20.05.2022 Views

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

10 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл ҚОҒАМ

SARYARQA SAMALY

БИЛІК ЖӘНЕ БҰҚАРА

Көшелер самаладай

жарқырайды

Ағымдағы жылдың

қазан айының

соңына дейін облыс

орталығында

150 аула абаттандырылып,

тұрғын үй

аумағында

150 балалар алаңы

құрылады. Оған қоса,

Павлодар қаласына

2250 жарықтандыру

тіректері де

орнатылмақ.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Бұл туралы Павлодар қаласының

әкімі Асайын Байханов тұрғындармен

өткен кездесу барысында мәлімдеді.

- Қазіргі таңда Павлодар қаласында

164 аула мен 10 көшеде жарық

жоқ. Бұл олқылықтың орнын қазан

айына дейін ретке келтіреміз. Облыс

орталығына 2250 жарықтандыру

тетіктерін орнатамыз. Ал жыл

соңына дейін жеке секторлардың

53 көшесіне асфальт төселеді.

12 магистральді көше жөндеуден

өтеді. 30 мың шаршы метрден

астам алаңда шұңқырларды бекіту

қолға алынуда. Бүгінде қаланың

3 шағын ауданында асфальт төселу

жұмыстары аяқталды, - дейді Асайын

Қуандықұлы.

Қала әкімінің сөзінше, айына

30 ауланы абаттандыру жұмыстарымен

қатар, аула аумақтарында 55 стритворкаут

алаңы, көше тренажерлері

мен 7 стритбол алаңы пайда болады.

Бұл жұмыстарды 1 шілдеге дейін

аяқтау жоспарланып отыр.

- Мәшhүр Жүсіп Көпеев көшесінде

су құбырларын қайта жаңарту

ТӘРТІП

жұмысы жүріп жатыр. Күні бүгін

Толстой көшесінен Қайырбаев

бойына дейінгі жөндеу аяқталды.

Ал қазан айының соңында Мир

көшесіндегі жұмыстар бітеді деп

күтілуде. Маусым айында Зеленстрой

шағын ауданы мен Казправда-

Ладожская көшесіне дейінгі аралықта

кәріз жүйесінің құрылысы басталады,

- деді А.Байханов.

Жиында инженерлік желілерді

жөндеу мәселесі қозғалды. Бүгінде

Ломов – Астана – Естай - Көпеев

көшелері шекарасында ЖМ-31

магистралінің құрылысы жалғасуда.

Оған қоса, тұрғындар тарапынан

қаланы көгалдандыру мәселесі де

көтерілді. Қала әкімі биыл қалада

20 мың ағаш отырғызу жоспарда

барын хабарлады. Оның ішінде

5 мың түпті отырғызу жұмыстары

аяқталса, мамыр айының соңына

таман 3 мың көшет отырғызылмақ.

Тіпті, 80 мың шаршы аумаққа гүл

егілмек.

Тұрғындармен кездесуде шаhар

басшысы тазалық пен қала келбетіне

әр азамат жауапты екені жөнінде

сөз қозғады.

- Қала көшелеріндегі тазалыққа

жауапты мердігер ұйымдар аула ішіне

жауап бермейді. Алайда, аула ішіндегі

қоқысты тазалағанмен, сол жерде

қайтадан қоқыс пайда болады. Бұл

бітпейтін үрдіске айналып жатыр.

Тіпті, қоқыс жәшіктеріне арналған

алаңды сындырып кетеді. Олар жиі

жөнделеді. Сондықтан, тұрғындар

жауаптылық танытуы тиіс, - дейді

А.Байханов. Ол қала көшелерінде

ай сайын 500-ден артық орындық

жөнделетініне шағымын білдірді.

- Әрине, тозығы жеткен аулалардағы

орындықтардың сынуы

мүмкін. Мысалы, Естай көшесінен

Ломов көшесіне дейінгі аллеяда

жиі жүремін. Өткенде ғана бүтін

болған орындықтардың жағдайы

бүгінде мәз емес. Одан бөлек ойын

алаңдарында ішімдіктен босаған

шыны құтылар жиі қалып жатады.

Қала – ортақ үйіміз болғандықтан,

ұқыптылық танытуымыз керек, -

дейді шаhар басшысы.

