші

кезекте керек тауарларды саудалауда әлі де мәселелер бар.

Жеті атадан жеткен жәдігер:

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ЖЕКЕ ДӘПТЕРІ

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

Жалғасы 2-бетте

«Ertis» мультимедиялық музейі - мыңжылдықтар тоғысынан мәлімет беріп, тарих

беттерін баяндайтын байлықтың ордасы. Бүгінде аталмыш музейде Ертіс-Баян жерінің

ұлы тұлғаларының жеке заттары мен қолжазбалары сақтаулы. Олардың қатарында тарихшы

Әлкей Марғұланның 1927-1928 жылдары жазылған дәптері бар.

Толығырақ 12-бетте

ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштері

тобының қолбасшысы генерал-полковник

Анатолий Сердюков барлық жеке құрамға

батыл шешімдері мен әскери борышын

мінсіз орындағандары үшін алғыс айтты.

Сонымен қатар, қолбасшы Қазақстан

Қорғаныс министрлігінің басшылығына

көпұлтты бітімгершілік контингентінің

тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелерін

шешуге көмектескені үшін ризашылығын

білдірді.

ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары,

генерал-майор Мұхамеджан Таласов

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы

– ел Президенті Қасым-Жомарт

Кемелұлы Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттердің

басшыларына елдегі жағдайды

тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін Біріккен

бітімгершілік контингентін енгізу туралы

өтініш жасағанын атап өтті.

«Сіздер стратегиялық және басқа

да маңызы бар нысандарды күзетуді

қамтамасыз еттіңізідер. Бітімгершілік

контингент келіп, қазақстандық әскери

қызметшілер, ішкі істер қызметкерлері

содырларды іздестіру және ұстау бойынша

өздерінің тікелей міндеттеріне кірісе

алды», деді Мұхамеджан Таласов.

Қазақстан Қорғаныс министрінің атынан

Ұжымдық бітімгершілік күштері контингентінің

әскери қызметшілеріне алғыс

білдірілді. Бірқатар бітімгерлер ҚР Қорғаныс

министрінің бұйрығымен «Халықаралық

ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін»

медальдарымен және грамоталармен

марапатталды. Достық және әскери ынтымақтастық

қағидаттарын басшылыққа

ала отырып, конституциялық тәртіпті

қалпына келтіру бойынша бауырластық

көмек ретінде Армения Республикасы,

Беларусь Республикасы, Қырғызстан Республикасы,

Ресей Федерациясы мен Тәжікстан

Республикасы ел аумағына 2 030 адам

мен 250 бірлік әскери техникасын жіберген

еді. Алдағы күндері аталған әскер толығымен

Қазақстан аумағынан шығарылады.

Өз тілшіміз.


2 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК

Бағаны өсіруге негіз жоқ

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Облыс әкімдігінде аймақ басшысы

Әбілқайыр Сқақовтың төрағалығымен өткен

жиын барысында әлеуметтік маңызы бар

азық-түлік тауарларының бағасын ұстап

тұру шаралары талқыланды. Облыстық

кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық

даму басқармасының басшысы Ернұр

Жәутікбаевтың сөзінше, өңірде өндірілетін

өнімдердің бағасын реттеу мақсатында

жергілікті тауар өндірушілермен бірнеше

меморандум жасалды. Айталық, 33 шаруа

қожалығы 30 мың тонна картоп пен 6 мың

тонна сәбізді 95 теңгеден жеткізуге

міндеттелді. Кейін бұл көкөністердің келісі

әлеуметтік сауда нүктелерінде 115 теңгеден,

ірі сауда желілерінде 125 теңгеден

сатылады. Сол сияқты астық өсіретін

91 шаруашылық 85 мың тонна бидаймен

қамтуы тиіс. Бұл өз кезегінде әлеуметтік нан

бағасының 95 теңгеден аспауына әсер

етеді.

- Аймақтағы сауда орындарында әлеуметтік

маңызы бар тауарларға 15 пайыздан

артық үстемеақы қосқан сатушы жоқ.

Тұрақтандыру қорындағы өнімдер 184 серіктес

дүкенге еш қиындықсыз жеткізілуде.

Ендігі ретте жармалар, қарақұмық, жұмыртқа,тауық

етімен қамту, олардың бағасын

белгілеуге қатысты меморандумдар жасалуы

керек. Сондай-ақ, бірінші кезекте керек

өнімдер қатарына қияр мен қызанақты

қосуды ұсынамыз, - деді Е.Жәутікбаев.

Сауда орындарын әлеуметтік тауарлармен

қамтуға жауапты «Павлодар»

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының

басшысы Нұралы Әділов бағаны тұрақтандыру

мақсатында барлығы 3,7 млрд теңге

бөлінгенін айтты. Оның тең жартысы

тұрақтандыру қорына өнімдер сатып алуға,

қалған жартысы сауда орындарының айналым

қаражатын толтыруға қарастырылды.

- Соның нәтижесінде тұтынушылар

тарапынан сұранысы жоғары тауарларды

қолжетімді бағамен сатуға мүмкіндік

жасалып отыр. Сауда орындарына күніне

20-30 тонна өнім жеткізіледі. Қордағы

тауарлар 5-6 айға жетеді. Мәселен, тұрақтандыру

қорынан келісі 240 теңгеден

босатылатын қанттың бағасы дүкен сөрелерінде

264 теңгеден аспайды. Келісі

207 теңгеден жеткізілетін күріштің бағасы

228 теңгеден сатылады, - деді Н.Әділов.

Алайда облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

баға саясатын реттеуге жауапты екі

мекеменің жұмысын сынады.

- Дүкендердің ішінен тұрақтандыру

қорынан жеткізілген, әлеуметтік маңызы

бар тауарларды сататын бөлімдерді табу -

қиынның қиыны. Ешқайда «Бұл өнім тұрақтандыру

қорынан жеткізілді, әлеуметтік

бағамен сатылады» деген жазу жоқ.

Тұтынушылар үшін сүт, ет өнімдері, көкөніс

сатылатын сөрелер жеке қойылмаған.

Бағаны бақылау жұмыстары да жүргізілмейді.

Сондықтан жауапты мекемелердің

қызметкерлері кабинеттерден шығып, бағаны

реттеу мәселесін дүкендерді аралап,

қолға алсын. Сауда сөрелерінде әлеуметтік

өнімдердің шекті бағалары көрсетілген

бағалар жазулы тұруы керек. Тұрғындарды

ақпараттандыруға ден қою керек.

Әлеуметтік сату нүктелерінің мекенжайлары,

тұрақтандыру қорынан алынған

өнімдердің бағалары – барлығы ақпарат

құралдарында, әлеуметтік желілерде жариялануы

тиіс. Бағаларды тұрақтандыру ісімен

өнім қымбаттаған соң емес, алдын ала

айналысу керек, - деп тапсырды Ә.Сқақов.

Жиын барысында соңғы уақытта

көтерілген сүт пен сүт өнімдерінің бағасы

да талқыға салынды. Қаңтар айында

кейбір жергілікті зауыттар бағаны күрт

өсірген болатын. Бұл тұтынушылар тарапынан

наразылық тудырды. Сондықтан

жергілікті билік кәсіпорындармен келіссөздер

жүргізіп, бағаны былтырғы деңгейге дейін

түсірді. 12 қаңтардан бастап «Молком-

Павлодар» зауытының өнімдері бұрынғы

баға бойынша сатыла бастады.

- Жергілікті билікпен жүргізілген

келіссөздер нәтижесінде майлылығы

2,5 пайыз болатын сүттің бағасын тұрақты

сақтап қалу туралы келісімге келдік. Қазіргі

уақытта өнімнің литрі 192 теңгеден босатылып,

дүкендерде 212-220 теңгеден саты-

луда, - деді «Молком-Павлодар» ЖШС

директоры Виталий Михайлов.

Сонымен қатар, диірмендерді астықпен

қамту мәселесі талқыланды. Еске сала

кетейік, өткен жылы нан бағасын тұрақты

ұстап тұру мақсатында астықты диірмендерге,

ұнды наубайханаларға тапсыру,

наубайханаларда пісірілген әлеуметтік

нанды сауда орындарына жеткізудің толық

жүйесі құрылды. Соның негізінде меморандумдар

да жасалды. Бірақ кейбір

аудандар бұл келісімді сақтаған жоқ.

- Былтыр нан бағасын 95 теңгеден

асырмау мақсатында бірінші сұрыпты

13 мың тонна ұнды өндіру, оның келісін

117 теңге көлемінде белгілеу бойынша

нақты жоспарлар түзілді. Сол мақсатта

аудандарға диірмендерге жеткізілетін

бидайдың көлемі белгіленді. Алайда,

Ертіс ауданынан басқа әкімдіктер бұл

жұмысты сылбыр атқарды. Мәселен,

Успен жоспарлы көлемнің тек 30 пайызын,

Железин ауданы 37 пайызын орындады.

Нан – ең маңызды өнім. Сондықтан жүктелген

жауапкершілікке немқұрайлы қарауға

болмайды, - деді аймақ басшысы.

Бұл ретте облыс әкімі Ә.Сқақов қияр

мен қызанақты жеткізу, олардың бағасын

реттеу жұмысын да сынға алды.

- Бүгін облыс орталығындағы бірқатар

сауда орнын аралап, сатушылармен де,

тұтынушылармен де сөйлестім. Жоғарыда

атап өткенімдей, тұрғындардың басым

бөлігі тұрақтандыру қорынан жеткізілетін

өнімдерді, оларды босату бағасын біле

бермейді. «Керуен» базарына барғанымда

қиярдың бағасы екі есе қымбат екенін

байқадым. Сатушылардың айтуынша, бұл

өнімдер оңтүстіктен жеткізіліп, «Рахмет»

базары арқылы таратылады. Сондықтан

«Рахмет» базарына өнімдерді жеткізу жолын,

Инфографикаларды жасаған - Н.Кожиков.

олардың бағасының белгіленуін тексеру

керек. Бұл – бір. Екіншіден, өзімізде қияр

мен қызанақ өсіретін жылыжай бола тұра,

бағасы шарықтап тұрған оңтүстік көкөністерін

саудалау – қисынға келмейтін дүние.

Бұл жауапты органдардың өндірушілер мен

сауда орындары арасындағы байланысын

орната алмай отырғанын көрсетеді. Аз

уақыт аралығында бұл мәселені реттеп,

өңірдегі дүкендердің жергілікті жылыжайлардан

алатын қияр мен қызанақ көлемін

бірнеше есеге арттыруды тапсырамын.

Өзіміздің өнім бар болған тұста басқа

облыстардан жеткізілетін көкөністерді

ығыстыру керек, - деді аймақ басшысы.

Айта кетейік, бұрнағы күні Ақсу, Павлодар

жылыжай комбинаттары, «Qaztomat»

ЖШС ірі сауда желілермен меморандум

жасады. Соған сәйкес, қиярдың келісі

750 теңгеден босатылып, сауда сөрелеріндегі

бағасы 995 теңгеден аспауы тиіс.

Қызанақтың келісі 550 теңгеден жеткізіліп,

ары кеткенде 765 теңгеден сатылуы

керек. Сондай-ақ, жиын соңында павлодарлық

сүт өңдеу орындары майлылығы

2,5 пайыз болатын сүт пен айранның,

сүзбе мен сары майдың бағасын былтырғы

деңгейде сақтау туралы меморандумға

қол қойды.

Кейін облыс әкімі Ә.Сқақов әлеуметтік

желілердегі жеке парақшасында азықтүлік

бағасына қатысты жазба жариялады.

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасын

өсіруге еш негіз жоқ екенін атап өтіп,

тұрақтандыру қорында азық-түлік жеткілікті

екенін жазды.

- Облыста күн сайын бағаны бақылайтын

арнайы комиссия жұмыс істейді. Сауда

нүктелерінің мониторингін мобильді топтар

жүргізеді. Жауапты мекемелерге серіктес

дүкендерінің мекенжайлары мен шекті

бағалары туралы ақпаратты кеңінен таратуды

тапсырдым. Бағаның рұқсат етілген

деңгейден асып кету фактілері туралы

@upiir_pavlodar хабарлауыңызды сұраймын,

- деп жазды Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, аудан-қала әкімдеріне

дүкен, базарларды аралап, жағдайды

бақылауды жүктеді. Бұл ретте мемлекеттік

қолдау арқылы кәсібін дөңгелетіп отырған

өндірушілерге бағаны тұрақты сақтау

туралы келісім жасағандары үшін де

ризашылығын білдірді. Әлеуметтік маңызы

бар тауарлар тізіміне кірмейтін азық-түлік

түрлері бағалары да тұрақты бақылауда

болатынын атап өткен жөн.


SARYARQA SAMALY

АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

Азық-түлік өнімдері бағасының

қолжетімді болуы қарапайым

тұрғындарды алаңдататыны рас.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

жауапты мекеме басшыларына

Павлодардағы «Рахмет» базарына

өнімдерді жеткізу жолын,

олардың бағасының белгіленуін

тексеру керектігін айтқан болатын.

Осы орайда, аталған сауда орнына

барып, өнім бағаларын бақылап

қайттық.

«Рахметте»

баға қалай

түзіледі?

Базар басшысы Гүлдана Нығыманованың айтуынша,

мұнда әлеуметтік маңызы бар өнімдерден

картоп, сәбіз, пияз және орамжапырақ көтерме

сауда бағамен шаһардың түкпір-түкпіріне босатылады.

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен

келісімшарт жасалған. Яғни, аталған ұйым арзан

көкөністермен қамтамасыз етеді. Өнімдер базар

арқылы әлеуметтік дүкендерге жол тартады. Бұл -

тұрғындарға қолжетімді болуы үшін жасалған тетік.

Десе де, әзірге базарда корпорация әкелген өнім

жоқ. Картоп пен сәбіз Павлодар ауданындағы шаруалардан,

орамжапырақ еліміздің оңтүстік өңірлерінен

жеткізілуде. Пияз көбіне Жамбыл облысынан сатып

алынады. Бірақ, соңғы жылдары жергілікті шаруалар

да аталған көкөністі өсіруге машықтанып,

ара-тұра базардан табылады. Қысқасы, аталған

төрт өнім бойынша тапшылық жоқ, деп сендірді

базар басшылығы.

Картоптың көтерме бағасы келісіне – 160 теңге.

Бөлшек саудадағы бағасы - 170 теңге. Сәбіз

115 (120-125 теңге) теңгеден, орамжапырақ 280

(300) теңгеден, пияз 80 (90) теңгеден босатылуда.

Базарда қияр және қызанақ сатумен 3-4 кәсіпкер

айналысады. Олармен әңгімелескенімізде, аталған

өнімдердің тапшылығы байқалатынын жасырмады. Жеке

кәсіпкер Бағдат Ерғабулова Екібастұз қаласындағы

жылыжаймен келісімшартқа отырған. Бірақ апта

сайын жіберілетін өнім жеткіліксіз.

- 3 қаңтарда 1 тонна 98 кг тонна қияр әкелінді.

Бұл шамамен 100 қорап қана. Ал 13 қаңтарда 983

келі жеткізілді. Негізінде сұранысқа сай әр апта

сайын 5 тонна қияр сатылуы керек. Енді бағаға

тоқталсақ. Жылыжайдан әкелінетін өнімнің тасымалдау

құнын өзім төлеймін. Осылайша, қиярдың

1 келісін 810 теңгеден аламын. Көкөністі базардағы

дүңгіршек иелеріне 880 теңгеден босатамын. Ал

олар 950 теңгеден саудалауда. Жалпы, қияр мен

қызанақ бағасының шарықтауы жыл басында ғана

тіркеледі. Жылда қайталанатын жағдай бұл. Жылыжайдан

көкөніс арзан бағамен босатылса, бізден

де арзан бағамен тұрғындарға жол тартатын еді.

