университеттік
ÒÒ±Ñама ШÑаÑÑаÑÑнда - EducationUSA
ÒÒ±Ñама ШÑаÑÑаÑÑнда - EducationUSA
- No tags were found...
Create successful ePaper yourself
Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.
Құрама Штаттарында

білім алғың келсе

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Алғы сөз

«Құрама Штаттарында білім алғың келсе» атты төрт бөлімнен тұратын топтама Құрама Штаттарының

Мемлекеттік бөлімшесінің Білім Ақпарат және Ресурстік бөлімшесімен басып шығарылған. Топтаманы

дүниежүзілік интернет жүйесіндегі http://educationusa.state.gov сайтынан да таба аласыздар.

Бұл басылым жаңартылып, Эвилен Левинсоннің бақылауымен 2000-2001 жылы үйлестірілген. Жаңартылған

басылым Госдепартаменттің қолдауымен Халықаралық Колледж Борд Офисінің көмегімен бірге басылып

шығарылды.

Кэрал Блайз бен Жанине Фархат Колин Гэтихаустың ұйымшылдығы мен кітапшаның басылып

шығарылуына ат салысқаны үшін және де Роланда Рибероның кітапшаның сыртқы дизайың өңдегені үшін

үлкен алғыс білдіреді.

Мемлекеттік бөлімшесі «Құрама Штаттарында білім алғын келсе» топтамасын шығаруға ат салыскан,

өздерінің алтын уақыттарын бөліп, эксперттік білімдерімен және тәжіриебелік еңбектерін енгізген дүние

жүзінен жиналған Кеңесшілер қоғамдастығының келесі мүшелеріне үлкен алғыс білдіреді:

Кэтлин Элэм

Эллен Беджер

Мартин Бэнет

Луизе Кук

Джулеанн Фоллгэттер

Джулия Финдлей

Джуди Фройденбергер

Колин Гэтихаус

Нэнси Гонг

Джоанна Грэхэм

Шэрон Гродзиеланек

Сандарши Гунавардена

Линде Хини

Лиза Хендерлинг

Лие Хаттон

Джудис Ирвин

Мишель Джонсон

Реха Кале

Ненси Кетеку

Анна Кулман

Гастон Лакомб

Каралина Лантз

Мерайе Лессер

Эвилен Левинсон

Эми Лезберг

Диана Лопез

Тэд Машима

Майкл МакКарри

Берил Мейрон

Мартин Дж.Миллер

Терхи Молса

Барбара Николс

Роберто Паола

Дон Пиасонтино

Рохаймо Ратеб

Лоре Р.Раускауп

Сохаир Саад

Джейлин Саррансино

Безхани Шау

Шэрон Снайдер

Кэран Солинский

Петер Сторандт

Дайане Лопес

Роберте Паола

Розалие Таргонский

Джеймс Васелек

Джоан Деармас

Хэралд Вудлей

Аударма Төлеуова Гаухар Таңжарыққызы және AKEAC / Aktobe Educational Advising Center орталығымен

орындалған http://www.akeac.org

2|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Кіріспе

«Негізгі университеттік білім» халықаралық болашақ студенттер мен ғалымдарға Америка Құрама

Штаттарының университеттерінде білім алу жөнінде объективті және тәжірибелі кеңес беру мақсатында

Мемлекеттік Департаментімен басылып шығарылған төрт кітапшадан тұратын кіріспелі топтаманың бірі

болып табылады. Топтаманың электрондық нұсқасының барлық төрт бөлімін http://educationusa.state.gov

сайтынан таба аласыңдар, ал топтаманың басылған көшірмелерін дүние жүзінің көптеген мемлекеттеріндегі

Құрама Штаттарының информативті-білім орталығы мен кеңес беру орталықтарынан ала аласыздар. Жақын

арадағы осындай орталықтардың бірін табу үшін Америка Құрама Штаттарының Елшілігінен немесе

консулдық бөлімінен сұрастыра аласыз, немесе арнайы ғаламтор сайттарында орталықтардың тізімімен

танысуға болады.

Аталған төрт кітапша келесі тарауларды қамтиды:

Негізгі университеттік білім “Бакалавриат” -

Құрама Штаттарында Бакалавр дәрежесі мен Бакалавр деңгейіне кандидат (кіші мамандық) дәрежесін

беретін программаларды қалай тандау және тапсыру, қосымша Құрама Штаттарындағы техникалық және

кәсіптік-техникалық білім алу мүмкіндіктері туралы мәліметтер.

“Магистратура” кәсіби білім және ғылыми зерттеу –

Магистр, Докторлық дәрежелеріне қалай ие болу және Докторлық дәрежеден кейінгі зерттеу жұмыстарына

тапсыру мен Құрама Штаттарында тәжірибелерін немесе оқуларын жалғастырғысы келетін мамандарға

қойылатын лицензиялық және сертификация туралы мәліметтер.

Қысқа мерзімді оқулар, Ағылшын тілі программалары, дистанциондық білім алу және аккредитация –

Құрама Штаттарында бір жылдық мерзімде оқып білім алу мүмкіндіктері мен дистанциондық білім алу

жүйесі бойынша мемлекеттен тыс оқып диплом немесе сертификатқа ие болу туралы және жоғарғы білім оқу

орындарының аккредитация жүйесінен өту туралы мағлұматтар берілген.

Жолға дайындық: Құрама Штаттарындағы өмір және оқу туралы тәжірибелік мәліметтер –

Бұл кітапшада университет немесе колледжге қабылданғаннан кейін Америкаға көшу жоспарын қалай дұрыс

құру, визаға қалай сұраныс жасау және де Америкаға оралғаннан кейін университет қалашығында нені күту

керек туралы мәліметтер мен кеңестер берілген.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім |3
АМЕРИКА ҚҰРАМА

4| Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
ШТАТТАРЫ

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|5
Мазмұн

Кіріспе

1-тарау

2-тарау

3-тарау

4-тарау

Неге Америка Құрама Штаттарында білім алу керек?

Кеңес беру орталықтары

АҚШ Негізгі Университеттік Білім:

Колледждер, Университеттер және Институттар: бір-бірінен

айырмашылықтары

Бакалавр және Бакалавр дәрежесіне кандидат

Гуманитарлық ғылымдардың философиялық концепциясы

Кәсіби білім

Мемлекеттік университеттер

Жеке университеттер

Комюнити колледж

Техникалық және кәсіби-техникалық білім

Дистанциондық білім

АҚШ колледждерінде дәрежесіз білім алу

Пайдалы сайттар

АҚШ Бакалавр дәрежесі:

Академиялық күнтізбе

Кредиттік жүйе

Дәрежелік курстар

Бағалар

GPA - орташа балл деген не?

Пайдалы сайттар

Жергілікті (Комюнити) колледж:

Оқу программасы

Бакалавр дәрежесін алу үшін екі жылдық оқу

Жұмысшылар дайындау программалары

Үздiксiз бiлiм алу

Аккредитация

Ауыстырылу келісімдері және үйлесімдік

Мүмкiндiктерi шектеулi студенттер

Оқуға қабылдау талаптары

Шығындар, жұмыс мүмкіндіктері және стипендиялар

Ағылшын тіл біліктілігіне қойылатын талаптар

Баспана түрлері

Пайдалы сайттар

Ең сапалы колледжді таңдау:

Таңдау жасауға көмек беретін мәліметтер көзі

Құрама Штаттарында білім алу жөнінде кеңес беру орталықтары

Колледждердің электрондық пошталары және сайттары

Ғаламтор жүйесінде колледждерді зерттеу

Бұқаралық Ақпарат Құралдары әлеуметтiк аспабы

Көрмелер мен шетелдік студенттермен кездесу шаралары

Студенттік қалашықтарды аралау

Білім алу жөнінде кеңесшілер мен студенттер қабылдау агенттері

Академиялық түсінік

Аккредитация және дәрежелерді мақұлдау

Маманданудың басты пәндері

Оқу программасында басты көңіл неге бөлінеді?

Таңдау жасау

Ғылыми дәрежесін алу үшін арналған оқу программасының құрылымы

Ерекше құрметпен қабылданатын студенттер

6|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Мазмұн

5-тарау

6-тарау

7-тарау

Студенттер санының мұғалімдер санына қатынастығы

Өмір сүру дағдысы

Шығын

Тұрғын үй мәселесі

Колледждің орналасқан жері

Жоғарғы оқу орындарының көлемі

Колледж төңірегіндегі жағдай

Қоғамдық өмір

Студенттік ағайындастығы мен студенттік әйелдер қоғамдастықтары

Шетелдік студенттер

Білім алуға жасалатын ерекше жағдайлар

Оқудан тыс өткізілетін іс-шаралар

«Лига плюща» түсінігі

Университеттер мне колледждер квалификациясы

Студенттерге көрсетілетін қызметтер

Интернатура программасы немесе өзге елде білім алу

Тәжірибе алу программасы немесе өзге елде білім алу

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі студенттер

Пайдалы сайттар

Америка Құрама Штаттарының жоғарғы оқу орындарына

түсетіндерге қойылатын талаптар:

Орта мектепті бітіргенін дәлелдейтін құжат немесе емтихан

қорытындылары

Университетке қабылдануға арналған стандарттық тесттері

SAT тесті

Американдық колледждің тесті (ACT)

Ағылшын тілінен білім

Шет тілі ретінде оқытылатын ағылшын тілінен тест (TOEFL)

Халықаралық ағылшын тілінен тест жүйесі (IELTS)

Пайдалы сайттар

Оқуыңызды қаржыландыру:

Күні бұрын жоспарлау

Шығындарыңызды есептеу

Оқу төлем ақысы және қосымша көрсетілген қызметтер ақысы

Тұрмыс шығындары

Оқуыңызды қаржыландыру

Өз қаражатыңызды бағалау

Қаражат көздерін анықтау

Оқу шығындарын қысқарту

Пайдалы сайттар

Шетелдік спортшы студенттерге қажетті мәліметтер мен кеңестер:

Жоғарғы деңгейлі Университеттік Спорт Қауымдастықтары

Спорт Қауымдастығымен демеушілік етілетін спорт ойындары

Спорт Қауымдастығының академиялық талаптарға сай болуы

Спорттық Қауымдастықтың амантуризмге қойылатын талаптары

Спорт Қауымдастығымен берілетін сәйкестік сертификаты

Спорт түйіндемесі, жаттықтырушыларды іздестіру және байланысу

Спорттық жетістіктер үшін берілетін стипендия

Пайдалы сайттар

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|7
Мазмұн

8-тарау

9-тарау

10-тарау

11-тарау

12-тарау

Қосымша

Нәтижелі апликациондық форманы толтыру:

Апликациондық материалдарды талап ету

Жоғарғы оқу орнына қабылдану үшін тапсырылатын тесттер

Апликациондық форманы толтыру және қайта алу

Апликациондық форма

Апликациондық форманы тіркеу ақысы

Біліміңіз туралы мәлімет

Тест балдарын қайда жіберу керек?

Негіздемелік жеке өтініш (Эссе)

Мінездемелер

Қаржы жағдайы туралы мағлұмат

Құжаттар қабылдау уақыты және оларды тіркеу амалдары

Жылдың ортасында оқуға қабылдау

Сауалнама

Жалпы апликациондық форма

Оқу орнына қабылдану

Пайдалы сайттар

Апликациондық процесс: күнтізбе және жиналған құжаттар тізімі

АҚШ университеттеріне ауысу:

Кредит ауыстыру

АҚШ оқу орындарының арасындағы ауысу барысы

АҚШ білім жүйесіне бағынбайтын жоғарғы оқу орнынан АҚШ жоғарғы оқу

орнына ауысу

Бір колледжден немесе университеттен басқа жоғарғы оқу орнына ауысуға

арыз беру барысы

Ауыстыру барысы

Пайдалы сайттар

Студенттік виза және академиялық емес виза түрлері:

СЕВИС ақпараттық жүйе және студенттік визалар

Студенттік және академиялық емес студенттер туралы ақпараттық жүйе

(SEVIS)

Виза түрлері

Сіздің еліңіздегі виза алу барысы

Студенттік визаға арыз беру:

Жетекші

Егер сізге виза берілмесе

Пайдалы сайттар

Университеттік өмір:

АҚШ-та білім алу және өмір сүру

АҚШ-қа оралу

Бейімделу

Шетелдік студенттер кеңесшілері (ISAs)

Куратор (AA)

Университеттік тұрғын үй

Ақша және Банк қызметтері

Денсаулық сақтау полисі

Қатынасу, мәдениет шаралары және көңіл көтеру

Пайдалы сайттар

Глоссарий

Библиография

8|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Кіріспе

Құрама Штаттарында мыңдаған колледждер және университеттер базалық университеттік білім, белгілі бір

деңгейде дәреже беретін программаларды ұсынады. Бұл талғам сізге ең қажетті таңдауыңызды жасауға

ықпалын тигізеді, бірақ көптеген ұсыныстын арасынан өзіңізге лайықты талғауыңызды қалай табасыз? Бұл

топтама сізге білім қорынан бөлек, дұрыс таңдау жасауға, апликанциондық формаларды сәтті дайындауға

көмекші болады.

Неге Құрама Штаттарында білім алу керек?

Төменде дүние жүзінің алты жүз мыңнан астам студенттерінің неге Америка Құрама штаттарында оқуларын

жалғастырып жатқандықтарының себептері келтірілген:

Сапа: АҚШ колледжері өздерінің қызмет көрсету және білім беру сапасымен бүкіл әлемге танымал.

Аккредитация жүйесі мекеменің осы стандарттарды сақтап қалуын қамтамасыз етеді. 1-тарау және

2-тарауларында АҚШ-тың жоғарғы білім жүйесі туралы жазылған. 4-тарауда аккредитация түрлері

сиппатталған, бұл сізге АҚШ колледждерін таңдау кезінде көмекші бола алады.

Таңдау: АҚШ-тың бiлiм беру жүйесi ұсынылатын оқу мекемелерінiң таңдауымен, оқуға түсу барысында

ұсынылатын академиялық және әлеуметтiк жағдайларымен, дәреже алуға ұсынылған бағдарламаларымен

және мамандануға арналған пәндер бойынша дүнижүзінде өзіне теңдесі жоқ. 4-тарау және 5-тараулары

американдық колледждерге түсу талаптары мен сiзге лайықты колледждi таңдауға бағдар береді.

Сан-қилы: Сiз АҚШ университеттерінің қалашықтарында дүниежүзіның барлық бұрыштарынан жиналған

адамдарды көре аласыз. Жыл сайын алты жүз мыңнан астам шетелдiк студенттер АҚШ университеттеріне

оқуға түседі.

Құндылық: Келешекте инвестиция ретінде, АҚШ-та жоғарғы білім алу сізге өте құнды болып келеді. Оқу

төлемінің жоғары болуы мен тұру ақысы, сонымен бiрге колледждердің қаражат көмегi арқасында АҚШ-та

білім алу көптеген студенттерге тыйымды. 6-тарау және 7-тараулары сіздің АҚШ-та бiлiм алуыңыздың

ақысы мен қаржыландырулар туралы мағлұмат береді.

Икемділік: Студенттер АҚШ-та ұсынылатын көптеген программалар бойынша университет пен

колледждерді таңдай алады және де бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу мүмкiншiлiктері бар. Бiрiншi

екi жылдық білімді бiр оқу орнында алып, екінші екі жылдық білімді екінші жоғарғы оқу орнында алуға

болады. Әдетте бұндай білім жүйесімен комьюнити колледж деп аталатын оқу орындары танымал. 3-тарау

және 10-тараулар комьюнити колледждерімен ауысу жүйесін таныстырады.

Сонымен бiрге бұл кiтапша сізге дұрыс апликациондық формаларды дайындау (8-тарау және 9-тараулар)

және виза турлы мәлiмдеме алуға көмектеседі (11-тарау). 12-тарауда сiздiң Америка Құрама Штаттарына

келгенiңiзде не күтiп тұрғаны туралы айтылғын. Кiтапшаның соңындағы глоссарийде Құрама Штаттарында

оқуда жиi қолданылатын сөздердің және фразалардың мағынасы баяндалған.

Кеңес беру орталықтары

"Кеңес беру орталығы маған оқу орның таңдауда үлкен роль атқарды. Менiң ұзақ жолымда кеңес беру

орталығының консультанты жоғарғы оқу орының таңдаудан бастап, TOEFL тесті тапсыру, қаржы көмегiне

сұраныс жасау мен мәдени естен тану сезімдерді түсінуде таптырмас серігім болды."

- Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар факультетінің студенті,

Доминикан Республикасы

Жақсы оқу орның таңдау және апликациондық форманы дұрыс дайындау сiздiң тарабыңыздан мұқият

жоспарлауды талап етедi, бiрақ әрбiр елде дерлiк сіздің қажеттiліктерiңiздi түсiнетiн және көмектесуге

дайын мамандандырылған консультанттар бар. Дүние жүзi бойынша 450 шақты АҚШ-та бiлiм алу бойынша

кеңес беру орталықтары жұмыс істеп жатыр. Кеңес беру орталықтарында

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім |9
Кіріспе

университет тізіміне сілтемелер және нұсқамалар, каталогтар, қабылдау тесттері туралы мағлұматтар бар.

Сонымен бiрге сiзге және сiздiң жанұяңызға АҚШ университеттері мен колледждерін таңдау, оларға арыз

беруге көмектесетін консультанттарды кездестiре аласыз. Кейбір кеңес беру орталықтары білім жәрмеңкесі

мен семинарлар өткізеді. Видео түрінде берілетін кіріспе мағлұматтары немесе презентациялар, қолайлы

интернет және тәуелсіз кiтапхана қорын тегін қолдануға болады, бірақ кейбір қосымша қызметтер ақылы

болуы мүмкін. Барлық кеңес беру орталықтары АҚШ департаментiмен демеуленеді,ең басты мақсаты

Америка Құрама Штаттарында білім алу мүмкіндіктері туралы мағлұматтармен қамтамасыз ету. Әр елде

кеңес беру орталықтардың атауы бір-бірінен өзгеше болып келеді. Ең жақын кеңес беру орталығын табу

үшiн АҚШ елшiлiсімен немесе консулдығымен хабарласыңыз, немесе кеңес беру орталықтарының тізімін

мына сайттан таба аласыз (http://www.educationusa.state.gov.).

Университетке қабылдануыңызға сәттілік тілейміз!

10|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
1-тарау АҚШ Негізгі Университеттік білім

АҚШ

Негізгі

Университеттік

білім

АҚШ бiлiм беру жүйесі сіздің еліңіздің білім беру

жүйесінен әлдеқайда өзгеше болып келеді. Осы

тарауда сізге АҚШ-та жетімді дәрежелер туралы

кіріспе, жоғарғы білім орындарының түрлігі, АҚШ

университеттері мен колледждеріндегі оқу

барысында кездесетін кейбір басты терминдер мен

идеялар туралы мағлұмат берілген.

Колледж, Университеттер және Институттар:

бір-бірінен айырмашылықтары

АҚШ-та ғылыми дәреже беретін институттар

аталған терминдердің барлық атауымен айтылуы

мүмкін, алайда колледждер мен институттар

университеттерден қалыспайды. Әдеттегiдей,

колледждердің тенденциясы кішігірім болады. Егер

колледж тек қана бакалавр және бакалавр

кандидаты дәрежесін ұсынса, университет сізге

магистратура және магистратура кандидаты

дәрежесін ұсынады. Осы кітапшада " жоғарғы оқу

орны", "колледж" және "университет" деген

терминдер өзара ауыстырмалы болып келеді.

Институт әдетте пәндерге байланысты программа

бойынша дәреже алуда мамандырылады, сондықтан

сіз осындай ұсынылатын программаларды

техникалық институт, сән институты, өнер және

дизайн институты немесе басқа институттарда

кездестіре аласыз.

Әрбiр колледжде немесе университетте сіз

гуманитарлық және жаратылыстану факультетін

немесе кәсiпкерлiк мектебін таба аласыз. Әрбiр

факультет колледждiң немесе университеттің оқу

саласында ұсынылатын дәрежені алу

мүмкіндіктеріне жауапты болып келеді.

Бакалавр дәрежесі және Бакалавр дәрежесіне

кандидат

Бакалавр дәрежесiне ие болу үшін әдетте толық төрт

жыл оқу керек. Бакалавр дәрежесіне кандидат

деңгейіне ие болу үшін екі жыл оқу керек. Бакалавр

дәрежесіне кандидат программасы "түпкі" немесе

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|11
1-тарау АҚШ Негізгі Университеттік білім

"өтпелі" болып сипатталады. "Түпкі" программа

бойынша студент өзінің оқуын аяқтаған соң кіші

маман ретінде өз мансабын бастай алады, ал

"өтпелі" программасы бакалавр дәрежесінің оқу

барысының бірінші екі жылы болып есептеледі.

"Өтпелі" программасы бойынша бакалавр дәрежесін

алуға арналған төрт жылдық оқудың үшінші

курсына өте аласыз. Бакалавр дәрежесіне кандидат

программасы комьюнити колледж деп аталатын екі

жылдық колледжде оқытылады. Төрт жылдық

колледжер мен университеттерде бакалавр

дәрежесі беріледі, демек осы колледж бен

институттардың арасынан санаулысы бакалавр

дәрежесіне кандидат программасын ұсынады.

Гуманитарлық ғылымдардың филисофиялық

концепциясы

АҚШ-тың базалық университеттік білім жүйесі

"гуманитарлық ғылымдар"концепциясына

сүйенеді, концепция студенттердің сөйлеу

қабылеттілігі, жазу мәнерлігі және ойлау қабілетін

дамытатын жан-жақты біліммен қамтамасыз етуді

мақсат тұтады. Гуманитарлық программаларды

ұсынатын колледждерде немесе университеттерде

білім алатын студенттер оқу бастамасында өнер,

қоғам, тіл және әлеуметтік пен физикалық

ғылымдары бойынша сабақ алады. Содан кейін

олар білім алып жатқан мамандығына байланыста

басты пәндерді таңдайды және де бұл пәндер 25-

50% құрайды. Ал гуманитарлық программаларды

таңдамай инженер-техникалық мамандықты

таңдаған студенттердің пәндерін әдетте 25 %-ын

қоғамдық және әлеуметтік ғылымдар құрайды.

Осыған сәйкес тарих мамандығын таңдаған студент

математика және басқа да пәндерді алуға тиіс.

Кәсіби білім

Кәсіби (мансаптың негізін құрайтын) білім АҚШтың

жоғарғы білім беру жүйесінің белгілі бір бөлігі

болып табылады. Көптеген университеттер бизнес,

ауылшаруашылық, медицина, құқық, журналистика,

мемлекеттік саясат, технология және халықаралық

істер саласына зор мән беретін гуманитарлық және

жаралыстану ғылымдары мен кәсіби жоғарғы оқу

орындарын қамтиды. Кәсіби білім туралы қосымша

ақпаратты осы топтаманың екінші кітапшасының

"Магистратура, кәсіби білім және ғылыми зерттеу"

бөлімінен таба аласыз.

Мемлекеттiк университеттер

АҚШ госдепартаменты жергілікті тұрғындарды

қымбат емес біліммен қамтамасыз ету мемлекеттік

университеттерді қаржыландырады (мысалы,

Калифорния,Мичигана,Техас).Бұл универститеттерді

жеке университеттерден айыру үшін

муниципалдық деп те атайды. Кейбір

университеттердің атауы «Мемлекеттік

университет» деген сөздерден құралады немесе

жергілікті аумақ атаумен аталады, (мысалы,East

Carolina University немесе Western Connecticut State

University). Жеке университеттерге қарағанда

мемлекеттік университеттер көлем бойынша өте

ауқымды болып келеді және әдетте 20,000-нан

астам студенттерді қабылдайды. Мемлекеттік

универститеттерде оқу төлем ақысы жеке

университеттерге қарағанда төмен болып келеді

және де мемлекеттін азаматтары (белгілі бір

штатта өмір сүріп, салық төлейтін тұрғындар) осы

мемлекеттен тыс тұратын азаматтарға қарағанда

оқу ақысын төмен төлейді. Халықаралық студенттер

және университеттің орналасқан штатынан басқа

штаттарда тұратын студенттер өзге елдің

тұрғындары болып есептеледі, сондықтан оларға

оқу ақысына жеңілдіктер берілмейді. Бұған қоса,

жергілікті студенттерге қарағанда халықаралық

студенттерге уневерситетке қабылдау барысында

үлкен талаптар қойылады.

Санаулы жоғарғы оқу орындары халықаралық

студенттерге оқу төлем ақысына жеңілдіктерді

халықаралық келісімдер немесе басқа елдегі

жоғарғы оқу орындарымен жеке келісім шарттар

бойынша бере алады. Сіздің мемлекетіңіз немесе

сіздің еліңіздегі жоғарғы оқу орны Құрама

Штаттарында осындай серіктестік келісім

шарттарында тұрғаның білу үшін кеңес беру

орталықтарымен байланысуыңыз керек.

Жеке университеттер

Жеке оқу орындары әртүрлі қайырылымдық, оқу

төлемі, ғылыми зерттеулерін жүргізу үшін

бөлінетін гранттарымен және осы оқу орнын бітіріп

шыққан түлектердің көмегі арқылы

қаржыландырылады. Оқу төлем ақысы мемлекеттік

университеттерге қарағанда жоғары болып келеді,

бірақ мемлекеттік университеттер сияқты штат

және штаттан тыс тұрғындар деп бөлмейді. Белгілі

бір дінге тұтынушыларды немесе бір жынысты

12| Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
1-тарау АҚШ Негізгі Университеттік білім

адамдарды қабылдайтын колледждер жеке оқу

орны болып табылады. Жалпы жеке университет

студенттерінің құрамы 20 000 мыңнан төмен болып

келеді, ал колледждің студенттік

қалашықтарындағы студенттер саны шамамен екі

мың адамды құрайды.

Жергілікті (Комюнити) колледж

Комюнити колледж екі жылдық гуманитарлық

ғылымдары, жаратылыстану ғылымдары,

техникалық және кәсіби-техникалық сала бойынша

бакалавр деңгейіне дайындайтын программаларды

ұсынады. Осы атауына сәйкес жергілікті

(комюнити) колледждер жергілікті орта

мектептермен, қоғамдық қауымдармен, жұмыс

берушілермен тығыз байланыста болатын

жергілікті тұрғыда құрылған жергілікті оқу орны,

және осы жергілікті колледждердің көптеген

студенттері өз жанұяларымен бірге колледж

қалашығына жақын жерде тұрады. Комюнити

колледждер жеке немесе муниципалды жоғарғы оқу

орны болып бөлінеді немесе кей жерде екі жылдық

колледж деп те атайды. Оқу төлем ақысы төрт

жылдық жоғарғы оқу орындарына қарағанда екі

жылдық оқу орнында төмен және көптеген

комюнити колледждерде студенттерге жергілікті

университеттің бакалавр программасының үшінші

курсына ауысына мүмкіндік беретін келісім

шарттары бар.

Техникалық және кәсіби-техникалық

колледждер

Бұл оқу орындары студенттерді еңбекті өмірге және

кейіннен осы жолмен одан да жоғары ақылы

жұмысқа дайындаумен айналысады. Олар

студенттерді белгілі бір техникамен қалай жұмыс

істеу керек, таңдаған кәсіби-техника мен

технология саласында теориялық білім беретін

және үйрететін қысқа мерзімді программалар мен

сертификаттар ұсынады. Программа екі жылға

немесе одан да аз уақытта созылады. Америка

Құрама Штаттары бойынша бірнеше мыңдаған

техникалық және кәсіби-техникалық колледждер

бар. Олар муниципалды немесе жеке болып

бөлінеді. АҚШ-та қысқа мерзімде білім алу

мүмкіндіктер туралы мағлұматтарды осы

топтаманың «Қысқа мерзімді оқулар, Ағылшын тілі

программалары, дистанциондық білім алу және

аккредитация» атты үшінші кітапшасынан таба

аласыз.

Дистанциондық білім алу

Дистанциондық білім алу Америка Құрама

Штаттарында қысқа мерзімді кәсіби курстардан

бастап магистр деңгейін оқып білім алу тәсілдердің

ең танымалысы. Дистанциондық білім алу үлгісі

бойынша студенттер студенттік кампуста

сабақтарға қатыспайды,оның орнына сабақты

интернет, спутниктік телеведение,

видеоконференция және басқа да жоғары дамыған

техниканы қолдана отырып ара қашықтықта

жүргізіледі. Халықаралық студенттерге бұл елінен

кетпей өзінің таңдаған АҚШ-тық ғылыми дәрежесін

ала алады деген сөз, дегенмен оларға қысқа

мерзімде Құрама Штаттарында студенттік

қалашығында мұғалімдерден сабақ алып бетпе-бет

жүздесу керек болуы мүмкін. Дистанциондық білім

жүйесін қолдана отырып белгілі бір дәрежені алу

студенттерден өз-өзін ұстай білушілік және өз

бетімен жұмыс істей алу қабілеттерін талап етеді.

