22.08.2019 Views

22 тамыз, 2019 жыл №95 (15415)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

8 22 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл

АЛАҢ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БІЛІМ

Педагогикалық

марафон

«Білім және ғылым»

тамыз педагогикалық

кеңесі аясында Павлодар

қаласының білім беру

бөлімі 2019 жылғы

19-20 тамызда

XIV қалалық педагогикалық

марафон өткізді.

Педагогикалық марафон 3 диалог

алаңында ұйымдастырылды. Педагогтар

№25 мектепте, мектепке дейінгі

және мектептен тыс мекемелердің

қызметкерлері №16 және №41 мектептерде

бас қосты. Педагогикалық оқуларға

жалпы саны 3000-нан астам педагог

қатысты.

Тамыз педагогикалық оқуларының

бағдарламасы пленарлық отырыс

және бағыттар бойынша секциялар

жұмысын өткізуді қамтыды.

Конференцияның пленарлық бөліміне

Павлодар мемлекеттік педагогикалық

университетінің ғалымдары қатысты.

Сондай-ақ, Инновациялық Еуразия

университетінің, С.Торайғыров атындағы

Павлодар мемлекеттік университетінің

профессорлық-оқытушылар құрамы да

бұл шарадан тыс қалған жоқ.

Павлодар облысы бойынша «Өрлеу»

ҰБАО АҚ филиалы Павлодар облысы

бойынша педагогикалық қызметкерлердің

біліктілігін арттыру институты, облыстық

білім беруді дамытудың Инновациялық

орталығының әдіскерлері, мектеп

директорларының орынбасарлары,

қалалық әдістемелік бірлестіктердің

әдіскерлері мен жетекшілері, орта

мектептердің, балабақшалардың,

мектептен тыс білім беру мекемелерінің

директорлары, директорлардың орынбасарлары,

әдіскерлері, педагогтары

секциялардың модераторы болды.

№25 мектеп пен №16 лицеймектебінің

секцияларында қатысушылар

арасында өзекті диалог және жобаларды

қорғау шарасы өтті. Жаттықтырушылар

мен үздік педагогтар шеберлік сағатын

ұйымдастырды. Ал ағылшын тілі

мұғалімдерінің секциясына «DYN

Ed» жүйесін ұсынған «Интер Рес

Орта Азия» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігінің бас директоры Джеффри

Уитни қатысты.

Шара барысында мектеп директорлары

орынбасарларының білім

беру мазмұнын жаңарту бойынша

инновациялық жұмыс тәжірибесі мен

әдістемелік идеяларының жобалары,

қаланың шығармашылықпен жұмыс

істейтін педагогтарының атқарған

жұмыстары талқыланды. Сонымен қатар

ең үздік инновациялық педагогикалық

материалдар көрмесі көпшілік назарына

ұсынылды. Бұл еңбектердің

қатарында авторлық бағдарламалар,

электрондық оқу құралдары, кітаптар,

бақылау өлшеуіштері, тағы да басқа

көптеген танымдық дүниелер бар.

Педагогикалық марафонда оқу-тәрбие

үрдісін технологияландыру, жұмыс

тәжірибесі мен жаңалықтары, оқу

мазмұнын жаңарту, білім сапасын

басқару мәселелері бойынша

49 секцияда TEDx жаңа форматында

200-ден астам инновациялық

жоба ұсынылып, қорғалды. Облыстық

педагогикалық оқуларға сондай-ақ өңірлік

және республикалық «Педагогикалық

шеберлік-2020» конкурстарына ұсынылатын

164 үздік жоба білім бөлімінің грамоталарымен

марапатталды.

Әзірлеген -

А.ӘБДІЛҰЛЫ.

Бүгінгі күні ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге ниетті адам аз.

