14.12.2018 Views

Шымкент келбеті 99

Жұма 14 желтоқсан 2018 жыл

Жұма 14 желтоқсан 2018 жыл

SHOW MORE
SHOW LESS
• No tags were found...

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8

№99 (1638)

14 желтоқсан 2018 жыл

Әралуан

www.shymkala.kz

Жетістік

Жерлестеріміз

Гиннестің рекордтар

кітабына енді

Биыл Қазақстанның Рекордтар кітабы екі

шымкенттік азаматпен толықты. Өздерінің

зағип екеніне қарамастан тікелей эфирде

бағдарлама жүргізген бұл жандар республиканы

таңқалдырды. Жергілікті «Отырар» телеарнасында

«Ерекше жандар» бағдарламасының

жүргізушілері Ербек Бакиев пен Мадина Ермахан

бұл оқиға өздері үшін күтпеген жаңалық болғанын

айтады.

– Екі жыл ішінде өңіріміздегі

мүмкіндігі шектеулі қаншама

жан бағдарлама арқылы

қоғамға қажет екенін сезінді.

Осы уақыт аралығында 100-

ге жуық кейіпкер болды. Тікелей

эфирде әндерің тұсауы

кесілді, кітаптары жарық

көрді. Өздерінің көкейінде

жүрген мәселелерін сала

мамандарымен бірлесе отырып

шешкен сәттер де болды,

- дейді Мадина Ермахан.

Ал Ербек Бакиев «Елімізде

аты аңызға айналған тұлғалар

Жақсылық Үшкемпіров,

Ермахан Ыбыраймов секілді

азаматтармен есіміміз қатар

тұрғынына ризамыз. Бізге

осындай мүмкіндік берген телеарнаға

алғысымыз шексіз»

деп қуанышын жеткізді.

«Отырар» телеарнасының

бас редакторы З.Оралбаеваның

айтуынша, бұл бағдарламаның

ашылуына зағиптар

кітапханасында тифлоредактор

болып жұмыс істейтін

Е.Бакиевтің «бізді де

қоғам естісе, теледидар арқылы

көріп, санасып, ой бөліссе»

деген ұсынысы түрткі

болған.

Айта кетейік, биыл 33 рекордшы

Алматы қаласына арнайы

шақырылып, салтанатты

түрде сертификат пен кітап

табысталды.

А.КЕРІМҚҰЛОВА

Спорт

Турнир

жеңімпаздары

спорт шебері

атанады

Қазақтың даңқты балуаны Қажымұқан

Мұңайтпасұлы кезінде 48 мемлекетте

болып, күрескен, жауырыны жерге

тимеген. Сондықтан қазақ күресінің әр палуаны

батыр бабамыздың атындағы турнирге

қатысып, өз мықтылығын танытуға

тырысады. Еліміздегі қазақ күресінен 4

ірі турнир ұйымдастырылса, оның біреуі –

Қажымұқан атындағы халықаралық турнир.

Алдағы уақытта аталған додада жеңіске жеткен

палуандар мен жүлдегерлер Қазақстанның

спорт шебері дәрежесін алады.

Ұлтымыздың ұлы тойлары

қазақ күресімен ерекше.

Қазақ даласының батыры

Қажымұхан бабамыздың

есімі осы күрес арқылы

тарих беттерінде алтын

әріппен жазылды. Қазіргі

таңда қазақ күресі елімізде

басты спорт түрінің біріне

айналды. «Қазақстан барысы»

«Әлем барысы» сыңды

турнирлер ұйымдастырылып,

әлемдік деңгейде

дамуда.

Қазақ күресі үшін қалтықсыз

еңбек етіп жүрген

Полат Наурызбайұлының

дарынды шәкірттері қазақтың

атын әлемге танытты.

Елдің абыройын асқақтатып,

егемендік туын үстем

етті. Оған оңтүстік өңірі ғана

емес, күллі ел куә.

Б.Саттарханов атындағы

Түркістан облыстық спорт

мектебінің басшысы жақында

Қазақ күресі федерациясының

вице-президенті

лауазымына тағайындалды.

Елімізде қазақ күресін

көп жылдар бойы дамытуға

атсалысып, халықаралық

Қажымұқан атындағы турнирді

үзбей өткізіп келе жатқан

Полат Қырықбаев аталған

турнирді Азия ойындарының

тізіміне енгізуге талпынып

жүр. Ендігі жерде қазақ

күресін дамытудың жаңаша

бағдарламалары қабылданады.

Осындай жанашыр азаматтарымыздың

арқасында

қазақ күресі одан әрі дами

береді.

Білім

Қоғамдағы

ерекше

жастар

Шымкенттегі №4 колледжде

945 жас кәсіптік

білімін жетілдіруде.

