10.08.2019 Views

10 тамыз, 2019 жыл №90 (15410)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

Құрбан айт қабыл болсын!

SARYARQA

Павлодар облыстық газеті

1929 жылғы 15 ақпаннан шығады

SAMALY

10 тамыз, сенбі

2019 жыл

№90 (15410)

ssamaly29@gmail.com

www.saryarka-samaly.kz

facebook.com/saryarka15

@saryarka_samaly

Жүйелі жұмыс

жалғасуда

АҚОРДА

Құрметті облыс

тұрғындары!

Қадірлі

жерлестер!

Облысымызда негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер артып, оң

нәтиже байқалуда. Қоғамдық-саяси жағдай тұрақты әрі жергілікті биліктің

бақылауында. «Nurly Ertis» жобасы бойынша аймағымызға қоныстанушылар

қатары артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың

қабылдауында болған облыс әкімі Болат Бақауов осы және өзге де

мәселелердің мән-жайын баяндады.

Біртуар

ҒАЛЫМ ЖӘНЕ ТУҒАН ЖЕР

Сурет akorda.kz сайтынан алынды.

Жалғасы 3-бетте

...Дала данасы Асан қайғы бабамыз Баян тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен.

Бір түней кетемін деген адам бір жұма тоқтап қалады», - деген екен. Шынымен де, сұлу

табиғаты Баянауылға көрік берген Қызылтау мен Ақбет тауы, толқыны көбік атып көпіршіген

Сабынды көлі мен шыр айналған иірімі көп Жасыбай көлі көрген жанның жанын

толқытады...

Толығырақ 10-бетте

Баршаңызды күллі мұсылман

қауымы асыға күткен қасиетті

Құрбан айт мейрамымен құттықтаймын!

Құрбан айт мерекесі - елдің

ауызбіршілігін арттыратын,

мұсылман қауымды имандылыққа

ұйытып, барша адамды қанағат

пен тәубеге шақыратын киелі

мейрам.

Тәуелсіздікке қол жеткізген

жылдардан бастап бұл мереке ел

көлемінде айрықша қуанышпен,

ерекше ілтипатпен аталып келеді.

Қазіргі таңда Отанымыздың

сындарлы саясатының арқасында

еліміздегі діндер мен мәдениеттердің

санқилылығына қарамастан

қазақстандықтар арасында

сыйластық пен сенімділік қатынастары

дамып әрі нығайып келе

жатыр.

Біздің елімізде Құрбан айт

түрлі этностар мен дін өкілдері

арасында өзара сыйластықтың,

достық пен бірліктің бірегей

дәстүрлерін сақтауға және оны

нығайта түсуге ықпал етеді.

Мереке күндері жүрегіне иман

ұялаған әрбір адам құрбандық

шалумен ғана емес, өзінің сауапты,

ізгі, қайырлы амалдарымен танылады,

яғни, ол көмекке мұқтаж

жандарға қол ұшын созып, айналасына

қуаныш сыйлауға тырысады.

Айт күндері жасаған ізгі

ниеттеріңіз, шалған құрбандықтарыңыз

қабыл болсын! Сүйікті

Қазақстанымыздың мерейі үстем

болып, халқымыздың ауыз бірлігі

арта берсін! Құрбан айт мүбәрак

болсын!

Баршаңызды бүгінгі қасиетті

мейраммен құттықтай отырып,

зор денсаулық, мол бақыт, елімізге

құт-береке тілеймін!

Болат БАҚАУОВ,

Павлодар облысының әкімі.

2 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл

АҚПАРАТ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Үздігі - Павлодар

Павлодар облысындағы жастар саясатының жүргізілу барысы

өзге өңірлерге үлгі. Жастар бастамаларын дамыту орталығының

жұмысы да көңіл қуантады. Орталықтың әр шаршы метрі тиімді

пайдаланылып, мамандар жастарға сапалы қызмет көрсетуде.

Кеше облысымызға жұмыс сапарымен келген ҚР Ақпарат және

қоғамдық даму вице-министрі Жұлдыз Омарбекова дәл осындай

баға берді.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Жұлдыз Қажыкенқызы облыс орталығындағы

Жастар бастамаларын дамыту

орталығының жұмыс барысымен танысты.

Орталық директоры Төлеген Айтбаевтың

айтуынша, мұнда жастардың білім алуы,

кәсіп ашуы, баспанамен қамтылуы және

өзге де өзекті мәселелер бойынша үнемі

кеңестер беріліп, қолдау көрсетіледі. Күніне

шамамен 30 азамат әр түрлі бағытта кеңес

алады. Сонымен қатар, ІТ, арт-орталықтар

жас павлодарлықтардың шығармашылығын

шыңдайды. 15 еріктілер ұйымы

мен 16 мыңға жуық еріктіні біріктіретін

орталық та бар.

- Біздің жұмыс кеңсемен шектеліп

қалмайды. Арнайы құрылған мобильді

топ колледж, жоғары оқу орындары,

кәсіпорындарға барып, жастармен жүздесіп,

оларды толғандырған түйткілдерді шешу

жолдарын қарастырады, - дейді Т.Айтбаев.

Осы жылдың 1 маусымында орталық

жанынан «Bastay» отбасы орталығы құрылды.

Ол жыл соңына дейін жұмыс істеп, отбасын

құруға ниетті жастарға, жас отбасыларға

Білімде шекара жоқ

Аймағымызға арнайы іссапармен келген Израиль мемлекетінің

Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман

павлодарлық белсенді жастармен кездесті.

Нұржайна ШОДЫР

Облыс орталығындағы «Достық үйінде»

ұйымдастырылған шара барысында

израильдік елші ғылым мен техника

қарыштап дамыған қазіргі заманның

жастары жан-жақты болуы керектігін

тілге тиек етті. Сондай-ақ, ол облыс

жастарын озық білім алу үшін өзінің

еліне оқуға шақырып, білімде шекара

жоқ екенін атап өтті.

- Израиль мемлекетінің жоғары оқу

орындары білімі бәсекеге қабілетті мамандар

даярлай алады. Мұндағы университеттердің

білім сапасы жоғары деңгейде. Олар әлемнің

таңдаулы оқу орындарының қатарына енген.

Мәселен, Хайфадағы Технион техникалық

университеті дүниежүзіндегі «Ең үздік 100

инженерлік мектептің» құрамына кірген.

Алдағы уақытта «Болашақ» бағдарламасы

бойынша қазақстандық жастар Израиль

жан-жақты қолдау көрсетеді. Жобаның

жүзеге асуы үшін мемлекет тарапынан

1 млн. 955 мың теңгелік грант берілді.

- Қысқа мерзім аралығында 20 отбасы

«Отбасымен бірге» жобасы аясында

Баянауылда демалды. Одан бөлек, түрлі

семинар-тренингтер киелі жерлерге саяхат

ұйымдастырылды. Отбасындағы қарым-қатынас,

ұлттық құндылықтарға қатысты дәрістер

өтеді. Қыркүйек айында жас отбасылар

сайысы өтпек. Орталықтың екі психологы

әрқашан ақыл-кеңес айтып, көмек көрсетуге

әзір. Мұның барлығы отбасыны сақтап

қалуға оң әсерін берері анық. Сандарды

сөйлетсек, өткен жылдың 7 айында 1104

ажырасу тіркелсе, биыл жыл басынан бері

1017 ерлі-зайыптының жолы екіге айырылды.

Әрине, көрсеткіштің 7 пайызға төмендеуі

ауыз толтырып айтарлықтай нәтиже емес.

Сондықтан оны арттыру үшін жұмыс істейміз.

Биыл жоба сәтті іске асса, келер жылы

да жалғасын табады, - дейді орталықтың

үйлестірушісі Жұлдыз Молдыбаева.

Бүгінде орталық қызметкерлерінің көмегіне

күніне 2-3 адам жүгінетін көрінеді. Олардың

қатарында енесімен тіл табыса алмай жүрген

жас келіндер, күйеуінен зорлық-зомбылық

көретін келіншектер бар.

мемлекетінде білім алатын болды. Жақында

бұл мәселені де шештік. Сондықтан еш

алаңсыз біздің елге келіп, оқыңыздар, -

деді Лиат Вексельман.

Кездесуде облыстық ҚХА жастар

қанатының төрағасы Рамиль Смайылов

сөз алып, ел жастары Израиль

сынды өркениетті мемлекетті таныпбіліп,

сапалы білім алуға құштар екенін

айтты. Ал «Жасыл ел» облыстық штабы

аппаратының басшысы Абай Уахит

израильдік мейманға студенттік-жастар

жасақтарының жұмысын таныстырып,

екі ел жастарының арасында әріптестік

қарым-қатынас орнату қажеттігі жайлы

ұсынысын жеткізді.

Павлодар облысы бойынша Қазақстан

халқы Ассамблеясы хатшылығының

меңгерушісі Айнұр Сәрсенбаева Израиль

елшісіне аймақ жастарымен болған жарқын

жүздесу үшін алғыс білдірді.

Қос тарапқа тиімді

Израиль елі мен Павлодар облысының кәсіпкерлері кездесіп,

шетелдің озық технологиясын агроөнеркәсіптік кешенде енгізу

мәселелерін талқыламақ.

Инвесторлар үйіндегі облыстық кәсіпкерлер палатасында өткен жиын барысында

Израильдің төтенше және өкілетті елшісі Лиат Вексельман жергілікті

бизнес өкілдерімен жүздесті.

- Павлодар облысының мал және өсімдік шаруашылығында жаңа технологиялар

қарқынды қолданылып жатқанынан хабардармыз. Бұл ретте біз де әріптестік

байланыс орнатуға ниеттіміз. Атап айтқанда, өзіміздің технологияларды әкеліп,

павлодарлық агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына үлес қоссақ дейміз. Ол үшін

осы саладағы кәсіпкерлермен кездесіп, өзара байланыс орнатудың тетіктерін

талқылау қажет, - деді елші.

Бұл ұсынысты кәсіпкерлер палатасының директоры Ербол Арынов қолдап,

мұндай шаралар екі тарапқа да тиімді болатынын алға тартты.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат

Ораловтың айтуынша, аймақтағы 165 мың

жастың қатарында ешқайда оқымайтын,

жұмыс істемейтін 5 мыңға жуық адам

бар. Оларды іске тарту үшін «Жастар – ел

тірегі» бағдарламасы аясында гранттар

беріліп, өз ісін ашуға мүмкіндік жасалмақ.

Оған қоса, облыс әкімі Болат Бақауовтың

тапсырмасымен «Жас шебер» жобасы қолға

алынды. Ол да әр ауылдан 10-15 жұмыссыз

жасты анықтап, екі қолға бір күрек беруді

көздейді.

Аймағымызда атқарылып жатқан осы

іспетті жұмыстармен танысқан министр

орынбасары Жұлдыз Омарбекова оң

бағасын берді.

Аграрлық салада

араласпақ

Алдағы уақытта аймағымыздың шаруалары агроөнеркәсіптік

салада израильдіктердің тәжірибесіне иек артуы әбден мүмкін.

Олай дейтініміз, облысымызға арнайы жұмыс сапарымен келген

Израильдің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Лиат

Вексельман Павлодарда Инвесторлар үйінде өткен кездесуде қос

ел арасында дәл осы салада берік әріптестік орнатудың мүмкіндігі

молын айтты.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Облыстық кәсіпкерлік және сауда

басқармасы басшысының міндетін атқарушы

Айдос Сәкенов мейманға өіңірімізде кәсіпкерлік

дамытуға жасалып жатқан жағдайларды

кеңінен баяндады. Яғни, кәсіп ашуға ниетті

азаматтарға мемлекет тарапынан көрсетілетін

қолдау жайында да айтып берді.

- Біз екі ел арасында барлық бағытта

байланыс орнатуға ниеттіміз. Үкімет, Парламент

деңгейінде бұл мәселелер қарастырылуда.

Қазақстанның өңірлерімен де әріптестік

қатынас қалыптасқанын қалаймыз. Израиль

старт-аптар мен жоғары технологиялар

елі саналады. Ауыл шаруашылығындағы

жетістіктері де аз емес, Тамшылата суару

технологиясын, етті, сүтті мал шаруашылығын,

құс шаруашылығын дамытуға ден қойылған.

Сіздерде де бұл бағытта ірі жобалар қолға

алынып жатқанынан хабардармын. Сондықтан,

берік байланыс орнатуға мүмкіндіктер бар

деп ойлаймын, - деді Лиат Вексельман.

Кездесуде біздің тарап аграрлық

өнеркәсіптік кешенді дамытуға қолдау

көрсететін бағдарламаларға кеңінен тоқталды.

Сондай-ақ, облыстық ауыл шаруашылығы

басқармасы басшысының орынбасары

Марат Шұғаев суармалы егістікті өрістетуге

өңірімізде ерекше мән беріп жатқанын

мәлім етті.

Биыл аймағымызда 30 мың гектар суармалы

алқапты айналымға қосу көзделген.

Бүгінде облыста барлығы 70 мың гектар

егістік суарылады. Енді бұл көрсеткішті

Суретті түсірген - Роза Мұстафина.

- Павлодар облысының жастары елімізде

үнемі көш алдында. Жоғары жетістіктердің

«кілтін» көру үшін арнайы келдім. Шын

мәнінде, мұнда жастар үшін барлық жағдай

жасалған екен. Кейбір өңірлерде бірнеше

қабатты зәулім жастар орталығы болғанмен,

оларда адам қарасы жоқ. Ал павлодарлық

орталықта өмір «қайнап» жатыр. Бұл жайт

қуантады. Еліміздегі 208 жастар орталығының

қатарында Павлодардағы орталықтың озық

екеніне көзім жетті, - деді Ж.Омарбекова.

Бұл ретте вице-министр орталық ішінде

павлодарлық жастардың, еріктілердің

жұмыстарын көрсететін фотосурттерді,

көрнекілік материалдарды көптеп орналастыруға

кеңес берді.

ӘРІПТЕСТІК

бірнеше жыл ішінде еселеп, 140 мың гектарға

жеткізу межеленіп отыр, деді М.Шұғаев.

Осы ретте, елшіге елімізде суармалы

алқапты дамытуға мемлекет тарапынан

жан-жақты қолдаудың бары айтылды. Яғни,

инфрақұрылымын тартуға түрлі жеңілдіктер

қарастырылған. 2010 жылы бұл қолдау тетігі

іске қосылғаннан бері аймағымызда 35 шаруа

оны қолданып үлгерген. Нәтижесінде өнімді

молынан алу мүмкіндігіне қол жеткізген. Бұл

көмек те Израиль елінің өкілін қызықтырмай

қоймады.

Құс шаруашылығын кеңейтудің де

маңыздылығы айтылды. М.Шұғаев облыста

жұмыртқа өндіретін - 2, ет бағытындағы

1 құс фабрикасы жұмыс істейтін мәлімдеді.

