29.08.2019 Views

29 тамыз, 2019 жыл №98 (15418)

You also want an ePaper? Increase the reach of your titles

YUMPU automatically turns print PDFs into web optimized ePapers that Google loves.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

АЙНА 29 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 3

КӘСІПКЕРЛІК

Жүк тиеушілер де жоқ

Облыс орталығында шыны өңдеп, одан сан түрлі өнім шығаратын «Стекломир» компаниясы

биыл күзде кәсіп аясын кеңейтуді көздеп отыр. Ол үшін әлемнің алдыңғы қатарлы өндіріс

орындарынан заманауи құралдарды сатып алып, жаңа өндірістік ғимаратқа орнатты. Алайда

аталмыш салада еңбек етуге ниетті тұрғындар аз. Тіпті, жұмыспен қамту орталығы да мәселені

шеше алмапты.

Құндыз ҚАБЫЛДЕНОВА

«Стекломир» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі – елімізде шыны өңдейтін

ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорынның

9 қалада филиалы бар, оның төртеуі –

өндірістік аймақ. Өткен жылы Қазақстан

сырттан сатып алған 5,5 млн. литр сұйық

шынының 3 млн. литрін дәл осы кәсіпорын

өңдепті. Мұнда күніне 3500 шыны пакеті

шығарылады. «Стекломирдің» өнімдері

Павлодар қаласындағы облыстық кітапхана,

«Ертіс» қонақ үй кешені, «Крендель» сынды

сәулеті келіскен әсем ғимараттар құрылысында

қолданылды. Оған қоса, Ресей, Қырғызстан,

Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне экспортталады.

Биыл кәсіпорын қуаттылығын арттырып,

облыс орталығында тағы бір өндірістік

ғимаратты іске қоспақ. Оны Италия, Германия

және Қытайдың үздік деп саналатын

кәсіпорындарында шығарылған құралдармен

жабдықтап қойды. Осы күзде олар іске кіріскен

соң қуаттылық тәулігіне 1 мың данаға артып,

4500 шыны пакеті шығарылатын болады.

Заманауи технологияларды сатып алуға

1 млрд. 700 млн. теңге несие алып, өзінің

800 млн. теңгесін жұмсапты. Жаңа жабдықтар

жұмысының дені автоматтандырылған.

Робот-құралдар шыныларды өздері алып,

үстелге қойып, кесіп, тиісті жерге жеткізеді.

Десе де, зауытта еңбек ететін жұмыс күші

керек-ақ. Серіктестік директорының орынбасары

Глеб Кущенконың айтуынша, сәуір

айынан бастап басқа түгілі жүк тиеушілерді

таппай әлек.

- Бүгінгі күні 20 жұмыс

орны бос тұр. Бұл -

барлық қызметкердің

10 пайызы. Шыны

кесетін, бояйтын,

жинайтын, балқытатын

жұмысшыларды табу -

қиынның қиыны. Тіпті,

жүк тиеушілер жоқ.

Ал олардың айлығы –

150 мың теңге. Меніңше,

бұл жүк таситын адамдар

үшін жаман жалақы

емес. Жұмыспен қамту

орталығына өтініштер

беріп едік, бірақ одан да

қайыр болмады. Мұның

барлығы жаңа өндірістік

алаңның толыққанды

жұмыс істеуіне қолбайлау болатын түрі

бар, - дейді Г.Кущенко.

Зауыттың жұмыс барысымен танысқан

аймақ басшысы Болат Бақауов облыс

аумағындағы құрылыстар барысында

павлодарлық шыны өнімдерінің үлесін

арттыру қажеттігін айтты. Кеңсе жиһаздарын

дайындайтын «Троя» жауапкершілігі шектеулі

серіктестігіне барған кезде де жергілікті

кәсіпорындардың өнімін өз өңірімізде

пайдалануға баса мән беруді тапсырды.

- Мектептердегі бір химия немесе физика

Екібастұздың әкімі ауысты

Ержан Иманзайыпов Екібастұз қаласының әкімі лауазымына

тағайындалды. Кеше облыс әкімі Болат Бақауов қала активіне

жаңа басшыны таныстырды.

Ержан Иманзайыповты таныстыру кезінде

аймақ басшысы оның кандидатурасы

Қазақстан Республикасы Президентінің

Әкімшілігімен және қалалық мәслихат

депутаттарымен келісілгенін айтты.

- Екібастұзда индустриялық аймақ ашу

мәселесін бақылауға алу қажет. Жаңа

аймақты салуға қажет электр желісі мен

станцияның құрылысы туралы шешім қабылданып

үлгерді. Мемлекеттік-жекеменшік

әріптестік механизмдері арқылы инвестициялар

тартуға баса назар аудару керек.

Соңғы үш жылда Екібастұздың дамуына

бюджеттен қомақты қаражат бөлінді. 2017

жылы бұл сома 4,7 млрд. теңгені құраса,

2018 жылы 9,9 млрд. теңге, 2019 жылы

13 млрд. теңге бөлінді. Екібастұзға бұрынсоңды

мұндай қомақты қаржы бөлінбеген

еді. Сондықтан да инвестициялар көлемі

де арта түсуі тиіс, - деді Б.Бақауов.

Ержан Иманзайыпов 1984 жылы дүниеге

келген. Екі жоғары білімі бар. 2006 жылы

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік

университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы»

мамандығы бойынша, 2010

жылы Алматы экономика және статистика

академиясын «Қаржы» мамандығы

бойынша аяқтады. Еңбек жолын 2006 жылы

Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық

шаруашылығы, жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы

болып бастады.

