20.05.2022 Views

Сарыарқа самалы, 21 мамыр, сенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 21 мамыр, сенбі, 2022 жыл МЕРЕЙ

SARYARQA SAMALY

БҮГІН - МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КҮНІ

Жүректерге жол тапқан

Кітапханашылар - білім, ғылым, өнер мен мәдениеттің дамуына

өлшеусіз үлес қосып, елімізді өркендету жолында еңбек етіп келе

жатқан мамандық иелерінің бірі. Өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған,

оқырмандарға қажетті ақпараттарды тиімді бере алатын, парасатты

кітапханашылардың орны ерекше.

С.Торайғыров атындағы

облыстық әмбебап ғылыми

кітапхананың майталман

мамандарының бірегейі - өз

ісінің шебері, білімді, парасатты,

ой-өрісі кең кітапханашы

Сәуле Жанкаринова. Ол отыз

екі жыл кітапхана саласында

еңбек етуде.

1986 жылы Жаяу Мұса

атындағы Ақсу қаласы

мәдени-ағарту училищесінің

кітапхана бөлімін, 1990 жылы

әл-Фараби атындағы Шымкент

педагогикалық мәдениет институтының

кітапхана факультетін

бітірді. Еңбек жолын облыстық

кітапханада ғылыми-әдістемелік

бөлімінде әдіскер болып

бастады.

Облыс кітапханаларына

әдістемелік-тәжірибелік көмек

көрсетті, әдістемелік ұсыныстар

дайындады. Кітапханада абонемент

бөлімінің, құжаттарды

өңдеу мен жинақтау және

каталогтарды ұйымдастыру

бөлімінің басшысы болды.

Қазіргі таңда оқу залдары

бөлімін басқарып, кітапхана

ісінің дамуына өзінің қомақты

үлесін қосып келеді.

Сәуле Асылбекқызы -

оқырмандардың жүрегіне

жол таба білген, тәжірибесі

мол, еңбекқор кітапханашы.

Кітапхана қорын өте жақсы

біледі, оқырмандарға ақпарат

Майя Әбдірахманқызы

1977 жылы Әл-Фараби атындағы

педагогикалық мәдениет

институтының (қазіргі Әл-Фараби

атындағы Қазақ Ұлттық университеті)

кітапханалық факультетін

тәмамдап, көп жылдан

бері С.Торайғыров атындағы

облыстық әмбебап ғылыми

кітапхананың басшысы болып

қызмет атқарып, абыроймен

зейнетке шықты.

Елің сені елесе -

Еңбегінің жанғаны, – дегендей,

елі елеп, ұзақ жылдардағы

еңбегі бағаланып, 2016 жылы

«Кітапхана ісінің ардагері»

төсбелгісімен марапатталды.

Майя Жиенбаева - қызығы

мен қиындығы мол кітапхана

саласында 40 жыл табан

аудармастан еңбек еткен

білікті басшы. Өзі басқарған

мекеменің қызметкерлеріне

беру, іздестіру жолдарын

ұтымды пайдаланады. Тұрғындарды

сауаттылыққа, адамгершілікке,

мәдениеттілікке

тәрбиелеуге атсалысып, өңіріміздегі

ақындармен, жазушылармен,

өнер адамдарымен

кездесу кештерін, конференциялар,

дөңгелек үстелдер

ұйымдастырып, қазақ, орыс,

әлем әдебиеттері классиктерінің

шығармаларын ұрпақ санасына

сіңіру жолында зор еңбек

етуде.

Қаладағы әртүрлі ұлттықмәдени

орталықтармен, ұйымдармен,

оқу орындарымен,

мектептермен тығыз байланыс

жасайды. Кітап көрмелерін

ұйымдастырып, атаулы күндерге

орай, танымдық тақырыптарда

кештер өткізіп, оқырмандарға

кең мағлұмат беріп отырады.