Велопатруль

өз жұмысын бастады

Қала аумағында велопатруль іске қосылды. Енді павлодарлық полицейлер

орталық жағалауда және саяжайлар ішінде велосипедпен жүретін болады.

Әрбір велосипед полиция бөлімшелеріне бекітілген. Велопатруль саяжай

алқаптарын күзетіп, заң бұзушылықтардың алдын алмақ.

Павлодар қаласы полиция

басқармасы жергілікті полиция

қызметі басшысының орынбасары

Қанат Дүйсекенов солтүстік

саяжайларда ұрлықтың алдын

алу және ескерту мақсатында

рейдтік іс-шаралар басталғанын

атап өтті.

- Велосипедке офицерлер емес,

сержант шеніндегі тәртіп сақшылары

мініп жүр. Жалпы, бұл сынақтың

үдеден қаншалықты шығатындығы

белгісіз. Әзірге «Полиция»

белгісі бар 10 велосипед сатып

алынды, - дейді Қанат Дүйсекенов.

«Денсаулық» бағбаншылығының

төрағасы Валентина Трофимова

қалада велопатрульдің пайда

болғанына дән риза. Оның айтуынша,

аталмыш саяжайда шамамен

4 мың учаске бар. Олардың

800-ге жуығы қараусыз қалған.

Ұрылар сол жерден металл сынықтары

мен құрылыс материалдарын

алып кетуге тырысады.

- Саяжайға келген адамда

иелігін растайтын құжаттар болуы

керек. Саяжайда күзетшілер жоқ,

тек бақылаушы-қараушылар бар.

Олар аумақты қадағалайды. Ал әр

саяжайды қорғау үшін көп қаражат

қажет. Ұрлық көбейді, бұл мәселені

өз күшімізбен шеше алмаймыз.

Енді патрульдік полицияның арқасында

ұрлық азаяды деп үміттенеміз,

- деді ол.

Естеріңізге салсақ, осыдан

бірер жыл бұрын саябақ ішінде

тәртіпті бақылайды деп тұрқы биік

аттар сатып алынған болатын.

Енді полицейлер «шайтанарбаға»

мінгесті. Велосипедтің шөп те,

су да сұрамайтынын ескерсек,

өте тиімді құрал екені аян. Не

десек те бұдан былай қала

полицейлері атпен де, велосипедпен

де патрульде жүреді.

Алтынбек ЕЛЕМЕСҰЛЫ.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Бұл туралы облыстық жұмыспен

қамтуды үйлестіру және әлеуметтік

бағдарламалар басқармасының

басшысы Альмира Дисюпова

Өңірлік коммуникациялар қызметінде

өткен брифингте мәлімдеді.

- Азаматтардың әлеуметтік

осал топтарына және қоғам мен

мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі

қатер төндірмейтін қылмыс жасаған,

келтірілген залалды өтеген

60 адам рақымшылыққа ілінді.

Оның ішінде 3-еуі тұрақты жұмыспен

қамтылды, 12 азаматқа бірреттік

қаржылай көмек берілді.

Денсаулығына байланысты жұмысқа

жарамсыз 9 адамға медициналық

орталықтар жәрдемдесуде. Бұл

жұмыстар наурыз айынан басталды.

Ал жыл басынан бастап

өңіріміздегі жұмыспен қамту

орталықтарына қылмысын өтеуден

босатылған 94 азамат

жүгінген. Өткен жылғымен салыстырар

болсақ, көрсеткіш 24 пайызға

артық. Нәтижесінде 37 адам тұрақты

жұмысқа орналасты, 15-і түрлі

Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»

Заңының 10-бабы 3-тармағына сәйкес, 2022 жылдың

26 мамырынды сағат 11.00-де VII сайланған Павлодар

қалалық мәслихатының ХIХ кезектен тыс сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Павлодар қалалық мәслихатының

2021 жылғы 24 желтоқсандағы

«2022-2024 жылдарға арналған

Павлодар қалалық бюджеті туралы»

№106/13 шешіміне өзгерістер енгізу

туралы.

2. Павлодар қалалық мәслихатының

«2022–2024 жылдарға

арналған Павлодар қаласы кентінің,

ауылдық кругінің және кейбір

ауылдарының бюджеті туралы»

2021 жылғы 29 желтоқсандағы

№114/14 шешіміне өзгерістер енгізу

туралы.

