29.09.2022 Views

Сарыарқа самалы, 29 қыркүйек, бейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

2 29 қыркүйек, бейсенбі, 2022 жыл АҚПАРАТ

SARYARQA SAMALY

ШТАБ

Жедел желі

іске қосылады

Өңірлік жедел штабының отырысы

барысында Ресей Федерациясынан

келушілер санының

артуына қатысты мәселе қаралды.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов

миграциялық процестерді бақылауды

күшейтуді тапсырды.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара

қызметі департаментінің бастығы Ғани

Бекмырзаевтың айтуынша, 21-26 қыркүйек

аралығында Павлодар облысындағы шекара

бекеттерінен 35 мың адам өтті. Олардың

қатарында Ресей Федерациясының 13 мың

азаматы бар. Осы уақыт аралығында 5 мың

адам біздің елдің аумағынан кетті.

Облыстық полиция департаментінің бастығы

Василий Склярдің сөзіне қарағанда, соңғы бес

күн ішінде халыққа қызмет көрсету орталықтары

және көші-қон қызметі бөлімшелеріне келуі

туралы ескерту бойынша 388 ресейлік азамат

өтініш берген. Сондай-ақ, 154 адам уақытша

тіркеуге тұру бойынша көмекке жүгінген.

Өңірдегі криминогендік жағдай тұрақты.

Облыс орталығында үш Халыққа қызмет

көрсету орталығы үздіксіз жұмыс істеп тұр.

Павлов көшесі, 48-үй мекенжайы бойынша

орналасқан орталық күшейтілген жұмыс

режиміне ауысты. Адамдардың шамадан

тыс шоғырлануын болдырмау үшін шетелден

келушілер үшін арнайы кезек пен бес қосымша

терезе ұйымдастырылған.

Әбілқайыр Сқақов жағдайға мониторинг

жүргізу мен түсіндіру жұмыстарын тұрақты

түрде өткізіп, барлық мемлекеттік органдардың

бірлескен іс-қимылын күшейтуді тапсырды.

- Жылжымайтын мүлік нарығындағы

жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар

қолдану маңызды. Полиция департаменті

мен мемлекеттік кіріс департаменті өңірдегі

заңдылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз

етіп, келген ресейліктерді уақытылы тіркеу

бойынша алгоритм әзірлеуі керек. Қалалар

мен аудандар әкімдері мигранттар легін

реттеуге арналған штабтар құруы қажет, -

деді Ә.Сқақов.

Аймақ басшысы шетелден келгендерге

ҚР Заңына сәйкес көмек көрсетілетінін атап

өтті. Құзыретті органдарға қонақ үйлердің

иелерімен, мигранттармен құқықтар мен

жауапкершіліктер туралы түсіндіру жұмыстарын

жүргізуді жүктеді. Сонымен қатар, облыста

жедел желі іске қосылады.

КӨШІ-ҚОН

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

ЕЛ ЖӘНЕ БИЛІК

Жыл басында Павлодар облысы тұрғындарының тікелей қатысуымен өңірдің іс-қимыл

бағдарламасы әзірленген болатын. Осы уақытқа дейін жұртшылықтың талап-тілектері

негізінде оқушыларды ыстық тамақпен тегін қамту, қоғамдық көліктерде тегін жүру,

спорттық, шығармашылық үйірмелерге ақы төлемей-ақ қатысуға қатысты бірқатар

мәселенің түйіні тарқады.

Нәтижелі жұмыстар

жалғасуда

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың

төрағалығымен өткен кеңейтілген жиында

іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру,

күзгі жиын-терім жұмыстарының барысы

талқыланды.

Алдымен облыстық ауыл шаруашылық

басқармасының басшысы Нұрболат Мақашев

күзгі дала жұмыстарына тоқталды. Өңірдегі

тауар өндірушілер келесі жылға арналған

тұқымдық қордың жартысынан астамын

дайындады.

