22.08.2019 Views

22 тамыз, 2019 жыл №95 (15415)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 22 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл БІЛІМ

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ӨЗГЕРІС

Ректорларды

кім тағайындайды?

Қазақстан Республикасы Президентінің

Жарлығымен ұлттық

жоғары оқу орындары ректорларын

тағайындау тәртібі өзгерді.

Енді ректорлар конкурстық негізде

тағайындалады. Бұл туралы Білім

және ғылым министрі Асхат

Аймағамбетов өзінің әлеуметтік

желідегі парақшасында жазды.

«2008 жылдан бастап ұлттық жоғары оқу

орындарының ректорларын ҚР Президенті

тағайындалып келді. Бұл шешім сол кездегі ірі

жоғары оқу орындарына басқару және академиялық

дербестік беру қажеттілігінен туындаған болатын.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ жұмысының

мысалында ұлттық университеттердің жұмысына

Білім және ғылым министрлігі тікелей араласпауды

көздеді. Мұндай саясат өз нәтижесін берді.

Дегенмен, бәсекенің жоқтығы және «Президент

тағайындауы» мәртебесі оқу орнының дамуына

оң ықпалын тигізбейді.

Сонымен қатар, өткен жылы Академиялық

және басқару дербестігі туралы заңның қабылдануына

байланысты барлық жоғары оқу орындары

қосымша өкілеттіктер мен еркіндіккке

қол жеткізді», деп жазды министр.

Оның хабарлауынша, ректорларды конкурстық

негізде тағайындаудың бірқатар артықшылықтары

бар.

«Біріншіден, ашық конкурс. Бұл кезеңде ректор

лауазымы кандидатурасы талаптарына сәйкес

келетін кез келген адам конкурсқа қатысуға

өтініш бере алады.

Екіншіден, айқындылық. Барлық кандидаттар

тиісті ЖОО-ның Бақылау кеңесінде

әңгімелесуден өтеді.

Үшіншіден, бағдарламалар сайысы мен

бәсекелестік. Бұдан әрі, Білім және ғылым

министрінің төрағалығымен республикалық

комиссия үміткерлері ұсынып отырған «Жоғары

оқу орындарын дамыту бағдарламалары» жобаларын

қарастырады.

Төртіншіден, қоғам алдындағы жауапкершілік», -

деді Асхат Аймағамбетов

Білім және ғылым министрі конкурстардың

айқындылығы мен адалдығын қамтамасыз етуге

күш салатынын жеткізді.

Әзірлеген –

Мұрат ҚАПАНҰЛЫ.

Бұл жетістік -

маңдай тердің өтеуі

Басы 1-бетте

- Дінислам Болатханұлы, елордада

өткен дәстүрлі тамыз кеңесіне қатысып

келдіңіз. Жиыннан не түйдіңіз?

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт

Тоқаевтың қатысуымен өткен дәстүрлі

тамыз кеңесі өте жоғары деңгейде, форум

дәрежесінде ұйымдастырылды. Бұған

қарап, отандық білім, ғылым жүйесіне

ерекше назар аударылып жатқанын

аңғаруға болады. Жалпы, бұл шара

бұрынғыдан өзгеше болды. Саладағы

жетістіктер таразыланып, кемшіліктердің

орнын толтыру мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, инновациялық идея-ұсыныстар

айтылып, білімді де білікті мамандар

жоғары деңгейдегі мемлекеттік наградалармен

марапатталды. Солардың

қатарында бірінші болып облыстағы

беделді де белгілі ұстазымыз Анатолий

Билидаға «Құрмет» ордені тапсырылғанын

атап өткен жөн.

Тамыз кеңесінде Президентіміз ағылшын

тілін оқыту мәселесіне қатысты нақты

ұстанымын айтты. Мен де бұл оймен

келісемін. Шынымен де, балаларымыз

негізгі білімді ана сүтімен бірге бойына

тараған ана тілінде алуы тиіс. Содан кейін

ғана қабілет-қарымына қарай шет тілін

меңгеріп, сол тілде білім алғаны жөн.

Сонымен қатар, пәндерді шет тілінде

оқытатын мұғалімдердің де дайындығын,

деңгейін қарау керек. Әрине, әлемдегі

ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде

болғандықтан, біздің балаларымыз шет

тілін меңгеріп шыққаны жақсы-ақ. Бірақ,

нәтижелі білім алу үшін алдымен жағдайға

қарап, әр қадамды аңдап басқанымыз

абзал. Мемлекет басшысы кәсіптіктехникалық

білім беру ісіне де көңіл

бөлді. Бұл салада да қордаланып жатқан

мәселе баршылық.

