25.07.2019 Views

25 шілде, 2019 жыл №83 (15403)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

2 25 шілде, бейсенбі, 2019 жыл АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

#ABAI175

Абайдың

туған жерінде

Облыс әкімі Болат Бақауов Абай Құнанбаевтың

туған жері – Жидебай қыстауына барып,

ақынның өлеңін оқып берді. Облыс әкімі

эстафетаны Ақтоғай ауданының Мүткенов

ауылында тұратын бес жасар Әли есімді

баладан қабылдады.

Өңір басшысы Абай Құнанбаевтың атамекені саналатын

Жидебай жерін зиярат етіп, ұлы ақынның «Әсемпаз болма

әрнеге» атты өлеңін оқыды. Аталған мазмұндағы бейнеролик

облыс әкімінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында жарияланды.

Айта кету керек, аталған парақша жазылушылардың саны

күннен-күнге артып келеді.

- Қадірлі жерлестер! Еуразия континентінің нақ ортасында,

Ұлы ақынның ата қонысы, қасиетті де киелі Жидебай

жерінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған

өлеңдерін оқу эстафетасына қатысуды жөн көрдім, - дейді

облыс әкімі өз Instagram парақшасында.

Болат Бақауов Абайдың 175 жылдығына арналған эстафетаны

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Шахимардан

Әбілов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айзада

Құрмановаға жолдады.

Айта кетейік, облыс әкіміне ұлы ақынның өлеңін оқу

эстафетасын жолдаған жеткіншек - Кәртембай отбасындағы

балалардың үлкені Әли. Ол - ауылдық орта мектеп жанындағы

шағын орталықтың тәрбиеленушісі. Әкесі Жеңісбек Кәртембай

- жиһаз жасаудың шебері, анасы Торғын Көбеш - тіл маманы,

өнерге жақын. Бес жасар Әли Абайдың өлеңдерінен өзге

Сұлтанмахмұт Торайғыров пен Жұбан Молдағалиевтің, Күләш

Ахметованың шығармаларын жатқа біледі. Еске сала кетейік,

Абайдың 175 жылдығына арналған челленджді Ләйлім Шырақ

есімді тоғыз жасар мектеп оқушысы бастаған болатын. Әрі

қарай бұл акцияны ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев,

белгілі әнші Димаш Құдайбергенов және өзге де танымал

қайраткерлер қолдады.

Айбек ЖҰМАТОВ.

БҰЛ ҚАЛАЙ?

Өнімсіз қалды

Көктем келсе болғаны ауылдағы ағайын баубақшада

түрлі көкөніс салып, күзде жемісін

көруді қалайды. Сол үшін таңнан кешке дейін

бел жазбай еңбек етуге де әзір. Ал күзде

сол көкөністерден қысқы азық дайындаудың

амалына кіріседі. Алайда, биыл Успен ауданының

тұрғындары мұндай мүмкіндіктен қағылып

отыр.

Ковалевка ауылындағы аулалардың барлығы дерлік көкөністің,

жеміс-жидектің түр-түрін өсірумен айналысады. Бірақ осы

күзде өнім жинай алмайтын түрі бар. Себебі ауылдағы

шаруашылықтың алқабын өңдеу кезінде химиялық препарат

бақшаларға тамып, көшеттер қурап қалыпты.

- Маусым айында арнайы тікұшақ келіп, алқапты химиялық

препараттармен өңдеді. Әлгі препараттың тамшысы біздің

бау-бақшаларға тамып, өсіп келе жатқан көкөністің барлығы

әп-сәтте қурап қалды. Қырыққабат, қызанақ, тәтті бұрыш

– бәрінен түк қалған жоқ. Жемістер де өспеді. Көшеттерді

екінші рет отырғызып едік, олар да жерсінбеді. Осылайша,

көктемнен бері бел жазбай еткен еңбегіміз зая кетті, - дейді

ауыл тұрғыны Анатолий Кармазь.

Өңдеуден көкөністер ғана емес, адамдардың өздері де

жапа шеккен көрінеді.

- Тікұшақ препараттарды сеуіп жатқан кезде бақшадағы

арамшөптерді жұлып жүр едім. Бір уақытта қырыққабатқа

қолым тигені сол еді, қып-қызыл болып, бөртіп кетті. Қышуы

әлі басылар емес. Дәрігерлер бұл препараттың тамшыларынан

аллергия екенін айтты, - дейді Елена Голубничей.