Әлі де арттыру қажет екені айтылды. Басқарма

өкілі израильдіктерде озық технологиялар

арқасында сиырлардың айтарлықтай сүтті

екенін тілге тиек етті. Оларда жылына бір

сиырдан 12 мың литр сүт алынады, ал

елімізде бұл көрсеткіш – 6-7 мың литр. Демек,

үйренер тұс жоқ емес. Ауыл шаруашылығы

басқармасының өкілдері қиырдағы елдің

қисынға келетін теориялық, практикалық

тәжірибелерін алуға, инвестиция тартуға

мүдделі екендерін білдірді.

Мейманға аймағымызда экспортқа

бағытталған кәсіптерге басымдық берілетіні

де айтылды. Өңдеу өнеркәсіптеріне де көптеп

көңіл бөлінеді, деді мамандар. Шағын және

орта бизнесті дамытуға ден қойғандарды

қолтығынан демеуге мемлекет әрдайым

мүдделі, деді А.Сәкенов.

Кездесу соңында қос тарап алдағы уақытта

барлық бағытта байланысты нығайтуға ниет

білдірді. Әсіресе, аграрлық сала бойынша

ортақ қызығушылық байқалды.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕРТЕҢ – ҚҰРЫЛЫСШЫЛАР КҮНІ

Құрылысшылардың

АЙНА 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл 3

Жүйелі жұмыс

жалғасуда

«қолтаңбасы»

Олар - сәулеті келіскен әсем ғимараттар, көпқабатты баспаналар, балабақша,

мектеп пен емханалардың «авторы». Олар – талай тұрғынды үймен қамтып,

талай адамға тұрақты жұмыс берген жандар. Олар – жылдың мезгілі мен ауа

райына қарамастан бел жазбай еңбек етететін қайсар қызметкерлер. Олар –

құрметке лайық құрылысшылар.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Анарбай Нұрханов 30 жылдан

астам уақыт бойы құрылыс саласында

қызмет етіп келеді. 1966 жылы

Шымкент қаласында туған азамат

1989 жылы Рудный қаласындағы

оқу орнын құрылысшы-инженер

мамандығы бойынша тәмамдап,

жолдама бойынша Ақсу ферроқорытпа

зауытында еңбек жолын бастады.

Аталмыш зауытта қатардағы шеберден

бастап учаске басшысына дейін

жұмыс істеді. Кәсіпорындағы өндірістік

шаралардың барлық ережеге сәйкес

жүзеге асуын қатаң қадағалады.

Ал 2007 жылдан бастап облыс

орталығындағы тұрғын үйлер

құрылысының басы-қасында жүр.

- Мен салған алғашқы үй –

Павлодар қаласындағы Гагарин-

Ворушин көшелерінің қиылысындағы

көпқабатты баспана. Арада қаншама

жыл өтсе де бұл тұрғын үй көзіме

оттай басылады. Кейін Сарыарқа

шағын ауданында үйлер салына

бастады. Мұндағы баспаналардың

іргетасы қалануына да өз үлесімді

қосқанымды мақтанышпен айта

аламын. Осы уақытқа дейін

әріптестеріммен бірге Сарыарқадаға

9 үйдің құрылысына қатыстым.

Бір емес, ондаған, тіпті жүздеген

отбасының өз шаңырағы болуы үшін

аянбай еңбек ету – мен үшін абырой.

Жаңа үйге қоныстанушылардың жүзі

жайдары болып, біздің жұмысқа деген

ризашылығын білдіргенде бойымды

қуаныш кернейді. Құрылысшы

мамандығының еленгені де – осы, -

дейді Анарбай Нұрханов.

Анарбай Нұрхановтың кенже

қызы Фариза әкесінен үлгі алса

керек, ол да құрылыс саласын

таңдапты. Бүгінде С.Торайғыров

атындағы Павлодар мемлекеттік

университетінде студенттерге

құрылыс саласының қыр-сырын

үйретуде.

- Қыз бала үшін құрылыс саласы

тіпті қиын. Сондықтан әуелде

Фаризаның таңдауын қолдай

қоймадым. Кейін оның таңдауына

кедергі келтірмей, келісімімді бердім.

Бүгінгі күні ол болашақ құрылысшыларды

дайындап, жастарды

біздің алаңдарға тәжірибеден

өтуге әкеледі. Кей кездері менен

ақыл-кеңес сұрайды. Ал тұңғышым

Айгүл – ағылшын тілінің маманы.

Жарым Нұржамал энергетика

саласында жұмыс істейді, - дейді

А.Нұрханов.

Қазіргі таңда Анарбай

Алтайұлы «Жәрдем» жауапкершілігі

шектеулі серіктестігі салып жатқан

Сарыарқадағы №25 үйдің учаске

басшысы. Өткен жылдың желтоқсан

айында құрылысы басталған бұл

баспана бірнеше айдың дересінде

қолданысқа беріледі. Мұндағы

екі және үш бөлмелі 72 пәтерге

көпбалалы отбасылар қоныстанады

деп күтілуде. Қазіргі уақытта

құрылысшылар 8 қабатты салып

аяқтады.

Айта кетелік, әдетте сала мамандары

72 пәтерді 9 айда, 108 пәтерді

12 айда және 144 пәтерді 1 жыл

3 ай аралығында тұрғызады. Тіпті,

қысқы уақытта құрылыс тоқтамайды.

Бұл ретте тұрғындар арасында

«қыстың күні салынған үй суық

болады» деген пікірдің қалыптасып

қалғаны жасырын емес. Анарбай

Нұрхановтың айтуынша, заманауи

технологиялар дамыған тұста мұндай

қиындық туындамайды.

- Сарыарқа ауданындағы №22

үйді 2016 жылдың қараша айында

бастап, 2017 жылдың қарашасында

ел игілігіне бердік. Қыстың қақаған

аязында да құрылыс бір сәтке

үзілген емес. Тұрғындар бірнеше

жыл қыстап шықса да «пәтер суық»

деген шағым айтпады. Керісінше,

үйдің жылы екенін алға тартып

жатады. Ғылыми әрі өндірістік технологиялар

дамыған тұста әр салаға

түрлі жаңашылдықтар енгізілуде.

Сол сияқты біз де заман ағымынан

қалыспаймыз. Мәселен, қыстың күні

цемент және басқа да қоспалар

қатып қалмас үшін арнайы химиялық

реагенттер қосылады. Бұл өнімнің

сапасын арттыра түседі. Сонымен

қатар, әр қабатты салу кезінде

қолданылатын қоспалардан алдын

ала сынамалар алынып, олар тиісті

зертханадан өтіп, қорытынды жасалады.

Сондықтан «қыста салынған

үйлер суық болады» деп ойлау –

әбестік. Біз үшін адамдардың жайлы

әрі қауіпсіз өмір сүруі маңызды.

Сол үшін әр істі тиянақты атқарып,

қолданылатын тауарлардың сапалы

болуына баса мән береміз, - дейді

А.Нұрханов.

Бұл ретте «Жәрдем» құрылыс

компаниясының павлодарлық тауар

өндірушілерге жоғары қолдау

білдіретінін де атап өткен жөн.

Мәселен, кірпіш, терезе, өзге де

қажеттіліктерді Павлодардағы компаниялардан

сатып алады. Ал керамика,

құрғақ қоспа, құрылысқа қажет

металл түрлері мен сантехникалық

құрал-жабдықтар өз өңірімізде

шығарылмайтындықтан, Нұр-Сұлтан,

Алматы қалаларынан жеткізіледі.

«Жәрдем» ЖШС директоры Серік

Ахметовтің айтуынша, бүгінде компанияда

300-ге жуық адам жұмыс

істейді. Олардың айлық жалақысы –

200-300 мың теңге аралығында.

Бұл ретте білікті әрі білімді жұмыс

күшін табу кей кездері ауыртпалық

салатынын айтпай кетпеске болмас.

- Құрылысшылардың жұмысы

жауапты әрі өте қиын. Сондықтан

болар, біздің салаға жастар көп

келе бермейді. Келген күннің өзінде

тәжірибелік білімі болмайды. Соған

қарамастан біз бар білгенімізбен

бөлісіп, үйретуге тырысамыз. Бүгінгі

күні «біздің шәкірттер» деп ауыз

толтырып айтарлықтай мықты

мамандар бар. Тағы бір мәселе

– облыс орталығында алюминий,

мұнай өңдеу, трактор зауыты сияқты

ірі өндіріс орындарын салған ардагерлер

мен бүгінгі жас құрылысшылар

арасындағы ұрпақтар сабақтастығы

үзіліп бара жатқандай. Жергілікті

биліктің қолдауымен кездесулер,

өзара тәжірибе алмасу шаралары

жиі ұйымдастырылса игі, - деген

ойымен де бөлісті С.Ахметов.

Айта кетелік, «Жәрдем» компаниясы

құрылыс нарығында – 21 жыл.

Осы уақыт аралығында бірқатар

әлеуметтік нысандар – Железин,

Аққулы, Ертіс ауданындағы білім

беру орындары мен Павлодар

қаласындағы №30 мектепті, Усолка

мен Сарыарқа шағын аудандарындағы

үйлерді тұрғызды. Қазіргі уақытта

Сарыарқа шағын ауданында №24/2,

№25 баспаналар мен әуеқалашықта

екі қабатты 9 үйді, Ақсу қаласында

3 тұрғын үйді салуда.

Жалпы, жыл басынан бері Павлодар

облысында 90 мың шаршы метрге

жуық баспана пайдалануға берілді.

Жыл соңына дейін 200 мың шаршы

метрден астам тұрғын үйді тапсыру

жоспарланып отыр. Облыстық құрылыс

басқармасының басшысы Рүстем

Раисовтың айтуынша, бүгінгі күні

Сарыарқа ауданында барлығы 10 үй

салынуда, оның тоғызына жыл соңына

дейін тұрғындар қоныстанады. Мұнда

шамамен 700 пәтер қолданысқа

беріледі десек, оның тең жартысы

«7-20-25» бағдарламасы бойынша

сатылымға шығарылады. Оған қоса,

аталмыш бағдарлама аясында

10 несиелік үйдің құрылысы жүргізілуде.

Осылайша, павлодарлықтардың

жаңа, жайлы, кең әрі жарық пәтерлерге

қоныстануы үшін құрылысшылар

тынымсыз еңбек етуде. Ендеше,

олардың жұмысына сәттілік тілеп,

алдағы кәсіби мерекелерімен

құттықтаймыз!

С

Басы 1-бетте

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

Сәрсенбі күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аймақ

басшысы Болат Бақауовты қабылдады. Облыс әкімі өңірдің

өткен 7 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап,

өзекті мәселелерді ортаға салды.

- Сіздің қолдауыңызбен «Nurly Ertis» жобасы сәтті жүзеге

асып, облысымызға Нұр-Сұлтан қаласы мен жұмыс күші

көп өңірлерден көпбалалы отбасылар қоныстануда. Жоба

басталған уақыттан бері Екібастұз қаласына 103 отбасы, яғни

617 адам көшіп келді. Барлығы баспанамен, үйдің үлкендері

жұмыспен, балалар балабақша және мектеппен қамтылды.

Кәсіппен айналысуға ниетті азаматтарға гранттар мен несиелер

берілуде. Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама аясында

тағы 280 отбасыны қабылдаймыз, - деді Б.Бақауов.

Жергілікті көпбалалы отбасылар да қолдаудан кенде емес.

Осы уақытқа дейін 199 отбасы жаңа үйлерге қоныстанды.

Жыл соңына дейін мемлекет тағы 86 пәтерді сатып

алмақ. Ал жаңа форматқа сәйкес атаулы әлеуметтік көмек

5919 отбасыға беріледі.

Болат Бақауов тұрғын үй құрылысын мықтап қолға

алуға әзір екендіктерін білдірді. Инженерлік магистральдік

желілер тартылған құрылыс алаңдары да дайын. Келесі жылы

17 баспананы салуға 8,1 млрд. теңге қаржы қарастыруға

қатысты бюджеттік өтініш тиісті органдарға жіберілді. Одан

бөлек, жалпы құны 15 млрд. теңге болатын 22 жоба бар.

Сонымен қатар, аймақ басшысы алдағы уақытқа белгіленген

инвестициялық жобалар, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға

бағытталған істер, ауылдық елді мекендерді таза ауызсумен

қамту және жолдың сапасын жақсарту мәселелеріне тоқталды.

Мәселен, қазіргі уақытта орталықтандырылған су құбырын

салу бойынша 53 жоба жүзеге асуда. Оларды іске қосу

нәтижесінде жыл соңына дейін ауылдықтарды таза ауызсумен

қамту көрсеткіші 29,7 пайыздан 40 пайызға дейін артады.

- Сонымен қатар, жалпы құны 11 млрд. теңге болатын

15 жоба бар. Бұл жобалар қолдау тапқан жағдайда таза

ауызсумен қамту көрсеткіші 54,1 пайызға дейін артады. Одан

бөлек, 200 адамнан аз тұрғыны бар 90 шағын ауылда кешендіблок

модульдер орнатылуда, - деді Б.Бақауов.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев аймақтағы суармалы

жерлердің аумағын ұлғайту, халықтың тұрмыс сапасын

арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Сарбаздар

ант қабылдады

АЙБЫН

Жуырда Ұлттық Ұлан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына

қарасты 6679 әскери бөлімінің 120-ға

жуық жас сарбазы ант қабылдады.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарынан

келген жас сарбазбен толықты. ҚР Ұлттық Ұланның

6679 әскери бөлімінің командирі, подполковник Аян Сәтпаевтың

айтуынша, жас сарбаздар қылмыстық атқару жүйесі мекемелерін

күзететін болады. Сарбаздарды ант қабылдау рәсімімен 6679

және 5512 әскери бөлімдерінің ардагерлер кеңесінің төрағасы,

запастағы подполковник Тілектес Манабаев та құттықтады. Ол

жас ұландарды елге қызмет етуге шақырды.

Бұл күні Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласынан

келген Райымбек Егенғалиев те Отан алдындағы борышын

адал атқаруға уәде берді.

- Павлодар қаласына алғаш рет келдім. 6679 бөліміне

келіп, әскер қатарына қабылданғанымды мақтан тұтамын. Өзіме

жүктелген міндетті абыроймен атқаруға ант етемін, - дейді ол.

Шара соңында жас ұландардың ата-аналары балаларын

құттықтап, естелік суретке түсті.

Өз тілшіміз.

4 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл АУЫЛ-АЙМАҚ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕКІБАСТҰЗ ҚАЛАСЫ

Жоспар орындалуда

Екібастұз ауылдық аймағында бүгінде төрт түліктің

қысқы азығын әзірлеу ісі қызу. Шаруалар күннің

қолайлы сәтін пайдаланып, жоспарды ойдағыдай

орындауға күш салуда.

