22.08.2019 Views

22 тамыз, 2019 жыл №95 (15415)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Өмірге адам болып туған соң, өмір жолы бір күні аяқталатынын, үзілетінін

бәріміз білеміз. Табиғи заңдылық солай. Айырмасы - өлім біреуге ерте,

біреуге кеш келеді. Бұл жағы енді Жаратушы бір Аллаға ғана аян.

Асылы, тіршілікте бір-бірімізге

мейірімді, кешірімді болғанға не

жетсін?! Қамшының сабындай

қысқа ғұмырда адам баласы

алдына мақсат қойып, соған

жетуге асығады. Жанталасады.

Кейде діттеген жеріне жетер,

кейде... Ал өмірден өтіп кеткен соң,

жылап-сықтаймыз, жоқтаймыз. Ол

да уақытша, алдамшы дүниенің,

тіршіліктің белгісі.

Тағдыры талайлардың түгесілді,

Арманға қол созымдай қалған

кезде...

Шынымды айтсам, қолға

қалам алғаныммен, не жазарымды,

жо-жоқ қалай жазарымды

білмей жабырқау күй

кешіп отырған жайым бар. Біздің

халқымыз ерекше данышпан ғой.

«Атам-ай деп зарлатсаң да,

ботам-ай деп боздата көрме», -

деп тілейді үлкендеріміз. Өкінішке

қарай, бір кем дүние де үнемі

біз ойлағандай бола бермейді

екен. Тағдыр дәмі таусылған күні

өрендей жастарымыз да кәрілікте

мінетін кемеге отырып, асығып,

арамыздан алыстай береді екен.

Тірі адам көнбеске лаж жоқ.

Осыдан тура бір жыл бұрын ет

пен сүйектен жаратылған пенденің

жан дүниесін түршіктіріп арамыздан

алашымның арда азаматы, жігер

оты жалындап тұрған жап-жас

жігіт, рухтас бауырым Ардақты,

адамның бетіне тура келмейтін

инабатты қарындас, өзгеден дара

туған озат шәкіртім Данараны,

тәп-тәтті күлкісімен енді өмір

босағансын аттаған періштеміз

Нұржолды бізге көпсінген сыңай

танытып, арамыздан алып кетті.

Жоқтау айтып жыладық, бірақ

арамызға қайтарып ала алмадық.

Ақ көгершін

Алладан иманын салауат ет деп

тіледік. Енді міне, өзекті өртеп,

өзімді қинап естелік айтудан

басқа амал жоқ екеніне тағы бір

мәрте көз жетіп отыр. Көнбей көр

Жарылқаушы Алланың әміріне...

Данараның шыр етіп жарық

дүниеге келгенінен бастап, танымайтын

елдегі мәңгілік мекеніне

аттанғанына дейінгі өмірі көз

алдымда өтті. «Жылтырағанның

бәрі алтын емес». Бәлкім, сұлулық

екінің бірінде бар шығар. Ал

ішкі жан дүниесінің сұлу болуы,

жүзінен нұр шашуы - адамның

бойында жиі кездесе бермейтін

қасиет. Чеховша айтқанда, «адам

бойындағының бәрі де – бет

пішіні де, киім киісі де, жан

дүниесі де, ақыл-ойы да сұлу

болуы тиіс». Біздің Данара осы

тізбектегеніміздің қай-қайсысына

да бай еді. Айта берсек көп

әңгіме. Сол себепті, тек бір

эпизодқа ғана тоқталсам деп

отырмын.

Бесінші сыныптан бастап

мектеп тәмамдағанға дейін мен

оның сынып жетекшісі болдым.

Тоқсаныншы жылдардың аяғындағы

елдегі экономикалық жағдайдың

қиындығына байланысты соңғы

қоңырау мен мектеп бітіру кешіне

дайындықты бір жыл бұрын

бастадық. Қарекетімізді ауыл

тұрғындары үшін шағын дәмхана

ұйымдастырып, қаражат жинаудан

бастадық. Сол тұста тиыннан

теңге құрап, оны берекелі ұқсату

үшін коммерциялық директор

тағайындау керек болды. Таңдау

ойланбастан Данараға түсті.

