25.07.2019 Views

25 шілде, 2019 жыл №83 (15403)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ХАБАРЛАМА 25 шілде, бейсенбі, 2019 жыл 19

АЙТАЙЫН ДЕГЕНІМ...

Мемлекеттік тіл

мәртебесі түспесін!

Өткен сенбі күні Павлодар қаласы күніне

арналған іс-шараларда қазақ тілінен гөрі ресми

орыс тілінің үстем болғанына қынжылдым.

Еліміз егемендік алғанына 30 жылға жуық

уақыт болса да, мемлекеттік тіліміздің әлі де

жетімдік көріп келе жатқаны жаныма батады.

Сөзім дәлелді болуы үшін нақты мысал келтірейін...

Жақында Павлодар қаласы күнін мерекелеуге арналған

кешке қалалық әкімдіктен шақыру келді. Әлгі қағаздың

сыртындағы «Шақыру» сөзі ғана қазақша болғанымен, оның

ішіндегі мәтіні орыс тілінде жазылыпты. Осыны көріп, көңілім

түсіп қалды. Менің ұлтым - қазақ, тілім – қазақ әрі өзім де

қазақ елінде тұрамын. Маған неге орысша жазылған шақыру

беріледі? Осы іске жауапты мекеменің өкілдерінде ұлттық

намыс, мемлекеттік тілге деген құрмет жоқ па? Қашанғы

қазақ тілі көлеңкеде қала бермек? Қала әкімдігі, қалалық

мәдениет бөлімі осындай олқылыққа жол берсе, өзгелерге

қалай мемлекеттік тілді құрметте деп айта аламыз? Тіл

туралы заң неге қауқарсыз? Менің көкейімде ана тіліме

қатысты сан сұрақ бар, бірақ жауап жоқ.

2000 жылдары Ресейдің Президенті Владимир Путин

орыс тілін білмейтін адамның сол елдің азаматтығын алуына

тыйым салған екен. Ал бізде мемлекеттік тілді білмейтіндер

беті бүлк етпестен әкімдікте мемлекеттік қызметте істеп

жүр. Осыдан кейін не айтуға болады?

Тағы бір айтарым, біздің өңірде ұйымдастырылатын

іс-шаралардың көпшілігі орыс тілінде өтеді. Басқасын

айтпай-ақ қоялық, жуырда ғана қала күніне арналған кешке

барып, «қарным ашып» қайтты. Маған шақыру келген соң

20 шілде күні кешкі сағат 18.00-де орталық жағажайға

арнайы барып, 1 сағаттан астам уақыт мерекелік шараны

тамашаладым. Кеш басынан-аяқ орысша өтті. Бұл не

сұмдық? Қалалық мәдениет бөлімі не істеп отыр? Осылай

жалғаса берсе, кейінгі жас буынға қандай тәлім–тәрбие

береміз?

Кезінде ата-бабаларымыз Тәуелсіздікті ғасырлар бойы

аңсап кеткен жоқ па?! Енді ел болып, егемендікке қол

жеткен сәтте туған тіліміздің тұғыры неге түсіп кетті? Осы

мәселеге жауапты тұлғалар, мемлекеттік тілге немқұрайлы

қарайтын азаматтар бұл әрекеттері үшін жауап беруі тиіс.

Махмет ДЕМЕСІНОВ,

Павлодар қаласының Құрметті азаматы.

ЖАРНАМА

66-15-40

66-15-42

Құдайбергенұлы Айтуарды еске аламыз

(50)

Аяулы іні, адал жар, асқар тау әке

Құдайбергенұлы Айтуардың фәни дүниеден

озғанына да бір жыл толды. Аз ғұмырында

ағайын, дос-жаранға қадірлі де сыйлы, үлкенді

аға, кішіні іні тұтқан аптал азаматымыздың

жаны жаннатта, тәні рахатта болып, пейіштің

төрінен орын бұйырсын деп тілейміз. Алла

алдынан жарылқап, артында қалған аға,

апа, отбасы, бала-шағасына сабыр, қайырлы

ғұмыр берсін.

Иманың серік, жолдасың болсын,

Жаннатта жаның нұрланып толсын.