Кітапханадағы «Жанашыр» жобасын

іске асыруға белсенді

қатысып, облыстық «Оптимист»

мүгедектер қоғамымен, «Самал»

оңалту орталығымен, қарттар

үйімен және өзге де ауқымды

жұмыс жасап келеді.

Ол бағдарламалар мен тың

жобаларды жүзеге асыруда,

түрлі мәдени іс-шараларды

жоғары деңгейде өткізеді.

Шығармашылық ізденісте

жүреді. Оның бастамасымен

туған өлке тарихы мен

мәдениетін ауқымды насихаттау

және зерделеу негізінде

жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге

көмектесу, оқырмандардың

шығармашылық

мүмкіндіктерін дамытуға ықпал

етуде. «Истоки» әдеби–поэтикалық

клубы, дебаттық турнир,

мүмкіндігі шектеулі жандар үшін

«Ақ таяқ» күнін ұйымдастырды.

Қорды толықтыру бөлімінде

еңбек еткен жылдары

оқырмандардың сұраныстарын

ескере отырып, жаңа

әдебиеттерге тапсырысты

рәсімдеп, мерзімді басылымдарға

жазылу бойынша үлкен

жұмыс жүргізді. Баспалармен,

кітап дүкендерімен байланыс

орнатып, көптеген жобаларды

іске асыруға атсалысты. Атап

айтар болсақ, «Қорды бірге

толықтырайық», «New Best

Books» - оқырман олжасы!»

жобалары, «Кітапханаға кітап

сыйла» акциясы бар.

Сәуле Асылбекқызы кәсіби

қызметімен қатар, қоғамдық

іс-шараларда белсенді. Жас

мамандардың кәсіби білімдерін

жетілдіру мақсатында тағылымды

тәжірибесі және өнегелі

істерімен бөліседі. Облыстық

семинарларға қатысып, қалалық,

аудандық, ауылдық және

мектеп кітапханаларының кітапханашыларына

кеңес беріп,

мол тәжірибесімен алмасады.

Жаңалық жаршысы ретінде

жаңа түскен әдебиеттермен,

Кітапханашы ғұмыры

Ақылға азық, санаға сәуле құятын мамандық иесі – кітапханашы. Бұл

саланы дамытуға сүбелі үлес қосып, ұлы істің игі жолында аянбай

тер төгіп жүрген жайсаң жандар аз емес. Солардың бірі де бірегейі -

кітапхана саласының ардагері, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері, білікті

маман Майя Жиенбаева.

жоғары талап қойып, терең

ой тастай білген өз ісінің

хас шебері.

Кітапхана мамандығына

жан-тәнімен беріліп қызмет

атқарып, әрдайым оқырман

мен руханият арасын жалғап,

ұлттық құндылықты насихаттап,

өз кәсібінің кыры мен сырын

шебер меңгерген жан. Жалпы

мерзімді басылымдармен

уақытылы танысып, оқырмандарға

жеткізуге тырысады,

әдеби кітапты көп оқиды.

Кітапханашының көп жылғы

еңбегі еленіп, «Қазақстан

Тәуелсіздіне 30 жыл» медалімен,

«Мәдениет саласының

үздігі», «Кітапхана ісінің үздігі»

төсбелгілерімен және облыс

әкімі, мәдениет басқармасының,

кәсіподақ комитетінің Алғыс

хаттарымен және Құрмет грамоталарымен

марапатталды.

Әріптестерімді 21 мамыр –

Мәдениет және өнер қызметкерлерінің

кәсіби мерекесімен

шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңыздың ел

руханияты жолындағы қызметтеріңізге

шығармашылық

табыстар тілеймін!

Жазгүл ҚАЖЫБАЕВА,

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың

бөлім басшысы.

кітапханашы мамандығы туралы

бір ауыз сөзбен жеткізу мүмкін

емес. Оның көпшілік біле

бермейтін, сыры көп. Бұл

тек бір үзік сыр ғана.

Салтанат

ЖАНҒАЗИНОВА,

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың

өлкетану библиографиясы

және цифрлық

технологиялар

бөлімінің қызметкері.