Сыныптағы әр оқушының өз

міндеті болды. Бірі ас мәзіріне

жауапты болса, бірі ыдыс-аяқтың

тағзым 22 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 15

санитарлық жағдайын бақылауда

ұстады. Апта сайын өткізген

жәрмеңкеміз тағы бар. Осылайша

түлектер кешіне қомақты қаржы

жинадық. Бұған дейінгілер білім

ордасына қабырға сағатын, картина

сыйласа, біз алғашқы болып

сол кездегі өлшеммен заманауи

үлгідегі түрлі түсті қымбат фотоаппаратты

тарту еттік. Осының

бәрі коммерциялық директордың

іскерлігі, қолда барды құнттай

білуі мен ұқыптылығының дәлелі

емес пе?!

...Ертең соңғы қоңырау деген

күні кешкісін жаныма Данараның

Айдос, Дулат, Ерлан сынды сыныптастарын

ертіп кеңшардың мал

қорасына бет алдық. Ондағы

мақсат тағы сол, шарамызды

бұрынғы түлектерге қарағанда

басқа форматта ұйымдастырып,

бір ерекшелік енгізу еді. Сөйтіп,

мектеп бітірушілерге арнап он

сегіз көгершін ауладық. Оларды

арнайы торға қамап, таңертеңге

дейін ұстадық. Соңғы қоңырауды

жүргізушілер аты-жөнін атап

шақырған тұста мектептен

қолдарына бір-бір көгершін ұстап

шыққан түлектер армандарын

жетектетіп көгершіндерін көкке

ұшырды. Аманат арқалап аспандап

бара жатқан көп көгершіннің

ішінде жалғыз біреуі ғана аппақ

еді. Өз ортасында аса сыйлы

болған Данараға бұйырғаны да

сол-тұғын...

Жалған дүние-ай, сол ақ

көгершін көп ұзамай сенің аппақ

періштедей ғазиз жаныңды ертіп

әкететінін кім білген?!

Жұмабек Сманов.

1999 жылдың жазы. Мемлекет

алғашқы грант пен кредит жүйесіне

ауысқан кезде оқуға тегін түскенімізге

қуанышымызда шек болмады. Біз

деп айтқаным, грантқа ілінгендердің

қатарында Ардақ Райымбеков,

мен және тағы бір-екі бала бар

болатын. Ұпайымыз Ардақпен

бірдей еді. 82 ұпай. Әрине, ол

кезде мектептегі мұғалімдерімізден

грантқа «жалғыз ғана адам өте

алады» деген талай алып-қашпа

әңгімені де естіп едік. Содан болар,

Ардақты бәсекелес деп қарадым.

Алайда біз тапсырған мамандыққа

82 ұпай жинағандардың барлығы

өтті. Көп ұзамай университетте

практика да басталды. Бір-бірімен

әлі таныс емес, сырттай есімдерін

ғана білген ауыл, қала балалары

университеттің төртінші қабатында

алғаш рет кездесті. Қазақ филологиясы

кафедрасына кіргенімде

қолдарына шелек ұстаған, көздерінде

от жанып тұрған 10-15 баланың ішінде

Ардақ Райымбеков пен Ақылбек

Сатыбалдинді кезіктірдім. Уақыт

өте келе осы екі жігіт менің жан

досыма айналды.

Ардақ әрқашан әр нәрсеге

оптимистік көзбен қарайтын еді.

Бір күні бірінші курста жатақхана

іздеп жүргенде Ардақ маған «эпосжырларды,

қазақ классиктерінің

романдарын оқы, кафедрамыздың

меңгерушісі, профессор Қуандық

Пазылұлы Жүсіптен емтихан тапсыру

қиын болады» дегені есімде. Сөйтіп,

бір жылда Ардақ екеуіміз екі

жатақханада бір бөлмеде тұрған

жайымыз бар. Барлығын бөлістік,

кей уақыттарда киетін киіміміз де

біреу болатын. Ардақпен қазақша да

сөйлеуге дағдыландым. Ал онымен

танысардың алдында қазақша таза

сөйлеуге қиналған едім.