Егер сіз дистанциондық білім алу мүмкіндіктерін

қарастырып жүрсеңіз, сіз программаның сапасына

мұқият талдау жасап және Құрама Штаттарында

программаны ұсынып отырған жоғарғы оқу

орнының акредитациялық мәртебесін

тексеріп,сіздің еліңізде мойындалатына көз

жеткізуіңіз керек. Дистанциондық білім алу

мүмкіндіктер туралы мағлұматтарды осы

топтаманың «Қысқа мерзімді оқулар, Ағылшын тілі

программалары, дистанциондық білім алу және

аккредитация» атты үшінші кітапшасынан таба

аласыз.

АҚШ колледждерінде дәрежесіз білім алу

Құрама Штаттарының колледждерінде немесе

университеттерінде толық дәрежені иеленбей білім

алғыңыз келе ме? Мүмкін сіз белгілі бір пәндер

бойынша біліміңізді толықтыра отырып, студенттік

қалашықта өмір сүргіңіз келетін шығар. Бұл сіздің

білім саласындағы тәжірибеңізді кеңейтеді деуге

күмән жоқ, әрине АҚШ колледждері сіз сияқты

студеттерді үлкен құрметпен қабылдайды. Ол үшін

сіз өз жағдайыңызды түсіндіріп, "айрықша студент"

немесе "дәрежесіз білім алу" деп арнайы өтініш

жазу қажет. Құрама Штаттарында дәрежесіз білім

алу мүмкіндіктері туралы мағлұматтарды осы

топтаманың үшінші кітапшасын қарауыңызға

болады. Осы кітапшаның сегізінші тарауында

университеттерге өтініш жіберу туралы толық

мағлұмат берілген.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|13
1-тарау АҚШ Негізгі Университеттік білім

Пайдалы сайттар

Америка Құрама Штаттарының жалпы білім алу жүйесі

http://www.ed.gov/NLE/USNEI/toc.html

Дистанциондық білім алу және даярлау кеңесі

http://www.detc.org

Американдық Комюнити Колледждер Ассоциациясы

Халықаралық студенттерге арналған сайт

http://www.aaccinternational.org

АҚШ Комюнити Колледждер

http://www.communitycollegeusa.com

14| Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
2-тарау АҚШ Бакалавр дәрежесі

АҚШ Бакалавр

дәрежесі

АҚШ-та бакалавр дәрежесін алуға арналған

бағдарламалардың ерекшіліктерінің бірі

бағдарламаның жоғарғы икемділігі болып

табылады. Сіз көптеген ұсынылған курстардың

ішінен таңдау жасап өзіңізге жеке оқу

бағдарламаңызды дайындай аласыз. Бұл дәреже

толық төрт жылдық оқу барысында оқылатын

белгілі бір "кредит" санын алған соң беріледі.

Оқудың бірінші жылы - "freshman year", екіншісі -

"sophomore year", үшіншісі - "junior year", төртіншісі

- "senior year"деп аталады. Құрама Штаттарында

студенттер өз дәрежесін алу үшін әдетте 4 жылдан

артық оқиды деп кей жерлерде оқи аласыздар. Бұл

студенттердің мамандану пәндерін ауыстыруына

байланысты болып келеді, өйткені олар осы сала

бойынша дәреже алу үшін қажетті "кредиттер"

санын жинаулары тиіс. Кейде студенттер

академиялық, жеке немесе қаражат жағдайына

байланысты семестр бойына толық курсты

алмайды. Демек, шетелдік студенттер сырттай оқи

алмайды, күндізгі оқудың студенті ретінде оқуы

тиіс.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|15
2-тарау АҚШ Бакалавр дәрежесі

Академиялық күнтізбе

Академиялық күнтізбе әрбір университет пен

колледждерде әртүрлы болады бірақ әдетте

қыркүйек айынан бастап мамыр айына дейін

созылады. Оқу жылы 16-18 аптаға созылатын екі

мерзімге бөлінеді. Бұл мерзім семестр деп аталады.

Балама ретінде университеттер шамамен 10-12

аптаға созылатын «тоқсан» немесе «триместр» деп

те атайды. Қосымша университеттер жиі алты

аптадан сегіз аптаға дейін созылатын жазғы

мерзімде студенттер оқу жүргізеді.

Бұл семестрлер факультативті болып табылады,

егер студент өз дәрежесін тездетіп алғысы келсе,

семестр бойы алып жатқан курстардан түсетін

жүктемені жеңілдеткісі келсе немесе жыл бойы

оқылмай қалып қойған курстарды тапсыру

мақсатында жоғарыда аталған жазғы оқу мерзімде

қатысуға болады. Оқу жылы барысында екі басты

мейрамдар бар. Бұл желтоқсан/қаңтар айларында

екі аптадан төрт аптаға созылатын үзіліс және

наурыз айының басынан бастап сәуір айының

ортасына дейін бір аптаға созылатын «көктемгі

үзіліс».

Кредиттік жүйе

Американдық университеттердегі студенттер өз

оқуларын белгілі бір "кредиттер" санын жинаған

кезде аяқтайды. Кейде "кредиттер"орнына

"семестр немесе тоқсан" немесе "сынақ өлшемі"

деген ұғымдар қолданылады. Семестр бойына

өткен әрбір жеке курс сізге белгілі бір "кредит"

санын береді және әрбір жоғарғы оқу орны кредит

санына өз талаптарын қояды. Сіздің академиялық

кеңесшіңіз сізге оқу жылы бойына өтетін

курстардың жоспарын құруға көмектеседі.

Дәреже алу үшін оқылатын курстар

Дәреже алу үшін оқылатын программаларды

құрайтын жеке курстар келесi түрлерге бөлінеді:

• Негiзгi курстар: барлық студенттерге маңызды

болып саналатын, дәреже алу үшін оқылатын

программның негізі болатын курстар. Студентер

математика, ағылшын тілі, гуманитарлық,

жаратылыстану және коғамдық ғылымдар

бойынша көптеген курстарды өтеді. Кейбір

колледждер ұқсас курстармен шектелсе, ал

басқалары негізгі курстардың барлығын өтуін

талап етеді.

• Мамандану курстары:

Маманданудың негізгі пәні студенттің көп көңіл

бөлетін пәні болып табылады. Көптеген студенттер

бір ғана мамандандықты таңдайды, бірақ кейбір

колледждер тектес пәндер бойынша 2 мамандықты

ұсынады. Мамандану курстары барлық дәрежелік

курстардың төртен бірін немесе жартысын қамтиды.

• Қосымша курстар:

студент оқып жатқан басты мамандығы бойынша

курстардың жартысын құрайтын қосымша пәндерді

таңдай алады.

• Таңдамалы курстар:

бұл курстар кез келген білім саласынан таңдай

алынады. Курстар өзіңіз қызығушылық танытатын

пәндер бойынша білім алу мүмкіндігіңізді

арттырады және дәрежеге қажетті "кредиттер"

санын толықтыруға көмегін тигізеді.

Бағалар

Американдық университеттерде әрдайым баға

жүйесі және әрбір өткен курс үшін баға қойылуы

колданылады.Сабақта істегеніңіздің бәрі сіздің

қорытынды бағаңызға әсер етеді. Экзамендер және

тестер, шығарма мен жазбаша жұмыстары,

лабораториялардағы зерттеулер нәтижесі,

лабораториялық және студиялық жұмыстар,

сабақтарда қатысу мен ондағы белсенділік – осының

бәрі сіздің қорытынды бағаңызды шығаруға

қолдануы мүмкін. Бұл өткен материалдармен және

курстармен ғана шектеліп қалмай, әрдайым сабақта

қатысу керек деген сөз.

Төменде Американдық колледждерде студенттердің

өтілген курстар үшін қойылатын жалпы баға

шкаласы (баға әріппен және пайыздық өлшемде

көрсетілген):

100-90% = A

89-80% = B

79-70% = C

69-65% = D

64-0% = F

16|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
2-тарау АҚШ Бакалавр дәрежесі

GPA - орташа балл деген не?

Әрбір студент орташа баллды алу арқылы өз

дәрежелік программасын аяктайды. Орташа балл

белгілі бір діреже бойынша барлық алынған

курстар үшін қойылатын орташа балл (GPA)

санағы. Көптеген университеттер 4.0 орташа балл

шкаласын қолданады. Орташа баллды есептеу үшін

әрбір курс үшін алатын әріптік бағаның сандық

баламасын (мысалы, «А» әріптік баға-4 балл, «Б»

әріптік баға-3 балл) әрбір курс үшін қойылған

"кредит" санына көбейтіңіз. Қорытындысында, осы

сандарды қосып жалпы кредит санына бөлесіз.

Мысалы:

Әріптік

баға

А

В

C

Сандық

мәні

"Кредит"

саны

Жиынтығы

4.0 3

12

3.0 3

9

2.0 3

6

Барлығы: 9 27

27-ні 9-ға бөлеміз = 3.0 орташа балл

Көптеген университеттерде озат дәрежесі

ұсынылады. Озат дәрежесіне сай болу үшін сіз

қосымша "кредиттер" алуыңыз немесе аталған

дәреже берілетін құқығы бар диссертация

жазуыңыз қажет; озат дәрежесін алу туралы нақты

мағлұматтар университет немесе оқу бөлімшесіне

байланысты болып келеді.

Түйіндеме

• АҚШта бакалавр дәрежесiн иемдену үшін әдетте 4

жыл, ал бакалаврға кандидат дәрежесі 2 жылды

қамтиды.

• Әрбір колледж өзі өз оқу жылының ұзақтығын және

сипатын анықтайды, ол әдетте қыркүйектен

маусымға дейінгі 2 мерзімді немесе семестрді

қамтиды.

• Дәрежеге сай болу үшін студент белгілі "кредит"

санын жинау керек. Әрбір өткен курс үшін нақты

"кредиттер" саны қойылады.

• Орташа балл әрбір курсқа қойылған сандық

эквивалент негізінде есептелінеді. Орташа балл

студенттің дәреже программасының орындалуын

бағалау үшін қолданылады.

Пайдалы сайттар

АҚШ Білім алу жөнінде кеңес беру

http://www.educationusa.state.gov

America.gov - Бiлiм және жастар

http://www.america.gov/amlife/education.html

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|17
3-тарау Жергілікті (Комюнити) колледж

Жергілікті (Комюнити) колледж

"Менiң колледжiм жақсы қамтылған халқы көп

қалада орналасқан. Оқу орнында топ көлемі кішкене

класстарға бөлінген және мұғалімдердің көбісі

университеттерде жартылай жұмыс жасайтын

кәсіби мамандар бар. Колледжде бакалавр

дәрежесін ұсынатын көптеген университеттерге

ауысу программалар бар."

- Шри Ланка мемлекетінен Компьютерлік дизайнер

мамандығының студенті

Жергілікті колледжер басты екі жылдық

университет білімін беретін төменгі сатылы

немесе техникалық колледжер деп аталады,

Құрама Штаттарында 1200-ден астам осындай

колледждер бар. Кейбiр колледждер

қалашықтармен қамтылғын үлкен қала маңында

орналасса, басқалары аз көлемді және

ауылшаруашылық жерде орналасқан. Көптеген

жергілікті колледждер муниципалды болып келеді,

сондықтан олар жергілікті үкіметпен

қаржыландырылады. Колледждердің аз ғана

пайызы үкіметке бағынбай өз алдына дербес

болып келеді. Сондықтан олар жергiлiктi

кәсiпкерлермен тығыз байланыста болғандықтан

колледж қалшықтары

географиялық информациондық жүйе, лазерлік

оптика, роботехника, жаңғырмалы инженерлік

технологиялар, биотехнология және биомедикалық

инжиниринг саласындағы жоғары дамыған

технологияларымен толық қамтылған. Өте жақсы

құрылған ағылшын тіл дайындығы, университетке

ауысу программалары, тиімді оқу ақысы арқасында

соңғы он жыл ішінде жергілікті колледждерде

шетелдік студенттер саны кенеттен өсті.

Оқу программалары

Академиялық программалар

18|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім

Академиялық программаның алғашқы екi жылы (1-

шi және 2-ші курс университет студенттер)

гуманитарлық ғылымдарының кіші мамандық

дәрежесі немесе жаралыстану ғылымдарының кіші

мамандық дәрежесін берумен шектеледі. Бұл

дәрежелер студенттердің жергілікті колледжде

жинаған кредит санын төрт жылдық университетке

ауыстырып бакалавр дәрежесін алуға мүмкіндік

береді. Шетелдiк студенттер арасында

гуманитарлық ғылымдарының кіші мамандық

программаларының әйгілісі есеп, архитектуралық
3-тарау Жергілікті (Комюнити) колледж

дизайн, бизнес басқару, коммуникатив зерттеулер,

бастауыш мектеп бiлiмі, экономика, политология,

психология және социология бағдарламалары.

Жаралыстану ғылымдарының кіші мамандық

дәреже программаларының арасында астрономия,

биология, химия, компьютер ғылымы, инженерлік,

экология, орман шаруашылығы, геология,

математика, мултимедиа, физика және жабайы

табиғат ғылымдары әйгілі болып табылады.

Жұмысшылар дайындау программалары

Жергiлiктi колледждер кәсiби және техникалық

дағдыларға жұмылдырылған программаларды

ұсынады. Бұл программалардың кейбiреулері

университеттік оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа

iлесіп кетуге дайындайтын бакалавр дәрежесiне

ауысымды болып келеді. Барлық курстық талаптар

орындалған кейін студенттер жаралыстану

ғылымдарының кіші мамандық дәрежесін немесе

аяқтау туралы сертификатты алуға құқығы болады.

Жұмысшылар дайындау программалары денсаулық

саласында (мысалы; медбибі, ауыз қуысының

гигиенасы және медициналық техника бойынша

программалар), архитектура дизайны, автоматинженирингі,

авиация технологиясы, аспаздық өнер,

цифрлық суреттер, электроника, графиктік дизайн,

кино түсіру, меймандостық кәсiпкерлігі және туризм

салалары бойынша ұсынылады. Бұл

бағдарламалардың орындылығы мен пайдасы

шетелдiк студенттер үшін өз елдерiндегі осы

салалар бойынша жұмыс және тәжiрибе үшін талап

етілетін лицензиялар және сертификаттар

қаншалықты қажет екендігіне тәуелдi болып

саналады.

Үздiксiз бiлiм алу

Жергiлiктi колледждер үздiксiз бiлiмнiң кең

спектрiмен, яғни бір айдан бір жылға дейінгі оқу

курсымен қамтамасыз етедi. Ұсынылған курстар

студенттерді жаңа тілді үйрену, музыкалық

аспаптарды ойнау, компютерлік программаларды

игеруден бастап көптеген іскерліктерді үйретеді.

Олар және де адамдарға нақты мақсаттарға жету -

жылжымайтын мүлiк лицензиясын алу, АҚШ

азаматтығын алу немесе әртістік қабілетін ашуға

көмектеседі. Сонымен бiрге жергiлiктi колледждер

студенттердің жоғарғы сатылы курстарды алу үшін

математика немесе ағылшын тіл қабілетін

жақсартқысы келген студенттерге негізгі

дағдыларды арттыру программаларын ұсынады.

Көптеген жергілікті колледждер Құрама

Штаттарында шетелдік студенттерге және

босқындарға «Ағылшын Екінші Тіл» сабақтарын

ұсынады.

Аккредитация

Ұсынылған программалар барлық белгілерге және

стандарттарға сай екенін дәлелдеу үшін 4 жылдық

колледж және университеттерді бағалайтын

аккредитациялау агенттігі жергiлiктi колледждерді

аккредитациядан өткізеді. Колледж және

университеттер кредит санын ауыстырып бакалавр

дәрежесін алуда ерік бергендіктен жергілікті

колледжерде ұсынылатын сабақтардың талаптары

университеттерге қарағанда жоғары және қаталдау

болып келеді.

Ауыстырылу келісімдері және үйлесімдік

Жергілікті колледждер мен төрт жылдық

университеттер арасында ғылыми дәреже және

кредит саны өзара кедергісіз ауысу үшін арнайы

келісімдер құрайды. Бұл процесс 2+2 деп аталады.

Комюнити колледжде екі жылдық оқуға қосымша

университеттегі екі жылдық оқу бакалавр дәрежесін

береді. Бұл жүйе бойынша студенттер өз оқу

программасын құнттылықпен ойластырып,

комюнити колледжден университетке ауысу

барысында өтілген курстардың толық ауысқанына

сенімді болу үшін өз назарларын келісімге бөлу

керек.

Мүмкiндiктерi шектеулi студенттер

Жергілікті колледждер мүмкiндiктерi шектеулi

студенттерді кiшiгірім кластарда дербес ықыласпен,

репетиторлық орталықтармен, үйретушi

бағдарламалар арқылы бірыңғай ортада білім

алумен қамтамасыз етеді. Білім алу ордасы есту, оқу,

көру, жүру қабілеті шектеулі адамдар үшін арнайы

жабдықтармен қамтамасыз етілген. Ғимарат іші тест

уақыты созылған жағдайда беретін белгілер, Брайля

шрифті, сыныпта тест тапсыратын студенттерге

арналған естелік, бос оқу бөлме белгісі, белгілі тіл

белгілерімен жабдықталған.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|19
3-тарау Жергілікті (Комюнити) колледж

Оқуға қабылдау талаптары

Жергілікті колледждердің мақсаты білікті

студенттердің жоғары оқу орнында білім алуға

мүмкіндіктері бар екеніне көз жеткізу. Оқуға

қабылдау талаптары студенттен академиялық

программаға қабылдану алдында арнаулы

курстардан өтуге немесе колледжге түсу үшін

дайындықтан өтуге талап қойылатына

түсінушілікпен қарайды.

Жергілікті колледждерге түсу үшін студенттерден

сұралатын мыналар:

•Апликанциондық форма;

•Орта мектептi аяқтаған туралы құжат;

•Қаржы жағдайын растайтын құжат (қолдау

қолхаты немесе ресми банк құжат);

•Жоғарғы оқу орнының талаптарына сай келетін

Ағылшын тiлінен сертификат (комюнити

колледждер ағылшын шет тілі тестінен (TOEFL)

немесе ағылшын тілінен халықаралық тестілеу

жүйесіне (IELTS) сәйкес балл немесе одан төмен

баллмен қабылдауы мүмкін. SАT тесті оқуға

қабылдану үшін талап етілмейді.

Шығындар, жұмыс мүмкіндіктері және

стипендиялар

АҚШ жергілікті колледждерінде оқу ақысы мен

шығындар төрт жылдық колледждер мен

университеттерге қарағанда шамамен 50%-ке

төмен болып келеді. Оқуларын жергілікті

колледждерде бастаған студенттер бакалавр

дәрежесін алуға деген жұмсалатын қаражатын

төмендете алады. F-1 немесе J-1 визасымен оқып

жатқан шетелдiк студенттерге оқу жылы

барысында студенттік қалашықтан тыс жерде

жұмыс жасауға рұқсат етілмейді, олар «жұмыс және

оқу» программасы бойынша аптасына 20 сағат

қалашық ішінде жұмыс жасай алады. Студенттер

әдетте оқуға қабылданғаннан кейін бірінші оқу

жылы бойына жекелей қаржыландырылаты

стипендиялармен марапатталынады. Бұндай

стипендиялар академиялық жетістіктер және

белгілі құндылықтар негізінде беріледі.

Кооперативтiк бiлiм кейбiр АҚШ-ның комюнити

колледждерінде кездеседі және бұл программалар

сыныптық жұмыстарды студенттің оқып жатқан

саладағы ақылы, өнiмдi, өмірлік тәжірибемен

біріктіреді. Бұл программа топта жұмыс жасау,

көсемдік, жоба жасау қабілеттерін дамытуда үлкен

пайдасын тигізеді. Студент еңбекақысын алғаннан

бастап бұл қаржылай көмек болады деуге де

болады.

Спорттық жетістіктер үшін арналған стипендия тағы

бiр қаржы көмегiнiң көзі болып табылады. Ер

балалар үшін бейсбол, баскетбол, кросс, гольф,

велосипед жарыстары, американдық футбол және

теннис спорт түрлерінен стипендия беріледі. Ал қыз

балалар үшін баскетбол, кросс, софтбол, велосипед

жарыстары, американдық футбол, теннис және

волейбол спорт түрлерінен стипендия беріледі.

Ағылшын тіл біліктілігіне қойылатын талаптар

Көптеген жергілікті колледждер TOEFL немесе

IELTS тестерін талап етпейді, өйткені олар сабаққа

тіркелуден бұрын студенттік қалашығына оралғанда

өздерінің ағылшын тілі біліктілігін бағалайтын

тестерді өткізеді. Жеткілікті бiлiктiлiктері бар

студенттердің оқу бағдарламасын бірден бастауға

мүмкіндігі бар, ал жеткілікті біліктіктерге сай емес

студенттер оқу бастар алдында интенсивті ағылшын

тілі бардарламасын, яғни ағылшын тілін екінші тіл

ретінде курстық оқу бағдарламасын өту қажет.

Баспана түрлері

Шамамен 250 шақты жергілікті колледждер

студенттік қалашықтарында жатақханамен

қамтамасыз етіледі. Егер колледж жатақханамен

қамтамасыз етпесе, коллдеж шетелдік студенттерге

отбасын, жалдамалы бөлме немесе пәтер табуда

көмек көрсетеді. Жатақханадан тыс өмiр сүру

студентердің көбіне тәуелсіз болуға және

Американдық өмірмен жақын танысуға кең

мүмкіндік береді.

Түйіндеме

• АҚШ-ның жергiлiктi колледждерi университеттік

оқудың алғашқы екi жылымен қамтамасыз ететін

кейде кiшi немесе техникалық колледж деп аталады.

• Жергiлiктi колледждер академиялық

программаларға қоса үздіксіз білім алу мен

жұмысшылар дайындау программаларын ұсынады.

• Жергiлiктi колледждер тиімді оқу ақысымен,

кішкене топта бірегей ортада білім алумен жанжақты

демеулік жүйесімен қамтиды.

20|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
3-тарау Жергілікті (Комюнити) колледж

Пайдалы сайттар

Американдық Комюнити Колледждер Қауымдастығы

Шетелдік студенттерге арналған вебсайт

www.aaccinternational.org

АҚШ-ғы комюнити колледждерi

www.communitycollegeusa.com

Ұлттық кіші Колледждердің Атлетика Қауымдастығы

www.njcaa.org

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|21
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

Ең тиімді колледжді

таңдау

“Суреттер мен бейнетаспаларды қарап,

колледжбен танысып көріңіз. Өзіңізді осы

колледждің қалашығында елестетіп көріңіз. Егер

де сурет ұнамаса, басқасын алып көріңіз!”

— Бразилиядан Менеджмент бөлімінің студенті

Құрама Штаттарында мыңдаған шақырымда

орналасқан теңдесі жоқ университеттердің арасынан

оқу орнын таңдау өте оңай шаруа емес. Бірақ егер сіз

алдын ала мұқият жоспарлап және зерттеулер

жүргізсеңіз, өзіңізге қажетті бірнеше колледждер

тізімін құра аласыз. Әрбір студент әртүрлі,

сондықтан өз таңдауыңызды жасаған кезде қандай

факторлар сіз үшін өте маңызды екеніне назар

аудырыңыз. Бұл бөлімде сіз 10-20 шақты

колледждер арасынан таңдау жасаған кезде

академиялық программалар, өмір сүру стилі және

басқа да көңіл бөлетін жағдайлар талқыланған және

де сізге көмек болатын нұсқаулар мен мәліметтер

берілген. АҚШ-да оқуды бастар алдында 12-18 ай

бұрын зерттеу жүргізіп, жоспарлау немесе

ойластыру барысын бастауыңыз керек.

Таңдау жасауға көмек беретін мәліметтер көзі

Құрама Штаттарында білім алу жөнінде кеңес

беру орталықтары

Дүние жүзі бойынша әрбір елде Құрама

Штаттарында білім алу жөнінде кеңес беру

орталықтары бар және олар сіздің зерттеуіңіздің

жақсы бастамасы. Орталықтарда әдетте АҚШ-на

оқуға түсуге көмектесетін анықтама кітапшалар,

университет катологтары, тезистер және

нұсқауларға бай кітапханалар бар. Сіздің

талаптарыңызға сай колледжді таңдау компютерлік

зерттеу жүйелері және тегін интернет көмегімен

жүргізіледі. Көпшілігінде студенттердің бейне

материалдар, сілтемелер, сайттарды пайдалана

отырып өз елдерінен Құрама Штаттарының

университетіне арыз беруге болады. Барлық

орталықтарда жоғарғы білікті мамандар сіздің

сұрақтарыңызға электрондық поштамен,

телефонмен немесе бетпе-бет толық жауап береді.

22|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

Колледждердің электрондық пошталары және

сайттары

Барлық Құрама Штаттарындағы колледждер немесе

университеттердің дәреже программалары туралы

мағлұматтар, қабылдау процесі, академиялық

факультеттер, студент қалашығының жағдайы және

де басқа сізге керекті мағлұматтары бар сайты

болады. Көбіне сіз колледждің каталог көшірмесінде

осы уақытта оқып жатқан студенттердің

электрондық поштасын таба алсыз және бұл

студенттер сіздің сұрақтарыңызға қуана жауап

береді. Егер сіз бұл мағлұматты университет

сайтынан таба алмасаңыз, барлық сұрақтарыңызды

қабылдау офисіне жіберуіңізге болады. Сіз

іздестірген колледж немесе университет тізімін

анықтағаннан кейін осы жоғарғы оқу орнына түсу

алдында профессорлердің немесе қабылдау

бөлімінің электрондық поштасы арқылы

сұрақтарыңызды қойып хат жаза аласыз.

Ғаламтор жүйесінде колледждерді зерттеу

Кейбір колледждер мен университеттердің тәуелсіз

сайттары арқылы сізді қызықтыратын пәндер,

георграфиялық орналасуы немесе басқа да

критериялар бойынша анықтай аласыз. Сіз онлайн

жүйесінде Құрама Штаттарында қандай тәжірибелі

университет қарастырып жүргеніңіз туралы өзіңізге

бірнеше маңызды сұрақтарды қоюыңыз қажет.

Мысалы, сіз үлкен қалада немесе кішкене қалада,

саны аз не көп халқы бар жерді қалайсыз ба? Сіз

жоғарғы оқу жанындағы студенттік қалашықта

тұрғыңыз келеді ме, немесе студенттік қалашықтан

тыс тұрғыңыз келеді ме? Осындай сияқты

сұрақтарға жауап бере отыра сіз өзіңіздің

талғамыңызға сай жоғарғы оқу орнының

критерияларын анықтай аласыз.

Бұқаралық Ақпарат Құралдары әлеуметтiк

аспабы

Студенттер АҚШ жоғарғы оқу орындары туралы

көптеген технология құралдары арқылы мәліметтер

ала алады. Онлайн бейне материалдар, қоғамдық тор

топтары және колледж бен студенттік қалашықта

өмір сүру туралы студенттердің тәжірибелері мен

әңгімелерін блогтар арқылы біле аласыз. Құрама

Штаттарында білім алу туралы кеңес беру

орталықтары сіздерге осы мағлұматтарды табуға

көмектеседі. Құрама

Штаттарында білім алу жөнінде кеңес беру

орталығының теледидары, YouTube сайты,

студенттерге колледж іздеу барысында стандарттық

тесттер, апликациондық формаларды толтыру мен

эссе жазу, стипендия мен қаржылай көмек көздері,

АҚШ студенттік визасына арыз беру, жол-сапар

сияқты кеңес беру орталықтарымен түсірілген

бейнежазбалар үлкен көмек тигізеді. Ең танымалы

колледждер мен университеттер аталған оқу

орнының ең лайықты екенін растайтын бейне

материалдар түсіреді. Қоғамдық тор топтары

сіздерге осы уақытта оқып жатқан шетелдік

студенттермен немесе университет өкілдерімен

бірлесіп әңгімелесуге мүмкіндік береді және

студенттерге сынып дәрістерінде тыңдау арқылы

апликациондық формаларды толтыру туралы кеңес

беретін арнайы аудио жазбаларымен қамтамасыз

етеді. Ал блогтар колледждер мен университеттегі

күнделікті өмірдің қалай өтетіні туралы мағлұматтар

береді. Егерде сіз өзіңіздің қалауыңыз бойынша

жоғарғы оқу орнын тапқыңыз келсе осы барлық

айтылған нұсқауларды ескере отырып

қолдануыңызға кеңес береміз.