Әкімдік мұны назарға алса екен, - дейді Бағдат

Ерғабулова.

Жергілікті кәсіпкерлер Ақмола облысының Степногорск

қаласындағы жылыжай басшылығымен де байланыс

орнатқан. Өткен айда ол жақтан қиярдың 1 келісі

850 теңгеден жеткізіліпті. Ақпан айынан бастап жергілікті

нарықты Ақсу қаласындағы жылыжай көкөніспен

қамтамасыз етеді деп күтілуде. Екібастұздықтар

да апта сайын 5 тонна өнім жіберуге ниеттенуде.

Базардағы сатушылар өнім мол әкелінсе, көкөніс

бағасы біршама арзандайтынына сендіруде.

Оралхан ҚОЖАНОВ,

Суретті түсірген -

Есенжол Исабек.

БИЛІК ЖӘНЕ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕ

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ

Оралхан ҚОЖАНОВ

АЙНА 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл 3

Талаптының табысы

артады

Биыл әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақты ұстап тұру мақсатында облыс

орталығында фермерлік базар салынбақ. Сол арқылы өндірушілер мен тұтынушылар

арасындағы делдалдық әрекеттерді жойып, өзімізде өндірілетін өнімдердің бағасын

арзандату көзделіп отыр.

Аймақ басшысы Әбілқайыр Сқақовтың

төрағалығымен өткен жиын барысында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың

Парламент Мәжілісі отырысы барысында

берген тапсырмаларын іске

асыру жолдары талқыланды.

Облыстық экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының басшысы

Ирина Назарчуктың айтуынша, өңірде

инфляцияны тежеу үшін бірінші кезекте

керек тауарларды қолжетімді ету бойынша

ауқымды жұмыстар жүргізіледі. Соның

бірі - сауда сөрелеріндегі азық-түлік

бағасын бақылауды күшейту.

- Бұл ретте әлеуметтік маңызы

бар өнімдердің өндірісі артады. Биыл

қолданысқа берілетін фермерлік базар

да тауарларды делдалдарсыз сатуға

мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде

өнімдерге аз ғана үстемеақы қосылады.

Жалпы, «Кәсіпкерлікті дамыту» ұлттық

жобасы аясында осы жылы 6,2 миллиард

теңге болатын 356 жобаны қолдау

көзделіп отыр, - деді И.Назарчук.

Оған қоса, 2022 жылы Павлодар облысына

792 миллиард теңге инвес-тиция

тарту арқылы 60 жобаны іске қосып,

1000 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Кеңес отырысында жергілікті

жер қойнауын пайдаланушылар өңірдің

әлеуметтік-экономикалық дамуына бөлуі

тиіс қаражаттың нақты көлемін белгілеу

керек деген ұсыныс айтылды. Бүгінгі

таңда мұндай төлемдердің көлемі

кәсіпкерлермен тікелей келіссөздер жүргізу

арқылы ғана анықталады. Ал нақты

сома белгіленер болса, бюджетаралық

қатынастарды реформалау ісі оң жолға

қойылады.

Сонымен қатар, жиын барысында

тұрғындарды әлеуметтік қолдау, жастарды

жұмысқа орналастыру, кәсіп

ашуға гранттар беру мәселелері де

қозғалды. Облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы Альмира

Дисюпованың сөзінше, жұмысқа орналастыру

кезінде «NEET» санатына жататын,

яғни ешқайда оқымайтын әрі еш жерде

жұмыс істемейтін жастарға басымдық

берілетін болады.

- Жалақыны субсидиялауды 30 айлық

есептік көрсеткішке дейін арттыра отырып,

«Жастар тәжірибесі» жобасын іске асыру

мерзімі 12 айға дейін ұзартылады. Сол

сияқты «Бірінші жұмыс орны» жобасы

12 айдан 18 айға дейін жалғасады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы

Автобус қозғалысы реттелуде

Аймағымызда төтенше жағдай енгізілген уақытта облыс орталығының тұрғындары

тарапынан жолаушылар тасымалы бойынша шағымдар қарша борады. Бұған дейін

де жетісіп тұрғаны шамалы еді. Бұл іске жауаптылар қоғамдық көлік саласы реттеліп

жатқанын айтады. Электронды билет ісі де оң шешілуде екен.

Төтенше жағдайға байланысты

құрылған жедел штабтың кезекті отырысында

шаһардағы жолаушылар тасымалы

бағытындағы жаңашылдықтар

сөз болды.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылық, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімінің басшысы

Арслан Қалияқбаровтың айтуынша,

төтенше жағдай кезеңінде енгізілген

Қасым-Жомарт Тоқаев жеке ісін бастауға

берілетін қайтарымсыз мемлекеттік грант

көлемін 200-ден 400 айлық есептік

көрсеткішке дейін көбейтуді тапсырды.

Бұл қолдау шарасымен біздің өңірде

1,2 мыңнан астам адам қамтылады, -

деді А.Дисюпова.

Бұл ретте аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов жастар мектеп, колледж немесе

жоғары оқу орнын бітірген соң бес

жыл бойы мемлекеттік органдардың

назарында болуы тиіс екенін атап өтті.

Сонда ғана билік жастарға білім алуға,

жұмысқа орналасуға және одан әрі

дамуға нақты көмек көрсете алады.

Қорытындылай келе, аймақ басшысы

бір апта ішінде облыс әкімдігінің 2022

жылға арналған іс-шаралар бағдарламасын

дайындауды тапсырды. Бұл

бағдарлама өңірдің барлық жергілікті

атқарушы органдарының жұмысына

негіз болуы керек.

Сондай-ақ, кеңес кезінде эпидемиологиялық

жағдай талқыланды. Облыстық

денсаулық сақтау басқармасының

мәліметінше, бүгінде өңірде инфекциялық

төсек-орын жүктемесі 37 пайызды,

реанимациялық төсек-орын жүктемесі

17 пайызды құрап отыр. Әйтсе де,

елімізде «Омикрон» штамының анықталуына

байланысты коронавирустың таралуы

коменданттық сағатқа байланысты

бірнеше маршрут бойынша автобустар

саны азайған. Яғни, кейбір көшелердің

жабылуы салдарынан автобустардың

55 пайызы ғана жолға шыққан. Бүгінде

шектеулер алынғанын ескерсек, тасымалдаушылар

қалыпты жұмыс кестесіне қайта

оралған. Соның өзінде автобустардың

80 пайызы ғана қатарда.

Жүргізушілердің тапшылығы салдарынан

автобустардың санын арттыруға

әзірге мүмкіндік жоқ. Бұған дейін

жүргізушілер жеке кәсіпкер ретінде

жұмыс істеп келгені белгілі. Ендігі

бойынша болжамдар қайта қаралды. Ең

пессимистік сценарийге сәйкес, елдегі

COVID-19 жаңа жағдайларының саны

күніне 40 мыңға жетуі мүмкін. Бұл

жергілікті денсаулық сақтау жүйесінде

қазірдің өзінде инфекциялық аурулардың

алдын алумен айналысу керек дегенді

білдіреді.

- Қалалар мен аудандардың әкімдері,

дәрігерлер егу науқанына бар күшін

салуы керек. Бас қалада коронавирусты

жұқтырған тұрғындар саны бірден

бірнеше есеге өсті. Бұл толқын жақын

арада бізге де жетеді. Сондықтан

Павлодар облысының тұрғындарын

белсенді вакцинациялау және қайта

вакцинациялау қажет. Өткен жылы

вакцинацияның шарықтау шегі маусымшілде

айларында болса, демек қазір

ревакцинациядан өтетін кез келді, -

деді Ә.Сқақов.

Айта кетейік, соңғы тәулікте өңірде

2,8 мыңнан астам адам ревакцинациядан

өтті. Тұрғындарды қауіпті індеттен

қорғау үшін күніне 4,5–5 мың адам

екпе алуы керек.

Облыс әкімінің баспасөз

қызметі.

Суретті түсірген -

Валерий Бугаев.

жерде шаһардағы екі тасымалдаушы

ұйым оларды штаттық қызметкер

ретінде қабылдауда. Қала ішінде

қатынайтын үлкен және кіші санаттағы

барлығы 313 автобус бар екен.

Жиында өңірдегі эпидемиологиялық

ахуал жайлы да айтылды. Облыстық

денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Айдар Сейітқазиновтің мәліметінше,

өңірде омикрон штамы анықталған

жоқ. Десе де, аталған штамның салдарынан

елімізде эпидемиологиялық ахуал

нашарлай түскенін атап өткен жөн.


4 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл ӘЛЕУМЕТ

SARYARQA SAMALY

НАРЫҚ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел көлемінде коммуналдық төлемдер

тарифтерін көтеруге мораторий жариялағаны белгілі. Соған сәйкес, алдағы

180 күн аралығында көмір мен электр энергиясы, жылу, су, кәріз жүйесі

бойынша көрсетілетін қызметтердің ақысы өспеуі тиіс. Бұл ретте облыс

басшылығы өндірушілермен, монополист компаниялармен меморандумдар

жасап, бағаны тұрақты сақтап қалу шараларын қабылдады.

Аймақта көмір

қоры жеткілікті

Кеше аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақовтың төрағалығымен коммуналдық

қызметтер тарифтеріне

қатысты жиын өтті. Облыстық энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы басқармасының

басшысы Ержан Салхановтың айтуынша,

өңірдегі кеніштерден «Богатырь

Көмір» көмірінің бір тоннасы

2783 теңгеден, «Майкөбе» 7500

теңгеден және «Сарыкөл» 5500

теңгеден босатылады. Бұл ретте

«Богатырь Көмір» жыл басында

коммуналдық-тұрмыстық мақсатта

пайдаланылатын қатты отынның

бағасын 23 пайызға, яғни 640

теңгеге көбейтуді жоспарлаған

болатын. Бірақ мораторийге

байланысты жасалған меморандум

аясында баға былтырғы

деңгейде қалатын болды. Сондай-ақ,

аталмыш кәсіпорын жылу-электр

орталықтарына жеткізілетін отын

бағасын арттыруды көздеген еді.

Компания директорының орынбасары

Мерхат Мұсанап мұны

жалақының өсуімен, инвестициялық

жобаның іске асуымен байланыстырды.

Бірақ облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов жылу-электр

орталықтарына сатылатын көмірдің

бағасы артар болса, электр энергиясы

кәсіпорындары да қызметтерін

арттыруға мәжбүр болатынын алға

тартып, бұл бағытта терең талдау

жұмыстарын жүргізуді жүктеді.

Бұл ретте «Майкубен-Вест»

ЖШС бас директоры Нұрлан

Ахметбаев соңғы уақытта көмірге

деген сұраныс артқанын атап өтті.

- Былтыр облыс тұтынушыларына

105 мың тонна өнім жеткіздік. Бұл –

рекордтық көрсеткіш. Салыстырмалы

түрде айтар болсақ,

өткен жылдың қаңтар айында

5800 тонна қатты отын тапсырыс

берушілерге сатылса, биыл жарты

ай аралығында бұл көлем 8 мың

тоннадан асты. Қатты отынның

бағасын да тұрақты ұстаймыз.

Тіпті, теміржол арқылы жіберілетін

көмір арзандады. Осыдан екі жыл

бұрын бір тоннасы 7600 теңге

болса, бүгінде 6 мың теңгеден

сәл асады, - деді Н.Ахметбаев.

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Бақтыбайұлы облыс тұрғындарының

басым бөлігі «Майкөбе» көмірін

пайдаланатынын алға тартып, бірінші

кезекте өз өңірімізді толығымен

қамту керек екенін айтты. Сондай-ақ,

тасымалдаушылардың кеніштерге

жетуі қиындық тудырмас үшін

инфрақұрылымдық жағдайды

жақсарту керектігін атап өтті.

Тасымалдаушы демекші, облыс

аумағында 300-ден астам жеке

кәсіпкер елді мекендерге көмірді

тасымалдаумен айналысады.

Кеніш пен ауылдық аймақтың

арақашықтығы, көмірдің сұрпына

байланысты бір тоннасын 8-20

мың теңге аралығында сатады.

Жергілікті әкімдер аудан-қалалар

аумағындағы тұрғындарды көмірмен

қамтитын кәсіпкерлермен

де бағаны тұрақты ұстау туралы

меморандумға қол қойды. Жалпы,

облыс көлемінде көмір қоры

жеткілікті.

Жиын барысында сұйытылған

газ, жанар-жағармай бағасы да

талқыланды. Бұған дейін біздің

өңірде газдың бір литрі 115-120

теңгеге сатылып келсе, енді шекті

баға 70 теңге болып белгіленді.

Облыс орталығынан 200 шақырым

қашықтықта орналасқан елді мекендерде

75 теңгеден сатуға болады.

Сол сияқты АИ-92,93 маркалы

бензинің бағасы 182 теңгеден,

АИ-95 маркалы жанармай 215

теңгеден, жазғы дизель отыны

320 теңгеден аспауы тиіс. Бекеттерде

жүргізілген мониторинг

жұмыстары кезінде бағаны өсірген

кәсіпорындар анықталған жоқ.

- Шекті бағаларды белгілеуге

қатысты құжатта тұрмыстық

мақсатта қолданылатын баллон

газының бағасы көрсетілмеген.

Былтыр облыс көлемінде оның

бағасы 2200 теңге болса, биыл

1100-1500 теңге аралығында.

ХАБАРЛАМА

Сондай-ақ, қысқы дизель отыны

елімізде өндірілмей, Ресейден

импортталатындықтан, оның бағасы

реттелмейді, - деді Е.Салханов.

Облыстық табиғи монополияларды

реттеу департаментінің

басшысы Ибрагим Тангиев

коммуналдық қызметтер ақысы

да өспейтінін атап өтті. Монополист

компаниялармен тиісті

келісімшарт жасалды.

- Биылға белгіленген жоспар

бойынша, Павлодар қаласында

сумен қамту тарифі 14 пайызға,

электр энергиясы бағасы

3,8 пайызға, Екібастұзда жылу

7 пайызға, электр энергиясы

7,8 пайызға, су 8 пайызға және

кәріз жұйесі қызметі 13 пайызға,

Ақсу қаласында жылу тарифі

13,4 пайызға өсуі тиіс еді. Бірақ

мораторий аясында бұл өзгерістер

болмайды. Яғни, тұтынушылар

үшін былтырғы баға сақталады, -

деді И.Тангиев.

Ибрагим Алиханұлы апта

сайын жүргізілетін мониторинг

барысында кәсіпорындардың

талапты сақтамауы анықталса

немесе тұрғындардан шағым

түссе, монополист компанияның

табысы тұтынушылардың пайдасына

алынып, 1600 айлық есептік

көрсеткіш көлемінде айыппұл

салынатынын ескертті.

- Азық-түлік, көмір мен коммуналдық

қызметтер бағасы –

көпшілікті алаңдатып отырған

өзекті мәселелер. Сондықтан

өндірушілердің барлығы өз

міндеттерін орындап, талаптарды

ұстануы тиіс. Ал ауданқала

әкімдері мәселені бақылауда

ұстауға міндетті. Біздің облыста

азық-түліктің де, көмірдің де

қымбаттауына еш негіз жоқ.

Сондықтан оның бағасын көтерген

кәсіпорындар қатаң түрде жазаланатын

болады, - деп жиынды

түйіндеді Ә.Сқақов.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару

және өзін–өзі басқару туралы» Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, 2022 жылдың

19 қаңтарында сағат 11.00-де VII сайланған Павлодар қалалық мәслихатының

XV кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және

мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту

туралы» 2020 жылғы 16 қыркүйектегі №523/70 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2. Әртүрлі.

Павлодар қалалық мәслихат аппараты.

КҮШІМІЗ - БІРЛІКТЕ!