- Қазір облыста 912,1 мың тонна

астықты сақтауға арналған 257 қойма

бар. Сондай-ақ, 142 көкөніс қоймасының

88 пайызы заманауи технологиялық

жабдықтармен жабдықталған. Успен,

Тереңкөл, Железин және Ертіс аудандарында

дәнді дақылдар бойынша

жоғары өнімділік байқалады. Шаруалар

егін жинау жұмыстары кезінде

арзандатылған дизель отынымен толық

қамтамасыз етілді. Жалпы, 2022 жылы

өсімдік шаруашылығын субсидиялауға

3,9 млрд теңге бөлінді, - деді Н.Мақашев.

Аймақ басшысы егін жинау науқанын

мерзімінде аяқтауды, ауыл шаруашылығы

дақылдары тұқымдарының қажетті көлемін

өнім ретінде толтыруды және шөпті мал

қыстайтын жерлерге уақтылы шығаруды

тапсырды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы

басқармасы жергілікті шаруалармен

көктемге дейін ішкі нарықты картоппен,

сәбізбен қамтуға қатысты меморандум

жасау мәселесін пысықтауы қажет.

- Ертіс, Железин, Тереңкөл және

Успен аудандарының әкімдері, ауыл

шаруашылығы басқармасы «Азықтүлік

корпорациясы» ұлттық компаниясымен

астықты форвардтық сатып алу

бойынша шарттық міндеттемелерінің

орындалуын бақылауы қажет. Кәсіпкерлік

және индустриялық-инновациялық даму

басқармасы «Павлодар» әлеуметтіккәсіпкерлік

корпорациясымен бірлесіп,

фермерлік базардың жоспар бойынша

ашылуын қамтамасыз ету керек, - деді

Ә.Сқақов.

Сонымен қатар, жиын барысында өңірдің

іс-қимыл бағдарламасының орындалуы

талқыланды. Облыстық экономика және

бюджеттік жоспарлау басқармасының

басшысы Ирина Назарчуктың айтуынша,

бағдарлама аясында осы жылдың 8 айында

97 шараның 34-і іске асты.

- Бағдарлама нәтижесінде оқушыларға

тегін ыстық тамақ ұйымдастырылды.

Мұндай іс еліміздің өзге өңірлерінде қолға

алынған жоқ. Бұл тұрғыдан алғанда біздің

аймақ жалғыз үлгі болып табылады. 83

мың оқушы қоғамдық көлікте тегін жол

жүру мүмкіндігін алды. Оған қоса, жыл

соңына дейін 20 мыңнан астам баланы

спорттық-шығармашылық тапсырыспен

қамту жоспарлануда, - деді И.Назарчук.

Осы бағдарлама аясында 15 мың

жұмыссыз адам тұрақты қызмет орнын

тапты. Сондай-ақ, Ақсу мен Павлодар

қалаларының автопаркінде 42 автобус

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

жаңартылып, барлығы 134 аула абаттандырылды,

7 ірі нысан, 24 шағын футбол

және 63 спорт алаңы салынды.

Бұл ретте Әбілқайыр Сқақов облыс

тұрғындарының пікірлері мен ұсыныстары

ескеріле отырып қабылданған бағдарламаны

іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

- Тұрғындардың өмір сүру сапасын

арттыру үшін жоспарланған шараларды

осы жылдың соңына дейін аяқтау қажет.

Бағдарламаны орындау қорытындылары

бойынша ақпарат және қоғамдық даму

басқармасы өңір тұрғындары арасында

жедел сауалнама тетігін әзірлеуі, сондай-ақ

Мүмкіндіктер картасын халық үшін қолжетімді

орындарда орналастыру жөніндегі жұмысты

аяқтауы қажет, - деп қорытындылады

өңір басшысы.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Келушілер қатары көбейді

Ресейдегі соңғы жағдайларға байланысты біздің елге келетін

шетелдік азаматтар қатары айтарлықтай артты. Әсіресе,

Павлодар облысымен шекаралас жатқан Омбы, Новосібір,

Алтай өлкелерінен келушілер көп.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ,

бұған дейін әдетте бір күнде ары кетсе

15 адам өңірде көші-қон полициясы

арқылы уақытша тіркеуге тұратын еді.