АҚСУ ҚАЛАСЫ

Жұмыс қызу

Ақсу қаласына қарасты ауылдық

аймақтарда төрт түліктің қысқы азығын

дайындау жұмыстары қарқынды жүруде.

Ресми мәліметке сүйенсек, 95,8 мың гектар аумақтан

шөп шабылады, оның 30 мың гектары - жайылымдық

жер. Барлығы 77 мың тонна мал азығын дайындау

жоспарланып отыр.

- Бүгінгі таңда 60 мың гектар алқапта, оның ішінде

4,5 мың гектар жайылымдық жерде шөп шабылды.

Орташа өнімділік – гектарынан 7,7 центнер. Ал жайылымнан

жиналған шөптің шығымдылығы гектарынан

15 центнерді құрады. Барлығы 46,2 мың тонна шөп

дайындалып, оның 30 мың тоннасы қыстақтарға

жеткізілді, - дейді Ақсу қалалық ауыл шаруашылығы

бөлімінің басшысы Әділ Құсайынов.

Сонымен қатар, 3 мың тонна пішендеме, 12 мың

тонна сүрлем мен 2,4 мың тонна сабан дайындалмақ.

Бүгінде пішендеме толығымен жиналды. Енді шаруалар

сүрлем және сабан дайындауға кіріседі.

Қ.ТЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

ЕРТІС АУДАНЫ

Науқан

ойдағыдай

Биыл ауданда жоспар бойынша

88,7 мың гектар алқапта шөп

шабылады деп күтілуде.

Қазіргі уақытта 75,1 мың гектарға

шалғы түскен. Бұл белгіленген жоспардың

85 пайызға орындалғанын көрсетеді.

Шөптің шығымдылығы гектарына

5,9 центнерге тең. Бірлескен жұмыстың

нәтижесінде шаруалар 44,5 мың тонна

шөп дайындады.

Бұдан бөлек, 5,5 мың тонна сүрлемнің

1,9 мың тоннасы әзірленген. Бұл бағыттағы

жұмыс 35 пайызға орындалып отыр.

Осылайша, әр күнді тиімді пайдаланған

шаруалар қыстың қытымырынан қысылмай

шығамыз деген үмітте.

Д.АЙТПАЙ.

Екібастұз қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің мәліметіне

сүйенсек, бүгінгі күні 111 мың гектар шабындық жерден шөп

шабылған. Жоспар бойынша 163,4 мың гектар алқаптан мал

азығын алу көзделген. Бұл дегеніңіз, жоспардың 68 пайызы

орындалды. Соның ішінде жайылмалар мен көлтабандық

16,4 мың гектар жер бар. Оның 1,1 мың гектарынан шөп

шабылған. 40,32 мың ірі мал азығы дайындалған. Жоспар -

63 мың тонна. Яғни, 64 пайызы әзірленіп отыр. 20,5 мың

тоннасы қыстақтарға жеткізілген.

Жалпы, биыл шөптің шығымдылығы гектарынан 3,6 центнерді

құрап отыр. Ал жайылмалар мен көлтабандық алқаптарда гектарынан

14 центнерден алынуда. Сондай-ақ, мамандар егістіктің

арамшөбін химиялық тазарту жұмыстарын 100 пайыз жүзеге

асырғандарын айтуда.

Г.МАҒЖАН.

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫ

74 мың тонна дайын

Баянауыл

ауданының шаруалары

да шөп шабу

науқанының бел

ортасынан асыпты.

Шабындықта

таңнан кешке

дейін техниканың

гүрілі толастамайды.

Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы Нұрболат

Қалиевтің айтуынша, жоспарлы 270 мың гектар шабындықты

жер бар. Бүгінде оның 206 гектарынан шөп шабылды.

Шөптің шығымдылығы өткен жылғыдай, дейді маман. Яғни,

гектарынан 3,6 центнерден айналып отыр. Сөйтіп, қазіргі

таңда шаруалар 74 мың тонна мал азығын дайындап үлгерген.

Жоспар бойынша 97 мың тонна әзірленуі тиіс екен. Осылайша,

баянауылдықтар шөп шабу жұмыстарының 75 пайызын жүзеге

асырған. Бірақ, шөпті қыстаққа тасу жұмысы әлі басталмаған.

Маманның мәлімдеуінше, техника жеткілікті. Олар өрт

қауіпсіздігі жағынан қатаң тексеруден өткізілген.

Г.МАҒЖАН.

ПАВЛОДАР АУДАНЫ

Жартысынан астамы жиналды

Павлодар ауданында шөп шабу науқаны қарқынды жүруде. Бүгінде жоспарлы

істің жартысынан астамы аяқталды.

УСПЕН АУДАНЫ

Қарқынды жүргізілуде

Аймақтағы алқапты аудандардың бірі

саналатын Успенде шөп шабу науқаны

қызу жүріп жатыр.

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы

бөлімінің мәліметі бойынша қазіргі таңда 90 мың гектар

жер шабылып, 50 мың тонна шөп жиналған. Оның

36 мың тоннасы шөп сақтайтын арнайы орындарға

жеткізілген. Ал жоспар бойынша ауданда 112,6 мың

тонна қысқы мал азығы дайындалуы қажет. Бүгінгі

күні бұл жоспардың 80 пайызы орындалды.

Мамандар биыл өңірдегі шөптің шығымдылығы

ойдағыдай екенін айтады. Орташа өнімділік гектарынан

- 5,6 центнерді құрайды.

Жалпы, ағымдағы жылы 72,1 мың тонна шөп

жинап алу жоспарланған.

Ауданда 41 мың ірі қара мен 36 мың

қой-ешкі қыста қораға қамалады. Олардың

азықтан тарықпай шығуы үшін 86,5 мың

тонна шөп пен 18,5 мың тонна пішендеме

дайындау қажет. Қазіргі таңда шаруалар

шабындыққа білек сыбана кіріскен.

- Осы уақытқа дейін 53,4 мың тонна

шөп жиналды. Өнімділік гектарынан

5,6 центнерді құрап отыр.

Осылайша, жоспарлы істің 62 пайызы

орындалды. Сонымен қатар, 15,5 мың

тонна пішендеме жиналды. Бұл – қажеттіліктің

86 пайызы, - дейді Павлодар аудандық

кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің

басшысы Хамза Оразбеков.

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.

Бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды

жүргізілуде. Демек, көп ұзамай ауданда шөп

шабу науқаны аяқталмақ.

Н.АҚЫТЕГІ

ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫ

Шабындықта қарбалас

Тереңкөлдік шаруалар шөп шабу науқанына

белсене кіріскен. Бұл ретте 67,1

мың гектар алқапта шөп шабылды.

Нәтижесінде, 36,91 тоннаға жуық мал азығы

дайындалды. Яғни, белгіленген жоспар 60,2 пайызға

орындалған. Шөптің шығымдылығы да жақсы

болғанын атап өткен жөн. Бұл көрсеткіш гектарынан

5,5 центнерді құрап отыр. Сондай-ақ, қазір

шаруалар біржылдық шөптерді шабуда. Ауданда мал

азығын әзірлеу бағытындағы жұмыстарға 3797 тонна

арзандатылған дизель отыны бөлінген. Техника саны

да жеткілікті. Шаруалар қысқы мал азығы қажетті

көлемде дайындалатынына сенімді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

ЖЕЛЕЗИН АУДАНЫ

Әзірлік мығым

«Қыстың қамын жаз ойла» демекші, астықты өлке

Железин ауданында шөп шабу науқаны ойдағыдай

жүргізілуде.

Өңір шаруалары 54 мың гектар алқапта шөп шапқан. Бұл белгіленген

жоспардың 72 пайызын құрайды. Шаруалардың бірлескен жұмысы

нәтижесінде 28,0 мың тонна шөп дайындалды. Бұл ретте, жоспардың

53 пайызға орындалғанын атап өткен жөн.

Көпжылдық шөптің шығымдылығы гектарына 5 центнерді құрайды.

Бұдан бөлек, 5,3 мың тонна пішен әзірленді. Бұл жоспарлы көлемнің

106 пайызы. Осы орайда, «Пахарь», «Черепанов», «Талапкер» шаруа

қожалықтарын ерекше атап өтуге болады. Шаруалар қысқы мал азығын

молынан әзірлеу үшін адамдар мен техниканың жеткілікті екенін айтады.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА - 175 ЖЫЛ

Ұлы ақын

Балалар, биыл қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толмақ.

Ол есімі елге мәшһүр ақын ғана емес,

белгілі ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің,

қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор,

аудармашы, саяси қайраткер және қазақ

мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге

келіп, 1904 жылы өмірден өткен. Ақынның

арғы тегі Орта жүз Тобықты, Арғын ішіндегі

Олжай батырдан таралады. Олжайдан Айдос,

Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ өрбиді. Бұлардың

әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен.

Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай,

Көтібақ, Топай есімді балалары бар.

Бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза

шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер,

Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай

шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан,

«Ісің адал болса, Өскенбайға бар, арам болса

Ералыға бар» деген мәтел ел арасында кең

таралған. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай

туады.

Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі

3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша

да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан

алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге

шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілік-билік

жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп

13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Ұлы ақын өзінің ақындық шығармаларында

қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдік

мәселелерін арқау еткен. «Мен жазбаймын өлеңді

ермек үшін», - деп жырлаған Абай атамыздың

әр өлеңі терең мазмұнымен өмірден өз бағасын

алды. Сол үшін де бүгінде оның шығармалары

әлемнің бірнеше тіліне аударылып, қазақтың

Абайын бүкіл дүниежүзі танып-білуде.

ҰЛЫДАН - ҰЛАҒАТ!

Абай айтқан екен...

Дала

Жусан иісі аңқыған,

Көгілдір гүлдер шалқыған.

Әрбір шөбің көркейген,

Мейірімге малтынған.

Қызыл, жасыл өрнекті,

Гүлдерің әркез көрікті.

Сән береді өзіңе,

Қызғалдақ басып жер - көкті.

Күз кезіңде соларсың,

Көңілсіз мұңға толарсың.

Кірбің түсіп қабағың,

Самал болып соғасың.

Ермұхамбет ЖҮСІПОВ,

Абай атындағы №28 мектептің

оқушысы, Екібастұз қаласы.

БАЛАПАН ЖЫР

Анашым

Ақ сүт берген анашым,

Ақылдысың, данасың.

Дүниедегі бақытты,

Өзіңнен ғана табамын.

Жақсылыққа шақырып,

Жамандықтан тыяды.

Асыл анам бойыма,

Иман нұрын құяды.

Ислам ӘМІРБЕК,

№4 Ертіс орта мектебінің

2-сынып оқушысы, Ертіс ауданы.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас;

Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық;

Ғылым - Алланың бір сипаты;

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат;

Жастықтан бір күлгенің мың қаралық;

Мал жұтайды, өнер жұтамайды;

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас;

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла

алмайсың, басыңды бұлт шалса- іздеп таба алмайсың.

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

Жазып алған – Ерасыл НҰРЫМОВ,

5-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

Сөзжұмбақты

шешейік!

4.

1. 2. 3. 5.

А

6. 7.

б а й а т а

1. Еліміздегі ең үлкен қала.

2. Аймағымыздағы ең қасиетті жер.

3. Мұнайлы өңір.

4. Облыс оқушыларына арналған

сүйікті қосымша.

5. Батыс Қазақстанға жататын қала.

6. Нұр-Сұлтан қаласына қарасты ауыл.

7. Бұрынғы астанамыз.

Құрастырған - Арайлым АТШЫБАЙ,

Кенжекөл орта мектебінің 7-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

6 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Бұған қасқыр қуанып, оған еріп

кетеді. Түлкі оны көп мал қамалған

қоршауға алып келеді. Қоршау түнге

қарай мықтап жабылады екен. Түлкі

мен қасқыр қоршауды айналып жүріп,

ақыры бір жерден саңылау тауып,

ішке кіреді. Олар малды өлтіріп, етін

алаңсыз жейді. Етке әбден тойып,

қарны тырсылдап үлкейіп кеткен түлкі

саңылаудан әзер дегенде сыртқа

шығады. Ал қарны тойса да, көзі

тоймаған қасқыр қоршаудың ішінде

қалады. Бір кезде іште қалудың

қауіпті екенін түсінген қасқыр

сыртқа шығуға қанша тырысса да,

ісініп кеткен қарнымен саңылаудан

шыға алмай, көп әуре болады.

Сөйтіп жүргенде, таң атып, ішке

кірген қожайын қасқырды көрісімен,

қолындағы сойылмен оны аямай ұра

кетеді. Қасқыр әрең дегенде қашып

шығады да, түлкіні іздейді.

Ал түлкі болса қасқырды алыстан

көріп салып, жерге жата қалып,

аяқтарымен денесін сипалап:

– Ой, менің апайым! Адамдар

мені өлтіре жаздады! Бүкіл денем

қатты ауырып әкетіп барады! Жүре

алмаймын. Үйіме жетуіме көмектес,

– дейді жыламсырап.

Түлкінің сөзіне сенген қасқыр оны

Түлкі мен қасқыр

(Африка халықтарының ертегісі)

Бірде түлкі қорқау қасқырға жолығып қалып, оған:

– Менімен бірге жүр. Мен саған тойып ет жейтін жерді

көрсетемін, – дейді.

арқасына салып алып, жүріп кетеді.

Біраз жүрген соң, түлкінің қулығын

сезіп қойып, оны жерге лақтырып

жібереді де, артынан қуа жөнеледі.

Алды-артына қарамай қашқан түлкі бір

үңгірге кіріп кетеді. Қасқыр артынан

кіргенде, алдыңғы екі аяғымен төбені

ұстап тұрған түлкіні көреді де, оны

бас салғанда, түлкі:

– Ой, апатайым, маған тиіспе! Төбе

түсіп кетіп, екеуімізді басып қалады!

Мен төбені тіреп ұстап тұрмын! Кел,

төбені ұстап тұр. Мен тіреу тауып

әкелейін, – дейді шыр-пыр етіп.

Қасқыр төбені ұстап біраз тұрғаннан

кейін, осында тұратын бірнеше маймыл

келеді. Олар қасқырды көріп, таң

қалып:

– Сен мұнда не істеп тұрсың?

– деп сұрайды.

– Төбені ұстап тұрмын! Түлкі

төбе түсіп кетіп, астында қаласың

деген. Ол тіреу алып келуге кетті.

– Қоя бер! Төбе мықты тұр,

құламайды, – деп күледі маймылдар.

Алданып қалған қасқыр түлкіге

бұрынғыдан да қатты ыза болып, оны

қайта іздеп шығады. Біраз жүрген

соң, бір апанның аузында бірдеңе

деп міңгірлеп отырған түлкіні көреді.

Ал апанның ішінде араның ұясы бар

еді, бірақ оны қасқыр білмейді.

