29.08.2019 Views

29 тамыз, 2019 жыл №98 (15418)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

ТАРИХ 29 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 7

СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕС КҮНІ

полигон

Ақ ту көтерген

«Невада-Семей»

Әлемдегі 2 алпауыт әскери

держава – АҚШ пен КСРО арасындағы

қырғи-қабақтың салдарынан

туындаған ядролық сынақтар жалғаса

берер ме еді, кім білсін. Халқымыз

арада 40 жыл өткенде сынақ алаңын

жаппаса, араны одан әрі ашылып, ұлтты

жаппай қырып-жойып бара жатқанына

қатты алаңдады.

1989 жылдың ақпанның 12-18

күндері аралығында әскерилер ешкімге

ескертпей, Семей полигонында кезекті

сынақты өткізді. Сынақ кезінде жердің

жарығынан оқшау (инертті) газдар

ауаға бөлініп шыққан екен. Улы газ

алдымен Курчатов қаласының маңындағы

Шаған қаласын басып, артынан жел

тұрып, газды Алтай өңіріне айдап

әкетеді. Бұл жайтты естіген сол кездегі

Қазақ КСР Коммунистік партиясының

Семей облыстық комитетінің бірінші

хатшысы Кешірім Бозтаев КСРО

Орталық комитетіне сынақты тоқтатып,

сол жердің халқына көмек көрсетуді

талап еткен мазмұнда шифрограмма

жібереді. Бұл атом қаруының сыналуына

қарсы ашық түрде жасалған

шаралардың бірі болатын.

Бұл даңқты ақынымыз, қоғам

қайраткері Олжас Сүлейменовтің

КСРО Жоғары Кеңесіне депутаттыққа

кандидат ретінде түсіп жатқан уақыт еді.

О.Сүлейменов қазақ қасіретін Мәскеуге

жеткізуге бел буады. Орталық телеарнада

сайлауалды бағдарламасымен

шығуға тиіс О.Сүлейменов эфирде

кенеттен бірнеше күн бұрын болған

Семейдегі апаттық жағдай туралы

мәлімдеме жасайды. Радиоактивтік

заттардың ауаға бөлініп шыққанын,

атом сынақтары үлкен қауіп туғызып

отырғанын айтып, ядролық полиондар

жабылуға тиіс, деп ұран көтереді.

Бұл 1989 жылдың 28 ақпаны

болатын. Олжас Омарұлының сөзін

жұртшылық сілтідей тынып тыңдады.

Ақын алапатты тоқтатуға әлемдегі

антиядролық топтар өкілдерін, Біріккен

Ұлттар ұйымы, ЮНЕСКО, Бүкіләлемдік

Денсаулық сақтау ұйымы, МАГАТЭ

тәрізді халықаралық ұйымдарды үндеді.

Қойылған талаптар қатарында ядролық

материалдар өндіретін кәсіпорындардың

әрекетін тоқтату, олардың жұмысын

табиғатқа және адамзатқа келтірілген

залалдарды жоюға бейімдеу, атом

өнеркәсібі қалдықтарын көму, оған

қоғамдық бақылау жасау, экологиялық

карта әзірлеу, жарамсыз жерлерді

халық шаруашылығы қолданысынан

шығару болды. Сондай-ақ, нақты жапа

шегушілер санын айту міндеттелді.

Осылайша, «Невада-Семей» атты

жаңа қозғалыс өмірге келді. Митинг

өткеннен кейінгі алғашқы күндерде-ақ

Семей полигонын шұғыл жабу туралы

Үндеудің астына 2 миллионнан астам

қазақстандық азамат қол қойды. Кеңес

өкіметі көлемінде Қазақстанда алғашқы

антиядролық қоғамдық қозғалыстың

құрылғаны туралы шетелдік баспасөз

мәліметтер таратып жатты.

Антиядролық қозғалысқа қатысушы

Қарағандының 130 мың шахтері

егер ядролық сынақ тоқтамаған

жағдайда мерзімі шектеусіз ереуілге

шығатындарын мәлімдеген болатын.

Оларды Семей, Павлодар, Өскемен,

Жезқазған жұмысшылары қолдады.