Өңдеудің бұл түрі өзге шаруа қожалықтарына да залал

тигізді. Жергілікті тұрғындар келтірілген шығын көлемі

1 млн. теңгеден асатынын айтады. Олар қураған көкөністерді

сараптамадан өткізуді қалап еді, бірақ тиісті зертхана тек

Алматы қаласында бар екен. Ал өңдеу жүргізген шаруа

күзде ауылдастарын көкөніспен қамтып, олқылықтың орнын

толтырмақ. Алайда тұрғындар бұған келіспей отыр.

- Біз әр аулаға арнайы барып, шығын көлемін есептедік.

Бұл ретте ұшу талаптарын сақтамаған әуе компаниясы кінәлі

болып отыр. Олар 30 маусымда келіп, 4-5 шілдеге дейін өңдеу

жұмыстарын жүргізді. Қазіргі уақытта сотқа арыз дайындалуда, -

дейді Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы

Раушан Сәбитова.

Енді шаруашылық пен тұрғындар арасындағы шиеленісті

мәселені сот қарап, тиісті шешім шығармақ.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМҚОРЛЫҚ

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр

Отан» партиясының XVIII съезінде Үкіметке әлеуметтік

тұрғыда аз қамтылған отбасылардың баспаналы

болуы үшін жеңілдетілген несие беру механизмін

әзірлеуді тапсырған болатын. Осы тапсырманы орындау

мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер

енгізіліп, «Бақытты отбасы» жобасы жүзеге асуда.

Баспаналы болғың келсе...

Нұржайна ШОДЫР

Өтініштер

қабылдануда

Аталмыш бағдарлама бұған дейін

республиканың бірқатар өңірінде

басталып кеткен. Ал Павлодар

облысында 22 шілдеден бастап іске

асуда. Аймағымызда алғаш болып

Павлодар қаласының тұрғындары

үшін өтініш қабылдау науқаны

басталды. Қалалық қаржы бөлімінің

тұрғын үйді бөлу секторының

меңгерушісі Ақерке Еламанованың

айтуынша, бұл бағдарлама арқылы

қолжетімді тұрғын үй алу құқығы

екінің біріне бұйыра бермейді. Яғни,

ол үшін міндетті түрде мемлекеттік

тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын

үйге мұқтаж азаматтар тізімінде

үш түрлі санат бойынша кезекте

тұруыңыз шарт.

- «Бақытты отбасы» бағдарламасына

көп балалы, толық емес

және мүмкіндігі шектеулі балалары

бар немесе мүгедек балаларды

тәрбиелеп отырған отбасылар

ғана қатыса алады. Қазіргі таңда

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі,

25-үй мекенжайында орналасқан

Open Pavlodar кеңсесінің №13

үстелінде таңертеңгі сағат 9.00-ден

кешкі 17.00-ге дейінгі аралықта қала

тұрғындарының өтінішін қабылдап

жатырмыз. Алғашқы бір күннің

ішінде 50 адам өтініш берді.

Құжаттар 31 шілдеге дейін ғана

қабылданады. Сондықтан қолжетімді

баспанадан үмітті тұрғындарды

бағдарламаға қатысуға шақырамыз.

Ол үшін мынандай құжаттарды

жинау қажет: өтініш, өтініш

иесінің отбасы мүшелерінің жеке

куәліктері, некеге тұру немесе бұзуы

жайлы құжат, отбасы мүшелерінің

қайтыс болуы туралы мәлімет,

шаңырақтағы барлық адамның

мекенжай анықтамасы, олардың

меншігінде жылжымайтын мүліктің

жоқ екендігін растайтын анықтама

және жұмыс орнынан соңғы

6 айындағы еңбекақысының орташа

көрсеткіші жайлы мәлімет керек.

Ал мүгедек балалары бар отбасылары

оның мүгедектігін дәлелдейтін

құжаттарды қоса тапсыруы қажет, -

дейді Ақерке Еламанова. Оның

айтуынша, бүгінде шаһар бойынша

жалпы тұрғын үй кезегінде 15 477

адам тұр. Оның ішінде 4 мыңдай

толық емес, 411 көп балалы және

135 мүгедек баланы асыраушы отба-

сылары бар екен. Осы санаттағы

азаматтар қолжетімді баспанаға ие

болу мүмкіндігін жіберіп алмағаны

жөн, дейді мамандар. Себебі,

аталған бағдарламаның уақыты

шектеулі. Яғни, «Бақытты отбасы»

бағдарламасы небары 3 жылға

ғана арналған. Ал ары қарай

жалғасын таба ма, жоқ па, ол

жағы әзірге белгісіз.