Жалпы, аталмыш шара барысында

көп мәселе көтерілгендіктен, көңілге

түйгеніміз де мол. Бастысы, білім беру

саласында жүрген жандардың илегені -

бір терінің пұшпағы. Яғни, барлығымыздың

ойымыз бір, мақсатымыз ортақ. Ол –

жас буынға сапалы білім, саналы тәрбие

беру. Осы жолда талмай тер төгеміз

деген сенімдемін.

- Аталмыш жиында Мемлекет

басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім

сапасын көтеру үшін кешенді шаралар

қабылдау қажеттігін атап өтті. Сіздің

ойыңызша, отандық білім беру саласына

тың серпін беру үшін не істеу керек?

- Президентіміз атап өткендей,

білім саласының сапасын көтеру үшін

алдымен мұғалімдердің біліктілігіне,

оқулықтардың сапасына, заман талабына

сай инфрақұрылым мен материалдық

қорды дамытуға баса назар аударған жөн.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы алдағы

уақытта мұғалімдердің жалақысын екі

есеге дейін көтеру керектігін айтты.

Бұл жағымды жаңалық білім саласына

үлкен серпін береді деп ойлаймын.

Себебі, айлық еңбекақы дұрысталса,

мектепке сапалы да саналы мамандар

келеді. Ал білікті ұстаздары бар мектептің

мерейі әрдайым үстем болары анық.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»

демекші, жақсы ұстаздан тәлім алған

шәкірттің де ойы озық, білімі кемел

болары анық. Сол үшін қоғамдағы

мұғалім мәртебесін көтерудің маңызы зор.

БАС ТАҚЫРЫП

Бұл ретте, Президент бұдан былай

мұғалімдердің көлденең жұмысқа салынып,

«қолжаулыққа» айналуына тыйым салу

керектігін қадап айтты. Ондай болған

жағдайда жұмысқа тартқан шенеунік

әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Міне, осы бағыттағы нақты шараларды

ойдағыдай жүзеге асырсақ, мұғалімнің

қоғамдағы орнын ойып тұрып алуына

жағдай жасасақ, білім саласы жаңа

серпінге ие боларына еш күмәнім жоқ.

- Өткен оқу жылының қорытындысы

бойынша Павлодар облысының білім

жүйесі бірінші орынды иеленді. Бұл

жетістіктің сыры неде?

- Иә, 2018 жылдың қорытындысы

бойынша Павлодар облысы көш басынан

көрінді. Соның ішінде мектепке дейінгі

білім беру саласы бойынша 1-орын, орта

білім беру ісі бойынша тағы да 1-орын,

ал кәсіптік-техникалық білім жағынан

2-орын алдық. Павлодар облысының

осындай деңгейге жетуі алдымен

аймақ басшысының білім саласына

ерекше көңіл бөлгендігің белгісі деп

білемін. Сонымен қатар, бұл жетістік -

балабақшадағы қарапайым тәрбиешіден

бастап мектептегі мұғалімдер, аудандық,

қалалық білім бөлімдерінің мамандары

мен облыстық білім беру басқармасы

өкілдерінің өз ісіне деген өлшеусіз адал

еңбегінің нәтижесі, маңдай тердің өтеуі.

Сол үшін де облыстың білім беру саласында

еңбек етіп жүрген барша әріптесіме

шексіз алғысымды айтамын.

Қуантарлығы, біздің оқушыларымыз

республикалық, халықаралық пән олимпиадаларында

үлкен жетістіктерге қол

жеткізіп жүр. Мұндай балалардың үлесі

60 пайыздан асып кетті. Бұл - рекордтық

көрсеткіш. Соңғы жылдары республика

бойынша павлодарлық шәкірттер «Ең

үздік олимпиадалық команда» атануда.

Ендігі мақсат - осы биіктен түспеу.

- Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан –

Нұржайна ШОДЫР.

НАРЫҚ

Отандық сүт стандартқа сай ма?

Қазақстан Сүт одағының хабарлауынша, елімізде жыл сайын 5 млн.

тонна шикі сүт өндіріледі. Алайда қайта өңделетін сүттің 50%-ы

(700 мың тоннаға жуық) Кеден одағының техникалық регламентіне

сай емес. Сапасыз өнімнің дені қосалқы шаруашылықтарға тиесілі.

