29.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

14 29 қыркүйек, бейсенбі, 2022 жыл ТАЛБЕСІК

SARYARQA SAMALY

Достықтың дамуы қарқынды

Ақсу қаласына қарасты Достық ауылдық округінде ауқымды жобалар

жүзеге асуда. Бүгінде округ орталығында су құбырының құрылысы

аяқталуға жақын. Ал Береке ауылы тұрғындарының сұрауы

бойынша салынып жатқан дене шынықтыру-сауықтыру

кешені желтоқсан айында пайдалануға берілмек.

сумен қамтылып отыр, - деді

инженер-электрик.

Айта кетейік, былтыр Достық

ауылындағы ауылішілік барлық

су құбырлары жаңартылды. Енді

ауылдың 630 тұрғыны бір текше

метр су үшін 212 теңге төлейді.

Бұл су тарифіне әлі де өзгерістер

енгізілуі мүмкін.

Жастарға

арналған жаңа

орталық

Әрбір үйге -

таза су!

Достық ауылдық округінің

құрамына Достық, Береке, Кіші

Парамоновка, Төрт құдық, Пограничник,

Спутник және Тасқұдық

станциялары кіреді. Округте

3 жеке меншік серіктестік,

34 шаруа қожалығы, әртүрлі қызмет

көрсету түрлерімен айналысатын

жеке кәсіпкерлер мен 22 сауда

нүктесі бар.

Достық ауылдық округінің

әкімі Айгүл Бекбергенованың

айтуынша, аталған 7 ауылда

жалпы саны 3605 адам тұрады.

Ал елді мекен аумағы 74 мың

гектарды құрайды.

- Ауылдық округтің орталығы –

Достық ауылы. Бүгінгі таңда

мұнда тұрғындардың табысты

өмір сүріп, кәсіппен айналысып,

әлеуметтік жағдайын арттыруға

бағытталған бірқатар жұмыс қолға

алынды. Атап өтер болсақ, өткен

жылы сәуір айында Достықта су

құбырының құрылысы басталды.

Мердігер ұйым - «Ай-Су Мелиорация»

ЖШС жалпы құны

574,4 млн теңге болатын жобаны

жүзеге асырды. Арнайы құрылған

су станциясында су тазарту

құрылғысы орнатылды. Енді

монтаждау жұмысы аяқталса, қазан

айының соңында ауыл тұрғындары

таза суға қол жеткізеді, - дейді

А.Бекбергенова.

Айгүл Сатболатқызының

сөзінше, аталмыш жоба екі жылға

жоспарланған. Жауапты ұйыммен

бірлесе ауылішілік су желілері

қайта тартылып, 4 көше жолы

қалпына келтірілді.

«Ай-Су Мелиорация» ЖШС-нің

өкілі, инженер-электрик Александр

Соколов ауылды таза ауызсумен

қамту үшін аумақта 3 блок-модуль

құрылғанын атап өтті. Оның екеуі

- сорғы станциясы.

- Бүгінде су құбырын іске

қосудың соңғы кезеңдері

жүргізілуде. Мұнда екі сорғы

станциясының ықпалымен су

алынып, автоматты түрде үш

мәрте сүзгіге жіберіледі. Сүзгі

арқылы судағы мөлшерден көп

тұз алынып, ол кәріз жүйесіне

кетеді. Осылайша, тұтынушыларға

таза су барады. Мамандар үшін

әрбір жүйенің сапалы орындалуы

маңызды. Сондықтан тексерісті

жиі жүргіземіз. Алдағы уақытта су

станциясында оператор қызметі

болады. Ол блок-модуль жұмысына

бақылау жүргізеді. Қазіргі күні

тұрғындар ескі жүйе арқылы

Береке ауылының жастары

спортқа құмар. Әкімнің

тұрғындармен кездесуінде дене

шынықтыру-сауықтыру кешенін

салу туралы мәселе көтерілген.

Тұрғындардың тілегі орындалып,

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы

аясында дене шынықтыру-сауықтыру

кешені салынуда. Спорт

нысаны желтоқсан айында

пайдалануға беріледі деп жоспарланып

отыр.