Талап

қандай?

«Бақытты отбасы» бағдарламасы

бойынша баспана алушыларға Тұрғын

үй құрылыс жинақ банкі арқылы ең

төменгі пайыздық ипотека берілетін

болады. Яғни, тұрғын үйге мұқтаж

азаматтар тізімінде жоғарыда

атап өткен үш санат бойынша

кезекте тұрған тұрғындарға 20

жылға дейін жылына 2 пайыздық

жеңілдікпен баспана

сатып алу мүмкіндігі

беріледі. Ол үшін өтініш

берушілердің отбасылық

кірісі қатаң есепке

алынады. Талап бойынша

отбасының әрбір

мүшесіне шаққандағы

табыс көлемі 42 500

теңгеден аспауы тиіс.

Мәселен, бір шаңырақта

6 адам бар болса

(6 х 42 500=255 000),

олардың жалпы айлық

табысы 255 мың теңгеден

аспауы тиіс. Егер,

отбасылық кіріс көлемі

көрсетілген мөлшерден

артық болса, бағдарламаға қатысу

құқығы берілмейді. Бұл ретте,

балаларға төленетін мемлекеттік

жәрдемақы мен атаулы әлеуметтік

көмек есепке алынбайтынын

айта кету керек. Сонымен қатар,

бағдарлама талабы бойынша

азаматтар алдын ала тұрғын үй

құнының алғашқы 10% жарнасын

төлеуі қажет.

- Біз бағдарламаның осы

талабын өтініш берушілердің

әрқайсысына түсіндірудеміз. Сол

үшін бағдарламаға қатысушылардың

алғашқы жарнаны төлеуге мүмкіндігі

болуы өте маңызды екенін атап

өткен жөн. Егер өтініш беруші ана

бала күтіміне байланысты демалыста

болса, онда бағдарламаға

жолдасы қатыса алады. Ескере

кететін бір жайт, отбасында

төленбеген несие болмауы тиіс.

Сондай-ақ, дәм-тұзы жараспай

ажырасып кеткен толық емес отбасылары

сол сәттен бастап 3 жыл

мерзім өткеннен кейін бағдарлама

қатысушысы бола алады, - дейді

Ақерке Еламанова. Оның айтуынша,

Павлодар қаласы бойынша

несиелендірудің ең шекті сомасы

10 миллион теңгеден аспауы

керек. Сондай-ақ, бағдарламаға

қатысушы өз қалауынша ұнатқан

үйін таңдап алатын болады. Яғни,

жаңа үй алғыңыз келе ме, екінші

нарықтағы ескі үй ме әлде жер

үй ме, ерік өзіңізде.

Бұған дейін өзге өңірлерде

әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған

отбасыларына тұрғын үйдің

алғашқы жарнасы ретінде жергілікті

әкімдіктерден сертификаттар

берілген болатын. Ал бұл мәселе

біздің өңірімізде қарастырылып

жатыр екен.

«Бақытты отбасы» бағдарламасына

өтініш қабылдау науқаны

басталғанымен, павлодарлық

тұрғындардың нақты қашан

қоныс тойын тойлайтыны әзірге

белгісіз.

- Біз алдымен азаматтардың

өтініштерін қабылдаймыз. Содан

кейін оларды Тұрғын үй құрылыс

жинақ банкіне тапсырамыз. Аталмыш

банктің тексеруінен өткен, яғни,

құжаттары талапқа сай, несие

төлеуге қабілетті тұрғындар өзіне

тұрғын үй іздеп тауып, оны ары

қарай рәсімдейтін болады. Сөйтіп,

баспаналы болушылар қатары

арта береді. Ал биыл өтініштерін

мақұлдамаған тұрғындар келесі жылы

тағы да бағын сынап, бағдарламаға

қатыса алады, - дейді қалалық

қаржы бөлімінің тұрғын үйді бөлу

секторының меңгерушісі.

Осылайша, Павлодар қаласындағы әлеуметтік тұрғыда

аз қамтылған азаматтар үшін баспана мәселесі

біртіндеп өз шешімін таппақ. Ол үшін тұрғын үйге

мұқтаж жандар тиісті құжаттарын жинап, әрекет

ете білсе болғаны.

Суреттер ғаламтордан алынды.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!