29.08.2019 Views

29 тамыз, 2019 жыл №98 (15418)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

САРЫАРҚА САМАЛЫ

БАҒДАР 29 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл 5

ізгіліктің бастауы!

NURLY ERTIS

Ербол мен Кәмшат бүгінде ұл-қызының өзінің кең үйінде емін-еркін ойнап жүргеніне

сүйсінеді. Міне, осы бақытты сәт үшін Елордадан Екібастұзға қоныс аударған. Өйткені,

олар балаларының өзгенің босағасына қарамай, өз шаңырағында өсіп-өнгенін қалады.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Осылайша, бұл отбасының талай жылғы

арманы «Nurly Ertis» бағдарламасы, яғни,

мемлекет қолдауымен орындалып отыр.

- Отбасын құрғалы Нұр-Сұлтан қаласында

жеті жыл пәтер жалдап тұрдық. Қалтамызға

қарай қаланың шетінен пәтер жалдауға

тура келді. Оның өзі өте тар. Тапқанымыз

пәтер ақысынан аспайды. Оның сыртында

балалардың киім-кешегі, ас-суы бар дегендей.

Балаларымыз тар бөлмеде таршылық көрмесін

деп елімізде қолға алынған бағдарлама

арқылы Екібастұзға көшуді жөн көрді, -

дейді Кәмшат Әмірқұлқызы.

Екібастұзға қоныс аударған көпбалалы

отбасыға бірден үш бөлмелі пәтердің кілті

табысталған. Алғашқы бір жылы тегін тұрмақ.

Одан кейінгі төрт жылда айына 13 мың теңге

және коммуналдық қызмет ақысын төлейді.

Кейін пәтердің қалған құнын өтеп, баспананы

өз аттарына аударып алуға рұқсат.

Кәмшат Айымбетова кеншілер қаласына

қажетті мамандар қатарынан. Ол – кардиолог.

Түркістандағы Халықаралық қазақтүрік

университетін емдеу ісі бойынша

тәмамдаған. Оқудан соң бір жыл терапевт

болып еңбек еткен. Одан кейін 2009-2012

жылдар аралығында Алматы қаласындағы

Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина

университетінің резидентурасын оқып, кардиолог

мамандығын алып шығады. Елордаға

қоныс аударып, біраз еңбек етеді. Тұрмысқа

шығып, алты жылдай декреттік демалыста

бала күтімімен үйде отырыпты.

Төрт баласын тәрбиелеп, аяқтандырған

ана өткен жылы қайтадан еңбекке араласады.

Нұр-Сұлтан қаласындағы 7-ші емханада

кардиолог болып қызметін атқарыпты. Ал

биыл тамыздың 2-сінде Екібастұзға табан

тіреп, медицина саласындағы еңбегін

сабақтай түсті.

Алпысбай ХОНЖ

Балалардың бақыты

- Екібастұз қалалық 3-ші ауруханаға жұмысқа

орналастым. Ұжым өте жақсы қарсы алды.

Білгенімді ел игілігіне жұмсауға күш салып

жатырмыз. Үйіміз жайлы. Көршілермен де етене

араласып кеттік. Бастысы, балаларымыздың

кең үйде мәре-сәре болып жүргені қуантады, -

дейді көпбалалы ана.

Отағасы Ербол Сәдіковтің мамандығы –

құрылысшы. Балаларды мектеп пен балабақшаға

орналастырғанға дейін үйдегі ұл-қызын қарап

отыр. Алдағы апта балаларының бірі бақшаға,

бірі мектепке барған соң ол да «екі қолға

бір күрек» алуға әзір.

Ербол мен Кәмшаттың тұңғышы Жанерке -

6 жаста. Ұлы Жасұлан беске толыпты.

Кенжелері егіз Нұрислам мен Нұрайым -

үште. Жанерке биыл мектеп табалдырығын

аттайды. Баратын мектебі таңдалып, құжаттары

тапсырылыпты. Сондай-ақ, «Мектепке жол»

акциясы аясында қолдау көрсетілмек. Бір

сөзбен айтқанда, жас отбасы кеншілер

қаласынан жайлылық тапты. Балаларына

тұрақты мекенге қол жеткізді. Енді ел қатарлы

сіңісіп кетуге әрекет етпек. Мұның бәрі -

мемлекеттің әр отбасының болашағына

бейжай қарамайтынының, Конституцияда

көрсетілген қамқорлықтың көрінісі. Өйткені,

Ата заңымызда халықтың белгілі бір санаттағы

мұқтаж азаматтарға заңнамада белгіленген

нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй

қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін

ақыға баспана берілетіні айқын жазылған.

МӘДЕНИЕТ

Болашақ кешеден басталады

Өткенсіз болашақ жоқ. Кешегіге

көз салып, тарихымызды түгендеу

үшін мәдени мұраларымыздың орны

ерекше. Кең-байтақ еліміздегі тарихи

ескерткіштер мен киелі орындар -

біздің баға жетпес байлығымыз.

