22.08.2019 Views

22 тамыз, 2019 жыл №95 (15415)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

КӨКЕЙТЕСТІ 22 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 7

МӘСЕЛЕ

Құтырма һәм құрғақ уәде

Облыс дәрігерлері дабыл қағуда. Аймағымызда құтырма ауруына қарсы егілетін дәрідәрмек

жоқ. Ал қаңғыған ит қапқан балалардың қатары көбейіп келеді. Өкінішке қарай,

қауіпті індетті жұқтырып алғандар да бар. Ал дәрігерлер шарасыз...

Айдана ҚУАНЫШЕВА

Бұл өзекті мәселе жуықта өткен

алқалы жиындардың бірінде көтерілген

болатын. Қоғамдық денсаулық сақтау

ісі бойынша үйлестіру кеңесінің отырысында

Павлодар облыстық балалар

ауруханасының бас дәрігері Ардақ

Күзеков құзырлы мекеме өкілдері алдында

жағымсыз жайтты жайып салған еді.

Оның сөзіне сүйенсек, құтырма ауруына

қарсы екпені аймағымызға жеткізу өткен

жылдың желтоқсан айында тоқтатылған.

Ал үстіміздегі жылдың басында облыс

емханаларында аталған препараттардың

қоры таусылған.

- Біз үстіміздегі жылдың ақпан

айынан бастап құтырма ауруына қарсы

препараттардың жоқтығын айтып, облыстық

денсаулық сақтау басқармасына 4-5

рет ресми хат жолдаған болатынбыз.

Алайда тиісті жауап ала алмадық.

Тек маусым айында соңғы жолдаған

хатымызға жауап келді. Онда басқарма

басшылығы бар мәселе аймағымызға дәрідәрмек

тасымалдайтын «СК-Фармация»

компаниясында екенін айтқан. Қажетті

препараттар тамыз айының басында

келеді деп уәде етті. Өкінішке қарай,

ай аяқталып келеді. Әлі нәтиже жоқ, -

дейді А.Күзеков.

Ресми деректерге сүйенсек, былтырғы

жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда

биыл ит қапқандардың саны 35 пайызға

көбейген. Нақтырақ айтсақ, өткен жылдың

5 айында 172 факті тіркелсе, биылғы

бес айда бұл көрсеткіш 232-ге жетіп

отыр. Онымен қоса, ағымдағы жылдың

алты айында облыс бойынша 6 адамда

құтырма ауруына шалдықты деген күдік

тіркелді. Өкінішке қарай, оның екеуі

қауіпті дертті жұқтырған.

Ардақ Мүбәрәкұлы наурыз айына

дейін облысымыздың өзге медициналық

мекемелерінен қалдық дәрілерді алып

келгенін айтады.

- Соңғы 4-5 айда ол да жоқ. Сол

кезден бері 52 баланы ит қапты. Олардың

тек 17-сі ғана құтырмаға қарсы екпе

алды. Қалған 35 балаға тиісті дәрідәрмектің

жоқтығынан екпе жасалмады.

Бұл - өте қауіпті. Құтырма вирусына

қарсы ем алмаған балалардың саны

көбейіп келеді. Бұл тек балаларға

қатысты емес. Ересектерге де қауіп

ДЕНСАУЛЫҚ

Міндетті әлеуметтік медициналық

сақтандырудың мақсаты – халыққа

медициналық көмектің қолжетімділігі

мен сапасын арттыру. Сондықтан

ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстарына

көңіл бөлінуде. Бұл ретте

бірқатар тапсырмалар берілді. Қала

тұрғындары ақпаратты көше билбордтары

мен LED-экрандардан, қоғамдық

көліктердегі жарнамадан, радио және

телеарналардан көре алады.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру

қоры» коммерциялық емес акционерлік

қоғамы Павлодар облысы бойынша

филиалының директоры Айдар

Сейітқазиновтің айтуынша, денсаулық

сақтау реформасын жүзеге асыру

жұмыстары өз деңгейінде жүргізіліп,

төніп тұр. Себебі қазір қажетті препараттар

аймағымыздағы ешбір емханада

жоқ. Денсаулық сақтау басқармасының

уәделеріне сәйкес, құтырма вирусына

қарсы екпелер тамыз айының 10-ы

келуі тиіс еді. Бірақ әлі күнге жоқ.