Ашық болуы

керек

Қобланбек ҚОЖИН,

«Blue star PV» ЖШС директоры,

Павлодар қалалық

мәслихатының

депутаты:

- Мемлекет басшысы Қасым-

Жомарт Тоқаевтың тапсырмасынан

соң әлеуметтік маңызы бар

тауарлардың бағасы реттелетіні

анық. Үкімет әр өңірдің логистикалық

шығындарын ескере отырып,

шекті баға бекіткен болатын.

Қазақстан бойынша сұйытылған

газдың бағасы алғашқы жарты

жылда шекті бағадан аспайды.

Облыстағы газ құю бекеттерінде

газ 70-75 теңгеден саудаланып

жатыр. Бензин және дизель отынының

бағасы да 6 ай өзгермейді. Негізінен,

стратегиялық тауар бағасы нарық

сұранысы бойынша реттелуі тиіс.

Сонымен қатар, еліміздің Энергетика

министрі жанармай нарығындағы

жағдайды белгілі бір жүйеге

келтіргені абзал. Мәселен, біздің

өңірде қысты күні қолданылатын

сұйытылған газдың аздығы үлкен

мәселе тудырады. Сол себепті

жергілікті кәсіпкерлер пропан мен

бутан араласқан сұйытылған газды

3000 шақырымнан аса жерде

орналасқан Ақтаудан тасымалдауға

мәжбүрміз. Облыстағы мұнай-химия

зауытына қатысты жұмысты әлі

де жетілдіре түсу керек. Өндіріс

маңында топтасқан түрлі жекелеген

кәсіпорындар зауытпен тікелей

жұмыс жасауымызға бөгет болуда.

Зауыт ішінде жаңағы ресурс

ұстаушылардың өздері мұнай

өнімдеріне ерікті түрде бағаларын

белгілейді. Осыны бір қалыпқа

келтіру қажет. Бұл ретте тиепжөнелтуді

бақылау және мониторингтеу

арқылы жүзеге асырылуы

тиіс. Мысал үшін, Ақтаудан теміржол

арқылы сұйытылған газдың

1 тоннасы 25000 теңгеге әкелінсе,

өзіміздің Павлодар мұнай-химия

зауытынан шығатын өнімді 23000

теңгеге сатып аламыз. Сол себепті,

Облыс әкімінің бірінші орынбасары

Олег Круктің сөзінше, төтенше

жағдай жариялағаннан кейін облыста

газдың бағасын көтеру фактілері

анықталған жоқ.

- Павлодар облысында газдың

бағасы бойынша шағым жоқ. Бұған

дейін 110 теңгеден 125 теңгеге

дейін көтерілгені белгілі. Бұл

көгілдір отынның қайдан сатып

алынғанына байланысты болды.

Бүгінде жағдай тұрақты, литрі

70 теңгеден сатылуда. Сондай-ақ,

бензин бағасы бойынша шағымдар

жоқ. Бірақ дизель отынының

бағасы құбылып тұр. Жанармай

бекеттері дизель отынының литрін

230 теңгеден сатуда. Ал қысқы

дизель отынының бағасы әр бекетте

әр түрлі бағамен босатылуда, - деді

аймақ басшысының орынбасары.

Үкімет кейбір ауыл шаруашылығы

өнімін сыртқа экспорттауға

шектеу қойғаны мәлім. Сондықтан

жауапты мамандар облыста көктемге

дейін азық-түлік тапшылығы

болмайды деп сендірді. Облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасының

басшысы Нұрболат

зауыт басшылығын да, сондағы

кәсіпорын өкілдерін де талай

рет ашық дебатқа шақырдым,

шағым да жаздым. Олар жергілікті

кәсіпкерлерге қолдау көрсетулері

керек деп есептеймін. Неге

десеңіздер, біз олардан газдың

әр литрін 112 теңге 60 тиынға

сатып алған болатынбыз.

Қазір біз ол газды 70 теңгеден

саудалаудамыз. Салдарынан біз

әр литр үшін 42, 43 теңгені өз

қалтамыздан төлеудеміз. Бұл

жағдай бізге үлкен шығын әкелуде.

Сондықтан, мұнай өнімдерінің

бағасын алдымен зауыттарда

ретке келтіру керек. Энергетика

министрлігі осыны қолға алса

дейміз. Сондай-ақ тұтынушылар

үшін мұнай өнімінің барлық бағасы

ашық болуы тиіс. Яғни қарапайым

халық мұнай құнының процессинг,

салықтар мен акциздер, зертханалық

сынақтар мен қоспалар бойынша

шығындарын ашық түрде көріпбілуге

тиіс. Сол кезде елдің ішкі

нарығындағы жанар-жағармай бағасы

нарықпен реттеліп, сұрақ тудырмайтын

болады.

БАҒА САЯСАТЫ

Ет экспортқа

шықпайды

Облыста газдың, жанар-жағармайдың және азықтүліктің

бағасы тұрақтанды. Яғни, әр тауардың

бағасы құзырлы мекемелердің және арнайы

мониторингтік топтың бақылауында.

Мақашевтің сөзінше, аймақтағы

көкөніс қоймаларында

175 мың тонна картоптың және

63 мың тонна көкөніс қоры бар.

Басқарма 33 шаруашылықпен

30 мың тонна картопты және

6 мың тонна сәбізді төмен бағамен

сату жөнінде меморандумға қол

қойған. Яғни, әлеуметтік маңызы

бар азық-түліктерді арзан бағамен

Greenwich, Small, INMART, «Лидер»

сауда желілерінен таба аласыздар.

- Жергілікті кәсіпкерлерге ауыл

шаруашылығы өнімдерін алты

айға дейін шығаруға тыйым

салынды. Мұның себебін ауыл

шаруашы-лығы тауарын өндірушілерге

түсіндірдік. Барлығы бірауыздан

құптады. Дегенмен, шаруаларды

қолдау шаралары тоқтамайды.

Алдағы уақытта бордақылау алаңына

өткізілген қара малды субсидиялау

көзделген. Мақсаты – жергілікті өнімді

ішкі нарықта пайдалану, кәсіпорындардың

қайта өңдеу жүктемесін

арттыру, - дейді Н.Мақашев.

Тілеуберді САХАБА.


Жаңа жыл құтты болсын, балалар!

Торєайдыѕ хаты

Ақша қарға тап кеше

Кетті торғай хат жазып:

«Балалар дән сеппесе,

Қайдан табам тәтті азық?!»

Мұзафар ӘЛІМБАЙ.

Құрметті, «Айналайынның» оқырмандары!

Сіздерді келіп жеткен Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Барыс жылы

табысты жыл болсын! Оқуда алда болып, шығармашылық қабілеттеріңді

шыңдай түсіңдер! Сіздерге бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілейміз!

Ата-аналарыңның үмітін, ұстаздарыңның сенімін ақтайтын мықты азамат болып

ержетіңдер!

БӘРЕКЕЛДІ!

Тәуелсіздік ұландары

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай дарынды

балаларға «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы берілді.

Үміткерлер «Ғылыми-техникалық шығармашылық

және оқу-зерттеу қызметі», «Шығармашылық шеберлік»,

«Спорттық шеберлік», «Әлеуметтік маңызды және

қоғамдық қызмет» аталымдары бойынша іріктелді.

«Тәуелсіздік ұланы» сыйлығының

иегері атанған оқушылардың қатарында

№25 орта мектептің оқушылары –

Айқын Сағынбай мен Гауһар

Мұзафар да бар. Олар «Тәуелсіздік

ұланы» төсбелгісіне және 50 АЕК

мөлшерінде сыйақыға ие болды.

Бүгінде көптеген облыстық,

республикалық сайыстардың жеңімпазы

атанған Айқын 10 жасынан

бастап джиу-джитсу спортымен

шұғылданады. «Спортпен айналысу

маған мінез бен өз-өзіме

деген сенімділікті қалыптастыруға

көмектесті», - дейді Айқын.

Болашақта ІТ саласының маманы

болып, шетелде білімін жетілдіруді

армандайтын Айқын бос уақытын

қосымша білім алу орталығында

немесе жаттығу залында өткізуді

жөн көреді.

Кішкентайынан әнге құмар

Гауһар қазіргі таңда көптеген өнер

додаларында бақ сынап жүр. «Бала

дауысы» телевизиялық байқауы,

«Ғұмырдария», «Сәлем, Астана»,

«Бала шабыты», «Алтын микрофон»,

«Шексіз шығармашылық», «Жаңа

жұлдыз», Италияда өткен «Creativia

senza Frontiere 2019», «Көңілдің асыл

пернесі: Н.Ә.Назарбаевтың сүйікті

әндері» байқауларында бақ сынап,

жүлделі орындарға ие болды.

Айқын да, Гауһар да - мектептің

қоғамдық өміріне белсенді қатысатын

үлгілі оқушылар. Ата-аналары мен

ұстаздары олардың болашағынан

зор үміт күтеді.

Шахриза МҰҚАШ,

№25 орта мектептің

8 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

А қ б о т а К ӘРІ М Ж А Н ,

№19 орта мектептің 4 «Б»-сынып

оқушысы,

Павлодар қаласы.

Отаным менің кең байтақ,

Көк майсалы кенді аймақ.

Шаттанып, асыр саламыз,

Қос жанарда нұр ойнап.

Ќазаќстаным

Көз жауын алар далам бар,

Гүлденген әсем қалам бар

Тәуелсіз Қазақстаным –

Мақтан етер бағаң бар!

Інжу ОШАЛ,

Жамбыл орта мектебінің 4 «А»-сынып оқушысы,

Аққулы ауданы.

Жаңа жыл

Кел, Жаңа жыл, төріме,

Табыс жылы – Барысым!

Егеменді еліме,

Құт-береке дарысын!

То ғ ж а н А Й Т П А Й ,

№19 орта мектептің

4 «В»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Жаңа жылға арналған жұмбақтар

Тау түбінде іні бар,

Қос көрші кім, біліп ал!

Ол не?

(Мұрын)

Зырылдаса айналып,

Беліне шар байланып,

Алғандай бір тон киіп,

Шыға келер томпиып.

Ол не?

(Ұршық)

Торсылдақты іліп ем,

Жадыратты нұрымен.

Ол не?

Пар аттың қосағы,

Қалың қарды осады.

Ол не?

Ыстықтан да, суықтан,

Денемізді қорғайды.

Ал адамдар, сондықтан,

Қысы жазы тоңбайды.

Ол не?

(Электр шамы)

(Теріміз)

Күн демей, түн демей,

Дүрсілдеп соғады.

Ол қалса үндемей,

Хал нашар болады.

Ол не?

(Шаңғы)

(Жүрек)

Бес туыс қалмастан бірі де,

Суықта тығылар бір інге.

Ол не?

Қысы-жазы пішінін,

Өзгертпейтін кісі кім?

Ол не?

Сауырында - нар тісі,

Тұтасты бөлу - бар ісі.

Ол не?

(Шырша)

(Ағаш кесетін ара)

Шөп үстінде қалтырап,

Моншақ жатыр жалтырап.

Ол не?

(Қолғап)

Кисең - қампияды,

Шешсең - жалпияды.

Ол не?

(Шық)

(Шұлық)


6 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

Кішкентай кезімде әжем

мені арқасына отырғызып балабақшаға

апаратын. Ата-анам

да мені еркелетеді, ойнатады,

қуантады. Әжемнің айтқан

сөздерін, ақыл-кеңестерін

мәңгілік жадымда сақтаймын.

Себебі әжем өмірінен сыр

шертіп, көрген-түйгенін айтады.

Балалық шақ адамның

Тұңғыш Президентіміз

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

тәуелсіз Қазақстанды

28 жыл бойы басқарды.

Елбасы жас мемлекетімізді

аяққа тұрғызу үшін көп еңбек

сіңіріп, елдің дамуына зор

үлес қосты. Қазақстанның

ядролық қарудан бас тартып,

өзін ядролық қарусыз ел

деп жариялауы да - тұңғыш

Балалық

шақ

Әр бала бақытты болуға

лайықты. Мен де бақытты

баламын. Балалық

шағымның куәсі болатын

қызықты оқиғалардың

бәрі есімде.

жадында мәңгілік өшпестей

естелік қалдырады. Ең керемет,

ең ғажап ұмытылмастай сәттер

сыйлайды. Балалық шақ -

қайта оралмайтын, сағына

еске алатын ғажайып әлем!

Ахметжан

ҚУАНЫШБЕК,

№19 орта мектептің

4 «Ә»-сынып оқушысы.

Тұңғыш Президент

1991 жылы 16 желтоқсанда ата-бабаларымыздың

аңсаған арманы орындалып, егеменді

ел атандық.

Президентіміздің еңбегі.

Тәуелсіз Қазақстан – менің

бейбіт мекенім! Мен Қазақстан

Республикасының азаматы

болғанымды мақтан етемін!

Мен өз Отанымды сүйемін!

Мүслім ҚҰРМАН,

Кенжекөл орта

мектебінің

3 «А»-сынып оқушысы.

Шыншыл бала

Ислам руханиятында аты әлемге белгілі Абдулқадыр

деген ғалым болды. Анасы оны кішкентай кезінен өтірікғайбат

сөзден аулақ болуға, қандай жағдай болса да,

шындықты айтуға тәрбиеледі. Бірде оның бала кезінде

алыс сапарға жалғыз өзінің шығуына тура келеді.

Анасы керегіңе ұстарсың деп ішкі

жан қалтасына ақша салып береді.

Бұлардың керуені ұзап шыққаннан

кейін, жол торуылдаған қарақшыларға

тап болады. Қарақшының біреуі: «Әй,

балақай, ақшаң бар ма?» – деп

сұрайды. Абдулқадыр ішкі қалтасынан

ақшасын алып шығып: «Иә, бар, міне.

Жолға шығарда шешем берген», –

деп ақшасын ұсынады. Сонда

қарақшылардың атаманы: «Ойбой,

балақай, аңқау екенсің ғой. Егер

ақшам жоқ десең, саған тимейтін

едік қой», – дейді.

Кішкентай Абдулқадыр: «Өтірік айтуға

болмайды ғой. Шешем маған

ешқашан өтірік айтушы болма деп

үйреткен», – дейді. Қарақшының біреуі

балаға сұраулы жүзбен қарап:

«Шешең сені көріп тұрған жоқ

қой. Өтірік айта салсаң да

болатын еді ғой», – дейді.

Сонда Абдулқадыр сәл

күмілжіп: «Шешем бұл

жерде болмағанмен,

Алла бәрін көріп тұр

ғой», – дейді.

Кішкентай ғана баланың

пәк жүрегінен шыққан

бұл сөз қарақшылардың

кейбіріне ой салды, істеп

жүрген зұлымдық ісінен

іштей жиренді, намыстанды,

тәубеге келіп, имандылық жолына

түсуге бекінді.

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Аң патшасы – піл деген,

Ұят оны білмеген.

Жалп-жалп етіп құлағы,

Ешкімді көзге ілмеген.

«Таңғажайып табиғат» топтамасынан.

«Әліппемен

қоштасу»

Мен №19 орта мектептің 1 «А»-сыныбында

оқимын. Біздің сыныпта «Әліппемен» қоштасуға

арналған сынып сағаты өтті.

Рысты апай үйреткен 42 әріпті жаттап, меңгеріп алдық.

Сөздерді буындап оқи аламыз. Апайымыз үйреткен өлеңтақпақтарды

айтып, ата-аналарымызға өнерімізді көрсеттік.

Мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Жанар Жұмагелдіқызы

«Әліппе» меңгергеніміз үшін барлығымызды дипломдармен

марапаттады. Ерлан Естайдың әжесі балаларға «Зейінді, зерек

болыңдар!» деп ақ батасын берді. «Қош бол,

сүйікті Әліппем!»