Бұл мәселе талай мәрте шаруалар мен жергілікті билік тарапынан

көтерілгенімен, әлі күнге дейін өзектілігін жоймай келеді. Бос жұмыс

орнын толтырудың тетіктері сол күйі табылмады. Заманауи техниканың

«тілін» білетін білікті мамандарды былай қойғанда мал бағушылар мен

сауыншылар жоқтың қасы. Ешкімнің қара жұмысты істегісі жоқ. Ал

шаруашылық иелері «олар үшін барлық жағдайды жасауға әзірміз,

тек төрт түлігімізді бағып, сиырымызды сауып берсе болғаны» деп

отыр. Себебі жұмыс күші болмаса, мал шаруашылығының да алға

баспасы анық. Қамбар ата мен Шопан атаның, Зеңгі бабаның асыл

түлігін қайтсек көбейтеміз? Бұл мәселені «Алаңның» талқысына салып

көрген едік.

Бақташы табу неге қиын?

Мойылжан ҚАНАЕВ,

ауыл шаруашылығы саласының ардагері:

- Бақташылардың болмауы – талай жылдан бері келе жатқан

күрмеулі мәселе. Төрт түлікті бағып көрмеген, мәселенің байыбына

бармаған адам оны оңай іс деп ойлайды. Әсте олай емес. Мысалы,

отар қойдың арасында ақсағы, аурушаңы, әлсізі және тағысын тағылар

болады. Олардың барлығын бақылауда ұстап, таңның атысынан

кештің батысына дейін, аптап ыстық пен ызғарлы күнде ашық аспан

астында жүру қиын. Оған қоса, жауапкершілік жүгі зор. Мұны кейбір

шаруалардың түсінбейтіні өкінішті. Қоластындағыларға «мен - басшы, сен –

жалшы» деп қарайтындардың бары жасырын емес. Бұл ретте айта

кетерлік тағы бір жайт – соңғы кезде қарапайым тұрғындардың да

өз мал кезектері келгенде бағуға шықпай, ауылдағы жұмыссыздарды

жалдайтыны белең алуда. Бұл туралы көп естіп те, көріп те жүрмін.

- Қазір қорамда бір отар қойым

бар. Ұсақ малдың санын көбейтіп, екі

отарға жеткізейін десем, бақташы жоқ.

Трактор, комбайн жүргізушілері сынды

мамандар табылғанымен, қойға ие

болар адамды іздеу - қиынның қиыны.

Біздің ауылдық округке қарасты елді

мекендерде тепсе темір үзетін жігіттер

жұмыссыз жүр. Бірақ олар еңбекпен нан

табудың орнына зейнеткер ата-анасының

«қамқорлығында» болуды жөн санайды.

Кейбіреулері «мен жалшы болмаймын»

деп кеуде кереді. Өкінішке қарай, олар

мал бағуды табыс табудың амалы ретінде

қарастырмайды. Бұл да күнкөрістің қамы

ғой. Енді бірі таңнан кешке дейін бел

жазбай жұмыс істегеннен гөрі атаулы

әлеуметтік көмек алуды құп көреді. Мен малшыларға ай сайын

70 мың теңге еңбекақы беруге әзірмін. Оған қоса, тамақ пен үй

Ардақ ҚАЖАТ,

«Жаңа қала» шаруа қожалығының басшысы,

Павлодар ауданы:

- Бүгінде мал бағатын, сиыр сауатын адамды табу қиын емес. Себебі

ол үшін кәсіби білім, мол тәжірибе, икем мен дағдының қажеті жоқ.

Мықты денсаулық пен төзімділік болса жеткілікті. Былайша айтқанда,

малшылардың аздығы дәл менің шаруашылығым үшін соншалықты үлкен

проблема емес. Бұл мәселені шешуге болады. Ал заманауи технология-ларды

меңгерген, түрлі жаңашылдыққа дайын жұмысшыларды

іздеу, олармен байланыс орнату айтарлықтай ауыртпалық салады.

Мәселен, бүгінде біздің шаруашылықта екі сауыншы сегіз адамның

жұмысын істеп, 300 сиырды сауады. Яғни, бұрынғыдай көп жұмыс

күші керек емес. Техникамен «тіл табысса» болғаны. Ал зоотехник, мал

дәрігері, инженер сынды мамандық иелері қажет-ақ. Осы мамандықтар

бойынша аграрлық-техникалық колледждерде студенттер оқып жатыр.

