22.08.2019 Views

22 тамыз, 2019 жыл №95 (15415)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

18

ТАҒЗЫМ

22 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл МЕЗГІЛ

Мейірімге толы

жан еді

Бұл өмір тек мейірімді

адамдардың

жүрек лүпілінен

тұрса керек. Әйтпесе,

жалған дүниенің

қандай тұрлауы,

мән-мағынасы

бар? Өмірде Құдай

қосқан қосағыңмен

бірге ғұмыр кешіп,

бала-шағаны дүниеге

әкеліп, олардың

несібесін толтырып,

ер жеткізудің негізі

осы бір мейірім атты құдіреттен тұрса

керек. Осы бір тамаша қасиетті бойына

тереңінен сіңіріп, айналасына күн шуағы

секілді шашып өткен жанның бірі - Зура

(Мәрияш) Әубәкірова.

Адам дүниеге келгенде, маңдайына тағдырдың жазуы

басылады дейді. Зура Теміршотқызының да жалған дүниемен

қоштасып, арамыздан ұзағанына 1 жыл болып қалды. Жаны

жайсаң, жүрегі кең, ардақты ана, сүйікті жар, қамқор әженің

өмірден озуы ет-жақын туыстарын қамықтырып кетті. Әлі

де сену мүмкін емес, әттең, сондай мейірімге толы жүрегі

бар адамдар ұзақтау жүре тұрса ғой дейсің...

Зура Теміршотқызы тумысынан қайсар еді. Жанары

жарқылдап, ұшқын шашып тұратын. Әулеттің қамқоршысы,

ақылшысы болған абзал жан 1955 жылы 5 қаңтарда Павлодар

облысы Железин ауданы Тельман ауылында дүниеге келді.

Оның бойындағы адамгершілік, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор

болу секілді ізгі қасиеттер ата-анасынан дарыған. Себебі,

әкесі Теміршот қажы Нөкенұлы, анасы Жақсылық Оспанқызы

Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаздар, елге сыйлы жандар еді.

Осындай отбасында дүниеге келген Зура Теміршотқызы

кішкентай кезінен-ақ зерек, алғыр, еңбекқор, қамқор болып

өсті. Оқуда алда, үйде ата-анасына көмекші бола білді.

1973 жылы мектепті үздік тәмамдап, Павлодар қаласының

техникумына оқуға түседі. Сол кездегі XIX партсъезд,

Михайловский, Баймолдин совхоздарында есепші болып

қызмет етті. Кейін Павлодар қаласында жекеменшік ұйымда,

қалалық әкімшілікте бас есепші болып еңбек етті. Облыстық

ауыл шаруашылығы басқармасында қызмет ете келіп, осы

жерден зейнеткерлікке шықты.

Қай жерде жұмыс істесе де, ол өз ісіне адал еді.

Тиянақтылығымен, кәсіби шеберлігімен ерекшеленетін. Осы

еңбегі бағаланып, облыстық, қалалық дәрежедегі Құрмет

грамоталарымен, медальдармен марапатталды.

Зура Теміршотқызы мамандығы есепші болғанымен,

ақынжанды еді. Көпшіл еді, думанды ортаның сәні еді. Әнді

қандай тамаша айтатын!

Өзі отбасының үлкені ретінде бауырларына үнемі бәйек

болып жүретін. Мейіріміне бөлеп: «қан тартады ғой» деп

қалжың аралас-тыратын. Олардың киімі бүтін, тамағы тоқ

болуын ерекше қадағалайтын сондай кеңпейілді әпке болатын.

Досқа адал, ағайынға ерекше ардақты Зураның дүниеден

озуы бәрімізге ауыр тиді. Соңына дейін қайсарлық танытып,

ауыр дертпен күресіп бақты. Тағдырдың жазуы ғой. Орны

ойсырап қалғанын бүгінде жанымызбен сезінеміз. Артында

жұбайы Ерғалы, сұңқардай ұлы, ақмаралдай қызы, қарағайдай

бауырлары қалды. Олардың барлығы Зура Теміршотқызының

жарқын бейнесін жиі еске алып, айтқан ақылын орындап,

аманаттарына адал болатыны анық.

Өзім 45 жыл отасқан жұбайы ретінде осы бір шумақтарды

арнаймын:

Құдай қосқан қосағым,

Сынды ғой бүгін бұтағым.

Жаратушым бір Алла,

Бақида болар тұрағың.

Өмірде келген жар едің,

Ақылың сенің бар еді.

Әттең, шіркін, жоқсың сен,

Ұрпақтың алдында нар едің.

Өкінгенмен болмайды,

Сенің орның толмайды.

Артыңда бала-шаға барында,

Өмірің сенің солмайды.