Нарғыз ЖҰМАБЕКОВА,

№19 орта мектептің 1 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Туған жер

Жазғы демалысымда Ресей Федерациясына

қыдырып барған едім.

Шекарадағы кеден бекетінде көлікте күтіп отырғанда,

терезеге қарап ойланып қалдым. Еліміздің табиғаты қандай

әдемі! Біздің байтақ даламызды, биік-биік асқар таулар,

мөп-мөлдір өзен-көлдер және түрлі өсімдіктерге бай табиғат

көрінісіне таңғалдым. Туған жерім – Қазақстан мен үшін

өте қымбат, құнды екенін түсіндім.

Айша ЖАҢАБАЕВА,

№43 орта мектептің 4 «Ә»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Бұл - өте ертеде, адамдары

қардың не екенін білмейтін,

ешқашан қыс болмайтын бір

оңтүстік елінде болған тарих.

Ол жақта піл көп болған екен.

Мейірімді пілдер

Бірде ел ішінде үлкен бүлік

шығып, оған көп адам қатысады.

Көптеген жазықсыз жанның қаны

төгіледі. Патша әскерін жіберіп,

жұртты тыныштандырғаннан кейін,

кінәлілерді анықтап, жиырма адамды

өлім жазасына кеседі.

– Бүлікшілердің қол-аяғын байлап,

халықтың алдына алып шығыңдар! –

дейді қаһарлы патша жендеттеріне.

– Сосын жиырма піл олардың үстінен

таптап өтсін!

Пілдер тұмсықтарын әрі-бері

шайқап, қатаң бұйрықты орындамай,

тапжылмай тұрып алады.

Сәлден кейін кері бұрылып, өз

жөндеріне кетеді.

Осы елдің зообағында Сиам атты

көпке мәлім піл болды. Аңыздың

айтуына қарағанда, оны аты әлемге

белгілі даңқты қолбасшы көрші елге

жасаған жорығынан әкеліпті-міс.

Ол Сиамды қайын атасына сыйға

тартады. Ол кезде Сиам 5-6 жаста

болса керек. Кейін қайын атасы оны

жергілікті зообаққа тапсырыпты.

Жылдар өте келе ол ақылды, әккі

хайуанға айналады. Тіпті ақшаның

мәнін де түсінген екен. Зообаққа

келушілерден алған ақшаға малайдан

нан мен қызылша «сатып алады».

Бұлай істеуге ешкім үйретпесе

де, бәрін өзі ойлап тапқан. Ақша

сұрағанда басын иіп, тұмсығын көтеріп,

қатты уілдеген дыбыс шығарады.

Оған ірі тамыр жемістерін бергенде,

әуелі оны аяғымен басып ұнтақтап,

сосын тұмсығымен ұсақ түйірлерді

бір-бірден іліп алып, аузына салады.

Зообаққа келушілерге Сиам талай

рет «өнерін» көрсетті. Келушілерден

қиылып тұрып қайыр сұрауға және

берген нәрсе үшін алғыс білдіруге

өте шебер болады. Бір тілім нан

үшін оң аяғын бүгіп отырады, ал

қызылша үшін етпетінен жата қалады.

Біреулер ұсынған он филлер монетаны

маймаңдай келіп, ептілікпен

лып етіп ала қояды. Ал ойын

үшін монетаның орнына түймені

бере қойсаң, қулықты бірден сезе

қойып, көзден таса арғы жаққа

кетіп, шаң-топырақты тұмсығына

толтырып алып, темір қоршауға бар

екпінімен жүгіріп келіп, қалжыңбастың

басына шаңды бұрқ еткізіп шашып

жібереді.

Пілдер мен айдаһарлар әуелден

бір-бірімен жауласып келеді.

Айдаһардың денесі пілден көп кіші,

әлсіз болса да, ылғи да жеңіп кетеді.

Неге дейсің бе? Қулықтың арқасында.

Сенбесең – мына оқиғаға зер сал.

Бірде бірнеше айдаһар биік

ағаштардың басына өрмелеп шығып

алады. (Себебі пілдер дәл осы ағаштың

жапырағын құмарта жейді екен).

Міне, ағаштың арасындағы жіңішке

соқпақ жолмен бірінің соңынан бірі

ерген пілдер келе жатыр. Соңғы

піл бұлардың астынан өтіп бара

жатқанда, жоғарыдағы айдаһарлар

оның үстіне қона түседі. Алдын ала

дайындап қойған мықты арқанмен

пілдің жуан аяқтарын матап байлайды.

Үстінде айдаһарлар кенедей жабысып

алған, аяқтары тұсалған піл тәлтіректеп

жүре алмайды. Осы кезде айдаһарлар

оның жалпақ құлағына қадалып,

қанын сора бастайды. (Айдаһарлардың

қаны ыстық, ал пілдердің қаны

салқын болады). Пілдің тырп етуге

мұршасы келмейді. Салқын әрі нәрлі

қанға тойып, көздері оттай жайнап,

жандары жадыраған айдаһарлар енді

оны тастай салып, кері шегінеді.

Өйткені қансыз қалып өлген піл

құлап, астында қалуы мүмкін. Ми

қайнатқан ыстықтан таңдайың кеуіп

қалғанда салқын сусын ішкенде,

қандай рақат сезімге бөленесің,

есіңе түсірші. Айдаһарлар да сондай

ерекше ләззат алады.

Ертедегі жергілікті тұрғындар пілдің

терісі мен сүйегінен тұрмысқа қажетті

бағалы бұйымдар жасаған. Пілді

құлату, өлтіру оңайға түспегендіктен,

олар қулыққа барған. Жатқан жерінен

тұрып кетуі қиын болғандықтан,

піл түрегеп тұрып ұйықтаған. Ал

ұйықтаған кезде құлап кетпеу үшін

ағашқа сүйенген. Міне, осыны білген

аңшылар піл сүйенетін ағаштың діңін

біраз кесіп қоятын болған. Ағаш

кесілген жерінен бытырлап сынып

кетіп, ұйқыдағы піл сұлай құлап,

үйелеп тұра алмай жатқанда, аңшылар

оны оңай олжаға айналдырған.

Үйретілген пілдер өз қожайындарына

адал болған. Олар жабайы өз

тұқымдастарының ортасында болған

күнде де олардың жағына шығып

кетуге тырыспаған. Ешқашан наразылық

білдірмеген және бостандыққа

шығуға ұмтылмаған.

«Жақсы ит жемтігін көрсетпейді»

деген мәтелді пілге қатысты да

айтуға болады. Өйткені пілдің өлі

денесін ешкім көрмеген. Олар өлер

кезінде әдейі батпаққа келіп, батып

кететін болса керек.

Серік САТЫБАЛДИН,

Павлодар қаласы.


SARYARQA SAMALY

15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл 7

БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

Редакциямызға Павлодар қаласы №25 орта мектебі

бастауыш сыныптарының оқушылары Отан, туған

жер туралы толғауларын, өлеңдерін жіберген екен.

Ақ жүректерден шыққан лебіздерді жариялауды

жөн көрдік.

Тәуелсіз елдің

ұланымын

Тәуелсіздік! Осы 11 әріптен тұратын

сөздің әдемілігін-ай! Мағынасы да өте

кең екен. Сынып жетекшіміз Данагүл

Нәбиқызы бізге: «Тәуелсіздік оңай

келген жоқ. Осы тәуелсіздік үшін

ата-бабаларың қаншама жерімізді

жау қолынан аман сақтаған. 1986

жылғы желтоқсанда жап-жас аға,

әпкелерің мұзда жатып, қан кешкен.

Өздерінің отансүйгіштіктерін көрсете

білген. Соның арқасында қазір

сендер тәуелсіз елдің ұландары

болдыңдар» - дейді.

Биыл Тәуелсіздікке отыз жыл

болды. Осы кезеңде елімізде көп

жұмыс жүргізіліпті. Мысалы, Қазақ

Сағынамын

Басқа елде жүргенде,

Елімді ойлап сағынам.

Туған жерім дегенде

Қазақстаным деп мақтанам!

Астанамды көргенде,

Қуанамын, шаттанам!

елін көптеген мемлекет танып біліп,

халықаралық қатынас жасаудамыз.

«Болашақ» бағдарламасымен шетелде

білім алып жүрген аға, апаларым

бар. Семей полигоны жабылыпты,

тарихи тұлғалар есімі қайта оралыпты,

жаңа астана қалыптасты. Менің

ойымша, біздің болашағымыз үшін

күрескен ата-бабамыздың аруағына

мың рет тағзым жасау көп емес.

Қазақ елінің тәуелсіздігі әрқашан

жасай берсін! Еліміздің экономикасы

дамып, өркениетті ел болайық!

Азалия СЕРІКОВА,

4 «А»-сыныбының оқушысы.

Имран САТТАРХАН,

2 «Ә»-сынып оқушысы.

Келешегі елімнің

Қазақстан - тәуелсіз мемлекет. Биыл тәуелсіздік

алғанымызға отыз жыл толып отыр. Қазір Қазақстанды

бүкіл әлем таниды. Мен - осы тәуелсіз мемлекеттің

ұланымын. Кең-байтақ еліммен, жеріммен мақтанамын.

Тәуелсіз Қазақстанның туы мәңгілік желбіреп, абыройы

асқақтасын. Сондай-ақ туған жерімнің гүлденуін

қалаймын. Қазақстанды көркейту біздің қолымызда

деп ойлаймын.

Шырқалады Әнұраным,

Желбірейді көк Туым,

Жарқырайды елтаңбам,

Нұр сәулесін төкті күн.

Бұл елімнің рәмізі,

Таусылмайды ән-жырым.

Тәуелсіздік алған күн,

Жарқын болсын, қазағым

Әрбір күнің ашық болсын,

Арнап өлең жазамын.

Бабамның да арманы,

Осы еді ғой аңсаған.

Тәуелсіздік таңдары,

Бақ береді баршаға.

Көк туымды қолыма

Бүгін берік ұстадым.

Бақыт келіп басына,

Менің байтақ жеріме.

Інжу ҚАЙЫРҒАЛЫ,

2 «Ә»-сынып оқушысы.

Кәусар БЕГІМ,

4 «В»-сынып оқушысы.

Айша ЖҰМАШЕВА,

4 «В»-сыныбының оқушысы.

ЭССЕ

Отаным -

тірегім!

Тәуелсіз ел болып іргемізді

бекіткенімізге - 30 жыл. Осы

уақыт ішінде еліміз өркендеп,

гүлденіп, өркениетті елдердің

қатарында иық тіресіп орын

алдық.

Жас мемлекетімізде білімді-білікті жастар

өсіп, олар әр салада жұмыс істеп, ел мерейін

асқақтатып жүр. Елбасымыздың сарабдал

саясатының арқасында жеткен жетістігіміздің

нәтижесінде ел экономикасы қарыштап дамып,

бейбітшілікте өмір сүріп келеміз. Аспанмен

тірескен бәйтерегіміздің айналасына заманауи

үлгідегі ғимараттар салынып, әлемде теңдесі

жоқ Нұр-Сұлтан қаласы бой көтерді. Елімізді,

туған жеріміздің қадірін білейік! «Қуана білгенге

құт қонады. Бағалай білгенге бақ қонады», -

деген дана халқымыз. Еліміз қуатты, күніміз

шуақты болсын, ағайын! Тәуелсіздігіміздің

30 жылдық мерекесі құтты болсын!

Астанам! Есіл бойын жайлаған,

Бұл-бұл құсы сайраған.

Тәуелсіздік күнін қарсы алып,

Отыз жасын тойлаған!

Хуатжан УАТХАН,

Галкин орта мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі, Шарбақты ауданы.

Туризм әлемдік экономикада

басты рөл атқарады. Бүкіл әлемдік

туристік ұйымның деректері

бойынша ол әлемдегі жалпы

ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін

халықаралық инвестициясының

11 пайыздан астамын, әлемдік

өндірістің әр бір тоғызыншы

жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

Қазақстанда қазіргі заманғы

инфрақұрылым салаларының

дамуына, соның ішінде туризмге

ерекше мән беріледі. Туризм

елдің тұтас өңірлерінің экономикасына

белсенді ықпал етеді.

Қазақстанның тәуелсіздік

Редакциямызға Баянауыл ауданы С.Торайғыров атындағы орта мектептің «Атамекен» орталығы

мүшелерінің мақалаларын жолдап, онда көкейдегі мәселелерін көтерген балалардың еңбектерін

жариялауды жөн көрдік.

Туризмді бірге

қалыптастырайық!

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050»

стратегиялық бағдарламасында туризм, спорт,

денсаулыққа баса назар аударуды басшылыққа ала

отырып, туған елімізде салауатты өмір салтының

даңғыл жолын салуға болады деп атап өтті.

Туған өлкенің тарихи

ескерткіштері, көне мұралары

атамекеніміздің өткен тарихынан

сыр шертеді. Біз зерттеу

жұмыстарын жазып қана қоймай,

төменгі сыныптар арасында «Кім

тапқыр?», «Ол не? Бұл кім?» сияқты

Әрбір елді мекен, жердің, тау мен көлдің, бұлақтың

тарихи атауы болады. Туып-өскен жеріміздің табиғаты,

халқы, шаруашылығы, тарихы мен мәдениеті туралы

білудің маңызы зор. Еліміздегі көне жәдігерлер, мәдени

және тарихи ескерткіштердің сыры мол.

интеллектуалдық сайыстарды жиі

өткіземіз. «Атамекен» орталығының

Тәуелсіздік күніне арналған шарасы

аясында «Мың бір мақал, жүз

бір жұмбақ», «Желбірей бер,

Тәуелсіздік байрағы», «Тәуелсіздік -

елімнің шамшырағы» сайыстарын

алуы туристік қызметті реттеу

мен халықтың тарихи және

мәдени мұрасын жаңғырту үшін

негіз боп қаланды. Сондықтан

туристер еліміздің қай жерінде

болмасын табиғатқа және оның

сұлулығына сүйіспеншілікпен қарап,

қоршаған ортаның сән аясында

тәртіп бұзбай, демалып отырса

құба–құп. Егер туристер жүрген

жерде табиғатты қорғау туралы

заңдардың талабын орындамаса,

онда табиғатқа шығын келтіретіні

сөзсіз.

Мен мектебіміздегі «Атамекен»

этнографиялық–өлкетану орталығының

мүшесі боламын.

Тобымыз экология мәселесі

бойынша жұмыс атқарады. Жуырда

«Қоқысты жинап, өз үлесіңді қос,

тазалықты сақтап, табиғатпен

бол дос!» атты акция өткіздік.

Әр сыныпқа қоқысты қандай

тәсілмен сұрыптауға болатынын

слайд және сұрақ қою арқылы

түсіндірдік. 8-сыныпқа «Табиғатты

аяла» тақырыбында дөңгелек үстел

ұйымдастырып, туған жеріміз

Торайғыр ауылының экологиясы

жөнінде әңгіме қозғадық. Акция

барысында мектептің бірінші

қабатындағы дәлізге шыныға,

қағазға, пластикке және тұрмыстық

қалдықтарға арналған жәшіктер

қойылды. Қазір мектеп оқушылары

тазалықты сақтау шараларына

ерекше мән береді.

Ұйымшылдыққа баулиды

Дарина ҚҰДАЙБЕРГЕН,

10-сынып оқушысы.

ұйымдастырдық. Оқушылар

білімдерін ортаға салып,

жарысты. Өздеріне көп ой түйеді.

Мұндай шаралар оқушыларды

ұйымшылдыққа баулиды.

Баянсұлу БЕКЕН,

9-сынып оқушысы.

Біз «Атамекен» орталығының қай тобында

жүрсек те, бірге жұмыс істейміз. Себебі -

мақсатымыз ортақ. Тобымыздың басты

міндеті - халқымыздың салт-дәстүрін

жинақтап оқу жұмыстарына кеңінен қолдану

және қоршаған ортамызды қорғау.