Ұлтшылдығы басым еді

Қобыланды жырын

жатқа айтатын

Ардақпен университетке оқуға түскен кезде таныстық.

Студенттік шақ естен кетпейтін өмірдегі ең жарқын

парақтардың бірі ғой. Әуелі сол жылдарға тоқтағым

келеді.

Емтиханға дұғамен «қаруланып»

барғанымыз да - бір бөлек әңгіме.

Бөлмемізден шығарда еденге

отырып, Ардақ емтихан жеңіл әрі

нәтижелі болсын деп Құранның

сүресінен аяттар оқыған. Ерекше

сәттер еді!

Ардақ көне батырлар жырлары

мен эпостарын жатқа білетін. Бір

күні туған ауылы Шәмшіге барғанда

«Қобыланды батыр» жырын жатқа

айтқанда не деген жады, не деген

талант деп іштей таңқалатынмын.

Ерекше, дара еді. Ауылдас балаларымен

кездескенде Ардақ өзіне-өзі

сенімді, басшылық жасауға құмар, өте

ұйымшыл, сөздері де өте байсалды

еді. Орталарында қандай да бір

жоспар құрып отырған кезде өзінің

көзқарасын білдіріп, анализ жасап

отыратын.

Ардақ сан қасиеттерді бойына

дарытқан жан еді. Табиғат берген

көшбасшылық, белсенділік, оптимистік

көзқарас, өжеттілікпен бірге

ұлтжандылық және еңбексүйгіштік

қатар жүретін. Қазақы құндылықтың

не екенін жақсы білген. Өзінің

туған ауылына қамқорлығын аяған

емес. Бойында мұндай қасиеттер

болмаса, басшылық қызметтерде

жүрер ме еді?!

Мен үшін Ардақ осындай. Ол

туралы өткен шақта сөйлеу оңай

емес, себебі ол өзінің толық

потенциалын ашып үлгермеді.

«Болғым келеді, істегім келеді»

деген арман-мақсаттары көп еді.

Жасамай кеткен жасын артында

қалған ұрпақтарына берсін!

Ламбриан Топузов,

досы,

Нью-Йорк штатынан.

Ардақ Тәттімбекұлы 2013 жылдың

тамыз айының соңына

қарай біздің бөлімге басшы

болып келді.

Бір кездескенде: «Мейрам Төлегенұлы, өзіңіз

білесіз, мәдениет секторының мамандары -

жаңадан келген жастар, жұмыс ыңғайын

біле қоймайды. Сондықтан кейбір күрделі

мәселелерді шешуге сіздің көмегіңіз қажет

болады. Осы бөлімде ұзақ уақыт жұмыс

істеп келесіз. Көмек қолын созудан қаша

қоймайтын шығарсыз», деп өтініш білдірді.

Содан бастап қандай мәселе болса да

бірге ақылдасып шешетін болдық. Мен

бастықпын деп ол кеудесін керген жоқ,

жасымның үлкендігін есінен шығармай, үнемі

сыйластықпен қарады. Жалғыз маған емес,

қарамағындағы барлық қызметкерлерге

кішіпейіл мінез көрсетті.

Жалпы, Ардақ екеуіміз бір саланың

маманы болғандықтан болар, тез тіл

табыстық. Бірталай уақыт әріптестіктен

кейін ақыл-ойдағы замандастық екеуімізді

бірлесіп жұмыс істеуге әкелді. Ол бастықпын

деген жоқ, білмейтінін ақылдасатын. Мұндай

дегдарлықты бұйрық раймен өмір сүруді

машық еткен бүгінгі мемлекеттік қызмет

болмысынан жолықтыру сирек.

Ардақ марқұм ашуға берілмей, ақылға

салып шешуге тырысатын. Әрине, ол да -

жұмыр басты пенде, кейде ашуланып кетеді.

Біздің келіспейтін тұстарымыз көбіне ұлттық

мәселе тұрғысында болатын. Мен кез келген

мәселені жылдам әрі шама келсе тізе салып

шешу керек деймін. Ол болса, асықпай

ақылға салып, жан-жақты зерделеп шешуді

ұсынады.

