14.12.2018 Views

Шымкент келбеті 99

Жұма 14 желтоқсан 2018 жыл

Жұма 14 желтоқсан 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4

№99 (1638)

14 желтоқсан 2018 жыл

Желтоқсан желі

www.shymkala.kz

Тарих-тағылым

ҚЫЗ СӨЗІ

Ләззат Асановаға

Аяғым, қолым бұғаулы,

Шықпаған жаным – шыдаулы.

Жасым – жас, шашым – қыраулы,

Ағарған көзім – жылаулы!

Түскем жоқ жұрттың жеріне,

Тайраңдап шықты төріме!

Айтқызбай ащы шындықты,

Апарып тықты көріне!

Қорқаудың, залым құрығын,

Үзе алмағанның бірімін!

Шыңғыртып, сүйреп шашымнан,

Қолымда қалды-ау бұрымым.

Абыройын елдің қорғаған,

Ұлы мен қызы болмаған...

Патшасы ғайып мемлекет,

Отаны жоқтар – сорлаған!

Жарайды!

Өлсем – өлермін!

Халқым деп – жерге енермін!

Азаттық алған елімді,

Рухым таза көрермін!

Тәуелсіздікке қол жеткізген

күнді еске алғанда

Желтоқсан оқиғасының

құрбандары мен оған қатысушылар

туралы айтпай кете алмаймыз.

Уақыт өткенімен, ел

тәуелсіздігін талап етіп, алаңға

шыққан азаматтардың жан

жарасы толық жазыла қоймағандай.

дөңгелек үстел

Ханбибі ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ

Желтоқсан –

ұлт рухының

биік белесі

«Желтоқсаншыларға

аллея ашылса»

Қазақ тарихында ХХ ғасырдың өзінде

тәуелсіздік алу жолындағы күрестен

құрбан болғандар саны көп. Сол ғасырда

қазақтың саны 8 миллион болса, ХХІ ғасырға

аттап кіргенде дәл сол соншама болдық.

Бұл туралы тарихшылар М.Әуезов атындағы

ОҚМУ «Қазақстан халқы ассамблеясы»

арнайы кафедрасы өткізген «Желтоқсан ызғары

– ұлт рухының биік белесі» атты дөңгелек

үстелде дерек келтірді.

...«1986 жылдың желтоқсаны

аязды болды. Сондай

қыстың қаһарын әлі сезінген

жоқпын...» «Желтоқсан

ақиқаты» республикалық

қоғамдық бірлестігінің

Түркістан облысы және

Шымкент қаласындағы

филиалының төрағасы

Батырхан Сағынтаевпен әңгімеміз

осылай басталды.

«Жаланы

мойындамадым»

Ауыл баласы Батырхан

Сағынтаев 1986 жылы

Алматыда Қазақ политехникалық

институтының

екінші курсында оқып жүрген.

Болашақ гидрогеолог

маман болсам деген жігіт

айналасы бір айда тағдыры

тәлкекке түсетінін білген

жоқпын дейді.

– Сессияның кезі болатын.

Кешкілік уақытта

алаңға жиналған жастар

«Әрбір республиканы

өз көсемі басқарсын!», «Әр

халыққа – өз көсемі!» деп

ұрандатып жатты. Өзімізбен

түйдей құрдастарымыз

«Менің елім, менің жерім!»

деп Шәмшінің әнін айтып

жатқанда сырт айналып

кете алмай, қасымда болашақ

жарыммен қол ұстасып,

топқа біз де қосылдық.

Шынтуайтында, ол кездегі

жастарда патриоттық сезім

басымырақ болды деп ойлаймын.

Содан түн қараңғылығында

алаңнан кетпеген

жастарға қысым көрсету

басталды. Бір кезде

жастар мен әскерилер арасында

қақтығыс басталып

кетіп, мұздай қаруланған

жендеттер жастарды алаңнан

қуып, ұрып-соға бастады.

Мені бірнеше сарбаз жабылып

ұрып, аяусыз тепкілеп,

басымнан шоқпармен

ұрғанда есімнен танып қалыппын.

Есімді бір жисам,

сүйреп бара жатыр екен.

Бір уақытта мұздың үстінде

жатырмын. Тепкіден қабырғам

сынған болуы керек,

тұрудың өзі мұң болды. Тізерлетіп

отырғызды. Айналамда

мен секілді қан-жоса

болған өрімдей ұл-қыздар.

Ол жерде тағы соққыға

жығып, барлығымызды

көлікке тықты. Машинаға

сыймай жатырмыз, жендеттер

итеріп, нығыздағанда

ине шаншар орын болмады.

Маған қарама-қарсы

отырған екіқабат келіншек

жанұшыра айқайлап

жатыр. Қолыммен адамдарды

тіреп, ішіне зақым

келтірмеуге тырыстым. Сосын

бізді Калинин ішкі істер

бөліміне әкелді. Сол

жерде қатты соққыдан келген

зақымнан есімнен танып,

№4 ауруханаға түстім.

Қабырғам сынған, басымның

күп болып іскені соншалықты,

көзімді аша алмадым.

Ауруханада 20 күндей

жатып шыққаныммен азапты

күндер алда екен. Тағы 17

күндей органда жертөледе

тергелдім, - дейді Желтоқсан

оқиғасына қатысушы

Батырхан Сағынтаев.

