20.05.2022 Views

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл ӨҢІР

SARYARQA SAMALY

Басы 1-бетте

Жол азабын жүрген білер

Автобус қажет

Аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов Аққулы ауданына сапары

барысында Шақа, Бесқарағай және

Малыбай ауылдарына барып,

елді мекендерідң жағдайымен

танысты. Шақа ауылдық округінің

тұрғындары жолды асфальттау

мәселесін шешуді сұрады. Олар

отыз жыл бойы қиыршық тас

жолмен республикалық магистральге

жетуге мәжбүр.

Облыс әкімі бұл мәселе

биыл шешілетінін айтты. Аймақ

билігі аудандық жолдың грейдер

учаскелерін асфальттауға қаражат

бөлді. Жалпы ауданда елу

шақырымнан асатын жолдарды

асфальттау бойынша екі ірі жоба

іске асырылады.

Ал Майқарағай және Шоқтал

ауылдарының жұртшылығы Шақа

ауылындағы мектепке балаларды

жеткізуге автобус қажеттігін,

сондай-ақ фельдшерлік-акушерлік

пункттің (ФАП) жоқтығын жеткізді.

ФАП мәселесін шешу үшін, ең

алдымен, оған қажетті ғимаратты

анықтап, оны сатып алу, жөндеу

және кадрлармен қамтамасыз ету

қажет. Облыс әкімінің айтуынша,

оған дейін Шақаға шалғай ауылдардың

мұқтаждықтары үшін сатып

алынған бес мобильді медициналық

кешеннің бірі жіберіледі. Ал мектеп

автобусы мәселесін шешуді аудан

басшылығына тапсырды.

Малыбай ауылында Әбілқайыр

Сқақов өткен жылы күрделі жөнделген

көше жолдарын зерделеді. «Ауыл -

ел бесігі» жобасы аясында мұнда

ауылдық клуб жөнделіп, төрт көше

асфальтталған.

Аққулы ауданында 18 мамырдан

шыбын-шіркейге қарсы өзендегі

өңдеу жұмыстары басталды.

- Шыбын-шіркей көп. Жұмыстың

нәтижесі көрінбейді. Сондықтан

өңдеуде кемшіліктер бар. Бұл

бағыттағы жұмысты күшейту қажет, -

деді Әбілқайыр Сқақов.

Болашақ

Головкиндер

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

Аққулы ауданына жұмыс сапарының

екінші күні спортшылармен кездесуден

басталды. Алдымен аймақ

басшысы «Шабандоз» ат спорты

клубының жастарымен жүздесті.

Бүгінгі таңда Аққулы, Шарбақты,

Малыбай және Мерғалым ауылдарында

көкпар қарқынды дамып

келеді. Әкімдік пен шаруалар тарапынан

қолдау бар. Спортшылардың

ендігі тілегі – ауылдық жерлерде

қызмет ететін бапкерлерге штаттық

жұмыс орнының ашылуы.

Әбілқайыр Сқақов аудан

орталығындағы спорт мектебіне

барды. Мектеп басшысы Дулат

Әбетжановтың айтуынша, қазіргі

уақытта 758 бала спорттың тоғыз

түрімен тұрақты түрде шұғылданады.

- Ауылда спорттың дамығаны

жақсы-ақ. Бірақ тек аудан орталығы

емес, басқа елді мекен балалары

мен тұрғындарының секцияларға

баратын мүмкіндігі болуы керек.

Болашақ Головкиндер дәл осы

ауылдардан шығады. Осы бағыттағы

жұмысты жетілдіру керек, - деді

облыс әкімі.

Өсім бар,

дегенмен...

Әбілқайыр Сқақовтың жұмыс

сапары Аққулы ауданы тұрғындарымен

кездесумен жалғасты.

Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы

саласында ілгерілеушілік барын атап

өтті. Айталық, дәнді-дақылдар мен

бұршақ өнімдерінің түсімі соңғы

жылда үш есеге артып, 4,1 мың

тоннаға жетті. Сол сияқты ірі қара

басы 33,5 мыңнан 39 мыңға, жылқы

саны 14,5 мыңнан 17,3 мыңға дейін

көбейді. Әйтсе де, суармалы алқапқа

қатысты тек бір инвестициялық

жоба бар. Әбілқайыр Бақтыбайұлы

осы бағыттағы шараларды ширатуды

тапсырды.