2015 жыл туған уақыт. Бір күні мені

кабинетіне шақырды. Барсам, жалғыз отыр

екен. «Келіңіз, отырыңыз. Ақылдасатын шаруа

бар - деді. - Өзіңіз білесіз, биыл Жеңістің

70 жылдығы, осының құрметіне қала көшелеріне

Кеңес Одағының батырларының есімін беру

туралы нұсқау түсті. Осыны пайдаланып

біраз көшелерді өзгертіп алайық». Мен бұл

жақсы жаңалықты қолдайтынымды білдіріп,

көптен көкейде жүрген ұсыныстарымды айта

бастадым. Ол мені мұқият тыңдап алып,

осының бәрін жинақтап қағазға түсіріңіз,

мен әкімге апарып, алдынан өтіп келейін

деді. Сөйтіп, екеуіміз қалада он жылға жуық

уақытқа тоқтап қалған ономастика жұмысын

қайта бастадық. Дерибас көшесіне Кеңес

Одағының батыры Құдайберген Сұрағановтың

есімі берілді. Ұмытпасам, 5 мамыр күні Алматыдан

келген батырдың отбасы мүшелерінің

қатысуымен көшенің ресми түрде ашылуы

өтті.

2015 жылдың жазы еді. Әр істің жобасын

сызып, жоспарын құру арқылы кемеліне

жеткізіп, түбірімен тындыруды жетік меңгерген

ол қала орталығының таңбасын ауыстыруды

қолға алды. Павлодар қаласының

кеңестік дәуірден қалған қызыл таңбасынан

құтылып, ұлттық ділімізге тән, рухымызға

жақын таңбаны әзірлеу керек деген Ардақ сол

кездегі шаһар басшысы Болат Бақауовтың

келісімін алып, конкурстың комиссиясын

құрып, істі бастап та жіберді.

Ә дегеннен облыстық газеттердің

беттерінде конкурстың ережесі де жарияланып,

жүлде қоры белгіленді. Конкурсқа

қатысқысы келетін азаматтардың жасына

да шектеу қойылмады. Жиырма сегізінші

маусымда жарияланған байқауға жіберілген

конкурс жұмыстары бөлімнің электронды

поштасына түсіп жатты. Жұмыстарын

бөлімге өз аяғымен келіп тапсырған

азаматтардың қатары да көбейді. Уақыт

өткен сайын конкурсқа қатысуға ұсынылған

жұмыстардың көптеп түсуіне байланысты

әрі халықтың сұрауы бойынша конкурстың

мерзімін тағы да ұзарту туралы шешім

қабылданып, жұмыстар тамыздың онына

дейін қабылданатын болды.

Сонымен, байқауға түскен алпысқа жуық

автордың 130 жұмысының ішінен жеңімпазды

таңдау қиынға соқты. Комиссия мүшелері

ұзақ уақыт дауласа келе, көңілге қонымды

деген екі нұсқаны біріктіру туралы шешім

қабылдады.

Қала таңбасының дизайнына, көркемдік

мағынасына қатысты шағымдар сол кезде

де түсіп жатты. Комиссия мүшелері мен

Ардақ Тәттімбекұлының жеке басына

қатысты тоқтаусыз түскен арыздар жүйкені

тоздырғанмен, басталған істі аяғына жеткізуде

Ардақ бауырым табандылық танытты.

Сөйтіп еліміз тәуелсіздік алғалы ширек

ғасырға жуық уақыт өтсе де, кеңестен

қалған таңбамен келе жатқан Кереку

шаһарының жаңа елтаңбасы осылайша

қабылданған болатын. Айтуға оңай, ал

шаруасы шаш-етектен болған сол бір шешуші

шақта тасада қалмай, арпалысып, небір

қиыншылықтарды бастан кешіре отырып,

жаңа таңбаны қабылдауға ересен еңбек

еткен Ардақ бауырымыз еді.

Мейрам Нұғыман,

Қазақстан Республикасының

Мәдениет қайраткері.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!