Алланың түсіп рахымы мәңгі,

Топырағың торқа, рухың нұр болсын, -

деп, өзіңді сағына еске аламыз.

Марқұм ініміздің жылына арналған ас 2019 жылдың

4 тамыз күні Екібастұз қаласы Қонаев көшесі, 4-үй.

«МерАман» дәмханасында беріледі.

Еске алушылар: жұбайы, балалары, туысқандары.

(736)

ТУҒАН ЖЕР

Ауылым - алтын

бесігім

XIX ғасыр да дүрбелеңге толы болды. Патша үкіметі

хандық билікті жойып, елді болыс, билерге басқартты.

1822 жылғы болыстар ру атымен аталса, 1868 жылғы

әкімшілік бөлісте жер атымен аталғаны мәлім. Ақкелін,

Ақбеттау, Баянауыл, Далба, Бестау, Қарамола, Қызылтау,

Шақшан болыстары. Болыстық Кеңес үкіметі орнағаннан

кейін де жалғасын тапты.

1923-1924 жыл болыстыққа жуандардың

күндері өтіп, пәлендей

байлығы жоқ, көбіне жетім я кедей,

мінезі жағынан ешкімге қиянаты жоқ

момын адамдар сайланды. Содан 1931

жылы Баянауыл өңірінде 16 колхоз

құрылып, 1933-1934 жж. колхоздастыру

қайта қолға алынды. Большевик,

1 Май, Жамбыл, Жаңатілек, Октябрь,

Теңдік, Қаражар, Жаңажол, Одақ,

Егінді, Заря... Далба болысы кейін

Далба ауыл советі болып өзгертіліп,

бұл атау 1959 жылға дейін сақталды.

(Баянаула аймағынан 1938 жылы Ақсу

ауданы, 1972 жылы Екібастұз ауданы

бөлініп Павлодар облысына, 1939

жылы Бұқар жырау, Молодежный аудандары

бөлініп Қарағанды облысына,

Ерейментау ауданы Ақмола облысына

қаратылды).

1959 жылы Жаңатілек колхозы таратылып,

оның орнына Октябрьдің 40 жылдығы

атындағы кеңшар құрылғаннан

кейін Далба ауыл советінің атауы

Жаңатілек ауылдық советіне алмастырылды.

Қазір Жаңатілек ауылдық округі

жұмыс істеп тұр. 13 мың гектар дәнді

дақыл, 1200 гектар жүгері, 1200 гектар

көпжылдық шөп егілді. №1 бөлімше

басшысы Әбілқасов Балықбай, №2

бөлімше басшысы Ермекбаев Қайыржан,

№3 бөлімше басшысы Беков Қибаш.

Шаруашылықта 2 бастауыш мектеп,

1 орта мектеп, 1 бала бақша, 35 орындық

аурухана, мәдениет үйі болды. Жиырмаға

жуық тұрғын үйлер салынып. Мал

бордақылау алаңы, жемазық цехтары

іске қосылды. Механикаландырылған

комплекс, жазғы саябақ, стадион

салынып ауыл іші абаттандырылды.

Жыл сайын Екібастұз, Қарағанды

қалаларына 1000 бас қой, 450 бас

ірі қара тапсырылып, 950 мектеп

оқушылары аралас мектептерде оқыды.

Оларға 80 мұғалім сабақ берді.

Ауылда 50-ге тарта соғыс ардагері,

45 тыл ардагері, 58 батыр ана тұрды.

Шаруашылықта 380 адам еңбек етіп

олардың саны жазғы маусым айларында

510 адамға дейін жетті. Әр

гектардан 15 центнерден астық өндіріп,

Үкіметтің жоспары асыра орындалды.