Көрмелер мен шетелдік студенттермен кездесу

шаралары

Егерде сіз АҚШ колледждерімен жүздесе алмасаңыз,

колледж сізбен жүздесе алады. Сізге жақын арада

орналасқан шетелде білім алу туралы кеңес беру

орталығы колледждер мен университеттер

өкілдерімен бетпе-бет жүздесуге мүмкіндік беретін

әртүрлі іс-сапарлар немесе жоспарланып қойылған

білім көрмелері туралы сізге мәлімет береді.

Көптеген шетелдік студенттермен кездесу

шаралары әдетте жылдың көктемгі немесе күзгі

мерзімінде өткізіледі, сондықтан сіз университеттер

тізімі мен жоғарғы оқу орындары туралы

мәліметтерді ертерек қарастыруыңыз қажет.

Осындай шараларға қатысатын жоғарғы оқу

орындарының қабылдау бөлімінің қызметкерлері

сізбен танысып білуге, сіздің қандай пәнді

таңдағыңыз келетінін және сіздің неге осы

университетті немесе колледжді таңдағаныңызды

сұрастырып білуге әрқашанда ұмтылады. Егерде сіз

қатысатын жоғарғы оқу орындарының тізімін алдын

ала біліп алсаңыз, бұл шара сіздің таңдаған

университеттер мен коллежддер туралы зерттеулер

жүргізуге үлкен көмек болады.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|23
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

АҚШ колледждер мен университеттердің қабылдау

бөлімінің өкілдері басқа елдерге іс-сапармен барған

уақытта шетелде білім алу туралы кеңес беру

орталықтарында презентациялар көрсетеді.

Презентациялар университетке қабылдану процесін

түсінуге және университет студенті қандай

болатынын елестетуге көмектеседі. Дүние жүзі

бойынша өткізілетін көрмелер тізімін EducationUSA

сайтынан таба аласыз.

Студенттік қалашықтарды аралау

«Спорттық жарыстар кезінде немесе бір жылдық

алмасу программасы бойынша жазғы демалыс

кезінде сіз жоспарлаған жоғарғы оқу орнына барып

танысқан сізге көп көмек береді»

-Финляндия елінен театр факультетінің студенті

Егер де сіз колледжге түспестен бұрын АҚШ-на

барып келу мүмкіндігіңіз болса, бұл сіз үшін

студенттік қалашықты аралауға жақсы мүмкіншілік

болар еді. Көптеген жоғарғы оқу орындары қабылдау

бөлімінің қызметкерлерінің бақылауымен, осы таңда

оқып жатқан студенттер колледж аралау турларын

ұйымдастырады. Академиялық оқу орның немесе

студенттік тұрғын үйлерін, студенттік орталықтар

және кітапханаларды аралау студенттік қалашық

туралы жақсы ой қалдырады. Студенттермен

сөйлесу арқылы колледж өмірі шынында қандай

жақсы екеніне көз жеткізе аласыз. Кейбір жеке

мекемелер болашақ студенттерге өз таңдауларында

сенімді болу үшін колледж аралау турларын

ұсынады. Осындай мекемелер туралы мәліметтерді

алу үшін шетелде білім алу туралы кеңес беру

орталықтарымен байланысыңыз.

Білім алу жөнінде кеңесшілер мен студенттер

қабылдау агенттері

Көптеген елдерде шетелдік студенттерді АҚШ

колледждеріне шетелдік студенттерді қабылдау

бойынша жұмыс жасайтын агенттіктер немесе жеке

агенттер жұмыс жасайды. Сонымен қатар АҚШ

коллдеждерін таңдау және апликанциондық

форманы жинауға ақылы көмек беретін жеке

агенттер мен білім алу жөнінде кеңесшілер бар.

Көбіне осы агенттер мен кеңесшілер АҚШ

колледждерінің түлектері немесе АҚШ білім

жүйесінің жақсы жақтары мен пайдасын жетістіретін

адамдар болып табылады. Алайда, аталған

кеңесшілердің кейбіреулері өздерін басқа адам

есебінде санайды, сондықтан ұсынылған

қызметтерін қабылдау алдында олардың ісәрекеттерін

тексеріп алғаныңыз жөн болады. Кейде

агенттер немесе білім алу жөнінде кеңесшілер

«Жоғарғы оқу орнына толық қабылдану» деген

сияқты уәде беруі мүмкін, бірақ бұл шыңдық емес.

Егерде сіз колледжді таңдау барысында агенттің

немесе кеңесшінің көмегіне жүгінетін болсаңыз, осы

процеске мұқият болыңыз, қандай мекеме немесе

адамның құқығы бар екеніне көз жеткізген дұрыс

болады.

Егерде сіз жақсы хабардағы, сенімді агентті немесе

білім алу жөніндегі кеңесшіні тапсаңыз, ол сізге

қажетті колледжді таңдауға және осы колледжге

түсуге көмек беру де мүмкін. Сонда да, сақ болып өз

еліңіздің студенттерімен жұмыстарын сәтті

жүргізген агенттерді немесе кеңес берушілерді

іздеңіз. Олардан бұрын бірге жұмыс істеген

студенттердің аты мен адресін сұраңыз және осы

студенттерге колледж туралы пікірлерін білу үшін

хабарласыңыз. Электрондық поштамен хат жазып

немесе телефонмен қоңырау шалып олардан

колледж туралы пікірлерін біліп, қай жерде оқып

жатқанын және сіздің таңдаған агент пен

кеңесшілердің ұсынылған қызметтері туралы

сұрастырыңыз. Егер сіздің агентіңіздің немесе

кеңесшіңіздің қызметі қымбат болып келсе, бұндай

сақтық өте маңызды болып келеді. Әрқашан әділ

деректер (мысалы, шетелде білім алу туралы кеңес

беру орталығы) арқылы сізге ұсынылған колледждің

заңдылық және аккредитация мәртебесін тексеріңіз.

Маманданудың басты пәндері

Сіздің басты пәндеріңіз жоспарлап отырған

мамандықтың оқу саласы болып табылады.

Университетке түсу барысында мамандықтың

басты пәндерін жария етудің қажеті жоқ. Бірақ

егерде сіз белгілі бір білім аясында білім алу туралы

нақты шешім қабылдасаңыз, онда сіз сол білім аясын

ұсынатын универститетті таңдауыңыз қажет. Егер

сіз белгілі бір саланы таңдасаңыз, университеттің

осы сала бойынша оқытатынын біліп алғаныңыз

жөн. Кейбір пәндер көптеген университеттерде

оқытылады. Маманданудың басты пәндерін біле

отырып, сіз үшін университетті таңдауда көмектесу

мүмкін, дегенмен сізде әлі таңдау жасауға көптеген

университеттер тізімі пайда болады. Егер сізді

қызықтыратын белгілі бір мамандық бойынша

(мысалы, егер сіз жиырмасыншы ғасырдың тарихы,

экологиялық география, немесе сурет салу)

ұсынатын жоғарғы оқу орындарын анықтасаңыз, бұл

сізге қысқаша қажетті тізім жасауға көмектеседі.

24|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

Көптеген АҚШ университеттерінің тізімінің

нұсқаулары басты пәндер бойынша құрылады.

Компьютерде іздеу құралдары арқылы ғаламторда

немесе АҚШ-та білім алу бойынша кеңес беретін

орталықтары сіздің таңдауыңызда көмек бере алады.

Колледждер мен университеттер каталогінің

көмегімен сізді қызықтыратын мамандықтың басты

пәндері бойынша білім беретінін тексеріңіз.

Оқу программасында басты көңіл неге бөлінеді?

Униерситет оқу программасына қалай көңіл

бөлетініне назар аударғаныңыз жөн. Кәсіби білімге

немесе гуманитарлық ғылымдарға көңіл бөледі ме?

Студенттік қалашықта диплом алмаған студенттер

немесе магистр дәрежесіне оқып жатқан

студенттердің санының қайсысы басым? Көптеген

гуманитарлық ғылымдар колледждері ғылыми

зерттеуге емес, сабақ беру мен студенттер мен

ұстаздар арасындағы қарам қатынасқа көңіл бөледі.

Кейбір студенттік ғылыми орталықтарда

аспиранттар басым болып келеді, бірақ құрал

жабдықтар қазіргі заманғы және ұстаздары көбіне

әлемге әйгілі ұстаздар болып табылады.

Таңдау жасау

АҚШ білім жүйесі өте ауқымды сондықтан оқуға

қабылдау талаптары өте жоғары болып келеді. Оқуға

қабылдану стандарттарына сай келетін студенттерді

көптеген колледждер қабылдай берсе, кейбір

жоғары талап қоятын жеке университеттер мен

гуманитарлық колледждер шектеулі студенттер

санын қабылдай алады. Көптеген университет

нұсқауларында және каталогтарында өткен жылда

қанша студент қабылданғаны және оларға SAT мен

ACT тестерінен қанша керекті балл саны мен орташа

баға саны қойылғаны туралы мәліметтер беріледі.

Аталған талаптарға қарамастан қабылдау бөлімі

студенттерді таңдаған университеттеріне сәтті

қабылдану үшін олардың эссе, жетістіктерін,

қоғамдық қызмет ету немесе жұмыс тәжірибесі,

хобби және дарындық сапаларына көңіл бөледі.

Ғылыми дәрежесін алу үшін арналған оқу

программасының құрылымы

Сіз әрбір жоғарғы оқу орнының ұсынылатын

курстарының сипаттамасымен танысып алғаныңыз

жөн. Көптеген шетелдік студенттер АҚШ білім

жүйесін таңдауының себебі олардың сізді

қызықтыратын курстарды еркін таңдауы болып

табылады. Дегенмен, кейбір салада ғылыми

дәрежені алу үшін кейбір пәндер өте күрделі және

жоғарғы оқу орны осы сала бойынша ғылыми

дәрежені алу үшін студенттерге курстар тізімін

өздері ұсынады. Бұндай сабақ күнтізбесі кейбір

студенттерге қолайсыз болып келеді, мысалы,

спортпен шұғылданатын студенттерге бос уақытқа

шектеу қояды немесе екі мамандыққа үміттенетін

студенттерге екі мамандықты алуға тиым салады.

Сізге таңдаған мамандыққа қойылатын талаптарды

алдын ала зерттеп алу өте маңызды. Мысалы, егер

сіз инженерлік мамандықты таңдаумен бірге

кәсіпкерлік салада біліміңізді толықтырғыңыз келсе,

қосымша кәсіпкерлік курстарды алуға мүмкіндік

беретін программа бойынша инженерлік деңгейге

қойылатын талаптарды біліп алғаныңыз жөн немесе

инженерлік мамандыққа байланысты қосымша

пәндерді араластырып алғысы келетін арнаулы

программасы бар екеніне көз жеткізген жөн.

Гуманитарлық колледждерде курстарды алу үшін

қойылатын әр түрлі ерекшеліктер бар.

Гуманитарлық колледждер өз студенттеріне

арнаулы топ пәндерін алуға талап етпейді, оның

орнына жан-жақты пәндерді таңдауға кеңес береді,

ал кейбір колледждер белгілі арнаулы топ пәндерін

алуды қатаң талап етеді.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|25
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

Ерекше құрметпен қабылданатын студенттер

АҚШ орта мектептерінің оқушылары жоғарғы оқу

білімін 12 сыныпты бітіргеннен кейін ала алады.

Кейбір университеттер шетелдік бакалавриат

дәрежесін алған немесе орта мектептің 13

жылдығын бітірген студенттерде жоғарғы бағалы

кредиттер санымен марапаттайды. Орташа

мамандыққа, сертификатқа немесе басқа

программалар бойынша білім алған студенттер де

кейбір кредит сандарына ие бола алады. Бұндай

студенттер төрт жылдық жоғарғы оқу орнына түсе

ала алмайды. Осы сұраққа байланысты мағлұматты

осы кітапшаның оныншы тарауынан таба аласыз

немесе жоғарғы оқу орнына қабылдайтын

қызметкерлерден сұрастыруыңызға болады.

Студенттер санының мұғалімдер санына

қатынастығы

Үлкен жоғарғы оқу орындарында бірінші және

екінші курс студентерінің саны көп болғандықтан,

сіздерге профессорлардың орнына магистрлік

программамен оқып жатқан студенттер сабақ беруі

мүмкін. Ал магистрлік программамен оқып жатқан

студенттердін саны аз жоғарғы оқу орнында сізге

профессорлар сабақ беру мүмкін, бірақ бұл сізден оқу

жылы басында ықыластықты талап етеді.

Студенттер санының мұғалімдер санының

қатынастығынан жоғары болуы топтар санының

күрт өсуіне әкеліп соқтырады, сондықтан мұғалімнің

әрбір студентке арнаған ілтипаты аз болады.

Өмір сүру дағдысы

Шығын

Өз біліміңізді қаржыландыру өте маңызды

талқылауға салынатын шешім, сондықтан осы

сұраққа жауапты және шығынды есептеу мен

қаржылау көмек көздері туралы кітапшаның

алтыншы бөлімінен оқи аласыз. Жоғарғы оқу

орнына құжат тапсыру алдында өзіңіздің қаржы

жағдайыңызға қарап, неге үміттену керек екендігіне

дайын болуыңыз қажет. Төрт жылдық толық оқу

жылына жұмсалынатын шығын саны мен саяхат, оқу

ақысы, қосымша оқу төлемдері, тамақ және бөлме

жалдауға жұмсалатын шығын санын университет

каталогынан танысып біліп алғыныңыз жөн. Әрбір

жаңа жылда жоғарғы оқу орындары оқу ақысын

көтеріп жіберу мүмкіндігін естен шығармау керек.

Әр университеттің төлем ақы жоспарымен танысқан

да орынды болады.

Тұрғын үй мәселесі

Жоғарғы оқу орындары тұрғын үйлер қорларымен

қамтамасыз еткенмен, төрт жылдық оқу барысында

тұрғын үймен қамтамасыз ету шаралары туралы

сұрап алғаныңыз дұрыс. Студенттер қалашығынан

тыс және студенттер қалашығындағы тұрғын үй

бағаларынын арасындағы айырмашылықтарды

біліп алыңыз. Студенттердің жатақхана бөлмесін

біреулеп, екеулеп немесе үшеулеп бөлінетіні туралы

және студенттік қалашықтағы тұрғын үй жағдайын

сұрастырып алыңыз. Студенттік қалашықта кем

дегенде бірінші және екінші оқу жылы барыснда

тұрсаңыз жоғарғы оқу орнының өміріне тез және

оңай үйреніп кетесіз және машина сатып алу,

күнделікті транспорт пен қосымша

шығындарыңызды үнемдейді. Бірінші оқу жылының

барысында студенттік қалашықтан пәтерлік тұрғын

үйге көше аласыз. Тұрғын үй бағасы мен қолайлығы

сияқты университеттің көшу саясатына сай

ауыстырып жатқаныңызға сенімді болыңыз.

Колледждің орналасқан жері

АҚШ-тың әрбір бөлігінде адам саны көп қалада

немесе адам саны аз жергілікті орталықтарында

студенттік қалашықтары көп. Үлкен қалада

студенттік қалашықтарда кафе, ресторан, көңіл

көтеретін орталықтар, мәдениет орталықтары мен

дүкендері бар. Ал халқы саны аз орталықтар тыныш

және студенттер бос уақыттарын колледжде

өткізеді. Ауа райы жағдайы- тағы да бір көңіл бөліп

кететін жайт. Төрт мезгілдің толығымен қамтитын

Солтүстік-Шығыс бөлігінен бастап Аризона шөл

даласымен Флориданың субтропикалық ауа

райының түрлісі кездеседі. Сіздің оқуыңызға

пайдалы болатын қызметтер мен жергілікті

мүмкіншіліктін қол жетерлікте болғанын естен

шығармағаныңыз жөн. Мысалы, егер сіз тарих пәнін

таңдасаңыз, жоғарғы оқу орнының жергілікті

мұражай мен өнер галерея жұмысына студенттерді

қатыстыратын оқу программасы болу керек.

26|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

Жоғарғы оқу орындардың көлемі

АҚШ студенттік қалашықтары екі жүзден бастап

алпыс мыңға дейін студенттерді қабылдай алады.

Кейбір университеттер өздік пошта кеңсесімен,

дүкеншелерімен және сауда орталықтарымен

кішкене қалашыққа ұқсайды. Ал басқа колледждер

тұрғын саны көп жерлерде орналасса да, студенттер

саны аз болып келеді. Сіздің өз қалауыңызға

байланысты студент қалашықтағы тәуелсіздікті

қалайтын көптеген студенттердің бір бөлігі ретінде

немесе үлкен емес колледжде дербес қарымқатынасты

таңдауыңызға болады. Колледж бен

университеттердің анықтамаларын оқи отырып

өзіңізге жағымды мүмкіндіктері бар жоғарғы оқу

орынды анықтап алғаныңыз жөн.

Колледж төңірегіндегі жағдай

Қоғамдық өмір

Көптеген АҚШ колледждері студенттерге

академиялық программаларына қосымша спортпен

шұғылдану, мәдени, қоғамдық шараларды

ұйымдастырады. Қоғамдық шараға көп көңіл

бөлумен студенттік қалашықтың қандай әлеуметтік

ортаға қатынасатынын анықтауға көмек болады.

Және де студенттердің университеттің студенттік

қалашығында тұратын немесе сырттай тұратынын

анықтап алыңыз. Қала жанында орналасқан

колледждерде студенттер әдетте студенттік

қалашықтан тыс тұрып, оқуға қатынап тұрады.

Әдетте студенттер демалыс күндері қалашықта

қалай өтетінін білгілері келеді, мысалы, студенттер

демалыс күніне саяхаттайды ма немесе

жанұяларымен болуға үйлеріне қайтады ма деген

сұрақтар қызықтырады. Осы барлық факторлар

студенттік қалашықтың қоғамдық өміріне әсерін

тигізеді.

Студенттік ағайындастығы пен студенттік

әйелдер қоғамдастықтары

Студенттік ағайындастығы пен студенттік әйелдер

қоғамдастығы дегеніміз - Құрама Штаттарының

студенттік қалашықтарында болатын халықтық

кішкене топ қоғамдастығы. Олардың көбісі қоғамдық

шаралар мен көңіл көтеру кештерінде өте танымалы.

Себебі: студенттік ағайындастығы пен студенттік

әйелдер қоғамдастықтары филантропикалық

шаралар мен қоғамдық қызмет көрсету жобаларды

қаржыландырады. Ерлерге арналған

студенттік ағайындастығы пен әйелдерге арналған

студенттік әйелдер қоғамдастығы бірігіп «гректік»

атқа ие болады. «Гректік» деген термин грек тілінің

үш немесе екі әріпінен тұратын, студенттік

ағайындастық пен студенттік әйелдер

қоғамдастықтың орнына қолданады. Студенттік

ағайындастығы пен әйелдер қоғамдастығы АҚШ

студенттік колледждерінің қоғамдық өміріне әсерін

тигізеді. Гректік қоғамды жақтайтын немесе

жақтамайтын студенттерге алдын ала студенттік

қалашықта бұндай ұйымның барына және қоғамдық

өмірге қалай әсер ететіне көз жеткізген жөн. Егер сіз

түсейін деп жатқан жоғарғы оқу орнында гректік

қоғамды жақтаса, ал сіз осы қоғамның мүшесі

болғыңыз келмесе, бұл сізге қиыншылық тудыруы

мүмкін. Себебі, студенттік қалашықтан тыс өмірге

шектеу қоюмен бірге сізге гректік қоғамға қосылуда

үлкен қысым түсу мүмкін.

Шетелдік студенттер

АҚШ университеттеріне қабылданатын студенттер

саны кем дегенде оннан бастап жеті мыңға дейін

жетеді. Колледж анықтамаларында жыл сайын

қабылданған шетелдік студенттер саны көрсетіледі.

Шетелді білім алу жөнінде кеңес беру

орталықтарында осындай мағлұматтармен

қамтамасыз ететін нұсқаушы кітаптар бар. Осындай

мәліметтерді еске ала отыра, өзіңіздің

таңдауыңызды дұрыс жасауды ұмытпаңыз. Шетелдік

студенттердің саны қалашықта өте аз болуы, сізді

студенттер арасында танымалы және басқа

студенттердің сізге қызығушылықтарын арттыруы

мүмкін. Дегенмен, бұндай жоғарғы оқу орнының

шетелдік студенттерге көрсететін қызметтері

шектеулі болуы мүмкін. Ал шетелдік студенттер

саны көп қалашықтарда студенттермен тығыз

жұмыс жасайтын арнаулы топтар құрылады, бірақ

бұл сізден басқа шетелдік студенттермен әр уақытта

қатынасып, араласып тұруды талап етеді.

Білім алуға жасалатын ерекше жағдайлар

АҚШ жоғарғы оқу орындары студенттердің ұлтына,

түрі-түсіне қарамастан барлық студенттерді

қабылдайды. Ал жоғарғы оқу орнының азғана

пайызы студенттік қалашықтарда діндік жағдаймен,

бір-текті жыныстар арасында білім алу немесе

этникалық ерекшеліктерімен ерекшеленетін

студенттердің бірге білім алу, не бірге тұру сияқты

жағдайлармен қамтамасыз етеді.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|27
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

Түсуге жоспарлап жүрген оқу орнының студенттік

қалашықтың мақсаты сіздің мақсатыңызбен сай келу

үшін, жоғарғы оқу орнының миссиялық көзқарасын

оқып, танысып алғаныңыз дұрыс болады. 4,000-нан

астам колледж бен университеттердің 800-нен

астамы белгілі шіркеуге немесе діндік сенімдерге

бағынады. Шамамен 60 колледж еркек

жыныстыларға және шамамен 50 колледж әйел

жыныстыларға арналған. АҚШ білім жүйесінде қара

нәсілді адамдарға (Historically Black Colleges and

Universities (HBCUs)) және испандық тілді

американдықтарға арналған жоғарғы оқу

орындарына студенттер ерекше көзқараспен

қабылданады.

Оқудан тыс өткізілетін іс-шаралар

АҚШ университеттері оқып жатқан студенттерге

спорт жарыстарына қатысуға, академиялық клубтар

жүргізуге, университет газетін шығаруға, театрлық

қойылымдар жасауға және де басқа іс-шараларға

қатысуға мүмкіндіктер жасайды. Егер сізде белгілі

бір қызығушылық болса, болашақ жоғарғы оқу

орнында сіздің қызығушылыңызды әрі қарай

дамытатын студенттік қауымдастығы болған дұрыс.

Әрбір колледждегі студенттік қоғамдастықтарды

танып білу, сізге студенттік өмірді түсінуде көмек

болады.

«Лига плюща» түсінігі

«Лига плюща» түсінігі Шығыс жағалауда орналасқан

сегіз ерекше колледждердің спорттық лигасының

атымен байланысты. Көптеген шетелдік студенттер

жақсы білім алу үшін «Лига плюща» түсінігіне

қатысты жоғарғы оқу орнында оқуым керекпін деп,

осындай жоғарғы оқу орнын іздейді. «Лига плюща»

жоғарғы оқу орындары жақсы екенін біле отыра,

таңдауға болатын 4,000 астам колледждер мен

университеттер бар екенін естен шығармаған дұрыс.

Жоғарғы оқу орны аз танымалы деп университетті

таңдамаңыз, ең бірінші өзіңіздің қалауыңызды естен

шығармаңыз. Өзіңіздің қалауыңызға, талғамыңызға

сай жоғарғы оқу орнын табу үшін барлық

мүмкіндіктерді мұқият зерттеп алыңыз.

Университеттер мне колледждер

квалификациясы

Құрама Штаттарында ең үздік 10, 20, 50 немесе 100-

дік университеттер деп жоғарғы оқу орны тізімін

құрмайды және мемлекет университеттерді белгілі

бір ерекшеліктер бойынша квалификацияламайды.

Университеттерді квалификациялау жоғарғы оқу

орнының белгілі факторларға байланысты берілген

атағына немесе академиялық стандарттарға

бағынбайтын критериялар бойынша негізделеді.

Қосымша, көптеген жақсы оқу орындары

квалификация жүргізетін мекеме туралы

мәліметтерді ашық жариялаудан бас тартады.

Квалификация түрлері көп, бірақ олардың қандай

критерияларға бағынаты белгісіз. Орнатылған

квалификация сіздің университеттерді зертеу

жұмысына негіз болып есептеледі, бірақ ең үздік оқу

орны осы бөлімде ұсынылған факторлар негізінде

таңдалған жоғарғы оқу орны болып табылады.

Студенттерге көрсетілетін қызметтер

АҚШ университеттері шетелдік студенттерге кеңес

беру офисі, студенттер қалашығы бойынша

бағдарлау, кеңес беру қызметтері, заң қызметтері,

үймен қамтамасыз ету қызметтері, дұрыс тамақтану,

денсаулық орталықтары, мұғалімдер кеңесі немесе

көмегі, Ағылшын тілі екінші тіл ретінде

программасы, жазба жұмыстарын үйрететін

лабораториясы және сәтті мансап құру туралы кеңес

беру қызметтерімен қамтамасыз етеді.

Университеттер арасында ұсынылатын

қызметтерді салыстыра отыра өзіңіздің талабыңызға

сай қызметтерді таңдаңыз.

Тәжірибе алу программасы немесе өзге елде білім

алу

Көптеген АҚШ университеттері сіздің оқып жатқан

мамандығыңыз бойыншы тәжірибе алу (ақысыз

жұмыс, яғни волонтерлік немесе ақылы жұмыс

жасау) немесе өзге елде білім алу программаларды

өздерінің академиялық оқу жоспарларына енгізеді.

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі студенттер

Егер сізде ерекше талаптар болса, таңдаған жоғарғы

оқуыңыздың осы талаптарды орындай алатына көз

жеткізіңіз. Қызметтестермен хат жазып, хабарласып

тұруға көп уақыт бөлгеніңіз жөн. Құрама

Штаттарына жол жүруге жоспар құрар алдында кем

дегенде екі жыл бұрын мағлұмат алып,

сұрастырыңыз. Университетке мағлұмат алу үшін

хат жазсып, өзіңіздің дене мүшеңіздің қай бөлігі

шектеулі екені туралы қысқаша атап өтіп,сіз сияқты

студенттерге қандай көмек берілетіні туралы

сұрастырып алыңыз.

28|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
4-тарау Ең тиімді колледжді таңдау

Студенттік қалашықтағы офиспен хабарласып

физикалық мүмкіндіктері шектеулі студенттерге

Бұндай офис өз алдына бөлек бөлімше болып

табылады және әдетте физикалық мүмкіндіктері

шектеулі студенттерге қызмет көрсететін офисі, не

физикалық мүмкіндіктері шектеулігі бар

студенттерге қызмет көрсету офисі деген атаумен

аталады немесе жалпы барлық студенттерге қызмет

көрсететін бөлімшеге кіреді.

Түйіндеме

Университеттер тізімін қысқарту үшін

академиялық түсінік, колледждің орналасқан

жері және шығын сияқты басты факторлар тізімін

жасаңыз. Содан кейін талаптарыңызға сай

болатын колледжді табыңыз.

Университеттер нұсқауларын интернет немесе

компьютер көмегімен қарап шығыңыз. Бұл көбіне

Құрама Штаттарының білім алу жөнінде кеңес

беру орталықтарында жетімді болып келеді.

АҚШ колледж өкілімен кездесу мүмкіндігін

тауып, өзіңіздің сұрақтарыңызды қойыңыз немесе

электрондық поштаны қолданып сол колледж

қызметшілеріне, студенттеріне хат жазуыңызға

болады.

АҚШ университеттерінің арасында ресми

квалификация жүйесі жоқ, сондықтан таңдау

барысында кездесетін әрбір критерияға көңіл

бөліп, мұқият болыңыз.

қандай қызметтер көрсетілетіні туралы біліп

алуыңызға болады.

