10.08.2019 Views

10 тамыз, 2019 жыл №90 (15410)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІЛГЕНГЕ – МАРЖАН!

Үш тілде сөйлеп үйренейік!

Құрметті балалар, егемен елдің жарқын болашағы – сендердің

қолдарыңда! Сондықтан мемлекетіміздің гүлденіп, дамуы үшін жас

ұрпақтың жан-жақты білім алып, шет тілдерін жетік меңгеруінің

маңызы зор.

Осы мақсатта арнайы «Айналайын» қосымшасының оқырмандары

үшін Павлодар қаласындағы №39 инновациялық үлгідегі жалпы білім

беру мектебінің ағылшын тілі маманы, тәжірибелі ұстаз Бақыт

Елемесова үш тілде сөйлеуді үйрететін болады.

Сонымен, бүгін біз адамдарға қатысты атауларды айтып үйренеміз.

Ендеше, іске сәт!

ХАТТАР ТЫНЫСЫ

Менің арманым

Армансыз адам-қанатсыз құспен тең. Әр

адамның жан дүниесінде тамыр жайған

арманы бар. Ол арман – адаммен бірге

өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де

балалық шағымның үлкен бір арманы

бар. Ол-дәрігер болу.

Мен дәрігер болғанда үнемі ауырған адамдарға

көмектесемін. Отбасы мүшелері ауырып қалған

кезде дәрі–дәрмек беріп емдеймін. Мен алдыма тәтем

секілді білікті дәрігер боламын деген мақсат қойдым.

Ол кісінің бойындағы мейірімділігі, адамгершілігі,

елгезектік қасиетін ұнатамын. Ол өз жұмысына өте

адал адам, ешқашан «шаршадым» деп айтқанын

естіген емеспін. Қиналған жандарға әркез қол ұшын

беруге дайын тұрады. Келешекте мен де сол тәтемнің

жолын қуып, дәрігер болып, халыққа қалтқысыз

қызмет етсем деймін.

БӘРЕКЕЛДІ!

Ұл – Мальчик – Boy;

Мен - Я – I;

Сен - Ты-You;

Ол – Он – He;

Ол - Она-She;

Әріптес – Коллега –

Colleague;

Тұтынушы - Клиент-

Client;

Дос - Друг,

подруга – Friend;

Бәсекелес –

Конкурент – Rival;

Бастық –

Начальник -

Chief, Head.

Отбасындағы қуаныш!

Қыз – Девочка

– Girl;

• Егер сендер бұл

сөздерді білетін

болсаңдар, өте

қуаныштымыз.

Ал білмейтін

болсаңдар,

мұқият жаттап,

саналарыңа

тоқып алыңдар!

Аружан СЕРІКБАЙ,

Кеңес орта мектебінің 4- сынып оқушысы,

Павлодар ауданы.

Жайдарлы жаз!

Мектеп жанындағы «Жаңа ұрпақ»

лагерінің ІІ ауысымы өте қызықты өтті.

Үш апта аралағында балдырғандар алаңсыз

әрі қызықты дем алды. Ойнады,

күлді, бастысы, әр күнін мазмұнды өткізді.

Балаларға арналып түрлі іс-шаралар мен спорттық

ойындар ұйымдастырылды. Оларды қалаға саяхатқа

апару үшін 5 тәрбиеші, 1 жаттықтырушы және

1 музыка жетекшісі жұмыс істеді. Лагерь демалушыларына

әртүрлі ойындар ойнатылып, тақырып

бойынша тапқырлық, сөз жұмбақ сайыстары өткізіліп

отырды. Жоспар бойынша күн сайын ертеңгіліктер,

сайыстар өтті.

Оқушыларымыз «Бос уақытты қамту және балалардың

дарындылығын дамыту орталығы» өткізген жазғы

кешенді жобаларға қатысып, дипломдармен марапатталды.

Балалар асыға күткен Павлодар қаласындағы

«Нептун» хауызына бірнеше рет барып, мәз болды.

Сонымен қатар, олар Ш.Айманов атындағы кинотеатрға,

көркемсурет, өлкетану мұражайларына барды.

«Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры», - демекші,

кез-келген бала ұстаз үшін асыл қазына. Осы қазынаны

қорғап, болашағына нұр беретін ұстаздың жүрегі.

Сол себепті балалардың балғын кездерін бақытты

өткізу ата-аналар мен ұстаздар арасындағы керемет

сыйластықтың арқасы деп ойлаймыз.

Б.НҰРӘЛИЕВА, А.АҚЫЛБАЕВА.