– Оһ, залым, қолға түстің бе?!

Сенің өлген жерің осы болады! –

деп қасқыр түлкіге тұра ұмтылады.

– Иә, мен расында ақымақпын!

– дейді түлкі мүләйімсіп.

– Маған деген ренішің орынды. Не

істесең де көнемін. Бірақ бүгін үлкен

мереке. Әне, тыңдашы, балалар ән

салып жатыр, мен де оларға қосылып

әндетіп отырмын. Міне, менің қолымдағы

кітапты көріп тұрсың ғой. Мен осы

кітапқа қарап сыйынып тұрмын.

– Иә, естіп тұрмын. Расында

ән салып жатыр екен.

– Міне, сондықтан да мені бүгін

өлтірме! Ертеңге дейін күт! Одан

да кітап алып, бізбен бірге сыйын!

– Ал, кітапты қайдан аламын? –

деп сұрайды қасқыр.

– Ана апанның ішінде кітап көп,

кез келгенін ал, – дейді түлкі.

Қасқыр кітап алмақшы болып

апанға түскенде, ондағы аралар

гуілдеп оған лап қойып, тұмсығын

жабыла шағады. Ал түлкі бұл кезде

қарасын көрсетпей, тайып тұрады.

Орыс тілінен аударған -

Серік САТЫБАЛДИН, еңбек

ардагері,

Павлодар қаласы.

СӨЗ МӘЙЕГІ

Денсаулық туралы

мақал-мәтелдер

Жарлының байлығы —

Денінің саулығы.

Денсаулық — зор байлық.

Күлегештің көңілі азбас,

Күтіншектің өзі азбас.

Бас ауырса, жан қорқады.

Екі ауру бір келсе, ажалыңның жеткені.

Тазалық - саулық негізі,

Саулық - байлық негізі.

Азған денеге ауру үйір.

Аурудың жақсысы жоқ,

Дәрінің тәттісі жоқ.

Демі бардың емі бар.

Ауру кісі күлкі сүймес,

Ауыр жүкті жылқы сүймес.

Елемеген ауру жаман,

Ескермеген дау жаман.

Жинаған – Ақерке НҰРТАЙ,

2 - с ы н ы п о қ у ш ы с ы , А қ с у қ а л а с ы .

qoı

Өтірік өлең

Мініп алып шыбынға,

Ұшып бардым ғарышқа.

Сельфи жасап аспанда,

Мақтандым бар халыққа.

Диас БАЙБОЛАТ,

4-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

САНАҢА ТОҚЫП АЛ!

Латын әліпбиін

жаттайық!

Құрметті достар! «Айналайын»

қосымшасының өткен нөмірінде латын

әліпбиінің жазылуы мен дыбысталу

үлгісін берген болатынбыз. Ал бұл жолы

назарларыңа латын әріптерін ұсынып

отырмыз. Мұқият қарап, жаттап

алыңдар! Себебі, көп кешікпей еліміз

латын әліпбиіне көшетін болады.

Мал жуасы -

Аң жуасы

qoıan

қарызын

терісімен

өтейді.

qasqyr

Кім тапқыр?

Балалар, мына мақалмәтелдерден

кейбір сөздер түсіп

қалыпты. Сендер оларды тауып, тор

көздерінің ішіне латын әріптерімен

жазып шығыңдар.

teńge

...тиыннан өсер,

...құлыннан өсер.

Дайын асқа-тік...

jylqy

qasyq

САРЫАРҚА САМАЛЫ

10 тамыз, сенбі, 2019 жыл 7

Ер қанаты - бес қару

БІЛГЕНГЕ - МАРЖАН!

Павлодар қаласындағы Г.Н.Потанин атындағы облыстық

тарихи-өлкетану музейінде ерте заманда батыр бабаларымыз

қолданған бес түрлі қару қойылған. Қазақтың аңыздастандарында

жауынгерлердің қас дұшпанын ойсырата

жеңуі үшін бес қаруына сүйенгені жайлы әңгімелер көп

айтылады.

Аталмыш музейдің қызметкері Жеңісбек Қадырұлы жаугершілік

заманда ер қанаты болған бес қару жайлы жиған-терген

мағлұматтарымен бөліскен екен. Бұл жазбаны арнайы «Айналайын»

қосымшасының оқырмандары үшін қаз-қалпында

ұсынғанды жөн көрдік.

Ату қаруы

Түркілердің негізгі қаруының бірі

– жақ деп аталған. Ол ағаш, сүйек,

мүйіз, қайың қабығы (тоз), сіңір мен

былғары сынды материалдардан жасалады.

Ол бірнеше бөліктен тұрады. Түркілер

жебені пайдаланатын мақсаты мен

ұшына қарап бірнеше түрге бөлген.

Ұшы жалпақ екі айыр болып келетін

жебе «қозы жауырын» деп аталады. Ол

жарақатты тереңірек салуға арналған.

түрін қолданған. Түркілер қылыштары

басының қайқылығына, пішініне қарай,

сабының және балдағының пішініне

орай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы,

«наркескен». Оның қайқылығы бірден

алқымынан басталады, сондықтан кесу

күші жоғары болған. Асыл қылыштың

ерекше түрін қазақтар да өзге түркі

халықтары секілді «зұлпықар» деп атаған.

Зұлпықар (арабша Зу – л фикар –

«жасын» деген сөз) — Әзірет Әлінің

(Мұхамед пайғамбардың немере інісі

әрі күйеу баласы, төртінші халиф Әлі

ибн Әбу Тәлібтің) аты аңызға айналған

қасиетті екі басты қылышының аты.

қылыш, семсер салатын бұйым «қынап»

деп аталады. Оны асынып жүруге

арналған бауды «қылыш бау» деп атайды.

Қынап ағаштан жасалып, былғарымен

немесе барқытпен қапталған. Металмен

әшекейленіп, алтын, күміс және асыл

тастар қондырылған. Кейбір қынаптар

таза металмен қапталған.

Түйреу қаруы

Қазақта екі түрлі түйреу қаруы

болған. Ұшы жалпақ болып келетін

қылышты қазақтар «найза» деп атаған.

Ұшы қырлы ұзын қылыш «сүңгі» делінген.

Ол жаудың сауытын сындыра соққы

беруге арналған. Қазақ батырлары

найза мен қайың найзаға: моншақ, ту,

жалауша, шашақ сынды белгі таққан.

Ту – жалпы әскердің белгісі, моншақ -

әскербасының таңбасы болды. Түрлі

түсті жалаушалар әскери жасақтардың

бір-бірін тануы үшін қажет болса, аттың

жалынан немесе жібек баудан жасалған

шашақтар батырлықтың нышаны саналды.

көмкеріліп, былғарымен қапталады.

Жауынгер балтасы сабының ұзындығына

қарап: ұзын сапты, орташа сапты және

сабы қысқа балта деп үшке бөлінген.

Қазақтар сабының ұзындығы орташа

болып келетін балтаны кеңінен қолданған.

Ал, қысқа сапты балталарды әдетте

белдікке қыстырып жүретін болған. Ұзын

сапты айбалтаны хан сарайын немесе

қорған қақпасын күзететін жауынгерлер

ұстады.

Соғу қаруы

Бұл қарудың ең көне түрі «шоқпар»

деп аталады. Ол ағаштан, ауыр сойыл

түрінде жасалады. Кейде шоқпарға

металл шынжыр немесе үшкір темір

Ал сауыт бұзуға арналған үшкір, үш-төрт

қырлы жебе «сауыт бұзар» немесе

«көбе бұзар» деп аталған. Түркілер

жебенің ұшын темірден, сүйек, мүйіз

бен ағаштан да жасаған.

Адамды аттан құлатып түсіру үшін

немесе аңға шыққанда түркілер ұшы

цилиндр тәріздес ағаштан жасалған

«доғал оқты» пайдаланған. Ал соғыс

кезінде дыбыстап белгі беру үшін

«ысқырық» оқтар қолданылған. Ал,

садақтың оғы салынатын қапты қорамса

десе, жақты салатын қорапшаны «садақ»

деп атаған.

Кесу қаруы

Түркілер жауынгерлері кесу қаруының:

семсер, қылыш және сапы деген үш

Кейбір қылыштар шапқанда ауыр болу

үшін басы үлкейтіліп, жалпақ қылып

жасалған және ұшының сыртында шығыңқы

тұрған жотасы болған. Оны «жалман»

деп атаған. Жыраулар шығармаларында

мұндай ауыр қылыштар «алдаспан» деп

аталады. Қазақ батырлары қылыштың

бұл түрін өте жоғары бағалаған. Ал

Шабу қаруы

Ертедегі қазақтардың негізгі деген төрт

шабу қаруы болған. Олардың жарақаттау

қабілеті мен пішіні жағынан айтарлықтай

ерекшелігі бар. Бұл қарудың бір түрі -

«балта». Оның жүзі орташа болып

келеді. Жүзі ай пішіндес әрі енді болып

келетін балтаны қазақтар «айбалта»

деп атаған. Жүзі сына тәріздес болып

келетін қару «шақан» деп аталған. Бірақ,

қазақ батырлары соғыста балтаның

төртінші түрі – жарты айбалтаны көп

қолданған. Кәдімгі балта, айбалта

мен шақанның қасиеттерін біріктіру

арқылы жасалған айбалтаның басы

балға пішіндес болады.

Қазақ балтасының сабы кейде талмен

тығылады. Соғу қаруының екінші түрі –

«гүрзі» деп аталады. Басы металдан

құйылған ауыр шоқпар. Соғу қаруының

үшінші түрі – «бұздыған» деп аталған.

Бұздыған — басы алты не сегіз қырлы

(әр қырының арасы тілімделіп ойылады)

болып келетін, темірден жасалатын

шоқпардың жеңіл түрі. Соғу қаруының

төртінші түрі – «босмойын» деп аталады.

Аты айтып тұрғандай, босмойынның

басы иілгіш келеді. Шоқпардың басы

сабына қайыс немесе шынжыр арқылы

бекітіледі. Мұндай шоқпарлардың басы

ағаштан, тастан немесе металдан

жасалған.

Міне, ерте заманда қазақтардың

әскери қару-жарағы осындай атауларға

ие болған екен.

БАЛАЛАРҒА БАЗАРЛЫҚ

Еркін БЕЙСЕНБАЕВ

Балама!

«Қара күшпен бірді жығарсың,

Біліміңмен мыңды жығарсың!»

- деп айтылған дана мақалды,

Балам, дұрыс түсініп, ұғарсың.

«Дұшпаныңнан бір сақтан,

Жаман достан мың сақтан!»,

- деп айтылған мақалды,

Ойыңда ылғи сен сақта!

Жақсы мінез - бітпес байлығың,

Осыны жадыңда сақтанғын.

Қашанда сабырлы болып сен,

Көшінен аулақ бол айғайдың.

Өз тегін білмес - ол жаман,

Ұрпаққа сын – сол жаман.

Жеті атасын білмейтін,

Жастар болған тым жаман.

Дініңе илан – ол жақсы,

Діліңе құрмет - сол жақсы.

Тіліңді сыйла, қастерле,

Анаңның тілі ең жақсы.

ФОТОЭТЮД

Кел, балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық!

С

Жаңылтпаш жаттап алайық!

Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.

Қапыда ит қапты,

Қатты қапты,

Қапты қатты.

Алашаларды

Таба алса, алар.

Таба алмаса,

Сонда қалар.

Гүлім гүлге қарап күлімдеді,

Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді.

Омартаға балалар барар,

Балаларды аралар талар.

Ғарышкер ұшты ғарышқа.

Ғарышқа ұшты ғарышкер.

Айтшы, ғарыш алыс па?

Пай-пай-пай,

Жайылып жүр тай.

Ай-ай-ай,

Ұшып кетті торғай.

Жазып алған -

Мәлика НҰРАХМЕТОВА,

2-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

8 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН!

Үш тілде сөйлеп үйренейік!

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы – сендердің

қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің гүлденіп, дамуы үшін жас

ұрпақтың жан-жақты білім алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің

маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Айналайын» қосымшасының оқырмандары

үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық үлгідегі жалпы білім

беру мектебінің ағылшын тілі маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт

Елемесова үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз адамдарға қатысты атауларды айтып үйренеміз.

Ендеше, іске сәт!

ХАТТАР ТЫНЫСЫ

Менің арманым

Армансыз адам-қанатсыз құспен тең. Әр

адамның жан дүниесінде тамыр жайған

арманы бар. Ол арман – адаммен бірге

өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де

балалық шағымның үлкен бір арманы

бар. Ол-дәрігер болу.

Мен дәрігер болғанда үнемі ауырған адамдарға

көмектесемін. Отбасы мүшелері ауырып қалған

кезде дәрі–дәрмек беріп емдеймін. Мен алдыма тәтем

секілді білікті дәрігер боламын деген мақсат қойдым.

Ол кісінің бойындағы мейірімділігі, адамгершілігі,

елгезектік қасиетін ұнатамын. Ол өз жұмысына өте

адал адам, ешқашан «шаршадым» деп айтқанын

естіген емеспін. Қиналған жандарға әркез қол ұшын

беруге дайын тұрады. Келешекте мен де сол тәтемнің

жолын қуып, дәрігер болып, халыққа қалтқысыз

қызмет етсем деймін.

БӘРЕКЕЛДІ!

Ұл – Мальчик – Boy;

Мен - Я – I;

Сен - Ты-You;

Ол – Он – He;

Ол - Она-She;

Әріптес – Коллега –

Colleague;

Тұтынушы - Клиент-

Client;

Дос - Друг,

подруга – Friend;

Бәсекелес –

Конкурент – Rival;

Бастық –

Начальник -

Chief, Head.

Отбасындағы қуаныш!

Қыз – Девочка

– Girl;

• Егер сендер бұл

сөздерді білетін

болсаңдар, өте

қуаныштымыз.

Ал білмейтін

болсаңдар,

мұқият жаттап,

саналарыңа

тоқып алыңдар!

Аружан СЕРІКБАЙ,

Кеңес орта мектебінің 4- сынып оқушысы,

Павлодар ауданы.

Жайдарлы жаз!

Мектеп жанындағы «Жаңа ұрпақ»

лагерінің ІІ ауысымы өте қызықты өтті.

Үш апта аралағында балдырғандар алаңсыз

әрі қызықты дем алды. Ойнады,

күлді, бастысы, әр күнін мазмұнды өткізді.

Балаларға арналып түрлі іс-шаралар мен спорттық

ойындар ұйымдастырылды. Оларды қалаға саяхатқа

апару үшін 5 тәрбиеші, 1 жаттықтырушы және

1 музыка жетекшісі жұмыс істеді. Лагерь демалушыларына

әртүрлі ойындар ойнатылып, тақырып

бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары өткізіліп

отырды. Жоспар бойынша күн сайын ертеңгіліктер,

сайыстар өтті.