Тасқа жазу

жазбайық

Мен мақаламда осы Торайғыр

ауылының экологиялық мәселесін

көтергім келеді. Баянауыл

тауларында бояумен жазылған

есімдерді көруге болады.

Демалуға келген туристер

табиғатты ластап кетуі былай

тұрсын, кетпейтін сыр бояумен

тасқа өздерінің есімдерін, келген

уақыттарын жазып қалдырады.

Павлодар облысының

табиғаты сұлу орындарының

бірі - Торайғыр ауылы. Табиғат

байлығын дұрыс пайдаланып,

экологиялық жағдайын

дамыту, ол тек осы ауылдың

тұрғындарының міндеті емес.

Қазіргі қоғамда «демалу

мәдениеті» қалыптаспаған.

Мәдениетті болу сөйлегенде

әдептілік сақтау, дұрыс киіну

ғана емес, демалу кезінде

табиғатқа зиян келтірмей,

өзінен кейін қоқыс тастамау

да мәдениеттілікке жатады.

«Атамекен» орталығының

мүшелері Сұлтанмахмұт

Торайғыров атындағы орта

мектеп оқушылары түрлі бастама

көтеріп, қоқыс теру акцияларын

ұйымдастырып келеміз.

Торайғыр ауылының территориясы

мемлекеттік Ұлттық

парк аймағына жататындықтан,

демалушылардың тасқа

шимайлап, бояп тастаған

жазуларын өшіру жолдарын

қарастырдық. Тау–тастағы

жазуларды өшіруге тырыстық.

Өкінішке қарай, өшіру мүмкін

болмады. Осы мәселені Баянауыл

ұлттық паркінің басшысы Сүйіндік

Ахметжановпен талқыладық.

Тастағы жазуларды сыр бояулармен

кетірген едік. Нәтиже

шықпады. Себебі келген қонақтар

бояу үстіне тағы жазу жазды.

Турист табиғатты танып-білуге

келеді, мекенмен таныс болады.

Сондықтан табиғатты ластауға

жол бермеуіміз қажет.

Мадина САҒЫНТАЙ,

9-сынып оқушысы.


8 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл

SARYARQA SAMALY

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН

Үш тілде

сөйлеп үйренейік!

ЭССЕ

Тәуелсіздік –

тұғырым

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы –

сендердің қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің

гүлденіп, дамуы үшін жас ұрпақтың жан-жақты білім

алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Ainalaiyn» қосымшасының

оқырмандары үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық

үлгідегі жалпы білім беру мектебінің ағыл-

шын тілі маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт Елемесова

үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз сын есім атауларын үйренеміз.

Ендеше, іске сәт!

Аққала

Снеговик

Snowman

Шаңғы

Лыжи

Ski

Шырша

Ёлка

New Year Tree

Қар

Снежинка

Snowflake

Хоккей

Хоккей

Hockey

Коньки

Коньки

Skates

Шана

Санки

Sledge

Мұз айдыны

Каток

Ice rink

Тәуелсіздік – әр адам, әр ел үшін маңызды ұғым. Біздің еліміздің

тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толды. Тәуелсіздігіміз үшін

қаншама ата-бабаларымыз, аға-апаларымыз құрбан болды. Қазақ

тарихында қаншама қиын-қыстау замандар, қайғылы оқиғалар

болды.

«Ақтабан шұбырынды», «Жоңғар шапқыншылығы»,

ХХ ғасырдың басындағы

Ұлт-азаттық көтеріліс, 1930 жылдардағы

ашаршылық, қазақ зиялыларын қуғынсүргінге

ұшырап қудалануы, 1941-45 жылдар

аралығындағы Ұлы Отан соғысы, тәуелсіздік

үшін болған 1986 жылғы «Желтоқсан

оқиғасы» секілді тарихи оқиғаларды

бастан кешкен қазақ елінің ұрпағымыз.

Қазақ тарихындағы маңызды кезеңдерде

белгілі тұлғалар Қазақ хандығының негізін

қалаған Керей мен Жәнібек хандар және

оны гүлдендіріп, көркейткен Қасым хан,

«Ақтабан шұбырынды» кезінде еңсесі

түскен қазақты жинап, үш жүздің басын

біріктірген Абылай хан, ұлт азаттығы

үшін күрескен Исатай мен Махамбет

батырлар еді.

Қараңғы қазақтың көзін ашу үшін қуғынсүргінге

ұшыраған Ахмет Байтұрсынов,

Әлихан Бөкейханов, т.б. қазақ зиялылары,

Ұлы Отан соғысындағы ержүрек

батыр атамыз Бауыржан Момышұлы,

тәуелсіздік үшін жанын берген қазақ

жастары – Қайрат Рысқұлбеков, Сәбира

мен Ләззат сынды тәуелсіздігіміз үшін

күрескен тұлғаларымызды мақтан тұтамын.

Енді, міне, сол тұлғалардың арқасында

біздің егемен еліміз, кең байтақ жеріміз,

ана тіліміз, ата-дәстүр, дініміз бар. Бізге

аманат етіп қалдырған Тәуелсіз елді

келер ұрпаққа табыстауымыз керек.

Шернияз БЕКЕТАЙ,

№25 мектептің 8 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

ЖАС ҰЛАН

Менің Қазақстаным

Менің туып-өскен жерім – Қазақстан. Мемлекетіміздің

ең басты құндылығы – адам, оның өмірі мен бостандығы.

Сондықтан осында өмір сүретін барлық ұлттар

мен ұлыстардың құқығы тең. Қазір елімізде 100-ден

астам ұлт өкілі тұрады.

Қазақстан – асты да, үсті де бай

ұлан байтақ жері бар, егеменді ел.

Еліміздің көркем табиғаты мен көрікті

жерлері әрбір адамды таңдандырады.

Бас қаламыз Нұр-Сұлтан – өте

әдемі, тез дамушы, заманауи қала.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі

бойынша астанамыз «Бейбітшілік

қаласы» атағына ие болды. Бурабай

– Сарыарқаны шырайын келтірген

құтты мекен. Мұнда көптеген тіршілік

иелерін кездестіруге болады.

Павлодар облысының ең көрікті

жері – Баянауыл. Бұл – орманды,

таулы, көлді аймақ. Табиғатын,

ауасын, топырағын сағынғанда

отбасымызбен саяхаттап барамыз.

Бұрын қазақ жерлеріне көптеген

ел шапқыншылық жасады. Бірақ

қаhармандарымыз намысын қолдан

бермей, елді жаудан қорғап

қалған. Қазір біз тәуелсіз мемлекетте

өмір сүріп жатырмыз. Мен

осындай елім барына мақтанамын!

Мен Қазақстандай байтақ елімді

мақтан тұтамын! Қазақ болғаныма

қуанамын!

Нүрия ТҮКЕБАЕВА,

Б.Момышұлы атындағы орта

мектептің 2 «Д»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Егемен ел

Қазақстан – Отаныма,

Ән-жырымды арнадым.

Егемен елде ер жетіп,

Азамат болу арманым.

Айналама қарасам,

Кең жазира даласы.

Мен білімге ұмтылған,

Егемен елдің баласы!

Нарғыз ЖҰМАБЕКОВА,

№19 орта мектептің

1 «А»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Туған жер

Неткен ғажап менің елім,

Туып-өскен байтақ жерім.

Көрген адам көзі тоймас,

Табиғаты сұлу, керім.

Неткен ғажап менің елім,

Тау-тасың мен шалқар көлің.

Туған жердің қымбат маған

Ауасы мен самал желі.

Ерасыл ҒИЗАТУЛЛА,

№19 орта мектептің

2 «Б»-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Қазақстан

Қазақстан – көркем елім, байлығым,

Өзің жайлы жыр жазамын, айбыным.

Көзің тоймас биік-биік тауларға,

Аққу-қаздар қонған сұлу айдының.

Жасай берші, туған өлкем, мәңгілік,

Көркейе бер, күннен-күнге сән құрып.

Көк аспанда көк байрағың желбіреп,

Бар әлемге жетсін атың жаңғырып.

Аиша КЕНЖЕБАЙ,

Б.Момышұлы атындағы орта мектептің

2 «Д»-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

«Ainalaiyn» қосымшасының үйлестірушісі - Торғын ОРАЗАЛЫ.


SARYARQA SAMALY

АУЫЛ-АЙМАҚ 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл 9

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Солтүстіктен пана тапты

Өткен жылы Ақсу қаласы мен оған қарасты ауылдық

аймақтарға оңтүстік өңірлерден 53 отбасы көшіп келді.

Қазіргі уақытта қоныс аударушылар мамандықтары

бойынша жұмысқа орналасуда.

Облыс тұрғындарының қатарын

толықтырған азаматтардың бірі – Қайсар

Қанатұлы. Жұбайы Бибізайнап Айтуған

және екі баласымен бірге осыдан үш

ай бұрын Қызылорда облысынан қоныс

аударды. Жас отбасыға Ақсу қаласынан

жалдамалы 3 бөлмелі пәтер берілді.

- Біздің өңірде мамандық бойынша

жұмыс табу оңай емес. Әр саланы

меңгерген қызметкерлер болғанмен,

оларға арналған жұмыс орындары тапшы.

Әлеуметтік желі арқылы Павлодар облысына

көшіп келген азаматтарға тұрақты

қызмет ұсынылып, баспана берілетінін

естідік. Сондықтан солтүстікке келуді

ұйғардық. Мұнда барлық жағдайымыз

-

ЕРТІС АУДАНЫ

жасалды. Пәтеріміз де, жұмысымыз да

бар. Балаларға балабақшадан орын

қарастырылды. Осындай мүмкіндік берген

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы мен

жергілікті билікке алғыстан басқа айтарымыз

жоқ, - дейді Қ.Қанатұлы.

Ақсу қалалық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің мәліметінше, былтыр оңтүстік

өңірлерден 250 қоныс аударушы мен

шет мемлекеттерден 100-ге жуық қандас

келді. Олардың басым бөлігі білім беру,

денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы

салаларындағы жұмыстарға орналастырылды.

А.ЕРМАНАТ.

Ауылда - ауызсу құбыры

Ертіс ауданының Қоскөл ауылында орталықтандырылған

су құбыры пайдалануға берілді. Аудан әкімі Аян Бейсекин

тұрғындарды құттықтап, ауданда атқарылған бірқатар

ауқымды жобаларға тоқталды.

Өткен жылы Майқоңыр,

Амангелді және Қоскөл ауылдарын

орталықтандырылған

ауызсумен жабдықтауға

арналған екі жылдық жобаның

құрылысы аяқталды. Бүгінде

Қоскөл ауылынының 130 үйіне

су тартылып, 100% сапалы

ауызсумен қамтамасыз етілді.

Ауыл ақсақалы Қ.Ахметжанов

тұрғындары атынан жергілікті

атқарушы орган өкілдері мен

«Дәнекер» ЖШС мердігерлік

ұйымына зор алғыс білдірді.

Қоскөлдіктердің көпшілігі

үйлеріне санитарлық тораптар

тартып, автоматты кір жуғыш

машиналар орнатып, септиктер

дайындап үлгеріпті.

Қоскөл ауылында сумен

жабдықтау мәселесімен қатар

бірқатар түйінді мәселелер

шешімін тапқан. Атап айтқанда, әлеуметтік

нысандар мен жолдар жөнделіп, көшелер

жарықтандырылған, ұялы байланыс

желісі тартылған. Осының барлығы

ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын

жақсартуға бағытталып отыр. Ауылдың

көркеюі жастардың тұрақтауына да

септігін тигізбек.

Т.ӘБІЛДА,

Ертіс ауданы.

-

АҚТОҒАЙ АУДАНЫ

Жолдардың жағдайы -

басты назарда

Ақтоғай ауданы аумағында 460,8 км автомобиль жолдары

бар. Қысқы маусымда оны күтіп-ұстауға баса мән

берілуде.

Атап айтсақ, республикалық маңызы

бар жол 86,1 шақырымды құрайды

(Ленин-Ертіс-Русская Поляна - 43-129,1

шақырым). Облыстық маңызы бар жолдар

164 шақырымға тең. Аудандық маңызы

бар жолдар - 210,7 шақырым.

Аудандық маңызы бар жолдар-

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

Үстел теннисін сыйлады

«Жақсының жақсылығын айт - нұры тасысын» - дейді

қазақ. Қалалық мәслихат депутаты, «Ақ жол» партиясының

мүшесі Қайрат Тұрсынбаев және «Ақ жол» демократиялық

партиясының Павлодар облыстық филиалы

төрағасының орынбасары Жанат Ибраев ауданға арнайы

ат басын бұрып, ардагерлермен жүздесті.

Аталған азаматтар құр келмей, ауыл

ақсақалдарына арналған сыйлықтарын

да ала келіпті. «Ақ жол» партиясының

Павлодар облыстық филиалы атынан

қарияларға үстел теннисін сыйға

тартты. Қашанда үлкенге құрмет, кішіге

ізет танытып жүрген халық дәстүрі

жойылмақ емес. Бұл – үлкенге деген

қайырымдылықтың, аса зор құрметтің

көрінісі. Енді қазыналы қариялар бос

уақыттарында бас қосып, арқа-жарқа

әңгіме құрып, спортпен айналысуына

мүмкіндік туды.

Жиын барысында, «Ақ жол» демократиялық

партиясының мүшелері партияның

сайлауалды бағдарламаларының

ды күтіп-ұстауға аудан

бюджетінен 43 миллион

353 мың теңге қаражат

бөлінген. Бұл іске жауапты -

«Өрлеу» КБФ ЖШС, «Imperya

Gompany» ЖШС, «Рамазан»

ШҚ, «Вираж» ШҚ мердігерлік

ұйымдары кез келген

тосын жағдайға сақадай

сай. Олардың иелігінде 16

техника бар.

Ал облыстық маңызы

бар «Ақтоғай-Шолақсор»

автожолын күтіп-ұстауға

«Качирский ПДУ» ЖШС

жауапты. Кестеге сай жолдағы

шұңқырларды жою, қар ұстауға

қарсы қалқандарды орнату жұмыстары

жүйелі жүргізіліпті. Мердігердің иелігінде

5 техника бар. Көктайғаққа қарсы

300 тонна арнайы материалдар әзірленген.

О.АХМАДИЯ.

атқарылу барысына тоқталып, ел ішіндегі

түйткілді мәселелерге де құлақ асты.

Келелі кездесуде сөз алған аудан ардагерлері

жомарт жанға ризашылықтарын

білдіріп жатты. Баянауыл ауданының

Құрметті азаматы Солтан Байділдин:

«Қазіргі елдегі ахуал, пандемия елдің

сағын сындырып, мысын басты. Десек

те, осындай жомарт жандардың, ел

азаматтарының жанашырлығы, елге

деген құрметі, сыйластығы жанға

жылу сыйлайды. Үлкенді сыйлау – кісіліктің

белгісі. Осындай сый-құрметтеріңе

разымыз», - деп ағалық алғысын

білдірді.

Әлия ЖҰМАТҚЫЗЫ.

-

МАЙ АУДАНЫ

Камералармен қамтылды

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде балалардың

қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түрлі маңызды

шаралар жүзеге асырылып жатыр. Май ауданының

барлық білім беру ұйымдарында «дабыл батырмалары»

бар. Олар Ақсу қалалық «S.C.O.R.P. Security» ЖШС

жеке күзет ұйымымен және жергілікті учаскелік полиция

инспекторларының жұмыс планшетімен байланыс

орнатты.