Бүгінде бір тәулікте 80-90 ресейлік полицияда

тіркеуден өтеді. Облыстық полиция

департаменті бастығының бірінші орынбасары

Жасқайрат Қайыров Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг

барысында хабарлағандай, жыл басынан

бері көші-қон полициясы барлығы 2742

адамды уақытша тіркеуге қойды. Ал 21-26

қыркүйек аралығында 437 азамат біздің

елге уақытша келгенін білдірді.

- Заң бойынша, қабылдап алушы тарап,

яғни шет мемлекеттен келген азаматтардың

туыс-туғаны, тамыр-танысы үш жұмыс

күні ішінде көші-қон полициясына өзге

ел азаматының уақытша тұратын мекен-

жайын хабарлауы тиіс. Ал шетелдіктің

Павлодарда жақын-жұрағаты болмаса,

1414 орталығына қоңырау шалуы керек, -

дейді Жасқайрат Қайыров.

Бұл күндері Павлодардағы халыққа

қызмет көрсету орталығына келушілер де

көбейді. Мұнда ұзын-сонар кезек болмас

үшін құжаттар қабылдайтын мамандар қатары

толықты. «Азаматтарға арналған үкімет»

КЕАҚ облыстық филиалы басшысының

орынбасары Арай Қамарованың айтуынша,

соңғы бес күн аралығында шетелдің 931

азаматы жеке сәйкестендіру нөмірін алуға

өтініш берген. Тек бір күннің өзінде 580

өтініш түсіпті. Бұған дейін бір күнде ЖСН

алуға ниетті шетелдіктер саны 50 адамнан

ары аспайтын. Яғни, қазақстандық нөмірді

алуға ниеттілердің саны да 10 есеге өскенін

аңғаруға болады.

Полиция департаментінің дерегінше,

Ресейдің Новосібір облысы мен Успен

ауданының, Алтай өлкесі мен Шарбақты

ауданының, Омбы облысы мен Железин

ауданының арасындағы шекарадан

азаматтар жиі өтеді. Жалпы, 21-26 қыркүйек

аралығында облыстың Ресеймен шекараласатын

пункттерінен 13 284 адам біздің

өңірге келіп, 5135 азамат шекараның арғы

жағына өткен.

Брифинг барысында облыс әкімінің

бірінші орынбасары Олег Крук аймақтағы

83 қонақ үйдің 95-98 пайызы, 1226 хостел,

жалдамалы пәтерлердің 70 пайызы толық

екенін айтты.

- Қонақ үйлерден орын таппай, ары қарай

басқа қалаларға кетіп жатқан ресейліктер

болуы мүмкін. Олардың барлығын бірдей

бақылай алмаймыз. Біздің қолымызда

бар дерек – өңірдегі шекарадан қанша

адамның өткені және уақытша тіркеуге

қанша шетелдік тұрғаны туралы мәлімет

қана. Сапаржай, қонақ үйлерді аралап,

шетелден келушілерді әңгімеге тартпақ

болдық. Олардың көпшілігі Павлодар

арқылы басқа қалаларға баратынын айтты.

Ал біз келушілер далада қалмас үшін

кәсіпорындармен уақытша жатын орындар

беру туралы сөйлесіп жатырмыз. Бірақ бұл

тек ақылдасу, кеңесу деңгейінде қалып

отыр. Әліптің артын бағып, ертеңгі күндері

жағдайдың қандай болатынын күтейік, -

деді Олег Крук.

Бұл ретте жалдамалы пәтерлердің

бағасы бірден шарықтап кеткені туралы

да сөз болды. Алайда, жергілікті билік

нарықтағы бағаны реттей алмайды. Тек рейд

жүргізіп, пәтерлерді жалға берушілердің

жеке кәсіпкер ретінде тіркелген-тіркелмегенін

тексере алады.

- Полиция қызметкерлері күн сайын

рейдтік шаралар жүргізіп, жалдамалы

пәтерлерді анықтайды. Үй иесі жеке

кәсіпкер ретінде тіркелмесе, ақпаратты

мемлекеттік кірістер департаментіне

жолдаймыз. Бірақ соңғы күндері рейдтік

шаралар нәтижесінде тіркеуден өтпеген

жаңа жалдамалы пәтерлер анықталған

жоқ, - дейді Ж.Қайыров.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!