Оқушыларымыз «Бос уақытты қамту және балалардың

дарындылығын дамыту орталығы» өткізген жазғы

кешенді жобаларға қатысып, дипломдармен марапатталды.

Балалар асыға күткен Павлодар қаласындағы

«Нептун» хауызына бірнеше рет барып, мәз болды.

Сонымен қатар, олар Ш.Айманов атындағы кинотеатрға,

көркемсурет, өлкетану мұражайларына барды.

«Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры», - демекші,

кез-келген бала ұстаз үшін асыл қазына. Осы қазынаны

қорғап, болашағына нұр беретін ұстаздың жүрегі.

Сол себепті балалардың балғын кездерін бақытты

өткізу ата-аналар мен ұстаздар арасындағы керемет

сыйластықтың арқасы деп ойлаймыз.

Б.НҰРӘЛИЕВА, А.АҚЫЛБАЕВА.

Осыдан төрт жыл бұрын алтын ұя мектебінен

түлеп ұшқан Түсіпова Әйгерім бүгінде өзі

қалаған жоғары оқу орнын ойдағыдай

тәмамдап, жас маман атанып отыр.

Мектепті «алтын белгімен» бітірген ол Елордадағы Л.Н.Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға қабылданды.

Сөйтіп, студент қыз университетте де өз қатарластарының

алды болып, оқудағы жетістігімен ұстаздарын қуанта білді.

Оған риза болған жоғары оқу орнының әкімшілігі Әйгерімнің

анасы Гүлнәр Миятқызының атына Алғыс хат жолдады. Онда

оқытушылар қызына жақсы тәрбие және болашаққа деген

дұрыс бағыт - бағдар бергені үшін алғыстарын білдіріпті.

Осылайша, Әйгерім өз ортасында сыйлы екенін көрсете

білді. Әрдайым алға ұмтылатын ол менеджмент мамандығы

бойынша қызыл диплом алып, экономика және бизнес

бакалавры дәрежесін иеленді. Оқуда озат, білімде алғыр

Әйгерімнің бұл жетістігіне туыс-туғаны, ұстаздары тегіс

қуанды.

«Білім инемен құдық қазғандай...», - деп дана халқымыз

айтқандай көп ізденуден талмайтын, еңбекқор әрі көргенді

БАЛАЛАР ДА ҚЫЗЫҚ!

Қартайдым

ба?

Маңдай тісі түсіп қалған

6 жасар Нұрай аузын басып, жылай

кетті.

- Не болды?, - деді әпкесі.

- Әжем сияқты менің де тісім түсіп

қалды. Енді қартайдым ба?, - деді

ол кемсеңдеп.

Өмір сүріп

отырмын...

Байқаусызда құмыраны

сындырып алған 4 жасар Диас

қорыққанынан үстелдің астына кіріп,

үнсіз отыра кетті. Мұны көріп қойған

анасы:

- Балам не істеп отырсың?, -

деді.

- Жәй, өмір сүріп отырмын..., -

деді Диас.

қызымыз Әйгерімге отбасыңды және туыстарыңды

әрдайым қуанта бер деймін.

Рысты СҮЙІНОВА, ұстаз, Ақсу қаласы.

Аяп тұрмын...

Кішкентай Ерасыл 5 жасар әпкесін

сөмкемен қатты ұрып жіберді.

- Сен небары 1 жаста болған

соң аяп тұрмын ғой. Әйтпесе,

жақсылап сыбағаңды беруші едім, -

деп жылады оның әпкесі.

Арайлым АТШЫБАЙ,

Кенжекөл орта

мектебінің 7-сынып

оқушысы, Павлодар

қаласы.

Көрікті жерлерді

көрдім

Әкем мен анам мені, қарындасым Жұлдыз

бен інім Асанәлиді жазғы демалысымызда

еліміздің түрлі көрікті жерлерін

аралатуға көңіл бөледі.

Былтыр Оңтүстік Қазақстанға сапарласақ, биыл

өз өңіріміздің әсем табиғатын тамашаладық.

Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасына жол

тарттық. Айнала тау. Бұл жерге алғаш келуім еді.

Тау тастары кәдімгідей қалап қойғандай. Көркі көз

тартады. Жасыбай көліне шомылып, ыстық күні көл

жағасынан сая таптық. Түнгі Жасыбайға да куә болдық.

Көлдің жанындағы тау Бурабайдағы «Жеке батыр»

тауына ұқсастығы барын аңғардым.

Баянауылдағы Торайғыр көліне бардық. Мұнда

әлемде сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген,

Канада мен Қазақстанда ғана өсетін қандыағаш

деген ағаштың барын білдім. Бұлақтың тастай суын

іштік. Әдемі табиғатта естелікке суретке түсіп, таң

тамаша болдық.

Маралды көліне де шомылып, өңірімізде тынығуға

жайлы орындардың көп екенін көрдім. Одан кейін

Көкшетауға нағашыларыма қыдырып бардық. Нағашы

атам мен апама еркелеп, көрікті Көкшетауда қызықты

сәттер өтті. Биылғы демалысым өте сәтті, пайдалы

болды деп айта аламын.

Шыңғыс ТҮГЕЛБАЙ,

Қ.Оспанов атындағы №3 мектептің 6-сынып

оқушысы, Тереңкөл ауданы.

«Айналайын» қосымшасының

үйлестірушісі - Нұржайна ШОДЫР.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚОҒАМ 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл 9

Елі ардақтаған азамат

«Тау алыстаған сайын биіктей береді» - дейді дана халқымыз. Бұл пәни жалғанда

пендешілікке ұрынып, өз замандастарымыздың өмірдегі өнегелі істері мен айшықты

іздерін уақытында ескермей, көңіл аудармайтынымыз өкінішті-ақ.

Шынында да, өзінің саналы

ғұмырын белсенді еңбекпен өткізген,

білімін, күш-қайратын аудандық,

облыстық деңгейдегі мемлекеттік

кәсіпорындарға жетекшілік етуге

арнаған Ертіс – Кереку өңіріне танымал

абзал азамат, Аққулы (бұрынғы

Лебяжі) ауданының тумасы, асыл

досымыз Мэлс Тәшмағанбетұлы

Әміржанов сондай біртуар жан еді. Ол

шаруашылықтың сан-қилы күнделікті

тынымсыз істерін абыроймен атқара

жүріп, қолынан қаламы түспеген,

шығармашылық шабыты алымды,

елімізге белгілі ақын атанды. Оның

өңіріміздің мәдени өміріне белсене

араласып жүргеніне әділ баға

берген Қазақстан Жазушылар одағы

Павлодар облыстық филиалының

директоры Арман Қани «Мэлс

Әміржановтың шығармаларынан

замандастарына деген сүйініші, еңбек

адамдарына деген құрметі байқалса,

ән-өлеңдерінен туған жер мен өскен

ортаның тыныс-тіршілігі көрініс

тапқан. Орынды әзіл-қалжыңдары

мен өткір сын-сықақтарында ойға

қонымды, тілге оралымды жолдар

жиі ұшырасады. Автор эпикалық

туындыларға келгенде де жорға

жүрісінен жаңылмайды. Мэлс

Тәшмағанбетұлының өзі көргені

мен көңілге түйгені мол аға буын

өкілі болғандықтан, жас ұрпаққа

айтар ақыл-кеңесі мен көрсетер

тәлім-тәрбиесі де мол екен аян» -

деп, ойын тұжырымдайды.

Шіркін, қарасаң көзің, сөйлесе

кетсең көңілің толатын, сөзі мен ісіне

берік, ақжарқын досымыздан осыдан

бір жыл бұрын кенеттен айырылып

16 адам

суға батты

Жалпы, аймағымызда шомылу

маусымына дайындық жұмыстары

ерте жүргізілді. Өңірде ресми түрде

ашылған 30 жағажай жұмыс істеуде.

Оның 16-сы - жекеменшік. Облыс

орталығында орталық жағажай мен

Усолка өзенінің аумағына шомылуға

рұқсат берілген. Жауапты мамандар

су айдындарын тексеріп, шомылуға

рұқсат етілген орындарды анықтады.

Суға түсуге болмайтын айдындарға

ескерту тақтайшаларын орнатты.

Бұдан бөлек, күн сайын тұрғындар

арасында түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастырып, жадынамалар да

таратуда. Мұндай ауқымды жұмыс

жылда жүргізілгенімен, ескертпелерге

құлақ аспай, өмірін қатерге тігетін

адамдардың қатары азаймай тұр...

Өткен жылы Павлодар облысында

24 адамның ажалы судан

болған. Өкініштісі, оның сегізі – бала.

Оқыс жағдайлардың басым көпшілігі

шомылуға рұқсат етілмеген орындарда,

ішімдік салдарынан орын

алған-ды. Салғырттықтың нәтижесінде

бір үйдің қос бүлдіршіні де суға

кеткен жантүршігерлік жағдайлар

да тіркелген болатын... Биыл өңірде

шомылу маусымы басталғалы бері

25 адам суға кеткен. Оның ішінде

тоғызы – жасөспірім. Шомылу

Қара судан балаңызды қорғаңыз!

Шіліңгір шілде айының соңынан бастап ауа температурасы шамадан тыс көтеріліп,

күннің ыстығынан ығыр болған жұрт шомылу орындарына ағылып әлек. Төтенше

жағдайлар қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп, апта

бойы су айдындарына рейд жүргізуде. Тәулік бойы қызмет атқаратын құтқару

қызметі де тұрғындардың ұялы байланыс телефонына ауа райына қатысты

ескерту хабарламасын жолдауда. Өкініштісі, мұндай ескертпелерден нәтиже

шықпай отыр...

Айдана ҚУАНЫШЕВА

қаламыз деп ойламаған едік. Амал

бар ма? Біздер, үстіміздегі жылы

оның 80 жасқа толғанын дүбірлетіп

тойлауға дайындыққа кірісіп кеткен

кезде тосыннан келген суыт хабар,

бәрімізді абыржытып кетті!

Бірақ шүкір, ол жарық дүниенің

есігін айқара ашып, алшаң басып,

еңсесін биік ұстап, ғұмырын сауықдәуренмен

өткізген, достары көп

жан еді. Әміржановтар ұрпақтары

шетінен, өнерге әуес жандар болатын.

Ал Мэлс бала кезінде Қазақстанның

еңбегі сіңген мәдениет қайраткері,

домбырашы Рүстембек Омаров,

Керекулік әнші Майра Уәлиқызының

әріптесі Қабдолла Сүлейменов, халық

әндерін домбырасымен шебер орындайтын

Солтан Құлмахашев сынды

өнерпаздарды көріп, есейе келе

белгілі абайтанушы, ғалым Қайым

Мұхамеджанов, жазушы Рамазан

Тоқтаров, ақын Аманжол Шамкеновпен

жүздесулерінен алған әсерлері

оның өміріне ерекше ықпал еткенін

есіне алып отыратын.

Кереку өңіріне белгілі сазгерлер

Қайырбек Сәтиев, Марат Садықов,

Назымбек Дүкенбаев және Асан

Әбдікәрімовпен бірлесіп 50-ден аса

әннің сөзін жазған досымызбен

мақтанамыз. Оның қаламынан

туындаған «Ғұмыр-дария», «Дәурен-ай»

атты естеліктерін оқырман қауым

жылы қарсы алды. Ол зейнеткерлікке

шыққаннан кейін облыстың мұсылман

әйелдер лигасы, «Замандастар»,

«Нартұлға» қоғамдық ұйымдарының

тапсырысымен әндер жазып,

ерекше белсенділік танытқанын

жақсы білеміз. Ал өзі айрықша

маусымы аяқталмаса да, көрсеткіш

өткен жылғыдан асып түсті. Биыл

ажал құшқандардың 21-і шомылу

кезінде бақилық болса, қалғаны

балық аулау, құтқару кезінде мерт

болған.

Жуырда оқыс оқиғалардың

бірі Май ауданында орын алған

болатын. 71 жастағы зейнеткер Ертіс

өзеніне батып кеткен-ді. Тағы бір

оқиға Ақсу қаласында тіркелген.

21 жастағы азамат ішімдік тұтынып,

суға батып кеткен. Екі оқиға да

рұқсат етілмеген орында тіркелді.

Бұдан бөлек, құтқарушылар Усолка

өзенінен 38 жастағы павлодарлықтың

денесін тапқан болатын. Ер адам

мас күйінде суға түскен. Міне,

адамдардың салғырттығы, ескертпелерге

құлақ аспауы қайғылы

жағдайларға әкелуде.

Ата-ана жауапқа

тартылса...

Облыстық төтенше жағдайлар

департаменті Азаматтық қорғаныс

басқармасының аға офицері

Ерлан Қасымов қайғылы жағдайлардың

90 пайызы шомылуға тыйым

салынған орындарда тіркелгенін

айтады. Оның сөзінше, ресми

ашылған су айдындарының барына

қарамастан, тұрғындар рұқсат

етілмеген орындарда шомылуға

әуес. Аймағымызда мұндай жерлердің

саны 500-ден асады. Аталмыш

орындардың көпшілігі әлі толық

зерттелмесе, бірқатары тым терең әрі

сүйіп орындайтын «Нүрикамал»

әнін нақышына келтіріп орындап,

тыңдаушылардың көзайымына

айналып еді.

Табиғатынан қарапайым, әзілқой,

адамдармен тез тіл табысып,

жақындасып кете білетін Мекең,

көпшіліктің ілтипатына ие болды.

Абайша айтқандай «...Досы көппен

сыйлас...» болған зиялы қауым

өкілдері оны ерекше қадір тұтты.

Соның айғағы болар, осы жылдың

мамыр айының 15-і күні «Ақсақалдар

тағлымы» қоғамдық бірлестігінің

бастамасымен Б.Ахметов атындағы

педагогикалық колледжінде оны еске

алуға арналған «Абзал азамат, асыл

тұлға» атты әдеби-сазды жыр кешін

өткізді. Оған педколледж ұстаздары

мен студенттері, қауымдастық

мүшелері, дос-жарандары, туыстары

қатысты. Кеште қауымдастық

төрағасы, облыс жұртшылығына

танымал ардагер-ұстаз Улиян

Мақұл Мэлс досымыздың өмірі

мен шығармашылығынан дәйекті

деректер келтіріп, өскелең ұрпақ

үшін өшпес те өлмес асыл мұра

қалдырған замандасымыз туралы

жылы лебіздерін білдірді.

Марқұмды еске алу кешінде

Аққулы ауданынан арнайы келген

«Нұр Ана әлемі» әжелер вокалды

тобы, «Нартұлға» қоғамының

«Дәурен-ай» ақ жаулықты аналар

ансамблі Мэлстің сөзіне жазылған

әндерін сазгер Асан Әбдікәрімовтің

сүйемелдеуімен орындаса, студенттер

оған шығарған арнау өлеңдерін оқып,

оның туындыларынан үзінділерді

жатқа айтты. Осындай игі шараның

ағысы қатты. Сондықтан бұл жерде

оқыс жағдайға тап болғандардың

өміріне араша түсетін құтқарушылар

жоқ.