Аудандық оқу орындарында балалардың

қауіпсіздігі мәселелері бойынша кеңес

өтті. Мұнда білім беру мекемелерін

бейнебақылау камераларымен қамтамасыз

ету, дабыл батырмаларының болуы

және орнатылуы, металл іздегіштер

мен рациялар сатып алу мәселелері

қарастырылды.

- Бүгінде аудан бойынша 10 мектептің

152 бейнебақылау камерасы Павлодар

облысы полиция департаментінің жедел

басқару орталығына, сондай-ақ Май

ауданы полиция бөліміне ғаламтор

арқылы құрылғыларға қосылды, - дейді

аудандық полиция бастығы, полковник

Қанат Уәлиев.

Кеңеске қатысушылар аталмыш

мәселелерді талқылап, оны шешу

жолдарын назарға алды.

М.БАЯНБЕКҚЫЗЫ.

УСПЕН АУДАНЫ

Баспаналы болды

Успен ауданының әкімі Николай Дычко «Нұрлы жер»

мемлекеттік бағдарламасы аясында сатып алынған

тұрғын үйлердің кілттерін иелеріне табыстап, баспаналы

болған азаматтарды қоныс тойымен құттықтады. Пәтерлерге

көпбалалы және толық емес отбасылар, мүгедектер

мен жетімдер ие болды.

Жаңа жыл басын жаңа үйде қарсы

алған жергілікті тұрғындардың бірі

Светлана Оспанбаева көптен күткен

қуанышын жасырмады. Оның айтуынша,

қазір ауылдық жерлерде жаңа

ғимараттар бой көтеріп, жаңа үйлер

құрылысы қарқын алып келеді.

- Бүгінгі күнді әулетімізбен ұзақ

уақыт есте сақтаймыз. Тұрғын үй

алуға мүмкіндік берген мемлекеттік

бағдарламаның шарапатын көрудеміз.

Мемлекетіміз дамып, өсіп-өркендеп жатыр.

Аудан, облыс, ел басшылығына алғыс

білдіріп, шаңырақты болып жатқан отбасыларға

құтты болсын айтамын, - деді ол.

Сонымен қатар, аудандық мәдениет

үйінің фойесінде фотосуреттер галереясы

ашылып, аудан тұрғындары мен

қонақтары өңірдегі маңызды мәдени

іс-шаралардың суреттерін тамашалауға

мүмкіндік алды. Мәдениет ордасының

бірінші қабатындағы қабырғаға аудандық

шығармашылық ұжымдардың, этномәдени

бірлестіктердің, ауқымды іс-шаралардың

фотосуреттері ілінген.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.


10 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл КЕЛБЕТ

SARYARQA SAMALY

АҚЫН БОРАНҒАЛИ ЫРЗАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА – 90 ЖЫЛ

Қиянатты қиып түскен...

Тап осы сәтте мен «Елеусіз қалған есімдер» қатарындағы

бұрынғыға белгілі, бүгінгіге беймәлім ақын, Қазақстан

Жазушылар одағының мүшесі Боранғали Ырзабаев туралы

ойдың жетегіндемін.

Еламан ҚАБДІЛӘШІМ

Қаламгер 1932 жылы 15 қаңтарда

Ақтөбе облысы, Темір ауданында дүниеге

келген. Әке-шешеден ерте жетім қалған

Боранғали балалар үйінде тәрбиеленген.

Ақын бала кезінде көрген қиындықтарын

өлеңіне былайша арқау етеді:

«Мен майын сорғаным жоқ, шағып жілік,

Темірімнің жидегін қағып жүріп,

Жетілдім шеңгел талап тірсегімді,

Жетілдім көзімнен жас ағып жүріп...», -

деп, тағдырының тартысқа толы екенін

айтудан тартынбайды. Ол көзін тырнап

ашқан бөлтірік шағынан алысып-жұлысуға

дайын болды. Сол арпалыста жұлымжұлым

болған ақ тоны ғана ма? Ақ

көңіліне шаң қонбады ма, пәк жанына

жара түспеді ме?! Сондықтан да ақын

зұлымдық-жауыздықтан жиіркене, жек

көре жырлайды.

Боранғали Ырзабаевтың қаламгерлік

қажырлы қызметінің келісті кезеңі Ертіс-

Баян өңірінде өтті. 1956 жылы Қазақ

мемлекеттік университетінің журналистика

факультетін бітірген ол, еңбек жолын

Май ауданында мектепте мұғалімдіктен

бастады. 1959-1962 жылдары облыстық

«Қызыл ту» (қазіргі «Saryarqa samaly»)

газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі

болды. 1962-1965 жылдары «Лениншіл

жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Тың

өлкесі бойынша меншікті тілшісі, 1967

жылдан 1993 жылға дейін «Социалистік

Қазақстан» (қазіргі «Egemen Qazaqstan»)

газетінің Павлодар облысындағы, кейін

Орал облысындағы тілшісі қызметін

атқарды. 1994-1995 жылдары Қазақстан

Жазушылар одағының Орал облыстық

бөлімшесін басқарды.

Кейіпкеріміз журналистиканың ауыр

жүгін қайыспай көтерді, ақындықтың

азабын ауырсынбай арқалады. Ақын үшін

газет жұмысына жегілуден өткен азап

жоқ екенін талай ағамның аузынан естіп

едім. Бірақ Боранғали Ырзабаев баспасөз

деп аталатын «домна пешінің өңешінде

шыжғырылса да», шығармашылығын

ақсатпады. Жыр жинақтарын жиі шығарып,

оқырманға олжа салды. Ақынның алғашқы

өлеңдері «Жас дәурен» жинағына енді. Ал,

«Тұңғыш» жыр жинағы 1963 жылы жарық

көрді. Әр жылдары «Қадірлі қалалар»,

«Ұшуға қанат керек», «Жер жүрегі соғады»,

«Жас дәурен», «Ертіс-Жайық арасы»,

«Бақ жұлдызым», «Егіндікөл жұлдызы»,

«Кәусар» кітаптары басылды. Аталған

кітаптардың бір парасы С.Торайғыров

атындағы облыстық кітапхананың қорында

сақталған екен. Сирек айтылатын есімі

секілді пышақтың қырындай жинақтары

да сирек кітаптар қорында сақталады

екен. Бастысы, сақталады! Аттай қалап,

сұрап алдым. Ақын әлеміне еніп, жанына

үңілгендей болдым.

«Қадірлі қалалар» деп аталатын

поэмасы жеке жинақ болып басылыпты.

Сонау от лаулаған, оқ бораған зұлматтың

хас батыры – «...сымша тартылған; Қаз

мойынды, палуанға иықтас, қыр мұрынды,

биік қабақ, қиық қас; Кең маңдайын әжім

баспаған, сақал-мұрты тебіндене бастаған;

Ат жақты, ақсары өңді, бойшаң келген

жігіт» Қанаш Қамзин. Әйгілі жерлесіміз

жайлы естелік дастанның негізгі өзегі –

Қанаш Қамзин бастаған үшінші атқыштар

ротасының жаудың Днестрден өткел бермей

тұрған ең берік «Биіктік-65» бекінісін (1944

жылы сәуірдің 12-сінен 13-іне қараған

түні, Молдавия) басып алу ұрысы. Осы

биіктікте «алысып жүріп, жауға оқша

атылып», небары 25 жасында қаза болған

қазақ ұлына Кеңес одағының батыры

атағы берілді. Қыршын кеткен боздақтың

бейнесін сөзбен сомдаған ақын «Ерлік

өлімді де жеңетінін» дәріптеді.

Майдан даласында «кейде өзіңнен,

өзгелерден жоқ көмек, майданның ең

ауыры – жекпе-жек». Бірде бір ағам соғысқа

қатысқан жауынгер-ұстазының: «Мен жау

сарбазымен бетпе-бет келіп, жекпе-жек

ұрыс салмағандарды майданда болды деп

есептемеймін! Төрт жыл соғыста болып,

бірде-бір фашист көрмегендерді қаруласым

деп санамаймын!» дегенін айтқан еді.

Ардагердің батыл сөзіне разы болсам

да, бейбіт күннің шуағына шомылған мен

жау шебінде жүрген аталарымды сынауға

тәуекел ете қоймадым. Соғыстың аты –

соғыс. Боранғали ақынның поэмасы сол

зұлматты жаныңнан от өткізіп, тәніңе

ток соққызып, сезіндіретіндей әсерлі.

Тар өткелде жаумен жағаласып, қоянқолтық

ұрысқа түскен Қанаштың өрлігі

мен ерлігі баяндалатын мына бір эпизод

поэманың шарықтау шегі іспеттес:

«...Қанаштың өңі тым өзгерген,

Қанжар ұшын өкпе тұсқа көздеген,

жақындата бергенінде кеудеге

жанұшырды жау неме!

Қанжардың жүзі неткен сұсты еді?!

Жау көзін тарс жұмды да, ерінін тістеді.

Ал, Қанаш қанжарын

көтере ұстаған қалпында,

Сол қолы алқымда:

- Сен неге өлімнен қорқасың?!

Қорықпай қырдың ғой біреудің жалғызын,

біреудің жолдасын!

Неге сен, отқа тастадың баланы?

Неге сен, оққа ұстадың ананы?

Уа, қанды ауыз, қанды ауыз!

Бүгін бір емес,

мың рет өлуге тиіссің, сен, жауыз!».

Қанаштың аузындағы бұл сөздер –

ақын жүрегінің дүрсілінен пайда болған

жай оғы. Жауыздықты жасқап тұр.

Зұлымдықтан асқақ тұр. Кейіпкерінің

қанжығасына байлап берген ақынның

өткір жыры – жер бетіндегі жамандық

атаулыға protest!

Боранғали Ырзабаевтың «Ұшуға қанат

керек» деген кітабы 1970 жылы Сағи

Жиенбаевтың редакторлығымен жарық

көрген. Кітаптағы өлеңдерден ақын

жанының өршіл екенін аңғарамыз. Сол

асқақтықтың бастауында жұбанбаған жетім

көңіл бары тағы сезіледі. Пәлсапалық

сарынды «Қызғаныш» өлеңін толқымай

оқу мүмкін емес:

«Біреудің дарынын қызғансам,

Дарынға басымды игенім.

Әлемнің жарығын қызғансам,

Жарқырап тұруды сүйгенім.

Біреудің ақылын қызғансам,

Ақылға жүгіне білгенім.

Біреудің жақынын қызғансам,

Жақынға жарымай жүргенім.

Жақсыны жаманнан қызғансам,

Жаманнан бойды аулақ күткенім.

Жүйрікті шабаннан қызғансам,

Басымды бәйгеге тіккенім».

Ал, «Баян әсерлері» және «Менің

Павлодарым» топтамалары ерекше

шабыттан туған. 1973 жылы шілдеде

Боранғали Ырзабаев шығармашылық

сапармен Баянауылда болыпты. Сапар

барысында «Қызыл ту» газетінің редакторы

Сұбыхан Шошанов және журналист

Төлеутай Ақшолақовпен бірге «Жеңіс»

газетінің (қазіргі «Баянтау») редакциясында

журналистермен кездесіпті. Кездесуде

аудандық басылымның өткені мен бүгіні

сөз болып, жұмысына баға берілген. Ал,

21 шілдеде «Жеңістің» бетінде ақынның

«Жер және адам» топтамасы оқырманға

жол тартты. Мен Боранғали ақынмен

алғаш сол жырлар арқылы танысқан едім.

Сол топтамадағы «Ұқсастық» деген

өлеңінде ақын опасыздыққа қарсы аттан

салады. «О, адамдар, ақыл-ойдың әлемін,

соғыс деген жексұрыннан сақтаңдар!»

деп ұрандайды. Бұл – жалған ұран, бос

айқай емес. Сол құса қашан басылмақ?

Асқынған жараға не дауа болмақ? Ақынның

ақыл-ойдың әлемінде, тірлік үшін күресте

адыл белдесу арқылы ғана дәтке қуат

табуға болатынын айтқысы келгендей.

Баянауылға жасалған шығармашылық

сапардың, оқырман қауыммен, ел-жұртпен

кездесудің әсерінен туған өлеңдер ерекше.

Бірінде Баянауылдың терең тарихын тұмса

табиғатымен ұштастыра жырласа, енді

бірінде ауыл адамдарының кең пейілін,

ыстық құшағын өлеңмен өрнектейді:

«Баян тауын құзарт десек,

Құзарттығы – өрінде.

Баян елін жомарт десек,

Жомарттығы – жерінде...» («Топтамадағы

төртінші жыр»).

«Боранғали қандай адам болған?»

деген сауалмен, көзкөргендерден белгілі

қаламгер Қайсар Әлімге хабарластым.

Аға мен іні тоқсаныншы жылдары әріптес

ретінде, бірі – Оралда, екіншісі Торғай

облысында «Егеменнің елшілері» қатарында

болыпты. Алматыда, редакцияда барлық

облыстардың тілшілері бас қосқанда

бірнеше рет кездесіпті. Менің қоңырауымды

қабылдаған ардагер журналист сөзімді

ықыласпен тыңдады. «Ұмытылуға айналған

азаматты іздеп жатқандарыңа мың алғыс»,

- деп разылығын білдірді.

– Борекең өз ісіне мығымдығын сезіп,

сеніммен жүретін. Небір идеяның, бастаманың

көрігі еді. Жазғанында жылылық, шуақ

төгіліп, адам жанын мейірлендіріп жіберетін.

Оның қаламынан сын туса, кейіпкерлері

туырлықтай қағылатын. Мұқатам деп

жазбайды сынды, мұратқа жеткізем деп

жазады, - деп еске алады қаламгер.

Боранғали Ырзабаев жайлы Қайсар Әлім

«Egemen Qazaqstan» газетінде «Үшеудің

үлгісі» естелік эссесінде де баяндаған

екен.

Ардагер журналистің жол сілтеуімен

жазушы Қалихан Ысқақтың «Келмес күндердің

елесі» ғұмырнамалық романын шолып

шықтым. Онда жазушы 1957 жылдың

күзінде «Лениншіл жас» газетінде қызметте

жүргенде іссапармен Павлодар облысына

келгенін, ақын Боранғали Ырзабаевпен

жақын қарым-қатынаста болғанын жазыпты.

Май ауданында бір айға жуық болған

журналист Қалихан көрші Дегелеңде

жарылған атом бомбасының зауалды

суретін көріп, үрейленгенін жазады.

«Боранғалидың жасына жетпей қартайып,

жасына жетпей дүниеден ерте озғаны

сол бір мүңкір-нәңкірлердің «шапағаты»

болар-ау деген күдік ойымнан кетпейді...»,

- деп түйіндепті ойын Қалихан ата.

Боранғали ақын 1995 жылы 2 наурызда

дүние салды. Мәңгілік өмірінің айғағындай

жыры қалды. Сол жырға мұрагер – бүгінгі

ұрпақ. Ақынды ұрпақ тынысын деген

мақсатта жасалған істер де аз емес.

Орал қаласындағы ақын тұрған Темір

Масин көшесіндегі 53-үйге ескерткіш тақта

орнатылған. Белгілі журналист, марқұм

Темір Құсайын ақын есімін ұлықтауда

көптеген игі шараға мұрындық болыпты.

Ал, 2006 жылы «Ақтөбе өңірінің әдеби

антологиясы» сериясымен өлеңдер жинағы

жарық көрген.

Ертіс-Баян топырағына маңдай тері

тамып, қаламының сиясы құйылған ақынның

мен таныған бейнесі – осындай. Боранғали

«Қимау» дейтін өлеңі арқылы өмірлік

ұстанымын шыңға шығарып кеткендей.

Ол – ақын, жанын жегідей жеп қинаған

өлеңімен қоштасуды қимаған. Ол – үлкен

ғалым, кең дүниеге сыймаған ақыл-ойын

тар табытқа қимаған. Ол – қас батыр,

жаудан айыл жимаған өзін емес, бес

қаруын қимаған. Ол – адам, жанын талай

қинаған жамандықты жер үстіне қимаған.