- Ауылдық елді мекендердегі

әлеуметтік және инженерлік

инфрақұрылым бойынша шараларды

іске асыру бағдарламасы

аясында Береке ауылында дене

...Жастардың басым бөлігі волейбол,

боксқа бейім. Футбол ойнауға құлықты

балалар да көп...

,,

шынықтыру-сауықтыру кешені

салынып жатыр. Мердігер ұйым –

«Портал-ПВ» ЖШС. Орталықтың

құрылысына 314,6 млн теңге

қаржы қарастырылды, - дейді

округ әкімі.

Бүгінде орталықта нақты

қандай спорт секциялары болатыны

туралы тізім жасалуда.

- Әзірге қандай спорт

түрлері ашылатыны талқыланып

отыр. Жастардың басым бөлігі

волейбол, боксқа бейім. Футбол

ойнауға құлықты балалар да

көп. Негізінен, ауылда шағын

футбол алаңы бар. Әйтсе де,

алаң қысқа бейімделмеген. Оның

орнатылғанына да шамамен

7-8 жыл уақыт болды. Сондықтан,

орталықта арнайы футбол

залы ашылады. Сонымен қатар,

тоғызқұмалақ, үстел теннисін

де енгізу қарастырылуда.

Жергілікті тұрғындар спортпен

тегін шұғылданады, - деді Айгүл

Сатболатқызы.

Оның айтуынша, дене

шынықтыру-сауықтыру кешеніне

жұмысқа орналасуға ниетті

мамандар ауылда бар. Қосымша

мемлекеттік бағдарламалар

арқылы жас мамандар да

шақырылады.

Ал «Портал-ПВ» ЖШС-нің өкілі

Болат Төлеуовтің айтуынша, Береке

ауылында салынып жатқан дене

шынықтыру-сауықтыру кешенінің

жалпы аумағы – 6750 шаршы

метр.

- Құрылыс жұмыстары наурыз

айында басталды. Қазіргі күні

іргетасы құйылып, қабырғалары

қалануда. Сондай-ақ, су құбыры,

кәріз жүйесі орнатылды. Жұмыс

қызу жүруде. Ешқандай қиындық

туындап жатқан жоқ. Ғимараттың

жеке қазандығы да салынуда.

Ауа райы бірқалыпты болса,

желтоқсан айының ортасына

дейін тиісті жұмысты аяқтаймыз, -

дейді Б.Төлеуов.

Игілігі мол жоба

Ауыл әкімі Айгүл Бекбергенова

Береке ауылында ұзындығы 2,1

шақырымды құрайтын Атамекен,

Ақниет, Николай Бердников

көшелеріне асфальт төселгенін

атап өтті.

- Ол үшін «Ауыл – ел бесігі»

бағдарламасы аясында 48,7

млн теңге бөлінді. Мердігер

ұйым - «Гордострой» ЖШС

жұмысты уақытылы аяқтады.

Сондай-ақ, аталған үш көшені

жарықтандыруға 8,6 млн теңге

қаражат жұмсадық. Өзге де

ауылішілік жолдарды жөндеу

келесі жылы жүзеге асады, -

дейді ол.

Алдағы жылы «Ауыл – ел

бесігі» бағдарламасымен Пограничник

және Достық ауылдарындағы

жарық желілеріне

күрделі жөндеу жоспарланып

отыр. Сондай-ақ, аталған

ауылдардағы көше жолдары

асфальтталмақ.

Достық ауылдық округінде

4 мектеп бар. Төрт құдық, Кіші

Парамоновка және Тасқұдық

шағын елді мекендерінен оқушылар

тегін тасымалданады.

Биыл «Шаңырақ-21» ЖШС

Береке ауылындағы білім

ордасының шатырына қайта

жаңарту жұмыстарын жүргізді.

Жалпы сомасы 54,8 млн теңге

қаражатқа «жұмсақ» шатыр орнатылды.

Байқағанымыздай, Достық ауылдық округіндегі тұрғындардың

қолайлы жағдайда өмір сүруі үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Келесі жылға жоспарланған іс те көп. Мұндай игілік тұрғындардың

әл-ауқатын жақсартады деген сенім мол.

Махаббат ТӨЛЕБАЙ,

Достық ауылдық округі, Ақсу қаласы.

Суреттерді түсірген - Константин Шелков.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!