- Қазіргі ата-аналардың балаларының

өміріне бейқам қарайтыны

қынжылтады. Жаз мезгілінде баланы

қараусыз жіберуге болмайтынын естен

шығарады. Биыл 9 бала суға кетті.

Өкініштісі, бақилық болған жасөспірімдердің

ата-аналары жауапқа

тартылмады. Кез келген ата-ана

өз баласының өмірі үшін жауапты.

Сондықтан мұндай қайғылы жағдай

орын алмауы үшін де әке-шешелерді

жауапқа тарту керек деп ойлаймын, -

дейді Е.Қасымов.

Ажалдан

аман қалды

20 шілдеден бастап төтенше

жағдайлар қызметінің мамандары

Ертіс өзенінің аумағында жалпы

ұйымшылдықпен өтуіне атсалысқан

Аққулы ауданының әкімдігіне,

педколледждің басшыларына алғысымыз

шексіз. Бұл еліне белгілі

азаматқа көрсетілген зор қошемет

деп есептейміз.

Ол өзінің еңбек жолын қатардағы

механиктен бастап үлкен ұжымдарға

жетекшілік етіп, талай сынақтардан

сүрінбей өткен майталман басшы

дәрежесіне жеткен танымал азамат.

Ауданымыздың іргелі кеңшарларында

бас инженер, партком хатшысы,

«Казсельхозтехника», «Сельхозхимия»

бірлестіктерінің басшылары

болып нәтижелі еңбек етті.

Әсіресе, аудан экономикасының жаңа

құрылымдары болып жұмыс істей

бастаған аталған бірлестіктердің

негізін қалап, материалдық

базасын нығайтып, олардың

ауылшаруашылығына көрсететін

қызметтерін тиімді ұйымдастырудағы

еңбегі ерекше. Өзінің техникалық

білімі мен ұйымдастыру қабілетін

аудандық ауылшаруашылық

техникаларымен, оның қосымша

саймандарымен қамтамасыз ету,

өсімдіктердің зиянкестерімен

күресу жұмыстарын ойдағыдай

саны 6 орын бойынша топ құрып,

рейдтік шара ұйымдастырды. Ауқымды

шара нәтижесінде 1800 адамға

түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,

жүзу ережесі мен тыйым салынған

орындарға қатысты жадынамалар

таратты. Оның ішінде мамандар

424 адамды рұқсат етілмеген

су айдындарына кездестірген.

Арнайы белгілердің орнатылғанын

ескермей, суға түскендерге жергілікті

полиция қызметі әкімшілік хаттама

толтырды.

Рейд кезінде 2 адамның өмірі

құтқарылды. Оқыс оқиға Усолка

шағын ауданында орын алған. Екі

ер адам рұқсат етілмеген орында

жарыса жүзіп, суға батқан. Оларды

ТАҒЗЫМ

жүргізуге жұмсай білді. Сонымен

қатар бірлестіктер қызметкерлерін

тұрғын үймен қамтамасыз етуге

байланысты аудан орталығында

құрылыс жұмыстары қарқын алды.

Бүгінде көптеген аққулықтар Мэлс

салдырған үйлерде тұрып жатыр. Ол

үшін оны жиі еске алып отырады.

Сол кездегі облыс басшыларының

ұйғаруымен Мэлс облысаралық

«Кубань» жаңбырлатқыш машиналарын

қолдану басқармасының

төрағалығына тағайындалып,

Павлодар, Семей облыстарының

суармалы аймақтарын тиімді

пайдалануда қажырлы еңбек етті.

Аталған басқарма таратылғаннан

кейін ол тәжірибелі басшы ретінде

жоғарыдағы аталған қондырғыларды

құрып, қолдануда Ақмола облысының

шаруашылықтарында елеулі қолғабыс

етті. Ол қашанда тынымсыз еңбек етіп,

қандай іс атқарса да асқан белсенділік

танытқан жан. Зейнеткерлікке шықса

да ол осы бағытынан таймады.

Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол

республикалық «Құрылысконсалтинг

Ұлттық Орталығы» Акционерлік

қоғамының Павлодар филиалында

эксперт-кеңесші қызметтің абыроймен

атқарды.

Осындай қыруар еңбегі лайықты

бағасын алды. Ол Қазақстан

Республикасының «Құрметті құрылысшысы»,

Аққулы (бұрынғы Лебяжі)

ауданының «Құрметті азаматы». Бұл

бір адамның адал еңбегіне берілген

жоғарғы баға, үлкен абырой. Асыл

азамат, заңғар тұлға досымыздың

айшықты ізі, қалдырған мұрасы көпке

аян, ұрпаққа үлгі. Елі ардақтаған,

еліне елеулі еңбек еткен Мэлс

Тәшмағанбетұлын ұрпақтары, досжарандары

ешқашан ұмытпайды.

Бір топ достарының атынан:

М.ДҮРЖІМБАЕВ,

Е.ЖИЕНАЛИН,

М.РАХМЕТОВ.

ҚАУІПСІЗДІК

алыстан байқап қалған құтқарушылар

оқиға орнына жедел жетіп, қатердің

алдын алды. Құтқарылғандардың

бірі 1993 жылғы Аққулы ауданының

тұрғыны болса, екіншісі - 1998 жылғы

Павлодар қаласының тұрғыны.

Мамандар көрмей қалғанда,

небары 21-26 жастағы азаматтар

ажал құшатын еді... Су ортасына

ішімдік ішіп шығатындарға не дейсіз?

Жедел-құтқару жасағының кезекші

диспетчері кешкі уақытта көмекке

шақырған дауысты естиді.

Далаға шыққанда Ертіс өзенінде

қайықтың аударылғанын көреді.

Оқиға орнына жедел түрде

3 құтқарушы мен жүзу құралы

жөнелтіледі. Мамандар бірлесе

әрекет етіп, үш адамды судан алып

шығады. Анық болғандай, ішімдік

тұтынған азаматтардың екеуі

құтқару кеудешесін кимей,

қайыққа отырған. Ащы суғы

тойып алғандар қайықты басқара

алмағандықтан, оқыс жағдайға тап

болған. Қазіргі уақытта жалпы

саны 300-ге жуық рейдтік шара

өткізіліп, жалпы саны 32 мың

адам қамтылған. Оның 20 мыңын

балалар құрайды.

Мамандар шомылу маусымы

20 тамызға дейін жалғасатынын

айтады. Күннің ыстығына байланысты

бұл мерзім күзге дейін

ұзартылуы мүмкін.

Түйін:

Жоғарыда оқыс оқиғалардың 90 пайызы рұқсат етілмеген орындарда тіркелгенін

айттық. Қалғаны ішімдік тұтынып, суға түсу мен баласын қараусыз жіберген ата-ананың

салғырттығы салдарынан орын алады. Өкініштісі, бұл жағдай жылда қайталануда. Құтқарушылар

ресми шомылу орындарын ашып, суға түсуге болмайтын орындарға тыйым

салды. Күн сайын су айдындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ

көрсеткіш көбеймесе, азаймай отыр. Рұқсат етілмеген орында шомылғандарды

заң бойынша жауапқа тарту керек пе? Былтыр - 8, биыл - 9 жасөспірім

ажал құшты. Шомылу маусымы аяқталғанша бұл көрсеткіш тағы көбеймесе

екен деп тілейік...

10 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл БІРТУАР

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ТУҒАНЫНА - 115 ЖЫЛ

Ғалым жән е туған жер

Дала данасы Асан қайғы бабамыз Баян тауын көргенде: «Ат ерін алмайтын жер екен. Бір түней

кетемін деген адам бір жұма тоқтап қалады», - деген екен. Шынымен де, сұлу табиғаты Баянауылға

көрік берген Қызылтау мен Ақбет тауы, толқыны көбік атып көпіршіген Сабынды көлі мен шыр

айналған иірімі көп Жасыбай көлі көрген жанның жанын толқытады. Онымен қатарлас жатқан

Торайғыр көлі, Біржан көлі, Тұзды көлдері мен жасыл орманды көрікті таудың бауырындағы

саялы, сәнді адырлар, қыратты жоталар көптеп кездеседі. Осы бір Сарыарқа аталатын дарқан

дала – ұлы шоғырлардың дәстүрлі елі.

«Туып, өскен Баян-аула. Оның оң жағында

тұрған Қарқаралы. Сол жағында Көкшетау,

Сілеті, Өлеңті, Шідерті өзендері. Сырты Ерейментау,

талды Ертіс. Бұл араның бәрі өзімізге

белгілі. Қаныш пен біздің бабалар XVIII

ғасырдың соңына дейін, Абылай өлгенше

Көкшетау, Торайғыр көліне дейін жайлап

жүрді», – деп жазады Әлкей Марғұлан.

Кезінде ұлы батыр бабалары Абылай хан

ту көтеріп, дабыл қақса, атақты Бұқар жырау

Қалқаманұлы бастаған даналар - исі қазақ

елінің рухын шыңдаған ел. Атақты Дулат би,

Шоң би мен Шорман би, Торайғыр бидің,

Шоқанның нағашысы, атақты Мұса Шорманов,

терең ой иесі, ақын, философ Мәшһүр Жүсіп

Көпейұлы секілді даналар елі. Бұл – Сәтбай

ауылы, Шорман ауылы. Бұл- академик Манаш

Қозыбаевтың сөзімен айтсақ, «тұнық бұлағы

бар, жайқалған құрағы бар, атамекен тұрағы

бар, жанған шырағы бар өңір». Оның ішінде

ғалымның кіндік қаны тамған Баянауыл –

ежелден оқу-білім, өнер қонған өңір. Бұл

өңірде Жүсіпбек Аймауытов, Қошмұхамет

Кемеңгеров, Сұлтанмахмұт Торайғыров,

Жаяу Мұса Байжанов, Жұмат Шанин, тағы

басқалар дүниеге келген. Әлкей Марғұлан

туған орта – осындай ұлылар өңірі. Павлодар

облысының бір ғана Баянауыл ауданынан

Қазақ КСР Ғылым академиясының көптеген

академигі мен корреспондент мүшелері

шыққан. Атап айтсақ, академиктер –

Қ.И.Сәтбаев, Ш.Ш.Шөкин, Ә.Бектұров,

Х.Жұматов, Е.Бекмаханов, т.б. Яғни, академик

Әлкей Марғұлан – тамырын тереңге тартқан

жаңа тұрпаттағы қазақ ғылымының тал

бесігінде өскен ұрпақ өкілі. Оның үстіне,

атақты қанжығалы Бөгенбай батырдың замандасы

Олжабай батырдың ұрпағы, асылдың

сынығы, тұлпардың тұяғы.

Әлкей Марғұлан - батыр бабасы Олжабай

Толыбайұлы туралы көп зерттеген және

бабасының мінезін бойына дарытқан, ел

ісі дегенде, халқының болашағы үшін адал

да батыл ғұмыр кешкен, бірақ табиғатынан

өте мейірімді, бар ғұмырын кезінде қолдан

шығарып алған халқының қымбат қазына,

мол тарихын там-тұмдап жинап, халқына

қайта сыйлаған ғұлама ғалым, ардақты

азамат.

Ғалымның археологиялық экспедициялар

кезінде жазған күнделіктерін оқи отырып, оның

ғұламалығымен қатар қарапайымдылығына,

жан дүниесінің тереңдігіне, адами қасиеттеріне,

отансүйгіштігі мен ұлтжандылығына,

қажыр-қайратына қайран қаласың. Сүйікті

Сарыарқасының тарихқа толы әр тасын,

әр төбесін, тоқсан бұлағы, өзен-көлдері

мен әрбір қыстағының тарихына үңіліп,

мақтанып, самал желіне кеудесін тосып,

жаны масайрап рақаттанады.

Баяндай жан тербетер жер бола ма?

Еліндей жарқын мінез ел бола ма?

Жас бала туысымен ойға бөгер,

Өскенде одан артық ер бола ма?

Арқаның бір еркесі сұлу Баян.

Ол таудың көркемдігі көптен аян.

Не ойшыл, нелер саңлақ түлеп ұшып,

Бауырынан осы таудың шыққаны аян, -

деп жырлайды ғалым «Тау мен дала

сырласым» атты күнделік өлеңінде.

Тұңғыш Президентіміз өзінің «Болашаққа

бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында

«Туған жер» бағдарламасын қолға алуды

ұсынғаны белгілі. Мақалада отансүйгіштік

сезімнің кіндік қаның тамған жеріңе, өскен

ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни, туған

жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталатыны

баса айтылады. Туған топырақты қастерлеу,

туған елге, бабалардың тері мен қаны сіңген

туған жерге деген сүйіспеншіліктің қандай

қасиет екенін және оның адамға қандай

нәр беретінін әрбір жас ұлан академик,

ғұлама ғалым Ә.Марғұлан тұлғасынан көріп,

нағыз ұлтжандылықтың үлгісін бойына сіңірсе

болғандай.

Ғалымның соңғы жазылған күнделіктеріне

көңіл аударсақ, мысалы, 1974 жылдың

14 шілдесі мен 14 тамызы аралығында Орталық

Қазақстан экспедициясы жұмыстарымен жүріп,

туған жердің әр тасы, әр үңгірі мен әрбір

қыстақ, өзен, көлдерін көзбен көріп, бабалары

өткен жолдармен табаны талғанша аралап

өтіп, фотоға, киноға түсіріпті. Сондай-ақ, көз

көрген туыс, құрбымен кездесіп, Сарыарқаның

дариядай дана қарияларын тыңдап, бала

күндерін еске алып, көп жылдар арман

болған Жасыбай көліне шомылып, жалаң

аяқ жүріп, туған жерге, туған елге деген

сағыныш мауқын басып қайтқан екен. Осы

жолы туған жері Сарыарқаға деген терең

тебіренісі мен сағынышын қағазға өлең

жолдарымен жеткізген. Бұған ғалымның

жоғарыда аталған «Тау мен дала сырласым»

атты күнделікте қалған өлең жолдары куә.

Ол 20 шілде күні Тағыбай бұлақта жұмыс

жасап жатқан Мирді ертіп (шәкірті археологғалым

Мир Қадырбаев) Жосалы совхозында

(қазіргі Ж.Аймауытов атындағы кеңшар) тұратын

Ғалымжан Ысхақұлының үйінде болып, қазақ

өрнектерінен 20 фото түсіреді. Тағыбай

бұлақ пен Жосалы арасы - 30 шақырым.

