29.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

6 29 қыркүйек, бейсенбі, 2022 жыл ШАМШЫРАҚ

SARYARQA SAMALY

Ұстаз болу -

ЖЕТІСТІК

ҚҰРМЕТ

Менің әжем Қапиза Мақтайқызы

- мектеп табалдырығын

алғаш аттаған балаларға

әріп үйретіп, қолына

қалам ұстатқан мәртебелі

мамандық иесі. Оның алдынан

өткен талай шәкірт кейін

әжеміздің жолын жалғап,

ұстаз атанды.

Білім негізі -

бастауышта

Әжем 1923 жылы 9 сәуір күні

Павлодар ауданы, Жетекші ауылында

дүниеге келген. Жастайынан алғыр,

өжет, білімге зерек болды. Атаанасынан

естіген ертегілерді есінде

сақтап, жазу-сызу білмей тұрғанда-ақ

қиссаларды ауызша жаттап алған.

Қызының болашағынан мол үміт күткен

ата-анасы ұстаздық мамандықты

таңдауына ықпал етті. Сөйтіп, әжем

Павлодар қаласындағы Б.Ахметов

атындағы педагогикалық училищеге

түсіп, үздік тәмамдап шықты.

Қапиза Мақтайқызы алғашқы

ұстаздық еңбек жолын «Октябрьдің

25 жылдығы» атындағы ауылда бастаған.

Кейін қазіргі Ақтоғай ауданы Ақтоғай

ауылындағы «Жандарбек қожа» атындағы

мешіттің орнында болған аудандағы

алғаш ашылған 10 жылдық мектепте

бастауыш сыныптың ұстазы болды.

Ардагер ұстаз шәкірттеріне саналы

да сапалы тәрбие, білім бере жүріп,

бес баласын тәрбиелеп өсірді.

Өкінішке қарай, үлкен қызы Раушан

өмірден ерте озды. Ал екінші қызы

Райхан анасының жолын қуып, ұстаз

мамандығын таңдады. Кейін Павлодар

педагогикалық институтын тәмамдап,

ұстаз болып жемісті еңбек етті. Бірақ

зейнет жасына небары 8 жыл қалғанда

ол да өмірден өтті. Жалғыз ұлы

Алтай Семейдің зооветеринарлық

институтын үздік бітіріп, көп уақыт

ауыл шаруашылығын өркендетуге

айтарлықтай үлес қосты. Соңғы

жылдары «Қызылжар-Құс» фабрикасында

еңбек етті. Бүгінгі күні зайыбымен

Павлодар қаласында тұрады. Одан

кейін - менің анам Майра Самарова.

Анам Семей қаласындағы кітапханашы

училищесінде білім алды. Ұзақ жылдар

бойы кітапханашы болды. Ал жанұяның

кенжесі – Гүлмира «Қызылжар-Құс»

фабрикасында еңбек етті. Қазіргі

уақытта зейнет демалысында.

Әжеміз туралы түлектерінен

сұрасақ: «Өте жақсы ұстаз болды.

Бізге дауыс көтермейтін, керісінше

еркелігімізді кешіре білетін. Мінезі

байсалды, шыдамды, өте ақылды,

мейірімді еді. Бізді өз балаларындай

жақсы көрді», - дейді. Расында да, бұл

«Ана мейірімі мен ұстаз мейірімі -

егіз» деген халық даналығының

ақиқаты болар.

Ұлағатты ұстаз тәрбие мен білім

берген оқушыларының көпшілігі мұғалім

мамандығын таңдағаны тегін емес

шығар. Өйткені, тәрбие мен білім негізі

бастауыш сыныптан қалыптасады.

Қапиза әжем ұзақ жылдар бойы

Ақтоғай ауданында өзінің қызметін

абыроймен атқарып, зейнетке шыққаннан

кейін 1999 жылы 26 қазанда

76 жасында өмірден озды. Биыл

Қапиза Мақтайқызының туғанына

100 жыл толады.

Павлодар ауданына қарасты Мичурин орта мектебі облыс мектептерінің көш басында тұр. Өткен

оқу жылының қорытындысы бойынша аталған білім ордасы «Үздік ауыл мектебі» аталымында

жеңіске жетіп, 50 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

ЗЕРДЕ

Үздік мектептің үлгісі

Махаббат ТӨЛЕБАЙ

Мектеп директоры Айнаш Әбдіманованың

айтуынша, оқушылардың білім сапасы жоғары.

Мектепте 343 оқушы білім алады. Оларға

53 педагог сабақ береді. Оның ішінде 12-сі -

жас маман. Биыл бұл қатарға 2 ұстаз

қосылды.

- Қажырлы еңбектің нәтижесінде білім

нәрімен сусындатқан мұғалімдердің жемісі

оқушы бойынан көрініп жатқаны көңіл

қуантады. Әсіресе, облыстық мектептер

арасында үздік атануымыз әрі қарай балаларды

шыңға жетелеуге жігерлендірді.

Тіпті, бүлдіршіндер үшін түрлі сайыстарда

жүлделі орын иеленуге шабыттандырады, -

дейді А.Әбдіманова.

Айнаш Балхашқызының сөзінше, мектеп

ұжымының «Үздік ауыл мектебі» аталымында

жеңіске жетуіне балалардың білім

алуына, дамуына қолайлы жағдайдың жасалуы

бірден-бір себеп болған.

- Біздің оқушылар республикалық,

облыстық олимпиадалардан олжасыз оралмайды.