Осыдан төрт жыл бұрын алтын ұя мектебінен

түлеп ұшқан Түсіпова Әйгерім бүгінде өзі

қалаған жоғары оқу орнын ойдағыдай

тәмамдап, жас маман атанып отыр.

Мектепті «алтын белгімен» бітірген ол Елордадағы Л.Н.Гумилев

атындағы Еуразия ұлттық университетіне оқуға қабылданды.

Сөйтіп, студент қыз университетте де өз қатарластарының

алды болып, оқудағы жетістігімен ұстаздарын қуанта білді.

Оған риза болған жоғары оқу орнының әкімшілігі Әйгерімнің

анасы Гүлнәр Миятқызының атына Алғыс хат жолдады. Онда

оқытушылар қызына жақсы тәрбие және болашаққа деген

дұрыс бағыт - бағдар бергені үшін алғыстарын білдіріпті.

Осылайша, Әйгерім өз ортасында сыйлы екенін көрсете

білді. Әрдайым алға ұмтылатын ол менеджмент мамандығы

бойынша қызыл диплом алып, экономика және бизнес

бакалавры дәрежесін иеленді. Оқуда озат, білімде алғыр

Әйгерімнің бұл жетістігіне туыс-туғаны, ұстаздары тегіс

қуанды.

«Білім инемен құдық қазғандай...», - деп дана халқымыз

айтқандай көп ізденуден талмайтын, еңбекқор әрі көргенді

БАЛАЛАР ДА ҚЫЗЫҚ!

Қартайдым

ба?

Маңдай тісі түсіп қалған

6 жасар Нұрай аузын басып, жылай

кетті.

- Не болды?, - деді әпкесі.

- Әжем сияқты менің де тісім түсіп

қалды. Енді қартайдым ба?, - деді

ол кемсеңдеп.

Өмір сүріп

отырмын...

Байқаусызда құмыраны

сындырып алған 4 жасар Диас

қорыққанынан үстелдің астына кіріп,

үнсіз отыра кетті. Мұны көріп қойған

анасы:

- Балам не істеп отырсың?, -

деді.

- Жәй, өмір сүріп отырмын..., -

деді Диас.

қызымыз Әйгерімге отбасыңды және туыстарыңды

әрдайым қуанта бер деймін.

Рысты СҮЙІНОВА, ұстаз, Ақсу қаласы.

Аяп тұрмын...

Кішкентай Ерасыл 5 жасар әпкесін

сөмкемен қатты ұрып жіберді.

- Сен небары 1 жаста болған

соң аяп тұрмын ғой. Әйтпесе,

жақсылап сыбағаңды беруші едім, -

деп жылады оның әпкесі.

Арайлым АТШЫБАЙ,

Кенжекөл орта

мектебінің 7-сынып

оқушысы, Павлодар

қаласы.

Көрікті жерлерді

көрдім

Әкем мен анам мені, қарындасым Жұлдыз

бен інім Асанәлиді жазғы демалысымызда

еліміздің түрлі көрікті жерлерін

аралатуға көңіл бөледі.

Былтыр Оңтүстік Қазақстанға сапарласақ, биыл

өз өңіріміздің әсем табиғатын тамашаладық.

Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасына жол

тарттық. Айнала тау. Бұл жерге алғаш келуім еді.

Тау тастары кәдімгідей қалап қойғандай. Көркі көз

тартады. Жасыбай көліне шомылып, ыстық күні көл

жағасынан сая таптық. Түнгі Жасыбайға да куә болдық.

Көлдің жанындағы тау Бурабайдағы «Жеке батыр»

тауына ұқсастығы барын аңғардым.

Баянауылдағы Торайғыр көліне бардық. Мұнда

әлемде сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген,

Канада мен Қазақстанда ғана өсетін қандыағаш

деген ағаштың барын білдім. Бұлақтың тастай суын

іштік. Әдемі табиғатта естелікке суретке түсіп, таң

тамаша болдық.

Маралды көліне де шомылып, өңірімізде тынығуға

жайлы орындардың көп екенін көрдім. Одан кейін

Көкшетауға нағашыларыма қыдырып бардық. Нағашы

атам мен апама еркелеп, көрікті Көкшетауда қызықты

сәттер өтті. Биылғы демалысым өте сәтті, пайдалы

болды деп айта аламын.

Шыңғыс ТҮГЕЛБАЙ,

Қ.Оспанов атындағы №3 мектептің 6-сынып

оқушысы, Тереңкөл ауданы.

«Айналайын» қосымшасының

үйлестірушісі - Нұржайна ШОДЫР.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!