Келесі күні, яғни 21 шілдеде Жосалыдан

60 шақырым қашықтықтағы Баян қаласына

келіп, Ақылбек Қажмағамбетовтің үйінде

болып, сонан соң Қаныш Сәтбаевтың музейін

камераға түсіреді. Күннің екінші жартысында

Баяннан 50 шақырым Алексеевкаға (қазіргі

Құндыкөл кеңшары) таяу тұрған Шақпақ

деген ескі кен орнын тексереді. Кешінде

Жаңажол (қазір М.Жүсіп Көпейұлы атында)

кеңшарына келіп, бала күнінде бірге оқыған

Құрманғалидың үйінде болады. Ол кеште

Әлекеңмен бірге Сүлеймен Ерхановтың інісі

Мәжікен мен ғалымның аталарының туысқан

жерлесі, көзі ашық, көп білетін Жанайдар

болады.

«Құрманғали, Мәжікен мен Жанайдар –

үшеуі қосылып, ХХ ғасырдың тарихын шертіп,

жер-суды тереңінен ақтарып, көз алдымыздан

өткізіп отырды. Оқымаған қара қазақта бұл

күнде бұлардан артығы болмауы керек.

Үшеуінің білімі де, ойы да, толғануы да,

алысқа көз жіберуі де университет профессорларынан

бөтендігі жоқ. Жастарға білім

берудің, дұрыс тәрбиелеп өсірудің қайнар

бұлағы. Баян аула төңірегінде мұндай кісілер

бұрын көп болған. Біздің өзіміз де сондай

кемеңгер, ақылды кісілердің бауырында өсіп,

солардан тәрбие алып көтерілгенбіз», – деп

жазыпты ғалым.

22 шілдеде Ащы өзенінің оң жағасында

бұрынғы Мәлік қорасына таяу жерде орналасқан

Жаңажол совхозына келеді. Бала күндерінде

талай шарлаған бұл жерлердің жері, суы, елі

– бәрі көзге жылы көрінеді. Мәлік қорасының

үйіндісі ғана қалған. Құрманғали, Мәліктермен

аталас Баязит екеуі бұл жерлерде талай

болып, балаларымен бірге ойнаған жерлер.

Баязиттің үйінде қонып шыққан соң,

ондағы қарияларды алып, Баян тауын

аралауға шығады. Жол-жөнекей бұрын белгілі

ауылдардың қыстаулары болған Доғалақ,

Қойтас, Қызыл қоныстарын көреді. Қазір

тек қоралардың орны қалған екен.

Ғалым Сұлтанмахмұттың қабіріне

барып, Торайғыр көлін камераға түсіріп,

кейін Жасыбай көліне бет алады. Найзатас

пен Баянтаудың биік басы тұнжырап тұрғандай

көрінеді. Баянның теріскей бетіндегі ну

қарағай, зәулім қия тастар Әлекеңе бала

күннен белгілі. Көзге жылусырап, мені тағы

көр деп тұр. Олардың арасынан иіріліп

өтетін машинаның тастақ жолы мүдіртпей

тез-ақ Жасыбай көліне алып келеді.

Жасыбай көліне күндізгі сағат екілер шамасында

келеді. Көлдің көз тартар сұлулығы

әлі сол қалпында. Зәулім қия тастың ортасында

қолмен отырғызғандай, суы мөлдір,

терең, түбінде жатқан гранит тастар мүлтіксіз

көрініп тұрады. Бірақ шынының, ағаштың,

темірдің, кірпіштің сынықтарымен толып,

әбден кірлеген, бұрынғыдай мүлтіксіз таза

емес көлдің жағасы ғалымның көңілін түсіріп

тастағандай. Оны таза ұстау ешкімнің ойына

келмегені қапаландырды.

Мұндай көлдер /Рица/ Кавказда да,

Сібірде де бар. Олар мөлдір таза түрін

сол қалпында сақтаған. «Сұлу дүниені таза

қалпында ұстамасаң, оның адамға беретін

әсері де күшті болмайды ғой» деп ойлады

ғалым. Жасыбай мен Торайғыр көлдері –

Арқадағы сұлу көлдердің бірі. Оларды

жеткіншек ұрпақ сүйсінетіндей таза ұстау

зор географиялық, әлеуметтік мәні бар

істің бірі болуға тиісті.

Көптен бері Жасыбай көліне шомылмаған

еді. Оның мөлдір әдемі суына шомылып,

екі сағаттай жағасында болады. Жалаң аяқ

жүріп, тастарын басып, бала күндерін еске

түсіріп, ортасына дейін жүзіп барды. Шілде

айында оның суы жылы әрі жұмсақ болады,

денең мұздап, шіміркенуді білмейді. Судың

бетінде жата бергің келеді. Алматыдан келген

үлкен ғалымның су бетінде жатқанына биік

таста отырған жергілікті қариялар қарап,

іштерінен риза болып отырғандары байқалады.

Жасыбай көлінде бала күндеріндей емінеркін

жүзіп алып, су жағасына шығып, тағы

біраз отырды. Алда қыруар жұмыс, тағы ұзақ

жол күтіп тұрғандықтан, түс ауа Жаңажол

совхозына бет алды. Ғалымның жанында

жол көрсетіп, еріп жүрген қариялар сол

Жаңажол совхозынан болатын. Жолшыбай

Қазан ауыз, Теміртас деп аталатын ескі

қола дәуірінен белгілі кен орындарын көріп

өтіп, Ескелдідегі Мәшһүр Жүсіптің белгісіне

барады. Әлекеңнің Мәшһүр Жүсіптің мазарына

да көңілі толмағаны байқалады.

«Белгі сондайлық қызықты емес, жай

балшықтан қарапайым түрде жасалған

мазар. Үстіне сағана да орнатылмаған.

Топырағы борап жатыр», – деп жазыпты

ғалым күнделігінде.

Сол күнгі кешті көпті көрген, 80-нің

сеңгіріне келген кемеңгер қарт Мәжікеннің

үйінде өткізеді. Қарт алдымен Баянауыл

Баянауыл. Ғалымның туған жері – Қарақуысқа барар жол.

төңірегінде болған игі адамдарды сөз

етіп, оның ішінде көп оқып, жұрт алдында

аты шыққан Әбікей, Кәрібай, Сәкен, Жаяу

Мұса, Сұлтанмахмұт, Шәйбай, оның әкесі

Аббас, Кәрім Сәтбаев, өз ағасы Сүлеймен

секілді кісілердің өмірбаяндарына, аталарына

тоқталады. Жақсы көретін Қанышты,

онымен бала күнін бірге өткізгенін толық

сипаттап, академикпен бірге болған күндерін

әңгімелейді. Солардың ішіндегі Әлекеңнің

көңілін елең еткізгені – Мәжікен қарттың

Қаныштың үйінде қонақта болып, Боржай сияқты

әрі шешен, әрі білгіш кісімен мәслихаттас

болғаны. Боржай ауыздыға сөз, аяқтыға

жол бермейтін Баян төңірегіндегі саңлақ

кісінің бірі болған.

Мәжікен саяси-әлеуметтік тұрмысты жақсы

болумен қатар, қазақ халқының рухани

тіршілігіне, оның өнершілдік салтына да

жетік болатын. Әңгіменің бір парасы Баянаула

жерінде болған атақты шеберлер жайында

өрбіді. Оның ішінде Күлік елінде болған атақты

ершілер, үйшілер, ағаш шеберлері туралы,

ұсталары, зергерлері туралы айтады. Ағаштан

түйін түйген қырнаушылар, темірден, алтыннан,

күмістен нақыш жасаған зергерлер тобын

көз алдынан өткізді. Олардың ішінде Бәкір,

Ақбөпе, өзінің анасы Нұрбике Барлыбай

келіні бар-тын. Бұл кісінің ойып жасаған

тұскиізі Париж көрмесінде қойылып, өнер

зерттеушілердің қаламынан түспеген.

Әлкейді бұрын көре алмай, оны сағынумен,

көзімнің тірісінде бір көрсем деп армандап

жүрген 80 жастағы Мәжікен қарт сол кеште

ғалымға қарап отырып, ХХ ғасырдың тарихынан

сыр шертеді. Жасы 70-тен асқан академик

Ә.Марғұлан да оған тесіле қарап, көзін

айырмай, кеш бойы тыңдай береді, тыңдай

береді. Келесі күні таңнан Шақпақ кенін

тексеруге барады. Бұл Алексей қыстағынан

жеті шақырым күнгей, батыста, көп бұйраттың

ішінде. Алғаш рет оны С.И.Поповтың шабарманы

Ташимов дейтін Семейдің саудагері

ашқан. Сол күнге дейін сақталып келген

40-тан аса шұңқырларды планшетке фотоға

түсіреді. Алғабас өзенін зерттеп, ондағы

мүсін тастарды суретке түсіріп, жол-жөнекей

айрықта болып, Қаныштың әкесі Имантайдың

бейітін фотоға түсірген.

Ақжарға, одан кейін Қарқаралы, Шет

ауданы жағына барып, кешінде Жосалы

фермасында түнейді. Бұл жерден тегісімен

Бабастар, алысқан Шаң тимес, Қызылтау,

Семіз бұғы көрініп тұрады. Кеш болып кеткен

соң, Сұңқар қияға соға алмай, ол жердің

тастарын көріп үлгермеген.

Келесі күні Жосалы фермасынан шығып,

ол жердегі Ащы өзенінің бойында ерте

кезде (қыпшақ заманында) қыстақ болған

қаланың орнын көруге барады. Оны ел

«Әулие бұлақ» дейді, бірақ күн тым ыстық

болғандықтан, еркін қарай алмай, кешке

қарай Бұғылы тауына жол тартады. Келесі

күні тағы ұзақ жол... Осылайша ғалым туған

жердің тау-тасын талмай аралайды.

«12 тамызда Ескене тауындағы үшінші

фермадан шыққан соң бөгелмей, асфальтпен

Қарағандыға қайттық. Жөнекей

Сейфуллин совхозына (Иманақ тауы), ондағы

Төлебай салды жақсы білетін Қадіркей

Садуақасұлымен кездесуді ойлағанмын,

қария суық тигізіп, сырқаттау деген соң

үйіне соқпай кеттік. Бұл жылғы экспедиция

жорығын осы арада бітіріп, Қарағандыда

бір күн дем алған соң, августың 14-і

күні Алматыға үйге келдім. Бұдан кейін

Сарыарқаға барам ба, жоқ па, оны ілгерідегі

өмір көрсетер», – деп күнделікті аяқтапты

ғалым.

Марван ХАМИТОВА,

тарих ғылымдарының кандидаты,

Алматы қаласы.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ЖАРНАМА 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл 11

СПОРТ

Мықтылар анықталды

«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы

қызметкерлері арасында VI республикалық спартакиада

басталды. Спорттық шара Қазақстан жастарын

қолдау мен дамытуға бағытталған «Жас Самұрық»

жобасы аясында жүзеге асырылуда. Аталған спартакиада

аясындағы алғашқы іріктеу жарысы Павлодар

қаласында өтті. Жеңімпаздар үстіміздегі жылдың

7-8 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін

ақтық бәсекеге жолдама алды.

SARYARQA

SAMALY

МЕНШІК ИЕСІ:

«Павлодар облысы әкімінің

аппараты» мемлекеттік

мекемесі (Павлодар қаласы)

«Ертіс Медиа» ЖШС,

«Saryarqa samaly»

облыстық газеті

Газетке Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар

министрлігі Ақпарат

комитетінің мерзімді басылымды,

ақпарат агенттігін және

желілік басылымды есепке

қою, қайта есепке қою туралы

19.06.2019 ж. №17747-Г куәлігі

берілген.

Аймағымызда өткен іріктеу жарысына

Павлодар, Солтүстік Қазақстан,

Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарынан

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның

еншілес кәсіпорындарының қызметкерлері

қатысты. Атап айтсақ,

«Павлодар мұнай-химия зауыты»,

«ГРЭС-1», «Грэс-2», «Богатырь Көмір»

серіктестіктері, «Қазақстан Темір

Жолы», «KEGOC», «Қазпошта», «Транстелеком»,

«Қазақтелеком» және

«Каустик» компанияларының өкілдері

сынға түсті. Олар шағын-футбол,

стритбол, волейбол, үстел теннисі,

киберспорт (Counter-Strike 1.6), қол

күрес, шахмат және тоғызқұмалақ

ойыны бойынша өзара мықтыны

анықтады.

- Бұл жай ғана жарыс емес.

Спартакиада - «Самұрық-Қазына»

компаниясының еншілес кәсіпорындарының

қызметкерлерін біріктіретін,

ЭКОЛОГИЯ

Күлден құтылу үшін

«Павлодарэнерго» АҚ қоршаған ортаға шығарылған

өндірістік қалдықтар үшін 300 млн. теңгеден астам

қаражат төледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар

қызметінде өткен брифинг барысында айтылды.

Данияр ЖҰМАДІЛ

Кәсіпорын ауаға тарайтын

зиянды заттардың көлемін азайту

үшін кешенді жобаларды жүзеге

асыруда. Атап айтсақ, өндірістен

шығатын күлді ұстап қалуға арналған

қондырғылар қайта жөндеуден

өтіп, заманауи құрал-жабдықтар

орнатылуда.

«Павлодарэнерго» АҚ бас

директорының орынбасары

Вадим Лесиннің айтуынша, жыл

басынан бері ауаға 3 206 тонна

күл тараған. Бұл - өткен жылмен

Боранбаева Зәку Ысқаққызын

еске аламыз

Баянауыл ауданы Лекер қажы

ауылының тұрғыны, аяулы анамыз,

ардақты әжеміз Боранбаева Зәку

Ысқаққызын сағынышпен еске аламыз.

Саналы ғұмырын балаларының тәлімтәрбиесіне

арнаған аяулы анамыз

бәрімізді өсіріп, жетілдірді.

Ақылды, сабырлы, жүрегі мейірімді,

көңілі кең болатын. Анамыздың,

әжеміздің жарқын бейнесі жадымызда

мәңгі сақталады. Жатқан

жері жарық, топырағы торқа, жаны

жәннатта болсын.

ұжымдық береке-бірлікті нығайтатын

және салауатты өмір салтын насихаттайтын

спорттық мереке, - дейді

«Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік

жобаларды дамыту қорының бас

директоры Дияс Әзбергенов.

Жарыс нәтижесі бойынша

шағын футбол және волейболдан

«KEGOC» АҚ құрамасына тең келетін

команда табылмады. Стритболдан

Павлодардың мұнайшылары үздік

деп танылды. Киберспорт бойынша

«Богатырь Көмір» АҚ спортшылары

жеңімпаз атанды. Жекелей спорт

түрлері бойынша да жеңімпаздар

анықталды.

- Іріктеу жарысында топ

жарып, ақтық бәсекеге жолдама

алғанымызға қуаныштымыз. Алайда,

бізге тоқмейілсуге болмайды. Алда

республикалық спартакиада күтіп

тұр. Сондықтан намысты қолдан

салыстырғанда 270 тоннаға кем

көрсеткіш.