Ата Заңымыздың 37-бабында «Қазақстан

Республикасының азаматтары тарихи және мәдени

мұралардың сақталуына қамқорлық жасауға, тарих

пен мәдениет ескерткiштерiн қорғауға мiндеттi»

делінген.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тарихи ескерткіштер

мен еліміздің мәдени мұраларына қашан да ерекше

назар аударды. Тұңғыш Президентіміз өз сөзінде: «Біз

өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді

осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып

қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп

болса да жинастыруымыз керек. Елдің дұрыс таңдап

алынған бағытының арқасында біз көптеген биіктерге

бүкпесіз ашық саясат жүргізуге, Қазақстанға ғана

тән экономикалық даму жолына, игілікті әлеуметтік

реформаларға, біздің мемлекетімізді айнытпай

тануға игі ықпалын тигізіп отырған табыстарға қол

жеткіздік. Бірақ басқа бір қабат — нәзік және сонымен

бірге қыртысы қалың рухани қабат бар, Қазақстан

тамыры терең жайылған ұлы тарихы бар ел екенін

көрсете және дәлелдей отырып, дүниежүзілік аренада

біз елімізді осы қабат арқылы паш етеміз» деп атап

көрсетті. 2003 жылы Елбасының Қазақстан халқына

Жолдауында ұсынған «Мәдени мұра» бағдарламасы

алға қойған тарихи мақсатқа жетудегі алғашқы қадам

болды. Ал «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

және «Ұлы Даланың жеті қыры» атты Елбасының

мақалалары рухани және мәдени құндылықтарымызға

арналған жұмыстарды ширата түскені анық.

Жұмабек ҚАМЗИН,

қоғам белсендісі, «Құрмет» орденінің

иегері:

- Күні кеше ғана Мемлекет басшысы

Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұлытау – 2019»

халықаралық туристік форумында Алтын

Орданың негізін қалаушы тарихи тұлға -

Жошы ханның есімін ұлықтауды, кесенесін

мәдени туризм нысанына айналдыру

қажет екені туралы ұсыныс айтқан

еді. Бұл шынымен де көңілге қонымды

дүние болды. Біз тарихымызға және

мәдени ескерткіштер мен еліміздегі киелі

орындарға бейжай қарамауымыз керек.

Тарихтан Шыңғыс хан өз ұлыстарын

Бөртеден туған төрт ұлына бөліп бергенін

білеміз. Олардың біреуі Моңғолия жерінде

қалса, екі ұлы Иран мен Әзербайжанға

басшылық етті. Ал Жошы қазақ даласын

басқарды. Павлодар облысы Ертіс

ауданындағы Үлгілі ауылы маңында

Төретұмсық деген тарихи ескі мекен

бар. Дәл осы жерде қазақ хандарының

түп атасы – Жошы хан XIII ғасырда

алғаш Ту тігіп, ордасын көтергені

туралы әр жерде айтылады. Шынымен

де осы аумақ Жошының қонысы болды

деу ақылға қонымды секілді. Себебі,

Төретұмсықтан 50 шақырым жерде

Ресей шекарасы тұр. Демек, еліміздің

солтүстігіндегі Қыпшақ ұлысы осы

жерден бастау алған болуы мүмкін.

Біз бүгінде Төретұмсық жерін зерттеу

туралы жергілікті археолог-ғалымдарға

қолқа салдық. Олар алдағы уақытта

бұл аумаққа зерттеу жұмыстарын

жүргізуді жоспарлауда. Бір қызығы,

дәл осы жерде XVIII ғасырда Абылай

ханның немере ағасы – Сұлтанбет

сұлтан да өзінің екінші резиденциясын

тіккен. Сұлтанбет сұлтан II

Екатеринаның қолынан алтын қылыш

пен алтын төсбелгі алып, Қазақстан

мен Ресейдің арасына дипломатиялық

қарым-қатынастарды орнатуда елеулі

еңбек сіңірген тұлға. 1771 жылы Балқаш

маңында қазақтар мен қалмақтар

арасында болған атақты «Шаңды

жорық» шайқасына Ертіс өңірінен

50 мың қолды бастап, Абылай ханға

қолдау көрсеткен белгілі қолбасшы. Біз

тарихи деректерді нақтылау мақсатында

Ресейдің бірнеше мұрағатына барып,

450-ден астам қолжазба әкеліп, тарихи

тың деректерге куә болдық. Бүгінде

қоғамда әркім өз ата-бабасын түгендейтін

қате пікір қалыптасқан секілді. Олай

болмауы керек. Туыстыққа тартып,

тарихи шындықты бұрмалауға жол

бермесек екен деймін. Тарихи-мәдени

орындар мен тұлғаларды зерттеу

кезінде нақты дәлелдер, құжаттар

қажет. Себебі, Елбасы өзінің бір

сөзінде: «Тарихпен кәсіби тарихшылар

ғана айналыссын» деген болатын. Айта

кететін тағы бір жайт, бүгінде Тұңғыш

Президентіміздің «Болашаққа бағдар:

рухани жаңғыру» және «Ұлы Даланың

жеті қыры» бағдарламалық мақалалары

мәдениетіміз бен тарихымызды

түгендеуге жол ашқаны сөзсіз. Алайда,

еліміздегі киелі жерлер мен сакралды

орындардың мемлекет қамқорлығына

алынбағандығы өкінішті. Тарихи орындарды

атадан-балаға жеткізуге атүсті

қарамасақ екен деймін.