Жамандықты да қимай кетуге болады

екен. Өмір бойы шығармашылығы арқылы

зұлымдық атаулымен күрескен ақын өзі

өлсе де, қас жауы жер бетінде қала

беретінін анық білді. Өлеңі өлмей сол

күресті жалғастыра беретінін де сезген

болар, бәлкім?! Өйткені ол қиянатты

қиып түскен қылыштай өткір қаламгер еді.

ҒИБРАТ

Жақында облыстық «Saryarqa

samaly» газетінде Махмет Демесінұлының

«Сырлы төбе» атты мақаласы

жарияланды. Сол мақаладан

Асан қайғы туралы жазғанын

оқып, ертеде естіген аңыз әңгімені

есіме түсіріп, ойды жалғастырайын

деп шештім.

Асан

қайғының

айласы

Дұшпан біздің дауласқанды күтеді,

Дауласқанды түйе жүндей түтеді.

Ынтымақты нығайтпасақ, ағайын,

Береке – бірлік басымыздан кетеді.

Халқым үшін қай түпкірге бармадым,

Осы жолға ғұмырымды арнадым.

Тозған елді ұйыстырып бір жерге,

Озған елге айналдыру арманым – деп

жырлаған Асан қайғы бабамыз Жерұйық іздеп

сонау Ұлытауға да барған екен. Ұлытауға

барса, сол өңірдің халқын Шүршіттің ханы

билеп алған екен. Шүршіт деп отырғаным -

қазіргі Қытай. Ұлытаудың халқы жүдеген.

Не болды? - деп сұраса, Шүршіттің ханы

былай деп жар салыпты:

- Әй, қазақтар, даладағы айғырларың

кісінемесін, біздің қорада тұрған биелер

шошынып құлын тастайды. Кімде-кім айғырын

кісінетсе, иелерін байлап әкетеміз, жылқыларын

айдап әкетеміз! – депті. Осындай жарлықтан

кейін қазақтар қорқып, зәрезап болып отыр

екен. Міне, осы кезде 15 жастағы Асан

қайғы, шын аты - Қасен, елдің ішіне келіп

былай дейді.

- Маған 40 түйе беріңдер, сосын Құралайды

көзге ататын 40 мерген беріңдер. Мен

Шүршіттің ханының аузына құм құйып

келейін. Ел оның айтқанын жасайды.

40 түйеге мінген 40 мерген Шүршіттің

шаһарына келіп, иттерін шытырлатып атқан

екен. Құралайды көзге атқан мергендер

үшін ит деген түкке тұрмайды ғой. Ойдың,

қырдың және шаһардың иттерін атып келе

жатқан сөз Шүршіттің ханына да жетеді.

Сонда хан:

- Қане, олардың басшысын шақырыңдар,

сыбағасын берейін – дейді. Хан алдына

келген бала жігітті көріп: «Ей, сен кімсің?»

деп, айғай салады. Сонда Асан қайғы саспай:

- Мен ең бірінші қазақпын, ойдың, қырдың,

шаһардың иттерін қырып жүрмін. Сонда

хан айтты дейді:

- Ойдың, қырдың, шаһардың итін

қыратындай саған олар не қылды? – дегенде

Асан қайғы:

- Қыстың күні сары аязда жалғыз келе

жатыр едім, қаптаған қасқырлар мені

қоршады. Сонда мен ойдың да, қырдың

да, шаһардың да иттерін көмекке шақырған

едім. Бірақ біреуі де көмекке келмеді. Егер

осыдан аман қалсам, ойдың да, қырдың

да, шаһардың да иттерін қырам деп өзіме

ант берген едім, соны істеп келемін.

- Әй, ақымақ бала, сонау далада шіңкілдеген

дауысыңды иттер қалай естиді, –

дегенде, Асан қайғы:

- Сонау даладағы айғырдың кісінегенін

қораның түпкірінде тұрған биелерің естігенде

менің дауысымды естімейтін сендердің

иттеріңнің құлақтары керең болып қалған

ба? - депті.

Ол кезде жас болсын, кәрі болсын,

дос болсын, жау болсын, тіпті хан болсын,

қара болсын сөзге тоқтаған заман еді ғой.

Шүршіттің ханы тағынан атып тұрып:

- Сен жеңдің, мен жеңілдім. Айыбына

не қалайсың? Жарты қазынамды ал, не

болмаса қызымды ал, - дейді хан. Сонда

Асан қайғы тұрып:

- Қазынаң да өзіңе, қызың да өзіңе, маған

халқымның бостандығын берсең болды, –

деген екен. Міне, 15 жастағы Асан қайғы

сол өңірдің қазақтарына бостандығын алып

берген деген аңыз бар. Енді бұл тағылымды

әңгіме біздің жастарымыздың санасында

жүрсін дегеніміз ғой.

Рәшит БЕКТЕМІРОВ,

«Ақсақалдар тағылымы» қоғамдық

бірлестігінің мүшесі, Май ауданының

Құрметті азаматы, Қазақстан

Журналистер одағының мүшесі.


SARYARQA SAMALY МЕЗГІЛ 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл 11

Облыстық «Saryarqa samaly» және «Звезда Прииртышья»

газеттері оқырмандары арасындағы «Жазыл да, ұтып

ал», «Подпишись и выиграй» акциясының

ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ереже.

1.1. Осы Ереже ұтыс өткізу

ережелерін реттейді.

1.2. Ұтыс - Ұйымдастырушының

тұтынушы талғамын арттыруға

бағытталған ынталандыру акциясы.

1.3. Ұтыс ұйымдастырушысы

(бұдан ары Ұйымдастырушы) -

«Ертіс Медиа» ЖШС.

2. Қатысушылар және ұтыс

өткізу мерзімі.

2.1. Бағалы заттар ұтысы облыстық

«Saryarqa samaly» және «Звезда

Прииртышья» газеттерінің бір

жылға толық жиынтығын жазып

алған оқырмандар (бұдан ары

Қатысушы) арасында өткізіледі.

2.2. Ұтыс ойыны 2022 жылдың 25

қаңтары күні сағат 11.00-де өткізіледі.

2.3. Ұтысқа қатысушы үшін жазылушылар

2021 жылдың 20 қыркүйегі мен

28 желтоқсаны аралығында жазылғаны

туралы түбіртегін тапсыруы керек.

2.4. Ұтыс арнайы құрылған комиссия

мүшелерінің қатысуымен әлеуметтік

желілер арқылы онлайн форматта

өткізіледі.

2.5. Ұтыс жеңімпаздары жүлдесін

ұтыс өткізілген күннен бастап бір

ай мерзімінде Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үйден келіп алады.

2.6. Ұтыс жеңімпазы лототроннан

түбіртекті суырып алу арқылы

анықталады.

3. Жүлде қоры.

3.1. Ұтыстың жүлде қоры Ұйымдастырушы

есебінен жүзеге асырылады

3.2. Бас жүлде - тоңазытқыш.

3.3. Бұдан бөлек қысқа толқынды

пеш, шаш кептіргіштер, таба, т.б.

бағалы заттар мен тауар сертификаттары

ойнатылады.

4. Тараптар міндеттері

мен құқықтары.

4.1. Ұйымдастырушы ұтыс ережелерін

2022 жылдың 20 қаңтарына дейін

облыстық «Saryarqa samaly» және

«Звезда Прииртышья» газеттері мен

www.saryarka-samaly.kz және www.irstar.

kz сайттарында жариялауға міндетті.

4.2. Ұйымдастырушы ұтысқа

қатысушылар тізімін 2022 жылдың

20 қаңтарына дейін облыстық

«Saryarqa samaly» және «Звезда

Прииртышья» газеттері мен www.

saryarka-samaly.kz және www.irstar.kz

сайттарында жариялауға міндетті.

4.3. Қатысушы ұтыс ойындары мен

жеңімпаздары туралы толық ақпаратты

облыстық «Saryarqa samaly» және

«Звезда Прииртышья» газеттері мен

www.saryarka-samaly.kz және www.

irstar.kz сайттарынан алуға құқылы.

4.4. Ұйымдастырушы өңірдегі ахуалдарға

байланысты Ережеге ұтыс

мерзімін ауыстыру, өткізілетін орны

мен уақытын ауыстыру т.б. өзгерістер

енгізуге құқылы.

4.5. Ұйымдастырушы жеңімпаз

қатысушыларға жүлдені Ережеде

көрсетілген мерзімде табыстауға

міндетті.

«Saryarqa samaly» газетіне 2022 жылға толық

жазылған (апталық 3 нөмірге де) оқырмандар тізімі

(Егер сіз өз аты-жөніңізді бұл тізімнен таппасаңыз,

8-7182-66-15-41 телефон нөмірі бойынша

хабарласыңыз)

№ Тапсырыс Жазылушының

р/с №

аты-жөні, тегі

1 5062583 КОШПАНОВА УМУТ

КОШПАНОВНА

2 5429640 ЗУБАЙРИНА К.А

3 5041703 ОМАРОВ САПАРХАН

МАНАПОВИЧ

4 5360725 АБЖАНОВА ГАЗИЗА

РОМАЗАНОВНА

5 5384361 ЖОРТЫУЛОВ А.К

6 5305171 ТАКИЕВ СЛАМКУЛ

7 5292485 БАЙМАГАМБЕТОВА

ЗАКИЯ

МАЛИКОВНА

8 5277705 КАРАШАШЕВА ТУРСЫН

АБДРАХМАНОВНА

9 5232344 КУСАИНОВА

САЙРАНГУЛЬ

10 5138379 РАХИМБАЕВ Н.Ж

11 5138272 АХМЕТОВА БАХЫТ

КАМБАРОВНА

12 5167752 АБНАСЫРОВА КУЛЯШ

ЗИКЕНЕВНА

13 5107798 КУМЫШЕВА БАХИТЖАН

МЭЛСОВНА

14 5117006 САМИЕВ А.С

15 5131137 ЯЦЕНКО ЛЮДМИЛА

ИВАНОВНА

16 5049513 АУБАКИРОВА ЖИБЕК

17 5057182 ШАЙКЕНОВА НАЗЫМ

ГИЗАТОВНА

18 5057220 КАРИБАЕВ ИБРАЙ

ЗЕЙКЕНОВИЧ

19 5059927 НУРГАЛИЕВ ЖАКАЙ

ЖУБАЕВИЧ

20 5464263 БАЙГУРМАНОВ ЕРМАТ

НУРГАЛИЕВИЧ

21 5427531 ПШЕМБАЕВ

КУДАЙБЕРГЕН

22 5454829 ТАУАСҚАН МЕДЕТ

АЛПЫСБАЙҰЛЫ

23 5454654 БЕГАЛИНОВА САМАЛ

БАЛГАБАЙКЫЗЫ

24 5395111 ЗЕЙНУЛИНА АЙМАН

ФАЙЗУЛЛОВНА

25 5481156 АСЕМБАЙ ЖАНАРГУЛ

26 5259769 ТУРТУЛОВ АЙДАРХАН

МУСИНОВИЧ

27 5476162 ШАЯХМЕТОВА ГУЛЬНАР

КАРЫБАЕВНА

28 5481164 КОБЕШОВА НАЗЕРКЕ

ЕРИКОВНА

29 5293392 ОМАРОВА БОТАГОЗ

ЕЛЖАНОВНА

30 5302884 АЛЬХАР АЛМАЖАН

31 5245717 ЖАРМАКИНА ДАНА

КАЙКЕНОВНА

32 5054329 РАХИМЖАНОВ БЕЙБУТ

КАПКЕШОВИЧ

33 5046515 КСЕНТАЕВ АРДАК

АНУАРБЕКОВИЧ

34 5147434 АБЕНОВ МУХТАР

ЗАПИШЕВИЧ

35 5141146 КОЖАНОВ АЛЛАБЕРГЕН

АХМАДИЯНОВИЧ

36 5129520 КУЛЬСАМЕТОВА ГАУХАР

АЛЕТАЕВНА

37 5128630 ТАЛИПОВ КИНАЯТОЛЛА

ХАЙРОЛЛАЕВИЧ

38 5127589 НҰРҒАЛИ РАХЫМҒАЛИ

НИЯЗБЕКҰЛЫ

39 5116235 ЖАНАХМЕТОВ БЕКЕН

ЗАДЕЕВИЧ

40 5109985 МУКАШЕВ РУСЛАН

РАХМЕТОЛЛАЕВИЧ

41 5103854 ОМАРОВ АДЛЕТ

ЖАНАБАЕВИЧ

42 5083068 КАСЫМОВ БЕЛГИБАЙ

ЖУМАНИЯЗОВИЧ

43 5304657 НУРМАГАМБЕТОВ

ТЛЕУБЕК ШУАКБАЕВИЧ

44 5230031 ПАЗЫЛОВ АСЕТ

КАЖМУХАНОВИЧ

45 5227301 ЖАРМАГАМБЕТОВ АСЕТ

УАХИТОВИЧ

46 5198143 РАИМКУЛОВА БАЛЖАН

АКЕБАЕВНА

47 5113252 САБИТОВА МАЙРА

5113274

48 5086428 БУСУРМАНОВ ЖАСКЕН

ДЮСЕМБАЕВИЧ

49 5478269 КАМЗИН ЕРБОЛ

АМАНГАЗИНОВИЧ

50 5333547 АЛЬЖАНОВА АЙНУР

САПАРБЕКОВНА

51 5095681 ЖУНУСОВ ЕРМАГАМБЕТ

МУКАШЕВИЧ

52 5201684 ТУСУПБЕКОВ

АЙТМУКАНБЕТ

ШОМИТОВИЧ

53 5094113 ТЕМИРГАЛИНОВ

АКИМБЕК

КАЛИАКПАРОВИЧ

54 5105991 БЕЙСЕМБАЕВА САМАЛ

ЕРСАИНОВНА

55 5107861 КУЛЬЖАНОВ

САРСЕМБАЙ

МУКАШЕВИЧ

56 5244309 ИМАНСЛЯМ ЕРЖАН

ИМАНСЛЯМУЛЫ

57 5474268 ЩЕГЛОВ В.С

58 5186833 КАСЫМОВА АЛМАГУЛЬ

ТУЛЕШОВНА

59 5305340 КАЙРКУЛОВА

ГУЛЬСАРА КУАНЫШЕВНА

60 5376449 ШАКАРГАЛИЕВА

ЗАУРЕШ РЫМХАНОВНА

61 5050002 ОЧЕРЕДНАЯ ИННА

ЯКОВЛЕВНА

62 5139447 САКАУБ МИРАТ

КАЙРАТОВИЧ

63 5134123 КАЛЫКОВ СЕИЛЬХАН

АМЕНТАЕВИЧ

64 5119030 ЖИРЕНОВА АЙНАГУЛЬ

КЕНЖАЛИЕВНА

65 5118931 ТОГТАЛ УЛЬЖАН

66 5119102 САРСЕНБАЕВА АЙМАРА

НУРЛАНОВНА

67 5179052 БЕКЕНОВА АСЕМ

МАРАТОВНА

68 5275144 ИЛЬЯШЕВА САНИЯ

КАИРГЕЛЬДИНОВНА

69 5258792 БЕКЕНОВА БОТАГОЗ

САКЕНОВНА

70 5258884 БЕКЕНОВА ГУЛЬЗИЯ

МАГЗУМОВНА

71 5258471 ӘБДІКӘРІМОВА АНАР

ЕГІНБАЙҚЫЗЫ

72 5235042 ЮСУПОВА АЛДАНЫШ

САТВАЛДИНОВНА

73 5235086 УАХОВА МЕРУЕРТ

АБДИКАЙРОВНА

74 5212452 АБДИВАЛИЕВА СОБИРА

ГУЛАМЖАНОВНА

75 5453625 ИМАНКУЛОВ С.Е

76 1406 БУХАРБАЕВ К.К

77 1215 КУДАШЕВ Н.Ж.

