05.08.2013 Aufrufe

Пайдаланушы нұсқаулығы - Eset

Пайдаланушы нұсқаулығы - Eset

Пайдаланушы нұсқаулығы - Eset

MEHR ANZEIGEN
WENIGER ANZEIGEN

Sie wollen auch ein ePaper? Erhöhen Sie die Reichweite Ihrer Titel.

YUMPU macht aus Druck-PDFs automatisch weboptimierte ePaper, die Google liebt.

4. ESET NOD32 Antivirus бағдарламасымен жұмыс істеу

4.1 Антивирустық және антишпиондық қорғау

Антивирустық қорғау файлдарды, электрондық поштаны және интернет

байланысын бақылау арқылы зиянды жүйелік шабуылдардан қорғайды.

Егер зиянды коды бар қауіп анықталса, Antivirus модулі оны алдымен

бұғаттау арқылы, ал содан кейін тазалау, жою немесе карантинге

орналастыру арқылы шеттете алады.

4.1.1 Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау

Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау жүйедегі антивирусқа қатысты

барлық оқиғаларды басқарады. Барлық файлдар ашылғанда,

жасалғанда немесе компьютерде іске қосылғанда, оларда зиянды

кодтың бар-жоқтығы тексеріледі. Нақты уақыттағы файл жүйесін

қорғау жүйе іске қосылғанда орнатылады.

4.1.1.1 Басқару параметрлері

Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау барлық құрал түрлерін тексереді,

ал басқару әр түрлі оқиғалардан кейін басталады. Бақылау ThreatSense

технологиясының табу әдістерін (ThreatSense механизмінің параметрін

орнату бөлімінде сипатталғандай) пайдаланады. Бақылау тәртібі

жаңадан жасалған файлдар мен қолданыстағы файлдар үшін әр түрлі

болуы мүмкін. Жаңадан жасалған файлдар үшін тереңірек бақылау

деңгейі қолданылуы мүмкін.

4.1.1.1.1 Қарап шығатын медиа

Әдепкі мәні бойынша, медианың барлық түрлері ықтимал қауіптер

үшін қаралып шығады.

Жергілікті дискілер — Жүйенің барлық қатты дискілерін басқарады

Алынбалы құрал — Дискеталар, USB сақтау құрылғылары, т.б.

Желілік диск — Барлық көрсетілген дискілерін қарап шығады

Әдепкі параметрлерді белгілі бір сақтауды және оларды тек белгілі

бір медианы қарап шығу кезінде деректер берудің айтарлықтай

баяулайтыны сияқты ерекше жағдайларда ғана өзгерту ұсынылады.

4.1.1.1.2 Қарап шығу (Оқиғамен басталатын қарап шығу)

Әдепкі мәні бойынша, барлық файлдар ашылу, орындалу немесе

жасалу кезінде тексеріледі. Компьютер үшін нақты уақыттағы

қорғаудың ең жоғары деңгейін қамтамасыз ететіндіктен, әдепкі

параметрлерді сақтау ұсынылады.

Дискета қатынасы опциясы бұл дискжетегіне қатынасқанда дискетаның

жүктеу бөлігін бақылауды қамтамасыз етеді. Компьютерді өшіру

опциясы компьютерді өшіргенде қатты дискінің жүктеу бөліктерін

бақылаумен қамтамасыз етеді. Бүгін жүктеу вирустары сирек болғанымен,

бұл опцияларды қосылған күйінде қалдыру ұсынылады, өйткені балама

көздерден вирустың жұғуы әлі де мүмкін.

12

4.1.1.1.3 Жаңадан жасалған және өзгертілген файлдарға

арналған қосымша ThreatSense параметрлері

Жаңадан жасалған немесе өзгертілген файлдарға вирус жұғу

ықтималдығы қолданыстағы файлдарға қарағанда әлдеқайда жоғары.