ТЕМІРҚАЗЫҚ

Негізгі заң

не дейді?

Елдігіміздің айғағы, мемлекеттіліктің

нышаны - Конституциямызда

өмірдің бар саласы

қамтылған. Яғни, дүниеге

келген азаматтың міндеттері,

құқықтары, еркіндігі сараланып

көрсетілген. Ал біз

сол баптарды қалай түсініп

жүрміз, ол - басқа мәселе.

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ

Сіз бен біздің құқығымыздың қорғаны –

бұл құжат. Ата Заңда еліміз демократиялық,

зайырлы, құқықтық және әлеуметтік

мемлекет ретінде екені белгіленді, ең

қымбат қазынасы - адам және адамның

өмірі, құқықтары мен бостандықтары

деп жазылды. Бұл құжат - қай саланы

болсын реттейтін, басқа заңдар бағынатын

негізгі тірегіміз. Жалпы, қоғамымыздағы

қарым-қатынасты, билік пен халық

арасындағы байланысты айқындайды.

Бір сөзбен айтқанда, елдің берекесін,

бірлігін, тыныштығын қамтамасыз ететін

қуатты күш – Конституция.

Әр азаматтың заң алдында тең құқылы

екені де негізгі заңда белгіленген. Ата

Заңда тәрбие де тұнып тұр. Еліміз ежелден

қартайған ата-анаға қамқорлық танытуды

баланың жауапкершілігі екенін жастайынан

құлағына құйып өсірген. Міне, осы

үлкенге қамқорлық негізгі заңымызда

да тайға таңба басқандай жазылған.

Яғни, кәмелетке толған әрі еңбекке

қабілетті балалар еңбекке жарамсыз атаанасына

қамқорлық жасауға міндетті.

Ата-аналардың да балалары алдындағы

қамқорлығы, оларға тәлім-тәрбие беруі

де негізгі заңның негізгі баптарының

біріне арқау болған.

Денсаулығымызды қорғауға әр азамат

құқылы екені де Ата заңда айтылған.

Яғни, тегін кепілдендірілген медициналық

қызмет меңзеліп тұр. Тіпті, ақылы қызметтің

өзі заң шеңберінде жүзеге асырылатыны

ескертілген ең негізгі құқықтық

құжатымызда.

Орта білім тегін берілетінін білеміз.

Бұл - конституциялық құқығымыз. Соңғы

кезде кәсіптік, жоғары білімге деген

қолжетімділік аясы да кеңіп келеді.

Қараңызшы, биылдың өзінде 54 мыңға

жуық білім гранты бөлінді. Конкурсқа

64 мыңнан астам жас өтініш берген.

90 пайызы тегін білімге қол жеткізіп

тұр деген сөз. Оған қоса, әлеуметтік

аз қамтылған отбасылардың балаларына

берілетін гранттар тағы бар. Ата

Заңымыз осылай әрбір азаматына «оқы!»

дейді. Оқытуға жағдайын да жасайды.

Негізгі заңымызда татулық ту етілген.

Саяси тұрақтылық басты байлығымызға

баланған. Содан кейін экономиканы еселеу

мүмкін екені меңзеледі. Сол экономиканы,

елімізді дамытуға үлес қосу үшін әркімнің

жанына жақын жұмыспен айналысуына да

құқығы бар. Яғни, кәсібін, етер қызметін

еркін таңдап, ең бастысы сол еңбегінен

еліне пайдасы болса, болғаны. Тынығатын

сәттерді де заңымыз қарастырған.

Қарап отырсақ, бейбіт өмір кешіп, заң

аясында қалауымызша тіршілік етуімізге ең

негізгі заңымыз кепілдік беріп, қамқорлық

танытып отыр. Негізгі заңымыз көзге

көріне бермейтін, көбіміз байқамайтын

берік қамал іспеттес. Ал оның қайтарымы

ретінде әркім Отанының әлем елдері

ортасында берекесі ортаймай, өрге бастауына

барын салуы тиіс. Өзінің ғана емес,

өзгенің де құқықтарын, бостандықтары

мен абыройын, қадір-қасиетін құрметтеуге

міндетті екенін ұмытпауы қажет.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!