3. 2021 жылғы бюджеттің орындалуы.

2021 жылғы қалалық бюд-

Құжаттарды қабылдау туралы

хабарландыру:

Павлодар облысы

кәсіпкерлерінің назарына!

Құжаттарды қабылдау:

«Павлодар облысының кәсіпкерлік

және индустриялық–инновациялық

даму басқармасы» ММ;

Пошталық мекенжайы: 140000

Электронды пошта мекенжайы:

pred_obl@mail.ru

Толық ақпаратты: Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 16, 1-қабат,

112, 114-каб. немесе мына байланыс

телефондары арқылы білуге болады:

32-33-21, 32-33-09;

Нысанасы: 2015 жылғы 29 қазандағы

Қазақстан Республикасының

Кәсіпкерлік кодексінің 20-бабына және

79-4-бабының 1-тармағына сәйкес

және Қазақстан Республикасының

Үкіметі 2021 жылдың 11 қарашада

№795 дара кәсіпкерді немесе заңды

тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік

субъектілерінің тізіліміне енгізуге

ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен

«Рақымшылық туралы» Заң жобасы әзірленгені

мәлім. Бүгінде бұл Заң жобасы аясында облысымызда

60 адам жазасын өтеуден босатылды.

Оларға медициналық, психологиялық, әлеуметтік

көмектермен қатар жұмыспен қамту жұмыстары

жүргізіліп жатыр.

Адасқанның

айыбы жоқ

қоғамдық жұмыс-тарға тартылды,

- деді Альмира Аманқызы.

Сонымен қатар, басқарма

басшысы квоталық жұмыс бойынша

111 кәсіпорындағы 650 орынға

113 адам орналасқанын атады.

- Әрине, кейбір еңбек ұйымдарының

басшылары жазасын

өтеп келген азаматқа сенімсіздік

білдірген жағдайлар да бар.

Дегенмен, ақпараттық әрі түсіндіру

жұмыстары жүріп жатыр.

Сондай-ақ, аймағымыздағы әлеуметтік

осал топтарға арналған

Павлодар, Екібастұз, Ақсу қалаларында

бейімдеу орталықтары

жұмыс істейді, - деді А.Дисюпова.

Облыс бойынша қылмыстықатқару

жүйесі департаменті басшысының

орынбасары, әділет

полковнигі Дәулет Ысқақов сотталғандардың

дені 20-дан 60 жасқа

дейінгі аралықта екенін айтты.

Оған қоса, жұмыс берушілермен

қарым-қатынас орнатып, рақымшылыққа

ие болған азаматтарды

механизатор, мал дәрігері сынды

еңбек орындарымен қамтып, кейбірі

қайта оқыту курстарынан өткенін

атады.

жетінің орындалуын бақылау

нәтижелері туралы есебі.

4. Павлодар облысы бойынша

Тексеру комиссиясының «2021 жылғы

Павлодар қалалық бюджетінің

атқарылуы туралы» есебі.

5. Павлодар облысы бойынша

Тексеру комиссиясының «2020 жылғы

Павлодар, Жетекші, Мойылды

ауылдары, Ленин кенті және

Кенжекөл ауылдық округінің IV

деңгейлі бюджетінің орындалуы

туралы» есебі.

6. Әртүрлі.

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты.

арналған өтініштерді «Павлодар

облысының кәсіпкерлік және

индустриялық–инновациялық

даму басқармасы» ММ қабылдайды.

Өтінім берілетін жер:

«Павлодар облысының кәсіпкерлік

және индустриялық–инновациялық

даму басқармасы» ММ.

Құжаттаманы ұсыну мерзімі:

2022 ж. «1» маусымнаң бастап

2022 ж. «15» маусым аралығында,

жұмыс күндері сағат 9.00-ден

18.00-ге дейін (жергілікті уақытпен).

Көрсетілген мерзім өткеннен кейін

түскен өтінімдер қабылданбайды.

Өтінімдерді берудің басталу

күні мен уақыты: 2022 ж. 1 маусым

сағат 9.00-ден бастап (жергілікті

уақыт).

Өтінімдерді берудің аяқталу күні

мен уақыты: 2022 ж. 15 маусым

сағат 18.00-ге дейін (жергілікті

уақыт).

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!