02.07.2019 Views

2 шілде, 2019 жыл №74 (15394)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бұған дейін хабарлағанымыздай,

Арыс қаласындағы үйлер 17

секторға бөлініп, оларды еліміздің

әр өңірінен келетін 160 құрылыс

бригадасы қайта қалпына келтірмек.

Олардың қатарында павлодарлық

мамандар да бар.

- Бүгін Арыс қаласына ұшып

келдім. Біз мұндағы ағайынның

жағдайына бейжай қарай

алмаймыз. Мен алда атқарылатын

жұмыстардың көлемін айқындап,

қандай үйлерді бірінші кезекте

жөндеу қажет екенін анықтау үшін

қала тұрғындарымен кездестім.

Павлодар облысы Елбасының

және Президенттің тапсырмасы

бойынша Арыс қаласында барлығы

450 үйді қалпына келтіреді. Біздің

мамандар бірнеше күн бұрын Арысқа

келіп, жөндеу жұмыстарын бастап

кетті. Тиісті шараларды аз уақытта

сапалы атқаруға тырысамыз, -

деді әлеуметтік желідегі аккаунтында

аймақ басшысы Б.Бақауов.

Алдын ала мәлімет бойынша,

Арыстағы жарылыс салдарынан 104

көпқабатты баспана, 7200 жеке үй,

14 мектеп, 28 балабақша, 2 аурухана

және мемлекеттік органдардың

аумақтық бөлімдерінің ғимараттары

зардап шекті. Мұндағы жағдаймен

танысқан ҚР Премьер-министрі

Асқар Мамин шаһарды қалпына

келтіру және оның әрі қарайғы

МЕРЕЙ

Мереке қарсаңында Павлодар

қаласы әкімінің гранты газеттің

жауапты хатшысы Сая Молдайыпқа,

Ақсу қаласы әкімінің гранты

басылымның шолушысы Құндыз

Қабылденоваға табысталды. Ал

өңірлік коммуникациялар қызметінің

Алғыс хаты бас редактордың орынбасары

Мұрат Аяғановқа берілді.

Газеттің әлеуметтік мәселелер

жөніндегі бөлім басшысы Нұржайна

Шодыр облыстық білім беру

басқармасының Алғыс хатына, ал

экономикалық мәселелер жөніндегі

бөлім басшысы Гүлжайна

Түгелбай Павлодар облысы

бойынша мемлекеттік кірістер

департаментінің, Баянауыл ауданы

әкімінің Алғыс хаттарына ие болды.

10 кешенді шара

Сый-құрметке бөленді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне

орай облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің ұжымы

бірқатар марапатқа ие болды. Әріптестерімізді қалааудан

әкімдері мен облыстық басқарма басшылары

және басқа да мекемелер арнайы құттықтады.

#АРЫСБІЗБІРГЕМІЗ

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Түркістан облысындағы Арыс қаласына

арнайы барып, жергілікті тұрғындармен жүздесті. Оңтүстіктегі ағайынның

үйлерін жөндеп, қалпына келтіру үшін жүргізілетін жұмыстарды пысықтады.

әлеуметтік-экономикалық дамуын

қамтамасыз ету үшін 10 кешенді

шара жүргізуді тапсырды. Олардың

қатарында осы жылдың 1 тамызына

дейін барлық тұрғын үйді жөндеу, әр

тұрғынға бірреттік көмек – 100 мың

т е ң г е т ө л е у , ж е р г і л і к т і к ә с і п к е р л е р г е

1 шілдеден бастап 5 млн. теңге

көлемінде жеңілдетілген несие

Басылымның шолушысы Данияр

Жұмаділов сыбайлас жемқорлыққа

қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының

облыстық департаментінің грамотасын,

Ақтоғай ауданы әкімінің Алғыс

хатын иеленді. Бұдан бөлек, газеттің

шолушысы Айдана Қуанышева

облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің және облыстық

полиция департаментінің Алғыс

хатына, газеттің тілшісі Алпысбай

Хонж облыстық денсаулық сақтау

басқармасы мен облыстық дін істері

жөніндегі басқармасының Алғыс

хатына, газеттің тілшісі Тілеуберді

Сахаба облыстық дін істері жөніндегі

басқармасы мен Мәшһүр Жүсіп

атындағы орталық мешіттің бас

имамы Жолдас қажы Қоспақұлының,

«Big picnik»

Өткен сенбі күні облыс орталығындағы «Зеленая роща»

шаңғы базасында «Big picnik» шарасы өтті. Ашық аспан

астында өткен пикникте өңір жастары түрлі шараларға

куә болды.

беру және осы жылдың соңына

дейін оларды салықтан босату,

аурухана мен екі емхана салу,

екі апта аралығында оқ-дәрілерді

шығару сынды жұмыстар бар.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Сурет Б.Бақауовтың

әлеуметтік желідегі

парақшасынан алынды.

газеттің тілшісі Қарлығаш Хашым

облыстық жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасы мен облыстық

мәдениет, архивтер және құжаттама

басқармасының Алғыс хатына, газеттің

тілшісі Мереке Амантай облыстық

жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары мен облыстық жер

қойнауын пайдалану, қоршаған орта

және су ресурстары басқармасының

Алғыс хатына ие болды.