Пайдалы сайттар

Құрама Штаттарында білім алу жөнінде кеңес беру

орталықтарына нұсқау

http://www.educationusa.state.gov/centers

Остиндік Техас Университеті

http://www.utexas.edu/world/univ/state/

Колледждер тізіміне сілтеме

http://www.collegeboard.org

АҚШ Колледждері бойынша навигатор

http://www.nces.ed.gov/ipeds/cool

Принстон сайтын шолу

http://www.princetonreview.com/

Жоғарғы оқу орнын аккредиттеу

http://www.chea.org

АҚШ –тың Аккредитацияланған жоғарғы оқу

орындары және программалары

http://ope.ed.gov/accreditation/

Физикалық мүмкіндіктері шектеулі студенттерге

арналған мәліметтер

http://www.miusa.org

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|29
5-тарау АҚШ жоғарғы оқу орындарына түсетіндерге қойылатын талаптар

Америка Құрама Штаттарының

жоғарғы оқу орындарына

түсетіндерге қойылатын

талаптар

Америка Құрама Штаттарының жоғарғы оқу

орындарына түсу үшін бірнеше талаптарға сай

болуыңыз қажет. Орта мектепті бітіргенін

дәлелдейтін құжат немесе емтихан қорытындылары,

университетке түсу тест балдары, Ағылшын тілінен

біліктілік. Университтерге қабылдау өтінішін

толтыру жайында 8-тараудан толығырақ таныса

аласыз.

Орта мектепті бітіргенін дәлелдейтін құжат

немесе емтихан қорытындылары

АҚШ университтетері шетелдік студенттерді

жоғарғы оқу орнына қабылдау үшін олардан орта

мектепті бітіргенін дәлелдейтін құжатты немесе

емтихан қортындысын талап етеді. Білікті

студенттерді қабылдау үшін университеттер

жоғарғы бағамен бағаланатын емтихандар өткізеді.

Алайда, АҚШ колледждері мен университеттер

арасында оқуға қабылдануда талап етілетін көптеген

стандарттар бар. АҚШ білім жүйесінде көптеген

маңызды піндерге үлкен көңіл бөледі. Сіздің

мектептік оқу пәндеріңіз арасында Ағылшын тілі,

математика, жаратылыстану ғылымдары(физика,

химия немесе биоллогия) гуманитарлық және

қоғамдық ғылымдары (тарих, география, экономика,

саясаттану немесе осыған ұқсас пәндер) шет тілдері

сияқты пәндер болған дұрыс. Кең диапазонды, яғни

ағылшын, математика, жаратылыстану ғылымдары,

гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар, шетел

тілі болуы қажет. Университеттер әдетте 17 жасқа

дейінгі шетелдік студенттерді жоғарғы оқу орнына

қабылдамайды.

30| Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
5-тарау АҚШ жоғарғы оқу орындарына түсетіндерге қойылатын талаптар

Университетке қабылдануға арналған

стандарттық тесттері

" Стандартталған қабылдау тесттеріне жақсылап

дайындалу үшін уақыт табуыңыз қажет. Дайындық

ұзақ уақытқа созылу мүмкін және сізді жалықтырып

жіберу де мүмкін, сондықтан сізде өз ұпайыңызды

жақсарту үшін осы тесті қайта тапсыруыңызға

мүмкіндік болады."

- Бразилиядан Бейнелеу өнерінің студентi

Апликациондық процесстiң бiр бөлiгi ретінде АҚШ

колледждер мен университеттерi қабылдануға арналған

стандарттық тесттерінің нәтижелерін сұрайды.

Дегенмен кейбір АҚШ университтері мен колледждер

шетелдік студенттерден стандарттық тесттерді

тапсыруларын және кейбір жоғарғы оқу орындары

стандартталған қабылдау тесттерінің нәтижелерін мүлде

сұрамайды. Нақты қойылатын талаптар тізімін табу

үшін АҚШ университеттеріне нұсқау береті, яғни The

College Board’s International Student Handbook and

Peterson’s Colleges and Universities in the U.S.A. — The

Complete Guide for International Students кітаптарын

қолданыңыз. Комюнити колледждер де оқуға

қабылдануға арналған стандарттық тесттерін тапсыруды

талап етпейді.

Университетке қабылдануға арналған стандарттық

тесттер әдетте студенттердің АҚШ-тың жоғарғы оқу

орындарында оқуға деген дайындығын көрсетеді. Бұл

тесттердің мақсаты талапкерге қажетті базалық

унивесрситет білімін игерудегі қабілетін тексеру болып

табылады. АҚШ университеттері мен колледждері

талапкерді сынау құралы ретінде барлығына бір

стандарттық тестті қолданады. Орта мектепті бітіргенін

немесе емтихан нәтижелерін дәлелдейтін құжат

университетке түсу кезінде қабылдануға арналған

стандарттық тесттеріне балама ретінде қабылданбайды

және стандарттық тесттер өтініш беру процесінің тек

қана бір бөлігі болып табылады. Тесттер бойынша

жоғары ұпайды алу сіз қалаған университетке түсудің

кепілі болып табылмайды.

Абитуриенттерді оқуға қабылдау кезінде негізгі

3 тест қорытындылары қарастыралады:

SAT тесті

SAT пән бойынша тесті

ACT тесті

етеді, қүмәніңіз болмау үшін сіз өтініш беру алдында

талаптармен толық танысып алғаныңыз жөн.

SAT тесті

SAT тесті және белгілі пән бойынша SAT тесті АҚШнан

тыс орналасқан мемлекеттерде жылына алты

рет өткізіледі. Бұл тесттерді тапсыру үшін алдын ала

тіркелу қажет және бұл тіркелу уақыты тестті өткізу

күнінен бес аптадан бұрын жабылады. Нақты

өткізілетін тест күнін, тест орталықтарын, ақысы,

тіркелу туралы ақпаратты алу үшін SAT

халықаралық тіркелу бюллетенінен немесе SAT

сайтынан таба аласыз:

http://www.collegeboard.com/testing. Сіз тіркелу

бюллетендердің көшірмесін жақын арада орналасқан

кеңес беру орталықтарынан ала аласыз немесе

мағлұматтар мен тіркелу жұмысын онлайн түрінде

істей аласыз. The College Board сайтында толық

практикалық тесттері мен өз біліміңізді сынауға

арналған тесттер жинақтары бар. Әдетте кеңес беру

орталықтарында SAT тестеріне дайындалу

материалдарын өз қолданысыңызға байланысты

сатып алуға немесе уақытша қолдануға ала аласыз.

SAT тесті неден тұрады? Бұл тесті тапсырушының

оқу, математика және жазу қабілеттерін тексеретін тест

болып табылады. Бұл тест тоғыз бөлімнен тұрады: үш

оқу қабілеті бөлімі, үш математикалық қабілеті және үш

жазу қабілеті (сонын ішінде біреуі 25 минуттық эссе)

және де бір қосымша бөлім математиқалық және жазу

қабілеттерін бірге тексеруге арналған. Соңғы бөлім жыл

сайын өтілетін тесттің бір деңгейі бойынша өтеді және

сіздің жалпы жинайтын баллыңызға әсер етпейді. 25

минуттық эссе сіздің белгілі бір тақырып бойынша өз

пікіріңізді тексеру үшін беріледі.

SAT пән бойынша тесті - ұзақтығы бір сағатқа

созылатын бірнеше жауабы бар тестің түрі болып

табылады. Бұл тест пәндер бойынша біліміңізді

тексереді. Пәндер тізімі төменде берілген:

• Америка тарихы

• Биология

• Химия

• Қытай тілі

• Француз тілі

• Немiс тілі

• Италиян тілі

Кейбір университеттер студенттерден жеке

емтихандарды немесе қосымша тесттерді талап

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|31
5-тарау АҚШ жоғарғы оқу орындарына түсетіндерге қойылатын талаптар

• Жапон тілі

• Кәрiс тілі

• Латын тілі

• Әдебиет

• Математика

• Қазiргi иврит

• Физика

• Испан тілі

• Бүкiл дүние жүзілік тарих

Көптеген АҚШ колледждері мен университеттері

оқуға қабылдау барысында тесттерге жоғарғы

талаптарын қояды, яғни жоғарғы оқу орнына

қабылдану үшін белгілі пән бойынша SAT тесттің

біреуін немесе бірнешеуін тапсыру керек. SAT пән

бойынша тесті тапсырудан бұрын әрбір

университеттің талаптарымен танысып алу қажет.

Кейбір коллледждерде белгілі бір пәндер бойынша

сұралса, енді кейбіреулері таңдауды сізге қалдырады.

Бұл жағдайда, өзіңіздің қай пәннен біліктілігіңіз мол,

сол пәнді таңдауыңызға болады.

Балл: 3 бөлімнің әрқайсысы 200-ден 800-ге дейінгі

ұпайларды қамтиды. SAT тесті бойынша ең жоғары

2400 балл болып табылады. Тестің әрбір бөлімінің

баллы бөлек есептеленеді. Колледж каталогтарында

болашақ мамандыққа байланысты қай пәнді таңдау

керек және тесттің әр бөлімінен қанша балл жинау

керектігі туралы мәліметтер беріледі. Егер жоғарғы

оқу орны жазбаша бөлімінің орташа балын көрсетпесе,

онда бұл тесттің бөлімі жаңа болып келеді. Жазбаша

бөлімінің балы SAT тестісінің баға қортындысының

бір бөлігі. SAT пән бойынша тестке 200-ден 800-ге

дейін балл қойылады,

Американдық колледждің тесті (ACT)

ACT тесті ACT, Inc. мекемесімен өткізіледі және

бүкіл дүние жүзі бойынша жылына 5 рет

ұйымдастырылады. Бұл тест оқу курсына

негізделеді, яғни студенттердің мектепте оқыған

пәндері бойынша тестіден өткізеді. Тестке тіркелу

уақыты болашақ тесттін күнінен 5 апта бұрын

жабылады және шетелдік студенттер онлайн

жүйесінде тіркеледі. Өтетін күнін, өткізілетін орны

туралы мәліметтерді және тегін дайындалу

материалдарын мына сайттан таба аласыз:

www.actstudent.org

ACT тесті неден тұрады? ACT тесті - студенттердің

ағылшын тілінен, математика, оқу және ойлау

қабілеттерін тексеретін, бірнеше жауабы бар оқу

программасынан тұратын емтиханның бір түрі. Ал

жазбаша қабілетін тексеретін бөлімі қосымша болып

келеді. Өтініш тапсыратын колледжге немесе

университетке ACT тесті керек, не керек еместігі

туралы тексеріп алыңыз.

Балл: Төрт пән бойынша жалпы дұрыс жауап саны

жалпы балл ретінде алынады. Содан кейін әрбір пән

бойынша алынған дұрыс жауап саны 1 мен 36 шкала

арасында есепке салынады. Төрт пән бойынша

алынған жалпы балл саны қосылып, жалпы балды

төртке бөлеміз. Осыдан тесттің жалпы балы

анықталады. Ең жоғарғы балл саны 36, ал ең төменгісі

1 балл болып саналады. Университеттер баллдар саны

4-8 апта арасында қабылдайды.

Ағылшын тілінен білім

Құрама Штаттарында білім алудың басты талабы

ағылшын тілінде түсіну және сөйлеу қабілеттері

болып табылады. Егер ағылшын тілі сіздің ана

тіліңіз болмаса, сізден ғылыми дәреже

программасына қабылданбастан бұрын

колледждер немесе университеттер ағылшын

тілінен дағды тестісін тапсыруын сұрайды.

Шет тілі ретінде оқытылатын ағылшын тілінен

тест (TOEFL) және Халықаралық ағылшын тілінен

тест жүйесі (IELTS) туралы мағлұматты төменнен

біле аласыз. Әрбір оқу орнының ағылшын тілі

тестерінен қабылдау стандарттары болады,

сондықтан болашақ оқу орнының ағылшын тест

талаптарымен танысып алыңыз..

Кейбір оқу орындары ғылыми дәреже

программасын бастамас бұрын осы оқу орнында

қосымша ағылшын тілі сабақтарын алсаңыз,

жоғарғы оқу орындарына қабылдану мүмкіндіктері

қарастырылады. Ағылшын тілінен қажетті

дәрежеге жеткеннен кейін, оқуыңызды бастауға

болады. Алайда, АҚШ-та білім алу үшін ағылшын

тілінен өз біліміңізді дәлелдей алмасаңыз, өз

еліңізде студенттік визаны алу қиындыққа соғады

32| Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
5-тарау АҚШ жоғарғы оқу орындарына түсетіндерге қойылатын талаптар

Егер сіз Құрама Штаттарының азаматы болмасаңыз

немесе ағылшын тілі сіздің ана тіліңіз болмаса, бірақ

сіз орта мектеп пәндерін оқу жылдары бойы

ағылшын тілінде оқып бітірсеңіз сізден ағылшын

тілінен тест тапсыру талап етілмейді. Бірақ бұл

мәлімет туралы жоғарғы оқу орнының өкілдерімен

хат жазысуда анықтап алғаныңыз жөн. Себебі,

университеттер орта мектептің ағылшын тілінен

емтихан бағасын сіздің ағылшын тілінен біліміңіздің

дәлелі ретінде қабылдау екіталай.

Шет тілі ретінде оқытылатын ағылшын тілінен

тест (TOEFL)

Шет тілі ретінде оқытылатын ағылшын тілінен тесті

(TOEFL) ағылшын тілі ана тілі емес студенттердің

академиялық тұрғыда сөйлеу және түсіну

қабылеттерін дәлелдейді.

Интернет көмегімен өтілетін тесті (iBT) төрт

бөлімнен тұрады: оқу, тыңдау, сөйлеу және жазу.

Тест тапсырушылар тестті төрт сағат бойы жазады,

бұл тест компьютер және интернет арқылы

өткізіледі.

Интернеттің қол жетпес аймақтарында TOEFL

тесттің қағаз түрі (TOEFL PBT) өткізіледі. TOEFL

қағаз түрінің тест құрамында сөйлеу бөлімі кірмейді.

Егер сіз TOEFL тесттін таңдасаңыз, бірақ TOEFL iBT

тесті өткізілмейтін мемлекетте өмір сүрсеңіз, сіз

сөйлеу қабілетіңізді дәлелдеу үшін, ETS

орталығымен toef@ets.org электрондық поштасы

арқылы хабарласып Ағылшын тілінен сөйлеу Тестіне

(Test of Spoken English (TSE)) сұраныс жасауыңызға

болады.

TOEFL тестіне тіркелу ғаламтор жүйесі арқылы онлайн,

телефон немесе электрондық поштасы

арқылы мүмкін, бірақ алдын ала тіркелу талап

етіледі. Жылдың белгілі мерзімінде немесе белгілі

қалаларда, орталықтарда тесті тапсыру үшін орын

болмауы мүмкін, сондықтан алдын ала тіркелгеніңіз

жөн. Тестке тіркелу, өткізілетін тест күндері, тестке

дайындық және басқа да мәліметтерді

www.ets.org/toefl TOEFL сайтынан таба аласыздар

немесе сізге жақын арада орналасқан кеңес беру

орталығымен хабарласыңыз.

Халықаралық ағылшын тілінен тест жүйесі

(IELTS)

Халықаралық ағылшын тілінен тест жүйесі (IELTS)

ағылшын тілінен оқу, тыңдау, жазу және сөйлеу

қабілетін тексеретін тест болып табылады. Оқу және

жазу бөлімі 2 түрде жетімді: Академиялық және

Жалпы білім алу. Тыңдау және сөйлеу модулі екі

жағдайда да бірдей. Тест тапсырушылар жоғарғы

білім алу немесе денсаулық сақтау мамандығы

бойынша куәлік алу үшін көбіне IELTS тесттің

жазбаша және оқу модулінің Академиялық білім алу

түрін таңдайды. Жалпы білім алу түрі күнделікті

қолдану үшін, орта білім, кәсіби білім, жұмыс барысы

немесе иммиграциялық мақсатпен тапсырылады.

Тестке тіркелу мәліметтерін www.ielts.org IELTS

сайтынан таба аласыз. Сайтта «Тест

тапсырушыларға мағлұмат» кітапшасы және бұған

қосымша IELTS тест орталықтары, тест өткізілетін

күндер, тест құны туралы мәліметтер де бар.

Түйіндеме

Бакалавр ғылыми дәрежелік программасына

тапсыру үшін орта мектеп куәлігі немесе өз

еліңізде тапсырған емтихан бағалары керек.

Жасыңыз 17-ден төмен болмау керек.

Коллдеждердің барлығы емес, бірақ көбісі

шетелдік талапкерлерден стандарттық тесттерді,

яғни SAT немесе ACT тесттерін тапсыруды талап

етеді. Ал, кейбіреулер SAT пән бойынша тестті

қажет етуі мүмкін. Жоғарғы оқу орнының қандай

стандарттық тесттерді талап ететінін алдан ала

біліп алғаныңыз жөн.

ACT және SAT тесттері жылына бірнеше рет

өткізіледі және тіркелу материалдарын тест

өткізетін жауапты мекемеден немесе кеңес беру

орталықтарынан ала аласыз. Тестке ғаламтор

арқылы тіркелуге де болады.

Егер ағылшын тілі сіздің бірінші тіліңіз болып

есептелмесе, сіз Шет тілі ретінде оқытылатын

ағылшын тілінен тест (TOEFL) немесе

Халықаралық ағылшын тілінен тест жүйесі

(IELTS) тесттерін тапсырасыз. Кей жағдайда

ағылшын тілінен біліміңізді тексеретін басқа

тесттерді тапсыруға талап етілуі мүмкін.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|33
5-тарау АҚШ жоғарғы оқу орындарына түсетіндерге қойылатын талаптар

Пайдалы сайттар

SAT тесті

http://www.collegeboard.com/student/testing/sat/

ACT тесті

http://www.actstudent.org

Шет тілі ретінде оқытылатын ағылшын тілінен тест (TOEFL)

www.ets.org/toefl

Халықаралық ағылшын тілінен тест жүйесі (IELTS)

http://www.ielts.org

34|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
6-тарау Оқуыңызды қаржыландыру

Оқуыңызды

қаржыландыру

Құрама Штаттарында білім алу қымбатқа шығуы

мүмкін, бірақ ақшаны инвестициялаудың ең тиімді

әдісі. Бұл тарауда шығын түрлері, өзіңіздің

шығындарыңызды қысқарту жолдары, жоғарғы оқу

орындарымен және басқа да қаржылай көмек көздері

талқыланады.

Күні бұрын жоспарлау

«Қаншалықты қаржы қажет ететіңізді және қазіргі

қаржы жағдайыңызды ойлап реалист болыңыз»

-Гана мемлекетінің Халықаралық қатынастар

факультетінің студенті

Жоғарғы оқу орнына түсер алдында өзіңіздің

оқуыңызды қаржыландыру мен оқуға байланысты

шығындарды жоспарлаған өте маңызды. Әдетте

университеттер мне колледждер апликациондық

процестің бір бөлігі болып табылатын, яғни сізден

қаржы жағдайыңыз туралы дәлелдеме немесе

кепілдеме сұрайды. Қосымша, студенттік виза алу

барысында өзіңіздің оқуға байланысты барлық

шығындарыңызды өтей алатыңызды растауыңыз

керек. Егер сіз отбасы құрған болсаңыз немесе

балаларыңыз болса, сіз алдын ала өзіңізді,

отбасыңызды қамтамасыз ете алатын қаржылай

қорыңыз бар екенін дәлелдеуіңіз керек.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|35
6-тарау Оқуыңызды қаржыландыру

Шығындарыңызды есептеу

Құрама Штаттарында оқуға байланысты ең басты

шығын түрі - бұл оқу төлем ақысы, қосымша

қызметтер төлемдері және баспана ақысы болып

табылады. Әрбір шығын саны әртүрлі, сондықтан сіз

шығындарды қатал бақылауға алуыңыз керек.

Барлық АҚШ колледждері оқу ақысы туралы

мәліметтерді әрқашан жариялап жүреді. Өз

шығындарыңызды жабу барысында төменде

келтірілген жағдайларды естен шығармаңыз.

Оқу төлем ақысы және қосымша көрсетілген

қызметтер ақысы

Оқу ақысы мұғалімдер қызметтері үшін төленеді, ал

қосымша көрсетілген қызметтер бұл: кітапхана,

студенттік мерекелер немесе денсаулық

орталықтары сияқты қызметтер төлем ақысы.

Шетелдік студенттер аталған барлық қызметтерді

төлеуі тиіс. Кейбір университеттер барлық

студенттерді міндетті түрде денсаулық сақтандыру

полисін алуды талап етеді. Оқу ақысы мен қосымша

қызмет көрсету ақысының саны әртүрлі. Оқу және

қызмет көрсету ақысының арасында байланыс

болмайды. Жеке университеттерде оқу ақысы,

мемлекеттік университеттерге қарағанда жоғары

болады. Ал комюнити, техникум және кәсіптік оқу

орындарында оқу арқысы төмен. Мемлекеттік

университеттері АҚШ-ның азаматтарына қарағанда,

өзге елдің азаматтарына оқу ақысын жоғары қояды.

Жоғарғы оқу орнында оқу төлем ақысы төмен

болмағанымен, тұрмыс шығыны да аз болмайды,

сондықтан жылдық шығын санын мұқият алдын ала

есептеп, жоспарлауыңыз керек. Оқу ақысы жылмажыл

өзгеріп орташа бес пайызға көтеріліп тұруы

мүмкін, соңғы жылдық оқу ақысын білу үшін нұсқама

материалдардан, сайттардан немесе жоғарғы оқу

орнының каталогтарынан таба аласыз. Осы көмекші

нұсқамалар АҚШ-та білім алу жөнінде кеңес беру

ортылығында бар.

Тұрмыс шығындары

Тұрмыс шығыны сіздің өмір сүру салтыңызға

байланысты болып келеді. Мысалы, Калифорния,

Солтүстік-шығыс бөлігіндегі үлкен қалаларда

тұрмыс шығыны жоғары. Ал Оңтүстік, Орта Батыс

және тағы да басқа бөліктерінде тұрмыс шығыны

төмендеу болуы мүмкін. Тұрмыс шығындары туралы

сізге мәліметтерді университеттер каталогтары

және сайттары бере алады. Есептелген тұрмыс

шығындарына қоса, сіздің жеке шығындарыңыз

және денсаулық сақтандыру полисі, оқу кітаптары

және жалдамалы бөлме шығындары көрсетілген.

Сіздің кеңес беру орталығынан жоғарғы оқу

орындары немесе қала бойынша бір айлық

шығындар бойынша соңғы мәліметтерді алуыңызға

болады.

Негізгі тұрмыс шығындарын есептеу барысында,

тамақ және тұрмыс шығындарына келесі аталған

шығындарды қосуға ұмытып кетпеңіз:

Кітап және оқу құралдары:

Жоғарғы оқу орындары академиялық оқу жылына

кіретін кітап және оқу құралдар шығынын

бағалайды. Құрама Штаттарында оқитын студенттер

кітаптар сатып алуы тиіс, бірақ бұл кітаптар

қымбатқа түсуі мүмкін. Студенттік қалашықтарда

кітап дүкендері бар. Кітап дүкеншелерінің көбісі

арзанға ұсталған кітаптарды сатады, немесе семестр

соңында сатып алынған кітаптарды жарты бағасына

сатып бере алады. Егер сіз ерекше оқу құралдарды

талап ететін мамандық бойынша оқитын болсаңыз,

мысалы, инженерлік, өнер немесе архитектура, сіздің

шығындарыңыз орташа бағадан жоғары болуы

мүмкін.

Тасымал құралы:

Университетпен есептелген тұрмыс шығындарына

сіздің туған еліңізбен Құрама Штаттар арасындағы

жол жүру шығындары қарастырылмайды. Сіздің

жылдық бюджетіңізде екі елдің арасындағы жол

жүру шығындары қарастырылғанына сенімді

болғаныңыз жөн. Егер сіз студенттік қалашықтан

тыс тұруды жоспарласаңыз, күнделікті студенттік

қалашыққа қатынауға кететін жол шығындары да

есептелу керек. Адам саны аз жерде орналасқан

колледждер жол жұру шығындарын тұрмыс

шығындарымен бірге есептейді.

Басқа да жеке шығындар: Жеке шығындарға

тамақтану, киім және қызметтер кіреді. Денсаулық

сақтау полисі міндетті түрде талап етіледі. Егер сізге

тәуелді адамдар болса, мысалы, күйеуіңіз/әйеліңіз

және балаларыңыз, немесе сізге арнайы

медициналық қажеттіліктер керек болса, сізге

барлық шығындарды төлей алатын қосымша қаржы

қоры болу керек.

36|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
6-тарау Оқуыңызды қаржыландыру

Оқуыңызды қаржыландыру

Құрама Штаттарына оқуға түсер алдында өзіңіздің

қаржы жоспарыңызды он екі ай бұрын бастаған өте

маңызды. Колледждегі біліміңізді қаржыландыру

келесіден құрылады:

• нәтижелі апликациондық форма (8 тарауды

қараңыз)

• жеке қаржы қорыңызды бағалау

• қандай қаржылай көмек ала алатыңызды

анықтаңыз

• оқу шығындарын қысқарту.

Өз қаражатыңызды бағалау

Жылына сіздің оқуыңызға қанша қаржы бөле ала

алатын туралы, ата-аналарыңызбен немесе басқа

туысқандарыңызбен ақылдасып алыңыз. Жанұя

қаржы көздерінен қаражатты көптеу алғаныңыз жөн,

себебі стипендия алу мүмкіншіліктері болсада, олар

оқу ақының және тұрмыс шығындарының тек

жартысын өтейді, шетелдік бірінші курс

студенттеріне берілмеуіде мүмкін.

Қаражат көздерін анықтау

Шетелдік студенттерден қаражат көмегі мен

стипендия жоғарғы бәсекелестікті және үздік оқуды

талап етеді. Сіз «стипендия» және «қаражат көмегі»

деген өзара ауыстырмалы терминдерді жиі

кездестіретін боласыз. Стипендия оқу, спорт, өнер,

қоғамдық немесе әлеуметтік көсемділік жетістіктер

үшін беріледі. Қаражат көмегі - студенттің

жанұясының қаржы табыстары мен шығындарын

дәлелдейтін құжаттарды тапсыру арқылы берілетін

грант түрі. Төменде Құрама Штаттарында оқысы

келген шеттелдік студенттерге арналған басты

қаржылай көмек түрлері көрсетілген:

Өз еліңізбен қамтамасыз етілетін қаржы

қорлары:

білім қорлары бар екенін сұрастырып біліп алыңыз.

Әрине бұндай қорлар әр елдерде бола бермейді,

бірақ сіз өз еліңізде жергілікті мекемелерден

бөлінетін стипендияға ие болып, оқу шығыныңызды

қысқарта аласыз.

Колледждермен қамтамасыз етілетін қаржы

қорлары:

Шетелдік студенттерге арналған қаржы көздерін

қалай алуға болатынын білгіңіз келсе АҚШ-та білім

алу жөнінде кеңес беретін орталығына жолығыңыз.

Мұқият іздестіріп және реалисттік көзқараспен

ұмтылған студент нәтижелі жетістікке жетеді.

Алайда, барлық колледждер қаржылай көмек

көрсете бермейді. Шынында, бакалавр дәрежесін

беретін жоғарғы оқу орындарының жартысы Құрама

Штаттарының азаматтары немесе тұрақты

тұрғындары емес студенттерге қаржылай көмек

бере алады. Шетелдік студенттерге қаржылай көмек

көрсету, АҚШ студенттеріне қаржылай көмек

көрсетуден ерекшеленетінін естен шығармаңыз.

Университеттің қабылдау бөліміне өзіңіздің қай

елдің азаматы екеніңізді айтып, өзге елдің

азаматтарына қандай қаржылай көмек түрлері бар

екенін сұрастырып алыңыз. Егерде қаржылай көмек

көрсетілсе, ол бірнеше қаржы түрлерінде берілуі

мүмкін. Мысалы, грант және стипендия, қарыз алу

немесе жартылай жұмыс істеу программалары.

Денсаулық саласындағы мамандық бойынша

кәсіпкерлік басқару, инженерлік сияқты кәсіби

курстарды ұсынатын колледждер мен жеке

колледждерде қаржылай көмек беру сирек кездеседі.

Көбінесе, қаржылай көмекті жеке гуманитарлық

колледждерде, гуманитарлық мамандығы бойынша

алуға болады. Егер сіз жоғарғы оқу орындары

бойынша зерттеуіңізді жасап жатсаңыз, алдымен

болашақ колледждер тізімін жасап алыңыз. Содан

жылдық оқу ақысын жазып алыңыз, әрбір

колледждің бөлетін қаржылай көмектің орташа

пайызын және жылына бөлінетін қаржылай

көмектің санын көрсетіңіз. Бұндай мағлұматтар

Өз еліңізде оқуыңызды қаржыландыра алатын

қандай мемлекеттік қорлар, корпорация немесе

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|37
6-тарау Оқуыңызды қаржыландыру

АҚШ-та білім алу жөнінде кеңес беру

орталықтарында бар. Жоғарыда айтылған нұсқаулар

сізге қажетті қаражат көмегін көрсете алмайтын

жоғарғы оқу орнын алып тастауға көмектеседі,енді

сол тізімнен өзіңізге ең тиімді жоғарғы оқу орнын

таңдайсыз. Шетелдік студенттер жиі кеңесшілерден

авиабилеттен басқа оқу шығының толық төлей

алатын стипендия туралы сұрастырады. Жыл сайын

АҚШ-қа оқуға түсіп жатқан шетелдік студенттерге

берілетін толық стипендияның жалпы саны 2000-ға

жетеді, осының барлығы 100 колледжбен

қамтамасыз етіледі. Толық стипендия алу үшін әр

пәннен өте жақсы баға алып жүрген, ACT немесе SAT,

TOEFL неемесе IELTS тесттерінен жоғарғы балл,

көсемділік және қоғам қызметкері, өз еліңіздің ең

үздік студенттерінің бірі болуыңыз керек.