Бағдарламаның бұл файлдарды қосымша қарап шығу параметрлермен

тексеру себебі осы. Қарапайым қолтаңбаларға негізделген қарап шығу

әдістеріне қоса, анықтау деңгейін айтарлықтай жақсартатын кеңейтілген

эвристика пайдаланылады. Жаңадан жасалған файлдармен қоса, қарап

шығу өздігінен ашылатын файлдарға және орындалатын бумалаушылар

(іштей қысылатын орындалатын файлдар) (SFX) да орындалады.Әдепкі

мәні бойынша мұрағаттар 10-шы енгізу деңгейіне дейін қаралып шығады

және нақты өлшемінен тәуелсіз түрде тексеріледі. Мұрағаттарды қарап

шығу параметрлерін өзгерту үшін Мұрағаттарды қарап шығудың

әдепкі параметрлері опциясын таңдаудан бас тартыңыз.

4.1.1.1.4 Қосымша параметрлер

Нақты уақыттағы қорғауды пайдалану барысында ең аз жүйе ізімен

қамтамасыз ету үшін әлдеқашан қаралып шыққан файлдар қайтадан

қаралып шықпайды (өзгертілмеген жағдайда). Вирус қолтаңбасы

дерекқорының әрбір жаңартылуынан кейін файлдар қайтадан дереу

қаралып шығады. Бұл тәртіп Оңтайландырылған қарап шығу

параметрін пайдалана отырып, конфигурацияланады. Егер бұл

өшірілсе, барлық файлдар оларға әрбір қатынаған сайын қаралып

шығады.

Әдепкі мәні бойынша нақты уақыттағы қорғау операциялық

жүйенің іске қосылуы уақытында орнатылады және бөгелусіз қарап

шығумен қамтамасыз етеді. Ерекше жағдайларда (мысалы, басқа

нақты уақыттағы қарап шығу құралында қиындық туындаса), нақты

уақыттағы файл жүйесін қорғауды Нақты уақыттағы файл жүйесін

қорғауды автоматты түрде іске қосу опциясын өшіру арқылы

аяқтауға болады.

Әдепкі мәні бойынша кеңейтілген эвристика файлдардың орындалуы

барысында пайдаланылмайды. Алайда, кей жағдайларда бұл опцияны

қосқыңыз келуі мүмкін (Файлды орындау барысындағы кеңейтілген

эвристика опциясы). Жүйе талаптарының артуына байланысты

кеңейтілген эвристиканың кейбір бағдарламаларды баяулатуы мүмкіндігін

ескеріңіз.

4.1.1.2 Тазалау деңгейлері

Нақты уақыттағы үш тазалау деңгейіне ие (қатынау үшін Орнату

түймесін Нақты уақыттағы файл жүйесін қорғау бөлімінен

таңдаңыз да, Тазалау тармағын басыңыз).

• Бірінші деңгей табылған әрбір инфильтрация үшін қолжетімді

опциялары бар ескерту терезесін көрсетеді. Пайдаланушы әрбір

инфильтрация үшін әрекетті жеке таңдауы керек. Бұл деңгей

инфильтрациялардың әрбір түрімен не істеу керек екенін білетін

әлдеқайда озық пайдаланушы үшін жасалған.

• Орташа деңгей алдын ала анықталған әрекетті автоматты түрде

таңдап орындайды (инфильтрация түріне байланысты). Вирус

жұққан файлдың табылуы және жойылуы туралы экранның

төменгі оң жақ бұрышындағы ақпараттық хабармен белгі беріледі.

Дегенмен, инфильтрация құрамында таза файлдар да бар

мұрағаттың ішінде орналасса, әрекет орындалмайды. Сондай-ақ,

әрекет алдын ала анықталған әрекет жоқ нысандарға қатысты

орындалмайды.

• Үшінші деңгей ең «агрессивті» — барлық вирус жұққан нысандар

тазаланады. Бұл деңгей құнды файлдардың жоғалуына әкелуі

мүмкін болғандықтан, оны ерекше жағдайларда ғана пайдалану

ұсынылады.

Hurra! Ihre Datei wurde hochgeladen und ist bereit für die Veröffentlichung.

Erfolgreich gespeichert!

Leider ist etwas schief gelaufen!