10.08.2019 Views

10 тамыз, 2019 жыл №90 (15410)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ҚОҒАМ 10 тамыз, сенбі, 2019 жыл 9

Елі ардақтаған азамат

«Тау алыстаған сайын биіктей береді» - дейді дана халқымыз. Бұл пәни жалғанда

пендешілікке ұрынып, өз замандастарымыздың өмірдегі өнегелі істері мен айшықты

іздерін уақытында ескермей, көңіл аудармайтынымыз өкінішті-ақ.

Шынында да, өзінің саналы

ғұмырын белсенді еңбекпен өткізген,

білімін, күш-қайратын аудандық,

облыстық деңгейдегі мемлекеттік

кәсіпорындарға жетекшілік етуге

арнаған Ертіс – Кереку өңіріне танымал

абзал азамат, Аққулы (бұрынғы

Лебяжі) ауданының тумасы, асыл

досымыз Мэлс Тәшмағанбетұлы

Әміржанов сондай біртуар жан еді. Ол

шаруашылықтың сан-қилы күнделікті

тынымсыз істерін абыроймен атқара

жүріп, қолынан қаламы түспеген,

шығармашылық шабыты алымды,

елімізге белгілі ақын атанды. Оның

өңіріміздің мәдени өміріне белсене

араласып жүргеніне әділ баға

берген Қазақстан Жазушылар одағы

Павлодар облыстық филиалының

директоры Арман Қани «Мэлс

Әміржановтың шығармаларынан

замандастарына деген сүйініші, еңбек

адамдарына деген құрметі байқалса,

ән-өлеңдерінен туған жер мен өскен

ортаның тыныс-тіршілігі көрініс

тапқан. Орынды әзіл-қалжыңдары

мен өткір сын-сықақтарында ойға

қонымды, тілге оралымды жолдар

жиі ұшырасады. Автор эпикалық

туындыларға келгенде де жорға

жүрісінен жаңылмайды. Мэлс

Тәшмағанбетұлының өзі көргені

мен көңілге түйгені мол аға буын

өкілі болғандықтан, жас ұрпаққа

айтар ақыл-кеңесі мен көрсетер

тәлім-тәрбиесі де мол екен аян» -

деп, ойын тұжырымдайды.

Шіркін, қарасаң көзің, сөйлесе

кетсең көңілің толатын, сөзі мен ісіне

берік, ақжарқын досымыздан осыдан

бір жыл бұрын кенеттен айырылып

16 адам

суға батты

Жалпы, аймағымызда шомылу

маусымына дайындық жұмыстары

ерте жүргізілді. Өңірде ресми түрде

ашылған 30 жағажай жұмыс істеуде.

Оның 16-сы - жекеменшік. Облыс

орталығында орталық жағажай мен

Усолка өзенінің аумағына шомылуға

рұқсат берілген. Жауапты мамандар

су айдындарын тексеріп, шомылуға

рұқсат етілген орындарды анықтады.

Суға түсуге болмайтын айдындарға

ескерту тақтайшаларын орнатты.

Бұдан бөлек, күн сайын тұрғындар

арасында түсіндіру жұмыстарын

ұйымдастырып, жадынамалар да

таратуда. Мұндай ауқымды жұмыс

жылда жүргізілгенімен, ескертпелерге

құлақ аспай, өмірін қатерге тігетін

адамдардың қатары азаймай тұр...

Өткен жылы Павлодар облысында

24 адамның ажалы судан

болған. Өкініштісі, оның сегізі – бала.

Оқыс жағдайлардың басым көпшілігі

шомылуға рұқсат етілмеген орындарда,

ішімдік салдарынан орын

алған-ды. Салғырттықтың нәтижесінде

бір үйдің қос бүлдіршіні де суға

кеткен жантүршігерлік жағдайлар

да тіркелген болатын... Биыл өңірде

шомылу маусымы басталғалы бері

25 адам суға кеткен. Оның ішінде

тоғызы – жасөспірім. Шомылу

Қара судан балаңызды қорғаңыз!

Шіліңгір шілде айының соңынан бастап ауа температурасы шамадан тыс көтеріліп,

күннің ыстығынан ығыр болған жұрт шомылу орындарына ағылып әлек. Төтенше

жағдайлар қызметінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеп, апта

бойы су айдындарына рейд жүргізуде. Тәулік бойы қызмет атқаратын құтқару

қызметі де тұрғындардың ұялы байланыс телефонына ауа райына қатысты

ескерту хабарламасын жолдауда. Өкініштісі, мұндай ескертпелерден нәтиже

шықпай отыр...