78 1493 ӘШІМ Е.

79 3 ИБРАЕВА Б.

80 6 ГАЗИЗОВ А.

150 жағдайдың тек тоғызы дерттің

симптомды емес түрін жұқтырған.

Коронавирусты жұқтырғандардың

103-і - Павлодар, 22-сі - Екібастұз

және 5-еуі - Ақсу қаласының

тұрғындары. Сондай-ақ, кейбір

аудандарда да жаңа жағдайлар

анықталып отыр Облыстық денсаулық

сақтау басқармасының мәліметтеріне

сүйенсек, өткен аптада

орта есеппен тәулігіне 20 науқас

ауруханаға жатқызылып, осы аптаның

басында тәулігіне 40-қа жуық адам

ауруханаға түскен. Қазір жансақтау

бөліміндегі 20 пациенттің төртеуі

өкпені жасанды желдету аппаратына

қосылыпты.

ХАБАРЛАНДЫРУ

COVID-19

«Қызыл» аймаққа

қайта өттік

Павлодар облысы COVID-19 дертін жұқтыру деңгейі

бойынша «қызыл» аймаққа көшті. Өңірде тәуліктік

сырқаттанушылар саны шамамен екі есеге өскен.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау

басқармасының мәліметінше, өткен тәулікте өңірде

коронавирустық инфекция жұқтырудың 150 жаңа

жағдайы тіркелген.

Жалпы, Қазақстанда соңғы

тәулікте 10 418 жағдай тіркелген.

Осы уақыт аралығында Қазақстанда

1 279 адам коронавирустық инфекциядан

емделіп шықса, Павлодар

облысында 37 адам дертінен айыққан.

Санитарлық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының деректеріне

сәйкес, жылдың бірінші аптасында

186 жағдай анықталса, екінші

аптада жаңа жағдайлардың саны

429-ға дейін өскен. Мамандардың

айтуынша, аурудың дендеуі елде

«омикрон» жаңа штамының пайда

болуына байланысты.

Т.ӘБІЛДА.

Өміріне қауіп жоқ

Павлодар қалалық №1 ауруханада коронавирус инфекциясын

жұқтырып, өкпесінің 60 пайызына зақым

келген жүкті әйел босанып, төртінші ұлды дүниеге

әкелді. Дәрігерлердің айтуынша, баланың денсаулығы

жақсы және анасының өміріне қауіп жоқ. Сәби балалар

бөлімінің палатасында, дәрігердің бақылауында.

Облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметінің

хабарлауынша, әйел жүктілігінің

соңғы кезеңінде өкпесінің

60 пайызы қабынып, ауруханаға түскен.

Науқастың жағдайы босанғаннан кейін

нашарлаған. Әйтеуір, дәрігерлердің

жедел әрекетінің нәтижесінде беті

бері қарап, жағдайы қалпына келді.

Бүгінде жансақтау бөлімінен палатаға

ауыстырылған.

– Өкпесі зақымданған адам

терең тыныс ала алмайды. Ондай

жағдайда газ алмасуы төмендеп, қан

оттегімен қанықпайды. Оның соңы

организмнің гипоксияға ұшырауына

әкеледі. Егер, әйелде бұған дейін

қандай да бір сырқаты болса, қайта

қалпына келуі ауыр болатын еді.

Қуантарлығы, бұрын денсаулығы

дұрыс болған, - дейді Павлодар

қалалық №1 аурухананың перзентхана

бөлімшесінің меңгерушісі Орал

Жөкебаев.

Өз кезегінде босанған әйел

де дәрігерлерге алғысын білдіріп,

жағдайының қалай болғанын айтып

берді.

- Өзімді нашар сезіне бастадым,

тамағым ауырып, иіс сезбей қалдым.

Оның үстіне екі сағат сайын дене

қызуым 40 градусқа дейін көтеріліп,

тыныс алуым қиындады. Ауруханаға

түскеннен кейін дәрігерлер томографиядан

өткізіп, өкпемнің 60 пайызы

қабынғанын анықтады. Егер, дер

кезінде коронавирусқа қарсы вакцинасын

алғанда сырқатым бұлай

асқынбас еді. Осы сәтті пайдаланып,

барша дәрігерлер қауымына

отбасымның атынан алғыс білдіремін, -

деді ол.

Т.МАРХАБА.

«Восток-Аквакультура» ЖШС «Жануарлар дүниесін пайдаланудың биологиялық

негіздемесі. Қазақстан Республикасы Павлодар облысының Айдарша, Жамантұз,

Сәйтен, Қазы, Қызылтұз (Аққулы ауданы), Ащытақыр (Шарбақты ауданы) көлдерінде

«Восток-Аквакультура» ЖШС-не бекітілген артемия шаян тәріздес цисталарын

шығарудың шекті рұқсат етілген көлемін анықтаудың биологиялық негіздемесі

жобасына» көпшілік талқылау арқылы қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

Жобалық құжаттама пакетімен бірыңғай экологиялық порталда https://ecoportal.

kz/ танысуға болады.

Көпшілік талқылау 24.01.2022 ж. мен 04.02.2022 ж. аралығында Бірыңғай

экологиялық портал сайтында өтеді.

Барлық ескертулер мен ұсыныстар аталған күндер аралығында бірыңғай

экологиялық порталда қабылданады. Осы мерзім өткеннен кейін ескертулер мен

ұсыныстар қабылданбайды.

Бастамашы – «Восток-Аквакультура» ЖШС, БСН: 080940016082, Павлодар қ.,

Малайсары батыр к., 83, тел.: 8 (707) 7047945.

Жобалық құжаттаманы әзірлеуші Консорциум ТОО Научно-производственное предприятие

«Биосфера» ТОО «Экологический Центр Прииртышья, БСН: 070840003035,

Павлодар қ., Академик Сәтбаев к., 27-4, тел.: 8(777)5819485.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу кезінде межеленіп отырған қызмет туралы қосымша

ақпарат алу, сондай-ақ межеленіп отырған қызметке қатысты құжаттардың көшірмелерін

алу: e-mail: al67kz@mail.ru, телефоны: 8 (777)5819485

Қоғамдық тыңдауларды көпшілік талқылау нысанында үйлестіруге жауапты

жергілікті атқарушы орган – «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану,

қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» ММ - бас маманы

Темірғалина Әлия, электрондық мекенжайы: temirgalina.aliya@pavlodar.gov.kz

телефоны: 8 (718) 2-329379.

(201)

«Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері

кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы» ҚБ мен қалалық және

аудандық филиалдардың төрағалары, бухгалтерлері Ақтоғай аудандық

білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының бухгалтері

Қабиева Балқадиша Қайкенқызының

мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарының

қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.

(1)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

«ЕРТІС МЕДИА» ЖШС -

ҚАЗАҚСТАННЫҢ

ҮЗДІК КӘСІПОРНЫ

2020

ЖШС директоры

Аида ХАМЗИНА

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы: ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 8301 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны: 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 70

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық материалдардың

мазмұнына жарнама берушілер

жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.


12 15 қаңтар, сенбі, 2022 жыл КӨКЖИЕК

SARYARQA SAMALY

ҚҰРМЕТ

Ерлік үлгісін көрсетті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың Жарлығымен Павлодар

облысының аумағында 13 қаңтардан

бастап төтенше жағдай алынып

тасталғаны мәлім. Осыған орай

облыс басшылығы орталық алаңда

төтенше жағдай уақытында көрсеткен

батылдығы мен қайсарлығы үшін ішкі

істер департаментінің қызметкерлеріне,

Ұлттық ұлан, шекаралық қызметінің жеке

құрамына алғыс білдірді.

Орталық алаңда сап түзеп

жүріп өткен құқық қорғау

органдарының қызметкерлері елге

қызмет етуге әрқашан дайын

екендерін білдірді. Облыс әкімі

Әбілқайыр Сқақов Қазақстан

полициясында жанкештілік пен

ерлік үлгілерін көрсеткендер аз

емес екенін атап өтті. Олардың

сенімді әрі бірлесе атқарған

жұмыстарына тоқталып, 5 қаңтар

күні өңірде болған тәртіпсіздіктер

кезінде және төтенше жағдай

режимі уақытында Павлодарда

адам шығынына жол берілмегенін

еске салды.

- Елдегі тұрақтылық пен

тыныштық үшін әрбір қазақстандық

азамат өз қызметтік борышына

адал құқық қорғау органдарының

қызметкерлеріне қарыздар. Күш

құрылымдарының қызметкерлері,

сардар сарбаздарға Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев-

ЖЕТІ АТАДАН ЖЕТКЕН ЖӘДІГЕР

Шоқан Уәлихановтың әлемін

ашқан ғалым-энциклопедист,

халқымыздың рухани әрі

материалдық мәдениетін зерттеушілердің

бірегейі - Әлкей

Хақанұлы.

«Ertis» музейі бөлімшесінің

басшысы Гүлжайнат Әлиеваның

айтуынша, «Ұлы даланың ұлы

тұлғалары» атты музей залында

аймағымыздан шыққан профессорлар,

академик-ғалымдар,

жазушы, өнер майталмандары

мен қазақ кинокәсібінің негізін

қалап, өлшеусіз үлесін қосқан

тұлғалардың жеке заттары бар.

- Біздің музей қорындағы

көне, құнды жәдігерлердің

бірі - жерлесіміз, археология

ғылымының іргетасын қалаған

академик Әлкей Марғұланның

қолжазбасы. Бұл қойындәптер

Әлкей Марғұланның

жеке дәптері

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

«Ertis» мультимедиялық музейі - мыңжылдықтар тоғысынан

мәлімет беріп, тарих беттерін баяндайтын

байлықтың ордасы. Бүгінде аталмыш

музейде Ертіс-Баян жерінің ұлы

тұлғаларының жеке заттары мен

қолжазбалары сақтаулы.

Олардың қатарында тарихшы

Әлкей Марғұланның

1927-1928 жылдары жазылған

дәптері бар.

1927-1928 жылдар

аралығында жазылған

екен. Торайғыров

университетінің базасында

ашылған мұражай

кешенінде Әлкей Марғұлан

атындағы археологиялық

ғылыми-зерттеу орталығы бар.

Міне, сол орталықпен тығыз

қарым-қатынас жасаған Данел

Әлкейқызы әкесінің жазбасын

әкеліп тапсырған болатын. Қазір

қолжазба «Ertis» музейінің

залында тұр, - дейді Г.Әлиева.

Әлкей Хақанұлы 1925 жылы

Ленинградтағы (қазіргі Ресейдің

Санкт–Петербург қаласы) Шығыс

институтының филология факультетіне

оқуға түсіп, өнер тарихы

институтында дәрістерге қатысып,

қазақ тарихы мен мәдениетін

зерттеумен айналысты.

- Бізге жеткен осы бір

қолжазба арқылы ғалымның

бірнеше тілді қатар меңгергенін

аңғаруымызға болады. Себебі,

Ленинградта жан-жақты білім

алуды көздеген ол қойындәптерде

байырғы орыс тілінен мағлұматтар

жазып алғанға ұқсайды, - деді

ол. Сондай-ақ, ғалымның

қызы мына естелікті баяндады:

«Әкем тәуліктің 16 сағатын

ғылымға арнайтын. Қонаққа

бару, кино тамашалап, серуендеу

деген қарапайым адамның

өмірін сүрмеді десем болады.

Үнемі, бар уақыты ізденіспен

өткен еді».

Ежелгі түрік жазуы, ежелгі

тың атынан алғыс білдіремін.

Біздің барлық құқық қорғау

органдарының қызметкерлері

аянбай ерлік көрсетті және

еліміздің мүддесі жолында адал

екенін байқатты. Осындай қиын

кезеңде арандатушылыққа бармай,

заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз

ете алдыңыздар,-деді Әбілқайыр

Бақтыбайұлы. Сондай-ақ аймақ

басшысы барлық уақытша шектеу

шаралары тоқтап, стратегиялық

маңызы бар нысандар жұмыс

істей бастағанын мәлім етті.

Әкім аймақтағы жағдай биліктің

бақылауында екенін атап өтті.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ,

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

және орта ғасыр архитектурасы,

көшпенділердің егін

шаруашылығы, мәдениеті мен

Суретті түсірген - Есенжол Исабек.

өнер тарихы және тағы да

басқа іргелі еңбектер тудырған

ғалымның көзілдірігі мен сағаты,

бас киімі, жоғары оқу орнындағы

оқырман билеттері, сонымен

қатар жеке коллекция-сынан

алынған қола дәуірінің келсабын

да көруге болады.

СПОРТ

Шорт-тректен 4 кезеңнен

тұратын Әлем кубогі аяқталды.

Аталған спорттық додада

бақ сынаған павлодарлық

шорт-трекші Денис

Никиша қысқы олимпиадаға

қатысуға жолдама алды.

Олимпиада

жолдамасы

бұйырды

Жарыстың жалпы қорытындысы

бойынша 2022 жылы Бейжіңде өтетін

қысқы олимпиадаға қатысуға мүмкіндік

беретін квота иегерлері анықталды.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің

мәліметінше, шорт-тректен Қазақстан

500 метрде 3 квота, 1000 метрде –

1, 1500 метрде 2 квотаға ие болды.

Үлкен додада ел намысын қорғайтын

спортшылар қатарында жерлесіміз

Денис Никиша да бар.

Ол Әлем кубогінің алғашқы екі

кезеңінде де 500 метрге жарыстан

қола медаль иегері атанған болатын.

Турнир қорытындысы бойынша рейтингте

6-орынға тұрақтап, лицензия ұтып алды.

Еске салайық, әлем кубогінде қос

медаль еншілегені үшін шорт-тректен

халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Денис Никиша «Аltyn Samǵaý-2021»

ұлттық спорт сыйлығына ие болып,

«Қысқы спорт түрлеріндегі жылдың

үздік спортшысы» атанған болатын.

Өз тілшіміз.

Боксшылар

бабында

Нұр-Сұлтан қаласында бокстан

«Тәуелсіздік ұландары» атты

оқушылар арасында ашық

республикалық турнир өтті.

Турнирде Шығыс Қазақстан, Атырау,

Ақмола, Павлодар, Қарағанды

облыстарының, Алматы, Нұр-Сұлтан

қалаларының жасөспірімдер мен жастарынан

жасақталған 30-дан астам

команда бақ сынады. Павлодар облысының

құрамасының сапында «Сауран»,

«Азат» клубтарының «Жігер» балаларжасөспірімдер

клубының тәрбиеленушілері

өнер көрсетті.

Турнирдің қорытындысы бойынша

«Сауран» клубының тәрбиеленушілері

Асылан Мақсатұлы мен Арман Мақсатұлы

турнир чемпиондары атанды.

Темір Мүсірәлі күміс медаль иеленді.

- Асылан үшін бұл - республикалық

деңгейдегі алғашқы медаль. Клуб сапында

2019 жылдан бері белсенділік

танытуда. 2021 жылдың қараша айында

облыстық бокс турнирінің чемпионы

атанды. Темір клубта үшінші жыл айналысуда.

2021 жылы жасөспірімдер

арасындағы бокстан қалалық турнирде

алтын медаль жеңіп алды, - дейді

жүлдегерлердің жаттықтырушысы,

КСРО, Қазақстан спорт шебері,

I санаттағы төреші Ертай Жаменкенов.

«Азат» клубының тәрбиеленушісі

Алмаз Жамбербаев турнирде қолаға

қол жеткізді. Оның бокс секциясына

қатысып жүргеніне небары 1 жыл ғана

болыпты. Жарайсыңдар, жас боксшылар!

Әзірлеген – Оралхан ҚОЖАНОВ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!