Жағдайды реттеу үшін одақ мүшелері

Қазақстанға 2020 жылға дейін уақыт берген

еді. Жылдың аяқталуына 5 ай қалғанын

ескерсек, отандық өндірушілерге сапа

мәселесін жақсартуды жылдамдатқан абзал.

Неге десеңіз, ішкі нарықты импорттаушылар

жаулап, отандық шаруалар табыс көзінен

айырылуы әбден мүмкін. Осыған байланысты

Қазақстан Сүт одағының бастамасымен

арнайы жол картасына қол қойылды.

Бұл қайта өңдеу кәсіпорындарына түсетін

шикі сүттің Кеден одағының техникалық

регламент талаптарына сай болуын

қамтамасыз етеді дейді ынталы топ. Аталған

құжатты Ауыл шаруашылығы министрлігінің

Ветеринарлық бақылау және қадағалау

комитеті, Денсаулық сақтау министрлігінің

Тауарлар мен қызметтердің сапасын және

қауіпсіздігін бақылау комитеті, сондай-ақ

«Сапа» тұтынушылардың құқықтарын қорғау

ұлттық қоғамы сынды мүдделі тараптар

құптады.

Бұл жол картасы – БҰҰ-ның Азықтүлік

және ауыл шаруашылығы ұйымының,

Еуропа Қайта құру және даму банкінің

және «Атамекен» ҰКП-мен бірлескен

сарапшылар жұмысының қорытындысы.

Осы құжат Қазақстандағы шикі сүт

нарығын зерттеуге және барлық мүдделі

тараптардың, оның ішінде фермерлер, қайта

өңдеу кәсіпорындары және мемлекеттік

органдарға дейін іс-қимылды үйлестіруге

септігін тигізеді деп сендірді аграрлық

сектордың өкілдері.

– Техникалық регламенттегі 21-ші

және 33-ші талаптарды ескеріп, өңдеуші

кәсіпорындарда қабылданып жатқан шикі

сүттің сапасын арттырып қана қоймай,

оның бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату

үшін белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сондықтан жол картасын әзірлеу туралы

бастаманы көтердік. Бұл отандық өнімнің

ортақ талапқа сәйкес болуын қамтамасыз

етеді. Оны әзірлеуде БҰҰ-ның Азық-түлік

және ауыл шаруашылығы ұйымы және

Еуропа Қайта құру және даму банкі

қолдау көрсетті. Жол картасы барлық

мүдделі тараптарға бағытталған, –

дейді Қазақстан Сүт одағының атқарушы

директоры Владимир Кожевников.

БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы

ұйымы бағдарламасының үйлестірушісі

Инна Пунда тағам құрамындағы зиянды

компоненттердің кесірінен жыл сайын әлемде

700 мыңға жуық адам көз жұматынын

айтады. Сол себепті ол сүтін саудалап,

жан баққандарға қарапайым санитарлық

нормаларды сақтауға кеңес берді.

– Ереже барлығына ортақ. Әуелі

фермерлер шаруашылықтарында тазалық

әдебін ұстанса игі. Өйткені сауынды сиырларда

ауру тудырғыш зиянды ағзалар

жиі кездесіп жатады. Бұған қоса тағам

өнімдерінен зиянды антибиотиктердің

табылуы да күрделі мәселе. БҰҰ Дүниежүзілік

денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп, осы

антибиотиктермен күресті белсенді жүргізіп

келеді. Себебі жыл сайын оның салдарынан

болатын кісі өлімі азаймай тұр.

Сондықтан бұл мәселе сапа тұрғысынан

бөлек, адамның денсаулығына қатысты

маңызды мәселе. Осыны ұмытпағанымыз

жөн, – деді И.Пунда.

Қазақстан Сүт одағының тағы бір өкілі

Сәуле Жанкина жаңа құжаттың мазмұнында

сауын малдарға қатысты талаптан бастап,

зертханалық сараптаманың жолға қойылуы,

сүтті өндірушілер мен өңдеушілерді

мемлекеттік орган өкілдерін тарту арқылы

оқыту курсына дейін қарастырылғанын атап

өтті. Баршаға ортақ техникалық регламент

жаңа жылдан бастап өз күшіне енеді.

Осы салада импортқа тәуелділік те

байқалуда. Мәселен, «Сапа» тұтынушылардың

құқықтарын қорғау Ұлттық қоғамның төрағасы

Әліақпар Мәтішев елімізде құрғақ сүт

өндірісі кенжелеп қалғанын айтты.

Egemen.kz

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!