Стипендияға үміткер болатын дүние жүзі бойынша

жиырма студенттердің арасында ең көрнектісі

болуға тиіссіз. Тек АҚШ-ның азғана ауқатты

колледждері қабылданған студенттердін барлығына

қаржылай көмек көрсете алады. (Бұндай

колледждерге түсу үшін бәсекелестік жоғары

болады). Қаражат қажеттілік сіздің жанұяыңыздың

қаржы жағдайына және болашақ колледждің оқу

ақысына байланысты. Жанұя үлесі банк анықтамасы,

жұмыс берушіден хат дәлелдеме, ресми қағаз немесе

мәлімдеме сияқты құжаттарды ескерумен

есептеледі. Шектеулі қаражат қажеттілік көмегін

көрсететін кейбір университеттер жоғарыда аталған

мәлімдеме беретін құжат түрлерін сұрастыруы

мүмкін. Колледждерден бөлінетін қаржылай көмек

оқу жылы басталуымен беріледі, бірақ кей жағдайда

оқу жылы ортасында қосылған студенттерге де

берілуі мүмкін. Басқа университеттен ауысып келген

студенттерге қарағанда, бірінші курсқа түскен

студенттерге қаржылай көмек көп бөлінеді. Бірақ

колледжде өздерін оқуда жақсы көрсете алған

студенттерге, жаңа түскен студенттерге қарағанда

қаржылай көмек алу жеңілдеу болады.

Спорттық жетістіктер үшін берілетін

стипендиялар:

АҚШ колледждері мен университеттері спортта

дарынды студенттерге оқу ақысын өтеу мақсатында

осы колледждің белгілі бір спорт командасының

атынан жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

Спорттық жетістіктер үшін берілетін стипендия

туралы толығырақ мәліметтерді 7-тараудан таба

аласыз.

Шетелдік студенттерге АҚШ мемлекетінен,

халықаралық мекемелер немесе қорлар атынан

берілетін қаржылай көмек:

Шетелдік студенттер АҚШ госдепартамент және

халықаралық фондтардан, мекемелерден қаржылай

көмек туралы сұрақтарды қойып жатады. Әрине

бұндай қаражат көздері шектеулі және көбінесе

магистрлік дәрежеге оқып жатқан студенттерге

арналған. Сіздің кеңесшіңіз өз еліңіздің

студенттеріне арналған арнайы қорлар туралы

айтып бере алады.

Несие:

Оқу шығынының жарты бөлігін өтеу үшін несие алу

мүмкіншіліктері де бар. АҚШ-та білім алу жөнінде

кеңес беру орталықтарында сізге несие беру туралы

мәліметтер болуы мүмкін, бірақ сіз несие алу

талаптарына сай болуыңыз керек. АҚШ

программасы бойынша несие алу үшін, сіздің

кепілдеме беретін АҚШ азаматы болуыңыз керек,

көп жағдайда несие алар алдында сіз университетке

қабылдануыңыз керек. Несие алар алдында, несиені

болашақта қалай өтей алатыңызды және несие алу

сіздің жоспарларыңызға немесе елге қайтуыңызға

қалай әсер ететіні туралы ойластырып қойғаныңыз

жөн.

Жұмысқа тұру мүмкіншіліктері:

Эмиграциялық заң шетелдік студенттерге F-1 немесе

J-1 визасы бойынша студенттік қалашықта оқу

барысында жиырма сағат, ал жазғы демалыс

уақытында толық сағат бойы жұмыс істеуге

мүмкіншілік береді. Жетісіне 10-нан 15 сағатқа дейін

жұмыс істесеңіз, сіз тек қана кітап, киім және жеке

шығындарды төлей аласыз, ал оқу ақысы немесе

жалдамалы бөлме ақысы сияқты шығындарды өтей

алмайсыз.

38|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
6-тарау Оқуыңызды қаржыландыру

Бұл табыс көзі сіздің қаржы жағдайыңызды дәлелдей

алатын мәлімдеме ретінде есепке алынбайды.

Студенттік қалашықтағы жұмыс университет

асханасы, кітапхана, денсаулық сақтау орталықтары

немесе университет басқармасындағы жұмыс болып

табылады. Ал бір жылдан кейін сіз университет

жатақханасында комендант көмекшісі болып

жұмысқа тұруыңызға болады. Жатақхана

комендантының көмекшісі болып істейтін

студенттер - ең алдымен студенттердің жатақхана

мәселесін шешуге көмек пен кеңес беретін адам. Осы

қызметті атқаратын студенттерге тегін жатақхана

бөлмесі және кей жағдайда кішкене айлық ретінде

немесе асханада тамақтануға жеңілдіктер береді.

Орнатылған ережелер бойынша бір жылдық оқудан

кейін студенттерге жазғы мезгілде студенттік

қалашықтан тыс 20 сағаттық жұмысқа рұқсат беретін

эмиграциондық қызмет орталығына арыз беруіне

болады. Дегенмен есте сақтар жайт, бұл өтініш

жүзеге асады деп кепілдеме берілмейді. Егер сіз

тұрмыс құрған болсаңыз және АҚШ-ында F-1

студенттік визамен оқып жатсаңыз (11 тарауда

қараңыз), сіздің күйеуіңіз немесе әйеліңіздің жұмыс

істеуге құқығы болмайды. Ал, егер сіз АҚШ-ында J-1

студенттік визамен оқып жатсаңыз, сіздің күйеуіңіз

немесе әйеліңіз уақытша жұмыс істеуге арыз бере

алады. Жұмысқа түру мүмкіндіктерін қарастыруда

әрқашанда өзіңіздің шетелдік студенттер

кеңесшісімен ақылдасып, сұрастырып алғаныңыз

жөн. АҚШ-ында жұмыс істеу мүмкіндіктері туралы

толық мәліметтерді «Жол сапарға дайындық: АҚШта

білім алу және өмір сүру туралы тәжірибелі

мәліметтер» атты кітапшаның 12-тарауынан оқи

аласыз.

Оқу шығындарын қысқарту

Оқуға арналған қаражатыңызды жоспарлау

барысында келесі берілген шығындарды

қысқартудың тиімді жолдарын ескеріңіз:

Ең тиімді вариант:

Төмен оқу ақысымен, ең сапалы білімді бере алатын

жоғарғы оқу орнын таңдаңыз.

Жеделдетілген оқу программалары:

Төрт жылдық бакалавриат программасын үш жылда

оқып, бітіріп алу мыңдаған АҚШ долларын

үнемдейді. Студент келесі берілген жолдар арқылы

оқу программасын жеделдеттіре алады:

• ауыстырмалы кредит санына ие болу немеесе өз

еліңізде үздікпен оқып бітірген колледж дәрежесі

(мысалы, A-levels программасы, Халықаралық

бакалавриат дәрежесі, үздік емтихан нәтижелері

немесе АҚШ жоғарғы оқу орны қабылдаған

жағдайда, орта білімнен кейін аккредитациядан

өткен жоғарғы оқу орындарында арнаулы

курстарды бітіру)

• егер оқу ақысы төмен және кредит саны

ауыстырмалы болған жағдайда,комюнити колледж

жанындағы курстардан өту;

• жазғы уақытта курстар алу;

• әр семестрде қосымша курстар алу.

Оқу ақысына берілетін жеңілдіктер:

Бірінші курс оқуының үздік бағаларына негізделе

отырып, кейбір колледждер жартылай оқу ақысы

ретінде жеңілдіктер береді. Ең үздік баға

қорытындылары сіздің мыңдаған долларыңызды

үнемдейді.

Тұрмыс шығындары:

Студенттік қалашықта комендант көмекшісі болып

жұмысқа тұру, сіздің мыңдаған доллар тұрмыс

шығынын үнемдейді. Студенттік қалашықтан тыс

өмір сүру, мысалы, туысқандарыңызбен немесе

жолдастарыңызбен тұрып, қоғамдық тасымалдау

құралдарымен қолдансаңыз, сіз өз ақшаңызды

үнемдейсіз.

Екі жылдық комюнити колледж:

Көптеген студенттер екі жыл бойы комюнити

колледжде оқып, кейін төрт жылдық жоғарғы оқу

орнына ауысу жолдарымен ақшаларын үнемдейді.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|39
6-тарау Оқуыңызды қаржыландыру

Түйіндеме

• Қаражат жоспарын жоғарғы оқу орнын таңдаумен

бірге бастаңыз, Құрама Штатарында оқуды

жоспарлауды кем дегенде 12 ай бұрын бастаңыз;

• Оқу ақысы әр колледжде әр түрлі. Жеке

университеттерде оқу ақысы мемлекеттік

университеттерге қарағанда жоғары, ал мемлекеттік

университеттерде оқу ақысы комюнити

колледждерге қарағанда жоғары болып келеді.

Сондықтан, оқу ақысын мұқият зерттеп алыңыз.

• Оқы ақысының саны білім сапасының көрсеткіші

болып табылмайды.

• Тұрмыс шығындары сіздің өмір сүру салтыңызға

және жоғарғы оқу орнының орналасқан жеріне

байланысты.

• Көптеген колледждер сіздің және сіздің

жанұяыңыздың оқу ақысын толық төлей алатын

мүмкіншілігіне үміттенеді.

• Басты қаржылай көмек көзі сіздің болашақ

колледжіне байланысты, дегенмен, олардың

шетелдік студенттерге беретін қаржы қоры

шектеулі және толық қаржылай көмек көрсету өте

сирек кездеседі.

• Қаржылай көмек стипендия, грант, несие және кей

жағдайда жұмыс істеп білім алу түрінде көрсетіледі.

Егерде жоғарғы оқу орны қаржылай көмек көрсетсе,

олар сіздің мұқтаждығыңызға байланысты немесе

сіздің ерекше жетістіктеріңіз үшін беру мүмкін. •

Құрама Штаттарында жұмыс істеу мүмкіндіктері

шектеулі және бұндай табыс көзі сіздің қаржы

жағдайыңыздын дәлелі болып есептелмейді

• Спортта жетістіктерге ие болған студенттерге

арналған стипендияны дарынды студенттерге алуға

болады (толық мәліметті келесі тараудан оқи

аласыз).

• Сіз АҚШ-та оқу шығынын келесі берілген бірнеше

жолдар арқылы қысқарта аласыз: жергілікті

колледждерде курстар өту және жеделдетілген оқу

программаларын алу.

Пайдалы сайттар:

EducationUSA сайты – Қаржылай көмек

http://www.educationusa.info/pages/students/fnance.p

hp

АҚШ білім қаржыландыру

http://www.fundingusstudy.org/

40|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
7-тарау Шетелдік спортшы студенттерге қажетті мәліметтер мен кеңестер

Шетелдік спортшы

студенттерге қажетті

мәліметтер мен кеңестер

Шетелдік спортшы студенттер американдық

колледждер мен университеттер арасында соңғы

жүз жыл ішінде әрқашанда ізденісте болатын,

сондықтан студенттер қалашығында спортшы

студенттердің саны тез арада өсе келді.

Егер сіз спортшы студент болсаңыз, сіз

университеттік спорт қауымдастығының үшеуінің

біреуіне кіретін, университеттік деңгейдегі

спорттық мүмкіншіліктерді алуға талпынатын

студенттерге қойылатын талаптарымен таныс

болуыңыз қажет. Болашақ жоғарғы оқу орнына арыз

беру барысында, сіз осы қоғамдастықпен

ұйымдастыратын жарыстарға университет немесе

колледж атынан қатысуға құқық беретін қосымша ісәрекеттерді

бітіруіңіз керек.

Жоғарғы деңгейлі Университеттік Спорт

Қауымдастықтары

Ұлттық Университеттік Спорт Қауымдастығы

(NCAA):

Құрама Штаттарындағы ең ескі, үлкен және

танымалы университеттік спорт қауымдастығы

болып табылады. 380,000-нан астам спортшы

студенттер, онын ішінде шамамен 126,000

студенттер спорттық жетістіктер үшін берілетін

толық немесе жартылай стипендияға ие болу үшін,

осы қауымдастықпен ұйымдастырылатын

сайыстарға қатысады. Мыңнан астам төрт жылдық

колледждер мен университеттер үш

қауымдастықтың бір бөлімі, яғни Ұлттық

Университеттік Спорт Қауымдастығының мүшелері.

Бөлімдер, спортшыларды қаржыландыру

көздері,сайысқа қатысатын ойын саны, жоспарлау

критериясы, команда құрамы және қатысушылар

минимумы, мүшелікке кірген жоғарғы оқу орнының

қанша спорттық ойындар түріне спонсорлық

қызмет көрсете алатыны бойынша анықталады.

Ұлттық Университеттік Спорт Қауымдастығының

сайтынан (www.ncaa.org) штат, бөлім және спорт

түрлері бойынша мүшелікке кірген жоғарғы оқу

орындарының тізімін таба аласыз.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|41
7-тарау Шетелдік спортшы студенттерге қажетті мәліметтер мен кеңестер

Ұлттық Кіші Колледж Университеттік Спорт

Қауымдастығы (NJCAA):

Бұл қауымдастық 500-ден астам екі жылдық оқу

орындарының мүшелігінен тұрады. Жобамен, 43,500

спортшы студенттер қауымдастықтың үш бөлімі

бойынша сайысады, және көптеген жоғарғы оқу

орындары 1-ші және 2-ші бөлім командаларына

шетелдік студенттерге тиесілі спорттық жетістіктер

үшін берілетін толық немесе жартылай

стипендиялармен марапаттайды. Ұлттық Кіші

Колледж Университеттік Спорт Қауымдастығының

сайтынан (www.njcaa.org) спорт/бөлім, аты және

регион бойынша мүшелік кірген жоғарғы оқу

орындарының тізімін таба аласыз.

Университет аралық Спорттың Ұлттық

Қауымдастығы (NAIA):

Бұл қауымдастыққа Канада және Құрама Штаттары

бойынша 300 төрт жылдық оқу орындарынан елу

мыңға жуық спортшы студенттер кіреді. Оның көбісі

спорттық жетістіктер үшін берілетін стипендия

бойынша оқып жатыр. Бұл қауымдастықта

бөлімдерге бөлінбейді. Университет аралық

Спорттың Ұлттық Қауымдастығының сайтынан

(www.naia.org) штат, аты және регион бойынша

мүшелікке кірген жоғарғы оқу орындарының тізімін

таба аласыз.

Спорт Қауымдастығымен демеушілік етілетін

спорт ойындары:

Әрбір спорт қауымдастығымен демеушілік ететін

спорт ойындар тізімі сайтта берілген.

Қауымдастықпен демеушілік көрсететін спорт

ойындары болғанымен,барлық жоғарғы оқу

орындары бұл спорттық сайысқа қатыса алмайды.

Мысалы, Ұлттық Университеттік Спорт

Қауымдастығына кіретін жоғарғы оқу орындарында

гольф командасы бар болса, ал басқаларында

болмайды. Кей жағдайда жоғарғы оқу орындарында

белгілі спорт түрі бойынша ер адамдар командасы

мен әйел адамдар командасы болады.

Спорт Қауымдастығының академиялық

талаптарына сай болу

Әрбір спорт қауымдастығы өз талаптарын қояды,

бұл талаптар бөлімдер арасында әр түрлі болып

келеді. Мысалы, студенттің 9-сынып пен 12-сынып

аралығында алатын пәндері өте ерекше болады,

бірақ Ұлттық Университеттік Спорт

Қауымдастығының 1-ші және 2-ші бөлімінен өзгеше

болуы мүмкін, ал 3-ші бөлім жоғарғы оқу орындары

бұл мәселе бойынша өз шешімдерін жасайды.

Ұлттық Кіші Колледж Университеттік Спорт

Қауымдастығының және Университет аралық

Спорттың Ұлттық Қауымдастығының жоғарғы оқу

орындарына қойылатын талаптары Ұлттық

Университеттік Спорт Қауымдастығына қарағанда

икемді. Яғни, Ұлттық Университеттік Спорт

Қауымдастығы академиялық талаптарға сай

келмеген суденттер, Ұлттық Кіші Колледж

Университеттік Спорт Қауымдастығының және

Университет аралық Спорттың Ұлттық

Қауымдастығының жоғарғы оқу орындарының

талаптарына сай келуі мүмкін. Қоғамдастықтың

сайтынан талаптармен мұқият танысып алғаныңыз

жөн. Олар 9-шы сыныптан бастап 12-ші сыныпқа

дейін қандай пәндер, қандай баға алу керек, SAT/ACT

тесттері бойынша ең төменгі балл және мектеп

бітіру уақыты, т.б., ережелерді енгізеді. Осы барлық

аталған академиялық талаптарға сай келсеңіз және

команда атынан сайысқа қатысу сертификатын алу,

бұл тек процесстің жартысы. Және де сіз болашақ

жоғарғы оқу орнына түсу критерияларына сай

болуыңыз қажет. Көп жағдайда жоғарғы оқу

талаптары критерияларға қарағанда қаталдау болып

келеді.

42|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
7-тарау Шетелдік спортшы студенттерге қажетті мәліметтер мен кеңестер

Спорттық Қауымдастығының амантуризмге

қойылатын талаптары

NCAA, NJCAA және NAIA талаптарына қосымша

барлық студенттер амантуризм талабына бағыну

керек. Әрбір спортшы қоғамдастықтың беретін

«амантур (әуесқой)» анықтамасына, яғни кәсіпқой

емес деген талапқа сай болу. Әуесқойлық дәрежесіне

қойылатын ережелер әрбір қоғамдастықтың

сайтынан таба аласыз. Амантур критериясы

бойынша сізде болу керек, не болмау керек, бұл:

1)спорттық шараларға қатысқаны үшін сыйақы

алмау, 2) кәсіпқор командасымен келісім шартта

тұру немесе кәсіпқорлармен бірге сайысқа шығу,

3)агент арқылы келісім шартқа қол қою, 4) қаражат

ретінде сыйақы алу.

Спорт Қауымдастығымен берілетін сәйкестік

сертификаты

Ұлттық Университеттік Спорт Қауымдастығының 1-

ші және 2-ші бөлігі бойынша спорт ойындарына

қатысқысы келетін әр студентті жоғарғы оқу орны

алдымен Ұлттық Университеттік Спорт

Қауымдастығымен куәләндірілу керек. Әрбір

спортшының сәйкестік сертификатына ие болар

алдында: 1) спорттық стипендияға ие болуға, 2)

NCAA командысының атынан сайыстарға қатысу

немесе команда қатарында жаттығу, 3)студенттік

визаға арыз беру немесе Құрама Штаттарына

студент болып оралуына болады. Қызығушылық

танытқан студенттер босатылу формасын толтыру

қажет. Босатылу формасы NCAA сайтындағы

амантуризм сұрақтарына жауап алу түрінде беріледі

және тіркелу үшін 75 доллар төлеу керек.

Спортшыларға 11-ші сыныпты бастамай тіркелуге

шектеу қойылады, бірақ тіркелу жыл сайын ашық.

NAIA қауымдастығына кіретін мектептерге

қойылатын талаптар мен ережелер NAIA сайтынан

көре аласыздар. Ережелер мен талаптар жоғарғы оқу

орындарымен тексерілген және енгізілген.

Есіңізде болсын, сәйкестік сертификаты

университетке қабылдануына ешқандай әсерін

тигізбейді және спорттық стипендиясын алуға

немесе команда мүшесі болуға кепілдеме бермейді.

Спорт түйіндемесі, жаттықтырушыларды

іздестіру және байланысу

Болашақ жоғарғы оқу орнының

жаттықтырушыларымен 1-2 бет түйіндеме жазып

жіберіңіз. Түйіндеме қысқа, нақты болғаны дұрыс.

Академиялық және спорттық жетістіктеріңізді, спорт

тарихыңызды толықтырып көрсетіңіз. Берілген

мәліметтерге қосымша, мектепті қашан бітіргеңізді,

болашақ мамандығыңыз, орташа баға және

салмағыңыз, бойыңыздың ұзындығы туралы

мәліметтерді атап өткен жөн. Спорт түйіндемесін

жазу мақсаты-жаттықтырушының сіздің команда

мүшесі болуға сай келетіңізді көру. Кейбір

жаттықтырушылар сіздің спортпен жаттығып

жатқаныңызды бейне таспаға түсіріп алуыңызды

сұрау мүмкін. Бейне таспа тек спорттық шараларға

байланысты болмау керек, яғни сіздің спорттағы

жетістіктеріңіз түсірілу керек.

Спорт мүмкіндіктерін іздестіру мен

жаттықтырушылармен байланысу үшін сіздің көп

уақытыңыз кетуі мүмкін. Сондықтан АҚШ

университетіне арыз тапсыру алдында 18 айдан

бастап 24 айға дейінгі уақыт аралығында іздестіруді

бастауыңыз керек. Спорт бөлімінің

қызметкерлерінің немесе жаттықтырушыларының

байланысу мәліметтерін колледж немесе

университет сайтынан «спорт бөлімі» терезесінен

табасыз. Қабылдау бөлімінің қызметкерлері де

байланысу мәліметтерді табуға үлкен көмек

көрсетеді. Қабылдау бөлімінің немесе спорт

бөлімінің қызметкерлері студентке спорт шаралары

бойынша кеңес бере алады. Сондықтан кейбір

колледждер мен университеттер сайтында үздік

спорт студенттеріне арналған он-лайн түрінде

толтырып, сұрақтарға жауап беру сауалнамасы

жүргізіледі, бұл спорт жетістіктері түйіндемесін

толтырмау мақсатымен өткізіледі.

Кей жағдайда жаттықтырушылар көздеген

студенттермен қатынасып, оқуға қабылдауына

ықпалын тигізуі мүмкін. Бірақ бұл студенттерді

шатастыру мүмкін, сондықтан сіздің

талаптарыңызға сай басқа спорт түрін таңдауға

дайын болуыңыз керек.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|43
7-тарау Шетелдік спортшы студенттерге қажетті мәліметтер мен кеңестер

Спорттық жетістіктер үшін берілетін стипендия

Спорттық стипендяи көптеген жоғарғы оқу

орнындарымен қамтамасыз етіледі,және олар АҚШ

колледждер мен университетке түсумен бірге кітап,

оқу ақысы және тұру ақысының жартысын немесе

толығымен төлеуге болатын қаржы бөледі. Бірақ

стипендия команда мүшесіне енуден басқа тұрмыс

шығыны, екі елдің арасындағы авиабилет шығыны,

телефон қызметі төленбейді.

Барлық жоғарғы оқу орны спорт жетістіктері үшін

берілетін стипендиямен қамтамасыз етпейді.

Бакалавр дәрежесі бойынша оқып жатқан

студенттер стипендияға ие бола алады, бірақ

барлық талапкерлерге қойылатын талаптарға сай

болу керек. Спорт жетістіктері үшін берілетін

стипендия бір оқу жылына беріледі, сондықтан

студент келесі оқу жылына стипендияны

жаңартқысы келсе, жақсы оқу жылдық баға

қорытындысын және спорт сайыстарында

жеңістіктер көрсету керек.

Спортшыларға қосымша көрсетілетін қызметтер

АҚШ колледждері мен университеттерінде

салауатты өмір салтын жүргізуге, спорттық

сайыстарға қатысуға, жаттығулар жүргізуге көптеген

мүмкіндіктер бар. Көптеген студенттік қалашықтар

тегін немесе төмен ақылы спорттық кешендерімен

жабдықталған. Спорттық шараларға қатысу арқылы

көптеген жаңа достармен танысуға және студенттік

өмірдің қызығына бөленуге мүмкіндік береді.

Түйіндеме

• Колледждер мен Университеттің студентке

ұсынатын оқу және спорт шараларына негізделе

отырып, жоспарыңызды асықпай мұқият

жасағаныңыз жөн

• Спорт қауымдастығына бағынып, ережелерін

білгеніңіз жөн.

• Барлық ұсыныстарды қарастырып шығыңыз.

• Қайсарлы және өзекті болыңыз.

• Спорт түйіндемесін дайындап жеберіңіз.

• Спорт жетістіктері үшін берілетін стипендия сіздің

оқу ақысы мен тұрмыс шығындарыңызды жартылай

немесе толық қамтиды.

• Студент колледж немесе униеврситеттің оқуға

қабылдау талаптарына сай болуымен бірге, спорт

қоғамдастығы қойған талаптарға сай болу керек.

Пайдалы сайттар

Ұлттық Университеттік Спорт Қауымдастығы

(NCAA)

http://www.ncaa.org

Университет аралық Спорттың Ұлттық

Қауымдастығы (NAIA)

http://www.naia.org

Ұлттық Кіші Колледж Университеттік Спорт

Қауымдастығы (NJCAA)

http://www.njcaa.org

44|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
8-тарау Нәтижелі апликациондық форманы толтыру

Нәтижелі

апликациондық

форманы толтыру

Болашақ университет тізімін және таңдау жасап,

қабылдау тесттерінің талаптарына сай келсеңіз және

оқы ақысы сіздің қаражат жағдайына үйлесімді

болса, сізге апликанциондық форманы толтыра

бастауыңызға болады. Бұл тарау сіз таңдаған

жоғарғы оқу орнына нәтижелі апликациондық

форманы толтыруға көмек болатын кеңес пен

тәжіриебелі мәліметтер береді.

Мәліметтер іздестіру құралдарынан бастап

студенттік визаға тапсырыс беруге дейін,

апликациондық процесті Құрама Штаттарына жол

жүрер алдында, яғни 12 немесе 18 ай бұрын бастаған

дұрыс. АҚШ-на оқуға түсу үшін арналған, қысқаша

баяндалған графикті 9-ші тараудан таба аласыз.

Жоғарғы оқу орнынан қаржылай көмекке

үміттенсеңіз апликациондық процесті кем дегенде

он екі айдан кешіктірмеуіңіз керек.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|45
8 Тарау Нәтижелі апликациондық форманы толтыру

Апликациондық материалдарды талап ету

Істелетін жұмыс және шығындарға қарамастан

нәтижелі апликациондық форманы тіркеу үшін,

шамамен төрт және жеті жоғарғы оқу орнына

апликациондық форманы тіркеу керек. Дегенмен, сіз

өзіңіздің қалауыңызша қаншалықты университет

таңдасаңыз, сонша университеттен мәліметтер

талап ете аласыз. Егерде сіз нақты қай

университетке тапсыратыңызды білсеңіз, тек

таңдаған университеттен мәліметтер сұрастыра

аласыз. Немесе, сеніміңізді арттыру үшін, 10 немесе

20 университеттен мәліметтер сұрауыңызға болады.

Мәліметтер алғаннан кейін каталогтарды,

апликациондық формаларды және алынған басқа да

мәліметтер арқылы өз қалауыңыз бойынша

университеттер тізімін жасаңыз.

Егер сізде ғаламтор жүйесіне кіре алатын

мүмкіншілік болса, университеттер сайттарынан

каталогтарды, немесе басып шығарылатын

апликациондық формаларды табасыз.

Университеттердің көбісінде он-лайн түрінде

толтырылатын апликациондық формалар болады.

Егер университеттін сайтында он-лайн түрінде

толтырылатын апликациондық формалар болса, онлайн

түрінде толтырылған жөн. Бұл апликациондық

форманы тіркейтін ең жылдам амал. Электрондық

поштамен апликациондық формаға сұраныс жіберу

де ең тез амал және де университеттер сіздің

хатыңызға тез арада жауап береді.

Ал егер сізде ғаламтор жүйесіне кіре алатын

мүмкіншілік болмаса, сізге апликациондық

материалдардың көшірмесі керек болса,

университетпен байланысып, факспен жіберуді

сұраңыз.