Жаңа дүниені оқып-тануға, білуге

құмар жастар қатары қалың. Осы қалыпты

жоғалтып алмау мақсатында демеушілердің

қолдауымен әр тоқсан сайын үздік оқыған

оқушыға стипендия береміз. Сонымен

қатар, 7 жыл қатарынан «Үздік сынып»

жобасын өткізіп келеміз. Мұндағы жүлде

де қомақты. Одан бөлек, білім ордасының

өзіндік шаралары бар. Мысалы, мектеп

табалдырығын аттаған 1-сынып оқушыларының

жеке алма ағаштары бар. Олар

ағашты өздері отырғызып, баптап, күтеді.

Осындай еңбекке баулудың нәтижесінде

мектептің бау-бақшасы кеңейді. Жемісжидектерді

қысқыға сақтап, жыл бойы

бүлдіршіндер дәруменге толы компот

ішеді, - дейді ол.

Білім сапасының жоғары болуы ұстазға

да тікелей байланысты. Ал Мичурин орта

мектебіндегі ұстаз қауымының 100 пайызы

жаңаша оқыту курстарынан өткен. Заман

талабына сай ақпараттық және коммуникациялық

технологиялар бойынша білімін

жетілдірді.

- Мектеп мәртебесі – педагог пен оқушы

қолында. Жыл сайын шәкірттердің «Алтын

белгі», «Үздік аттестат» алып, жоғары оқу

орнына грантқа түсуі – осының дәлелі. Оған

қоса, оқушыларымыз облыс орталығындағы

дарынды балаларға арналған лицей,

гимназияларға оқуға қабылдануда. Біліммен

қатар, спорттық додаларда топ жарған

ұл-қыздарымыз да жетерлік, - деп атап

өтті мектеп директоры.

Білім ордасында музей де бар. Ауыл мен

мектеп тарихынан сыр шертетін бұл рухани

мекеннің орны ерекше. Балалардың да

халқымыздың түрлі кезеңді бастан өткергені

жөнінен мағлұмат алуына зор мүмкіндік.

Осылайша, білім, тарих, жаңа технология,

дамуды басты бағдар етіп алған Мичурин

орта мектебі «Үздік ауыл мектебі» үлгісі

болуға әбден лайық екенін дәлелдеуде.

Мектеп ұжымына шығармашылық өрлеу,

оқушыларға толағай табыстар тілейміз!

Тәрбиеші - балабақша жүрегі

Қазақтың

ұлы ақынынан

артық ешкім

тәрбиешінің

болмысын

шынайы суреттей

алмас.

Осындай ілтипатқа ие тәрбиешілер арамызда

аз емес. Көпшіліктің назарына іскерлігімен

іліккен тәжірибелі тәрбиеші Гүлжанат Тулкина

жайында әңгіме өрбітуді жөн көрдік.

Гүлжанат Ертайқызы Павлодар мемлекеттік

педагогикалық университетінде «Мектепке

дейінгі оқыту және тәрбие» мамандығы

бойынша білім алған. Алғашқы еңбек

жолын Май ауданы Қазан ауылдық орта

мектебінің мектепалды даярлық сыныбында

бастаған. Содан бергі 16 жылда бүлдіршіндерді

тәрбиелеуде.

Тәрбиешінің тынымсыз еңбегін қандай сөзбен өрнектесек те, аздық ететіндей

көрінеді. Әрбір шаңырақты шаттыққа кенелткен бүлдіршіндердің еркелігін

көтеріп, тәлім-тәрбие беру төзімділік пен парасат-пайымды қажет ететіні

сөзсіз. Осыны ойға алған ұлы кемеңгер Абай Құнанбаев «Адамның адамгершілігі

жақсы тәрбиеші-ұстаздан болады» деген ой орамын қалдырыпты.

Гүлжанат Тулкинаның айтуынша, бұл

мамандықты таңдауына анасының білім

саласында еңбек еткені әсер еткен.

- Бұл өмірде көптеген мамандық бар.

Менің ойымша, ең қызықты да, қиын

мамандық - тәрбиешінің жұмысы. Себебі,

бұл сала арқылы біз өскелең ұрпаққа үлгі

болып, тәлім беріп, өз ақыл-кеңесімізбен

бөлісеміз. Болашақ еліміздің іргетасын қалар

бүлдіршіндерді тәрбиелейміз. Мен балаларды

жанымдай жақсы көремін. Олар -

мен үшін тазалық пен пәктіктің, шынайылық

пен туралықтың айнасы. Балақайлардың

жаны жалғандықты, жасандылықты сүймейді,

шындықты айтады. Тәрбиеші мамандығының

киесі де, қиындығы да осы балғындарды

үлкен өмірге даярлап, қанаты қайырылмайтындай

етіп тәрбиелеуде деп білемін, -

дейді Г.Тулкина.

Білікті тәрбиешінің сөзінше, балабақшадағы

бүлдіршіндерге махаббат пен жылулықты

бере білу керек.

Сондай-ақ, Гүлжанат Ертайқызы қазіргі

білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге

қабілетті маман дайындау деп санайды.

- Балабақша – үйрететін орта. Оның

жүрегі – тәрбиеші. Әріптестеріме айтарым:

бәсекеге қабілетті, шығармашыл, ізденімпаз,

жаңа форматтағы тәрбиеші болу арқылы

еңбектеріңіздің нәтижесін көресіздер, -

дейді тәжірибелі тәрбиеші.

Тәрбиеші – балабақша тірегі. Бала

жанының бағбаны қандай болса, өскелең

ұрпақ солай өнеге алып өседі. Демек, әр

балабақшаға – озық педагогикалық методиканы

меңгерген, сауаты жоғары, тәлімді

тәрбие бере алатын тәрбиеші керек.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Сәуле ҒАЙНИДЕНҚЫЗЫ,

Өнер мектебінің ұстазы,

Ақтоғай ауылы,

Ақтоғай ауданы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!