Айдана ҚУАНЫШЕВА

қаламыз деп ойламаған едік. Амал

бар ма? Біздер, үстіміздегі жылы

оның 80 жасқа толғанын дүбірлетіп

тойлауға дайындыққа кірісіп кеткен

кезде тосыннан келген суыт хабар,

бәрімізді абыржытып кетті!

Бірақ шүкір, ол жарық дүниенің

есігін айқара ашып, алшаң басып,

еңсесін биік ұстап, ғұмырын сауықдәуренмен

өткізген, достары көп

жан еді. Әміржановтар ұрпақтары

шетінен, өнерге әуес жандар болатын.

Ал Мэлс бала кезінде Қазақстанның

еңбегі сіңген мәдениет қайраткері,

домбырашы Рүстембек Омаров,

Керекулік әнші Майра Уәлиқызының

әріптесі Қабдолла Сүлейменов, халық

әндерін домбырасымен шебер орындайтын

Солтан Құлмахашев сынды

өнерпаздарды көріп, есейе келе

белгілі абайтанушы, ғалым Қайым

Мұхамеджанов, жазушы Рамазан

Тоқтаров, ақын Аманжол Шамкеновпен

жүздесулерінен алған әсерлері

оның өміріне ерекше ықпал еткенін

есіне алып отыратын.

Кереку өңіріне белгілі сазгерлер

Қайырбек Сәтиев, Марат Садықов,

Назымбек Дүкенбаев және Асан

Әбдікәрімовпен бірлесіп 50-ден аса

әннің сөзін жазған досымызбен

мақтанамыз. Оның қаламынан

туындаған «Ғұмыр-дария», «Дәурен-ай»

атты естеліктерін оқырман қауым

жылы қарсы алды. Ол зейнеткерлікке

шыққаннан кейін облыстың мұсылман

әйелдер лигасы, «Замандастар»,

«Нартұлға» қоғамдық ұйымдарының

тапсырысымен әндер жазып,

ерекше белсенділік танытқанын

жақсы білеміз. Ал өзі айрықша

маусымы аяқталмаса да, көрсеткіш

өткен жылғыдан асып түсті. Биыл

ажал құшқандардың 21-і шомылу

кезінде бақилық болса, қалғаны

балық аулау, құтқару кезінде мерт

болған.

Жуырда оқыс оқиғалардың

бірі Май ауданында орын алған

болатын. 71 жастағы зейнеткер Ертіс

өзеніне батып кеткен-ді. Тағы бір

оқиға Ақсу қаласында тіркелген.

21 жастағы азамат ішімдік тұтынып,

суға батып кеткен. Екі оқиға да

рұқсат етілмеген орында тіркелді.

Бұдан бөлек, құтқарушылар Усолка

өзенінен 38 жастағы павлодарлықтың

денесін тапқан болатын. Ер адам

мас күйінде суға түскен. Міне,

адамдардың салғырттығы, ескертпелерге

құлақ аспауы қайғылы

жағдайларға әкелуде.

Ата-ана жауапқа

тартылса...

Облыстық төтенше жағдайлар

департаменті Азаматтық қорғаныс

басқармасының аға офицері

Ерлан Қасымов қайғылы жағдайлардың

90 пайызы шомылуға тыйым

салынған орындарда тіркелгенін

айтады. Оның сөзінше, ресми

ашылған су айдындарының барына

қарамастан, тұрғындар рұқсат

етілмеген орындарда шомылуға

әуес. Аймағымызда мұндай жерлердің

саны 500-ден асады. Аталмыш

орындардың көпшілігі әлі толық

зерттелмесе, бірқатары тым терең әрі

сүйіп орындайтын «Нүрикамал»

әнін нақышына келтіріп орындап,

тыңдаушылардың көзайымына

айналып еді.

Табиғатынан қарапайым, әзілқой,

адамдармен тез тіл табысып,

жақындасып кете білетін Мекең,

көпшіліктің ілтипатына ие болды.

Абайша айтқандай «...Досы көппен

сыйлас...» болған зиялы қауым

өкілдері оны ерекше қадір тұтты.