Әрбір елдің пошта қызметінін ақысына байланысты,

сізге мәліметтердің қысқартылған түрін жіберу

мүмкін немесе сізге толық мәліметтерді алу үшін

тапсырыс беруіңізді өтіну мүмкін. Сондықтан сізге

қажетті университет каталогтар көшірмесін АҚШ-та

білім алу туралы кеңес беретін орталықтарынан

таба аласыз. Егер де сіз поштамен жіберілген

материалдарды ала алмасаңыз немесе таба

алмасаңыз, барлық сұрақтарыңызды халықаралық

бакалавриат бөлімшесіне қоя аласыз. Барлық

сұраныстарыңызды университетке қабылдануды

жоспарлау алдында 12 ай бұрын жіберіңіз. Құрама

Штаттарында қараша және желтоқсан айларында

мейрамдардың көп болуына байланысты,

халықаралық поштамен жіберілген материалдар

және апликациондық формалар өз мекен жайына

уақытында жетпей қалуы мүмкін.

Жоғарғы оқу орнына қабылдану үшін

тапсырылатын тесттер

Егер сіз қыркуйек айында күзгі семестрге түсуді

жоспарласаңыз,барлық талап етілетін тесттерді сол

жылдың қаңтар айынан кешікпей немесе ертерек

тапсыруыңыз қажет (тесттерге қойылатын талаптар

және тесттке тіркелу туралы мәліметтерді 5-ші

тараудан оқи аласыз). Алдымен университеттің қай

тестті талап ететінін біліп алыңыз, мысалы, ACT

немесе SAT, SAT Subject Tests.

Есіңізде болсын, SAT және SAT Subject Tests тесттерін

бір күнде тапсыруға болмайды және тестке тіркелу

күні тест өткізілетін күннен алты апта бұрын

жабылады. Тесттің нәтижелері университетке

апликациондық форманы қабылдау тоқтатылатын

күннен алты апта бұрын жіберілуі тиіс.

Егер ағылшын тілі сіздің ана тіліңіз болмаса, TOEFL

немесе IELTS, ACT немес SAT тесттеріне тіркеліңіз.

Барлық тест нәтижелері университетке

апликациондық форманы қабылдау тоқтатылатын

күннен бұрын қабылданғанына сенімді болыңыз.

Егерде сіз TOEFL немесе IELTS тесттерін тапсырудан

босатылсаңыз, университетпен тікелей хабарласып

өз жағдайыңызды түсіндіріңіз. Тест тапсыратын

күннен кем дегенде бір ай бұрын сізге болатын тест

бойынша дайындалу материалдарды қарастырыңыз.

Кеңес беру орталықтары сіз тесттерге байланысты

сұрақтарыңызға жауап бере алады.

46|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
8-тарау Нәтижелі апликациондық форманы толтыру

Апликациондық форманы толтыру және қайта

алу

Жоғарғы оқу орнынан жауап алғаннан кейін барлық

мәліметтерді мұқият қарап шығыңыз.

Көптеген жоғарғы оқу орындары біркелкі

мәліметтерді сұрастырады, бірақ олар әр түрлі

жолмен сұрастыруы мүмкін. Әдетте сізден төменде

көрсетілген құжаттар сұралуы мүмкін.

Апликациондық форма

Сіздің апликациондық формаңыз сіз туралы жақсы

әсер қалдыру керек. Сондықтан форманы қолмен

толтыруыңызды сұраса, сіз арнайы баспа

машинасымен теріп немесе компьютер көмегімен

толтырғаныңыз дұрыс. Өзіңіз туралы мәліметтерді

берілген апликациондық форма бойынша толтырып,

тек керек жағдайда қосымша бетті мәліметтермен

толықтыра аласыз. Форманы толтыру барысында

барлық жерлерде атыңыз бен жөніңізді бірдей

жазыңыз. Есіңізде болсын, АҚШ университеттері

жыл сайын мыңдаған студенттердің арыздарын

қарастырады, сондықтан бұл сіздің құжаттарыңызды

қадағалауда өте үлкен көмек болады. Әлеуметтік

сақтандыру номерін білмей қапа болмаңыз, толтыру

ережесі бойынша бұл графаны толтырмауға немесе

«жоқ» деп те жауап беруіңізге болады. Қысқартып

жазуды қолданбаңыз. Мекен-жай, мектеп, жұмыс

орны және алған жетістіктеріңіздің атауын толық

жазып көрсетіңіз. Әрқашанда алған біліміңіз, істеген

жұмыс уақыты және орны туралы мәліметтерді

хронологиялық ретпен көрсетіңіз. Мысалы, сізге

оқуды қашан бастағыңыз келеді, қай деңгейден

бастап (мысалы, жаңа бастаушы студент, бірінші

курстан немесе ауыспалы студент, яғни үшінші

курстан) қандай дәреже бойынша білім алғыңыз

немесе қай уақытта ғылыми деңгейді алғыңыз

келеді, - деген сияқты сұрақтар қою мүмкін. Есіңізде

болсын, болашақ мамандығыңыз туралы сұрақ болса

«белгісіз» деп жауап беріңіз.

Апликациондық форманы тіркеу ақысы

Университеттер сіздің апликациондық форманы

қарастыру үшін, сізден қайтарылмайтын

апликациондық форманы тіркеу ақысын алады. Бұл

төлем ақы АҚШ банкінің чегі арқылы, халықаралық

ақша аударым, немесе банк несие картасымен

төленеді. Қандай төлем жолымен өткізуге

болатынын, жоғарғы оқу орнының сайтынан,

каталогынан немесе апликациондық формадан біле

аласыз.

Біліміңіз туралы мәліметтер

Әрбір колледж сіздің алған біліміңізді дәлелдейтін

қандай ресми қағаздар керек екенін өздері нұсқайды.

АҚШ термины бойынша «транскрипт», яғни табель

бұл орта мектепте оқыған әрбір сыныптың

қорытынды бағалары. АҚШ колледждері кейде

шетелдік студенттерге арнайы форма береді, бұл

форманы мектеп басшылары баға және сіздің оқу

үлгеріміз туралы, сіздің басқа оқушыларға

қатынасыңыз туралы сипаттама берумен

толтырады. Егер аталған форма берілмесе, сіздің оқу

орныңыз мөр басылған ресми қағазда жазылған

құжатты талап етеді. Егер қабылдау бөлімі сізден

бағалар жүйесі мен өткен пәндер сипаттамасын

талап етсе, бұндай мәліметтер оқу орнының

басшыларымен берілу қажет. Қабылдау бөлімшесінің

қызметкері сізден транскриптерді сіздің

апликациондық формаңызға қосымша мектеп

мөрімен басылған құжат ретінде немесе тікелей

мектептен жіберуін сұрау мүмкін.

АҚШ жоғарғы оқу орындары сізідң бағаларыңызды

өздері есептеуі мүмкін, немесе кредит санын

бағалайтын сырттай мекеме ақша төлеттіріп

есептетеді. Олар шетелдік студенттердің

құжаттарын бағалау үшін ақша алады. Транскриптке

қосымша сізден орта мектеп аттестатының

көшірмесі, соңғы емтихан қорытындылары және

халықаралық тесттер нәтижесін сұрайды.

Құжаттарыңыздың түпнұсқасын жібермеңіз,

жіберілген құжат қайтарылмай қалуы мүмкін.

Құжаттар көшірмесі мектеп мөрімен немесе

жергілікті нотариуспен куәландыру керек.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|47
8-тарау Нәтижелі апликациондық форманы толтыру

Егер ағылшын тіліне аудармасы қажетті болса,

кәсіпті аудармашылар қызметтеріне жүгініп

аударып алуыңызға болады, немесе өзіңіз де

аударуыңызға болады. Бұндай аударманы

нотариустан басқа, құқығы бар агенттіктер де

куәландыра алады. Кеңес беру орталықтары

құжаттарды аударып, куәландыра алады. Бірақ олар

бұл қызмет үшін ақша алуы мүмкін. Мектеп баға

қорытындылары мен пәндерді АҚШ-та қолданатын

терминдерге ауыстырып көрмеңіз. Оның орнына,

берілген мақтау қағаздары, сертификаттар, диплом

түрлері және қолданылған бағалау жүйесі туралы

сипаттама беріңіз.

Тест балдарын қайда жіберу керек?

ACT, SAT,SAT Subject Tests, TOEFL, IELTS немесе басқа

да тесттерге тіркелу кезінде болашақ

университеттер тізімін алдын ала білгеніңіз жөн.

Себебі, сіз әрбір университетке тест нәтижелерін

бөлек жібергеннен, тест нәтижесін бір жіберіп

ақшаңызды үнемдеп қаласыз. Егер де сізде тест

нәтижесінің сертификаты болса, апликациондық

форманы тіркеу барысында көшірмесін іліктіріп

жіберіңіз. Қабылдау бөлімі осы көшірмемен

жұмысын бастай беруіне болады.

Негіздемелік жеке өтініш (Эссе)

«Өз жаныңызды ашуға қорықпаңыз. Егер сізге ең

маңызды зат болса, сол зат туралы ашық әңгіме

ашыңыз, себебі қабылдау бөлімінің қызметкерлері

сіз туралы барлығын білу керек.»

— Молекулярлық биология факультетінің Румыния

студенті

Жоғарғы оқу орындары қабылдану процесінің бір

бөлігі болып табылатын, апликанттардан

негіздемелік жеке өтініш немесе эссе жазуды талап

етеді. Университеттің қабылдау бөлімінің

қызметкерлері осы апликациондық бөлімі болып

табылатын негіздемелік жеке өтінішті оқу арқылы

студенттің оқу орнына қабылданған жағдайда

қандай жетістіктер әкеле алатыны туралы біліп тану

керек. Негіздемелік өтініш университетке

қабылдану барысында сіздің тест балдарыңыздың

немесе пән бағаларыңыздың айталмаған сіз туралы

мінездеме бере алады. Негіздемелік жеке өтініш

жоғарғы оқу орындарымен қойылған сұрақ

бойынша, немесе ерікті тақырып түрде жазылады.

Эссе қабылдау бөлімінің қызметкерлеріне сіздің жазу

қабілетіңізді, біліміңізді, ұйымшылық қабілетіңізді,

жоғарғы оқу орнына түсу мақсатыңыз және оқу

саласын таңдау себебін білуге көмектеседі.

Қабылдау бөлімінің қызметкерлері эссе жазу арқылы

сіздің жазу қабілетіңізбен, рухани мүдделеріңізбен,

ойдың толықтығымен танысып білгісі келеді. Эссені

бос уақытыңызда алдын ала жазып дайындап

қойыңыз, бір жеті уақыттан кейін қайта оқып мәнісін

және қателерін тексеріп алыңыз. Эссені ұқыпты

жазу және уақыттың молдығына байланысты дұрыс

жазу қабылдау бөлімінің қызметкерлеріне сіздің

жақсы жазушы екеңізді көрсетеді.

Бірнеше пайдалы кеңестер:

Не істеу керек:

• Қойылған сұраққа жауап беру.

• Есіңізде қалған өміріңіздегі ең маңызды оқиға,

толық мәлімет беріңіз.

• Мектеп өміріңізге немесе жеке өміріңізге әсер

еткен қызықты оқиғалар туралы айтыңыз.

• Эссені жазып бітіргеннен кейін қателерін

жаныңыздағы басқа адамға тексертіп алыңыз.

48|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
8-тарау Нәтижелі апликациондық форманы толтыру

Не істемеу керек:

• Өтірік айту.

• Басқа адамға сіз үшін эссені жаздырту.

• Өзіңіз туралы тек жақсы пікір қалдыру мақсатпен

жазу.

• Қабылдау бөлімінің сізден не үміттенеті туралы

жазу; тек қандай мақсатпен жоғарғы оқу орнына

тапсырып отырғаныңыз туралы жазыңыз.

• Тек қана өзіңіз туралы жазбаңыз.

• Эссе (немесе, апликациондық форманы)

тапсыратын күнінен бір күн бұрын жазу.

Жазылған эссе сіз туралы және сіздің қабілеттеріңіз

туралы айтып беру керек. Эссенің ең маңызды бөлімі

өзіңіз туралы шындықты жазу. Қабылдау бөлімінің

қызметкерлері жыл сайын жүздеген эсселерді

оқиды, сондықтан олар өтірік жазылған немесе атааналармен

жазылған эссені лезде танып біледі. Эссе

сіздің басқа студенттерге қарағанда ең үздік студент

екеніңізді көрсете алатын жақсы мүмкіндік,

сондықтан бұл мүмкіндікті жіберіп алмаңыз.

Мінездемелер

Сізден кем дегенде екі адамнан мінездеме хатын

талап ету мүмкін. Мысалы, мектеп басшысы,

мұғалім, сынып жетекшісі немесе сізді өте жақсы

білетін мұғалім болу мүмкін. Мінездеме беруші адам

сіздің мектептегі жетістіктеріңіз туралы жазу керек.

Егер сіз болашақ тандаған мамандығымен

байланысты пәнді жақсы білсеңіз, сол пәннен сабақ

беретін мұғалімнен мінездеме сұраңыз. АҚШ

мұғалімдерінен алған мінездеме хат өзге елдің

мұғалімдеріне қарағанда өзгеше болады, олар кең

көлемде жазылады және барлық мәліметтермен

толықтырылады. Мәнерлі, толық жазылмаған

немесе кешіктіріп жазылған мінездеме сіздің

адамды тани алмайтыңызды көрсетеді, сондықтан

мінездеме жазатын адамды іздестіру барысында өте

ұқыпты болыңыз. Мінездеме формасында бірнеше

сұрақтар берілу мүмкін, немесе тек бір жалпы сұрақ

берілу мүмкін. Университетке қабылдану процесінде

мінездеме өте маңызды роль атқарады, сондықтан

мінездеме беретін адамнын сізді өте жақсы танып

біліп, болашақ жоспарларыңызды және қай оқуға

түсетіңізді білген жөн.

Арнайы мінездемелік формалар сізден жасырын

түрде толтырылуы мүмкін. Егер де университетке

қабылдау бөлімі осындай форманы берсе, мінездеме

берушіге форманы толтыру жеңілдеу болады.

Қабылдау бөлімінің қызметкерлері бұндай форманы

толтыру қолайлы дейді, себебі жасырынды

толтырылған мінездеме шыңдықты айтады. Егер

мінездеме мінездеме берушіден тікелей сұралса,

оған арнайы маркіленген конверт жіберіледі.

Мінездемені толтыруға көп уақыт жұмсайтын, бірақ

ұқыпты толтыратын адамнан сұраңыз. Оларға

мінездемені пошта арқылы жібергенде, конверт

қақпағына қол қоюды еске салып қойыңыз.

Қаржы жағдайы туралы мағлұмат

Көптеген университеттердің апликациондық

пакеттің бөлігіне «Қаржы Декларациясы және

Сертификациясы» немесе «Қаржы аффидевит хаты»

атты дәлелдеме құжаты кіреді. Қаржы құжатына

сіздің шығындарыңызды өтейтін атааналарыңыздың

қолы қоюлы болуы керек, содан

кейін банкпен немесе нотариуспен куәландырулы

қажет. Студенттік визаға тапсыру алдында өзіңізге

құжаттың көшірмесін қалдырыңыз. Жоғарғы оқу

орындарын сіздің бір жылдық шығыңызды төлей

алатын жағдайыңыз қызықтырады, кей жағдайда,

бір жылдық оқу жылы бойына сіздің жанұяыңыздың

табыс көзі туралы мәліметтерді сұрастаруы мүмкін.

Жоғарғы оқу орнына арыз берер алдында,

университеттен қаржы көмегі туралы сұрастырып

біліңіз.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|49
8-тарау Нәтижелі апликациондық форманы толтыру

Құжаттар қабылдау уақыты және оларды тіркеу

амалдары

Әрбір университет құжаттарды қабылдау уақытына

шектеу қояды. Құжаттарды қабылдау уақыты әдетте

күзгі мезгілден бастап қаңтар және наурыз айына

дейін созылады, көп дегенде маусым айына дейін

қабылдайды. Егерде колледж жыл бойына

құжаттарды қабылдаса, сіздің құжаттарыңызды

тапсыруға мүмкіндік бар. Бірақ сізге жаңа оқу

жылының басталуын күтуге тура келеді. Сондықтан,

уақыт жібермей құжаттарыңызды ертерек тіркеңіз.

Жоғарғы талаптарды қоятын жоғарғы оқу орындары

құжаттарды тіркеу уақытын ертерек қояды. Бұл

жағдадйда сіз құжаттарды ертерек қараша айында

тіркеуіңіз қажет және сіз тек осы таңдалған жоғарғы

оқу орнына құжаттарыңызды тіркей аласыз. Осы

сіздің талабыңызды ескере отырып, сіздің

апликациондық формаңызға жалпы конкурсқа

қарағанда ерекше мән беріледі. Егер қабылдансаңыз,

сіз жоғарғы оқу орнында болашақта оқитыңызды

растауыңыз қажет. Ал егер жоғарғы оқу орнына

қабылданбасаңыз, сіздің басқа жоғарғы оқу орнына

құжатыңызды тапсыруға құқығыңыз бар.

Құжаттарыңызды, апликациондық формаларды,

мінездемелерді және транскриптерді

университеттің қабылдау бөліміне уақытында

жеткізу сіздің міндетіңіз. Құжаттарды қабылдаудың

соңғы күні келіп қалса, апликациондық құжаттарды

тікелей жоғарғы оқу орнына немесе экспресс

поштамен жіберуіңізге болады. Құжаттарыңыздың

жеткенін білу үшін, университетпен телефон

арқылы немесе электрондық поштамен жазып

сұрастыруыңызға болады. Жіберілген құжаттардың

көшірмесін түсіріп алыңыз, егер де құжаттар

жоғалып қалған жағдайда жіберуіңізге болады.

Жылдың ортасында оқуға қабылдау

Көптеген университеттер жылдың әр мезгілінде

құжаттарды қабылдай береді. Бірақ кейбір жоғарғы

оқу орындары семестрлік күнтізбеге, жыл

ортасында, яғни қаңтар айында қабылдау сияқты

талаптарға негізделеді. Ал кейбір колледждер тоқсан

сайын немесе трисеместр жүйесі бойынша, яғни

қыста қаңтар айында және көктемгі мезгілде наурыз

айында қабылдайды. Әрбір жоғарғы оқу орны

құжаттарды қабылдаудың соңғы күнін өздері қояды.

Жылдың ортасында қабылданатын студенттерге

соңғы күн оқуға қабылдану уақытынан тоғыз ай

бұрын қойылады. Егер сіз қаңтар айындағы

қабылдану күніне дайындалсаңыз, сіз барлық

халықаралық тесттерді алты ай бұрын тапсырып

алуыңыз керек.

Сауалнама

Кейбір АҚШ университеттері мен колледждері

Құрама Штаттардан тыс кандидаттармен сауалнама

өткізеді. Сауалнаманы сіздің еліңізде тұрып жатқан

жоғарғы оқу орнының түлектері жүргізеді. Шетелдік

студенттермен сауалнама жүргізе алмау

студенттерді қолайсыз жағдайда қалдырмайды, егер

сізге сауалнама жүргізу мүмкіндігі ұсынылса, бұл

мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Бұл сізге тілді және

сөйлеу қабілетіңізді жаттықтыруға,жоғарғы оқу орны

туралы сұрастырып танысуға үлкен мүмкіндік

береді.

Жалпы апликациондық форма

400 колледж бен университеттердің қолданатын

стандарттық апликациондық форманы ғаламторда

http://www.commonapp.org сайтынан таба аласыз.

Жалпы апликанциондық форманың университет

формасымен сай келетіне және бірдей

қарастырылатына жоғарғы оқу орындары кепілдеме

бере алады. Бұл форманын көшірмесін тікелей

сайттан алуға болады, немесе сізге жақын кеңес беру

орталығында болу мүмкін. Сізге керек көшірме

санын жасап алғаннан кейін, қанша университетке

тапсырғыңыз келеді сонша университетке

тапсыруыңызға болады. Әрбір формада

университеттер және колледждер тізімі, қабылдау

бөлімі және мекен-жайы туралы мәліметтер

берілген. Есіңізде болсын, жалпы апликациондық

форма процесті қысқартуы мүмкін, бірақ

стандарттық форма кейбір колледждердің толтыру

талаптарына сай келмеуі мүмкін.

50|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
8-тарау Нәтижелі апликациондық форманы толтыру

Оқу орнына қабылдану

Егер сіз оқуыңызды қыркүйек айынан

жоспарласаңыз, сол жылдын сәуір айынын ортасына

дейін қажетті мәліметтерді жоғарғы оқу орнынан

алып болуыңыз қажет. Оқуға қабылдаған жоғарғы

оқу орны сізге депозит төлеуді өтіну мүмкін, егер сіз

сол оқу орнына түсетін болсаңыз. Олар сіздің

артыңызға орын тіркеу мүмкін, бірақ тіркеу уақыты

шектеулі болады. Егер сіз бірнеше университеттен

оқуға қабылдану ұсынысын алсаңыз, бір жоғарғы оқу

орнын таңдап, қалған университеттерден бас тарту

үшін хат жазыңыз, солай сіз басқа студенттерге

қабылдануға мүмкіндік бересіз. Әдетте жоғарғы оқу

орнына қабылданған кейін үй, денсаулық сақтау

полисі және бағдарлау бойынша мәліметтерді

жібереді.

Түйіндеме

•Алдымен қай колледжге немесе университетке

түсетінің жобалап ал, содан кейін апликациондық

формаларды және мәліметтерді алу үшін

бакалавриат программасы бойынша шетелдік

студенттерді қабылдау бөлімінің директорына хат

жазыңыз.

• Жоғарғы оқу орнына қабылдау тесттеріне тез арада

тіркеліңіз.

• Апликациондық материалдарды мұқият

қарастырп, оқып алыңыз.

• Болашақ жоғарғы оқу орнына жіберетін

мінездемелер мен мектебіңіздің атынан берілген

транскрипт құжаттарын дайындаңыз.

• Барлық апликациондық материалдарды дайындап,

соңғы қабылдау күніне қалдырмай уақытында

тапсырыңыз.

Пайдалы сайттар

АҚШ колледждерді және университеттерді он-лайн

түрде іздестіру сайттары

http://www.collegeboard.com

http://www.collegenet.com

http://www.collegeview.com

http://www.petersons.com

http://www.review.com

Мәліметтерді Бағалау Қызметінің Ұлттық

Ассоцациясы

http://www.naces.org

Жалпы апликациондық форма

http://www.commonapp.org

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|51
9-тарау Апликациондық процесс: дайындық кестесі және жиналған құжаттар тізімі

Апликациондық процесс:

дайындық кестесі

және

жиналған құжаттар тізімі

Төменде Құрама Штаттарының жоғарғы оқу орнына

түсу үшін дайындық кестесі берілген. Процесті тез

арада бітіру мүмкіндігі бар, бірақ сіздің

университеттер тізімі қысқа болуы мүмкін. Алдын

ала барлығын жоспарлау сіздің таңдаған жоғарғы оқу

орындарына нәтижелі апликациондық форманы

тіркеуге мүмкіндік береді.

• Қаржылай көмекке арыз беру және

апликациондық форманы тіркеуге болатын соңғы

күнін анықтап алыңыз. Бұл сізге стандарттық

тесттердін нәтижелерін уақытында алуда көмек

береді. Барлық тесттер университетке

апликациондық форманы тіркеуден бұрын алдын

ала тапсырылу керек.

Университеттерді жобалаған оқу жылынан 12

немесе 18 ай бұрын бастаңыз.

• Құрама Штаттарында білім алудын себептері?

• Қай университеттің талаптарына сай келесіз?

• Сізге қаржылай көмек керек пе?

• Болашақ университеттердің талап еткен тесттерін

тапсыруға тіркеліңіз.

• Таңдауыңызды шамамен 10-нан бастап 20 шақты

университеттер тізімінен бастаңыз.

52|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
9-тарау Апликациондық процесс: дайындық кестесі және жиналған құжаттар тізімі

Университетке қабылданбас бұрын 12 ай ішінде

қарастырылатын іс-шаралар (күзгі семестрге

қабылдануға арналған, әр айға бөлінген)

Тамыз

• Университет каталогын, апликациондық форманы

және қаржылай көмекке арыз беру формасын алуға

университетпен байланысыңыз.

• Стандарттық тесттерді тапсыру үшін тестке

тіркелу формасын дайындаңыз немесе он-лайн

жүйесінде TOEFL немесе IELTS, ACT, SAT және SAT

Subject Tests (егер талап етілсе).

Қыркүйек – Желтоқсан

• Мектептен ресми транскрипті сұрастырыңыз.

• Мұғалімдеріңізден мінездемелер сұрастырыңыз.

• Апликациондық форманы толтырып бітіріңіз

(қаржылай көмекке арыз беру формасын да

дайындап қойыңыз).

Транскрипт және мінездемелер жіберілгеніне

сенімді болу үшін тағы бір рет тексеріп шығыңыз.

Қаңтар – Сәуір

Университетке апликациондық форма соңғы тіркеу

күніне дейін жіберілуі қажет (бұл тек тұрақты

қабылдау бойынша тіркелетін құжаттар үшін, ал

ерте қабылдау әдетте ертерек болады).

Сәуір – Маусым

• Университетке қабылдану немесе қабылданбау

шешімдері жіберіледі. Қай университетке түсетіңізді

шешіңіз де, универститке қабылдау бөліміне өз

шешіміңізді айтыңыз және сұрастырылған қосымша

құжаттарды дайындап жіберіңіз.

• Бас тартқан университеттерге хат жазып,

шешіміңіз туралы айтыңыз.

• Қаражат: АҚШ банкіне ақша аударым жасап көріңіз,

жол және бірінші уақытқа жұмсалатын тұрғын

шығындарыңызды төлеуге қаражатыңыздың бар

екеніне сенімді болыңыз.

• Үй және денсаулық сақтандыру полисі туралы

мәліметтерді алу үшін университетпен

байланысыңыз.

Маусым – Тамыз

• SEVIS I-901 формасын дайындауға және SEVIS

төлем ақысын төлеу үшін I-20 немесе DS 2019

формасындағы мәліметтерді қолданыңыз. (Севис

туралы толық мәліметті 11 тараудан оқи аласыз)

• I-20 формасын алып, SEVIS I-901 төлемін

өткізгеннен кейін, сіз жақын арадағы АҚШ

елшілігіне немесе консулдық бөлімшесіне студенттік

визаны алу үшін сауалнамаға тіркеліңіз (толық

мәліметті 11 тараудан оқи аласыз)

• Жол жүру жоспарын дайындаңыз.

• АҚШ-қа келу жоспарымен бөлісу үшін, шетелдік

студенттермен жұмыс жасайтын бөлімшемен

хабарласыңыз және университетте жаңа

студенттерге өткізілетін бағдарлау программаның

қай түріне қатысатыңызды ескертіп қойыңыз.

Жолға дайындық

Құрама Штаттарына оқуға баратыңызды білгеннен

кейін сіз виза, тұрғын үй, денсаулық сақтандыру

полисі, банк қызметтері, оқу процесі және жол жүру

бағдарламасы туралы мәліметтерді білгіңіз келеді.

Осы мәліметтерді кітапшаның 11-12 тарауларынан

оқи аласыздар. Кеңес беру орталықтары жазғы

уақытта немесе жылдың ортасында бағдарлау

тақырыбына байланысты презентациялар өткізеді.

Сондықтан, сізге жақын арада орналасқан

орталықпен байланысып жазылып қойыңыз. Кейбір

орталықтар осы қызмет үшін ақша алу мүмкін.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|53
10-тарау АҚШ университеттеріне ауысу

АҚШ университеттеріне ауысу

АҚШ білім жүйесінің ең жағымды жағы-ғылыми

дәреже алу үшін оқу ортасында бір колледжден

екінші колледжге немесе университетке ауысу

мүмкіншілігі. АҚШ-тың кредиттік жүйесі бір оқу

орнынан жинаған кредит санын екінші жоғарғы оқу

орнына ауыстыруға рұқсат етеді. Әр жылдың

қыркүйек айында 1 миллионнан астам студенттер

басқа жоғарғы оқу орнына ауысып жатады және

бұған қоса жылдың ортасында, яғни көктемгі

семестр қаңтар айында ауысуға да болады. Осы

студенттердің көбісі комюнити колледжді бітіріп,

бакалавр деңгейін алу үшін төрт жылдық жоғарғы

оқу орнына ауысып жатады (комюнити колледж

туралы мәліметті 3-тараудан оқи аласыз). Ал

басқалары төрт жылдық жоғарғы оқу орнын бастап,

жеке жағдайларына, оқуға немесе қаражат

жағдайына байланысты басқа төрт жылдық оқу

орнына ауысып жатады. АҚШ-на сырттан келіп

ауысып жатқан студенттер саны бірен-саран.