Павлодар өңірінде қозғалысқа

үндеу қосуға бүгінде белгілі ақын,

қоғам қайраткері, ол кезде Трактор

заводының жұмысшысы Арман Қани

белсене араласты. Ел басындағы

қасіретті сейілтуге қатысқан күндерді

күрескер ақын былай деп еске алады:

Өкінішке қарай, Павлодарда

жұртшылықтың басым көпшілігі ақпарат

тапшылығы салдарынан бейбітшіл

Алматы мәлімдемесінен хабарсыз

қалды... Павлодар облысында Олжас

Сүлейменовтің мәлімдемесі жайында

ақпарат тарату және «Невада» қозғалысын

қолдаушылардың қолын жинау мәселесі

өздігінен туындады. Бұл орайдағы

іс-шараларды жүзеге асыруға Ертістің

Кереку өңірі жұртшылығына белгілі ақын,

осы жолдардың авторы бел буды. Сол

күндері Павлодар қаласының Орталық

алаңына таяу орналасқан «ЦУМ» әмбебап

дүкенінің алдында қолыма плакат ұстап

тұрған маған мыңдаған бейбітсүйгіш

адамдар ризашылық сезімін білдірді,

мүсіркей қарағандар да, мысқылдап

келеке қылғандар да бой көрсетті!

Олжас Сүлейменов пен қазақстандық

шығармашыл зиялылар, Қазақстан

әдебиетіндегі танымал тұлғалардың бейбіт

бастамасына және Семей полигонының

зардабына жергілікті шығармашылық

адамдары бейжай қараған жоқ! Полигонды

жабу және қозғалысты қолдау

туралы талапхатқа облыстық партия

комитетінің органы болып табылатын

«Сарыарқа самалы» мен «Звезда Прииртышья»

газеттері, облыстық телевизия

мен радио журналистерінің басым

көпшілігі бірден қол қойды! Қозғалыстың

Павлодар облысында қанат жаюына

жер-жердегі шығармашылық адамдары:

Ғабит Сапаров, Қайыр Жүнісқалиев

(енді марқұм), Серік Мұхтаров,

Қанат Шайғазин, Өмірбек Құшманов

(енді марқұм), Ризолла Бұланбаев

(Май ауданы), Жұмағали Қоғабаев

(Екібастұз қаласы), Сүлеймен Баязитов

(Баянауыл ауданы) іс-әрекетімен де,

шығармаларымен де зор үлес қосты.

Солардан үлгі алған он мыңдаған соғыс

және еңбек ардагерлері, түрлі салада

еңбек етушілер, студенттер, тіпті

оқушылар да бейбітшіл істі қолдауға

жұмыла кірісті!

Павлодар қаласы Ильич аудандық

партия комитетінің хатшысы

З.Н.Кожанованың қозғалыстың облыстық

құрылымын жергілікті билікке толық

тәуелді әрі жасанды түрде құру

пиғылын аңғарғандықтан, аталған

сайлау қарсаңында нағыз белсенділерді

жаныма топтастырдым. Соның

нәтижесінде, қоғамдық жауапты

қызметке бізбен қарым-қатынасы

тығыз, Павлодар пединститутының

«Ғылыми коммунизм» пәнінен дәріс

оқитын оқытушысы Амантай Қалиевтің

өтуін сәтті ұйымдастырдым...

Май ауданы Чапаев кеңшары (қазіргі

Саты ауылы) партия ұйымының хатшысы

Мереке Әбілқасымов Қызылқұрама

кеңшары (қазіргі Баскөл ауылы)

партия ұйымының хатшысы Қабиден

Байғожин және өзгелер де бірнеше

бейбіт акциялардың ұйымдастырылуына

белсене атсалысты.

Алматы, Семей, Қарағанды тәрізді

қалалар мен облыстардағыдан біршама

уақыт кешірек қолға алынған және

негізінен Май ауданында өткізілген

антиядролық митингілер өзіндік сипаттарымен

ерекшеленді. Айталық, аудан

орталығы Белогорьеде (қазіргі Көктөбе)

өткізілген митингінде бейбіт талаптармен

бірге «Невада-Семей» қозғалысын

қолдаушылардың бірі, «Қазақ тілі» қоғамы

облыстық ұйымының сол кездегі төрағасы

Жеңіс Мардановтың және осы жолдар

авторының ұсынысымен Қазақстан

компартиясы Павлодар облыстық

комитетінің І хатшысы Ю.А.Мещеряковқа

және облыстық атқару комитетінің

төрағасы Ж.Ғ.Ысқақовқа сенімсіздік

білдіру жөнінде қарар қабылданды.