Атаулы мерекеде газет ұжымын ҚР

Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы

генерал-лейтенант Р.Жақсылықов,

сондай-ақ, Ақтоғай ауданының

әкімдігі құттықтады. Бұдан бөлек,

облыстық білім беру басқармасы,

облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы, облыстық тілдерді

дамыту жөніндегі басқармасы,

Павлодар облысы бойынша

мемлекеттік кірістер департаменті,

«Атамекен» облыстық кәсіпкерлер

палатасы арнайы құттықтап, Алғыс

хаттар мен сый-сыяпат табыс етті.

Өз тілшіміз.

Көмек қолын созуда

Арыс қаласында болған төтенше жағдайдан зардап

шеккен азаматтарға көмек көрсету мақсатындағы

республикалық науқан аясында Павлодар облысына

қарасты мешіттерде «Кереку көмегі!» атты

қайырымдылық шаралары жүргізілуде.

Шара барысында қала, аудан мешіттері «Қайырымдылық

жәрмеңкесін» ұйымдастыруда. Жәрмеңкеден түскен қаражат

Арыстағы ағайындарға көмек ретінде жіберілетін болады.

Сонымен қатар, Мәшһүр Жүсіп мешітінің ұйымдастыруымен

қаржылай көмек көрсетем деушілерге «Каспий голд» арқылы

ашылған «Кереку көмегі!» есепшоты да жұмыс істеп тұр.

Павлодар облысының өкіл имамы Жолдас Қоспақұлы Арыстағы

апаттан зардап шеккендерге қол ұшын беріп, көмек көрсету, сауапты

амалдар қатарына жататындығын айтты. Қадірменді оқырман,

сіз де қиын жағдайда қалған оңтүстіктегі ағайындарымызға қол

ұшын беріп, мол сауапқа кенеліңіз. Алла береке-бірлігімізден,

ынтымақ-тірлігімізден айырмасын.

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ,

Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінің

баспасөз қызметі.

Зиянкестерді

улауда

Павлодар облысында өсімдіктер мен ауыл шаруашылығы

өнімдеріне залал келтіргіш зиянкестерді

у л а у ж ұ м ы с ы ж ү р г і з і л уд е . А ғ ы м д а ғ ы ж ы л д ы ң

26 маусымына дейін 51 мың тонна дәрі-дәрмекпен

84 мыңнан астам гектар алқап өңделді.

Тілеуберді САХАБА

ТАБИҒАТ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мемлекеттік инспекция

комитетінің аумақтық инспекция басшысының орынбасары Арман

Шүйкеновтің сөзінше, саяқ шегірткелер дернәсілдері облыс аумағында

112 500 гектар алқапқа және үйірлі шегірткелер 48 мың гектар

аумаққа түскені анықталды. Бүгінде саяқ шегірткелер түскен жердің

13 мың гектардан астамы және үйірлі шегірткелер анықталған жердің

7,5 мың гектарына химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.

- 1999 жылы бекітілген «Өсімдіктер карантині туралы» заңының

18-бабы, 1-тармағы, 18-тармақшасына сәйкес жеке және заңды

тұлғалардың меншігіндегі жер учаскелерін зиянкестерден улауды

сол жер иелері жүргізуі керек. Мемлекеттік бақылау және қадағалау

органдарының нұсқауларын орындамағандар әкімшілік жауапкершілікке

тартылады. Ағымдағы жылы облыстың шекара аумақтарында

5 фитосанитарлық бақылау бекеттерін құру шаралары жүргізілуде.

Бекеттерді материалдық-техникалық жабдықтау үшін 5 бірлік автокөлік,

5 жылжымалы вагондар сатып алынды, - деді Арман Бағдатұлы.

Спикердің сөзінше, жыл басынан бері карантиндік зертханаға

630 өнім түрі жіберіліп, зерттеу жасалған. Жалпы саны 742

зертханалық анализ жасалып, фитосанитарлық сараптама қорытындысы

жасалды. Жыл басынан бері фитосанитарлық талаптарды бұзған

59 жеке және заңды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып,

1616,0 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Аталмыш шараға облыс әкімінің орынбасары Асхат

Оралов қатысты. Диалогtime алаңында өңіріміздегі

жастар мәселесіне қатысты тақырыптарға тоқталып,

жиналған жастармен емін-еркін әңгіме құрды.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының

ұйымдастыруымен өткен шараға өңіріміздің әр

аудан-қалалары мен ауылдарынан жастар жиналды.

Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері

де қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Big

picnik» жастар арасында саламатты өмір салтын

қалыптастыруға, өзара достықты нығайтуға,

сонымен қатар, олардың бос уақытын тиімді

өткізуге бағытталған.

Пикник аясында арнайы тренингтер өткізілді.

Онда жастар арасындағы әлеуметтік-психологиялық

жұмыс жүргізудің бағыттары, білім беру, командада

жұмыс істеу сынды тақырыптар туралы кеңінен

айтылды. Мәселен, «Әлеуметтік-волонтерлік орталық»

ЖҚБ төрайымы Аяжан Құрманова өңіріміздегі

еріктілердің атқарған ауқымды жұмыстары туралы

айтып, олардың орталық ішіндегі өзара қарымқатынастарына

тоқталды. Бұдан бөлек, спорттық

ойындар бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Жиналғандар өзара командаларға бөлініп, тартысты

ойын өткізді.

Өз тілшіміз.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!