Колледждердін көбісі студенттердің басқа жоғарғы

оқу орнына ауыспас бұрын бір жылдық оқуды

бітіргенді қалайды, бірақ бұл талап әр колледжде

әртүрлі болып келеді. Бұған қоса кейбір

университеттер ауысар алдында екі жылдық оқуды

талап етеді, яғни сіз АҚШ-та кем дегенде екі жыл

оқуың керек. Жалпы, жаңа оқу орнына ауысқан

студенттер екінші немесе үшінші курс студенті

болып есептеледі.

54|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
10 Тарау АҚШ университеттеріне ауысу

Кредит ауыстыру

Ауысуға болатын университетті таңдаған уақытта,

жаңа университетке ауыстырылатын оқылған

курстар санын біліп алыңыз. Оқылған курстар санын

ауыстыру жүйесі кредит санын ауыстыру деп

аталады және әрбір жоғарғы орнының талаптарына

байланысты әрүрлі болып келуі мүмкін.

Жоғарғы оқу орындары колледждің берген курс

тізіміне негізделеді. Жоғарғы оқу орны студентке

ресми қабылдау хатын жазғанша уақытша шешім

беру мүмкін, сондықтан олар ауысу мәртебесінің

соңғы шешімін алу үшін бөлім басқарушымен

кездесуге тиіс.

Ауысу барысында студенттер оқылған кейбір

курстар жоғалып кеткенін аңғару мүмкін. Бұндай

жағдайда студенттің оқу орнын бітірер алдында

барлығын дұрыстауға уақыты болу керек немесе

оқуды уақытында бітіру үшін жазғы уақытта көп

жұмыс жасау керек. Қосымша, көптеген жоғарғы оқу

орындары кредит санына шектеу қоймайды. Ауысу

ережелеріне байланысты мәліметтерді алу үшін сіз

жақын кеңес беру орталығымен хабарласыңыз.

Жалпы студенттер АҚШ дәрежесін алу үшін курстың

үш түрін алуы тиіс: жалпы білім пәндері бойынша

курстар, мамандық саласына байланысты пәндер

бойынша курстары және таңдамалы пәндер

бойынша курстар (курстардын айырмашылықтарын

айыру үшін екінші тарауды қараңыз). Жоғарғы оқу

орнынан ауыстырылатын курстар осы аталған

пәндер бойынша талаптарға сай болуы тиіс. Келесі

бөлім осы ауысу барысы тәжірибе жүзінде қалай

жүретіні туралы көрсетеді.

АҚШ оқу орындарының арасындағы ауысу

барысы

АҚШ жоғарғы оқу орындарына біркелкі таралатын

жалпы білім талаптарына сай студент бір жоғарғы

оқу орнынан екінші жоғарғы оқу орнына кредит

санын еш қиындықсыз ауыстыра алады. Жоғарғы

оқу орнында кейбір белгілі мамандық бойынша

алған курстар студентке қиындық тудыруы мүмкін.

Әсіресе, егер сіздің ауысып жатқан жоғарғы оқу

орныңызда мамандығыңыз болмаса (мысалы, бизнес

мамандығы бойынша курстарды, бизнес мамандығы

жоқ жоғарғы оқу орнына ауыстыру). Кейбір

мамандық бойынша алған курстар ауысып жатқан

жоғарғы оқу орнының мамандығының талаптарына

сай келмеуі мүмкін. Ауысып жатқан жоғарғы оқу

орны оқып жатқан жоғарғы оқу орнындағы

мамандық курстарының барлық талаптарына сай

болуды сұрайды. Мамандық бойынша берілген

кредит саны курс ретінде есептелмесе немесе жалпы

білім талаптары бойынша таңдамалы курстардың

кредит саны болып есептелу мүмкін. Егер де бұл

мүмкін болмаса, ауыстырылатын кредит саны

есептелмейді. Сондықтан жаңа жоғарғы оқу орны

аталған курстар санын қабылдау мүмкін, бірақ

кредит саны оқуды бітіру үшін қойылатын талаптар

бойынша есептелмейді. Сізге қанша кредит санын

алу керектігін есептеу барысында ауыстыру үшін

қойылатын жалпы қабылдау талаптары мен белгілі

сала бойынша ғылыми деңгейді алу үшін қойылатын

талаптарға сай болатын қабылдау кредит саны

арасындағы айырмашылықты танып, біліп алған

жөн. Бірінші жағдайда анықтама жүргізу керек.

Себебі, ауысытырылып жатқан жоғарғы оқу

орнынан, ауыстырылатын жоғарғы оқу орнына

кредит саны толығымен ауыспау мүмкін. Екінші

жағдайда ауыстырылатын жоғарғы оқу орнындағы

белгілі мамандық бойынша (мысалы, математика

немесе тарих) курстарға қойылатын талаптарға

ауыстырылып жатқан жоғарғы оқу орнынын кредиті

және курстар сай келетіне сенімді болуыңыз керек.

The College Board басып шығарған «The College

Handbook for Transfer Students» бір жоғарғы оқу

орнынан екінші жоғарғы оқу орнына ауысатын

студенттерге арналған колледждер туралы

анықтама кітабы кредиттерді қалай ауыстыруға

болатын ең қолайлы жолдарын көрсетеді:

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|55
10-тарау АҚШ университеттеріне ауысу

• Бірінші екі жыл оқу барысында талап етілетін

жалпы білім курстарын алыңыз.

• Оқып жатқан жоғарғы оқу орнында мамандыққа

қойылатын талаптарды алдын ала орындаңыз.

Мамандыққа үлкен бәсекелестік болған жағдайда

бұл сізге басқа жоғарғы оқу орнына ауысуға көмек

болады.

• Сіздің мамандығыңыз бойынша қойылатын барлық

курстарды алуды жоспарлаңыз, себебі жаңа жоғарғы

оқу орнына ауысқан жағдайда бұл курстарды алу

қиынға соғады.

• Егер сіз комюнити колледжде оқысаңыз,

академиялық кеңесшіңізбен курс кестесін жоспарлау

немесе ауысатын курстар туралы ақылдасып бірге

жұмыс істегеніңіз дұрыс (комюнити колледждер

туралы мәліметтерді 3-тараудан оқи аласыз).

• Бір жоғарғы оқу орнынан екінші жоғарғы оқу

орнына ауысу туралы шешімдерді қайта

қарастыруды колледж қызметкерлерінен

сұрауыңызға болады. Кей жағдайда транскрипт

немесе курс туралы анықтама кредитті ауыстыру

үшін толық мәліметті бере алмайды, сондықтан

толық анықтама бере алатын мәліметтер сіздің

қабылдануыңызға үлкен көмек болады.

АҚШ білім жүйесіне бағынбайтын жоғарғы оқу

орнынан АҚШ жоғарғы оқу орнына ауысу

Жыл сайын АҚШ ғылыми деңгейін алу үшін

көптеген студенттер басқа елдерден ауысып

келеді.Дегенмен, АҚШ ғылыми деңгей құрылымы

басқа елдің ғылыми деңгей құрылымынан өзгеше

болып келеді, сондықтан АҚШ білім жүйесіне

бағынбайтын жоғарғы оқу орнынан ауысу

бірсыпыра қиындықтар туғызу мүмкін. Мысалы,

егер сіздің еліңізде ғылыми деңгейді алу үшін бір

пәнді оқысаңыз, ауысу барысында курстар сәйкес

келмеуі мүмкін, себебі АҚШ-тың бакалавр дәрежесі

жалпы білім талаптарына сай болу керек. Қабылдау

бөлімінің жоғары қызметкерінің айтуы бойынша

АҚШ білім жұйесіне бағынбайтын жоғарғы орнында

алынған курстарды ауыстыру барысында

қабылдаушы жоғарғы оқу орны бірнеше факторлар

бойынша қарастырады.

• Сіздің жоғарғы оқу орныңыз еліңіздің білім және

ғылым министрлігімен мойындалады ма? АҚШ

жоғарғы оқу орындары білім және ғылым

министрлігімен мойындалатын жоғарғы оқу

орындарын қарастырады, дегенмен басқа

өкілеттікпен мойындалған жағдайда жоғарғы оқу

орны есептеледі. Шешімдер жоғарғы оқу орнына

байланысты әр түрлі болып келеді. Әдетте АҚШ

жоғарғы оқу орны өздері сияқты басқа жоғарғы оқу

орындарының қабылдаған шешімдеріне негізделеді.

• Ауысып жатқан жоғарғы оқу орнының курстары

сіздің алған курстармен қаншалықты сәйкес? АҚШ

жоғарғы оқу орны курстар арасындағы сәйкестіктер

туралы мәліметтерді оқу орнының каталогы немесе

курс сипаттамасы, курс кестесі бойынша танып біле

алады.

Егер жоғарғы оқу орны АҚШ-та өте танымалы

болмаса, сіздің елге оралғаннан кейін берілген

курстар бойынша сынақ өткізу мүмкін, содан кейін

олар сіздің қабылдануыңыз және кредитті қалай

қабылдайтын туралы шешім қабылдау мүмкін.

• Сіздің болашақ мамандығыңызға және деңгейіңізге

байланысты курстар қолданбалы? Бұл әдетте сізді

оқуға қабылдап жатқан жоғарғы оқу орнының

қабылдау бөлімімен және оқу бөлімімен бағаланады.

Олар ең бірінші сіздің алған курстарыңыз

ауыстырылуға келетіне көз жеткізулері керек, содан

кейін мамандық бойынша алынатын курстарға

қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді. Соңғы

шешім сіздің елге оралмастан бұрын қабылданбауы

мүмкін және шешімдер әртүрлі болуы мүмкін.

Инженерлік, архитектура немесе журналистика

сияқты кәсіптік мамандықтар бойынша курстарды

ауыстыру қиындық тудыру мүмкін, себебі курстарға

қойылатын талаптар арнайы бөлімдердің

қолдауымен негізделеді.

56|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
10 Тарау АҚШ университеттеріне ауысу

Ауыстыру барысы

АҚШ білім жүйесіне бағынбайтын жоғарғы оқу

орнынан, АҚШ жоғарғы оқу орнына ауысу жолын

қысқартқыңыз келсе, келесі кеңестерге сүйенгеніңіз

жөн:

• Жоғарғы оқу орнымен берілген барлық ресми

қағаздар мен тіркеулерлерде мөр немесе штамп

қойылу керек.

• Орта білім пәндері және барлық курстарды

ағылшын тіліне аударыңыз. Әрбір алынғын курс

бойынша қысқаша немесе жалпы анықтама беріңіз,

апталық лабораториялық жұмыс немесе дәріс санын,

сағат санын көрсетіңіз, семестр немесе оқу жылының

ұзақтығын көрсетіңіз. Егер бұл ешбір жерде

ескерілмесе, курстардын алынған жылын көрсетіңіз.

(Егер түсініктеме берілмесе, өзіңіз қысқаша

анықтама жазыңыз, бірақ мектеп атымен

куәландырып алыңыз)

• Әрбір курс бойы оқылған оқу материалдар тізімін

жасаңыз. Бұл студенттік қалашықтың әкімшілігіне

сіздің кредит санын ауыстыруға және курс

құрылымымен танысуға мүмкіндік береді.

• Ауысып жатқан жоғарғы орнын ғылыми деңгей

программасының немесе дипломда көрсетілген курс,

кредит саны бойынша мәліметтермен қамтамасыз

етіңіз.

АҚШ-тың жоғарғы оқу орнына ауысып жатқан

студенттер орта мектепте жүргізілген жұмыстар

үшін кредит алуы мүмкін, бірақ АҚШ колледжімен

жүргізілетін жұмыстармен сәйкес болу керек. Толық

мәліметті әрбір колледждің қабылдау бөлімінен

сұрауыңыз қажет.

Бір колледжден немесе университеттен басқа

жоғарғы оқу орнына ауысуға арыз беру барысы

Ауысуға арыз беру барысы студенттен көп уақыт

алуы мүмкін, сондықтан ауысу жоспарын жаңа

жоғарғы оқу орнында оқуыңызды бастар алдында 12

ай бұрын бастауыңыз керек. Сондықтан ауысу

барысы туралы жоғарғы оқу орнының каталогында

арнайы бөлімді мұқият оқып танысып алыңыз.

Көбіне осы бөлімде колледждің кредит ауыстыру

полисі туралы мәліметтер беріледі. Осы кітапшаның

төртінші тарауында колледждерді таңдауда

кеңестер беріледі.

Ауысуға арыз беру барысы жаңа түскен студенттерге

қарағанда ауысатын студенттерге өзгеше болып

келеді. Ауысатын студенттер бөлек апликациондық

форманы толтырады. Әдетте жаңа жоғарғы оқу

орындары студенттерден келесі мәліметтерді білгісі

келеді:

• Неге сіз осы жоғарғы оқу орнына ауысқыңыз

келеді? Сізден ауысу себептерін көрсететін

негіздемелік жеке өтініш жазуыңызды сұрауы

мүмкін. Бұл сіздің апликациондық форманын ең

маңызды бөлімі болып табылады. Өтініште сіздің

білім алуыңызға жаңа оқу орнының қандай жағымды

жақтары бар екенін көрсетудін орнына, оқып жатқан

жоғарғы оқу орны сізге жағымды емес екені туралы

жазбауыңыз керек.

• Қандай курстар алдыңыз немесе қазіргі уақытта

алып жатырсыз? Осы уақытқа дейін жоғарғы оқу

орнында қандай тәжірибелер алдыңыз? Ауысатын

студенттер жаңа жоғарғы оқу орнына қабылдану

үшін, оқып жатқан жоғарғы оқу орнындағы

жетістіктері туралы ашып жазу керек.

Жоғарғы оқу орнына жаңа қабылданатын

студенттер секілді сіз мінездеме, транскрипт, тест

нәтижелері және апликациондық эссе сияқты

құжаттармен қамтамасыз етуіңіз керек. Нәтижелі

апликациондық форма туралы мәліметті сегізінші

тараудан оқи аласыз.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|57
10-тарау АҚШ университеттеріне ауысу

Есіңізде болсын, сіз таңдаған университеттерге

ауысу оңай жол емес. Шынында, көптеген жоғары

дәрежелі жоғарғы оқу орындары жаңа түсетін

студенттерге қарағанда, ауысатын студенттерге

қабылдануға жоғары талаптар қояды. Көптеген

жоғарғы оқу орындары ауысатын студенттерді

қабылдау барысы өте жоғары бәсекелестік дәрежеде

өтетінін көрсету үшін, жоғарғы оқу орнына жаңа

қабылданатын студенттердің және ауысатын

студенттердің жылдық пайыздық көрсеткіш туралы

мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Түйіндеме

• АҚШ бір университетінен екінші университетіне

бір жылдық оқудан кейін, дәрежеге ие болу

программасының ортасында ауысуға болады. Бірақ

ғылыми дәрежені алу үшін студент кейбір алған

кредитті немесе қосымша уақытын жоғалтуы

мүмкін.

• Ауысуға қиындық туғызатын белгілі мамандық

бойынша курстар талап етіледі (инженерлік сияқты

кәсіптік мамандықтар).

• Университет жүйесі мен ғылыми деңгей

программалардың арасындағы өзгешеліктен, АҚШ

білім жүйесіне бағынбайтын жоғарғы оқу орнынан

ауысатын студенттерге ауысу барысы қиындау.

• Сіздің кредитіңізді қабылдау мақсатында, сіз

ауысып жатқан жоғарғы оқу орны, оқып жатқан оқу

орны, ғылыми деңгей программасы, алынған

курстар туралы көп мәліметтерді білгісі келеді.

• Ауысатын студенттер бөлек апликациондық

форманы толтырумен бірге ауысу мақсаты туралы

эссе жазуы тиіс. Жаңа түсетін студенттерге

қойылатын талаптарға сәйкес сіз мінездеме, тест

нәтижелері және апликациондық форманы

толтыруыңыз қажет.

• Ауысатын студенттерді қабылдау конкурсы жаңа

түсетін студенттерге қарағанда жоғары болуы

мүмкін. Нәтижелі апликациондық форманы

тіркеумен бірге жоғарғы оқу орнын таңдау сізден

біршама уақытты талап етеді.

• Кейбір жағдайда студенттік қалашыққа оралмай

немесе сабаққа тіркелмей, бөлім басшысымен

кездеспей, сіз кредит саны мен ғылыми деңгейді алу

үшін берілетін оқу уақыты туралы соңғы шешімді

алмауыңыз мүмкін.

Пайдалы сайттар

Жоспарлаған жоғарғы оқу орнының ауысу полисімен

танысу үшін, әрбір жоғарғы оқу орнының сайтына

кіріп оқығаныңыз жөн.

58|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
11-тарау Студенттік виза және академиялық емес виза түрлері

Студенттік виза және академиялық

емес виза түрлері

СЕВИС ақпараттық жүйе және

студенттік визалар

Құттықтаймыз – сіз қалаған университетке

қабылдандыңыз! Сіздің ойыңызда қандай курстар

өтетіңіз, қандай адамдарды кездестіретіңізді, сізді

күтіп тұрған үлкен тәжірибелер, бірақ сіз қазір соңғы

қадамдарды жасайсыз: SEVIS тіркеу жолы және

студенттік визаға арыз беру.

Студенттік және мәдениттік программалар

бойынша мемлекетке кірген студенттер туралы

ақпараттық жүйе(SEVIS)

SEVIS - Құрама Штаттарында уақытша қалатын

немесе сапарға шығар алдында шетелдік студенттер

туралы интернет жүйесіне негізделетін мәліметтер

қоры. Бұл студенттік және мәдениеттік программа

болғандықтан ішкі істер қауіпсіздігімен бақыланады

(SEVP). Жобалаған жоғарғы оқу орны SEVIS -ті тіркеу

жұмысын бастар алдында сізден басты мәліметтерді

сұрастыруы мүмкін, мысалы, жобалап отырған

программаңыз, оқу қаражатын төлеуді қалай

жоаспарлап отырсыз және программаның басталу

мен аяқталу уақыты. Содан кейін сізге керек виза

түріне байланысты I-20 формасы, DS 2019 немесе

I-20M-N формасын жібереді. Виза алу үшін

консульдық бөлімге сауалнамаға тіркелер алдында

SEVIS I-901 формасының ақысын төлеуіңіз қажет.

SEVIS туралы толық мәліметті осы кітапшаның

жолға дайындық бөлімінен таба аласыз.

Виза түрлері

F-1 жалпы студенттік виза болып табылады,

сондықтан студенттердің азғана саны Құрама

Штаттарына тәжірибелі техникалық немесе кәсіптік

техникалық оқу курстары M-1 бойынша немесе

академиялық емес J-1 визасын алады.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|59
11-тарау Студенттік виза және академиялық емес виза түрлері

Сіздің еліңіздегі виза алу барысы

Әр елде студенттік визаны алу үшін қойылатын

талаптары мен жүру барысы түрлі болып келеді.

Сізге жақын арада орналасқан кеңес беру орталығы

сіздің еліңіздегі визаға арыз беру барысы туралы

құнды мәлімет беруі мүмкін.(Егер де, мүмкіншілік

болса, визаға қалай арыз беру керек туралы

мәліметтер білгіңіз келсе, кеңес беру орталығымен

өткізілетін жол жүру бағдарламасы туралы

программаға қатысыңыз). Сізге жақын АҚШ елшілігі

немесе консульдық бөлімі арыз беру барысы туралы

мәліметтермен апликациондық формалармен

қамтамасыз етеді. Елшілік және консульдық бөлім

телефонмен немесе ресми сайт арқылы сізге

мәліметтер бере алады. Осы топтаманың жолға

дайындық төртінші кітапшасында визаға арыз беру

барысы туралы нақты мәліметтер берілген. Бұл

кітапшаны АҚШ-та білім алу ресми сайтынан таба

аласыз http://www.educationusa.state.gov.

Визаны алуда үмітіңізді арттыру үшін, келесі

берілген кеңесті қолданыңыз:

• Жол сапарға шығар алдында екі ай бұрын визаға

арыз беру жұмысын бастаңыз

• Нәтижелі шешімді алу үшін керекті барлық

құжаттарды жинастырып қойыңыз.

• Сауалнама жүргізуге жақсы дайындалып

алғаныңызға сенімді болыңыз.

Студенттік визаға арыз беру:

Жетекші

Виза алу үшін сауалнамаға тіркелу алдында сіз I-901

формасының ақысын төлеуіңіз керек. Барлық

студенттер және академиялық емес мақсатпен елге

келуші студенттер өздерінің мәртебесіне

байланысты осы ақыны төлеуі тиіс, мысалы F пен M

студенттері және академиялық емес студенттер екі

жүз доллар төлейді. Төлем ақыны төлеу жолдары өте

көп, онлайн жүйесінде төлеуге болады. Ол үшін

https://www.fmjfee.com/i901fee/ сайтын қараңыз.

I-901 формасының ақысын төлеп болғаннан кейін, өз

еліңіздегі АҚШ елшілігімен немесе консулдық

бөлімімен хабарласып, сауалнамаға тіркеліп

қойыңыз. F-1 студенттік визаға арыз беру үшін сізде

сол уақытта әрекетті I-20 формасы болу керек, ал J-1

визасына арыз беру үшін DS 2019 формасы және M-1

үшін I-20M-N формасы болуы тиіс. Жоғарғы оқу орны

оқуға түсу үшін жіберілген құжаттарды қарастырып,

оқуға қабылдағаннан кейін сізге жарамды

формаларды жібереді. Құжаттарды қабылдағаннан

соң, келесі нұсқамаларды тексеріңіз:

• Сіздің аты жөніңіз паспортта жазылғандай дұрыс

көрсетілген бе? (Виза алу үшін толтырылатын

апликациондық формада дұрыс көрсеткеніңізге

сенімді болыңыз)

• Басқа берілген мәліметтер дұрыс па? Туған күніңіз,

туған еліңіз, қандай ғылыми дәрежесі, оқу орнында

тіркелу күні, оқу басталу уақыты мен біту уақыты

және қаражат туралы дәлелдеме құжат?

• Жоғарғы оқу орнының лауазымды тұлғасының

атынан қол қойылған ба?

• Оқу орнында тіркелу күні өтіп кетпеген бе (студент

белгілі уақыт ішінде тіркелуі тиіс)? Егер, тіркелу күні

өтіп кеткен жағдайда күнді жылжыта алмаған

жағдайда, жоғарғы оқу орнының лауазымды

тұлғасымен немесе жауапты бөлімшесімен

хабарласып, форманың басқа түрін сұрастырыңыз.

• Егер сіздің I-20, I-20M-N немес DS 2019 формаларың

жарамды болса, сіз виза алу үшін арыз бере аласыз.

Виза алу үшін, сауалнамаға тіркелу үшін келесі

құжаттарды тексеріп алыңыз: I-20 немесе DS 2019,

I-901 формалары, төлқұжатыңыз және сіздің қаражат

жағдайыңызды дәлелдейтін құжат.

60|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
11-тарау Студенттік виза және академиялық емес виза түрлері

Виза сауалнамасы бес минуттан артық болмайды,

сондықтан сіз қысқаша, бірақ нақты жауап беруіңіз

керек. Батылды болыңыз, шыңдықты жасырып,

өтірік айтпаңыз. Консул қызметкерлері

апликациондық форманы адал толтырмаған

адамдарды жылдам танып біле алады. Бұл өзіңіздің

өмір хикаяыңызды айтып беру мүмкіндігі деп

есептеңіз. Сізге виза ашып беру үшін, консул

қызметкерлері сізден үш сұрақтың жауабын білгісі

келеді:

• Бірінші, шынында да студентсіз бе? Консул

қызметкері сіздің барлық оқу тарихыңызды

қарастырып шығады, сіздің оқу жоспарларыңыз

қандай жоғары оқу орнында оқитыңыз, оқу

жылының соңына дейін осы оқу орнында болатыңыз

туралы сұрастыруы мүмкін. Сауалнама барысында

таңдаған жоғарғы оқу орны, болашақ мамандығыңыз

және болашақ жұмыс жоспарларыңыз туралы

әңгімелесуге дайын болыңыз. Өзіңізбен бірге мектеп

транскрипті, ұлттық емтихан қорытындысы,

SAT/ACT немесе ағылшын тілінен тест

қорытындылары және басқа да сіздің біліктілігіңізді

дәлелдейтін құжаттарды алып келіңіз.

• Екіншіден, сіз оқуыңызды қаржыландыра аласыз

ба? АҚШ үкіметі сіздің оқуды тастап кетіп, заңсыз

жұмыс істемейтіңізге сенімді болуы керек. Сіздің I-20

формасында кем дегенде бір жылдық оқу ақысы

және оны қалай төлеуге болатыны туралы

мәліметтер беріледі. Егер сіздің жанұяыңыз сізге

демеуші болса немесе жеке қаржыландырылатын

болса, сіздің демеушіңіз оқу ақысын төлей алатын

жағдайын қалай дәлелдейді? Егер де сіздің мыңдаған

доллар тұратын оқуыңыздың ақшасын атааналардан

басқа бөтен адам төлейтін болса, сіз сол

адаммен қандай байланыста екеніңізді түсіндіруіңіз

керек. Демеушіңіздің қаражатын дәлелдейтін

құжатты көрсетіңіз, әсіресе қаражат көзі және

қаражат табысы. Бұл консул қызметкерін сіздің төрт

жылдық оқуыңызды төлей алатын қорыңыз бар

екенін сендіреді. Егер сіздің демеушіңіздің табысы

бірнеше қаражат көздерінен келсе, (мысалы, айлық,

келісім, кеңес беру комиссиясы, ауылшаруашылық

табысы, жеке меншікті жалға беру, қаржыландыру)

демеушіңіз әрбір қаражат көздерінен келіп тұрған

табыс туралы арнайы хат жазу керек.

• Үшіншіден, Құрама Штаттарында қалмайтындай

сіздің өз еліңізбен байланысыңыз мықты ма? АҚШ

визасын ашу заңы, иммигранттық емес визаға арыз

берген адамдардың барлығын елде қалуға мақсат

қойған адам ретінде көруді талап етеді, сондықтан

консул қызметкерін сізде ондай мақсат жоқ екенін

сендіруіңіз қажет.

Жалпы айтқанда,Құрама Штаттарында қалғаннан,

сіздің елге оралуыңыздың орынды себептері бар

екенін дәлелдеуіңіз қажет. Құрама Штаттарында

уақытша қалуыңызды дәлелдейтін, өз еліңізден

сізбен тығыз байланыста болатын экономикалық,

жанұялық немесе қоғамдық байланыстар бар екенін

дәлелдейсіз. Экономикалық байланыс, бұл сіздің

жанұяыңыздың экономикалық жағдайы, Құрама

Штаттарына оқу мақсатымен бара жатқаныңызды

дәлелдейтін жанұя немесе қоғамдық байланыс.

Консул қызметкері сіздің болашақ жоспарыңызды

және елге оралғаннан кейін жұмысқа тұру сияқты

мақсаттарыңызды көріп сенуі мүмкін. Жанұя және

қоғамдық байланыс ретінде, консул қызметкері

сізден туысқан санын сұрастыруы мүмкін,

соншалықты туысқан санын Құрама Штаттарындағы

туысқан санымен салыстырады. Өзіңіздің еліңізді

жақсы көретіңізді дәлелдейтін қандай жергілікті

немесе мектеп шараларына қатыстыңыз? Елге

оралып, өз еліңіздің дамуына ат салысатын көсем

ретінде спорттық шараларда немесе басқа

мерекелерде қатыстыңыз ба?

Есіңізде болсын, егер сіз J-1 алсаңыз, Құрама

Штаттарынан елге оралғаннан кейін,өз еліңізде екі

жыл өткізбей иммигранттық визаны аша алмайсыз.

Егер сізге виза берілмесе

Егер апликантка виза ашылмаса, консул қызметкері

сізден жазбаша түрде түсініктеме сұрауы мүмкін.

Дегенмен, бұл-әдетте апликанттардың көп сұрақ

қоймау үшін қойылатын стандарттық жауабы. Сіз

екінші рет тапсырып көруіңізге құқығыңыз бар. Егер

сізге қайта тапсыруға мүмкіндік берсе, консулдық

қызметкер үшін сіздің бірінші рет сауалнамадан өте

алмағаныңыздың дәлелдемелері өте сенімді болу

керек, сондықтан дұрыстап дайындалып

барғаныңыз жөн .

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|61
11-тарау Студенттік виза және академиялық емес виза түрлері

Егер сіз оқу жоспарыңызда мақсаттарыңызды

ойластырып қойсаңыз, сіздің нақты мансап

жоспарыңыз болса, сіздің визаға арыз беру

мүмкіндігі оқуыңызда және өміріңізде келесі үлкен

қадамды жасауға сенім берсе, Құрама Штаттарының

университетінде оқуыңызды бастаңыз.

Түйіндеме

• Көптеген студенттер Құрама Штаттарына F-1

визасымен кіре алады,ал кейбір студенттер J-1

немесе M-1 визасымен де кіре алады.