Өкінішке қарай, облыс басшылығына

қатысты шешімді қозғалыстың облыстық

бөлімшесінің сол кездегі төрағасы оқымай

кетті. Дегенмен, көп ұзамай тележурналист

ретінде облыстық телевизиядан

полигон туралы «Зардап» атты хабар

дайындағанымда әлгі сенімсіздік туралы

шешімді жұртшылыққа мен жария еттім» -

дейді А.Қани.

Тұтас республиканы шарпыған

«Семей-Невада» қозғалысының алғашқы

күндерде қол жеткізген табысы 1989

жылы жоспарланып тұрған 18 ядролық

сынақтың 11-ін тоқтатуы болды.

Жарылыстың соңғысы 19 қазан күні

өткізілді.

1989 жылы 20 қараша күні КСРО

Жоғарғы Кеңесі Семей және Новоземельск

полигондарында ядролық

жарылыстарды тоқтату туралы қаулы

қабылдады. Семей ядролық полигоны

толықтай 1991 жылы 29 тамыз

күні Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың

№409 Жарлығымен жабылды.

Сөйтіп, тиянақтылық пен табандылық

танытқан қазақ халқы өз мақсатына

жетті. Қазақстанның көптеген қалалары

мен аймақтарында, сондай-ақ Ресей,

АҚШ, Италия, Жапония, Түркия, т.б.

елдерде «Невада-Семей» қозғалысының

бөлімшелері құрылған. Қозғалыстың

белсенді қызметінің арқасында БҰҰ

БА-ның 53-сессиясы «Қазақстандағы

Семей өңірі адамдары денсаулығы мен

экологиясын сауықтыру және экономикасын

дамыту мақсатындағы халықаралық

ынтымақтастық пен іс-қимылды үйлестіру»

қарарын қабылдады.

Бүгінде Президент Нұрсұлтан

Назарбаевтың бастамасымен 29 тамыз

Халықаралық ядролық сынаққа қарсы

күн болып белгіленді. Еліміз бейбітсүйгіш

саясатымен әлемдік қоғамдастықта

өзіндік орнын алған елдердің санатында

танылып келеді. Сонымен қатар

Елбасының бастамасымен ядролық

қарусыз әлем құруға бағытталған

«АТОМ» жобасы жүзеге асырылуда.

Тұтас қазақ халқының жер бетінен жоғалып кету қаупін

туындатқан ХХ ғасырдағы зауалдың беті қайтарылды.

Десе де, бұл - халқымыз үшін тарихи сабақ. Әлі де

қасіреттің салдарын оңалту үшін үкімет деңгейінде

көптеген іс-шаралар жүргізілуі керек. Бастысы, халық

орнында. Ал орнында бар ұлт әлбетте оңалар деп

сенеміз.

ОЙ-ТАМЫЗЫҚ

Нұржайна

ШОДЫР

«Өзіміздікі»

өтпей ме?

Білім күні жақындаған сайын

дүкендер мен базарлардың

сөресі мектепке қажетті заттарға

лық толатыны - шындық.

Таңдау көп, тек ақшаң болса,

болғаны. Өкініштісі, осылардың

ішінде «өзімізде» өндірілетін

тауарлардың үлесі өте аз.