ЦИФРЛАНДЫРУ

Жүргізуші куәлігін алғысы келетіндер үшін медициналық тексерістен

өту реті жеңілдеді. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясының мәліметінше, жүргізуші құжатын алу үшін талап

етілетін 083 үлгісіндегі медициналық анықтамаға өзгерістер енгізілді.

Бұдан былай жүргізуші куәлігін рәсімдеу

кезінде медициналық комиссия құрамы

7 дәрігерден 4 маманға қысқарды. Яғни,

адамдарға терапевт, окулист, оторинголог,

психиатр-нарколог дәрігерлерінің тексерісінен

өту жеткілікті. Сондай-ақ қан, флюорография,

психоактивті заттарды қабылдау

бойынша зертханалық анализдерді тапсыру

қажет емес.

Медициналық тексеріс барысында терапевт

дәрігер қабылдауға келген адамның қандай

да аурулардың бар-жоғын «Диспансерлі

Тәртібі жеңілдеді

науқастардың электронды тізілімі»

ақпараттық жүйесі арқылы анықтай алады.

Ал психиатриялық немесе наркологиялық

диспансерлердің есебінде тұруы не тұрмауы

жөніндегі ақпаратты мәліметтер базасы

арқылы тексеретін болады. Қазіргі уақытта

жүргізуші куәлігін алу үшін медициналық

анықтама үш жағдайда талап етіледі. Яғни,

жүргізуші куәлігін бірінші рет рәсімдегенде,

куәліктің мерзімі өткен болса, құжатты

қайта рәсімдегендер тексерістен өтуге

міндетті.

Бір жағынан алып қарасаң,

бір күн қой баққаның үшін 2-3

мың теңге алу қол қусырып

отырғанға қарағанда жақсы. Екінші

жағынан, бақташыларды жалдау

еріншектіктің, жалқаулықтың белгісі

деп те ойлаймын. Бұрындары

үйдің үлкендері жұмыста болса,

оқушы болып жүрген біз жаяу не

атқа мініп бағып келетінбіз. Онда

тұрған ештеңе жоқ. Ал бүгінгі

күні үлкені де, жасы да мұны ар

санайды. Мал бағу ұятты іс деп

пайымдайды. Бұл дұрыс емес.

Қой өсіру, мал шаруашылығымен

айналысу – біздің ата кәсібіміз.

Сондықтан оған мұрын шүйіріп

қарауға болмайды.

Асылбек ҚОЖИН,

«Айша» шаруа қожалығының басшысы,

Баянауыл ауданы:

тегін. Балаларын аудан орталығындағы интернатқа апарып,

әкелуді де өз жауапкершілігімізге алдық. Осындай жағдайлар

жасалып жатқанымен, қандастарымыздың жұмыс істеуге

құлқы жоқ. Сондықтан шеттен жұмыс іздеп келген өзбек

ағайынның көмегіне жүгінуге тура келеді. Олар ауданымызда

түрлі нысанның құрылысымен айналысады. Кейін кейбір

шаруашылықтарда мал бағады. Бірақ құзырлы органдар

шеттен келгендердің көпшілігін қайтадан елдеріне жіберіп

жатыр. Содан тағы да бақташысыз қалдық. Бұлай жалғаса

берсе, ауылда мал шаруашылығының өркен жайып, дамуы

екіталай.

Олардың қатарында бізде ақылы

түрде тәжірибеден өтетіндері бар.

Бірақ қолына диплом алған соң

ауыл шаруашылығында еңбек етуді

қаламайды. Күзетші, даяшы, көлік

жүргізушісі сынды жұмыстарға

кетеді. Қазіргі күні қожалықта

жұмысшыларға арналған 6 жаңа

үй бос тұр. Оларда тұратын

маман жоқ. Жұмыс күшін көбірек

тарту үшін барлық әлеуметтік

жауапкершілікті уақытылы атқарумен

қатар, салықтық төлемдерді өз

мойнымызға алып, жалақыны

көтердік. Осындай жағдайлар

білікті мамандардың еш алаңсыз

еңбек етуне оң әсерін тигізеді

деп ойлаймын.

«Алаңды» үйлестірген – Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА.

Атап өтерлігі, Павлодар облысында

жыл басынан бері 16 мыңнан астам адам

жүргізуші куәлігін алған.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!