23.11.2021 Views

Сарыарқа самалы, 23 қараша, сейсенбі

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

8 23 қараша, сейсенбі, 2021 жыл МӘДЕНИЕТ

SARYARQA SAMALY

ПАРАСАТ

Ғалымның есімі –

кабинетте

Торайғыров университетінде бар ғұмырын ғылым саласына арнаған

ұлағатты ұстаз, филология ғылымдарының докторы, профессор Қуандық

Пазылұлы Жүсіптің кабинеті ашылды.

Потанин атындағы

Павлодар облыстық

тарихи-өлкетану

музейінің қолға алуымен

өңірімізде экспедициялар

ұйымдастырылуда.

Құпияға толы

қорғандар

ПОЭЗИЯ КЕШІ

Ақындардың шығармашылық кеші

әдетте кітапхана, театр, музей секілді

мәдениет ошақтарында өтетін еді. Бұл

жолғы кештің форматы бұрынғылардан

бөлекше болды. Ақын Салтанат

Қайырбекпен шығармашылық кездесу

«5К» деп аталатын караоке-барда

өтті. Күңгірт тартқан ала көлеңкелі

сахна, жаныңа тыныштық сыйлайтын

классикалық музыка әуені және

сарқылмас сағыныш сезімге құрылған

лирикалық жыр. Бәрі де бір-бірімен

ерекше үйлесіп тұрды.

Жыр кеші Қазақстан Жазушылар

одағы Павлодар облыстық

филиалы мен облыстық «Naizatas»

әдеби журналының бастамасымен

ұйымдастырылды.

Бұл – жас қаламгерлерді қолдау,

шығармашылығын насихаттау және

өңірлер арасындағы әдеби байланысты

нығайту мақсатында жүзеге

асырылған жоба. Поэзия кешін

Қазақстан Жазушылар одағының

мүшесі, ақын Айбек Оралхан

жүргізді. Шараға республикалық

Биыл - Қуандық Жүсіптің

туғанына 80 жыл. Кабинет осы

мерейлі датаға орай Торайғыров

университеті гуманитарлық және

әлеуметтік ғылымдар факультетінің

бастамасымен және университет

ректорының қолдауымен ашылған.

Аталған факультет деканы Әмірғали

Бегімтаевтың сөзінше, Қ.Жүсіптің

атындағы кабинетте қазақ тілі мен

әдебиеті және филология саласында

білім алатын студенттерге

«Мәшһүртану» сабағы өткізіледі.

Сол күні оқу орнында

«Мәшһүртанудың ғылыми негіздері

және қазіргі заманғы гуманитарлық

ғылымдардың дамуы» атты

халықаралық ғылыми-практикалық

конференциясы өткен. Дәстүрлі

конференция биыл Қуандық Жүсіптің

80 жылдығына арналды.

Білім беру ісінің құрметті

Өткен аптаның бейсенбісі Ертістің

жағасынан жыр ұшқындап, өлең аңқыған

күн болды. Жырсүйер жұрт қазақ поэзиясына

өзгеше бояумен, бөлек болмыспен һәм

бір нәзік сұлулықпен келген ақын қыз -

Салтанат Қайырбекпен кездесіп, «Барокко

болмыс» атты жаңа жыр

жинағының тұсауын кесті.

«Qalamger.kz» порталының бас

редакторы, ақын Айжан Тәбәрак

және басқа да Ертіс-Баян өңіріне

белгілі қаламгерлер мен әдебиет

жанашырлары қатысты.

- Ақын Салтанат Қайырбектің

жаңа жыр жинағы «Барокко болмыс»

кітабымен танысып шықтым.

Өлеңдері көркем де нәзік. Оқыған

жұрт өкінбейді. Жалпы, бұл кітапты

қазақ әдебиетіне ерекше болмыспен

келген туынды деуге болады. Ақын

қарындасымызға шығармашылық

табыс тілеймін, - деген жылы

лебізін білдірді облыстық «Naizatas»

журналының бас редакторы Асыл

Әбішев.

Жыр кешіне қонақтар да өз

кәделерімен келіпті. Республикалық

және халықаралық додалардың

жеңімпазы, елімізге белгілі күйші

Нұрбек Әділбек Ержан Жәменкеевтің

«Ана толғауы» күйін орындаса,

республикалық ақындар айтысының

жеңімпазы, дәстүрлі әнші Бөкен

Жігер Қасым Аманжоловтың «Өзім

қызметкері Қуандық Жүсіп -

50 кітаптың және 300-ден астам

ғылыми мақаланың авторы.

Ол «Оқу-ағарту ісінің үздігі»,

«Қазақстан Республикасының

ғылымын дамытудағы еңбегі үшін»

төсбелгілерімен және «Құрмет»

орденімен марапатталған.

Т.МАРХАБА.

«Барокко болмыс»

туралы» толғауын ұсынды.

Жиын соңында Қазақстан Жазушылар

одағы Павлодар облыстық

филиалының директоры, ақын

Жарқынбек Амантайұлы кеш иесіне

алғыс білдіріп, сый-сыяпат ұсынды.

Салтанат Қайырбек 1995 жылы

Алматы облысы, Жамбыл ауданы,

Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

Академик Е.А.Бөкетов атындағы

Қарағанды мемлекеттік университеті

филология факультетінің түлегі.