Батырхан жас кезінде

еркін күрестен КСРО спорт

шебері атағын алған. Өзі

шымыр, мінезінің қайсарлығы

болар, жабылған жаланы

мойындамайды. Дегенмен,

сессия уақытында

сабаққа қатыспағаны, алаңға

шыққаны бар – оқудан

шығарылады.

Жастардың

жадында жүрсе

1986 жылдың желтоқсаны

қаншама қыз-жігіттің тағдырын

өзгертті. Ол күннің

естелігін айту қай-қайсысына

болсын оңай тимейді. Сол

күндердің қасіретін, көрген

қорлығы мен жәбірін қайта

еске түсіру жүректегі жараны

сыздатады.

– Күні бүгінге дейін өзін

Желтоқсан оқиғасына қатыстым

деп айтуға қорқатындар

бар. Сол күндер, әсіресе,

қыз балалардың жүрегіне

жара салған, - дейді

Батырхан Сағынтаев.

Батырхан Сағынтаев төрағалық

ететін қоғамдық

бірлестіктің жұмыс істеп

келе жатқанына биыл

үшінші жыл. Желтоқсан

оқ иғасына к ү ні бү гінге

дейін тарихи тұрғыдан баға

берілмеген. Сондықтан оған

қатысушыларда ешқандай

статус жоқ өзі.

– Өткен жылы Астана

қаласында «Қазақстандағы

Желтоқсан көтерілісінің тарихи

және халықаралық маңызы»

атты ғылыми-конференция

өткізіліп, 10-нан аса

мемлекеттің тарихшылары

қатысты. Ғалымдар Қазақстанда

1986 жылы болған

қырғынды Желтоқсан

көтерілісі екенін дәлелдеп

берді. Желтоқсанға қатысушылар

арасында әлеуметтік

қолдауды қажет ететіндер

көп, денсаулығына зақым

келгендер бар, саяси жаламен

оқудан шығарылып,

тіпті, әлі күнге дейін көбісі

ақталмаған. Біздің мақсатымыз

– оларға мемлекеттік

тұрғыдан қолдау жасауға

ықпал жасау, - деді әңгіме

арасында кейіпкеріміз.

Шымкенттік азамат

қаламызда Желтоқсан

оқиғасы құрбандарын

еске алу орны болғанын

қалайды. «Жыл сайын

тәуелсіздік күнінде Қайрат

Рысқұлбековтың тақтайшасы

орналасқан көшеде

жиналамыз. Олар үшін

қала билігіне арнайы жер

бөлініп, ескерткіш орнатып,

аллея ашсақ деген ұсынысымызды

айтсақ» дегенді

алға тартты төраға.

Бат ы рх а н С а ғ ы н таев

желтоқсаншылардың жетекшісі

ретінде қолға алуы

қажет жұмыстардың көп

екенін сөз етті. Солардың

ішінде маңыздысы - жастарға

патриоттық тұрғыда

тәрбие жұмыстарын күшейтуді

жоспарлауда. «Ұрпақты

отансүйгіштікке

баулып, ата-бабаларымыз

жылдар бойы армандаған

тәуелсіздіктік құндылығын

түсіндіру – басты парызымыз.

Дегенмен, оқиғаны

жылына бір рет еске

алып емес, білім ошақтарында,

жоғарғы оқу орындарында

тарихтың куәгерлерімен

тұрақты кездесулер

өтсе, ұрпақ тәуелсіздіктің

ұғымын тереңірек сезінер

еді» деген тілегін білдірді

Батырхан Сағынтаев.

А.КЕРІМБАЙҚЫЗЫ

Ст уден т-жастард ы ң

патриоттық рухын көтеруді

мақсат еткен шараға

Желтоқсан қасіретіне куә

болған жандар шақырылды.

Батырхан Сағынтаев,

Күлән Мыңбаева Алматының

алаңында тәуелсіздік

үшін айқасты күндердің

естелігімен бөлісті.

– Алаңға шыққандар

дәл қазіргі сендердің жастарыңдағы

өрімдей ұл-қыздар

еді. Олардың жүрегінде

Отанға деген махаббат

жанып тұрды, қорықпады.

Қан төгілді, құрбандыққа

ұшырады, қуғындалды.

Айналайындар, соның

бәрі тәуелсіз ел болу үшін

жасалған құрбандық еді.

Бүгінде сондай бейбітшілік

заманда өмір сүріп жатырсыңдар.

Тек тәуелсіздіктің

оңай жолмен келмегенін

біле жүріңдер, - деді Күлән

Мыңбаева.

Университеттің тәрбие

істері және жастар саясаты

департаментінің директоры

С.Мәжінбековтың

«Отарсыздану процесінен

өттік пе? 1986 жылы алаңда

не үшін қан төгілді» деген

сауалдар әрбір жастың

көкейінде тұруы қажет.

Себебі, тарихтан белгілі

болғандай, тәуелсіздікті

алу емес, ең қиыны оны

ұстап тұру» деген сөзі жастарға

үлкен ой тастады.

Жиналғандар жиын соңында

тәуелсіздікке қол

жеткізу жолын баяндайтын

бейнероликті тамашалады.

А.КЕРІМҚҰЛОВА

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!