02.07.2019 Views

2 шілде, 2019 жыл №74 (15394)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА

2 шілде, сейсенбі, 2019 жыл 3

Жүк көлігіне - жіті назар

ЖОЛ

Биыл Павлодардағы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жоғарғы санаттағы

жолаушылар тасымалы және жүк көліктері әкелінеді. Соның нәтижесінде жүргізуші куәлігінің

«С» санатын алушылар да мұнда емтихан тапсыра алады.

Тілеуберді САХАБА

Жақында Мемлекеттік қызмет істері

және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы

бойынша департаменті қаламыздағы

мамандандырылған халыққа қызмет көрсету

орталығының қызметін тексерді. Департамент

басшысы Әділбек Мұқашев орталық

қызметкерлеріне тұрғындар тарапынан түсетін

барлық арыз-шағымдарға назар аудару

керектігін тапсырды. Жалпы, бұл тексеріс

не себепті жүргізілді дегенге келер болсақ,

бұған дейін кейбір тұрғындар халыққа

қызмет көрсету орталығының қызметіне

көңілдері толмайтынын білдірген. Яғни, біраз

уақыт бұрын тұрғындар көлікті есептен

шығару үшін екі күн күттік деп әлеуметтік

желіде дабыл қаққан еді. Сонымен қатар,

практикалық сынақ тапсыруға арналған

автодромның жұмысы да талапқа сай

емес көрінеді. Мәселен, мұнда емтихан

тапсырушылар тек жеңіл көліктерді ғана

жүргізіп үйренеді. Ал үлкен жүк көліктері

қарастырылмаған. Дегенмен, бұл мәселе

жақын арада өз шешімін табатынын айтты

орталық өкілдері.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы облыстық филиалының

директоры Фархат Әлімовтің сөзінше,

ағымдағы жылы шілде айының басында

бір автобус және бір «КамАЗ» автокөлігі

жеткізіледі екен.

- Біздің орталықта күніне 13-15 адам

жүргізуші куәлігіне емтихан тапсырады.

Тұтынушылардың талабына сай қызмет көрсету

үшін барлық жағдайды жасаудамыз. Иә,

бұған дейінгі түскен шағымдар орынды. Енді

оны реттеп жатырмыз. Орталыққа жоғарғы

санаттағы жолаушылар тасымалы және

жүк көліктері әкелінеді. Соның нәтижесінде

жүргізуші куәлігінің «С» санатын алушылар

да мұнда емтихан тапсыра алады. Жалпы,

тұрғындар «Азаматтарға арналған үкіметтің»

қызметі бойынша кез-келген уақытта тікелей

маған хабарласып, шағымдана алады

және өтініш-тілектерін білдіруге мүмкіндік

бар. Менің телефон нөмірім біздің сайтта

көрсетілген. Сонымен қатар, 1414 коллорталығы

арқылы да хабарласуға болады, -

деді Ф.Әлімов.

Мамандандырылған халыққа қызмет

көрсету орталығына жүргізуші куәлігін

жаңадан алатындардан бөлек ауыстыратын

адамдар да жиі келеді. Ал олар

кезек күтіп уақыттарын бос жоғалтпас үшін

құжаттарын электрондық үкімет порталы

арқылы рәсімдеуге болады. Бұған бар

С

болғаны 30 минут уақытыңыз ғана кетеді.

Мұнда жылдың соңына дейін бірқатар

өзгеріс енгізілмек. Мысалы, шілдеден

бастап, полиция қызметкерлері емтиханға

бақылаушы ретінде қатыспайды. Бұл -

азаматтар мен полицейлердің қарымқатынасты

азайту мақсатында енгізетін

жаңалық. Бұдан бөлек, қыркүйек айында

ХҚКО-ның ғимараты облыс балансына

өткізіледі.

Халыққа қызмет көрсету орталығының

аға инспекторы, полиция майоры Берік

Естаевтың сөзінше, азаматтар алдымен

теориялық емтиханын тапсырады. Бірінші

кезеңнен өткендер ғана екінші кезеңге,

яғни тәжірибелік сынаққа жіберіледі.

Тәжірибелік емтихан жүргізілетін орын мен

ондағы барлық көліктер бейнекамераның

бақылауында. Естеріңізге сала кетейік,

біздің облыста мамандандырылған ХҚКО

2014 жылдың желтоқсан айында ашылған

болатын.

Басы 1-бетте

Алпысбай ХОНЖ

Елорда күніне -

ерекше сыйлық

Жарыс облыс орталығындағы

Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы мен

Торайғыров көшесінің

қиылысында бастау алды.

Қатысушылар Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы

бойымен әуежайға дейін

б а р ы п , к е р і қ а й т т ы . С а й ы с -

керлер Мемлекеттік рәміздер

алаңындағы мәре сызығына

дейін жаяу жүгіріп жарысты.

- Биыл Елордамыздың

21 жылдығына орай

21 шақырымдық дуатлон

ұйымдастырдық. Бұл -

«Жастар жылы» қолға

алынған игі шараның бірі

деп ойлаймын. Баршаңызды

келе жатқан Нұр-Сұлтан қаласының туған

күнімен құттықтаймын! - деді аймақ басшысы

Б.Бақауов.