Өлеңдері республикалық «Жыр

маржаны», «Жауқазын жылда

гүлдейді», «Дала дарыны» жобасымен

шыққан «Сарыарқа сазы» антологияларына

енген. Республикалық

басылымдарда да жиі жарияланып

тұрады. «Барокко болмыс» -

ақынның тұңғыш жыр жинағы. Кітап

атауына келер болсақ, «Барокко»

сөзі өзгеше формалы маржандар

дегенді білдіреді.

Тілеуберді САХАБА.

Оның алғашқысын жер жаннаты

- Баянауыл ауданынан бастадық.

Әулие Мәшһүр Жүсіп атамыздың

кесенесіне арнайы барып

дұға бағыштап, экспедициялық

сапарымыз оң болуын тілеп,

Жаңажол ауылын бетке алып

жолға шықтық.

Баянауыл өңірі кезінде сақтар

мен Қимақ-Қыпшақ мекені болған

өлке екеніне көзіміз жетті. Табиғат

аясында сақталған ежелден

қалған сақтар мен Қимақ-

Қыпшақ тас қорғандары, балбал

тас ескерткіштері ежелгі жазубелгілерге

толы. Мақсатымыз

тарихи қорғандар мен балбал

тастарды бейнежазба мен фотосуретке

түсіріп, фотоальбом жасап,

болашақта көрме ұйымдастыру

арқылы біздің дала өркениетін

халыққа паш ету болды. Бұл

қорғандардың асты құпияға толы

құнды жәдігерлер де болуы әбден

мүмкін.

Жаңажол ауылының маңайы

да ескі қорғандарға толы екен.

Ауылдан 7 шақырым жерде орналасқан

Бүркітті елді мекенінен

сәл әрірек, жол бойынан қиыстау

жердегі Қимақ қорғанына ат басын

тіредік. Қорғанның биіктігі - 4 метр,

орташа кесек тастармен үйілген.

Одан 100 метр жерде басында

балбал тас қойылған қорғанды

көріп таң қаласың. Тастың биіктігі -

1,2 метр, ені - 40 см.

Әрбір қорғанның өзіне тән

ерекшеліктері бар. Жаңатілек

ауылдық округінің аумағында

жол бойында адам бейнесі

бейнеленген балбал тастар

мен қорғандар менмұндалап

тұр. Сонымен қатар Мұрынтал

ауылына қарай тасқа қашалып

салынған аң бейнесіндегі сызба

суреттер, Азатбек фермасына

300 метрдей жерде тағы бір ер

адамның бейнесі салынған тас

тұр. Орман-тоғайлы, таулы, суы

бар керемет жердің табиғатына

сүйсініп қана қоймай, тарихқа

толы сырларына қанық боласың.

Мұрынтал ауылынан 4 шақырым

жерде «От ауызды, орақ тілді»

Орта жүздің биі атанған Қаз

дауысты Қазыбек бидің қайтыс

болған орны арнайы қоршалған

екен. Қазыбек би атамыздың

сөре тасынан алыс емес жерде

Едіге бидің билік айтқан тасы да

тұр. Қаншама уақыт өтсе де бәрі

қаз-қалпында сақталған екен.

Қаратомар ауылынан

1,5 шақырым жерде әже

бейнесіндегі балбал тас, Белағаш

бөлімшесінен 5 шақырымдай

қашықтықта, Ащысу өзені

жағасында биік қорған тұр.

Қорғанға осы жерді мекен еткен

аталарының ұрпақтары белгітас

қойыпты. Ауыл азаматтары оны

«Әже тас» деп атайды екен.

Шежірелі жердің тарихын ел

аузынан естігеннен гөрі көзбен

көрген басқаша екен. Күркелі

ауылдық округіне қарасты

Шоманкөл елді мекенінен

4 шақырымдай тау бөктерінде

ежелгі сақ қорғаны бар. Онда

адам бейнесіндегі балбал тас

мүсіні де кісі қызығарлықтай. Ал

Ақсаң ауылдық округіне қарасты

Қаражар ауылының іргесінде

көлемі онша үлкен емес қыз

мүсіні салынған балбал тастың

жанында сырты арнайы қашалған,

ортасында дөңгелек саңылауы бар

тас жерге кіріп тұр. Жергілікті Ержан

есімді азаматтың айтуы бойынша,

ол кезінде ауыл үлкендері дән

үгіткен диірмен тас деп аталады.

Арнайы саңылауының тереңдігі -

20 см. Бұл да сақ дәуірін тағы

бір еске салғандай.

Осындай құндылығы мол

тарихи жәдігерлерді елге таныту

арқылы біз өткенімізді жаңғыртып,

жоғалтқанымызды табамыз. Тарихы

мен мұрасы бар ел екенімізді

дәлелдей аламыз. Міне, осындай

тарихқа толы қазыналы жеріміз

бар. Мұны болашақ ұрпаққа

қаз-қалпында жеткізу, көздің

қарашығындай сақтау - әрбір

азаматтың борышы. Жергілікті

тұрғындардың айтуынша, әлі де

құпияға толы жерлер бар.

Игі сапарымыз келер жылы

да жалғасын табары сөзсіз.

Жеңісбек ҚАДЫРҰЛЫ,

Потанин атындағы облыстық

тарихи-өлкетану музейінің

қызметкері.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!