Оқуға баратын баланың басты қажеттілігі мектеп

формасы екені анық. Қазіргі таңда бұрынғыдағыдай

әркім «тапқанын» киіп жүре бермейді. Бұл -

заңсыздық. Себебі, осыдан үш-төрт жыл бұрын

елдегі жалпы білім беру мекемелеріне бірыңғай

мектеп формасы енгізілген. Сол талап бойынша

әр білім ордасының әкімшілігі ата-аналармен

келісе отырып, оқушылар үшін бірыңғай мектеп

формасының үлгісін таңдаған еді. Нәтижесінде,

бұған дейін облыстағы мектеп оқушылары қара,

қара көк, сондай-ақ, сұр және күрең тор көзді

матадан тігілген форма киіп келді. Ал биылғы

оқу жылынан бастап аймақтағы барлық мектеп

оқушылары жаппай қара көк түсті форма киюге

көшті. Бұл жөнінде облыстың бас ұстазы Дінислам

Болатханұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі

парақшасында пост жариялады. Онда: «Биыл ҚР

Білім және ғылым министрлігінің ұсынысына сәйкес,

мектеп формасы бойынша бір ғана талап қойып

отырмыз, ол - мектеп формасы көк түсті болу

керек! Ал, қалған мәселені ата-ана өзі шешеді.

Осылайша біздер осы мәселедегі алып қашпа

әңгімелерді тоқтатқымыз келеді. Егер форманы

алдын ала сатып алып қойсаңыздар, оны киюге

толық құқықтарыңыз бар, ауыстыруға міндетті

емессіздер! Бір ғана өтініш, павлодарлық тігіншілерді

қолдап, солардың өнімдерін алсаңыздар, ұлттық

экономиканың дамуына мол үлес қосар едіңіздер», -

деген еді. Басқарма басшысының бұл сөзі естір

құлаққа жетті. Яғни, облысымызда жергілікті

тігіншілер тіккен мектеп формасына сұраныс бар.

Іздеп жүргендерді де кездестірдік. Бірақ, бүгінгі

күні павлодарлық тігіншілердің қолынан шыққан

мектеп формасын табу өте қиын. Тіпті, жоқ деп

айтуға да болады. Оған өзіміз де көз жеткіздік.

Өткен демалыс күндері облыс орталығындағы

мектеп формасы сатылады деген бірнеше дүкен

мен базарларды аралап шықтық. Аталған сауда

орындарында Түркия, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан

елдерінен әкелінген мектеп формаларынан көз

сүрінеді. Сапасы мен үлгісіне сай бағасы да

құбылып тұр. Өкінішке қарай, осылардың арасынан

өз өңірімізде тігілген киімді кездестіре алмадық.

Сонымен қатар, облысымызда оқу жылының

басталуына арналған түрлі жәрмеңкелер мен

қайырымдылық акциялары да ұйымдастырылуда.

Ол жақтан да «өзіміздің» өнімдерді іздедік. Жоқ.

Бұған қарап, көкейімізде «өзіміздікі» өтпей ме?»

деген сұрақ туындады.

Сөйтсек, жергілікті тігін цехтары мен ательелердің

көпшілігі мектеп формасын тек тапсырыс арқылы

ғана тігеді екен. Яғни, дайын өнімдері жоқтың

қасы. Ал ата-аналардың баласын ертіп ательелерді

аралап, тапсырыс беріп, одан кейін бірнеше рет

өлшенуге келіп жүргісі келмейтіні анық. Себебі,

қаладағы жұмысбасты ата-аналар үшін де, арлы-берлі

сабылып жүруді қалтасы көтермейтін ауылдықтар

үшін де дүкен сөрелеріндегі дайын форманы киіп

көріп, сатып ала салған әлдеқайда тиімді екені

сөзсіз. Сондықтан жергілікті тігіншілерге қолдау

көрсету үшін, яғни, отандық өнімге деген сұранысты

арттыру үшін арнайы жоба мен нәтижелі жоспар

қажет сияқты.

Қазіргі таңда облыс көлемінде 100 мыңнан

астам оқушы білім алады. Кем дегенде олардың

жартысы мектеп формасын сатып алды дейік. Ал

бір балаға арналған мектеп формасының орташа

бағасы шамамен 10 мың теңге (екі киім) тұрады.

Сонда ойлап қараңыз, тек биылғы оқу жылында

мектеп формасына жұмсалған миллиондаған қаражат

өзге елдердің қазанына құйылып жатыр. Осыншама

қыруар қаржыны неге өз кәсіпкерлерімізге беріп,

солардың ісін алға бастыруға үлес қоспасқа? Сіз

қандай ой айтасыз, құрметті оқырман?

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!