02.07.2019 Views

2 шілде, 2019 жыл №74 (15394)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл ҰЛТ САУЛЫҒЫ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚАРАШЫҚ

Жанарыңды жастайыңнан күт

Емханадағы

окулист, офтальмолог

дәрігерлердің

қабылдауына мектеп

жасындағы оқушылар мен

жастар жиі жазылады.

Дәрігерлер жас ұрпақтың

көру қабілеті нашарлап

бара жатқанын айтады.

Оған қазіргі заманда

бәріміздің «айырылмас

серігімізге» айналған

гаджеттер кінәлі болып

отыр.

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Статистикалық деректерге сүйенетін

болсақ, елімізде соңғы екі жылдың ішінде

көз ауруы белең алып отыр. Оның ішінде

оқушылардың 30 пайызға жуығының

көру қабілеті нашар. Әсіресе, 15-17

жас аралығындағы жасөспірімдердің

30 пайыздан астамы осындай дертке

шалдыққан. ЮНИСЕФ халықаралық

ұйымының зерттеу нәтижелеріне сүйенсек,

8-12 жас аралығындағы балалардың 40

пайызы интернеттен бас алмаса, 14-16

жастағыларда бұл көрсеткіш 60 пайызды

құрайды.

Дәрігерлердің айтуынша, әлдебір затқа

тым жақыннан үңілу арқылы көзіміздің

бұлшық етін қатайтып алады екенбіз.

Салдарынан қос жанарымыз ұлғая түседі.

Тіпті, бұлшық ет жиырылып кетуі мүмкін.

Сорақысы сол, көзді қанша емдегенмен

қалыпты сау қалпына келтіру мүмкін емес

екен. Бұл дерттің жастар арасында белең

алуына таңнан кешке дейін телміріп

отыратын ұялы телефон, планшет себеп

болып отыр.

Медицина мамандарының айтуынша,

сау адам күніне көзін 30 мың рет ашыпжабады

екен. Әр жыпылықтан кейін ылғал

бөлінетін көрінеді. Егер экраннан бас алмай,

ойын не киноны үңіліп көретін болсақ рефлекстен

айырыламыз. Жыпылықтатпаудың

әсерінен көз құрғай бастайды. Мұның

соңы оның қызарып, жанарымыздың

ашуына әкеледі. Көз ауруларының

ішінде сығырлық (миопия), алыстан

көрмеушілік (близорукость) дерті көп

кездеседі. Тіпті, жасы 10-ға толмаған

балалардың арасында көру қабілеті

-10, -15-ті құрайтындар да бар екен.

Сондықтан балаларды гаджеттерден тыйып,

қолдану уақытын күніне 20 минутқа

дейін шектеу қажет. Ал қызметі компьютермен

байланысты ересек адамдар

әр 40 минут сайын үзіліс жасап, көзін

демалдыруы қажет.

Көз ауруларының ішінде катарактаны

дер уақытында емдесе, жазылуға мүмкіндік

бар екен. Ал глаукома дерті кезінде көздің

көру қабілеті тек нашарлай түседі. Глаукомамен

ауыратындардың көз жанары

жасаурап, бұлдырай береді. Сонымен

қатар, бас ауырады. Көбінесе осы дертке

шалдыққандардың сырқаты диабеттен

пайда болады екен. Егер жастардың қан

қысымы жиі көтерілетін болса, көздің

көру қабілетін бұзады.

Тереңкөл аудандық орталық ауруханасының

тәжірибелі окулисі Евгений

Рукин де жастар арасында бұл дерттің

белең алуына компьютер мен ұялы

телефонның себеп екенін айтады.

- Қабылдауыма ересектер мен жастар

да жиі келеді. Жасы келген адамдар

арасында катаракта ауруы жиі кездеседі.

Ал жастар дер кезінде емделуге келмей,

асқындырып алып жатады. Көздің көру

қабілетін қалыпқа келтіру үшін жаттығу

жасаудың маңызы зор. Қос жанардың

бұлшық еттерін күшейтудің де пайдасы

бар, - дейді дәрігер.

Мамандардың сөзінше, түрлі жарнамаға

сеніп, өздігінен дәрумендерді пайдаланудың

пайдасынан зияны басым екен. Дәруменді

алты ай сайын қолдану керек. Ұйықтар

алдында көзімізді 2 сағатқа жуық уақыт

демалдырған дұрыс екен. Сондықтан

теледидар көру арқылы ұйқыға кету

әдетін шектеген жөн. Жаз мезгілінде

ультракүлгін сәуледен қорғану үшін күнге

қарсы көзілдірік киіп жүрудің де пайдасы

зор, - дейді мамандар.

Ерте замандарда қазіргідей диагностика

болған жоқ. Көз ауруларын тексеретін түрлі

құрылғылар бар. Сондықтан дертімізді

асқындырмай, жанарымызды соқыр болып

қалудан сақтайық!

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Айдана

ҚУАНЫШЕВА

Аллергияның

әлегі көп

Жаз мезгілінде адамдар арасында аллергия

өрши түседі. Өйткені көк шыға бастағанда

жұртшылықтың тыныс алуы әлсіреп, мұрын

қуысы бітеліп, көзі жасаурап әуреге түседі.

Тіпті, аллергиясы бар адамдардың терісі

де бөртіп, беймаза халді кешеді.

Қазіргі уақытта көшені ағаштан ұшатын ақ

мамық жаулағанын білеміз. Денеміздің ашық

жерлерін жыбырлатып, мазамызды қашыруда.

Аллергиядан жапа шегетіндердің дерті

ақ ұлпадан кейін тіпті өрши түседі екен.