Мәдениет – адам баласын тұлға

ретінде қалыптастыратын

құрал, өмірдің айнасы, өнердің

нағыз қоймасы. Ал бұл саланың

қоймасын қайнатып, өнерпаздың

бабын келістіріп, жұртшылыққа

әсемдік пен әдемілікті, саф

алтындай өнерді жарқыратып

ұсынуда қызметкерлердің

рөлі орасан зор. Әсіресе, сахна

сыртындағы мамандардың

еңбегі ерекше.

Өнер

қоймасының

Маржаны

Сахна қашанда сұлулық пен жиналықты

талап етеді. Осы тұста өзге қызметкерлерден

ерте келіп, кеш қайтатын, ең бастысы олардың

образға сәйкес киімдерін қамтамасыз ететін

маманды атап айтсақ болады. Сондай жанның

бірі - Иса Байзақов атындағы облыстық филармониясында

10 жылдан астам еңбек етіп келе

жатқан Маржан Докуова. Оның айтуынша, кез

келген өнер иесіне сыртқы киімнен бастап түрлі

аксессуарларға дейін беріледі.

- Сахна киімдеріне жауапты маман болғандықтан,

мерекелік немесе өзге де шаралар басталмастан

бұрын, яғни толық киім жиынтықтарының

бар-жоғын тексереміз. Киім-кешектерді үтіктеп

болған соң, өнер ұжымы немесе қызметкердің

бөлмесіне апарамын. Ал концерттер мен тағы да

басқа жобалар аяқталғаннан кейін сахна киімдерін

орнына қоямыз. Мысалы, бір күнде бірнеше

концерттер өткізуге, шалғай ауылдарға барып

өнер көрсетуге тура келеді. Сондықтан, алдын

ала қатысатын ұжымдар мен жеке әншілер тізімін

алып, сахналық образдарды ертерек әзірлеп

қоямын, - дейді Маржан Қайруллақызы.

Сонымен қатар, ол облыстық филармония

базасында 9 ұжымның не киетінін бірден есте

сақтау мүмкін емес екенін айтты.

- Сахна киімдеріне деген көзқарас маманның

жауапкершілігін арттырады. Себебі, «костюмер»

үшін арнайы білім алу керек емес. Дегенмен,

үлкен әрі кең көлемдегі шараларда жұмыс істеуге

терең білім қажет. Сәйкесінше, міндеттері де

бар. Мысалы, суретші таңдаған сахналық киімді

сақтау, іріктеу және алу, қажеттілік туындаған

жағдайда шұғыл көмекті жүзеге асыру, шарадан

соң міндетті түрде киімдерді орау, жоғары деңгейде

сақталуын қамтамасыз ету мен кезекшілікті де

естен шығармауға тиіс. Әрине, дәл осы кезеңде

мекемедегі гардеробты бес саусақтай білуі шарт, -

деді М.Докуова.

- Тұңғыш рет филармония әншілерімен бірге

Алматы қаласына бардық. Әрине, құндыз жағалы

бас киімдер үшін өте қатты алаңдадым. Бүкіл бір

топтың киімдеріне жауапты маман болғандықтан,

барынша мұқияттылық таныттым. Өнер ордасындағы

түсірілімдеріміз жоғары деңгейде өтті.

Өмірлік тәжірибе болды. Филармонияға дейін

театрда қызмет жасаған едім. Десе де, әрдайым

кәсіби жетілуге мән беру керек. Жұмысыма деген

сүйіспеншілік - кез келген ауыртпалықты еңсеріп

өтуге үлкен көмек. Еңбектің наны қашанда тәтті

ғой, - дейді ол.

Бұл өнерпаздар мен ұжымдардың сахналық

киімдеріне жауапты қызметтің арқалаған жүгі бар.

Мұнда жұмыс істеу үшін қырағылық, ұқыптылық

және білім де керек. Дәл осы жолда еңбек етіп

жүрген Маржан Қайруллақызына сәттілік тілейміз.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!