Сонымен қатар, әлеуметтік

маңызы бар тауарлармен қамту

жұмыстары кемшін түсіп жатыр. Жыл

басынан бері аудандағы дүкендерге

тұрақтандыру қорынан барлығы 65

мың тонна өнім жеткізілді. Десе де,

жұмыртқа, пияз және нан көлемі

аздық етеді. Ал ұн, макарон өнімдері,

сүт, айран, құс еті сынды әлеуметтік

өнімдердің 8 түрі аудан көлемінде

мүлде өндірілмейді. Әбілқайыр

Бақтыбайұлы бұл мәселеге де

баса назар аударып, ауылдағы

ағайынды арзан өніммен қамтудың

тиімді жолдарын қарастыруды

тапсырды.

Тұрғындар көтерген 75 мәселенің

отызы инфрақұрылымға, 26-сы

әлеуметтік жағдайларға, қалғаны

жұмыспен қамту, бизнесті қолдауға

қатысты болды.

Аудан әкімі Абзал Балғабаев

көпшілік көтерген тоғыз түйткілдің

түйіні бірден тарқағанын атап өтті.

Тағы 22 мәселе жыл соңына дейін

оң шешімін тауып, қалғаны жеке

бақылауына алынды.

Ауыл арасында

жол жоқ

Аққулы ауданының азаматтарын

алаңдататын ең өткір мәселе жол

сапасы екені анық аңғарылды.

Шарбақты ауылдық округіне қарасты

Жабағылы ауылынан келген азамат

Арнай Белгібаев елді мекенге

апаратын жол жоқтығын айтты.

- Төсағаш пен Жабағылы арасындағы

28 шақырым жер жолдың

сапасы тіпті нашар. Көктем мен

күзде бұл аумақ ми батпаққа

айналады. Қыс кезінде бораннан

жол жабылады. Сөйтіп, тек жазғы

уақытта ары-бері қатынаймыз.

Қалған мезгілде басқа ауылмен,

аудан, облыс орталығымен байланыс

үзіледі. Байланыс демекші, біздің

ауылда ұялы телефонды қолдану

мүмкін емес. Жолда қалып қойсаң,

тамыр-танысқа қоңырау шалып,

көмек сұрай алмайсың. Кеңестік

кезеңнен бері әбден қордаланып

қалған осы екі мәселені шешіп

берсеңіздер екен, - деді Арнай

Белгібаев.

Аудан әкімі Абзал Балғабаевтың

айтуынша, екі елді мекен арасындағы

жолды бір уақытта салу мүмкін

емес. Сондықтан биыл әзірше

тек 10 шақырымға қара жол

салынады. Тиісті қаражат

бөлінсе, қалған бөлігінде келесі

жылы жол пайда болады. Ал

ауылдағы тұрғын саны 250

адамнан аз болғандықтан,

ұялы байланыс пен интернет

желісін тарту мәселесі қиындау

болып тұр. Аудан басшылығы

құзырлы министрлікке мұнара

орнату мүмкіндігін қарастыру

үшін хат жолдапты.

Қазы мен Қарақала

ауылдарының арасындағы

45 шақырым жолда да

ой-шұңқыр көп. Сол сияқты

Мерғалым мен Майқарағай

ауылдарын жалғайтын жол

жөндеуді қажет етеді. Тілектес

ауылының тұрғындары елді

мекенге кіреберіс 800 метр

жолды ретке келтіруді сұрады.

Бұл жұмыстар да келесі жылға

шегеріліп отыр. Ал Қазантай мен

Малыбай арасындағы 9 шақырым

жолға биыл күзге дейін

қиыршықтас төселетін болды.

Тағы бір мәселе - аудан орталығындағы

жалғыз жанар-жағармай

бекеті екі айға жөндеуге жабылды.

- Бұл бекет жақын маңда

орналасқан 6 ауылдық округ

тұрғындарын қамтамасыз ететін.

Енді бензин алатын орын жоқ.

Тіпті, жедел жәрдем көлігінің өзі

жанармайға жарымай отыр, - дейді

зейнеткер Төлеужан Смайылов.

Шарбақты ауылының тұрғындары

да жанар-жағармай бекеті керек

екенін айтады. Әсіресе, көктем-күз

кезінде тұрғындардың отынға

деген сұранысы жоғары. Аудан

басшысы Абзал Әбілхақұлының

сөзінше, жөндеуге жабылған бекет

1 маусымда қайта ашылады. Одан

бөлек, алдағы екі-үш ай дересінде

тағы екі жанармай сату орны

жұмысын бастайды.

Ал «Аққулы-Сервис» коммуналдық

мекемесінің басшысы Серік Қалемов

техниканың аздығын алға тартты.

- Ауданда таза ауызсумен қамту

мәселесі оң жолға қойылып келеді.