Соның айғағы болар, осы жылдың

мамыр айының 15-і күні «Ақсақалдар

тағлымы» қоғамдық бірлестігінің

бастамасымен Б.Ахметов атындағы

педагогикалық колледжінде оны еске

алуға арналған «Абзал азамат, асыл

тұлға» атты әдеби-сазды жыр кешін

өткізді. Оған педколледж ұстаздары

мен студенттері, қауымдастық

мүшелері, дос-жарандары, туыстары

қатысты. Кеште қауымдастық

төрағасы, облыс жұртшылығына

танымал ардагер-ұстаз Улиян

Мақұл Мэлс досымыздың өмірі

мен шығармашылығынан дәйекті

деректер келтіріп, өскелең ұрпақ

үшін өшпес те өлмес асыл мұра

қалдырған замандасымыз туралы

жылы лебіздерін білдірді.

Марқұмды еске алу кешінде

Аққулы ауданынан арнайы келген

«Нұр Ана әлемі» әжелер вокалды

тобы, «Нартұлға» қоғамының

«Дәурен-ай» ақ жаулықты аналар

ансамблі Мэлстің сөзіне жазылған

әндерін сазгер Асан Әбдікәрімовтің

сүйемелдеуімен орындаса, студенттер

оған шығарған арнау өлеңдерін оқып,

оның туындыларынан үзінділерді

жатқа айтты. Осындай игі шараның

ағысы қатты. Сондықтан бұл жерде

оқыс жағдайға тап болғандардың

өміріне араша түсетін құтқарушылар

жоқ.

- Қазіргі ата-аналардың балаларының

өміріне бейқам қарайтыны

қынжылтады. Жаз мезгілінде баланы

қараусыз жіберуге болмайтынын естен

шығарады. Биыл 9 бала суға кетті.

Өкініштісі, бақилық болған жасөспірімдердің

ата-аналары жауапқа

тартылмады. Кез келген ата-ана

өз баласының өмірі үшін жауапты.

Сондықтан мұндай қайғылы жағдай

орын алмауы үшін де әке-шешелерді

жауапқа тарту керек деп ойлаймын, -

дейді Е.Қасымов.

Ажалдан

аман қалды

20 шілдеден бастап төтенше

жағдайлар қызметінің мамандары

Ертіс өзенінің аумағында жалпы

ұйымшылдықпен өтуіне атсалысқан

Аққулы ауданының әкімдігіне,

педколледждің басшыларына алғысымыз

шексіз. Бұл еліне белгілі

азаматқа көрсетілген зор қошемет

деп есептейміз.

Ол өзінің еңбек жолын қатардағы

механиктен бастап үлкен ұжымдарға

жетекшілік етіп, талай сынақтардан

сүрінбей өткен майталман басшы

дәрежесіне жеткен танымал азамат.

Ауданымыздың іргелі кеңшарларында

бас инженер, партком хатшысы,

«Казсельхозтехника», «Сельхозхимия»

бірлестіктерінің басшылары

болып нәтижелі еңбек етті.

Әсіресе, аудан экономикасының жаңа

құрылымдары болып жұмыс істей

бастаған аталған бірлестіктердің

негізін қалап, материалдық

базасын нығайтып, олардың

ауылшаруашылығына көрсететін

қызметтерін тиімді ұйымдастырудағы

еңбегі ерекше. Өзінің техникалық

білімі мен ұйымдастыру қабілетін

аудандық ауылшаруашылық

техникаларымен, оның қосымша

саймандарымен қамтамасыз ету,

өсімдіктердің зиянкестерімен

күресу жұмыстарын ойдағыдай

саны 6 орын бойынша топ құрып,

рейдтік шара ұйымдастырды. Ауқымды

шара нәтижесінде 1800 адамға

түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,

жүзу ережесі мен тыйым салынған

орындарға қатысты жадынамалар

таратты. Оның ішінде мамандар

424 адамды рұқсат етілмеген

су айдындарына кездестірген.

Арнайы белгілердің орнатылғанын

ескермей, суға түскендерге жергілікті

полиция қызметі әкімшілік хаттама

толтырды.

Рейд кезінде 2 адамның өмірі

құтқарылды. Оқыс оқиға Усолка

шағын ауданында орын алған. Екі

ер адам рұқсат етілмеген орында

жарыса жүзіп, суға батқан. Оларды

ТАҒЗЫМ

жүргізуге жұмсай білді. Сонымен

қатар бірлестіктер қызметкерлерін

тұрғын үймен қамтамасыз етуге

байланысты аудан орталығында

құрылыс жұмыстары қарқын алды.