Сол жылдары шаруашылықты Кәрәмат

Жанабеков, Айман Алданов бірінен соң

бірі басқарып, жақсы көрсеткіштерге

жетті. Әпеков Сейітжан, Досжанов

Айбалта бас бухгалтер. Кәкенов Әшкен -

бас экономист. Әбжанов Рахым -

бас зоотехник. Нұрболин Берік - бас

мал дәрігері. Камзин Құсайын - бас

агроном, Сыздыков Балтабай - бас

инженер, Бақаева Күлмайра секретарьмашинистка

мамандықтарын абыроймен

атқарса, мен аға прораб болдым. Қазіргі

таңда ауылда ірі шаруа қожалықтары

жұмыс істейді. Халықтың тұрмыс

деңгейі де жоғары. Биыл Жаңатілек

ауылының аталуына 60 жыл толып

отыр. Осыған орай 1984 жылы мектеп

бітірген түлектер ұйымдасып, ауыл

маңындағы жол бойына Жаңатілек ауылы

атауын латын әріптерімен жазғызып,

заманға сай стелла орнатып, халықтың

алғысына бөленді.

Мұхамет – Қайыр ШӘРІПОВ,

Баянауыл ауданы.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы хабарландыру

«LeichtMetall.KZ (ЛяйхтМеталл.КЗ)» ««Павлодар» арнайы экономикалық

аймағының аумағында алюминий қоспалауын өндіруді қайта құру, Солтүстік

өнеркәсіп аймағы, 232/1 құрылысы, Павлодар қаласы» жұмыс жобасына

қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) материалдарды қарау

жөніндегі ашық жиналыс түрінде қоғамдық тыңдаулар өткізу туралы

хабарлайды.

Қоғамдық тыңдаулар 2019 жылғы 23 тамызда сағат 10.00-де Нұрсұлтан

Назарбаев даңғылы, 95/9 құрылыс мекенжайында өтеді.

Жұртшылық өкілдері жұмыс жобасы және ҚОӘБ материалдарымен

қағаз түрінде Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 48, 1 құрылыс,

209 кеңсе, т. 8 (7182) 510788, және www.tabigatpv.gov.kz сайтта келесі

мекенжай бойынша таныса алады.

Тапсырыс беруші– «LeichtMetall.KZ (ЛяйхтМеталл.КЗ)».

Құжатты әзірлеуші – «Экологический центр-PV» ҚОӘБ ЖШС,

Жұмыс жобасы – ««Павлодар» арнайы экономикалық аймағының

аумағында алюминий қоспалауын өндіруді қайта құру, Солтүстік өнеркәсіп

аймағы, 232/1 құрылысы, Павлодар қаласы».

Жұртшылық тыңдауларын ұйымдастыруға жауапты тұлға - «Павлодар

облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта су ресурстары

басқармасы» ММ, Балтабаева М.К. (32-93-79, 65-25-59, baltabaeva.

dpr@pavlodar.gov.kz).

Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуші орган - Павлодар

облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта су ресурстары

басқармасы» ММ.

Объявление о проведении общественных слушаний

«LeichtMetall.KZ (ЛяйхтМеталл.КЗ)» уведомляет о проведении общественных

слушаний в форме открытого собрания по рассмотрению

материалов оценки воздействия на окружающую среду (ОВОС) к рабочему

проекту «Реконструкция производства легирования алюминия на

территории специальной экономической зоны «Павлодар», промышленная

зона Северная, строение 232/1, г. Павлодар».

Общественные слушания состоятся 23.08.2019 г. в 10.00, по адресу:

проспект Нұрсұлтан Назарбаев строение, 95/9.

Представители общественности могут ознакомиться с материалами

рабочего проекта и ОВОС в бумажном виде по адресу: г. Павлодар,

ул. Торайгырова, 48 строение 1, офис 209 .т. 8 (7182) 510788, а также

на сайте www.tabigatpv.gov.kz .

Заказчик – «LeichtMetall.KZ (ЛяйхтМеталл.КЗ)».

Разработчик документации – ОВОС ТОО «Экологический центр-PV»,

Рабочий проект – «Реконструкция производства легирования алюминия

на территории специальной экономической зоны «Павлодар», промышленная

зона Северная, строение 232/1, г. Павлодар».

Ответственное лицо за организацию общественных слушаний - ГУ

«Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов

Павлодарской области», Балтабаева М.К. (32-93-79, 65-25-59, e-mail:

baltabaeva.dpr@pavlodar.gov.kz).

Орган по проведению государственной экологической экспертизы -

ГУ «Департамент экологии по Павлодарской области».

(20150)

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12312 дана,

бүгінгі көлемі 5 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1447

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!