Аяулы жар, асыл ана, адал туыс, ардақты әже Зура

(Мәрияш) Теміршотқызының асыл бейнесі, аялы алақаны,

мейірімге толы көзқарасы мәңгілік есімізде қалады.

Еске алушылар: Құдай қосқан қосағың -

Ерғалы, балаларың – Дәурен, Назгүл,

немерелерің – Аяулым, Әлфараби, Яссауи,

Дильназ, Назия.

Зура (Мәрияш) Теміршотқызы Әубәкірованың

қайтыс болғанына 1 жыл толуына байланысты

ас 31 тамыз күні сағат 12.00-де Мәшһүр Жүсіп

орталық мешітінің үлкен залында беріледі.

Темекі тұқылынан

тұтанды

Павлодар облысында темекі

т ұ қ ы л ы н а н т ұ т а н ғ а н ө р т к е з і н д е

15 адам сыртқа шығарылды. Оқыс

жағдайдан зардап шеккен адам

жансақтау бөліміне жатқызылды.

Оқыс оқиға апта басында Екібастұз

қаласында тіркелді. Екі бөлмелі үйден

шыққан жалын салдарынан көрші

орналасқан алты балкон жанған.

Облыстық төтенше жағдайлар

департаментінің мәліметінше,

құтқарушылар пәтерге кіру үшін темір

есікті бұзуға мәжбүр болған.

Қызыл жалын 18 шаршы метр

аумақты шарпыған. Өрт сөндірушілердің

сөзінше, үйге кіргенде мас күйде

болған пәтер иесі ес-түссіз жатқан.

Лапылдаған жалынға темекі тұқылы

себеп екені анықталды. 1954 жылғы

зардап шегушінің денесінің 36

п а й ы з ы н к ү й і к ш а л ғ а н . Қ ұ т қ а р у ш ы л а р

11 адам мен 4 баланы құтқарды.

Зардап шеккендерге материалдық

көмек көрсету мақсатында арнайы

комиссия құрылған.

Күйіктен

жапа шекті

Салғырттық салдарынан орын алған

оқиғалардың бірі Ақсу қаласында

да тіркелді. Электрплитада жанып

кеткен тамақтың иісінен уланған

9 адам сыртқа шығарылған. Оның

екеуі - бала. Өрт туралы хабарламаны

құтқарушылар түнгі сағат 01.00-де

қабылдап, оқиға орнына жеткен.

Бес қабатты үйдің екінші қабатына

балкон арқылы кіріп, қызыл жалынды

сөндірді. Өрттің электр плитасында

күйген тамақтың салдарынан пайда

болғаны анықталды. Оқиға орнында

№10 өрт сөндіру бөлімінен алты адам

жұмыс істеді.

ҚҰҚЫҚ-АҚПАРАТ

700-ге жуық азамат

жүгінді

Павлодар облысында «Жолда қабылдау»

акциясы жүргізілуде. Шараның алғашқы

күнінде тәртіп сақшыларының көмегіне

700-ге жуық адам жүгінген.

Аймағымыздың аудан-қалаларында арнайы жабдықталған

13 автобус қызмет көрсетті. Тұрғындардың көпшілігі

жол ережесіне, уақытша тіркеуге және куәлік алуға

қатысты сауалдарын қойды. Мәселен, акция аясында

Ертіс аудандық полиция бөлімшесіне Өзбекстаннан

келген азамат уақытша тіркеуге тұру мәселесі бойынша

хабарласқан.Көші-қон полиция қызметкерлерінің көмегімен

1984 жылғы азамат тіркеуге алынды.

Сонымен қатар, жол ережесін бұзған 30 жастағы

Ресей азаматы полицейлердің көмегімен онлайн режимде

айыппұл төледі. Бұдан бөлек, Павлодар ауданы Шақат

ауылының 1986 жылғы тұрғыны туу туралы куәлік пен

жеке бас куәлігі жоқтығын айтып, мамандардан көмек

сұраған. Қызметкерлер заң аясында оған құжат рәсімдеп

берді. Жалпы, алғашқы күні көлік құралын тіркеу бойынша

- 119, айыппұл мәселесі бойынша - 156, жол ережесін

сақтау бойынша - 78, көші-қон мәселесі бойынша

53 өтініш түскен. Барлық жағдай бойынша түсініктеме

беріліп, көмек көрсетілді. Бұл бағыттағы шара әлі де

жалғасын табады.

Ішімдік сатып...

Аймағымызда мас күйде жасалатын

қылмыс саны 32 пайызға азайған. Тәртіп

сақшылары аталмыш мәселемен күресуді

одан әрі жалғастыруда.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Абай болған артық емес

Павлодар облысында өрт оқиғалары жиілеп кетті. Өкініштісі, тіркелген тосын

жайттардың басым көпшілігі тұрғындардың салғырттығынан орын алуда. Ескертпелерге

құлақ аспағандардың дені өзгелердің өміріне қауіп төндіруде. Сөзіміз

дәлелді болу үшін, аймағымызда тіркелген соңғы өрт фактілеріне көз жүгіртейік.

