23.11.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 23 қараша, сейсенбі, 2021 жыл БАҒДАР

SARYARQA SAMALY

Өңір тұрғындарының

әл-ауқаты - басты назарда

Бүгінде «Nur Otan» партиясының маңызды міндеті сайлауалды бағдарламаны тиімді іске асыру

болып табылады. Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуы партия Төрағасы, ҚР Тұңғыш

Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Партия ел экономикасының

тұрақты дамуы, халықтың сапалы өмір сүру деңгейі үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.

Сайлауалды бағдарламаның Жол карталарын орындау өңірлердегі атқарушы билік қызметінің

басымдығы болып табылады. Павлодар облысында бұған үлкен көңіл бөлінуде.

Біздің өңір - Қазақстанның дамыған индустриялық облыстарының бірі. Тарихи тұрғыдан мұнда

бірегей өндірістері бар өнеркәсіптік орталық құрылды. Қазақстанның үдемелі инновациялықиндустриялық

даму бағдарламасы шеңберіндегі серпінді жобалардың басым бөлігі облыста іске

асырылады, өйткені мұнда су, энергия, шикізат, инфрақұрылым және көлік логистикасы бар.

446 миллиард

инвестиция

«Nur Otan» партиясының соңғы сайлауалды

науқаны барысында «Өзгерістер

жолы: әркімге лайықты өмір!» бағдарламасы

бекітілді. Оның негізіне инфрақұрылымды,

агроөнеркәсіптік кешенді, денсаулық сақтау

мен білім беруді дамыту, тұрғын үймен және

таза ауызсумен қамтамасыз ету, жолдарды

жөндеу және басқа да маңызды бағыттар

кірді. Павлодар облысында 13 аумақтық

және 1 аймақтық сайлауалды бағдарлама

жүзеге асырылуда, 14 жол картасы бекітілді.

Олардың орындалуын барлық деңгейдегі

мәслихаттарда партия атынан өкілдік ететін

депутаттар бақылайды.

Сайлауалды бағдарламаны орындаудың

негізгі шарттарының бірі инвестицияларды

тарту болып табылады. Павлодар облысында

шамамен 446 миллиард 445 миллион теңге

инвестиция тартылды, олардың есебінен

4 мың жаңа жұмыс орындарын құрумен

12 ірі жоба іске асырылды. Тек аграрлық

секторда ғана 30 инвестициялық жоба жүзеге

асырылды. Бұл жалпы инвестиция көлемі

50 миллиард теңге болатын 8 жаңа нысанды

пайдалануға беруге мүмкіндік берді.

Мысалы, Жетекші ауылында «Павлодар

Құс» ЖШС құс фабрикасы өз қуаттылығын

арттырды. Бүгінде мұнда жылына 400 мың

бас құс пен 63 миллион жұмыртқа өндіре

алады.

«Ақтоғай Агро» ЖШС-нде тауарлы сүт

фермасының (ТСФ) құрылысы жалғасуда.

Оған әрқайсысы 500 орындық екі сарай,

заманауи сауу залы және астық қоймасы

кіреді. ТСФ ұстау үшін кәсіпорынның

3 мың гектар алаңда көкөніс және жем-шөп

дақылдарын өсіретін қуатты жем-шөп базасы

бар. Мал азығын дайындауды ескере отырып,

ЖШС-де 80-ге жуық жаңа жұмыс орнын

ашу жоспарлануда, олар жақын маңдағы

ауыл тұрғындарын жұмысқа алады.

Жақында Павлодар қаласының маңында

күркетауық етін өндіретін кәсіпорын іске

қосылды. «Turkey PVL» ЖШС жылына 8 мың

тонна құс етін шығара алады. Бұл өңірдің

құс етімен қамтамасыз етілуін 110%-ға дейін

арттыруға мүмкіндік береді.

Табысты жыл

Биыл 30 жылда алғаш рет өңірде бір

миллион тоннадан астам дәнді дақылдар

өсірілді. Бұдан басқа, павлодарлық фермерлер

рекордтық 600 мың тонна картоп алды

және Қазақстандағы осы дақылдың барлық

алаңдарының 54%-ын өңдеп, қарақұмық егу

көлемі бойынша республикада көш бастап

тұр. Мұндай нәтижелерге суармалы егіншілікті

дамыту мен агротехнологияларды енгізудің

арқасында қол жеткізілді.