Бүгінде кәсіпорын Павлодардың

ЖЭО-3 станциясында күл үйіндісіне

арналған орынның құрылысын

бастаған. Аталған күл үйіндісінің

асты-үстіне арнайы геомембраналық

жабынды төселмек. Ол зиянды

қалдықтардың топыраққа сіңуіне

тосқауыл болады.

Сондай-ақ, өндірістік аумақтарда

қоршаған ортаға шығарылатын

зиянды қалдықтардың мөлшері

мен құрамын автоматты түрде

бақылап отыруға мүмкіндік беретін

арнайы құрылғы орнату жоспарлануда.

Бәйтеректей әулетке сая болған,

Бәрінен де мейірімін аямаған.

Жәннатта жаның болсын, рухың шалқып,

Өзіңдей аяулы адам қайда бізге?!

Анамыздың дүниеден өткеніне 1 жыл толуына орай 2019

жылдың 16 тамызы күні сағат 13:00-де Лекер қажы ауылында

дұға оқылып, ас беріледі.

Еске алушылар: балалары, немерелері, туыстары.

ÆÀÐÍÀÌÀ 66-15-42

(20161)

бермеу үшін бар күшімізді салуымыз

қажет. Шағын футболмен

көп жылдан бері айналысамын.

Демалыс күндері әріптестерімізбен

жиі бас қосып, доп теуіп тұрамыз.

Командамыздың атынан осындай

тамаша жарыс ұйымдастырған

азаматтарға алғысымды білдіремін,

- дейді «KEGOC» АҚ-ның футбол

командасының капитаны Дәулет

Смайылов.

Жалпы, республикалық спартакиада

аясындағы аймақтардағы

іріктеу жарыстары 25 тамызға дейін

жалғасады. Оған еліміз бойынша

1500 адам қатысады деп күтілуде.

Ал әр өңірден үздік шыққандар

үстіміздегі жылдың 7-8 қыркүйегінде

Нұр-Сұлтан қаласында өтетін ақтық

бәсекеде күш сынасады.

Атап өтерлігі, «Самұрық-

Қазына» АҚ-ның еліміздегі еншілес

кәсіпорындарында барлығы 300

мыңнан астам адам еңбек етеді.

Турнирге қатысты

Д.АЙТПАЙ.

Көлік қызметкерлерінің күніне орай, «Жұлдыз» спорт

стадионында көлік қызметкерлері арасында минифутболдан

турнир өтті.

Турнирге Павлодар көлік прокуратурасының, Павлодар станциясындағы

желілік полиция бөлімінің, Павлодар облысы бойынша көліктік бақылау

инспекциясының, «Қазавтожол» АҚ-ның, Жолаушылар көлігі және автомобиль

жолдары басқармасының, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Павлодар

магистральдық желі бөлімшесі» филиалының қызметкерлері және т.б.

қатысты.

Жарысты аша отырып, Павлодар көлік прокуроры Р.Т.Тоқбергенов

барлық қатысушыға сергектік рух, сәттілік және жоғары жетістіктер тіледі.

Турнир кезінде командалар жақсы дайындалғанын көрсетті.

Жарыстың нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның «Павлодар

магистральдық желі бөлімшесі» филиалының командасы жеңіске жетті.

Сонымен қатар, турнир қатысушылары алғыс хаттармен, кубоктармен және

медальдармен марапатталды. Жүргізіліп жатқан жұмыс дене шынықтыру

дайындығы және көлік саласындағы қызметкерлердің денсаулығын нығайту

бойынша жоғары нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.

Өз тілшіміз.

АО «КСЖ Freedom Finan Life» в соответствии с пунктом

1 статьи 16 Закона РК «О страховой деятельности», извещает своих

страхователей об изменении местонахождения филиала Компании

по павлодарской области. Филиал находится по адресу: Республика

Казахстан, 140000, Павлодарская область, г.Павлодар, ул.Торайгырова,

дом 64, 2 этаж.

(20157)

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан

әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы

Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы №17 және 2019 жылғы

1 шілдедегі №46 Жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі №497

қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және

тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы

бойынша департаменті» «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика

министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің

Павлодар облысы бойынша департаментіне», «Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды

реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментіне»

және «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Павлодар облысы

бойынша департаментіне» бөлу жолымен қайта ұйымдастырылды.

Наразылықтар хабарлама шыққан күннен бастап екі ай ішінде

Павлодар қаласы, Ак. Қ.Сәтбаев көшесі, 136 үй, 419 каб. мекенжайында

қабылданады.

(20163)

Павлодар қаласының білім беру бөлімі, Павлодар қаласының білім

қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы, білім беру мекемелерінің басшылары

«Павлодар қаласының №35 жалпы орта білім беру мектебі»

ММ басшысы Асаинов Мұрат Бәкенұлына және Павлодар қаласының

білім беру бөлімінің бас маманы Асаинова Шынар Бәкібайқызына

аналарының

дүниеден өтуіне байланысты отбасына, туыстары мен жақындарына

орны толмас қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

(836)

Газет 1979

жылы

«Құрмет

белгісі»

орденімен,

2014 жылы

«Алтын

жұлдыз»

жалпыұлттық

сыйлығымен

марапатталды.

ЖШС директоры

Асқар ШӨМШЕКОВ

Бас редактор

Нұрбол ЖАЙЫҚБАЕВ

Телефоны: 66-15-30

ЖШС-нің мекенжайы:

Павлодар қаласы,

Қ.Сұрағанов көшесі, 21-үй.

Редакцияның мекенжайы:

140000, Павлодар қаласы,

Астана көшесі, 143-үй.

Теле/факс 66-15-30

Газеттің электронды

поштасы:

ssamaly29@gmail.com.

Бас редактордың

орынбасары - 66-14-61.

Жауапты хатшы - 65-12-74.

Әлеуметтік бөлім - 66-14-63,

66-15-31, 66-15-32.

Экономика, саясат- 66-14-64,

66-15-28, 66-14-65.

«Айналайын» - 66-14-63.

«Жас times» - 66-15-32.

Жарнама бөлімі:

s_samaIy_reklama@maiI.ru

66-15-42, 66-15-40.

Маркетинг және тарату

бөлімі - 66-15-41.

Фототілші, корректорлар -

65-12-74.

Газеттің нөмірі «Saryarqa

samaly»-ның компьютер

oрталығында теріліп, беттелді.

Газет аптасына үш рет шығады,

апталық таралымы 12531 дана,

бүгінгі көлемі 3 б.т.

«Дом печати» ЖШС баспаханасында

басылды. ҚР Павлодар

қаласы, Астана көшесі, 143-үй.

Газеттің сапалы басылуына

баспахана жауап береді.

Телефоны. 8 (7182) 61-80-26.

Басылуға қол қойылған

уақыты 17.00.

Тапсырыс - 1578

Хаттар, қолжазбалар,

фотографиялар мен суреттер

рецензияланбайды және

қайтарылмайды.

Көлемі А4 (14 кегль)

форматындағы

2 беттен асатын материалдар

қабылданбайды.

Редакция оқырмандардан

түскен барлық хаттарды тегіс

жариялауды және оларға жауап

беруді міндетіне алмайды.

Жарнамалық

материалдардың

мазмұнына жарнама

берушілер жауап береді.

Нөмірді әзірлеу барысында

интернет ресурстарынан

алынған фотосуреттер де

пайдаланылды.

Авторлардың пікірлері редакция

ұстанған көзқарасқа сәйкес

келмеуі де мүмкін.

«Saryarqa samaly»-нда

жарияланған материалдарды

көшіріп немесе өңдеп басу

үшін редакцияның жазбаша

рұқсаты алынып, газетке

сілтеме жасалуы міндетті.

Баспа индексі 65441.

12

10 тамыз, сенбі, 2019 жыл ИІРІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТӘЖІРИБЕ

Осындай атаумен жақында

Баянауыл баурайындағы

«Жан» демалыс аймағында

патриот жастардың лагері

ұйымдастырылды. Төрт

күнге созылған шара барысында

жастар демалумен

қатар, кәсіби біліктіліктерін

арттырып, түрлі саланың

майталман мамандарымен

тәжірибе алмасып қайтты.

Нұржайна ШОДЫР

Аталмыш лагерьді ҚР Ақпарат және

қоғамдық даму министрлігінің мемлекеттік

гранты шеңберінде «Азаматтық бастамаларды

қолдау орталығы» акционерлік қоғамының

қолдауымен «KAZBRANDS» қоғамдық қоры

ұйымдастырды. Шараның салтанатты

ашылуына ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты

Арман Қожахметов, облыс әкімінің

орынбасары Асхат Оралов, «KAZBRANDS»

қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесінің

төрағасы Нұрлан Жазылбеков және қор

жетекшісі Жанна Қайкенова, С.Торайғыров

атындағы ПМУ-дің ректоры Мейрам Бегентаев,

сондай-ақ, басқа да сала өкілдері

қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,

лагерь жалынды жастардың табысқа жетуіне

«Жұлдызды жақ!»

бағыт-бағдар беріп, жарқын болашаққа

ұмтылуға жол көрсетуді мақсат еткен.

- Шараға қатысқан жастар кәсіптік,

құқықтық тұрғыда білікті мамандардан

кеңес алады. Сол арқылы өмірден өз

жолдарын адаспай тауып, тұлға ретінде

дамып, менторинг әдісі (тәлімгер) арқылы

өзін-өзі басқара алатындай деңгейге

жетеді деген үміттеміз. Осы мақсатта

лагерьге ментор қызметін атқара алатын

Суреттер «KAZBRENDS» қоғамдық қорынан алынды.

ғалымдар, кәсіпкерлер, сарапшылар, жоғары

оқу орындары мен орта арнаулы оқу

орындарының оқытушылары, кәсіпорын

жетекшілері шақырылып, өмірден түйген

мол тәжірибелерімен бөлісетін болады.

Бұл алаңға арнайы сертификаттары бар

қазақстандық тәжірибелі тәлімгерлерді

де шақырдық. Олардың қатарында

«ALMAU» бизнес мектебінің оқытушысы,

халықаралық деңгейдегі тәлімгер Айдар

Абраев, белсенді блогер, Е.Бекмаханов

атындағы республикалық сыйлықтың

иегері Әнуар Шәріпов сынды білікті

мамандар бар. Осындай азаматтардың

басын қосқан игі шараның жас буынға

берері мол, - дейді «KAZBRANDS» қоғамдық

қорының баспасөз хатшысы Мәди

Мұқамедқали.

Төрт күн бойы өткен тренингте жастар

тәжірибелі тәлімгерлердің тапсырмаларын

мүлтіксіз орындап, өмірлік көзқарастарын

өзгерте бастағандарын көрсетті. Сонымен

қатар, лагерь қатысушылары бірнеше топқа

бөлініп, өзара сайысқа түсті. Қызықты

ойын-сауық бағдарламаларына қатысып,

көңілдерін сергітті.

Шараның жабылу рәсімінде сөз алған

жастар тренингтен алған әсерлерімен

бөлісіп, болашаққа құрған жоспарларын

талқылады.

Айта кетерлігі, лагерь соңында

қатысушылар Қазақстанда тәлімгерлер

мектебін құру туралы ұсыныс айтып, оны

бірауыздан қолдайтындықтарын жеткізді.

СПОРТ ТЫНЫСЫ

Кіл жүйріктер

жарысады

Бүгін Павлодар қаласындағы

«Құлагер» ипподромында

еліміздің әр

өңірінен келген 40 үздік

шабандоз жарысқа түспек.

Қалалық дене шынықтыру және

спорт бөлімінің басшысы Күмісай

Асайынованың айтуынша, аталмыш

шараға Павлодар облысының

құрылысшылары демеушілік еткен.

- Шабандоздар 24 шақырымдық

аламан бәйге, 8 шақырымдық құнан

бәйге, 2 және 1,6 шақырымдық ұшқыр

аттар жарысы бойынша бақ сынасады.

Көрермендер үшін ыстық тамақ,

сусындар мен балмұздақтар сату

ұйымдастырылады. Ал жеңімпаздарға

автокөлік, мотоцикл және ақшалай

сыйлықтар табыс етілетін болады, -

дейді Күмісай Асайынова.

Төрт медаль

алды

Жақында Нұр-Сұлтан

қаласында велоспорттан

Қазақстанның V жазғы

спартакиадасы өткен

болатын. Аталған спорт

додасына қатысқан

павлодарлық велоспортшы

Рината Сұлтанова

қатарынан төрт медальді

қанжығасына байлады.

Облыстық дене тәрбиесі және

спорт басқармасының мәліметі

бойынша «Сарыарқа» велотрегінде

өтіп жатқан додада жерлесіміз Рината

Сұлтанова жоғары деңгейде өнер

көрсеткен. Соның нәтижесінде, ол

топтық және жекелей сындардан

екі алтын мен екі күміс медаль

иеленді. Спортшы спартакиаданың

алғашқы күнінде із кесу сайысы

бойынша алтыннан алқа тағынса,

«скретч» топтық жарысында және

«кейрин» бағдарламасы бойынша

ұйымдастырылған жекелей сында

күміс медальді олжалады. Ал топтық

сайыста алтын медальға қол жеткізді.

«ЕРТІС PROMENADE»

Әйгілі әншілер – Павлодарда!

Бүгін, яғни 10 тамыз күні кешкі сағат 20.00-де Орталық жағажайдағы

«Ертіс Promenade» сахнасында елімізге танымал «МузАрт»

ансамблі, «FM» тобы және атақты ресейлік әнші Доминик

Джокер өнер көрсетеді.

Айта кетерлігі, әйгілі эстрада

жұлдыздарымен қатар, павлодарлық

көрермендерге жергілікті өнерпаздар

да ән-шашуын тарту етпек. Яғни, Иса

Байзақов атындағы облыстық филармония

мен Шаңырақ халық шығармашылығы

Қоржында – қола

жүлде!

Павлодарлық палуан, еркін

күрес шебері Саятбек

Оқасов Польшада өткен

халықаралық турнирдің

қола жүлдегері атанды.

және ойын-сауық орталығының өнерпаздары

өнер көрсететін болады.

Өз тілшіміз.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комиттің

мәліметінше, Варшавада еркін

күрестен өткен Вацлав Циолковскийді

еске алуға арналған халықаралық

турнир мәресіне жетті. Аталмыш

додада өнер көрсеткен қазақстандық

білекті жігіттер командасы 9 медаль

иеленді. Ел қоржынына қола медаль

салғандардың бірі – жерлесіміз

Саятбек Оқасов екенін атап өткен

жөн. Ол 65 келіде Түркия, Қытай,

Венгрия мемлекетінен келген палуандармен

белдесіп, жақсы нәтиже

көрсетті.

Әзірлеген - Н.АҚЫТЕГІ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!