21 шақырымдық жарыста сынға түскен

300 спортшының арасынан Павлодар бизнесколледжінің

I курс студенті Қысса Түсіпбаев

44 минут, 21 секундта мәре сызығын кесіп өтіп,

чемпион атанды. Ал 46:43 уақыт көрсеткішімен

жарысты аяқтаған Павлодар қаласының тұрғыны

Денис Забияка екінші орынды жеңіп алды.

Сайысты 47:22 уақыт ішінде аяқтаған Руслан

Шакратов қола медальді мойнына тақты.

Әйелдер (қыздар) арасында Ирина Быкованың

бағы жанды. Ол бұл қашықтықты жүріп өтуге

52:56 уақыт жұмсады. Күміс жүлдені Татьяна

Мирогородская (53:19) еншіледі. Ал үшінші

орын Хадишат Цечоеваға бұйырды. Жарыс

жеңімпаздары мен жүлдегерлерін облыс әкімі

Болат Жұмабекұлы құттықтап, медальдармен,

Алғыс хаттармен марапаттады.

Дуатлон сайысына кәмелеттік жасқа

енді ғана толған жастар да, спортты

жанына серік еткен егде жастағы азаматтар

да қатысты. Соның бірі Ақсу қалалық

ардагерлер кеңесінің төрағасы Зәлмұқан

Арынов:

- Менің бүгін туған күнім. 75-ке

толдым. Адам жасы егделеген сайын

дене жаттығуларын көбірек жасағаны

дұрыс. Спорт – денсаулық кепілі. Осындай

көпшілік қатысатын жарыстарға жиі

қатысамын. Барлық облыс тұрғындарын

спортпен айналысуға шақырамын, -

деді З.Арынов.

Дуатлонға қатысқан барлық спортшы

естелік сыйлықтармен марапатталды.

САУАЛНАМА

С.Торайғыров атындағы облыстық ғылыми кітапхана ірі аймақтық

ақпарат, білім беру және мәдениет орталығы ретінде өзінің

пайдаланушылары арасында тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер

жүргізіп келеді. Осы арқылы оқырмандарымыздың

рухани орынға деген бағасын біліп, қызмет сапасын арттырамыз.

Сізге қандай

кітапхана керек?

Кітапханаға келген оқырмандарымыз

арасында жиі жүргізілетін сауалнамалардың

ішіне «Сізге қалай қызмет көрсетілді?»,

«Кітапханаға оқырмандардың бағасы»,

«Арнайы қажеттіліктері бар адамдарға

қызмет көрсету», «Кітапханашы

балалардың көзімен», «Әйелдер не

оқиды?» тәрізді сұрақтар кіреді. Қызмет

көрсету сапасы бойынша сауалнамаға

20 жасқа дейінгі және 60 жастан жоғары

30 адам қатысты, оның ішінде 62%-ы -

әйел, 38%-ы - ер адамдар.

Ең үлкен топ - 20-30 жас аралығындағы

студенттер 47,6% немесе жалпы санның

42,9 пайызы. Бұл негізінен жоғары

немесе арнайы орта білімі бар жастар

28,6%. Оқырмандардың 81%-ы біздің

кітапханамызды, ал қалған 23,8%-ы

басқа кітапхананың қызметіне жүгінетіні

белгілі болды.

Біздің кітапхананың ерекшелігі -

ақпараттың көптігі, Wi-Fi арқылы

INTERNET-ресурстарына қолжетімді

болуы, кітапхананың қала орталығында

орналасуы және оның дизайны үлкен рөл

атқарады. Осының барлығы келушілерге

жайлы ортада жұмыс істеуге мүмкіндік

беріп отыр.

Сонымен, сауалнаманың нәтижесінде

оқырмандардың жартысынан көбі, яғни

62%-ы кітапханаға айына бірнеше рет келсе,

аптасына мұнда ат басын бұратындар -

14,3%-ды, жылына бірнеше рет келетіндер -

14,3%-ды, күнделікті оқырмандар саны

4,8%-ды құрайтыны анықталды. Сонымен

қатар, жерлестеріміздің арасында «көркем

әдебиет және өнер» тақырыбындағы

кітапты оқитындар 85,7%, «әлеуметтік

және экономикалық ғылымдар» бойынша

33,3%, ал «жаратылыстану ғылымдары»

негізінде 28,6%, «техника» саласында

19%, «медицина» әдебиеттерін іздейтіндер

14,3%-ды құрайды екен.

Жерлестеріміз алдағы уақытта

қордағы «әдеби жаңалықтарды», «шетел

әдебиетін», «бестселлерлердің» мол

болғанын қалайды. Бұдан бөлек, көптеген

қатысушылар кітапханада кафе немесе

буфет болса деген ниетте.

Бізді қуантатын жайттың бірі - қазіргі

уақытта облыстық кітапхананың жастар

арасында үлкен сұранысқа ие болуы.

Бізді жастардың 79%-ы электрондық

басылымдарға қарағанда дәстүрлі

кітапты ұнататындығы таң қалдырады.

Зерттеу көрсеткендей, кітапханада бос

уақытты өткізу үшін жастарда таңдау

еркіндігі бар.

Айнагүл ЖЫЛҚЫБЕКОВА,

С.Торайғыров атындағы

облыстық кітапхананың

кітапханаларды дамыту бөлімінің

басшысы,

Айнель МЫРЗАҒАЛИЕВА,

кітапханашы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!