29.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 29 қыркүйек, бейсенбі, 2022 жыл АЛАҢ

SARYARQA SAMALY

Елімізде автомобиль жолдарында қараусыз жүрген малдың

кесірінен көлік апаты жиі орын алуда. Оқыс оқиғалардың

соңы қайғылы жағдаймен аяқталатыны тағы бар. Мұндай

жағдайда бірі мал өтетін жерде арнайы жол белгілері жоқ

екенін алға тартса, ал кейбірі төрт түлік иелерін жауапсыздық

үшін кінәлайды. Бүгінгі күні апаттың алдын алу мақсатында

жол үстінде жүрген мал иелеріне айыппұлды 5 айлық

есептік көрсеткіштен 100 АЕК-ке дейін арттыру ұсынылып

отыр. Айыппұл көлемін көбейту арқылы тұрғындардың

жауапкершілігі арта ма? Осы мәселені «Алаңның» талқысына

салып көрдік.

Облыстық Сұлтанмахмұт Торайғыров

атындағы кітапханада

«Ұлт асылы - Мұхтар Әуезов»

атты облыстық конференция өтті.

Биыл қазақтың аса көрнекті

жазушысы, классикалық үлгідегі

көптеген теңдессіз туындылардың

авторы, қоғам қайраткері

Мұхтар Әуезовтің туғанына

125 жыл толып отыр.

Әлем таныған

Әуезов

Жазушының мерейтойы бүгінде республика

көлемінде атап өтілуде. Павлодар өңірі

де қаламгерге деген ілтипатын түрлі шаралармен

көрсетуде. Шараға өңіріміздің зиялылары,

ғалымдар мен әдебиетшілер қатысты.

Сонымен қатар, Мұхтар Әуезовтың ұлы Мұрат

сәлемін бейнежазбамен жолдады.

- Мұхтар Әуезовті көркем прозаның негізін

қалаушылардың бірі деген дұрыс шығар.

125 жылдығына арналған іс-шара еліміздің

түкпір-түкпірінде өтіп жатыр. Бүгінгі шарамыздың

мақсаты - жазушының шығармашылығын

жан-жақты насихаттау, - дейді Қазақстан

Жазушылар одағы облыстық филиалының

басшысы, ақын Жарқынбек Амантайұлы.

Талмай еңбек етіп жүрген ғалымдар

Мұхтар Әуезовтің мол мұрасына тереңірек

бойлау үшін жазушының шығармашылығы

жайлы сөз қозғап, ой өрбітті.

- Бұл шара оқушылар үшін үлкен

мүмкіндік деп санаймын. Себебі, Мұхтар

Әуезовтің шығармашылығы жайлы ақпарат,

ой-пікірлер жоғары деңгейде талқыланды, -

дейді филология ғылымдарының кандидаты,

профессор Бақытгүл Қапасова.

Шара барысында келген қауым Мұхтар

Әуезовті «Абай жолы» романының авторы

ретінде ғана емес, басқа қырынан да таныды.

Сонымен қатар, оқырмандар назарына «Әлем

таныған Әуезов» атты кітап көрмесі мен

«Дәуірдің дара тұлғасы» атты бейнефильм

ұсынылды.

Мақсат КӨЛТАЙҰЛЫ.

Айыппұлды арттыру

жауапкершілікті күшейте ме?

Жасқайрат ҚАЙЫРОВ, облыстық полиция

департаменті бастығының бірінші орынбасары:

- Қараусыз қалған төрт түлік мәселесі өзекті екені соңғы

уақыттарда жиі айтылып жүр. Мал иелерінің бейберекет

қарым-қатынасы қайғылы оқиғаға әкелуде. Қазірді кезде

облыс аумағында полиция тұрақты түрде рейдтер жүргізеді.

Сонымен қатар, төрт түлікті жаю туралы ережелерді қатаң

сақтауды ескертіп жатыр.

Жалпы, жыл басынан облыс бойынша автокөлік жолдарында

иесіз жүрген малдардың салдарынан 5 жол-көлік

Орынбек ЗАКВАНҰЛЫ, Баянауыл

ауданының тұрғыны:

- Бүгінде қора-қора қара мал,

үйір-үйір жылқы өсіріп отырған

тұрғындардың басым бөлігі мал

бақпайды. Себебі, қазіргі күні бір

бас малды бағудың төменгі ақысы

2 мың теңгені құрайды. Демек,

10-15 немесе одан аз малды бақтыру

қомақты қаражатты талап етеді.

Оған қоса, ауылдардың біразында

мал қарайтын бақташы жоқ. Сондықтан

тұрғындар малды өріске айдайды.

Ал қараусыз қалған төрт түлік

жол жағалап кетеді.

- Ауыл тұрғындарының негізгі жұмысы – мал шаруашылығы.

Азын-аулақ малмен күн көріп отырған отбасылар үшін

бақташы табу қиын. Тіпті, «ақысын төлеймін, үй-тамақпен

қамтамасыз етемін» деген күннің өзінде жұмысшы табу

оңайға түсіп отырған жоқ. Бұл сөзіммен көпшілік келіседі

деп ойлаймын.