Оның ішіндегі 54 студент инклюзивті

топта білім алады.

Тәуелсіздік мерекесіне орай оқу

орнында инклюзивті топтарға

«Жастар мәңгілік тәуелсіз елдің

болашағы» тақырыбында ашық

сабақ өтті.

Ерекше білім алатын жастардың

талпынысын ояту мақсатында ұйымдастырылған

жиында студенттер радио-электроника

сабағынан алған

білімдерін сурдо-аудармашылар арқылы

көрсетті.

– Бұл балалар арнайы интернатта

9 сыныпты бітіргеннен кейін білімін

біздің колледжде жалғастырады. Сөйлеу

мен есту қабілеті болмаса да физикалық

тұрғыдан өте дарынды жастар.

Сабақтан тыс кезінде спорт үйірмелерінде

жаттығады. Арасында өнерге

қабілеті бар жастар үшін ән мен би,

бейнелеу өнері сынды үйірмелер қарастырылған.

Биылдың өзінде инклюзивті

топтын 21 студенті спорттан қалалық,

облыстық жарыстарда жүлделі орындар

алып келді, - дейді №4 колледждің

директоры Ләззат Асылбекова.

Бибайша Нұржанқызы

Қайда демаламыз?

Ж.Шанин атындағы

қалалық академиялық

қазақ драма театры

С.Досановтың «Тозақ шеңбері»

трагедиясы

14 желтоқсан

сағ: 15:00

Облыстық әзіл-сықақ және

сатира театры

М.Айтжановтың балаларға арналған

«Жаңа жылдың жақсылығы»

атты жаңа жылдық қойылымы

11- 20 желтоқсан

сағ: 10:00,

15:00

У.Әбдірайымовтың «Кел, күлейік»

сазды-думанды қойылымының премьерасы

14 желтоқсан

сағ: 17:00, 19:00

Қалалық қуыршақ театры

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігі күніне

орай С.Олжабайдың «Адалдық туралы

аңыз» қойылымы

16 желтоқсан

сағат: 14:00

¬Ѕрылтайшы –

Шымкент

аласыныє ґкiмдiгi.

Ìåíøiê èåñi

– «Шымкент

апарат орталыµы»

жауапкершiлiгi

шектеулi

серiктестiгi.

Директор–áас редактор

¬АПБАРОВА Айгѕл

Æàðûëàñûíûçû

Бас редактордыє орынбасары

Н½рлан БЕКТАЕВ

Директордыє орынбасары

Таєат ¦ЛIБЕКОВ

Жауапты хатшы

Асхан Майлыбаева

Журналистер:

Таµабай ¬ÀÑÛÌÎÂ

С´бит ТАСТАНБЕК

Àéã¾ë ÊÅÐI̬±ËÎÂÀ

Аìàðàë ¦ØIÐÎÂÀ

Азамат Жаппар

Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Беттеушi-дизайнер

Атолын Ò¦ЖIБАЕВА

¬àñûì ͱðõàí

Жарнама æ´íå

ìàðêåòèíã á¼ëiìi

Àæiáåê ̱ñòàôèíà

Фото-òiëøi

Ñåðiê ÊÎÑÀÉ

Газет ¬азастан Республикасы инвестициялар ж´не даму

министрлiгi Байланыс, апараттандыру ж´не апарат

комитетiнде 2016 жылµы 15 с´уiрде тiркелiп, №15961-Г ку´лiгi

берiлген. Газет аптасына 2 рет, ñ´ðñåíái æ´íå æ½ìà

ê¾íäåði øûµàäû. Таралу аймаµы: ¬азастан Республикасы.

«Шымкент келбетiнде» жарияланµан материалды баса басылым

кјшiрiп басанда, бiзге сiлтеме жасауы тиiс.

Жарнама мґтiнiнен туындайтын мґселелерге жарнама

берушi жауап бередi. ¬олжазба автор келiсiмiмен

редакциялы јєдеу жасалуы мѕмкiн.

- аылы имидждiк маала

Газет редакцияныє компьютер

орталыµында терiлiп, беттелдi.

«ERNUR-print» ЖШС-нiє баспаханасында басылды.

Шымкент аласы, Т.¦лiмЅлов кјшесi, 22 ѕй.

Редакция мекенжайы:

Шымкент аласы, ш/а. «¬àðàñó» øàµûíàóäàíû, 66/6.

Тел.: 775-222, 775-344, 770-252 (факс).

E-mail: shymkent_media@mail.ru Èíäåêñ 65810

Тапсырыс: 3809 Таралымы: 7802 дана

Кезекшi редактор – Бибайша Н±РЖАН¬ЫЗЫ

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!