2006 жылдан 2007 жылға дейін ҚР

Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс

және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

істері жөніндегі комитеттің жетекші маманы,

2007-2011 жылдары ҚР Табиғи монополияларды

реттеу агенттігінің жетекші маманы,

сарапшысы қызметтерін атқарды.

2011 жылдан 2013 жылға дейін Ақмола

облысы бойынша Табиғи монополияларды

реттеу департаменті директорының орынбасары,

2013 жылдан 2014 жылға дейін ҚР

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің

ТАҒАЙЫНДАУ

Суреттерді түсірген - Валерий Бугаев.

кабинетін жабдықтауға мемлекеттік қазынадан

7 млн. теңге жұмсалады. Интерактивті

тақтаның сырттан келетіні түсінікті. Ал

парталар мен шкафтарды сіздер дайындап

көріп, бағасын айтыңыздар. Егер тиімді

әрі сапалы болса, павлодарлық өнімдерді

қолданудың жолдарын қарастырайық, -

деді Б.Бақауов.

2011 жылы құрылған бұл кәсіпорын жылына

80 мың дана корпустық, зертханалық жиһаз

шығарады. Әзірге өнімдері Қазақстандағы

ірі компаниялар мен өндіріс орындарында

қолданылуда. Алдағы уақытта өзге

елдердің нарығына шығу жоспары бар.

Серіктестіктің коммерциялық директоры

Серік Әбдірахмановтың айтуынша, бүгінде

60-70 адам жұмыс істейді. Олардың орташа

жалақысы – 80 мың теңге.

Екі кәсіпорын да мемлекеттік бағдарламалар

көмегімен жаңа құралдар сатып

алып, ғимараттарды кеңейтуде. «Даму»

кәсіпкерлікті дамыту қоры да жан-жақты

қолдау көрсететін көрінеді. Ал келесі жылы

«Стекломир» мен «Троя» «Қарапайым заттар

экономикасы» бойынша жеңілдетілген несие

алып, қуаттылықты одан әрі арттырмақ. Бұл

ретте аймақ басшысы Б.Бақауов жауапты

мекеме өкілдеріне жергілікті кәсіпорындардың

көмектен кенде қалмауын қадағалауды

тапсырды.

Суретті түсірген - Валерий Бугаев.

басқарма басшысы, директордың орынбасары

болып жұмыс істеді.

2014 жылдан 2016 жылға дейін Павлодар

қаласы әкімінің орынбасары, 2016 жылдан

2017 жылға дейін Екібастұз қаласы әкімінің

орынбасары болды. 2017 жылғы қараша

айынан бастап Павлодар облысы энергетика

және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық

басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Павлодар облысы әкімінің

баспасөз қызметі.

Құрметті

Ертістің Павлодар

өңірі тұрғындары!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан

Республикасының Конституциясы күнімен

құттықтаймыз.

Конституция мемлекеттік билік пен

қоғамның қалыптасуы және нығаюы -

ның қарқынды үрдісінің негізі, еліміздің

экономикалық, әлеуметтік және мәдени

дамуының қажетті алғышарты болып

отыр.

Бүгінде облысымыз негізінде нәтижелі

әлеуметтік-экономикалық түрленудің

көрінісіне куәміз. Индустриялық-инновациялық

жобалар жүзеге асуда, әлеуметтік-мәдени

салаға айрықша көңіл бөлінуде.

Конституция - әрбіріміз үшін

құқықтарымыз бен бақытымыздың,

Қазақстанның әрбір азаматы жетістіктерінің

кепілі.

Осы мерекеге орай шын жүректен

баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға

береке-бірлік, ырыс пен ынтымақ тілейміз.

Отанымыз әрі ортақ үйіміз –

Қазақстан Республикасы жылдан -

жылға көркейіп, басты құндылықтарымыз

– Тәуелсіздік, Келісім мен Бірлігіміз

нығая берсін.

Облыстық мәслихат депутаттары.

Ендігі жыл -

еріктілердікі!

Мемлекет басшысының

Жарлығымен келер жыл

«Волонтер жылы» деп

жарияланды. Бұл туралы

ҚР Президентінің ресми

сайтында хабарланды.

«Волонтерлікті дамыту мақсатында

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. 2020 жыл Волонтер

жылы деп жариялансын. 2. Қазақстан

Республикасының Үкіметі Волонтер

жылын өткізу бойынша қажетті шаралар

қабылдасын. 3. Осы Жарлықтың орындалуын

бақылау Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен

бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген

аталған хабарламада.

Дінислам БОЛАТХАНҰЛЫ,

облыстық білім беру басқармасының

басшысы:

- Ел Президенті 2020 жылды

еріктілер жылы деп жариялады.

Біз осы бастаманы қолдаймыз және

барлық жерде белсенді өмір позициясын

көрсетуге, еріктілік қызметке

қосылуға шақырамыз. Бұрын ұмытылған

қозғалыстарды жаңғырту білім беру

ұйымдарындағы тәрбие жұмысының

бір бағыты болуы тиіс. Балалар үйлері,

қарт адамдарға қамқорлық жасау,

экологиялық, әлеуметтік акциялар

және басқа да іс-шараларға біздің

балалардың қатысуы олардың бойында

адами қасиеттерді қалыптастыратын

болады. Осы мақсатта Павлодардағы

жоғары педагогикалық колледждің

базасында штаб құрылады, ол Ертіс

өңірінің барлық колледждері мен жоғары

сынып оқушыларын бірыңғай еріктілік

қозғалысқа біріктіретін болады.

Н.АҚЫТЕГІ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!