Мамандар мұндай ауруға шалдыққандар

алдымен дәрігер қабылдауына келіп, тексеруден

өту керектігін айтады.

Өсімдік тозаңы салдарынан туындайтын

маусымдық ауру кезінде аллергологтардың

көмегіне жүгініп, мына қағидаларды естен

шығармағаны жөн. Мамандар желді күндері

терезені ашпау керектігін айтады. Өйткені

мұндай уақытта өсімдік тозаңы ауа арқылы

ж ы л д а м т а р а й д ы . Т о ғ а й м е н о р м а н ғ а

серуенге шықпаған жөн. Керісінше,

өсімдігі аз, сулы өзен жағасына жақын

жерде демалған дұрыс. Өсімдіктен тозаң

таңғы сағат 5-7-де бөлінсе, кешке сағат

17-19 аралығында бөлінеді екен. Міне,

осы уақыттарда далаға шықпаған абзал.

Аллергиядан жапа шегетін адам бөлме

ішін үнемі ылғалды шүберекпен сүртіп,

таза ұстауы қажет. Бұл ретте бөлме ішінде

шаң жинайтын жиһаздардың болмағаны

дұрыс. Әсіресе, сыртқы киімді ауыстырып

ҚАУІПСІЗДІК

Ата-ана нені білуі тиіс?

Жаз – балалардың ойынға қанығып, алаңсыз демалатын уақыты. Сондықтан ата-аналар

перзенттерінің жазғы демалысын дұрыс жоспарлап, оны қызықты өткізуін қамтамасыз

етулері тиіс.

Қазіргі уақытта негізгі қауіпсіз көлік -

теміржол көлігі. 6 жастан 18 жасқа дейінгі

аралықтағы балалар медициналық қобдишамен

қамтамасыз етілген дәрігермен

жолға жөнелтіледі. Бұл - ата-аналар балаларын

алаңсыз демалысқа жіберуі үшін

жасалатын шара. Жолға шығарда таза

ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Тамақтан уланудың алдын алу мақсатында

ата-аналар балаларға тез бұзылатын өнімдерді

бермегені абзал. Мысалы, жұмыртқа,

тауық, сиыр еттері, сүт өнімдері, қуырылмаған

котлет, паштет, шұжық, майонез

қосылған салаттар, бәліш және крем

қосылған торттарды тұтынбауы керек.

Жолға шығарда өнеркәсіпте өндірілген

мынадай құрғақ тамақ өнімдері рұқсат

етіледі:

1) бұқтырылған ет консервілері (жарма,

макарон бұйымдары мен еті бар көкөніс),

еті бар консервідегі түскі тағам;

2) көкөніс және өз сөлінде дайындалған

балық консервілері;

3) тез дайындалатын тамақ өнімдері

(лапша, картоп езбесі);

4) печенье, тоқаш, жұмсақ кәмпит;

5) жеке қаптамадағы өлшеп құйылған

жеміс-жидек шырындары мен ауызсуды

енгізуге рұқсат етіледі.

Жарақаттану мен күйік шалудың алдын

алу үшін балаларға келесі мәселелерді

түсіндіру қажет:

Поездан түскенде жүгіруге болмайды.

Көліктегі терезені ашып, басын шығаруға

рұқсат бермеген жөн. Баланың жалғыз

жолдың арғы бетіне жүгіріп өтуіне тыйым

салу керек. Жасөспірімдерді тасымалдауға

арналған вагон қауіпсіздік белдіктерімен

жабдықталады.

Егер балаларды жолаушы вагонына

отырғызу кезінде ішек инфекциясына

қатысты күдік байқалса, яғни температура,

құсу белгілері болса, жолға жіберілмейді.

Ал жол бойында ауырып қалса, жеке купеге

жатқызылады. Оған медициналық көмек

көрсетіледі.

Өткен жылы Павлодар облысы бойынша

темір жол көлігімен 167 бала қатынасы

ұйымдастырылды. Қандай да бір заңбұзушылық

орын алған жоқ.

отырудың маңызы зор. Аллергиямен жылда

күресетіндер табиғи тамақты тұтынуы керек

екен. Себебі қазіргі фаст-фуд сынды дайын

тағам ауруды өршіте түседі. Кеспе, ет

қосылған тағамдарды тұтынған жөн.

Жалпы, аллергияның алғашқы кезеңі

сәуір-мамыр айлары аралығында жүреді.

Бұл уақытта емен, терек сынды ағаштар

тозаңданады. Ал маусым-шілде айы

аралығындағы екінші кезеңде шабындық

шөптер гүлдейді екен. Мамандардың сөзінше,

адамдардың көпшілігіне жусан иісі жақпай

жатады. Бұдан бөлек, қыс айында да аллергия

өрши түседі екен. Ауа температурасы күрт

төмендегенде тері мен тыныс жолдары

тітіркенеді. Бұл кезде созылмалы ауруға

шалдығатын суыққа сезімтал жандар жапа

шегеді.

Жиі түшкіріп, денеде қандай да бір

бөртпелерді анықтаған адам алдымен дәрігердің

қабылдауына барғаны дұрыс. Мамандардың

нұсқауынсыз өздігінен емделетіндер дертті

асқындырып алады. Салдары демікпеге

ұласуы ықтимал. Сондықтан жоғарыдағы

кеңестерге құлақ асып, дертімізді асқындырып

алмайық!

Т.АЯЗБАЕВ,

Павлодар бөлімшелік көліктегі

қ о ғ а м д ы қ д е н с а у л ы қ с а қ т а у

басқармасының басшысы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!