Жақында аудан орталығында құбыр

қалпына келтіріледі. Бірақ олар

істен шыққан тұста жер қазатын

техника таппай қиналамыз. Қатты

отынды жеткізуге тағы қыруар

қаржы төлеуге тура келеді. Осыны

ескере отырып, жер қазатын және

көмір тасымалдайтын техникалар

сатып алуға мүмкіндік жасауды

сұраймыз, - деді С.Қалемов.

Әбілқайыр Сқақов бұл мәселе

барлық ауданда өзекті болып

тұрғанын атап өтіп, коммуналдық

мекемелер әкімдік жанындағы

ұйым болуы керек екенін айтты.

Қазіргі уақытта жүйелі шешім табу

жолдары қарастырылуда.

Мектеп жағдайы

сын көтермейді

Аққулы аудандық мәслихатының

депутаты Раушан Байдүйсенова

аудан ғана емес, облыс шаруаларын

алаңдатып отырған

басты мәселе – субсидия

жайын сұрады. Айтуынша,

былтыр мал

азығының бір бөлігін

өтеу мақсатында мемлекет

тарапынан жыл

соңында демеуқаржы

төленді. Бірақ биыл

«Qoldau» порталында тек

сүт бағытындағы шаруашылықтарға

500 млн

теңге қарастырылып

отыр. Ал ет бағытындағы

ірі қараның жем-азығына

төленетін өтемақы көлемі

көрсетілмеген.

- Біз былтыр 30 жылда

алғаш рет өңірдегі 1200

шаруашылыққа 820

млн теңге көлемінде

субсидия бердік. Салыстырмалы

түрде қарар

болсақ, оған дейін жыл

сайын тек 20-30 кәсіпкер

оған қол жеткізіп келген

еді. Қазір бір ірі қара мал үшін

10 мың теңге, бір қойға 3 мың теңге

беріледі. Биыл да субсидия арқылы

қолдау жалғасады, - деді

облыс әкімі.

Жергілікті депутат көтерген

тағы бір өзекті жайт – орманды

өңдеу. Сол арқылы қарағай

орманының қақ ортасында тұрған

өңір тұрғындарын сапалы құрылыс

материалымен қамтуға мүмкіндік

туады. Тек ол үшін мемлекет тарапынан

рұқсат керек.

- Бұл бастамадан табиғатқа,

орманға зиян келмеуі керек. Рұқсат

беру, талап-ережелердің сақталуын

қамту Экология, геология және

табиғи ресурстар министрлігінің

құзіреттілігіне кіреді. Мен орталық

органға ұсынысыңызды жеткіземін,

- деп жауап берді Ә.Сқақов.

Аққулы ауданының тұрғындарын

әлеуметтік мәселелер де алаңдатады.

Қазантай ауылының тұрғыны

Тәңірберген Сыздықов ауылда

мәдениет үйі жоқтығына мән берді.

- Осыдан екі жыл бұрын ауыл

азаматтары өз бастамасымен

ғимараттың іргетасын қалай бастады.

Енді төбесін жабуға көмек

керек, - деді ауыл ақсақалы.

Шоқтал ауылындағы 6 бала

оқитын мектеп оқушы санының

аздығына байланысты жабылудың

алдында тұр. Шарбақты ауылындағы

балабақшаның төбесінен су ағады.

Майқарағай ауылының азаматтары

облыс әкімінің әлеуметтік

желідегі жеке парақшасына жөндеу

жұмыстарының сапасыз жүргізілгенін

жазып, шағымдарын айтты. Соның

негізінде аймақ басшысы Әбілқайыр

Сқақов жоспардан тыс Майқарағай

ауылына да барды.

- Мердігер жұмысының сапасы

сын көтермейді. Оқу жылы аяқталысымен

барлық кемшіліктерді

жоюды тапсырдым. Мектептің

сыртқы ауласында қалған қоқысты

жинауға да шамалары келмегені

ашу тудырды. Құрылыс қалдықтарын

жинау үшін облыс әкімінің тапсырмасы

қажет деп ойламаймын.

Мұндай мәселелер ауыл әкімдерінің

деңгейінде шешілуі тиіс, - деді

Ә.Сқақов.

Облыс әкімі Аққулы ауданына

сапарын түйіндей келе, бірқатар

нақты тапсырмалар берді.

Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақов

жұртшылықпен жүздесу соңында

Аққулы ауданының азаматтары

5 маусым күні Республикалық референдумда

белсенділік танытып, өз

таңдауларын жасайтынына сенім

білдірді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Суреттерді түсірген -

Валерий Бугаев.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!