10.08.2019 Views

10 тамыз, 2019 жыл №90 (15410)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Балалар мен жасөспірімдерге арналған қосымша

АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫНЫҢ ТУҒАНЫНА - 175 ЖЫЛ

Ұлы ақын

Балалар, биыл қазақтың ұлы ақыны Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы

Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толмақ.

Ол есімі елге мәшһүр ақын ғана емес,

белгілі ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің,

қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, композитор,

аудармашы, саяси қайраткер және қазақ

мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор.

Абай Құнанбайұлы 1845 жылы дүниеге

келіп, 1904 жылы өмірден өткен. Ақынның

арғы тегі Орта жүз Тобықты, Арғын ішіндегі

Олжай батырдан таралады. Олжайдан Айдос,

Қайдос, Жігітек есімді 3 ұрпақ өрбиді. Бұлардың

әрқайсысы кейін бір-бір рулы ел болып кеткен.

Айдостың Айпара деген әйелінен Ырғызбай,

Көтібақ, Топай есімді балалары бар.

Бұлардың ішінде Ырғызбай ортасынан оза

шауып, ел басқарған. Ырғызбайдан Үркер,

Мырзатай, Жортар, Өскенбай тарайды. Өскенбай

шаруаға жайлы, билікке әділ кісі болғандықтан,

«Ісің адал болса, Өскенбайға бар, арам болса

Ералыға бар» деген мәтел ел арасында кең

таралған. Өскенбайдың әйелі Зереден Құнанбай

туады.

Бірақ бұл оқуын әрі жалғастыра алмай, небәрі

3 жылдан соң оның мұсылманша да, орысша

да оқуы аяқталады. Абайдың басқа балалардан

алымдылығын аңғарған Құнанбай оны елге

шақырып алып, өз жанына ертіп, әкімшілік-билік

жұмыстарына араластырмақ болады. Сөйтіп

13 жастағы Абай ел ісіне араласады.

Ұлы ақын өзінің ақындық шығармаларында

қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдік

мәселелерін арқау еткен. «Мен жазбаймын өлеңді

ермек үшін», - деп жырлаған Абай атамыздың

әр өлеңі терең мазмұнымен өмірден өз бағасын

алды. Сол үшін де бүгінде оның шығармалары

әлемнің бірнеше тіліне аударылып, қазақтың

Абайын бүкіл дүниежүзі танып-білуде.

ҰЛЫДАН - ҰЛАҒАТ!

Абай айтқан екен...

Дала

Жусан иісі аңқыған,

Көгілдір гүлдер шалқыған.

Әрбір шөбің көркейген,

Мейірімге малтынған.

Қызыл, жасыл өрнекті,

Гүлдерің әркез көрікті.

Сән береді өзіңе,

Қызғалдақ басып жер - көкті.

Күз кезіңде соларсың,

Көңілсіз мұңға толарсың.

Кірбің түсіп қабағың,

Самал болып соғасың.

Ермұхамбет ЖҮСІПОВ,

Абай атындағы №28 мектептің

оқушысы, Екібастұз қаласы.

БАЛАПАН ЖЫР

Анашым

Ақ сүт берген анашым,

Ақылдысың, данасың.

Дүниедегі бақытты,

Өзіңнен ғана табамын.

Жақсылыққа шақырып,

Жамандықтан тыяды.

Асыл анам бойыма,

Иман нұрын құяды.

Ислам ӘМІРБЕК,

№4 Ертіс орта мектебінің

2-сынып оқушысы, Ертіс ауданы.

Алланың өзі де рас, сөзі де рас;

Көкірегі сезімді, көңілі ойлыға бәрі анық;

Ғылым - Алланың бір сипаты;

Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат;

Жастықтан бір күлгенің мың қаралық;

Мал жұтайды, өнер жұтамайды;

Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас;

Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла

алмайсың, басыңды бұлт шалса- іздеп таба алмайсың.

Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды.

Жазып алған – Ерасыл НҰРЫМОВ,

5-сынып оқушысы, Павлодар қаласы.

Сөзжұмбақты

шешейік!

4.

1. 2. 3. 5.

А

6. 7.

б а й а т а

1. Еліміздегі ең үлкен қала.

2. Аймағымыздағы ең қасиетті жер.

3. Мұнайлы өңір.

4. Облыс оқушыларына арналған

сүйікті қосымша.

5. Батыс Қазақстанға жататын қала.

6. Нұр-Сұлтан қаласына қарасты ауыл.

7. Бұрынғы астанамыз.

Құрастырған - Арайлым АТШЫБАЙ,

Кенжекөл орта мектебінің 7-сынып оқушысы,

Павлодар қаласы.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!