Аудандар бойынша сапарлар барысында,

шаруа қожалықтарының басшыларымен

кездесу кезінде фермерлер өз жұмысындағы

жаңалықтар туралы айтып берді. Мәселен,

«Три К» шаруа қожалығының басшысы Оразалы

Атимов биыл алғаш рет 630 гектар алқапты

суаруға арналған суару жүйесін сынақтан

өткізді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығы

кәсіпорындары жиналатын өнім мөлшерін

едәуір арттырды. Әдетте маусым айында

халық үшін де, үй малы үшін де ешқандай

қызығушылық тудырмайтын жайылымдық

жердің шағын учаскесінің есебінен ол 350

миллион теңгеге өнім алды. Алдағы жылдары

ШҚ басшысы тағы екі мың гектар суаруды

енгізуді жоспарлап отыр.

«Оразбаев» шаруа қожалығында да үлкен

өзгерістер күтілуде. Бүгінде олардың жерлеріне

5,2 шақырым электр желісі және 3,2 шақырым

су құбыры тартылды. Келесі көктемде 280

гектар суармалы жерді пайдалануға беру

үшін биылғы жыл соңына дейін сорғы орнату

жоспарлануда. Сапалы жем-шөп базасын

алып, шаруашылықта 620 басқа арналған

тауарлы сүт фермасының құрылысын бастауға

ниеттіміз.

Жалпы, павлодарлық аграршылар өтіп бара

жатқан жылды табысты жыл деп атады. Бұл

туралы статистика да айтады. Егер 2019 жылы

өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніндегі жалпы

өнім көлемі 255 миллиард теңгені құраса,

биылғы жылға болжам - 350 миллиард теңге.

Қазақстанның

индустриалды жүрегі

Тәуелсіздік жылдарында облыста «Кастинг»

ЖШС ҚФ (болат құю, прокат), «Казэнергокабель»

АҚ (сымдар мен кабельдер),

«Ангренсор» ЖШС сияқты жаңа ірі және орта

өнеркәсіптік кәсіпорындар ашылды. Облыста

бұрын Қазақстанда болмаған өндіріс іске

қосылды. Бұл - «Қазақстан электролиз зауыты»

АҚ бастапқы алюминийін, «KSP Steel» ЖШС

жіксіз құбырларын, «Каустик» АҚ каустикалық

сода мен сұйық хлорын, «Компания Нефтехим

LTD» ЖШС МТБЭ мен полипропилен, «Проммашкомплект»

ЖШС бағыттамалы бұрмалары

мен теміржол дөңгелектерін, «Казэнергокабель»

АҚ алюминий созбасын шығаратын

зауыттар.

Өңдеуші секторда «Kazcenosphere’s» ЖШС

алюмосиликатты микросфераны өндіру бойынша

жобаны іске қосты. Жобаға 2,3 миллиард

теңге инвестиция салынып, кәсіпорында 40

жаңа жұмыс орны ашылды. Павлодар облысында

композиттік коагулянттар өндірісі де

іске қосылды. «ASCOR» ЖШС жобасының

құны - 1 миллиард теңге. Бұл коагуляция

және тежеу процестерін қалыптастыру үшін

химиялық өнімдерді өндірумен, жеткізумен

және сатумен айналысатын, жас дамып келе

жатқан кәсіпорын. Қазір олар коррозия мен

тұздану ингибиторларының өндірісін игеруде,

сонымен қатар өндірістік және ағынды суларды

тазартудың инновациялық технологияларын

әзірлеу және енгізу бойынша зерттеулер

жүргізуде.

Теміржол машинасын жасау біздің

өндірісіміздің локомотивіне айналуда. Темір

жол біліктері мен доңғалақ жұптарын өндіретін

«R.W.S Wheelset» ЖШС Екібастұз зауыты

4 миллиард теңгеге өз өнімін сатты. Бұл

кәсіпорын жоғары технологиялық өңдеу

және өлшеу жабдықтарының кешені болып

табылады. Индустрияландыру картасының

жобаларын іске асыру бұрын шығарылмаған,

соның ішінде экспортқа бағдарланған өнімнің

шамамен 70 жаңа түрін өндіруді ұйымдастыруға

мүмкіндік берді.