Шағын шаруа қожалығым бар. Малдарды жайылымға

жіберемін. Бұрындары бақташы болмаған уақытта қыстақтағы

оқиғасы орын алды. Салдарынан 1 адам

қаза болып, 8 адам түрлі деңгейде

жарақат алды. Қазір өңірімізде малға

арналған 146 айып тұрағы бар. Онда

бақылаусыз жайылып жүрген 15 мыңнан

астам мал қамаулы тұр. Жуықта Ақсу

қаласына қарасты Пограничник ауылының

жанында жол бойында жайылып жүрген

жылқылар анықталды. Жергілікті шаруа

қожалығының 49 жасар қызметкеріне

қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық

кодекстің 408-бабы 1-бөлігі бойынша

әкімшілік құжат толтырылды. Оған 3 айлық

есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл

салынды.

Қайрат ШАПУОВ, «Қайрат» шаруа қожалығының

басшысы, облыстық мәслихат депутаты:

Жалпы, малды өсіру, күту аса ұқыптылық пен жауапкершілікті

талап етеді. Өйткені, оның жем-шөбін беріп, күтіп алу

қажет. Бір сөзбен айтқанда, малды бағу керек. Әр жануардың

иесі мал кесірінен болып жатқан апаттарға бейжай қарамағаны

абзал. Айыппұл көлемін арттырғанмен, мәселенің шешілуі

екіталай. Мұнда әрбір малдың иесі немесе шаруа қожалығы

жауапкершіліктің жүгін сезіне білуі шарт.

тіршілікпен жүріп, төрт түлікті үнемі

бақылап отыру ауыртпалық салатын.

Қазір бақташының болғаны өз әсерін

беріп отыр.

Иә, төрт түлік салдарынан апаттар

жиі болып жатқанын естіп жатырмыз.

Десе де, қорадағы бірлі-жарым мал

басынан нәпақасын тауып жүрген

жандарға айыппұлды 100 АЕК көтеру

дұрыс емес деп есептеймін. Алдымен

ескерту жасаған жөн. Одан сабақ алмаған

жағдайда ғана айыппұл салу керек.

«Алаңды» үйлестірген – Махаббат ТӨЛЕБАЙ.

Халқымыздың заңғар жазушысы

Кеше заңғар жазушы, филология ғылымдарының тұңғыш докторы

Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толды. Жазушының мерейтойына

орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде «Кемел

ойдың кеніші, кенен сөздің өрісі» атты әдеби кеш ұйымдастырылды.

Шараға Павлодар педагогикалық

университетінің профессоры, филология

ғылымдарының докторы Сейфитдин

Сүтжанов, Бекен Сағындықұлы, Торайғыров

университетінің профессоры, ақын, жазушы

Серік Елікбай және Павлодар қаласының

Құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз, тіл жанашыры

Ульян Мақұлұлы қатысып, жазушының

шығармашылығы жайында баяндады.

- Мұхтар Әуезов - қазақ әдебиетінің

шыңында тұрған классиктердің бірі әрі

бірегейі. Жазушы шығармаларында өз

заманының тыныс-тіршілігін, халқының

аңсаған армандарын, бүгіні мен ертеңін

шебер суреттеді. Осындай қажырлы еңбегінің

нәтижесінде дүниеге қазақ халқын әлемге

танытқан «Абай жолы» роман-эпопеясы

келді. Бұл шығарма арқылы әлемнің жүзден

астам ұлты қазақтың тұрмыс-тіршілігін,

салт-дәстүрін таныды десек те болады, -

деді орталықтандырылған кітапханалар

жүйесінің басшысы Айбек Оралхан.

Павлодар педагогикалық университетінің

профессоры Сейфитдин Сүтжанов

жазушының шығармашылығының қалай

басталғаны жайлы айтты.

- Мұхтар Әуезов 20 жасында жазған

«Еңлік-Кебек» трагедиясы қазақ әдебиетіндегі

үлкен жаңалық болды. Қаламгер

онымен тоқтап қалмай, бірнеше әңгіме

жазды. Оның шығармаларындағы көтерілген

мәселелер қазіргі таңда да өзектілігін

жоғалтқан жоқ. Шағын әңгімелер арқылы

адамның іс-әрекетін сол кездегі әлеуметтік

жағдайлармен байланыстыра келіп, халықтың

тұрмыс-тіршілігін, мұң-мұқтажын шебер

жеткізді, - деді.

Кеш барысында М.Қанапиянов атындағы

жоғары колледж студенттері жазушы Мұхтар

Әуезовке өз арнауларын оқыса, дарынды

балаларға арналған музыкалық колледж,

музыкалық мектеп-интернаттың 2-курс студенті

Айжан Жансүгірова Ықыластың «Ханшайым»,

«Кертолғау» күйлерін орындады.

Сондай-ақ, «Халқымыздың заңғар жазушысы»

атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Көрмеде кеш қонақтары жазушының өмірімен

және шығармашылығымен танысты.

Айдана БОРАНБАЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!