29.08.2019 Views

29 тамыз, 2019 жыл №98 (15418)

Create successful ePaper yourself

Turn your PDF publications into a flip-book with our unique Google optimized e-Paper software.

4 29 тамыз, бейсенбі, 2019 жыл діңгек

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Бейбіт елдің арқауы,

Күретамыр

Ата Заңымыздың әрбір азаматтың өмірінде алатын орны бөлек екенін білеміз. Бұл дегеніңіз,

бүкіл тіршілігімізбен тұтастай байланысып жатыр. Әр адамның конституциялық құқығы

әрдайым бәрінен биік қойылатыны да шындық. Ал бұл басты құқықтық құжатпен күнделікті

жұмыс істеп, әрбір заңнамалық шешім қабылдарда барлық баптары мен тармақтарын жіті

назарға алатын құрылымдар да бар. Мәселен, заң шығару органдары. Осы ретте, Қазақстан

Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Айзада Құрмановамен тілдескен едік.

Басты Заңды

басшылыққа аламыз

- Айзада Амангелдіқызы, Ата Заңымыз

мемлекеттің басты құқықтық құжаты

екенін білеміз. Сіз үшін Конституцияның

құны қандай?

- Бұл басты заңымыз бүкіл мемлекетіміз

бен қоғамымыздың дамуының берік

іргетасы ғой. Баршамыздың тең құқылы

екенімізді меңзейтін құжат. Құқықтарымыз

бен бостандықтарымызға кепіл болады.

Яғни, еліміздің барлық азаматтарының,

мемлекеттің саяси әрі өзара жауапкершілік

қағидаттарына кепілдік беретін маңызды

саяси және құқықтық құрал деп білемін. Бұл

Заңымыз елімізді әлемге тәуелсіз мемлекет

ретінде әйгілеп тұр. Жарқын істеріміздің

қайнар бастауы десе болады. Ата Заңымыз

қабылданған сәттен бастап Тәуелсіздіктің

туы желбіреп, дербес, егеменді елдер

қатарына қосылдық, алға қарай дамуымыздың

жаңа сатысына көтерілдік. Конституциямыз

еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі

іспеттес. Елбасымыз айтқандай, Ата заң

мемлекеттік биліктің қайнар көзі – халықтың

өзі екенін айқындады, жаңа Конституция

қабылдау арқылы Қазақстан жаңа дәуірге

қадам басты. Осындай бақытқа кенелтіп

отырған басты құжатымыз құнды болмауы

мүмкін бе?!

- Заманның өзгеруіне қарай заңнамалық

құжаттарға түрлі өзгерістердің енгізіліп

тұруы заңды екенін көпшілік біледі. Осы

ретте, халықтың құқықтары қорғалып,

міндеттерінің орындалуына бағытталған

қандай заң жобаларының әзірленуінде

қалдырған қолтаңбаңыз бар? Жалпы,

көпке көріне бермейтін жұмысыңыз

жайлы айта кетсеңіз?

- Мәжіліс қабырғасында 21 заңға

толықтырулар мен өзгерістер енгізуге

атсалыстым. Соның ішінде «Қазақстан

Республикасының кейбір заңнамалық

актілеріне мемлекеттік функцияларды

бәсекелес ортаға беру мәселелері бойынша

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

және Қазақстан Республикасының кейбір

заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан

Республикасы Заңының (Бастамашы заң)

жетекшісі болдым. Мемлекеттік қызметтер

көрсету мәселелері бойынша өзгерістер

мен толықтырулар енгізу туралы заңға

777 ұсыныс келіп түсті. Аптасына 3-4 рет

жұмыс тобының отырысы өтеді. Сонда осы

келіп түскен ұсыныстардың әрқайсысын

жеке-жеке талқылап, ойымызды ортаға

саламыз. Осы заң аясында дөңгелек

үстелдер, көшпелі отырыстар және тағы

да басқа іс-шаралар өткізіп, ұсыныстілектердің

қаншалықты қисынды яки

қисынсыз екенін пісіріп аламыз. Жалпы,

кез келген заңнамалық өзгерістерді қолға

алмас бұрын оның конституциялық талаптарға

қаншалықты сай келетіні ескеріледі. Бұл

дегеніңіз әр қадамымызда басты заңды

басшылыққа аламыз.

Конституциялық новеллаларды өмірге

енгізу үшін үш бағытта жұмыс жүргізіледі.

Біріншіден, заңдар және басқа құқықтық

актілер қабылданады, яғни жаңартылған

Конституцияға қолданыстағы заңнаманы

сәйкестендіруге күш салынады. Екіншіден,

жаңа құқық қолдану практикасын

қалыптастыруға мән беріледі. Үшіншіден,

қоғамдық сананы, соның ішінде азаматтар

мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық

мәдениетін жаңғырту қолға алынады.

- Сіздің ойыңызша, Конституцияның

әр бабында жазылған талаптар орындалып

жатыр ма?

- Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып,

Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған

Ата Заңда бекітілген республикамыздың

тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің

өміршеңдігін дәлелдеп келеді деп ойлаймын.

Қазақстан халықаралық қоғамдастықта

лайықты орын алғанына да куәміз. Әрбір

қазақстандық болашаққа бағдар алған

мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі

Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін

ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы

үшін де маңыздылығын терең сезінеді.