Бүгінде көптеген аққулықтар Мэлс

салдырған үйлерде тұрып жатыр. Ол

үшін оны жиі еске алып отырады.

Сол кездегі облыс басшыларының

ұйғаруымен Мэлс облысаралық

«Кубань» жаңбырлатқыш машиналарын

қолдану басқармасының

төрағалығына тағайындалып,

Павлодар, Семей облыстарының

суармалы аймақтарын тиімді

пайдалануда қажырлы еңбек етті.

Аталған басқарма таратылғаннан

кейін ол тәжірибелі басшы ретінде

жоғарыдағы аталған қондырғыларды

құрып, қолдануда Ақмола облысының

шаруашылықтарында елеулі қолғабыс

етті. Ол қашанда тынымсыз еңбек етіп,

қандай іс атқарса да асқан белсенділік

танытқан жан. Зейнеткерлікке шықса

да ол осы бағытынан таймады.

Өмірінің соңғы күндеріне дейін ол

республикалық «Құрылысконсалтинг

Ұлттық Орталығы» Акционерлік

қоғамының Павлодар филиалында

эксперт-кеңесші қызметтің абыроймен

атқарды.

Осындай қыруар еңбегі лайықты

бағасын алды. Ол Қазақстан

Республикасының «Құрметті құрылысшысы»,

Аққулы (бұрынғы Лебяжі)

ауданының «Құрметті азаматы». Бұл

бір адамның адал еңбегіне берілген

жоғарғы баға, үлкен абырой. Асыл

азамат, заңғар тұлға досымыздың

айшықты ізі, қалдырған мұрасы көпке

аян, ұрпаққа үлгі. Елі ардақтаған,

еліне елеулі еңбек еткен Мэлс

Тәшмағанбетұлын ұрпақтары, досжарандары

ешқашан ұмытпайды.

Бір топ достарының атынан:

М.ДҮРЖІМБАЕВ,

Е.ЖИЕНАЛИН,

М.РАХМЕТОВ.

ҚАУІПСІЗДІК

алыстан байқап қалған құтқарушылар

оқиға орнына жедел жетіп, қатердің

алдын алды. Құтқарылғандардың

бірі 1993 жылғы Аққулы ауданының

тұрғыны болса, екіншісі - 1998 жылғы

Павлодар қаласының тұрғыны.

Мамандар көрмей қалғанда,

небары 21-26 жастағы азаматтар

ажал құшатын еді... Су ортасына

ішімдік ішіп шығатындарға не дейсіз?

Жедел-құтқару жасағының кезекші

диспетчері кешкі уақытта көмекке

шақырған дауысты естиді.

Далаға шыққанда Ертіс өзенінде

қайықтың аударылғанын көреді.

Оқиға орнына жедел түрде

3 құтқарушы мен жүзу құралы

жөнелтіледі. Мамандар бірлесе

әрекет етіп, үш адамды судан алып

шығады. Анық болғандай, ішімдік

тұтынған азаматтардың екеуі

құтқару кеудешесін кимей,

қайыққа отырған. Ащы суғы

тойып алғандар қайықты басқара

алмағандықтан, оқыс жағдайға тап

болған. Қазіргі уақытта жалпы

саны 300-ге жуық рейдтік шара

өткізіліп, жалпы саны 32 мың

адам қамтылған. Оның 20 мыңын

балалар құрайды.

Мамандар шомылу маусымы

20 тамызға дейін жалғасатынын

айтады. Күннің ыстығына байланысты

бұл мерзім күзге дейін

ұзартылуы мүмкін.

Түйін:

Жоғарыда оқыс оқиғалардың 90 пайызы рұқсат етілмеген орындарда тіркелгенін

айттық. Қалғаны ішімдік тұтынып, суға түсу мен баласын қараусыз жіберген ата-ананың

салғырттығы салдарынан орын алады. Өкініштісі, бұл жағдай жылда қайталануда. Құтқарушылар

ресми шомылу орындарын ашып, суға түсуге болмайтын орындарға тыйым

салды. Күн сайын су айдындарын аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бірақ

көрсеткіш көбеймесе, азаймай отыр. Рұқсат етілмеген орында шомылғандарды

заң бойынша жауапқа тарту керек пе? Былтыр - 8, биыл - 9 жасөспірім

ажал құшты. Шомылу маусымы аяқталғанша бұл көрсеткіш тағы көбеймесе

екен деп тілейік...

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!