• Өз еліңізде виза ашу үшін қойылатын талаптармен

таныс болыңыз, барлық құжаттарды алдын ала

дайындап қойыңыз.

• Арыз берер алдында I-20 формасын (J-1 визасы

үшін DS 2019 формасы,M-1 визасы үшін I-20M-

Nформасы) университеттен алғаныңызды және

дұрыс толтырылғанын тексеріп алыңыз.

• I-901 формасының ақысын төлеп, квитанциясын

алыңыз.

• Сауалнамаға барлық құжаттарыңызды

дайындаңыз. .

• Консулдық қызметкерге өзіңіздің оқуыңызды

қаржыландыра алатыңызды және өз еліңізбен тығыз

байланыс бар екенін дәлелдеңіз.

• Егер сіздін апликациондық формаңыз

қабылданбаса қайта арыз беруге құқығыңыз бар.

Бірақ сізге қайта тапсыруға мүмкіндік берсе,

консулдық қызметкер үшін сіздің бірінші рет

сауалнамадан өте алмағаныңыздың дәлелдемелері

өте сенімді болу керек

Пайдалы сайттар

Виза түрлері туралы мәліметтер

http://travel.state.gov/visa/temp/types/types_1270.ht

ml

Ішкі істер қауіпсіздігі (SEVP)

http://www.ice.gov/sevis/index.htm

62|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
12-тарау Университеттік өмір

Университеттік өмір

АҚШ колледждерінде қабылданғаныңызды

білгеннен бастап, шетелдік студенттің өмірінің

жоспарын құруға ең жақсы уақыт. Виза алудан бұрын

жасауға болатын заттар болғанымен,

жоспарларыңызды алдын ала жасап қойған дұрыс.

Бұл тарауда Құрама Штаттарына оралғаннан кейін

сізді не күтіп тұрғаны туралы ойланатын мәселелер

бар. Жол бағдарламасы туралы кеңестер кеңес беру

орталығында немесе осы топтаманың төртінші

кітапшасында бар.

АҚШ-та білім алу және өмір сүру

АҚШ-қа оралу

Жоғарғы оқу орнына қабылданған соң, сіз жаңа

жоғарғы оқу орны мен студенттік қалашыққа оралу

туралы мәліметтерді алуыңыз қажет. Бұл мәлімет

студенттік қалашықты қалай тез танып білу

жолдары туралы керек. Мүмкіндік болған жағдайда,

басқарма бөлімі ашық кезінде бір жетіге ертерек

келуіңізге болады.

Бейімделу

Көптеген АҚШ жоғарғы оқу орындары жабдықталған

студенттік қалашықпен таныс және Америка өміріне

бейімделу программасын ұйымдастырады.

Бейімделу программасы бір жеті және қосымша

ретінде жүргізіледі, бірақ барлық студенттерден

қатысуды талап етеді. Программа көптеген пайдалы

тақырыптарды қамтиды: кітапхананы қалай қолдану

қажет, денсаулық сақтау орталықтары, басқа қызмет

түрлері, сабақ кестесі, студентке не күту керек,

қосымша жүргізілетін жұмыстар, курстарға қалай

жазылу керек тағы да басқа тақырыптар. Осы

барлық мәліметтер АҚШ студенттік өміріне сініп

кетуіне үлкен көмек береді. Ариентация барысында

студенттік қалашықтағы басқа да шетелдік

студенттермен,

Құрама Штаттарында білім алғын келсе: Базалық университеттік білім|63
12 Тарау Университеттік өмір

жұмыс жасайтын қызметкерлермен танысасыз.

Әдетте, оларды «шетелдік студенттер кеңесшісі»

- деп атайды.

Шетелдік студенттер кеңесшілері (ISAs)

АҚШ университеттері шетелдік студенттерді

қабылдайтын болғандықтан, олар арнайы

студенттермен бірге жұмыс жасайтын, оқытылған

және үйретілген арнайы топ қызметкерлері бар.

Оларды әдетте шетелдік студенттер кеңесшілері деп

атайды. Сіз олардан қажетті жағдайда

мәселелеріңізді шешіп беру үшін немесе шетелдік

студент деген мәртебеңіз туралы сұрақтарыңыз

болса сұрауыңызға болады. Шетелдік студенттер

бөлімімен бірге олар оқу жыл бойы шетелдік

студенттерге әртүрлі қоғамдық немесе мәдениет

шараларын жүргізеді.

Куратор (AA)

Шетелдік студенттер кеңесшілеріне қосымша, сіздің

куратырыңыз болады. Куратор - көбінесе сіздің

мамандығыңыз бойынша бөлімшенің қызметкері. Сіз

куратырыңызбен курстарға жазылар алдында

кездесесіз, ол сізге мамандығыңыз бойынша диплом

алу үшін оқытылатын курстарды таңдауға

көмектеседі. Куратырыңызбен жоспарыңызды,

сұрақтарыңыз болса және алған бағаларыңыз туралы

талқылауға жиі кездесуге болады.

Университеттік тұрғын үй

Көптеген АҚШ университетерінде жаңа түскен

студенттер студенттік қалашықта тұрады.

Студенттерге университеттік жатақханада бір

бөлмені бөлісуіне немесе кем дегенде бір студентпен

пәтер жалдауға болады. Тұрғын үй іздестіру

қызметін көрсететін бөлімдер өзіңізге лайықты адам

табу үшін сізге бірнеше сұрақтар қою мүмкін. Әдетте

бөлмелер жиһазбен және телефонмен

жабдықталады. Жуынатын бөлмені екі адам бөліседі.

Егерде студенттік қалашықтан тыс үй табылса,

университеттен тыс тұруыңыз мүмкін, бірақ бір жыл

оқудан кейін рұқсат беріледі.

студенттердің мәдени тану немесе ерекше

қызығушылық танытатын шараларға қатысуына

байланысты қалашықтың арнаулы жерінде

орналасуы. Сізге бірінші курс студенті ретінде

қызығушылық таныттырады. АҚШ-тың студенттік

қалашығында шетелдік студенттер үйі, Неміс тілі

үйі, Афро-Американдық үй немесе Қоршаған орта үйі

орналасуы мүмкін.

Ақша және Банк қызметтері

АҚШ-та банктер ұлттық, аймақтық, штаттық және

қалалық болып бөлінеді. Кейбірі университететер

өздернінің банк қызметтерін ұсынады. Есепшот

ашарда сіздің тұрып жатқан жеріңізге және оқып

жатқан жеріңізге қай банк жақын екенін зерттеп

алыңыз. Шетелге келгенде есепшотты ашу қиындау

болу мүмкін. Сондықтан, өз еліңіздің есепшотын

ашып жаңа есепшотқа ақшаңызды ауыстырып

алғанша, өзіңізге жеткілікті ақша алып келгеніңіз

жөн.

Денсаулық сақтау полисі

Шетелдік студент болғандықтан Құрама

Штаттарында болған уақытыңызда денсаулық

сақтау полисіңіз міндетті түрде болу керек. АҚШ

университеттерінде денсаулық сақтау полисі

міндетті түрде болуы тиіс, сондықтан сіз оны

университет жанынан ала аласыз, немесе басқа

жерден де алуыңызға болады, бірақ университет

қойған талаптарға сай болу керек. Денсаулық сақтау

полисі әртүрлі болып келеді. Шетелдік студенттер

кеңесшісі сізге қай полис тиімді екеніне түсіндіріп,

таңдап бере алады. Өз еліңізден студенттік

қалашыққа дейінгі жол сапарға шығар алдында

өзіңізді сақтандыруды ұмытып кетпеңіз.

Қатынасу, мәдениет шаралары және көңіл көтеру

«Студенттік кампуста мен футбол клубына

жазылдым, бұдан да ақылды іс істемеген шығармын.

Себебі,клуб маған жаңа достарды тез табуда үлкен

көмек болды және Құрама Штаттарды тегін аралап

саяхаттауға мүмкіндік берді»

АҚШ университетінің тұрғын үй ерекшілігі-олардың

сіздің талабыңызға сай құрылуы. Мысалы,

64|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім

- Ұлыбританиядан Химия факультетінің студенті
12-тарау Университеттік өмір

Көптеген студенттік қалашықта әртүрлі іс-шаралар

өткізіледі және бұл сізге жаңа достар табуға үлкен

мүмкіндік. Сіз студенттік радио және теледидар

станциясы, университет газетасы, спорт

командалары, және қоғамдық клубтарда уақытты

қызықты, өзіңізге пайдалы өткізесіз. Олардың

барлығы әрқашанда жаңа студенттерді қуанышпен

қарсы алады. Бұған қоса университетте халықаралық

қоғамдастық, ер адамдар бірлестігі және әйел

адамдар бірлестігі де болады. Көптеген студенттік

қалашықта «Студенттік іс-шаралар офисі» болады,

олар қалашықта не болып жатқаны туралы

барлығын айтып бере алады.

Түйіндеме

• АҚШ университетіне қабылдансаң топтаманың

төртінші кітапшасын оқи бастаңыз.

• Студенттерге арналған бейімделу программасына

үлгеру үшін, университетке уақытында оралу

жоспарын құрыңыз.

• Студенттер көмек бере алатын және шараларды

ұйымдастыратын шетелдік студенттер

кеңесшілерімен танысыңыз.

• Сіздің куратырыңыз оқу мәселелеріне байланысты

сұрақтарыңызға жауап бере алады.

• Тұрғын үй қызметімен айналысатын офиспен

хабарласыңыз. Бірінші оқу жыл бойы сіз бір бөлмені

басқа студенттермен бөлісіп тұрасыз, ал екінші

курстан кейін университеттен тыс тұруға болады.

• АҚШ банкінен есепшот ашып, өз есепшотыңыздан

ақша аударғанша өмір сүруге жететін ақша ала

жүріңіз.

• Шетелдік студенттердін өз елінен кетіп, қайтып

келгеніне дейін қолданылатын денсаулық сақтау

полисі болуы тиіс.

• Студенттік қалашықтағы студенттік іс-шаралар

офисі сізге университетте қандай ұйымдар бар

екенін айтып бере алады. Ұйымдарға қатысу сізге

жаңа достармен танысуға және американдық өмірді

түсінуге мүмкндік береді.

Пайдалы сайттар

Жолға дайындық: Құрама Штаттарындағы өмір және

оқу туралы тәжірибелік мәліметтер

EducationUSA сайтында

(www.educationusa.state.gov)

Американдық өмір

http://www.america.gov/amlife/ education

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|65
Глоссарий

Глоссарий

Academic Adviser (AA) (Куратор): Жоғарғы оқу орнынын профессор-оқытушылар құрамы, оқу мәселелерін

шешуге көмек беретін студенттердің кеңесшілері.

Academic Year (оқу жылы): қыркүйек айынан мамыр айына дейін толық оқу жылы. Оқу жылы бірнеше

бөлікке бөліну мүмкін, семестр, триместр немесе тоқсан.

Accreditation (аккредитация): жергілікті аккредитациялау бөлімдерімен немесе кәсіптік қоғамдастықтың

тағайындауымен жоғарғы оқу орындарын бекіту.

ACT University-Entrance Exam (университетке қабылдау тесті): базалық университетке білім алу үшін,

ағылшын тілі, математика, оқу қабілеті және жаралыстану пәндері бойынша қабылдану тесті.

Add/Drop (таңдау/алып тастау): оқу жылының басында оқутышының рұқсатымен пәндерді таңдау және

алып тастау.

Advance Registration (алдын ала тіркелу): басқа студенттерге қарағанда пәндерді алдын ала таңдап қою.

Affdavit of Support (қаражат кепілдемесі): мекеменің немесе жеке адамның атынан қаржыландыру туралы

дәлелдеме құжаты.

Assistantship (мұғалім көмекшісі): зертханада зерттеуге көмек болатын жұмыстарды атқаратын мұғалім

-көмекші. Магистрлік программамен оқитын студенттерге қаржы көзі болып табылады.

Associate Degree (бакалавр дәрежесіне кандидат немесе сертификат): екі жылдық оқудан кейін ие

болатын дәреже.

Attestation (аттестация): ғылыми дәрежені немесе транскрипті түпнұсқа екенін ресми түрде дәлелдеу. Әдетте

куәгерлермен немесе сарапшылармен куәландіріледі.

66|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Глоссарий

Audit (аудит): ғылыми дәрежені алу барысында курстарды кредитсіз оқу.

Authentication (түпнұсқа): Құжаттың түпнұсқасы. Құрама Штаттарына оқуға түсерде студенттерден оқу

транскрипт немесе дипломның түпнұсқасы сұралады.

Bachelor’s Degree (бакалавр ғылыми дәреже): гуманитарлық немесе жаралыстану ғылымдары бойынша

төрт жылдық толық оқуды бітіргеннен кейін берілетін ғылыми деңгей.

Class Rank (көрсеткіш): студенттін соңғы жылда оқылған оқудын саны немесе сәйкестік көрсеткіші. Мысалы,

студент 100 сабақтың біреуіне қатысса оның сабаққа қатысым көрсеткіші 1/100 болып есептеледі. Студенттер

соңғы көрсеткішке 100/100 дейін жетуі тиіс. Оқу пайыздық көрсеткішпен де есептееді (мысалы, 50 пайыздан

25 пайызы төмен).

Coed: ер адамдар мен әйел адамдарды да қабылдай беретін колледждер немесе университеттер. Көбінесе

жатақхана өмірінде көп қолданылады.

College (колледж): базалық университеттік білімге негіз болатын, орта білімнен кейін жоғарғы білім, кей

жағдайды магистрлік ғылыми дәреже есебіне жатқызылады. Ал «колледж» сөзін жеке қарастырсақ,

университеттің бір бөлігі болып келеді, мысалы, Бизнес Колледжі.

College Catalog (колледж каталогы): белгілі жоғарғы оқу орнының программалары, қабылдану талаптары,

жабдықтану деңгейі туралы толық мәлімет беретін ресми басылым.

Core Requirements (негізгі талаптар): жоғарғы оқу орнын бітіру үшін талап етілетін басты курстар.

Course (курсы): белгілі оқу барысында аптасына бесрет немесе одан да көп кесте бойынша өткізілетін сабақ.

Негізгі курстар немесе басты курстарды таңдау тізімі әр жоғарғы оқу орнында әр түрлі.

Credits (кредит): оқу талаптары бойынша қойылатын курстарды оқып бітірген үшін берілетін бірліктер, яғни

кредит саны. Әдетте жоғарғы оқу орнының каталогында кредиттерге қойылатын талаптар көрсетіледі.

Day Student (күндізгі студент): колледждің қарауына бағынбайтын тұрғын үйлерде тұратын студенттер

және күн сайын сабаққа қатысу үшін студенттік қалашыққа жол жүріп тұратын студенттер.

Degree (ғылыми дәреже): колледжді, университетті немесе кәсіптік жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін

студентке берілетін ғылыми деңгей.

Department (факултет): белгілі мамандық бойынша барлық нұсқаларды беретін жоғарғы оқу орнының бір

бөлімі.

Dissertation (диссертация): белгілі тақырып бойынша зерттеу жүргізу, әдетте докторлық деңгейді алу үшін

қойылатын талаптардың бірі.

Doctorate (Ph.D.) (докторантура): бакалавр дәрежесі және магистратура дәрежесінен бөлек кем дегенде үш

жылдық оқуды бітірген университет студенттеріне берілетін соңғы дәреже. Қосымша, студенттер өз білімін

жазбаша және ауызша түрде емтихан бойынша көрсете алуы тиіс және белгілі тақырып бойынша диссертация

зерттеу жұмысын көрсету керек.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|67
Глоссарий

Dormitories (жатақхана): колледж немесе университет студенттеріне арнайы қалашықта жабдықталған

тұрғын үйлер. Әр жатақханада әдетте студент бөлмесі, жуынатын бөлме, ортақ бөлме болады және дәмхана

болуы мүмкін. Қысқаша жатақхананы ағылшын тілінде “dorms” деп атайды.

Electives (таңдаулы курстар): кредит жинау үшін студенттің өз бетіне таңдаған курстар. Негізгі курстардан

бөлек қарастырылады.

Extracurricular Activities (оқудан тыс шаралар): оқудан тыс, яғни жалпы пәндерден тыс өткізілетін шаралар.

Faculty (факультет): колледждерде және университеттерде сабақ беретін оқытушылар. Оқытушылар тізіміне

профессорлар, профессор көмекшілері және мұғалімдер кіреді.

Fees (қосымша шығын): оқу ақысына қосымша жоғарғы оқу орнының қызметтері үшін төленетін ақы.

Fellowship (қаржылай көмек): магистрлік программа бойынша оқып жатқан студенттерге қаржылай көмек

мүмкіндігі.

Final Exam (соңғы емтихан): курс бойы оқылған жалпы, пәндер бойынша барлық материалдар толық

игерілгенін тексеретін арнайы емтихандар.

Financial aid (қаржылай көмек): қаржылай көмек түрлері; ақша, несие, және жалпы қаражат студенттің оқу

ақысын, өмір сүру шығындарын өтеу үшін ұсынылатын жұмыс және оқу программасы.

Fraternities (ер адамдар ағайындыстығы): студенттік қалашықта құрылатын арнайы ер адамдардан

тұратын қауымдастықтар.

Freshman (бірінші курс студенті): орта мектепте, колледж немесе университеттегі бірінші курс студенттері.

Grade/Grading S1ystem (бағалау жүйесі): студенттің сабақ жұмысын бағалау.

Grade Point Average(GPA) (орташа балл): әрбір алынған курстар бойынша орташа баға есептеу жүйесі.

Graduate (түлек): орта мектебінде немесе колледжде оқу жылын бітірген студенттер.

High School (орта мектеп): АҚШ-тың білім саласында жиі кездесетін термин.

Honors Program (үздік студенттерге арналған программалар): жоғары көрсеткіші бар студенттердің

тәжірибе алу программасы.

International English Language Testing System (IELTS) (Халықаралық ағылшын тілінен тест жүйесі): ана

тілі ағылшын тіл емес студенттерге және тіл қабылетін дәлелдейтін тест.

International Student Adviser (ISA) (шетелдік студенттердің кеңесшілері): Мемелекет құрылымы, виза, оқу

жоспары, қоғамдық қызметтер, тіл, қаржы немесе тұрғын үй мәселелері, саяхат жоспары, сақтандыру полисі

және басқа мәселелер туралы мәлімет беруге міндетті университет қызметкері.

Junior (үшінші курс студенті): университет, колледж немесе орта мектептің үшінші курс студенті.

68|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Глоссарий

Liberal Arts (гуманитарлық ғылымдар): студенттін жазбаша және сөйлеу қабілеттерін дамыту мақсатымен

қойылатын гуманитарлық, қоғамдық және физика ғылымдарымен байланысты оқу пәндері.

Maintenance (тіршілік құралы): университетте оқу, бөлме жалдау және тамақтану, кітап, киім , қатынау және

қосымша шығындары.

Major (мамандықтың басты пәні): студенттің ең көп көңіл бөлетін пәні.

Master’s Degree(магистр дәрежесі): бакалавр дәрежесінен кейін кем дегенде екі жылдық оқуды талаптарға

сай бітіріп ие болатын ғылми дәреже.

Midterm Exam(семестр ортасындағы емтихан): оқу жылының жартысын оқып бітірген материалдардың

барлығын қайта бағалау емтиханы.

Minor(екінші мамандық пәндері): екінші мамандық бойынша алынатын курстар бойынша пәндер тізімі.

Non-resident Student (Штат тұрғыны болып есептелмейтін студент): Штаттын тұрғындарына қойылатын

талаптарға сай бола алмайтын студент. Оқу ақысы және қабылдау талаптары тұрғын және тұрғын емес

студенттердің арасында өзгеше болып келеді. Шетелдік студенттер уақытша тұрғын болып есептеледі, бірақ

біршама уақыттан кейін тұрғын атағын алуға студенттің мүмкіндігі болады. Содан кейін олар оқу төлем

ақысын төмен ақымен төлей алады.

Notarization(құжаттарды куәландыру): қуәлік құжаттарды (арыз немесе қол қою) дәлелдейтін қоғам

қызметкері(АҚШ-та қоғамдық нотариус деп атайды) немесе заңгер.

Placement Test (қабылдау тесті): студенттің оқу қабілетін тексеретін және белгілі курстарға қабылдау

мақсатында өткізілетін емтихан. Кейбір жағдайда, студент қабылдау тестінің орнына білім алған пәндері

бойынша кредит санын көрсете алады.

Prerequisites (бас пәндер): келесі курсқа көшу үшін студенттің таңдайтын басты пәндері.

Registration(тіркелу): тоқсан, семестр немесе триместр бойы студенттің курстарды таңдау барысы.

Resident Assistant (RA)(жатақхана комендатынын көмекшісі): жатақханадағы күнделікті мәселелерін

және студенттермен байланысу жұмыстарын атқаратын комендант көмекшісі. Әдетте бұл жұмысты

атқаратын студенттерге тегін жатақхана бөлмесі немесе басқа да жеңілдіктер көрсетіледі.

Scholarship(стипендия): базалық университеттік білім алуда оқудың төлем ақысын өтеуге көмек болатын,

қаржылай көмек немесе грант.

SAT(тест): математика пәні бойынша ағылшын тілінде өткізілетін,базалық университеттік білім алу үшін

қабылдау тестерінің бір түрі.

School(мектеп): әдетте орта мектеп атауына сай болып келеді, бірақ колледж, университет немесе институт

және бір ғылым саласы бойынша, мысалы, заң мектебі сияқты атаулардың орнына қолданылады.

Semester (семестр): 15 аптадан 16 аптаға дейін созылатын немесе жарты жылдық оқу жылы мерзімі.

Senior (төртінші курс студенттері): университет, колледж немесе орта мектептін төртінші курс студенттері.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|69
Глоссарий

Social Security Number (SSN) (қоғамдық сақтандыру полисі): АҚШ мемлекетімен пенсия, және инвалидтік

жәрдемақы көмек көрсету үшін талап етілетін нөмір жинағы. Әр жұмыс істейтін азамат осы полиске ие болуы

тиіс. Көптеген жоғарғы оқу орны студенттің сәйкестік нөмірін осы полиске сай береді.

Sophomore(екінші курс студенті): университет, колледж немесе орта мектептің екінші курс студенттері.

Sororities(әйел адамдар қоғамдастығы): студенттік қалашықта құрылатын әйел адамдар қоғамдастығы.

Special student(ерекше студент): дәреже алу үшін оқитын программаға енгізілмеген, бірақ курстарды оқып

жатқан студенттер.

Student and Exchange Visitor Information System (SEVIS) (Студенттік және академиялық емес студенттер

туралы ақпараттық жүйе): студенттер мен басқа программа бойынша Құрама Штаттарында тұрып жатқан

және оқу жылы бойына интернет жүйесі арқылы бақыланатын мәлімет қоры. АҚШ мемлекетінін ішкі істер

қызметімен бақыланатын, студент және академиялық емес программаның бір бөлігі болып есептеледі.

Syllabus(оқу жоспары): оқу курстары бойынша құрылатын тақырып тізімі.

Teaching Assistant (TA)(оқытушы көмекшісі): магистратура студенттері бакалавр студенттеріне сабақ беру

арқылы университеттен қаржылай көмек алу мүмкіндігі.

Test of English as a Foreign Language (TOEFL)( Шет тілі ретінде оқытылатын ағылшын тілінен тест):

ағылшын тілі ана тілі емес студенттердін, ағылшын тілінен қабілетін тексеретін тест.

Thesis(тезиз): бакалавр немесе магистрлік дәрежесіне ие болатын студенттердің жазбаша түрде көрсетілетін

белгілі салада зерттеу жұмысының тақырыбы.

Transcripts(транскрипт): студенттің білім деңгейін дәлелдейтін куәландырылған құжат.

Transfer(ауысу): ғылыми деңгейге ие болу үшін бір университеттен екінші университетке ауысу барысы.

Tuition(оқу төлем ақысы): оқу ақысы ретінде төленетін қаражат.

University(университет): бакалавр және магистратура программалары бойынша білім беретін жоғарғы оқу

орны.

Zip Code (индекс): Құрама Штаттары бойынша пошта қызметі үшін мекен-жай көрсететін нөмер.

70|Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Библиография

General Guides to Colleges Barron’s Profles of American Colleges. Published annually.

Barron’s Educational Series, Hauppauge, NY.

The College Board College Handbook. Published annually.

The College Board, New York, NY.

The College Board Index of Majors and Graduate Degrees.

Published annually. The College Board, New York, NY.

The College Board International Student Handbook. Published annually. The College Board,

New York, NY.

The College Solution: A Guide for Everyone Looking for the Right School at the Right Price.

2008. Lynn O’Shaughnessy, FT Press, Upper Saddle River, NJ.

Peterson’s Colleges and Universities in the U.S.A. — The Complete Guide for

International Students. 1998. Peterson’s, Princeton, NJ.

Peterson’s Four-Year Colleges. Published annually. Peterson’s, Princeton, NJ.

Peterson’s Guide to Distance Learning Programs. 2005. Peterson’s, Princeton, NJ.

Peterson’s Two-Year Colleges. Published annually. Peterson’s, Princeton, NJ.

Peterson’s Vocational and Technical Schools Set. 2008. Peter-son’s, Princeton, NJ.

Choosing and Applying to U.S. Universities101 Ways to Become the Perfect College

Applicant. 2007. Jeanine LeNy, Kaplan, Inc., New York, NY.

The Best 371 Colleges, 2010 Edition, 2009. Princeton Review Publishing, LLC, New York, NY.

Brody’s Guide to the College Admissions Essay. 2005. Jay Brody and Toby Stock, iUniverse,

Lincoln, NE.

Choose the Right College and Get Accepted. 2003. Students Helping Students, Prentice Hall

Press, New York, N.Y.

The College Handbook for Transfer Students. 1999. The College Board, New York, NY. (out of

print)

Do It Write: How to Prepare a Great College Application. 2009.

G. Gary Ripple, Octameron Associates, Alexandria, VA.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|71
Библиография

Get It Together for College: A Planner to Help You Get Organized and Get In. 2008.

The College Board, New York, NY.

Going To College: Expanding Opportunities for People with Disabilities. 2005. Elizabeth Evans

Getzel and Paul Wehman, Brookes Publishing, Baltimore, MD.

Goof-Proof College Admissions Essays. 2003. LearningExpress, LLC, New York,

NY.

McGraw-Hill’s Writing an Outstanding College Application Essay. 2005.

Estelle Rankin and Barbara Murphy, The McGraw-Hill Companies, Inc., New York,

NY.

Peterson’s Colleges with Programs for Students with Learning Disabilities or

Attention Defcit Disorders. 1997. Charles T.

Mangrum and Stephen S. Strichart, Peterson’s, Princeton, NJ.

US News and World Report America’s Best Colleges. Published annually. US News and World

Report, Washington, DC.Writing a Winning College Application Essay. 1996. Wilma Davidson and

Susan McCloskey, Peterson’s, Princeton, NJ.

Financial Aid

The Athletic Recruiting & Scholarship Guide. 2005. Wayne

Mazzoni, Mazz Marketing, Inc., Black Rock, CT.

The College Board Scholarship Handbook. Published annually.

The College Board, New York, NY.

Funding for United States Study 2007-2008: A Guide for International Students and Professionals.

2007. Daniel Obst, Editor, Institute of International Education, New York, NY.

Peterson’s Scholarships and College Athletic Programs. 2004.

Peterson’s, Princeton, NJ.

Peterson’s Scholarships for Study in the USA and Canada.

1999. Peterson’s, Princeton, NJ.

72| Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім
Библиография

Princeton Review: Student Athlete’s Guide to College. 1999.

Hilary Abramson, Princeton Review Publishing, LLC, New York, NY.

Student Athlete Handbook for the 21st Century: A Guide to Recruiting, Scholarships, and Prepping

for College. 2006. Christine Grimes, Lulu Enterprises, Inc., Raleigh, NC.

Pre-Departure Guides

Getting Ready to Go: Practical Information for Living and Studying in the United States (Booklet

Four of this series), available on the Internet at http://www.educationusa.state.gov

International Student’s Guide to the USA. 1998. Ian Jacobs and Ellen Shatswell, Princeton Review

Publishing, LLC,

New York, NY.

NAFSA’s International Student Handbook: The EssentiaGuide to University Study in the USA.

2001. NAFSA: Association of International Educators, Washington, DC.The Ultimate College

Survival Guide. 2009. Janet Farrar Worthington and Ronald Farrar, Peterson’s, Princeton, NJ.

Құрама Штаттарында білім алғың келсе: Негізгі университеттік білім|73