Осылайша, құзырлы басқарма күн

сайын құрғақ уәде берумен шектеліп

келеді, - дейді А.Күзеков.

Мәселенің мәнісін білу мақсатында

облыстық денсаулық сақтау басқармасына

редакция атынан ресми сауал жолдаған

едік. Онда құтырма ауруына қарсы

препараттардың не себепті кешіктіріліп

жатқанын сұраған болатынбыз. Өкінішке

қарай, басқармадан ресми жауап

келмеді. Есесіне, құзырлы органның

баспасөз қызметінің өкілдері хабарласып,

жағдайды түсіндіруге тырысты.

Тиісті дәрі-дәрмектердің осы аптаның

басында келетінін және мәселе өз

шешімін тапқанын айтты.

- Мұндай уәдені күнде естіп келеміз.

Естуімізше, кейбір өзге облыстарда

тиісті препараттар бар. Осы орайда біз

облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Түйін:

басшылығынан аталмыш аймақтардағы

әріптестермен байланыс орнатып, қажетті

дәрі-дәрмек сұратып алуларын өтінген

болатынбыз. Өкінішке қарай, бұл өтінішіміз

ескерусіз қалды. Егер құтырма ауруымен

ауыратын иттер мен өзге хайуандар

балаларды тістеп алса және ол

балаға уақытылы медициналық көмек

көрсетілмесе өмірлерін құтқару мүмкін

емес. Себебі, құтырма адам өміріне,

әсіресе, жеткіншектердің денсаулығы

үшін аса қауіпті індет болып табылады, -

дейді А.Күзеков.

Жалпы, құтырма - вирус арқылы

таралатын қауіпті ауру. Бұл індетпен

ауыратын хайуандар мен жануарлардың

мінез–құлқы, жүріс-тұрысы тез өзгеріп,

бойларында оғаш қылық пайда болады

екен. Мәселен, ит себепсіз үріп, тамақтан

бас тартып, көзіне көрінген заттарды тістеп

шайнай береді. Көзіне көрінген адамды

бірден қауып алады. Аталмыш аурудың

қоздырғышы адамдарға жануарлардың

сілекейі арқылы тарайды. Сондықтан

ит, мысық тістеген жағдайда міндетті

түрде дәрігердің көмегіне жүгіну керек.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қажетті препаратпен

толық қамту мәселесін жедел шешеді деп сенеміз.

Әйтпесе, жағдай мүлдем ушығып кетуі мүмкін. Бұл мәселе

біздің газеттің назарында болады.

Қажетті жүйе

Елімізде міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің

енгізілуіне байланысты облыстардың дайындығы

пысықталып жатыр. Бұл бағытта аймағымызда да

ауқымды жұмыс жүргізілуде.

тұрғындар арасында түсіндіру

шаралары өткізілуде.

Міндетті медициналық сақтандыруды

енгізу үшін мемлекеттік

органдардың ақпараттық жүйелері

біріктірілуде. Дәрігерлер

компьютермен және ғаламтор

желісімен қамтылуда. Қазір

Қазақстан бойынша медициналық

ұйымдардың 69,7% желіге кіру мүмкіндігіне

ие. Ал Павлодар облысында бұл көрсеткіш

93,6% пайызға тең. Аймағымыздың жеке

медициналық қызмет көрсетушілерінің

71 % ақпараттық жүйемен қамтылған.

Павлодар облысында 92 әлеуетті

қызмет көрсетушінің 55 ұйымы немесе

60% - жекеменшік. Бұл - республика

бойынша жоғары көрсеткіш. Әлеуетті

медициналық қызмет берушілердің базасы

2017 жылдан бері жұмыс істейді және

тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Халыққа тегін медициналық көмек

көрсететін ұйымдардың тізімі Қордың

fms.kz ресми сайтында жарияланған.

Өз тілшіміз.

ОЙ-ТАМЫЗЫҚ

Данияр

ЖҰМАДІЛ

Бастық

болдым,

мінекей...