Шөп жанды

Қазіргі уақытта шаруалар шөп шабу

науқанына қызу кіріскенін білеміз.

Сондықтан шабындық кезінде сақтық

шараларын берік ұстанған абзал.

Жуырда Павлодар қаласына қарасты

Мойылды ауылындағы шаруашылықтың

аумағында өрт тіркелді. Қызыл жалын

салдарынан 200 шаршы метр жердегі

құрғақ шөп пен 30 шаршы метрге жуық

аумақта үйілген алты тонна шөп жанып

кеткен. Тілсіз жауды ауыздықтауға

жеке құрамнан 9 адам мен екі техника

жұмылдырылды. Бұдан бөлек, Павлодар

қаласындағы жеке тұрғын үйдің 150

шаршы метр аумағында ағаш, көмір

сақтайтын орын, қора жанған.

Май аудандық төтенше жағдайлар

бөлімінің инженері С.Досымханов мал

азығын дайындаған кезде өрт қауіпсіздігін

барынша сақтауды ескертеді. Шаруа

қожалықтары шөпті жинау кезінде

сенімді техниканы пайдаланғаны жөн.

Жиналған шөптің аумағы қоқыстан тазартылып,

қоршалуы тиіс. Шөпті көлікпен

тасымалдау кезінде жинау биіктігі

4,5 метрден аспауы керек. Сөндірілмеген

ошақ, ыстық ауа райындағы

тасталған сіріңке немесе темекінің

қалдығы үлкен қайғыға әкелуі мүмкін.

Астық жинау техникасына,

тракторларға жанар-жағармайды құюда

белгіленген ережелерді бұзбаған жөн.

Себебі төгіліп қалған техника майы,

бензин, керосин және басқа да тез

тұтанатын және жанатын сұйықтар

үлкен қауіп-қатер әкелуі ықтимал.

Ағымдағы жылдың 7 айы ішінде

Павлодар облысында 623 өрт

тіркелген. Келтірілген материалдық

шығын көлемі 60 млн.707 мың теңгені

құрайды. Тілсіз жаудың салдарынан

20 адам бақилық болған. Өкінішке

қарай, оның екеуі – бала.

Жалпы, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары оқыс

жағдайлардың алдын алу мақсатында рейдтік шара

ұйымдастырып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын

жүргізіп келеді. Бірақ нәтиже шықпай отыр. Алда жылу

маусымы келе жатқанын ескерсек, бұл жағдайға алаңдамасқа

болмас. Біреудің салғырттығынан өзгелер жапа шекпесе

екен дейсіз...

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Бұл ретте құқық қорғау органдары алкогольдік өнімді

сатуда заң талаптарын бұзудың 165 фактісін анықтады.

Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен 12

кәсіпкер лицензиядан да айырылды. Фактілердің бірі

Ақсу қаласында тіркелді.

Полицейлер тексеру шарасы кезінде түнгі уақытта

ішімдік сатқан сатушыны анықтады. Жеке кәсіпкерге

қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Іс сотқа

жіберілген.

«Қашықтықтағы»

махаббат

Павлодар облысында айлакерлердің арбауына

түсіп жатқандар көп. Бір-бірімен

кездеспей жатып, бейтаныс жігітке

1 миллион теңге ақша жолдаған әйелге

не дейсіз?

Оқиға желісіне сүйенетін болсақ, әдеттегідей өзін

шетел азаматы деп таныстырған жігіт әлеуметтік желі

арқылы 57 жастағы Павлодар қаласының тұрғынымен

танысады. Күнде интернет арқылы жазысып, сеніміне

кіреді. Өзін АҚШ азаматы деп айтқан алаяқ Павлодар

қаласына келгісі келетінін жазып, жинаған жүгін жолдағанын

айтады. Ол үшін «сүйіктісінен» 2550 АҚШ доллары

көлемінде ақша салуын сұрайды. Бұған сеніп қалған

әйел банк арқылы 1 миллион теңге көлемінде несие

рәсімдеп, есеп-шот арқылы әлгі алаяққа жолдаған.

Осылайша, 3 айдың ішінде одан да қомақты ақша

сұрап, алдай берген. Кейін әлеуметтік желіден хабарсыз

кетеді. Сол кезде ғана 57 жастағы әйел алаяқтың

арбауына түскенін сезіп, полиция бөлімшесіне келген.

Аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары

жүргізілуде.

А.ҚУАНЫШЕВА.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!