Соңғы жылдары өңірлік экспорт номенклатурасы

мынадай өнімдермен толықтырылды:

алюминий, оның ішінде легирленген, алюминийден

жасалған автомобиль дискілері, жіксіз

құбырлар, полипропилен, полипропилен қаптар,

хлор, қыздырылған кокс, катодты мыс, тұтас

таптамалы теміржол дөңгелектері, құрылыс

материалдары, майлау материалдары. Бұл

тауарларды өткізу нарығы Ресей, Қытай,

Тәжікстан, Қырғызстан болып табылады.

Моноқалалар - өсудің

жаңа нүктесі

Екібастұздағы теміржол өндірісі

туралы айта отырып, Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында онда

жұмыс сапарымен болғанын еске түсірген

абзал. Президент моноқалаларды дамыту

жөнінде республикалық кеңес өткізіп,

Екібастұздың одан әрі даму перспективалары

туралы білді. Бүгінгі таңда қаланың

өңдеу өнеркәсібі негізінен машина жасау

болып табылады. 2020 жылдың қорытындысы

бойынша оның үлесі 87%-ды құрады. Екібастұз

машина жасау саласы бұл, ең алдымен бес

кәсіпорыннан тұратын теміржол кластері.

Жалпы республикалық темір жол машинасын

жасаудың 73%-ы нақ осы жерде шоғырланған.

Екібастұз экономикасының одан әрі өсуін

біз нақ осы кластердің дамуымен байланыстырамыз.

Кеншілер қаласының болашағы жоғары

бөліністегі көмір өнімінің өндірісін ұйымдастыра

алатынымызға да байланысты. Ол үшін

қазақстандық ғалымдармен бірлесіп көмір

химиясы ғылыми-зерттеу орталығы құрылды.

Біз сондай-ақ Екібастұзда жаңа мамандар

дайындауды жоспарлап отырмыз. Өйткені

2025 жылға дейін қалада 16,5 мың жұмыс

орны, оның ішінде 14 мың тұрақты жұмыс

орны ашылады деп күтілуде.

Екібастұзда жайлы қалалық орта құру

үшін бірқатар экологиялық мәселелерді

шешу қажет. Өнеркәсіптік шығарындылардың

көлемін азайту үшін электр станцияларындағы

сүзгілерді жыл сайын жөндеуді, жылына

кемінде 4 мың ағаш пен бұта отырғызуды,

сондай-ақ Екібастұздың айналасында жасыл

белдеу құруды қамтитын шаралар кешені

қабылданатын болады.

Қазіргі бизнес

тұжырымдамасы

Кәсіпкерлікті одан әрі үдемелі дамыту

шеңберінде қазақстандық кәсіпорындарды

қолдауға, нарықта сұранысқа ие жаңа өнім

шығаруға баса назар аударылды. 2005-

2021 жылдар кезеңінде шағын және орта

кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны

2,2 есе өсті (21,6-дан 46,6 мың бірлікке дейін).

Осы жылдың басында Павлодар облысында

«Business Ertis» жобасы іске қосылды. Осы

бағдарламаны іске асырудың арқасында өңірде

өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда

«Бизнестің жол картасы – 2025» бойынша

жобалар үш есе көп қолдау тапты. Бұл жерде

жалпы сомасы 7,6 миллиард теңгені құрайтын

1312 жоба сөз болып отыр. «Қарапайым

заттар» экономикасы бағдарламасы бойынша

Павлодар облысында 7,4 миллиард теңгенің

47 жобасы мақұлданды. Ал «Еңбек» бағдарламасы

аясында нәтижелі жұмыспен қамтуды

және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша

мемлекеттен 64 кәсіпкерге 545 миллион

теңгеге несие берілді.

Ауылдың екінші

тынысы

Павлодар облысы тұрғындарының үштен

бір бөлігі - ауыл тұрғындары. Сондықтан

біз үшін қалалық және ауылдық жерлерде

инфрақұрылыммен қамтамасыз етудегі

алшақтықты барынша қысқарту маңызды.

Биыл өңірде сумен жабдықтау желілерін қайта

құру және салу бойынша 40 жоба жұмыс

істеуде. Осы жобалардың 34-і ауылдарда

жүзеге асырылады. Бұл ауыл тұрғындарының

сапалы ауызсуға қолжетімділігін 94,7%-ға

дейін арттыруға мүмкіндік береді.

«Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасының

арқасында Павлодар облысының

ауылдарында әлеуметтік игіліктермен қамтамасыз

ету айтарлықтай жақсарды. 2021

жылы жоба есебінен жалпы саны 25 мың

адам тұратын 22 ауыл жаңғыртыла бастады.