Біздің елге жастарды басшы

болуға тәрбиелейтін мектеп

керек сияқты. Басшылық ететін

салаға қатысты біліктіліктен

бөлек, санасына ұлттық идеологияны

«құйып», ізгілікке,

кішіпейілдікке және құр

мансабын емес, халықты ойлайтындай

етіп оқытатын білім

ордасы болса ғой, шіркін.

Кезінде үлкендер көңіліне жаққан балаға

«молда бол» деп ықыласын білдіріп, батасын

беретін еді. Қазір оның орнына «бастық» сөзі

жүреді. Әрине, бүгінде жастардың бастық

болуға құлшынысын замана заңы деп түсіндіріп

келеміз. Болсын. Кім болмай жатыр? Тек,

адамгершілігінен айырылып қалмаса игі.

Биліктің биік орынтағына отырып жатқан

жастарды көргенде қуанбасақ, ренжімейміз.

«Жас келсе, іске» деген халық даналығы бар.

Алайда, білдей бір салаға жауапты адам

қай жағынан да қызметіне сай болуы шарт.

Экономика, саясаттан бөлек ұлттық идеология,

қазақы дәстүрді бес саусақтай білуі керек.

Себебі олар халыққа қызмет етеді. Ал халықтың

тілін табуы үшін сол дәстүрмен бекітіліп,

қанымызға сіңген кішіпейілділік, сыйластық,

адалдық қасиеттерін бойына сіңіруі тиіс. Бірақ

бұны ұғынып жатқандар аз. Қай мемлекеттік

мекеменің есігін ашсаңыз да, кәстөм киіп,

галстук тағып, кергіп отырған жас мамандарды

көресіз. Тіпті кей мекеменің басшысы

да, қосшысы да орда бұзар 30-дың арғы

жақ, бергі жағындағылар. Олармен сөйлесудің

өзі мұң.

Білімдерінің таяздығын көрсетіп алудан

қорқа ма, әлде ауыздарынан шыққан әрбір

сөзді алтынға балай ма, белгісіз. Кейбірімен

тілдесе қалсаң, сөйлеу мәдениетінен жұрдай

екенін байқайсың. Сөзім дәлелді болсын. Күн

сайын жұмыс бабымен түрлі лауазым иелерімен

тілдесетініміз белгілі. Сондағы байқағанымыз,

көпті көрген, тәжірибелі басшыларға қарағанда

жас шенеуніктермен сөйлесу қиямет. Неге?

Тоғышар көзқарас бойынша, бастық болу –

рахат нәрсе! Орынтақта отырып, елді басқара

бер. Ал қол астыңдағылардың барлығы саған

жалтақ-жалтақ қарап, сенің әр сөзіңді бағады,

алдыңа және аузыңа бәрін де тосады деп

ойлаймыз. Осындай билік адамды масаттандырады

емес пе? Сондықтан болар деп түйдік.

Көз алдыңызға қарамағында 4-5 маманы

бар мемлекеттік мекеменің басшысын, немесе

100-200 тұрғыны бар кішігірім ауылдың әкімін

елестетіп көріңізші. Кейбір басшылардың

кеудесі тым көтеріңкі. Елдің алдында қасын

көтеріп, екі көзін сығырайтатын әдет тауып

ала қояды. Сөйлегенде ыңыранып, сөздерді

тіс арасынан әрең сыздықтатады. Адами

қатынас ада қалады...

«Топырағына қарап дән өседі, тегіне қарап

жан өседі» деп халық бекер айтпаған. «Асыл -

асылына тартады, нәсіл – нәсіліне тартады»

деген сөз де тектіліктің тұқым қуалайтынын

аңғартса керек. Өмірдің әр салаларынан биік

тұғырға шықты деген жастардың кейбіреулерінен,

өкінішке қарай, сол тектіліктің жұрнағын да

таппайсың.

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз.

Бірақ, «бір құмалақ бір қарын майды шірітедінің»

кебі бұл. Билікке жастық жалын, жігер, заманауи

көзқарас қажет те шығар. Бірақ жас

буын басшылыққа бастық болу үшін ғана

«өсемін» деп емес, елге қызмет етемін деп

келсе игі еді.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!