Әлбетте, талаптар орындалуда. Орындалуы

жан-жақты қадағаланатынын да

көпшілік біледі.

- Айзада Амангелдіқызы, атаулы күнге

орай айтарыңыз болса, мархабат...

- Еліміздің тыныштығын тілеймін! Жалпы,

адамзат қоғам, әлеумет болып басы құралған

тұста бір заңға, ортақ ережелерге бағынуы –

заңдылық. Ежелде қазақ халқы да өз

заманының заңына мойынсынды. Ұлт болып

ұйысу үшін, ел болып құрылу үшін заң

шеңберінде тірлік етпесе болмайтынын

түсінді. Сондықтан, бар байлғымыздың

қорғаны Ата заңымыздың қадір-қасиетін

терең түсінуіміз керек. Ұрпағымыз осыны

ұғынуы керек. Бастысы, Тәуелсіздігіміз

нығайып, бірлігіміз бекемдей түссін. Ел

іргесі бүтін болсын.

- Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан –

Гүлжайна ТҮГЕЛБАЙ.

Ынтымақтастық

Халықаралық қатынасқа үндейді

Ғасырлар тоғысында Тәуелсіздікке қол жеткізіп, үшінші

мыңжылдыққа іргесі берік ел ретінде нық қадам басқан

Қазақстан әлемдік деңгейде танымал болып, халықаралық

ұйымдарды басқарды. Өз тарихында ең жоғары халықаралық

мәртебеге ие болып келеді. Бұл – алыс-жақын шет елдермен

татулығымыздың нәтижесі.

Халықаралық деңгейдегі заң талаптарына

деген құрметіміздің, әлемдік қауымдастықпен

біте қайнасқанымыздың нәтижесінде ел

беделі артып келеді. ҚР Конституциясының

8-ші бабында: «Қазақстан Республикасы

халықаралық құқықтың принциптерi мен

нормаларын құрметтейдi, мемлекеттер

арасында ынтымақтастық пен тату көршiлiк

қарым-қатынас жасау, олардың теңдiгi

мен бiр-бiрiнiң iшкi iстерiне араласпау,

халықаралық дауларды бейбiт жолмен шешу

саясатын жүргiзедi, қарулы күштi бiрiншi

болып қолданудан бас тартады», - делінген.

Иә, дос болғанға құшағы ашық туыспыз.

Қазақстанның бейбіт, достық ниеті әлемдік

саясат сахнасында танылып үлгерді.

Еліміз өзінің сыртқы саясатын ұлттықмемлекеттік

мүддесіне сай жүргізіп келеді.

Бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымының толық

құқылы мүшесіміз. Еліміздің Хельсинки

келісіміне қосылуы, Лиссабон хаттамасына

қол қоюы және Ядролық қаруды таратпау

туралы шартқа үндеуі халықаралық беделін

нығайтып, егемендігін, қауіпсіздігін және

шекараларының мызғымастығын баянды

етті. Бұған АҚШ-пен «Демократиялық

серіктестік туралы хартияға» қол қоюы,

НАТО–ның «Бейбітшілік мүддесіндегі

серіктестік» бағдарламасына қосылу, АҚШ,

Ресей, Ұлыбритания, Франция және Қытай

сияқты ядролы державалардың Қазақстанға

берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.

Тиісті халықаралық институттармен, бірінші

кезекте ЮНЕСКО-мен қайырымдылық және

мәдени салаларда тығыз байланыс жасап

отыр. Осындай жетістіктеріміздің қатарында

еліміздің 56 мемлекетті біріктіретін Еуропадағы

ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымына,

1,5 миллиардтан астам халқы бар 57

қатысушы мемлекеттің қолдауына ие

болған Ислам ынтымақтастық ұйымына

төрағалығын атауға болады. Сондай-ақ,

Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық

экономикалық одақ сияқты аса ірі аймақтық

ұйымдарды құрудың бастауында біздің еліміз

тұрғанын да атап өткен абзал.

Жалпы, Қазақстан шет елдермен тек

дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай,

сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық

байланысты күшейтіп, сол арқылы алдыңғы

қатарлы өркениетті елдердің қатарына

қосылды. Төрткіл дүниемен тең деңгейде

дипломатиялық және экономикалық қарымқатынастар

орнатты. Тәуелсіздік жылдары

еліміздің сыртқы саясаттағы күш-жігерінің

арқасында орасан зор тарихи маңызы бар

міндеттер орындалды. Қазақстан Орталық

Азияның көшбасшысына, құрметті әріптеске,

халықаралық лаңкестікке, есірткінің жайылуы

мен ядролық қарудың таралуына қарсы

белсене күресетін мемлекетке айналды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан әлемдік

қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды,

оның бастамалары тәжірибе жүзінде әрқашан

кең қолдау тапты және нақты іс жүзіне

асырылып отырды. Бүгін біздің еліміз

халықаралық дәрежеде танылудың жаңа

сапалық деңгейіне көтерілді.

Д.АЙТПАЙ.

Hooray! Your file is uploaded and ready to be published.

Saved successfully!

Ooh no, something went wrong!