70 жобаны жүзеге асыру үшін бюджеттен

5 миллиард теңге бөлінді. 10 айдың қорытындысы

бойынша 61 нысанда жұмыстар аяқталды

және Павлодар облысы 87% үлесімен осы

көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. 1,6 мың

оқушы үшін 10 мектеп жөнделді. Ямышев

және Қызылжар ауылдарында мәдениет

үйлерінің құрылысы мен қайта жаңғыртылуы

аяқталды, тағы бес мәдениет үйі қалпына

келтірілді. 4 балабақшаға жөндеу жұмыстары,

Кеңтүбек ауылындағы спорт мектебіне күрделі

жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ақсу ауылдық

аймағының Қызылжар ауылында дәрігерлік

амбулатория, Заря ауылында футбол алаңы,

ал Мәшһүр Жүсіп ауылында ұзындығы

4,3 шақырым жарықтандыру орнатылды.

2022 жылы «Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы

өңірдегі жалпы саны 9 мың халқы бар

14 ауылды қамтиды. 46 жобаның тізіміне

9 мектептің, 8 мәдениет үйінің және бір

дәрігерлік амбулаторияның 1,7 миллиард

теңгеге күрделі жөндеуі, бір мәдениет үйі

мен үш дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің

құрылысы 1,5 миллиард теңгеге және

50 шақырым ауылішілік жолдардың жөнделуі

1,4 миллиард теңгеге кіреді.

Әлеуметтік сала -

маңызды және

жауапты

Тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік саладағы

көрсеткіштер айтарлықтай жақсарды.

«Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік

сұранысын қанағаттандыруға мүдделі.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік

қамсыздандыру саласында өзгерістер болды.

Өңірдегі еңбек нарығының көрсеткіштері

тұрақты болып қалуда. Экономикалық белсенді

тұрғындардың 95%-ы жұмыспен қамтылған.

Жұмыссыздық 4,8% деңгейінде. 2000 жылдан

бастап жұмыспен қамтылған халық саны

26,8 мың адамға немесе 7,5%-ға өсті (357,3

мың адамнан 384,1 мың адамға дейін).

15,7 мың балаға арналған 105 балабақша

салынып, қалпына келтірілді, 25,6 мың орындық

47 мектеп пайдалануға берілді. Заманауи

онкологиялық диспансер, туберкулезге қарсы

диспансер, кардиологиялық орталық, облыстық

диагностикалық орталық, 11 емхана және

28 аурухана салынды. Мынадай ірі спорт

нысандары пайдалануға берілді: 3 спорт

сарайы, 19 дене шынықтыру-сауықтыру кешені,

1 бассейн (50 метрлік), шайбалы хоккей ойнауға

арналған 2 спорт кешені, Бокс орталығы,

үстел теннисі орталығы, «Энергетик» теннис

орталығы, «Спорт–сити» аумағындағы футбол

манежі, 2 шаңғы базасы, ипподром.

Сондай-ақ, 216 мәдениет мекемесі іске

қосылды, оның ішінде: кітапханалар – 128,

клуб мекемелері - 77, мұражайлар - 9.

Биыл Павлодарда Ғ.Сұлтанов атындағы

Павлодар облыстық ауруханасының жаңа

жұқпалы аурулар бөлімшесінің құрылысы

аяқталады. Мұндай бөлімше Екібастұз қалалық

ауруханасы жанынан да салынуда. Ақсу

қаласының Қызылжар ауылында заманауи

отбасылық-дәрігерлік амбулатория ашылды.

Павлодар облысында ерекше қажеттіліктері

бар адамдар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау

үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы

нысандарын бейімдеу жалғасуда. Тек жеке

қаражат есебінен ғана 200-ден астам

нысанды толықтай бейімдеуге мүмкіндік

туды. Бұқаралық спортты және салауатты

өмір салтын дамыту үшін биыл Павлодар

облысында 13 спорт нысаны салынды: футбол

алаңдары, теннис корттары, воркаут-алаңдар

және дене шынықтыру-сауықтыру кешені.

Бұл - Павлодар облысындағы «Nur Otan»

партиясының өкілдері қатысқан табыстардың

аз ғана бөлігі.

Әбілқайыр СҚАҚОВ,

«Nur Otan» партиясы Павлодар

облыстық филиалының төрағасы,

облыс әкімі.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!